Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

- сынамалардың гомогендігін (бір тектілігін) қамтамасыз ету үшін оларды ағынның неғұрлым қатты араласатын жерлерінен алу қажет;

- сынаманы ең жоғары жылдамдық үдейтін және жүзбелі заттардың ең төменгі мәні шөгуі қамтамасыз етілетін ағынның ортасынан алу; бөлшектер шөгінетін тоғанды жерлерден, қалдықтар (оларда жүзбелі заттар, органикалық бөлшектер шоғырланады), майлар, мұнай таңбалары қалқып жүрген жерлерден алшақ болған дұрыс; құбырдан сынамалар алу кезінде: құбырдың түбінен алуға болмайды, ағынның ортасынан ғана алынады;

- алу жері сарқынды сулардың құрамын бара-бар сипаттауы тиіс;

- алу орнында сынамаларды жедел суыту және консервациялау жолымен сынамалардағы ластаушы заттардың бұзылуына жол берілуге тиіс емес;

- мүмкіндігінше ағын жылдамдығын өлшеуді қамтамасыз ету;

- алудың қолайлығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сынама алғыштың, ыдыстың ластануынан, сынаманы дұрыс жасамауынан (сынамаларды орта тәуліктік алу кезінде алу кезеңділігі кестесінің бұзылуы), сынаманы дұрыс құймаудан (мысалы: қышқылдармен консервіленген, сондай-ақ мұнай өнімдерімен және майлармен ластанған сынамаларды екі тең бөлікке бөлу мүмкін емес) болған бұрмалаушылықтарға жол берілмеуге тиіс. Сынамаларды құю кезінде пайда болатын жиі қайталанатын қателер – гомогинезация әдістемесінің бұзылуы, әдістеме талаптарына жауап бермейтін сынама алғышты пайдалану, сынама алғышты қолдану нұсқаулығын бұзу, сынама алғыштың сырығында батыру тереңдігін айқын көрсететін көрсеткіштің болмауы.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

9.8. Сынамаларды алудың негізгі кезеңдері. Сарқынды сулардың сынамаларын алуды дұрыс жүргізу үшін негізгі шарт алу рәсімінің жекелеген операцияларының реттілігін тура сақтау болып табылады.

Сынамаларды алу рәсімі ұйымдастырушылық тұрғыдан бес кіші рәсімдерге бөлінеді:

1. Дайындық кіші рәсім (сынамаларды алу рәсімін құжаттамалық ресімдеуді, сынама алатын персоналды нұсқаудан өтуін алдын ала дайындау, ыдыс тазалығын іріктеп бақылау, сынама алғышты, ыдысты, қақпақтарды дайындау, консерванттарды, сүзгілерді және сүзгі қондырғысын дайындау), сынама гомогенизациясы үшін құрылғының жұмыс жай-күйін тексеру, құрал – сайманның тұтастығын тексеру.

2. Сынамаларды алудың және консервациялаудың (сынамаларды алу орнында консервациялау талап етілсе) кіші рәсімі.

3. Сынамаларды алу актісі мен хаттамасын ресімдеу (қосарлас алу кезінде).

4. Сынамаларды қаптау және оларды зертханаларға тасымалдау.

5. Сынамаларды зертханаларға тапсыру, сынамаларды журналда тіркеу.

9.9. Сынамаларды алуға арналған құжаттарды ресімдеу.

Қалалық тазартқыш құрылыстардың сынама алатын қызметкері су бұру жүйесінің сарқынды суларды түсіретін кәсіпорынға бару кезінде елді мекендердің су бұру жүйелеріне өндірістік сарқынды суларды түсіру алдындағы олардың сынамаларын алу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес қажетті құжаттарды ресімдеуге және олар өзімен бірге болуға тиіс.

9.10. Сынамалар алу үшін жабдықты, қосалқы материалдар мен ыдысты дайындау.

