Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
- тазаруға келетін сарқынды сулар;
- тазартылған сарқынды сулар;
- сорғытылған су;
- құрғату каналдарының сарқынды сулары;
- сарқынды суларды су қоймасына жалпы шығару.
Физикалық-химиялық және бактериологиялық талдаулар орындалады.
5.13. Биологиялық тоғандардың суына жылдың жылы айларында әрбір он күнде талдау жасалады. Сарқынды сулар ағызылатын ауданда және оларды су қоймасына шығарардың алдында сынама алынады. Су түбі тұнбалары қарқынды жиналған кезде тоғаннан алынған тұнбаға бақылаушы органдармен келісілген сарқынды сулардың ластаушы заттар тізбесі бойынша ластаушы заттардың жинақталуына талдау жасалады.
5.14. Аэротенктері мен биосүзгіштері бар тазарту құрылыстары сарқынды сулардың қозғалыс барысы бойынша тазартудың әрбір буынында бақыланады. Бақылаудың толық кестесі айқындалатын көрсеткіштерінің тізбесімен және бақылаудың кезеңділігімен бірге 3-қосымшада келтірілген. Тазарту құрылыстарында нитрификациялау-денитрификациялау және дефосфаттау технологияларын іске асыру кезінде тазарту процесін бақылау 3-қосымшада келтірілген кесте бойынша да жүргізіледі. Аэробты, аноксидті және анаэробты жағдайдағы процестердің оңтайлы жағдайлары мен нәтижелілігін бақылау 4 және 5-қосымшаларда келтірілген кестелер бойынша жүргізіледі. Сарқынды сулар тұнбаларын бақылау 6-қосымшада келтірілген кесте бойынша жүргізіледі.
5.15. Механикалық тазарту процестері сарқынды сулардан торлар арқылы фракциясы 6 мм-ден асатын тұрпайы шығындыларды, құмұстағыштар арқылы фракциясы 0,09-0,5 мм және одан да ірі құмды, бастапқы тұндырғыштар арқылы фракциясы 10 мкм-нен асатын тұнбалы, салынды және қалқымалы заттарды жоюға арналған.
5.16. Сарқынды суларды ірі қалқымалы шығындылардан босату үшін алуан түрлі механизмдер қолданылады, солардың негізгілері: шыбықтарды қолмен және механикаландырылған түрде тазалайтын стерженьді торлар, сатылы торлар, ротациялық дискілер, ротациялық барабандар, центрифугалар болып табылады. Бұл ретте ротациялық барабандар мен дискілер, сондай-ақ центрифугалар ірі қалқымалы шығындыларды мұқият жою үшін ғана емес, сонымен бірге минералды ұнтақтарды, құмды және ішінара органикалық ластаушы заттарды жою үшін де қолданылады, бұл сарқынды суларды тазартудың кейінгі сатыларында құмұстағыштарды және бастапқы тұндырғыштарды пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік береді.
5.17. Торларда ірі ластанулар (қағаз, шүберек, керамзит, тамақ өнімдерінің қалдықтары және басқалар) ұсталынып қалады. Әдетте, торларда ұсталатын шығындылар мөлшері тәулігіне 100 м3-ден аспайтын шағын құрылыстарда қолмен тазартылатын стерженьді торлар қолданылады. Механикаландырылған стерженьді торлар жылжымалы тырмалармен жабдықталған, олардың тістері стерженьдер арасындағы саңылауларға кіреді де тордың жоғарғы немесе төменгі, артқы немесе алдыңғы жағына қарай қозғала отырып, оны ондағы жиналған шығындылардан тазартады. Тырмалар тарту шынжыры, қанат немесе тросы бар электрқозғалтқышының көмегімен қозғалысқа түседі. Сарқынды сулар ағынының жылдамдығы (құмның немесе ірі минералды қоспалардың шөгіп, жинақталмауы үшін) торлар алдында кемінде 0,4 м/с болуға, ал тордан өткен кезде сарқынды сулар ағыны тордағы шығындыларды алып кетпеуі үшін 1 м/с-тан аспауға тиіс.
