Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Ылғалдылығы мен күлділігін анықтау үшін алынатын қайтымды белсенді лайдың сынамалары косервіленбейді және сақталуға жатпайды.
Кейбір кезде сынамаларды сүзу талап етіледі, мақсатқа қарай сүзгілердің тесіктерінің мөлшерін дұрыс таңдау қажет. Ерітілген заттар тесіктерінің мөлшері 0,45 мкм сүзгіден өтеді. Салымды заттарды тесіктерінің мөлшері 10-20 мкм орташа тығыздылықтағы сүзгіде (ақ таспа), ал коллоидты заттарды тесіктерінің мөлшері 3-5 мкм тығызды сүзгіде (көк таспа) жоюға болады. Мембранды сүзгілер тесіктерден ауаны шығару үшін қайнату арқылы алдын ала дайындықты талап етеді.
Инспекцияланатын кәсіпорында бақылау сынамасын алу кезінде қосарлас сынама бір мезгілде алынуы және оның талдауын аккредиттелген зертханда жүргізілуі мүмкін. Сарқынды сулардың қосарлас сынамаларын алу Сынамаларды алу журналында тіркеледі. Сынамалар мөрленуі, кез келген қол жетімді тәсілмен пломбалануы тиіс.
Егер көрсетілген сынамаларды талдау нәтижелерінде (талдаудың метрологиялық сипаттамаларын ескере отырып) айырмашылық болса, шынайы мән деп тәуелсіз аккредиттелген зертханның нәтижелері алынады. Егер екі зертханада аккредиттелсе, онда олар аккредиттеу органдарына жүгінуге құқылы (осы зерхтаналардың талдау нәтижелерін тиісті тексеру негізінде), олар қаралып отырған мәселе бойынша қорытынды шешім қабылдайды.
9.37. Белсенді лайды гидрохимиялық және гидробиологиялық талдауға алу. Белсенді лайдың, дымқыл шөгіндінің, сарқынды сулардың сынамаларын алу, тасымалдау және сақтау үшін әдетте күңгірт боросиликат шыныдан, полиэтиленнен, политетрафторэтиленнен жасалған ауыздары кең бөтелкелерді немесе банкаларды (аузының диаметрі кемінде 55 мм) немесе тоттанбайтын болаттан жасалған ыдысты пайдаланады.
Сынамалар алу мен сақтауға арналған ыдыс сынама алуға дайындық процесі кезінде жойылмайтын бояумен немесе шыныда қарындашпен нөмірленуі тиіс.
Жоспарлы бақылау кезінде белсенді лайдың гидрохимиялық талдауы мынадай реттілікпен жүзеге асырылады: белсенді лайдың массалық шоғырлануын, лайдың шамасын көлемін және лай индексі бойынша, сондай-ақ лай үстіндегі судың мөлдірлігін – күн сайын анықтау. Белсенді лайдың, дымқыл шөгіндінің күлділдігі он күнде бір рет анықталады. Лайды микросоптық зерттеуді тазартқыш құрылыстардың гидробиологы он күнде бір рет жүргізеді.
Белсенді лайды жоспардан тыс бақылау: алдындағы тексеру актісіндегі ескертулердің орындалуын бағалау жүргізу кезінде, ластаушы заттарды қоршаған ортаға немесе су бұру жүйесіне авариялық тастау кезінде, белсенді лайдың қасиеттері бұзылған кезде жүзеге асырылады. Жоспардан тыс бақылау сондай-ақ құрылыстардың жұмысы қандай да бір төтенше жағдайлармен (тазартуға уытты сарқынды сулардың түсуі, технологиялық режимінің бұзылуы, тазартқыш құрылыстарды реконструкциялау және т. б.) тұрақсызданған немесе белсенді лайдың негізгі барлық қасиеттерін анағұрлым ұдайы әрі мұқият қадағалау талап етілген кезде тағындалады.