Сынама алатын қызметкерде тазартқыш құрылыстардың аумағында сынамалар алу рәсімін орындау үшін мыналар болуы қажет:

- қорғау құралдары (көзілдірік, алжапқыш, қолғап);

- ыдыс тасымалдауға арналған ұяшықтары бар жәшік;

- сынамаларды консервациялау үшін химиялық реагенттер (егер әдістемелерде су құрамының алынатын құрауыштарына «сынамаларды алудан кейін бірден консервациялау» деген нұсқау болса);

- сүзгілер және сүзуге арналған жиынтық (егер әдістемелерде су құрамының алынатын құрауыштарына «сынамаларды алудан кейін бірден сүзу» деген нұсқау болса);

- шынылы немесе екі бұру түтікшелері бар тоттанбайтын болаттан жасалған құйғыш (сынамаларды қосарлас алу үшін, егер ол жоспарланса);

- металл жақтауындағы термометр;

- сынама алғыш (қолмен алынады, егер автоматты сынама алғыштар орнатылмаса);

- араластырушы құрылғы;

- сынамаларды алу мен құюға арналған жабдықтың және ыдыстың жинағы.

Сынама алатын қызметкерде тазартқыш құрылыстардың аумағынан тыс сынама алу рәсімін орындау үшін мыналар болуы қажет:

-бірінші көмектегі медициналық қобдиша;

- қорғау құралдары (көзілдірік, алжапқыш, қолғап);

- гигиена құралдары (сабын, спирт);

- ұзындығы 4 метр жіп;

- сынамаларды консервациялау үшін реагенттер;

- сүзгілер және сүзуге арналған жиынтық;

- шынылы немесе екі бұру түтікшелері бар тоттанбайтын болаттан жасалған құйғыш;

- тасымалы портативтік рН-метр;

- металл жақтауындағы термометр;

- ыдыс тасымалдауға арналған ұяшықтары бар жәшік;

- сынамаларды тасымалдау үшін мұздатқыш сөмке;

- фарфор кружкасы (көлемі 0, 5дм3);

- сынама алғыш (қолмен немесе автоматтық);

- цилиндр түріндегі, сыйымдылығы 10 дм3 эмальданған шелек;

- көлемі 20 дм3 сыйымдылық;

- эмальданған шелекті және жиырма литрлік сыйымдылықты сумен бір мезгілде толтыру үшін екі бұру түтікішелері бар металл құйғыш;

- араластырушы құрылғы (араластырушы құрылғы немесе электр араластырғыш);

- штанга немесе бөліктерімен сырғы (ұзындығы 4 м);

- электрлік ұзартқыш;

- сынамаларды алу және құю үшін жабдық пен ыдыс жинағы.

9.11. Сынамаларды қолмен алуға арналған жабдық. Сынамаларды алуға арналған құрылғыларға (сынама алғыштарға) қойылатын талаптар. Сынама алушы қызметкер зерттелетін сулар құрамының өзгермеуін қамтамасыз етуге тиіс, яғни сынамаға тоттану элементтерін енгізбеу, сіңірмеу және қабырғаларда ластаушы заттарды сіңірмеу.

Инерттік емес, қышқылданатын және тоттанатын материалдардан дайындалған сынама алғыштарды зертханаларда пайдалануды болдырмау қажет. Шынылар және эмальданған шелектен жасалған сынама алғыштарды пайдалану дұрыс болады. Эмальданған беттің тұтастығының бұзылуы осындай сынама алғыштарды пайдалануды дереу тоқтату үшін негіз болып табылады. Сыйымдылықтың көлемі кемінде 500 см3 болуға тиіс. Егер қолмен алынған сынамалар құрамдас сынамаларды дайындау үшін пайдаланылса, онда қолданылатын сыйымдылықтың көлемі нақты белгіленуі және ± 5% дәлдігімен ұсталуы тиіс. Сынамаларды қолмен алу Руттнердің немесе Кеммердің сынама алғыштары арқылы жүргізілуі мүмкін. Олар сыйымдылығы 1-ден 3 дм3 дейінгі түтікшелерден тұрады, олардың екі жағында топсаларда қақпалар болады. Сынамаларды қолмен алу немесе басқа да осыларға ұқсас құрылғыларды пайдаланумен жүргізіледі.