5.18. Торларда ұсталатын шығындылардың мөлшері тазартылатын сарқынды сулардың құрамына және стерженьді торлардың арасындағы саңылаулардың еніне байланысты болып келеді. 16 мм шамасындағы саңылаулар кезінде (практикада ең көп таралғаны) сарқынды сулардағы шығындылардың құрамына қарай торларда олардың 5–15 %-дан аспайтын мөлшері ұсталынады. Сонымен қатар, ірі саңылаулы стерженьді торларды пайдалану кезінде су беру жүйесінің үлкен маңызы бар. Сарқынды сулар өз ағысымен келген кезде торларда шығындылар көп ұсталынады. Сорғылардың жұмысы тор арқылы сарқынды сулардың көтеріңкі ағу жылдамдығын туындатады, нәтижесінде торлардан шығарылатын шығындылар ұлғая түседі. Саңылаулардың ені 16-дан 2-мм-ге азайған кезде шығындыларды алу тиімділігі айтарлықтай 10-20 есеге дейін артады.
5.19. Ірі қалқымалы шығындыларды әлдеқайда тиімді алуына байланысты 10 мм-ден кем саңылауы бар торларды қолданудың артықшылығы бар. Ұсақ саңылаулар торда шығындылардың өздерінен қосымша сүзгі қабатының пайда болуына ықпал етеді, бұл бір жағынан, оларды ұстаудың нәтижесін арттырады, ал екінші жағынан, қалқымалы майлар мен мұнай өнімдерінің осы төсенішке шөгуіне, сөйтіп оларды сарқынды сулардан механикалық жолмен алып қоюға мүмкіндік береді.
5.20. Торларда ұсталған шығындылар әдетте контейнерлерге жинақталып, әкпен дезинфекцияланады және жинақталуына қарай әкетіледі (шығындыларды құрылыстарда сақтаудың мерзімі 3 күннен аспуға тиіс).
5.21. Гидро - немесе механикалық престердің көмегімен сығымдай отырып, шығындыларға механикалық сусыздандыруды қолданған экономикалық тұрғыдан орынды болады, өйткені бұл ретте шығындылардың көлемі 3-6 есе азайып, көліктік шығындар айтарлықтай қысқарады. Шығындылардың көлемі мен ылғалдылығын азайтуға, оларды сығуға және жабық құбырлар бойынша тасымалдауға гидравликалық транспортер престер қолданылады.
5.22. Шығындылардың мөлшері мен сапасы бойынша торлардың жұмысын технологиялық талдау негізінен судың тор арқылы ағысының жылдамдығымен айқындалатын құрылыстың жұмыс режиміне қарағанда, көп жағдайда келетін сарқынды сулардың құрамын сипаттайды. Торлар ұстайтын шығындылардың мөлшері 1000м3 сарқынды суда 10-нан 80 дм3-ге дейін өте үлкен аралықта өзгеруі мүмкін. Торлардан алынатын шығындылар мөлшері тек сарқынды сулардың құрамына ғана емес, сонымен бірге, беру тәсіліне де, яғни өз ағысымен немесе ірі шығындыларды ұстайтын тұрпайы торлар орнатылған сорғы станциясымен беруге байланысты болып келеді. Егер тұнбаны құмұстағыштан сорып алу гидроэлеваторлардың бітелуіне байланысты қиындық туғызса, торлар саңылауларының шамасын (шыбықтар арасындағы қашықтықты) тексеру қажет: 16мм-ге қарағанда 20мм және одан да артық кезде шығындылар аз ұсталады. Саңылаулардағы сарқынды сулардың жылдамдығы жұмыс істеуші торлардың санымен реттеледі және сарқынды сулардың барынша көп ағыны кезінде 1 м/с-дан аспауға тиіс. Шығындылардың сапасы ылғалдылығымен, күлділігімен және құрамымен сипатталады, олар елеулі шектерде өзгереді: ылғалдылығы 40-тан 85 %-ға дейін, күлділігі 2-ден 40 %-ға дейін, құрамындағы тоқыма – 24–80 %, қағаз 12–60 %, өзгелері 4–40 %.