Белсенді лайдың сынамалары белсенді лайдың массалық шоғырлануын, лай шамасын көлемі мен лай индексі бойынша, сондай-ақ лай үстіндегі судың мөлдірлігін анықтау үшін лай қоспасынының қажетті мөлшерін бір рет алу жолымен күн сайын алынады. Жоғарыда санамаланған көрсеткіштерге он күнде бір рет құрама сынамалар алынады: әрбір сағат сайын төрт сынама ғана алынады (жекелеген сынамаларды мұздатқышта сақтау кезінде құрама сынаманы алудың жалпы уақыты төрт сағаттан аспайтындай), араластырылады, оларды 18 °С температураға дейін жеткізеді және белсенді лайдың гидрохимиялық көрсеткіштерін анықтайды. Белсенді лайдың, дымқыл шөгіндінің күлділігі он күнде бір рет анықталады. Белсенді лайдың, дымқыл шөгіндінің күлділікті анықтауға арналған сынамалары құрамалы (орта, құрамалы) болып алынады, олар белсенді лайдың, шөгіндінің бірнеше біржолғы сынамаларынан құрылады. Қайтымды лайдың сынамаларын күлділікті анықтауға алу 6-7 сағат аралығында әр сағат сайын алынған біржолғы сынамалардан құрылған орта күндік сынаманың он күндік талдауында жүзеге асырылады. Біржолғы сынаманың көлемі 0,02–0,03 дм3, біріктірліген сынаманың жалпы көлемі 2 дм3 құрайды. Сынама көлемін өлшеудің дәлдігі кемінде 5% болуға тиіс. Регенарторлар болмаған жағдайда лайдың күлділігі аэротенктердің жинақтағыш арнасында немесе аэротенктің соңғы дәлізінің шетінде анықталады.
Белсенді лайдың сынамалары белсенді лайдың массалық шоғырлануын, лайдың шамасын көлемі мен лай индексі бойынша, сондай-ақ лай үстіндегі судың мөлдірлігін анықтау кезінде биологиялық тазартқыш құрлыстың қандай да бір торабынан (аэротенктердің құрамалы арналары, аэротенктер дәлізінің шеті, регенарторлар және т. б.) жеке бір сынама алады. Аэротенктер-ығыстырушыларда лай қоспасының сынамасы аэротенктердің жинақтағыш арналарында немесе су ағызғыштарда алынады, яғни екінші тұндыарғыштарға тұндыруға түсу алында; немесе аэротенктердің шетінде – ауа берілетін аймаққа қарама-қарсы жағындағы қайта құюдан 0,5-1,5 м (қауіпсіз өту болған жағдайда ғана), егер алу үшін қауіпсіз жағдайлар қамтамасыз етілмесе, онда сынамалар аэрациялық жүйе орнатылған жақтан, қарқынды араластыру орындарынан алынады. Аэротенктер- араластырғыштарда сынамалар жинақтағыш арналардан немесе тікелей аэротенктерден, сарқынды сулардың түсуінен неғұрлым алыс аймақтан алынады.
Неғұрлым нақты зерттеу қажет болған жағдайда құрылыстардың биологиялық бөлігінің әрбір торабы талданады. Мұндай жағдайларда аэротенктің әрбір дәлізінде ауа берілетін аймаққа қарама-қарсы дәліздің шетінен 0,5-1,5 м сынамалар алынады; регенераторда регенерациялау аймағында, яғни регенератордың шетінен 0,5-1,5 м қашықта алынады; аэрацияның орнатылған жүйесінен қарама қарсы жағынан алынады (алу жағдайлары болған кезде).
Белсенді лайдың флокул түзелуінің, оның седиментициялық қасиеттерінің жай-күйі туралы репрезентативтік деректерін алу, биоценоз жай-күйінің сандық және сапалық сипаттамаларын үшін белсенді лайдың көлемі мен салмағы бойынша шоғырлануы, лай индексі, лай үстіндегі судың мөлдірлігі, белсенді лайдың индикаторлық организмдерінің есебі сияқты көрсеткіштер бір сынамада жасалғаны қажет.
Банкаларды белсенді лайдың сынамаларымен толтыру дәрежесі, сулар сынамаларды тасымалдау мен сақтау кезінде сынама құрамының өзгеруіне әсер етуі мүмкін. Ыдысты судың сынамасымен жеткіліксіз толтыру тасымалдау кезінде қатты сілкінсе:
- агрегаттардың сынуына, салымды заттардың ұсақталуына;
- газ фазасымен өзара әсерлесу себебіннен ұшпа фракцияларының ысырабына;
- заттардың қышқылдануына және осы себептен ауыр металл қосылыстарының шөгінуіне (мысалы, қышқыл темірдің түзілуі);
- сынамадағы органикалық заттардың бұзылуына алып келуі мүмкін.