Белгілі бір тереңдіктен алу және үлгі сынаманы алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жабық сынама алғыштар қажет, олар суды алу сәтінде ғана ашылады. Белгілі бір тереңдіктен сынама алу мүмкіндінгі, ыдысты жуу және оған дайындау сапасына іріктеп бақылау жүргізу көзқарасынан ең жақсы сынама алғыш ОБТ талдауға арналған сынама алғыш болып табылады. Осы сынама алғыш сыйымдылығы бір литрден екі литрге дейін болатын шынылы сауытты білдіреді, ол түбі ауырлатылған металл жақтауға орнатылып, сырғыға бекітіледі (сырғыда батыру тереңдігі көрсетіледі). Шынылы сауыттың мойыны сырыққа бекітіледі. Қақпағы жіппен байланған, бұл жіпті тартып қақпақты белгілі бір тереңдікте ашу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Кейбір кезде сынамалар алу кезінде ауамен араласуын болдырмау талап етіледі (әсіресе өзгерістерге жиі тап болатын сынамалар, мысалы қышқылданған темір, ерітілген газдар), онда сынама алғыштың бөтелкесіне қондырма қолдану керек. Қондырма – бұл резиналы тығындағыш, оған екі шынылы түтікшелер салынған, олардың біреуі бөтелккенің түбіне дейін жетеді, ал екіншісі тығыздағышта аяқталады. Сыйымдылықты толтыру ұзын түтікше арқылы үш еселік көлемге тең болатын қайта құюмен жүргізіледі.

Сынамалар алуға дайындық кезең прцесінде барлық пайдаланылатын сынама алғыштар тазаланады және ыдыстың тазалығын іріктеп бақылау рәсімінен өтеді.

9.12. Сынамалар алуға арналған ыдыс. Сарқынды сулардың сынамаларын алу, тасымалдау және зертханаларда сақтау үшін қара боросиликат шыныдан жасалған мойындары кең бөтелкелерді пайдаланған жөн (диаметрі кемінде 55м). Әдеттегі шыны сынамаларды сақтау кезінде сарқынды сулардан бұзылады және суға цинк, кальций, магний, натрий калийдің катиондары мен хлор, күкірт және т. б. аниондары өтеді.

Орташа тәуліктік сынамалар алу кезінде көлемі 250–300 см3 шынылы сауыттар пайдаланылады. Біржолғы сынамалар үшін көлемі 0,5; 1,0 дм3 шынылы сауыттар пайдаланылады.

Шынылы сауыттар тығыздағышқа дейін толтырылады. Тығыздағыштың астында ауаның болмауы тасымалдау кезінде ыдыстың ішіндегінің шайқалуын азайтады (бұл әсіресе СПАВ, сульфидтерді, күкіртсутегін, оттегін және басқа да газдарды анықтау кезінде маңызды).

9.13. Сынаманың гомогенизациясын жүзеге асыру. Сарқынды суға консерванттарды қосқаннан кейін сынамаларды мұқият араластыру қажет. Гомогенизация сынамаларды қосарлас алу кезінде екі бөлікке кейіннен бөлу үшін орташа тәуліктік алынған сынамалар құйылатын жалпы сыйымдылықта үлгі сынама алу үшін де қажет. Гомогенизация механикалық араластыратын құрылғымен және қолмен жүзеге асырылады.

9.14. Сынамалар алу үшін автоматты жабдық. Үздіксіз немесе жеке режимде сынамалар алу үшін нарықта бар әртүрлі құрылғылар пайдаланылуы мүмкін. Олардың көптегені портативтік және сарқынды сулардың кез келген түрлерін алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Осындай құрылғылардың екі түрі қолданылуы мүмкін, ал біреуі белгілі бір кезең ішінде сынамаларды сериялық алуды, ал екіншісі тепе-тең алынатын сынамалар алуды қамтамасыз етеді. Сынама алғыштардың кейбір конструкциялары сынамалардың екі түрі үшін де қолданылуы мүмкін. Сынама алғыш мынадай қағидаттар мен құрауыштар пайдаланыла отырып конструкциялануы тиіс:

- тізбекті сорғы (көп шөмішті элеватор);

- қысылған ауа және/немесе ваккум;

- ағынның үздіксіз ағылуы;

- сорғымен үдету (жиі перистальтикалық).

