Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Бүкіл өндірістік, қосалқы және қызметтік үй-жайлар Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігінің қағидаларына сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштермен) қамтамасыз етілуге тиіс.

Барлық өрт сөндіру құралдары, өртке қарсы жабдық мен құрал-сайман жарамды жай-күйінде және көрнекі жерлерде ұсталуға тиіс, оларға оңай қол жеткізу жағдайы қамтамасмыз етілуге тиіс. Бастапқы өрт сөндіру құралдарының және өрт сөндіру құрал-сайманның орналасқан орны жергілікті өрт ұйымымен келісілуге тиіс. Өрт сөндіру құралдарының және өрт сөндіру құрал-сайманның мақсатсыз пайдалануына тыйым салынады.

Өрт шыққан кезде телефон арқылы өрт сөндіру бөлігін шақыру және сонымен бір мезгілде от шарпылуын болдырмау және өртті жою шараларын қабылдау қажет.

Өрт сөндіру кезінде «жел жағынан» тұру қажет, көміртек оксиді көлемді шамада 0,5%-да болған кезде ауаны таза аймақтан алу шартымен шлангтік газ тұтқыштарын немесе оқшаулатқыш ауа газ тұтқыштарын пайдалану керек. Цех аумағында және жұмыс үй-жайларында темекі шегуге тыйым салынады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Темекі шегу үшін «Темекі шегу орны» деген жазбамен, урналармен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған арнайы бөлінген орындар көзделген.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ұшқын шығармайтын аспапты (мысталған және т. б.) қолдану қажет. Сүртуге арналған ескі нәрселерді арнайы бөлінген орындарда жабық ыдыста сақтау керек.

От жұмыстарын жұмыстарды дайындау және қауіпсіз жүргізу іс-шараларында көрсетілген от жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсат беру құжатын ресімдегеннен кейін жүргізу керек.

Жұмыс орындары бойынша нұсқаулықта:

- өрт немесе авария болған жағдайда аппараттарды ажыртау және өндірісті тоқтату;

- өртті немесе отты сөндіру құралдары мен тәсілдері көрсетілуге тиіс.

10.7. Уытты заттар. БОС цехында уыттар заттар: хлор; майлар; құрамында метанол, аммиак болуы мүмкін сарқынды сулар; күкіртсутек және оның туындылары болып табылады.

Адамға хлордың әсер ету қауіптілігі хлор бар контейнерлерді хлораторлық қондырғыларға қосу, ажырату кезінде жұмыс аймағындағы ауаға хлораторлық газ тәріздес хлордың шығуына, сондай-ақ хлораторлық немесе хлорлы контейнерлерді тасымалдау кезінде авариялық жағдайлардың туындалуына және өршуіне негізделеді.

Адамға сарқыны сулардың әсер ету қауіптілігі қызмет көрсетуші және жөндеуші персоналдың технологиялық жабдық пен коммуникацияларды тазарту, жуу, жөндеу жүргізу кезінде сарқынды сулармен жанасуына негізделеді.

Адамға күкіртсутек және оның туындыларының әсер ету қауіптілігі өндірістік үй-жайлардың, құдықтардың, қабылдағын камералардың ауасына сарқынды сулардың құрамындағы органикалық қалдықтар мен ластардың шіру процесі өту кезінде күкіртсутек және оның туындыларының шығуына негізделеді.

10.8. Улану мүмкіндігін болдырмайтын талаптар:

-технологиялық режимнің нормаларын сақтау;

- уытты заттардың болуына ауа ортасын тексеру;

- желдетпенің белгіленген режимге сәйкес жұмыс істеуі;

- коммуникациялардың, аппараттардың жай-күйін тұрақты бақылау;

- газ, сұйықтық шығуларын уақтылы анықтау және дереу жою;

- арматура мен жабдықты жоспарлы-ескерту жөндеу;

- жеке қорғау құралдарын және арнайы киімді пайдалану.

10.9. Биологиялық факторлар әсер етуі кезінде қауіпсіздік талаптары.

БОС цехында биологиялық қауіпті факторларға сарқынды сулардағы, торлардың қалдықтарындағы, құмдағы, дымқыл шөгіндідегі, белсенді лайдағы, тығыздалдған лайдағы, минералданған шөгіндідегі, сорғытылған шөгіндідегі патогенді фикрофлора (патогенді микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, патогенді амебалар, ең қарапайымдылар, вирустар) жатады.