5.23. Құмұстағыштың жұмыс істеу принципі - гравитациялық, яғни тығыздығы судың тығыздығынан үлкен минералды бөлшектер, негізінен, құм су түбіне шөгеді. Биологиялық тазартуға келетін сарқынды суларды құмнан арылту міндетті болып табылады, өйткені құмның абразивтік қасиеттері механизмдер мен құрылыс бетондарының бүлінуіне алып келеді. Сонымен бірге, құм каналдарда, аэротенктерде және басқа да құрылыстарда жинақталып, олардың жұмыс көлемін төмендетуі мүмкін. Құмды шығару екі технологиялық процесс арқылы: құмды тұндырып, құмұстағыштарда судан бөлу және құм алаңында сусыздандыру жолымен жүзеге асырылады.
5.24. Егер сарқынды сулардан алынатын құмдарда органикалық бөлшектер қалып қалса, бұл бір жағынан, құм алаңдарының антисанитарлық жағдайына алып келеді, ал екінші жағынан, құммен бірге органикалық бөлшектерді шығарып тастау ұтымсыз болып табылады, өйткені олар белсенді лай үшін қоректік субстрат болып есептеледі.
5.25. Қазіргі заманғы жабдықтарды: центрфигуларды, пресс сүзгілерді пайдалану кезінде құмұстағыштардағы ұсақ фракциялардың бөлшектерін (кемінде > 0,15 мм) кетіру қажет, өйткені осылай істемеген жағдайда жабдықтар тез тоза бастайды. Азот пен фосфордың қосындыларынан терең арылтатын қазіргі заманғы технологияларды енгізу кезінде де құмның ұсақ фракцияларын кетіруді қамтамасыз ету талап етіледі, өйткені сарқынды сулардағы биологиялық тотықпайтын фракциялардың үлесін азайту белгілі бір дәрежеде биогенді элементтерді кетірудің нәтижелілігіне әсер етеді.
5.26. Аэротенктердегі құм аэрациялық элементтердің бітелуіне, күлділіктің ұлғаюына, сондай-ақ белсенді лайдың седиментациялық және флокулқұраушы қасиеттерінің өзгеруіне алып келуі мүмкін. Сарқынды суларды құмнан және ірі минералды қоспалардан арылту белсенді лайдың қанағаттанарлық жұмыс істеуінің өте маңызды шарты болып табылады. Құм түйіршіктері агрегаттарда салынды және коллоидті бөлшектермен бірге болады. Сарқынды сулардан металл, мұнай өнімдерінің ауыр фракциялары және т. б. осы сияқты салынды күйдегі улы заттарды механикалық тазарту процесінде арылтудың тиімділігі аэротенктердегі ластаушы заттардың биохимиялық тотығуының дұрыс жүруін айқындайды.
5.27. Судың қозғалыс бағытына қарай құмұстағыштар судың көлденең (судың көлденең тура нүктелі және айналмалы қозғалысы), тік (су астынан беріліп, жоғары қарай қозғалады) және иірімді қозғалысты (тангенциалды және ауамен қаныққан) деп бөлінеді. Судың құмұстағыштағы көлденең қозғалысы кезінде ағын жылдамдығы әдеттегі құмұстағыштар үшін 0,15-тен 0,3 м/с-ке дейін және ауамен қаныққан құмұстағыштар үшін 0,08-ден 0,12 м/с-ке дейін болуға тиіс. Ағынның үлкен жылдамдығы кезінде ұсақ құм құмұстағышқа шөгіп үлгере алмайды, тек құмның әлдеқайда ірі фракциялары ғана шөгіп қалады. Сарқынды сулар ағынының жылдамдығы азайған кезде олардан әлдеқайда ұсақ құм түйіршіктері (кемінде > 0,15мм) бөлінеді, ал ең аз жылдамдығынан да төмен жылдамдығы кезінде құмұстағышқа органикалық қоспалар шөгетін болады, бұл сарқынды сулардан шөгінді заттардың артық мөлшерде алынуына және шығарылатын құм сапасының нашарлауына алып келеді, бұл оның ары қарай пайдалануын немесе көмілуін қиындатады.