Егер сынамалардың әртүрлі үлгілері алынса, бірде бір қағидат жеке ұсынылуы мүмкін емес. Сынамалар алуға арналған жабдықты таңдау кезінде персонал сол немесе басқа да сынамалар алу кезінде құрылғыға қойылатын талаптардың әрқайсысының салыстырмалы маңыздылығын айқындауы қажет. Бұдан басқа сынама алғыштар мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:

а) құрылғы құрамдас орта сынамаларды уақыт мәні бойынша алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс, мысалы, ағын тұрақты жұмсалу кезінде сарқынды сулардың әртүрлі кезеңде ағу ішінде алу;

б) құрылғы тіркелген уақыт аралығы арқылы жеке сыйымдылықтарға жекелеген сынамалар алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс, мысалы, ең жоғары жүктемелерді айқындау мақсатында тәуліктік зерттеу кезінде;

в) құрылғы қысқа кезеңдер ішінде құрамдас сынамалар серияларын алу және оларды жеке сыйымдылықтарға алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тазартуға түсірілетін сарқынды сулардағы ластаушы заттардың біркелкі түсуін зерттеу кезінде айрықша пайдалы болады;

г) құрылғы ағынның жұмсалуына қарай алынатын құрамдас сынамалар алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс, яғни тіркелген кезең ішінде көлемі бойынша сынамаларды ағынның жұмсалуына байланысты алу. Бұл ластаушы заттар бойынша жүктемені зерттеу кезінде пайдалы болуы мүмкін;

д) құрылғы сынамалар серияларын алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс, олардың әрқайсысы жекелеген сыйымдылыққа алынады; бұл жинақталған деректерді ағынның өзгерілетін жұмсалуымен салыстыру қажет болған кезде ластаушы заттар бойынша өзгерілетін жүктеменің кезеңін айқындау кезінде пайдалы болуы мүмкін.

Жоғарыда келтірілген талаптар сынама алғыштардың барлық үлгілеріне қатысты. Бұдан басқа сынамалар алу үшін құрылғылар таңдау кезінде персонал басқа да бірқатар жабдыққа қойылатын басқа да бірқатар сипаттамаларды ескеруі тиіс, кейбір жағдайларда олар қажет болмауы да мүмкін. Бұл ең алдымен қысымда тұрған су бұру жүйелерінің элеметтерінен сынамалар алуға қатысты:

а) құрылғы кез келген қажетті жағдайда талап етілетін биіктікке сынамалар алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;

б) ерекше берік конструкция және барынша аз фукционалдық құрамдастар;

в) суға батырылатын немесе сумен байланысатын тораптардың барынша аз саны;

г) тоттануға төзімділігі; электр жүйесінің барлық құрамдастары мұздың, ылғал мен агрессивті ортаны ықпалынан қорғалуы тиіс;

д) конструкцияның, пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудің қарапайымдылығы;

е) алынатын нүктеден жеткізу нүктесіне дейінгі сынама алынатын желінің ішкі диаметрі қоқыстану мен тығындалуды барынша төмендету үшін кемінде 9 мм болуға тиіс; сынама алғыштың шөміші қоқыстанудан қорғалуы тиіс;

ж) сынама алынатын желіде, алынатын нүктеде немесе өлшенетін камерада фазалық бөлінуді болдырмау үшін алынатын сұйықтықтың жылдамдығы кемінде 0,5 м/сек болуға тиіс;

и) сынамалардың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында құрылғыда сынама алатын желіні тазалау мүмкіндігі көзделуге тиіс;

к) алынатын көлемнің дәлдігі, сынамалардың сандық параметрлері кемінде 5% дәлдікпен қамтамасыз еілуі тиіс;

л) уақыт аралықтары жекелеген сынамаларды алу кезінде реттелуі тиіс және сынамаларды 5 минуттан 1 сағатқа дейінгі аралықта алу мүмкіндігін беруге тиіс;

м) сынамаларға арналған сыйымдылықтар және сынама алғыштағы құбырлардың қосылыстары бөлшектеу, тазалау мен ауыстыру оңайлығын қамтамасыз етуге тиіс;

н) сынама алғыштың жеке бөлігінде алынған сынамаларды орналастыру қажеттілігі туындауы мүмкін, олар қараңдықта және температура 0° - ден 4°С дейін сақталуға тиіс;