Бөтелкелерді суды тығындағышқа дейін толтырып құю тығындағыш астында ауа мен оттегінің болмауына жағдайлар жасайды, тасымалдау кезінде ыдыстағы сұйықтың шайқалуын азайтады, ол:
- оттегінің жетіспеушілігінен кейбір ластаушы заттар мен қосылыстардың қалпына келуіне және метаболиттердің түзілу есебінен уыттылықтың күшеюіне;
- жалпы көлемді сілку немесе шайқау кезінде гомогенизацияның нашарлуына (кейбір бақылаушы анықтамалар үшін гомогенизация керек, ал басқалары үші керек емес) алып келуі мүмкін.
Белсенді лайдың сынамаларын гидробиологиялық талдауға алу кезінде банкаларды қақпаққа дейін толтырмайды, ал гидрохимиялық талдауға алу кезінде банкаларды қақпаққа дейін құйып толтырады.
Одан әрі сынаманы мұздату қажеттілігі болған жағдайда, бөтелкені оның жарылуын болдырмау үшін толтырып құю керек емес. Егер сынамаларды тұндыру, центрифугалау немесе сүзу талап етілсе, онда бұл рәсімдер мұздату алында өтілуі тиіс.
Алдымен сынамалар алуға дайындалған ыдысты алынған сумен шаяды. Талдау үшін сынаманы қайтадан алады. Ол үшін көлемі кемінде 500 см3 сынама алғышты пайдаланады. Бірінші рет сынама алғыштың температурасы судың температурасымен бірдей болуы үшін оны 3 минут суға батырған жөн, одан кейін сынама алғышты 0,5 м тереңдікке қайтадан батырады да бірден тығындағышты алады, бөтелкелер толған соң сынама алғыштарды шығарады. Белсенді лайды шөміштің ішіндегі сұйықтықтан толық босату үшін көлемі 6 дм3 шынылы бөтелкеге немесе көлемі 3 дм3 болатын екі бөтелкеге құяды. Егер қайталама анықтамалар жүргізілмесе, онда 3 дм3 толтыру жеткілікті. Сынама алу 5,8–5,9 дм3 белсенді лай алынғанға дейін қайталанады. Банкаларды немесе флакондарды ауа көпіршіктерін қалдырмай толғанға дейін толтырады және тығыз шыны тығындағыштармен немесе полиэтилен қақпақтармен жабады. Полиэтилен қақпақтардың астына стерильді тефлон төсенділерді немесе алюминий фольгасын салады. Сынамаларды оларды тасымалдау үшін ағыш жәшіктерге салады, қағазбен немесе ескі-құсқы нәрсемен орайды. Алынған сынама күні, уақыты мен алынған орны көрсетілген этикетка салынады. Сынамалар алу кезінде белсенді лайдың температурасы өлшенеді. Ол үшін 0,1 °С бөліністегі термометрлер пайдаланылады. Сынама алған орында температураны анықтау үшін 1 дм3 суды шынылы сауытқа құяды, термометрдің төменгі бөлігін суға батырады және 5 минуттан кейін шынылы сауытты көз алдында ұстап оның көрсеткіштерін санайды. Анықтау дәлдігі ±0,5 °С. Бөтелкені дереу зетханаға жеткізеді.
Гидрохимиялық талдауға белсенді лайдың сынамаларын консервілемейді. Белсенді лайдың шамасын көлемі мен салмағы, лай индексі, лай үстіндегі судың мөлдірлігі бойынша анықтауға арналған сынамаларын сақтау ұсынылмайды. Сынама алу уақытын оны талдағанға дейін барынша қысқарту қажет, талдауға алғаннан кейін сынаманы алу сәтінен бастап 6 сағаттан кешіктірмей, белсенді лайдың температурасы үй-жайдың температурасымен сәйкес келген соң ізінше кірісу керек.
Көрсетілген мерзімде талдау жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда белсенді лайдың сынамаларын +4 °С дейін суытады. Сынамаларды олар алынғаннан кейін 3–4 °С температурада 24 сағаттан аспайтын мерзімде сақтаған жөн.
Белсенді лайдың және дымқыл шөгіндінің сынамаларын күлділікті анықтау үшін +2 – +4 ºС температурада үш тәуліктен аспайтын мерзімде сақталады. Өлшемдерді бастау алдында белсенді лайдың немесе шөгіндінің температурасын бөлме температурасына дейін жеткізеді.