5.28. Сарқынды сулардың ең төменгі және ең жоғарғы ағысы кезіндегі қозғалысының көрсетілген жылдамдықтарын қамтамасыз ету үшін кемінде екі құмұстағыш орнату қажет немесе бір құмұстағыш екеуден кем емес бірнеше бөлікке бөлінуге тиіс. Тазартуға келетін сарқынды сулардың ең төменгі көлемі кезінде құмұстағыштардың (немесе оның бөліктерінің) бірі өз жұмысын тоқтатады (әдетте, құмұстағыштардың кіру және шығу терезелерінде орнатылған қалқандық қақпақтардың көмегімен), бұл жұмыс істеп тұрған құмұстағыштың гидравликалық жүктемесін ұлғайтады және құмұстағыштардағы сарқынды сулардан органикалық және коллоидті заттардың артық алынуын алдын алады. Сарқынды сулардың ең жоғарғы ағысы кезінде құмұстағыштар толық көлемінде жұмыс істейді.
5.29. Құмұстағыштарда міндетті түрде науалардың толу биіктігі бойынша немесе ағыстың шығысын және жылдамдығын өлшейтін техникалық құралдардың көмегімен судың шығысы мен қозғалыс жылдамдығы анықталады. Құмұстағыштардың қосымша секцияларын ажыратудың немесе қосудың қажеттігі туралы шешімдер қабылдау және ағыстың оңтайлы жылдамдығын қамтамасыз ету үшін құмұстағыштардағы сарқынды сулардың қозғалыс жылдамдығы бір ауысымда 2–3 рет өлшенеді. Құмның әр түрлі фракцияларының қанағаттанарлықтай шығуы және құмұстағышқа органикалық қоспалардың ең аз шөгуі көлденең құмұстағыштарда мынадай шарттарды ұстанған жағдайда болуы мүмкін: сарқынды сулардың көлденең ағысының нақты жылдамдығын оңтайлы диапазонда ұстау, сарқынды сулардың ең жоғарғы шығысы және құмұстағыш ұзындығының тереңдігіне қатынасы кемінде 10 болған кезде олардың есепті келу уақытын сақтау.
5.30. Су айналып қозғалатын көлденең құмұстағыштар тура сызықты қозғалысы бар құмұстағыштарға қарағанда, сирек қолданылады. Олардың ерекшелігі органикалық қоспаларды тұнбайтындай етіп ағында ұстап тұру үшін су ағысының айналмалы қозғалысын жасау болып табылады. Құм науаның тесіктері арқылы ортада орналасқан бункерге «сырғиды». Әдетте, мұндай үлгідегі құмұстағыштар тиімсіз жұмыс істейді, сондықтан құмды алып шығарудың тиімділігін арттыру үшін, ағынның бағыты мен жылдамдығын өзгерту бойынша оларды жаңарту талап етіледі.
5.31. Органикалық қоспалар салынды күйінде ұсталып, тұнба болып түспейтін су ағындары циркуляцияланатын құмұстағыштарда (тангенциалды, ауамен қаныққан және т. б.) құмның ұсақ фракциялары судан әлдеқайда тиімді бөлінеді және шөгеді (сондай-ақ, бұл ретте олармен байланысқан құм түйіршігінің барлық мөлшердегі органикалық бөлшектерінен босайды). Осындай құмұстағыштарда жасалатын су иірімдерінің әсері арқасында сарқынды сулардан құмұстағыштардағы тұнба ылғалдылығы 20%-дан аспайтын және күлділігі жоғары (кемінде 95%) ұсақ фракциялы таза құмды бөліп шығаруға болады. Мұндай құмұстағыштардан алынған тұнбадағы құмның құрамы 92%-ға дейін барады.