10.10. Биологиялық факторлар әсер етуін болдырмайтын талаптар:

-технологиялық режимнің нормаларын сақтау;

- коммуникациялардың, аппараттардың жай-күйін тұрақты бақылау;

- арматура мен жабдықты жоспарлы-ескерту жөндеу;

- жеке қорғау құралдарын және арнайы киімді пайдалану;

- технологиялық процесті ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау;

- қызметкерлердің жеке гигиенаны сақтауы.

10.11. Тұншығу қауіпі органикалық кеңістікке газдың, сондай-ақ микроорганизмдер тіршілік ету процесінде түзілетін газдардың шығу есебінен оттектің көлемдік үлесі азаюына байланысты. Ең жоғары қауіптілік аппараттарда, құдықтарда, қабылдағыштарда жұмыс істеу кезінде туындайды.

Тұншығу мүмкіндігін болдырмайтын талаптар:

- ауа ортасын уытты заттардың оттегінің болуына тексеру;

- бекітілген тізбеге сәйкес рұқсат құжатынсыз жүргізілетін газ қауіпті жұмыстарды есепке алу журналында жазылып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат құжатын ресімдеп жүргізілетін жұмыстарды қоспағанда, жабық ыдыстарда және қабылдағыштарда жұмыстар «Газ қауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі» нұсқаулыққа сай газ қауіпті жұмыстарға рұқсат құжаты ресімделіп жүргізіледі;

- газ қауіпті жұмыстарды атқару кезінде көзделген іс-шараларды қатаң орындау;

- коммуникациялардың, аппараттардың жай-күйін тұрақты зерттеу;

- газ шығуларын уақтылы анықтау және дереу жою;

- құдықтарды, қабылдағыштарды, арналарды жабық күйде ұстау.

Аппарат ауасында оттегінің көлемік үлесі 20% кезінде жұмыстарды ПШ-1 шлангтік газ тұтқышта жүргізу қажет.

10.12. Механикалық жарақаттану қауіпі. БОС цехында қозғалатын және айналатын механизмдер қолданылады, механикалық жарақаттану себебі болуы мүмкін көптеген өтпелі алаңшалар бар.

Механикалық жарақат алу мүмкіндігін болдырмайтын талаптар:

- қысымдағы құбарлардың және аппараттардың фланец қосылыстарындағы бұрнадаларрды қысып бұрауға тыйым салынады;

- иінтіректер арқылы арматураны ашуға-жабуға тыйым салынады;

- машиналар мен механизмдердің барлық айналатын және қозғалатын бөліктерінің сенімді бекітілген қоршаулары болуға тиіс (олар болмаған жағдайда іске қосуға тыйым салынады);

- айналып және қозғалып тұрған механизмдерді майлау мен жөндеуге тыйым салынады;

- жөндеу бойынша бүкіл жұмыс ауысым бастығының рұқсатымен рұқсат құжат болған кезде ғана жүргізілуі тиіс;

Сатылардың, қызмет көрсету алаңшаларының шарбақпен қоршаулары жарамды болуға тиіс;

- жұмыс орындардына жарамды жобалық жарықтандыру болуға тиіс;

- жарамды және тексерілген аспапты пайдалану қажет.

БОС цехында күштік электр жабдығының 6 кВ/0,4 кВ кернеуі пайдаланылады.

10.13. Электр жарақаттану мүмкіндігін болдырмайтын талаптар:

- электр қондырғыларының құрылғысы, оларды монтаждау «Электр қондырғыларын орнату қағидаларының» (ЭОҚ) талаптарына сәйкес келуге тиіс;

- электр қондырғыларына қызмет көрсету мен жөндеу «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану қағидаларына» (ТЭҚП) және «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде техника қауіпсіздігінің қағидаларына» (ТТҚ) қатаң түрде сәйкес келуге тиіс;

- найзағайдан қорғау бойынша І, ІІ, ІІІ санаттарға жатқызылған ғимараттар, құрылыстар мен сыртқы қондырғылар найзғайдың тіке түсуінен, оның екінші көріністерінен және жердегі мен жерасты металл консрукциялдар арқылы түсуінен қорғалуға тиіс;

10.14. Термикалық күю қауіпі. Термикалық күйіп қалу персоналдың оқшауланбаған құбырлармен жанасуы кезінде, сондай-ақ бу коммуникациялары және ыстық субар құбырлар жарылған кезде болады.

Термикалық күюді ескертетін талаптар:

- бу, конденсат құбырларын термооқшаулау;

- қолды қорғау құралдарын қолдану;

- қамыттар арқылы бу шлангтерін сенімді бекіту.

Аэротенктерге, тұдырғыштарға, қабылдағыш камерларға, құдықтарға қауіпсіз қызмет көрсету қағидаларын бұзған кезде қызмет көрсетуші персонал суға батып кетуі мүмкін.