о) портативтік сынама алғыштардың салмағы шамалы болуға, қирату актілерінің салдарынан сындырылудан және бұзылудан қорғалуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райының әсерінен қорғалуға тиіс; сынама алғыштар әртүрлі климат және табиғи жағдайларында қолдануға арналуға тиіс;

п) сынама алғыштар едәуір уақыт ішінде (бірнеше күн) автономиялық жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс;

р) сынама алғыштың конструкциясы ұшқын шығуды болдырмауға тиіс, ол жарылыс қауіпін, әсіресе метан мен басқа да ұшпа органикалық қосылыстар жиналуы мүмкін орындарда азайту үшін қажет;

с) құрылғы қысымда тұрған жүйелерден сынамалар алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс, мұны сынама алғыштың конструкциясын таңдау кезінде ескеру қажет.

Сынамалар алуға арналған құрылғыларды таңдау кезінде пайдаланушы үшін нұсқаулықтың болуына назар аударған жөн. Сондай-ақ сатылғаннан кейін оған қызмет көрсетілуі және қосалқы бөлшектерінің жеткізілуі ескерілгені маңызды. Соңында аспаптың жұмыс істеуі үшін қажетті энергиямен қоректену немесе қысылған ауа аспапты пайдалану орнында электр желісінің және қысылған ауаның өлшемдеріне сәйкес келуіне көз жеткізу керек.

Автоматты сынама алғыштар арқылы сарқынды сулардың сынамаларын алу кезінде оларға бөгде адамдарың күруіне рұқсат берілмеуге, сынама алғыш мөрленуі тиіс.

9.15. Ыдысты таңдау және дайындау. Сынамалар алу және сақтау үшін пайдаланылатын ыдыстың жоғары механикалық беріктігі, температураның әсеріне төзімді, жайлы формасы, шамалы салмағы болуға тиіс. Ыдыс оңай жуылуға, ыстықпен құрғату кезінде формасы өзгермеуге тиіс. Сынамаларды тығыздау үшін пайдаланылатын тығыздағыштар тығыздағыштардың герметикалығын қамтамасыз етуге тиіс.

Сынамалар алу және сақтау үшін пайдаланылатын ыдыс, сондай-ақ осы ыдысқа арналған тығыздағыштар:

- сіңіруден және буланудан ысыраптарға;

- сарқынды судың ластану, яғни оның құрамының өзгеру себебінің болуына;

- судағы құрауыштардың сорылуына немесе сорып алынуына;

- сынамадағы қосылыстармен ракцияға түсуге жол беруге тиіс емес.

Полиэтиленнен жасалған тіпті химиялық төзімді ыдыс мұнай өнімдерін, майларды, детегенттерді, пестицидтерді, азот, тұз және басқа да қышқылдарын сорып алады. Осы себептен шынылы ыдыс қолайлы болады, бірақ шыныны сілтіден айыру өнімдері (сынамаларды сақтау кезінде суға цинк, кальций, магний, натрий калий катиондары және хлор, күкірт аниондары және т. б. өтеді) сынаманы сақтау кезінде ластауы мүмкін, сондықтан сынамалар алу мен сақтау үшін ескі шынылы сауыттарды (жеткілікті мөлшерде сілтіден айырылған) пайдаланған орынды. Металдың болуына сынамалар алу үшін пластик пайдалануға болады, ал органикалық элементтердің болуына сынамалар алу үшін шынылы ыдыс қана пайдаланылады: мөлдір емес, қолайлысы қоңыр түс шыныдан жасалған күңгірттелген сыйымдылықтар.

Орта тәуліктік сынамалар алу кезінде тазартқыш құрылыстарда көлемі 250–300 см3 шынылы сауыттарды пайдаланады, оларға әрбір сағат сайын сарқынды сулардың кезекті сынамасы алынады.

9.13. Сынамалар алу рәсімдерін орындау үшін ыдыс жуу. Ыдыстың жақтарынан ластарды әртүрлі әдістермен: механикалық, физикалық, химиялық, физика-химиялық немесе оларды араластыра отырып жоюға болады.