5.32. Тангенциалды құмұстағыштарға су беріліп, ол оларды жанап қозғалады. Тангенциалды құмұстағыштардағы судың қозғалыс жылдамдығы - 0,6-0,8 м/с, олардағы судың болу уақыты – 30-50 секунд. Тангенциалды құмұстағыштар сарқынды сулардан фракциясы әр түрлі құмды: 0,4–0,3 мм - 95%-ға, 0,24 мм - 85%-ға және 0,15 мм - 65%-ға бөліп шығарады. Тангенциалды құмұстағыштардың сарқынды сулардың біркелкі емес ағысына өте сезімтал болып келуі олардың негізгі технологиялық кемшілігі болып табылады.
5.33. Ауамен қанығатын құмұстағыштағы (D) ауаның шығысы мына формула бойынша есептеледі:
D = I∙F, м3/с,
мұнда: I – ауамен қанығудың қарқындылығы, м3/(м2×с); F – құмұстағыштың алаңы, м2.
5.34. сарқынды сулардың ауамен қанығатын құмұстағыштағы болу уақыты – 1,5-тен 5 минутқа дейін, ағын жылдамдығы - 0,08–0,12 м/с. Түскен құмды жинауға арналған науа аэрациялық құбырға тікелей жақын жерге орналасады, оның көлемі (Wл, м3) 2 тәулікте түсетін құмның көлеміне тең деп қабылданады және мына формуламен есептеледі:
,
мұнда: Q – сарқынды сулардың орташа тәуліктік шығысы, м3/тәу; p – құмның мөлшері (дм3-де), сарқынды сулардың бір текше метрінен бір тәулікте ұсталынатыны; әдетте p = 0,06–0,075 дм3/(м3·тәу), яғни ауамен қаныққан құмұстағыштар үшін сарқынды сулардың 1000 м3-не есептегенде 60–75 дм3; t – тұнбаны түсіру арасындағы тәуліктер саны.
Форумаланың (4) бөліміндегі 1000 коэффициенті науа көлемін Wл шаршы дециметрден шаршы метрге қайта есептеумен байланысты.
Ұяшықтың көлемі (Hл, м) мына формула бойынша есептеледі:
,
мұнда: Lл – ұяшықтың ұзындығы (м; құмұстағыштың ұзындығына сай келеді); Вл – ұяшықтың ені, м; (құмұстағыш енінен 0,2 құрайды).
5.35. Құмұстағыштар жұмысының технологиялық тиімділігін бағалау. Құмұстағыштар ұстап қалатын құмның мөлшері оның ылғалдылығы 60 % және көлемді массасы 1,5 т/м3 болған кезде жылына бір адамға шаққанда әдетте 0,02 дм3/(адам тәулік) немесе 7,3 дм3-ді құрайды. Жалпы ағызатын кәріз жүйесінде ағыстың ең жоғары жылдамдығы 0,3 м/с және тұндыру уақыты 60 с кезінде құмұстағыштарға түсетін тұнбаның мөлшері екі есе артады. Қанағаттанарлық дәрежеде жұмыс істеп тұрған құмұстағыш (ондағы сарқынды сулардың циркуляцияланатын ағысынсыз) 1000 м3 сарқынды судан 10–40 дм3 құмды бөліп шығарады. Ұсталып қалынатын құмның мөлшері тәжірибелі жолмен әрбір тиеу кезінде айқындалады немесе бір тұрғынға және тұрғындар санына шаққандағы су бөлу нормасын ескере отырып есептеледі.