10.15. Батып кету қауіпін болдырмайтын талаптар:

- аэротенктердегі өтпелі көпіршелер жарамды жай-күйде болуға тиіс;

- сорғы станцияларының қабылдағыш камераларында қоршау болуға тиіс;

- құдықтарда жеңілдетілдген қақпақтар, технологиялық схемаға сәйкес көрсетушілер болуға тиіс;

- тұндырғыштардың науаларын тазалау алаңшалар тұрып жүргізілуі тиіс;

- тұндырғыштардың жүріс бөлігі бойынша жүруге тыйым салынады.

10.16. Қолданылатын жабдық пен құбырлардың, олардың жауапты тораптарының әлеуетті негізгі қауіптері туралы мәліметтер және технологиялық жүйелердің авариялық ашылуын алдын алу шаралары.

Хлордың шығуына немесе ағуына әкелетін контейнерлердің, жабдықтың, құбырлардың және арматураның ашылу себебі:

- хлор шығарушы зауытта рұқсат еткен нормадан артық тиелген, газ фазасының болмауында сұйық хлор термикалық кеңею кезінде қысымның көтерілуінен контейнердің бұзылуы;

- хлор шығарушы зауытта сапасыз тексеру салдарынан контейнерлердің жапқыш арматураларының тозылуы;

- контейнердің тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде механикалық зақымдануы;

- газ тәріздес хлор құбырларының бұзылуы;

- жабдықтың, құбырлардың, арматураның немесе төсемдердің механикалық немесе тоттан тозуы.

Контейнерлердің, құбырлардың, арматураның ашылу қауіпті салдарының өршуін болдырмау үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

- жапқыш арматура жарамсыз болған кезде авариялық контейнерден хлорды шығаруға арналған құрылғыларды пайдалана отырып, контейнерден хлорды «шығару» жөнінде шаралар қабылданады;

- тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде контейнер механикалық зақымданған кезде ол ашылмастан зақымдалған контейнер дереу босатылуға жіберіледі, ал «Консоль» үлгісіндегі магниттік жабдықты пайдаланып тесікті жою шаралары қабылданады, БОС цехында контейнерлерден қабылдау кезінде оларды өлшеу жүргізіледі, норманы 1,0 т астам асырған жағдайда контейнер дереу тез шығарылуға жіберіледі.

Жабдықтың, құбырлардың және арматураның ашылуын болдырмау үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

- ППР кестесіне сәйкес негізгі техникалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу.

Авариялық қауіпсіздікті арттыратын хлораторларға қызмет көрсету жөніндегі іс-шаралар:

- хлоарторлар жұмысында бұзушылықтарды анықтау мақсатында ай сайын олардың сыртын қарау мен ластардан тазалау жүргізіледі;

- ауысымда кемінде екі рет және контейнерлерді ауыстырудың әрбір операциясынан кейін кослыстардың герметикалығы аммиак ерітіндісімен тексеріледі;

- айына бір рет хлораторларға тораптарды бөлшектеп, жуып және құрғатып, төсемдері мен мембраналарын ауыстырып профилактикалық қызмет көрсету жүргізіледі;

- алты айда бір рет хлораторларға толық бөлшектеп және барлық тораптары мен қосылыстарын тексеріп ағымдағы жөндеу жүргізіледі;

- жылына бір рет хлораторларды оны одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындай отырып техникалық куәландыру жүргізіледі.

Авариялық қауіпсіздікті арттыратын хлораторларға қызмет көрсету жөніндегі іс-шаралар:

- ай сайын хлор өткізгіштердің, фланецтік және бұрандалы қосылыстарының сыртын тексеру және қосылыстарды хлордың ағуына тексеру жүргізіледі;

- жылына бір рет хлор өткізгіштерге ағымдағы жөндеу жүргізіледі;

- төрт жылда бір рет хлор өткізгіштерге олардың беріктігі мен тығыздығын сынап, іріктеп тексеру жүргізіледі.

10.17. Гидрохимиялық техника қауіпсізгі және жазатайым жағдайларға ұшырау мүмкіндігі туралы әрдайым есте сақтау керек, әсіресе зертханашы ластанулардың қасиеттерімен таныс болмаса. Зертхананың әрбір жаңа қызметккері зертханада жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздік қағидаларымен таныстырылуы тиіс.