Зертханада бөтелкелердің ішіндегі сынамалар мұқият араластырылады және бір рет қайталау үшін былайша:
а) 1 дм3 – лайдың шамасын көлемі бойынша анықтау үшін түбінен бастап калибрленген бір литрлік шамадағы цилиндрге;
б) 1,5 дм3 – лай үстіндегі суды тұндыру және оның мөлдірлігін анықтау үшін шынылы сауытқа;
в) 100 см3 – лайдың шамасын салмағы бойынша анықтау үшін көлемі 100 см3 цилиндрге;
г) 100 см3 – гидробиологиялық талдау және сақтау үшін стаканға құйылады.
9.38. Сарқынды сулардың әртүрлі сөздерінен сынамалар алу. Сынамаларды ашық, жабық жүйелер мен құдықтардан алу. Құдыққа бару алдында сынаманың гомогенизациясы үшін құрылғы және сынама алғыш жұмысқа дайындалады.
Схема бойынша бақылау құдығының орналасқан орны анықталады.
Тұтынушының өкілі құдықтың қақпағын ашады.
Тұтынушыға тиесілі бақылау құдықтары қарауға әрқашан қол жетімді, үйінділерден бос болуға тиіс; құдықтардың қақпақтары жеңіл ашылуға тиіс, қыста құдықтардың қақпақтарын қардан тазалау керек.
Құдықтардан сынамалар алу кезінде қорғау қоршауын, ескертуші белгілерді орнату, түнгі уақытта жарық берілуін қамтамасыз ету қажет.
Қолмен алынатын сынама алғыштағы тростың немесе жіптің ұзындығы құдықтың тереңдігінен бір метрге ұзын болуы тиіс.
Құдықты тексеру нәтижелерін:
- құдықтың жай-күйін;
- құдықтағы судың деңгейін тіркеу.
Ластану көрсеткіштерінің ең шеткі мәндерінің диапозоны кәсіпорынның (Тұтынушының) сарқынды сулары құрамының тұрақсызыдығын растайды. Мысалы, салымды заттардың шоғырлануының диапозоны 100-ден 1460 мг/ дм3дейін; майлар шоғырлануы 5-тен 320 мг/дм3 дейін өзгереді; қалалық су бұру жүйесіне сарқынды сулардың түсу циклдығының сипаттамасы: сағаттық біркелкі болмау коэффициенті 1,1–3.5 шегінде өзгерілуі мүмкін.
9.39. Арналардан сынамалар алу. Сынаманы жақсы араласу және салымды заттар шөгінуін болмауын қамтамасыз ету жағдайында турбуленттік ағында, су бұрғыш құрылғылардың тікжелелік учаскелерінде алған жөн. Ағынның ең төменгі жылдамдығы сынамалар алу кезінде 0,5 м/с құрауға тиіс.
Егер араласу жағдайы қамтамасыз етілсе, онда сынаманы 0,5 м тереңдіктен алады (ластаушы заттардың негізгі санын талдауға қойылатын талап). Егер араласу ағынның бүкіл тереңдігіне қамтамасыз етілмесе, онда сынамалар сериясын ағынның барлық қимасы бойынша алады және орташа сынаманы (тереңдігі) бойынша құрастырады.
9.40. Құбырлардан сынамалар алу. Құбырдан немесе «қаз» болған кезде сынамалар алу тікелей ағатын ағыстан алынады.
9.41. Тереңдікте ораналасқан шығыстар арқылы сарқынды суларды түсіру кезінде сынамалар алу. Мұндай жағдайда сынамалар алу шығыстың алдындағы соңғы құдықтан, арнадан немесе жеткізгіш құбырдан, егер сынама алу қамтамасыз етілсе, жүзеге асырылады. Сынамалар тірек әсерінен тыс аймақта алынады.
9.42. Жалпы сыйымдылықтағы суды өлшеу реттілігі және оны сипаттау. Жалпы сыйымдылыққа жинау үшін алынған суда: рН көрсеткіші, температура өлшенеді. Түсі, опалесценция болуы сипатталады, иісі бағаланады, үлдірдің болуы, оның қалыңдығы анықталады; сынамада құбырдан алған кезде және алғаннан кейін шынылы сауытта үлдірдің болуына жол беріледі. Үлдірді, егер қалқып жүрген заттарды анықтау үшін арнайы талдау талап етілмесе, алып тастауға жол берілмей ді.