5.36. Құмұстағыштан тұнбаны түсіру құмның түсіп жинақталуына қарай 2-4 тәулікте бір реттен бастап, ал бір тәулікте бір ретке дейін жүргізіледі. Тиеу кезеңділігі, сондай-ақ тырмалардың жұмыс істеу кезеңділігі тәжірибелі жолмен белгіленеді. Қатты жаңбырдан кейін немесе суды бөлу желілерін тазарту кезеңдерінде міндетті түрде құмұстағыштардан тұнбаны қосымша түсіру қарастырылған. Шағын тазарту құрылыстарында құмды құмұстағыштан шелек, шөміш алып қолмен шығарады. Құмұстағыштарда ұсталатын құмның мөлшері тәулігіне 0,5 м3-ден асқан жағдайда тұнбаны шығару механикаландырылады. Тұнбаны құмұстағыштардан шығару гидроэлеваторлардың, грейферлердің, шөмішті элеваторлардың, құм сорғыларының және басқалардың көмегімен жүргізіледі.
5.37. Құмды тиеу үшін эрлифтілерді қолдану тіпті олардың қанағаттанарлық дәрежеде жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, әдетте – тиімсіз. Құм түріндегі тұнба эрлифт үшін аса ауыр болып келеді. Гидроэлеваторлар құмды тиеу процесінде оны органикалық қоспалардан жақсы жуып тазалайды. Құмды айдау кезінде берілетін судың көп мөлшері оны әлдеқайда тиімді жуып тазартуға ықпал етеді. Сондай-ақ гидроэлеваторлар эрлифтілерге қарағанда құм алаңдарына немесе бункерлерге құмды жақсы тасымалдайды.
5.38. Құмұстағыштан тұнбаны тиеу кезінде әдетте тиеліп жатқан құмұстағышқа сарқынды су беруді тоқтату керек, ал егер бұл көзделмеген болса, құмды сарқынды сулардың ең төмен ағыны кезінде (ұяшықтар аз толғанда) алып шығару керек. Тұнба алдымен шұңқыршаларда лайланады, оны құмұстағыштан үлкен мөлшердегі сарқынды сулар бункерлерге немесе құм алаңдарына түспейтіндей етіп тиеу керек. Құбырдағы ысырмаға тұнбаның сырғу ерекшелігіне қарай құмды жылдам және мынадай тәртіппен тиеу керек: гидроэлеватордың жұмыс сұйықтығының құбырындағы ысырма ашылады да, тұнба лайланады; лайланғаннан кейін құм бункеріне пульпа берілетін құм құбырындағы ысырма ашылады. Немесе ысырма шамалы ғана ашылып, тұнбаның сырғуына біраз уақыт беріледі, сонан соң ысырма толық ашылады. Сынама іріктеуші бойынша пульпаның айдап шығарылған сәті анықталады; пульпа құбыры оның екі есе көлеміне сай келетін мөлшердегі тұнған сарқынды сулармен жуылады; жуылғаннан кейін пульпа құбырындағы ысырма жабылады.
5.39. Құмды органикалық ластаушы заттардан жуып тазарту үшін гидроциклондар және құмды жинақтап сусыздандыратын бункерлер қолданылады. Бункерлер жүк автомобильдеріне құмды тиеуге шақталған және онда 10-15 тәулік бойы құмды сақтауға есептелген болуға тиіс. Құм бункерлерін пайдалану кезінде судың ағуын және шығармалы қақпақтардың мұзға қатуын болдырмау керек.