Ыдысты жууға қолданылатын жуатын заттың үлгісін анықталатын көрсеткіштердің қасиеттері, өлшемдер орындаудың қолданыстағы әдістемесінде баяндалған талаптар, сынамалар алу үшін пайдаланылатын сыйымдылықтарда пайдаланылатын материалдар ескеріле отырып таңдаған жөн. Мысалы, фенолдар қышқылдағыштармен жеңіл бұзылады, сондықтан фенолдар алу мен анықтау үшін ыдысты жуу үшін хромпик пайдалануға болмайды. Фосфаттарды, кремнийді, борды, ПАВ анықтау кезінде жуу құралдарын немесе олардың ерітінділерін пайдалануға болмайды, одан да тұз қышқылын (с = 2 моль/дм3) пайдаланған жөн. Хромды анықтау кезінде хром қоспасын және шоғарланған күкірт қышқылын пайдалануға болмайды; сульфаттарды анықтау кезінде хром қоспасын немесе жуу құралдарының ерітінділерін пайдалануға болмайды, тұз қышқылын ғана пайдалану қажет.

Әрбір шынылы сауыт сумен, жуу құралдарының ерітінділерімен немесе хром қоспасымен немесе тұз, азот ерітінділерімен немесе күкірт қышқылымен жуылады; су құбырындағы сумен мұқият шайылады; тазартылған сумен мұқият шайылады; құрғатқыш шкафта екі сағат бойы 105 °С құрғатылады; салқындатылады.

9.17. Ыдысты тазалаудың механикалық және физикалық әдістері. Сумен жуу. Химиялық ыдыс шайырмен, майлармен және суда ерімейтін басқа да заттармен ластанбаған жағдайларда ыдысты жылы сумен жууға болады. Шынылы ыдыс, егер оның жақтарында жекелеген тамшылар пайда болмаса және су біркелкі өте жұқа үлдір қалдырса, таза болып табылады.

Егер ыдыстың жақтарына қандай да бір тұздар немесе шөгінділер қонса, онда ыдысты (алдын ала сумен сулап) шөткемен немесе қыл шөткемен тазалайды, одан кейін сумен тазалайды. Қыл шөткесімен жұмыс істеу кезінде оның шеткі ұшы ыдыстың түбіне де, жақтарына да соғылуын байқаған жөн, өйткені осы ұштан түбін түсіп немесе жақтары сынып қалуы мүмкін. Қыл шөткенің металды ұшымен ыдыстың сынуын болдырмау үшін, оның ұшына дұрыс келетін мөлшердегі резеңкелі түтікшені кигізу керек.

Суда жақсы жуылған ыдысты су құбырындағы тұздарды жою үшін тазартылған сумен міндетті түрде жуады.

Раковинаға қышқылдар мен сілтілердің шоғырланған ерітінділерін, иісі жаман және улы заттарды, металл натрын және т. б. төгуге және тастауға болмайды. Шоғырланған қышқылдар мен сілтілерді раковинаға төгу алында кәріз құбырларының бұзылуын болдырмау үшін қатты сұйылту немесе одан да жақсырағы залалсыздандыру керек.

Иісі жаман және улы заттар олардың қасиеттеріне қарай сол немесе өзге тәсілмен бұзылуы немесе залалсыздандырылуы тиіс. Осындай заттарды раковинаға құю кезінде зертхананың ауасы булануы немесе улануы мүмкін. Егер осы заттарда солай немесе басқаша залалсыздадыру мүмкіәндігі болмаса, сору шкафында орналасқан раковинаға құюға болады.

9.18. Бумен жуу. Ыдыс әрдайым сумен ғана жуылуы мүмкін емес; мысалы, осы жолмен май заттармен ластанулар жойылмайды. Егер су буының ағысымен жуса, әжептәуір нәтижеге қол жеткізуге болады. Жуудың бұл тәсілі сынамалар алу және талдау үшін пайдаланылатын ыдысты жуу үшін ең жақсы тәсіл болып табылады, өйткені өлшемдердің нәтижелеріне әсер ететін жуатын ластаушы заттар қолданылмайды. Бірақ ыдысты бумен жуу сирек қолданылады, өйткені ұзат уақыт талап етеді. Егер колбаны қалыпты тәсілмен жууға 5-10 минут керек болса, онда бумен жуу үшін кемінде бір сағат талап етіледі. Ерекше таза ыдыс қажет етілгенде ыдысты бумен өңдеу жуудың және сонымен бір мезгілде ыдысты стерилдеудің мінсіз тәсілі болып табылады. Сынамалар алу үшін пайдаланылатын ыдысты алдын ала қандай да бір әдеттегі тәсілмен жуады, одан кейін булайды.