9.43. Сынамаларды оларды алу кезінде консервациялау. Сынамалардың консервациясы өлшеулер орындаудың пайдаланып отырған әдістемесінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Мұнай өнімдерінің және майлардың ауқымды мөлшері бар су сынамасы консервацияланбайды.
9.44. Сынамаларды алу нәитижелері бойынша құжаттар ресімдеу. Сынамаларды сәйкестендіру және тіркеу жүргізіледі. Алынған сынамалар туралы есептерді қажет болған жағдайда мынадай ақпарат қамтылады:
- сынамалар алынған нүкте туралы;
- осы нүктенің қысқаша атауы;
- сынамалар алуды бастау және аяқтау күні;
- сынамалар алуды бастау және аяқтау уақыты;
- сынамалар алу кезеңінің ұзақтығы;
- сынамалар алу мақсаты;
- сынамалар алу тәсілін сипаттау;
- даладағы талдауды сипаттау.
Әрбір жағдайда сынамалардың ерекшеліктері «түсіндірмелер» айдарымен сипатталауы тиіс. Әдетте сынамалар талдау кестесін, сынамалар алу көлемі мен нүктесін осы сынамалар үшін жауапты қызметкер белгілейді.
Есепте сынамалар алдынатын тұрақты нүктелер де, уақытша нүктелер де көрсетілуі тиіс. Қажет болған жағдайда есепке сынамалар алынатын нүкте көрсетіліп және олардың сапасына әсер еткен көлік қозғалысының маршурттары, ғимараттардың, қондырғылардың және т. б. орналасуы сияқты факторлар сипатталып сызба енгізіледі.
«Түсіндірмелер» айдарында зертханаға тапсырылғанға дейінгі жағдайлар, кейіннен болған өзгерістер, басқа зерттеушілер алған бақылау сынамалары, куәгерлердің болуы, сондай-ақ, егер қоршаған ортаны ластау немесе авария орын алса, ықтимал зиянды заттардың түзілуі мен мөлшері және зардап шеккендер туралы ақпарат сияқты жақтар көрсетіледі.
9.45. Сынамалар алу хаттамасын ресімдеу. Жұмыс нәтижелері бойынша сол жерде «сынамалар алу хаттамасы» жасалады. Хаттамаға Қызмет берушінің жауапты тұлғасы және Тұтынушының жауапты өкілі лауазымдары мен тектерін көрсете отырып қол қоюға тиіс. Екінші дана Тұтынушының өкілінде қалады.
Хаттамада Тұтынушы ұсынған сынама алғыштың, сынамалар сақтауға арналған ыдыстың сипаттамасы; сынамаларды пломбалау тәсілі; алу ерекшеліктері міндетті түрде тіркеледі.
Тұтынушының өкілі Хаттаманың мазмұнымен келіспеген жағдайда, ол Хаттамаға қойылған талаптар бойынша өзінің қарсылықтарын көрсете отырып, қол қоюға міндетті.
Тұтынушының өкілі Хаттамаға қол қоюдан бас тарқан жағдайда, ол «қол қоюдан бас тартты» деген белгімен біржақты тәртіппен күшіне енеді. Сондай-ақ мұндай мән-жай елді мекеннің су бұру жүйесіне сарқынды суларды түсіруге арналған шартта жазылуы тиіс. Хаттаманың үлгісі 10-қосымшада келтірілген.
9.46. Сынамалар алу актісін ресімдеу. Сынамалар алу актісін ресімдеусіз зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алуға тыйым салынады. Сынам алар алу актісі сынамалар алу орнында жасалады. Актінің үлгісі 11-қосымшада келтірілген.
9.47. Алынған сынамаларды тасымалдау. Өлшеулер басталғанға дейін сынама алу уақытын барынша қысқарту керек. Сарқынды сулардың сынамаларын, егер талдауды алғаннан кейін бірден жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда сақтауға рұқсат беріледі; бұл ретте сақтау мерзімін қатаң түрде сақтау қажет. Сынамаларды сақтудың нақты мерзімі оны тасымалдау мерзімін де ескеруі тиіс.