5.40. Құмұстағыштар жұмысындағы бұзушылықтардың сипаты мен себептері, оларды жою жөніндегі іс-шаралар төмендегі кестеде келтірілген
\Бұзушылықтар сипаты | Бұзушылықтарды туындататын себептер | Бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар |
Құмның көп мөлшерін құрылыстардың кейінгі буындарына шығару. Тұндырғыштардың дымқыл тұнбасындағы құмның құрамы 8%-дан көп. Құрамында құмның бөліктері бар белсенді лайды тұндырған кезде ол цилиндрдің түбіне тез шөгеді; қайтарымды белсенді лайдың күлділігі 30 %-дан көп | Тұнбаны тиеуде кезеңділіктің болмауы; нөсер жаңбыр; гидравликалық жүктелім; сарқынды сулардың құмұстағыштар арасында әркелкі таралуы; сарқынды су ағынының жылдамдығын тежеу камерасынан құмұстағышқа дейін бірқалыпты кеңейетін өту жолының болмауы; есептеулерде қабылданған мөлшерге қарағанда, ұсақ фракциялы құмның көп мөлшері; конструкциялық кемшіліктер. | Тұнбаны тиеудің қажетті кезеңділігін экспериментальды түрде белгілеу; құмұстағыштардан алынатын тұнбаны қатты жаңбырдан кейін тиеу; резервтік құмұстағышты іске қосу, тұрақты гидравликалық жүктелімдер кезінде қосымша құмұстағышты жобалап орнатуды қарастыру немесе жұмыс істеп тұрған құмұстағыштардың жұмысын қарқындату; бөлуші құрылғыларды жөндеу |
Құмұстағыштан алынған тұнбада органикалық қоспалардың көп мөлшері, бұл тұнбаның жоғары ылғалдылымен, төмен күлділігімен және тығыздығымен сипатталады | Құмұстағыштағы сарқынды сулар ағынының жеткіліксіз жылдамдығы | Бір немесе бірнеше құмұстағышты немесе бөлігін ажырату; жаңғырту немесе ауамен қанығатын құмұстағыштармен ауыстыру |
Тығыздалған тұнбаның шіруі, тұнбаның шұңқыршаға тиімсіз сырғуы, тұнбаның жинақталуы, оны тиеудегі қиындықтар | Конструкциялық кемшіліктер (шұңқырша қабырғаларының және құмұстағыш түбінің шұңқыршаға қарай еңісінің жеткіліксіз болуы, бітелуіне және конструкциясының нашарлығына немесе қыс мезгілінде гидроэлеватор ысырмаларының қатып қалуына байланысты тырма механизмдері мен гидроэлеваторлар жұмысының бұзылуы | Тырмалар арасындағы қашықтықты азайту, тырмалардың бетін жетілдіру және т. б.; гидрожуу тазалау, гидроэлеваторларды жаңғыртып, олардың жұмысын реттеу; гидроэлеваторлардың ысырмалары қыс мезгілінде қатып қалмас үшін жылу оқшаулау қалқандарын орнату |
Ауамен қанығатын құмұстағыштардың әр түрлі учаскелерінде аэрацияның біркелкі болмауы, бұл жұмыс тиімділігін төмендетуге алып келеді | Бағандар бойынша ауаның шығысы реттелмеген; Тесік құбырлар бітеліп қалған | Ішіне резеңке диафрагмалардың фланецті қосылыстарын (оларды тозуына қарай тұрақты түрде ауыстыру) орната отырып, бағандар бойынша ауаның шығысын реттеу; Құмұстағыш босатылғаннан кейін тесік құбырларды тазарту |
5.41. Құмұстағыштардың тиімді жұмыс істеуінің өлшемі құмның толық алынуы болып табылады. Құмұстағыштардан алынған тұнбадағы құм ең ұсақтарын қоса алғанда, әр түрлі фракциялардан болуға тиіс және органикалық қоспалардан барынша арылған болуы қажет. Осы талаптардың сақталмауы құмұстағыштардың қолданылып отырған конструкцияларының жетілдірілмегендігін немесе олардың тиімсіз пайдаланылғандығын көрсетеді. Мұндай жағдайда не пайдаланылып отырған құмұстағыштың конструкциясын жаңғырту не құмды алып шығару процесін қарқындату немесе құмұстағыштардың технологиялық жұмыс режимін ретке келтіру талап етіледі. Сарқынды сулардан құмды алып шығарудың тиімділігі туралы дұрыс және негізделген шешім қабылдау үшін, сынама алу кезінде жол берілетін қателіктерді барынша азайтып, құмұстағыштардан алынатын тұнбаға толық және сапалы талдау жүргізу қажет.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