Бумен жуу үшін сыйымдылығы 3–5дм3 колбаға ортасына дейін су құяды, түбіне бірнеше кішірек кесек пемза немесе шынылы капиллярлар (біркелкі және жайлап қайнауы үшін) салады. Колбаны тығынмен мықтап жабады. Тығындағышқа бу жүргізетін түтікше мен құйғышты қондырады, осы құйғыш арқылы колбаға конденсат ағады. Будың шығуын болдырмау үшін құйғыштың шетін шамамен 3-2 см-ға суға түсіреді. Түтікшенің жоғарғы шеті ыдысқа енгізіледі, ол штативтік сақинасына немесе табаншасына бекітіледі. Бумен жуғаннан кейін ыдысты аудармай құрғатқыш шкафта немесе жай ауада құрғатады, бірақ бұл ретте оны ластанбауын байқау керек.

Атап өтілгендей, органикалық ерітінділерді сынамалар алу мен талдау үшін пайдаланылатын ыдысты жуу үшін қолдануға болмайды. Әдетте олар суда ерімейтін шайырлы және басқа да органикалық заттарды ыдыстан жою мақсатында химиялық талдауда пайдаланылатын ыдысты жууға қолданылады. Сынама алу мен талдауға арналған ыдыс суда ерімейтін шайырлы заттармен (ағаш өңдеуші зауыттардың, фанера және ағаш-жоңқа плиталары комбинаттарының сарқынды сулары) ластанған кезде ыдысты сілтінің шоғырланған ерітіндісмен (NaOH, KOH) жууға болады. Шайырлар едәуір бөлікте немесе қышқылда немесе сілтіде ерітіледі. Ластанған ыдыстың ¼ сілтімен толтырады. Егер шайыр көп болса, онда шайырдың барлығы сілтімен жабылатындай, бірақ ыдысты еркін шайқайтындай етіп оны құяды. Шайырлар көп болған кезде операцияны бірнеше рет қайталайды. Сілтімен өңдеу ұзақтығы шайырдың ерекшелігіне байланысты. Кейбір жағдайларда колбаны 5-10 минут сілкіп шайырды кетіруге, ал кейбір жағдайларда шайырды бірнеше сағат сағат бойы колбаны ара-арасында сілкіп кетіруге тура келеді.

9.19. Ыдысты химиялық тазлау әдістері. Әдетте сынамалар алу мен талдауға арналған ыдысты хром қоспасымен немесе 10% массалық үлесі бар азот немесе тұз қышықылының ерітіндісімен жуады. Ыдыс тазалығының жақсы нәтижесіне сутегі тотығымен өңдеу кезінде қол жеткізуге болады, пайдаланылатын сутегі тотығының пайызы ыдыстың ластану дәрежесіне байланысты және лимиттенбейді. Ыдыстың жақтарын осы ерітінділердің біреуімен баяулап сулайды одан кейін ыдысты 2-3 сағатқа қалдырады, сосын су құбырының суымен мұқият жуады, ас содасымен залалсыздандырып су құбырының суымен, бұдан соң 3-4 рет тазартылған сумен жуады. Ыдыс қатты ластанған кезде, сондай-ақ жаңа ыдысты сумен жуады, хром қоспасымен немесе 10% массалық үлесі бар азот немесе тұз қышқылының ерітіндісімен толтырады және кемінде бір тәулік ұстайды, одан соң су құбырының суымен және 3-4 рет тазартылған сумен жуады. Сарқынды сулар шөгінділерінің және тоттанбайтын болаттан жасалған қалдықтардың сынамаларын алуға арналған ыдысты ас содасымен тазартады, су құбырының суымен жуады және 3-4 рет тазартылған сумен шаяды.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35