Егер сынамаларды қосарлас алу жүргізілсе (орындалған өлшемдердің айырмашылықтарын азайту үшін) сынамалар дайындау шарттарын және осы осы сынамаларды өңдеу мен талдау басталған тура уақытын жазған жөн. Мысалы, фосфаттарды талдау кезінде (биологиялық тазарту құрлыстарында тазартылған сынамаларда) өлшемдер нәтижесінде сынамалар дайындаудың әртүрлі шарттарының және сынамалардың тасымалдау мен сақтаудың әртүрлі уақытының есебінен елеулі айырмашылықтар болуы мүмкін; сонымен, мысалы, егер фосфаттар құрамына сынамалар алу кезінде сынама тесіктерінің мөлшері 0,45мкм сүзгісі арқылы сүзілмесе, төрт сағат өткен соң тасымалдап, өлшемдер орындауға кіріссе, шынылы сауыттың анаэробтық жағдайларында сынамаларда болатын лайдан фосфаттар суға өтеді және өлшем нәтижелері аса көтеріңкі болады. Сондықтан ИСО 6878-1 әдістемелерінде суық жерде сақталған 4 сағаттан кешіктірмей, тесіктерінің мөлшері 0,45мкм сүзгісі арқылы, 200 см3 фосфаттардан бос, 30–40 °С температурада қыздырылған, сумен жуылған сынамаларды сүзу көзделген. 20 °С температура кезінде сынаманы алты сағат сақтағаннан кейін ОБТ шамасы 10–30%-ға өзгерілуі мүмкін.
Сынамаларды мұздатқыш сөмкелерде немесе немесе ұяшықтары бар жәшіктерде тез әрі жылдам тасымалдаған жөн. Тасымалданатын сынамаларды суытуды қамтамасыз ету өте маңызды, өйткені сынамалардағы температураның төмендеуі ластанған заттарда болатын бірнеше процестердің қарқынын төмендетуге әсер етеді, атап айтқанда:
- биологиялық (ферментативтік қышқылдану және метаболистік белсенділік);
- ұшпа қосылыстарының жоғалуы;
- химиялық (оксидтеу, сіңіру, хемоқышқылдану және т. б.).
Арнайы консервілеусіз сынамаларды сақтау уақыты қоршаған ортаның температурасына, анықталатын құрауыштың төзімділігіне байланысты және 20 °С температура кезінде екі сағаттан и 4 °С температура кезінде 24 сағатқа дейін құрайды.
Температура (сынама сақталмайды) және рН (сақтау мерзімі екі сағаттан аспайды) сияқты көрсеткіштер сынамалар алу кезінде өлшенеді. Сынамаларды қыздыруға және өте суытуға, яғни сынамаларды –15 °С төмени және +30 °С жоғары температурада сақтауға жол берілмейді.
9.48. Зертханаға сынамалар тапсыру. Зертханаға сынамалар тапсыру мен қабылдап алуды тиісті актімен ресімдеу қажет. Зертханаға түсетін сынамаларды жұмыс журналында тіркеу қажет, онда: кәсіпорынның (Тұтынушының) атауы, кәріз шығуының нөмірі, актінің және хаттаманың нөмірлері, бақыланатын көрсеткіштер, шынылы сауыттарды нөмірлері, талдау нәтижелері, пайдаланылатын МВИ, өлшеу ақаулықтары, талдау жасау күні, орындаушылардың тектері көрсетіледі.
Сынамалар алуды басқарудың құжаттамалық рәсімі 12-қосымшада келтірілген. Сынамалар алу, өлшемдер жасау, сапа бақылау процестерінің өзара байланыс схемасы 13-қосымшада келтірілген.
10. Биологиялық тазарту құрылыстарында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы
10.1. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің мақсаты – қолданбалы стандарттарға сәйкестікті қоса алғанда, әрбір операцияға тәуекелдерді бақылауды енгізу.
Өндірістегі негізгі қауіптер:
- технологиялық процестің немесе жекелеген өндірістік операцияларды орындау ерекшеліктеріне;
- пайдаланылатын жабдықтың жәене оның пайдалану шарттарының ерекшеліктеріне;
- қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздік қағидарын бұзуына негізделеді.
Жарақат алудың көп жылдық халықаралық статистикасының негізінде сарқынды суларды тазарту құрылыстары қауіпті өндіріске жатады.
10.2. Басты қауіптер:
- сынамалар алу орнында туындауы мүмкін оттегінің тапшылығы;
- дене жарақатын алудың жоғары ықтималдығы;
- уытты газдар мен булардың әсері;
-инфекциялау және сарқынды сулармен және белсенді лаймен тікелей байланыста болу кезінде паразит ауруларын жұқтырудың жоғары ықтималдығы;
- өрттер;
- жарылыстар;
- электр жабдығымен және электр техникасымен жұмыс істеу кезінде электрлік естен танудан болатын өлім.
10.3. Жарақат алуды ықпалдаушы (қоздырушы) себептер:
- персонал жетік білмейтін сарқынды суларды тазалайтын жүйенің күрделілігі;
- персоналдың ауысып жұмыс істеуі;
- кадрлардың тұрақтамауы: тазартқыш құрылыстарда жұмыс істеу кезіндегі қауіптіліктермен таныс бола бермейтін жаңа қызметкерлер әрқашанда бар;
- қауіпсіз істеу практикасының және қауіпсіздік бағдарламасының жоқтығы.
10.4. Су бұру желілерінен, тұндырғыштардан, сорғы станцияларынан және тазартқыш құрылыстардан сынамалар алу кезінде мыналарды есте сақтау керек:
а) су бұру жүйелерінде оларда түзілетін газ қоспаларының жарылу қауіпі бар, жарылу қауіпті газ қоспалары құдықтарда, камераларда, метантенкаларда болады;
б) улы заттармен улану қауіпі бар, мысалы, күкірт сутегімен (H2S), иісті газбен (СО), метанмен, кәрізге сарқынды сулармен түсетін эфир, бензин буларымен улану қауіпі бар;
в) оттегінің жетіспеушілігінен тұншығып қалуға болады;
г) сарқынды сулардағы патогенді организмдерді (инфекциялық және паразит ауруларды қоздырғыштар), сондай-ақ гельминттердің жұмыртқаларын жұқтырып алуға болады;
д) сынамалар алу аймақтары шаң шығарушы реагенттермен аса жоғары мөлшерде шаңдануы мүмкін (алюминий күкірт қышқылы, хлор темірі, басылмаған әк, ащы натр);
ж) сырғанақ жерде құлау салдарынан жарақат алу қауіпі бар;
и) батып кетуге болады, осы орайда аэротенктерге құлау ерекше қауіп тудырады, өйткені ондағы су оттегіне молыққан және турбуленттік ағын бар;
к) құлайтын заттардан зақым алуға болады.
Белсенді лайдың сынамаларын, шөгінділер, сарқынды сулар алатын персонал арнайы киім мен аяқ киім киюге тиіс, қолды сарқынды сулардың тиюінен қорғау үшін резеңкелі қолғапты пайдалану қажет.
10.5. Биологиялық тазартқыш құрылыстардағы цех мынадай зияндылықтар мен қауіптердің болуымен сипатталады:
а) БОС цехында өрт қауіпті заттар мен газ қоспалары қолданылады, технологиялық процес бұзылған және қауіпсіз талаптары бұзылған жағдайларда олардың өрт пен жарылысқа әкелетін жану қабілеті бар: бензин, солярка, майлау материалдары (майлар), резеңке техникалық бұйымдары (дөңгелекқабы).
б) от шығу көздері: ашық от; электр доғасы; газбен дәнекерлеу кезінде шілте жалыны; электр тоғынан немесе соғылысу мен үйкелісу кезінде пайда болатын ұшқындар; статикалық электр; біріші және екінші найзағай көріністері болуы мүмкін.
10.6. Өрт шығу ықтималдығын болдырмайтын талаптар. Өрт сөндіру - шыққан өртті сөндіруге бағытталған іс-шаралар мен әрекеттер кешені. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шаттар технологиялық режимді, өндірістегі ішкі тәртіп, оның ішінде темекі шегу тәртібі қағидаларын тура сақтауға және өртке қарсы режимді қатаң түрде сақтауға негізделеді.
Ішкі өртті сөндіру мақсаты үшін барлық үй-жайларда өрт крандарын орнату көзделген.
Өрт құралдары: құм, көмір қышқыл өрт сөндіргіштер, өрт сөндіруге арналған өрт шаруашылық суы (ӨШС) болып табылады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