10.18. Гидрохимиялық және гидробиологиялық талдауды қауіпсіз жасау шарттары. Гидрохимиялық талдау жасау кезінде химиялық реактивтермен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтаған жөн, сондай-ақ әлеуетті патогенді организмдерді құрайтын белсенді тұнбамен жұмыс істеу кезінде антисептикалық сақтық шараларын орындау керек. Белсенді лайда дизентерия, полиомелит, А және В гепатиті сияқты өлім қауіпін тудыратын инфекциялық аурулардың қоздырғыштары кездеседі. Белсенді лайдың құрамында паразитарлық және құрт ауруларының қоздырғыштары болады.

Сынамалар алу қоршалған және таңбаланған алаңшалардан жүзеге асырылады;

Сынамалар алу орындары жеткілікті дәрежеде жарықтандырылуы тиіс, сынамалар алу алаңшаларында сырғанақ учаскелерді жою іс-шараларын ұдайы жүргізу қажет. Қауіпті жерлерде түнгі уақытта қызыл сигнал шамдары жанып тұруы тиіс.

Сынама алатын қызметкерде уланған, көзге және теріге химиялық заттар түскен кезде бірінші көмек көрсету үшін медициналық қобдиша, көз жуу үшін қайнатылған су қоры болуға тиіс.

Сарқынды сулармен жанасу мүмкіндігі бар жағдайларда жұмыс істейтін персонал жеке гигена қағидаларын қатаң түрде сақтауға тиіс. Сынама алу кезінде (аэротенктерде және тұндырғыштардың бетінде болатын және желмен ұшатын) көбіктің киімге, қолға, көзге түсуін болдырмау керек, өйткені көбікте паразиттердің, гельминттердің жұмыртқалары шоғырланады.

Профилактикалық сынама алатын қызметкер және белсенді лаймен жұмыс істейтін персонал гельминтке қарсы препараттар қабылдауға тиіс.

Сынамалар алынғаннан кейін қолды жуу құралымен мұқият жуу; қолды этил спиртінің 96% ерітіндісімен сүрту керек.

Зертханада белсенді лаймен жұмыс істеудің мынадай ерекшеліктері бар: ластанған заттармен жанасу (сарқынды сулар, белсенді лай); сілтімен және қышқылдармен жұмыс істеу кезінде күйіп қалу ықтималдығы, жарақат орны арқылы қанды жұқтыру ықтималдығы; жабдықпен жұмыс істеу кезінде (құрғатқыш шкаф, центрифугалар және т. б.) күйіп қалу және жарақат алу ықтималдығы.

Сондықтан белсенді лаймен жұмыс істеу кезінде қосымша сақтық шараларын сақтаған жөн:

- арнайы киімде жұмыс істеу;

- беттің және қолдың терісінің жай-күйін тексеру, жаралар мен тілімдерге йод жағу;

- сарқынды сулардың қолға, үстелдің бетіне, жабдыққа, киімге шашылуын болдырмау;

- резеңкелі қолғаптарды пайдалану, жұмыс орнын мұқият жинау және сүрту, жұмыстан кейін қолды спиртпен дезинфекциялау;

- әрбір су ішу және тамақтану алдында қолды дезинфекциялайтын сабынмен жуу;

- тамақты осы мақсатқа арнайы бөлінген үй-жайда ішу;

- белсенді лаймен жұмыс істеу кезінде қолды ерінге, мұрынға, көзге тигізбеу;

- сарқынды суларды немесе белсенді лайды пипеткамен алу кезінде пипетркаларды және микропепкаларды ауызға салмау, грушаларды пайдалану;

- қолданылған шынылы заттарды сабындап ыстық сумен уақтылы жуу.

Зертханадан қоршаған ортаға жұқпалы әлеуетті материалдың шашырауына қарсы шаралар: сарқынды сулармен, белсенді лаймен жұмыс істеу кезінде қолданылатын сүзгіш қағаз бен мақта кәдеге жарату алдында арнай герметикалық ыдысты сақталуға, құрғатқыш шкафта бір сағат бойы 105 °С стерильденуге тиіс.

11. Қосымшалар

1-қосымша

Белсенді лайды мутагендік өңдеу

Белсенді лайдың қанағаттанарлық әрекетін қамтамасыз ету, аэротенктерде оның ісінуін және жақсы қышқылдатқыш қасиеттерін ұстау үшін лайды химиялық мутагендермен ұдайы үш айда бір реттен сирек емес өңдеу қажет. Мутагенез – белсенді лайдың бактерияларында мутациялық өзгермелікті басқарудың тиімді әдісі, ол гетертрофтық микрофлораның генетикалық аппаратына қатты ширықтырып әсер ету жолымен бактериялық таралымның жаңа модификацияларын жасауға мүмкіндік береді. Белсенді лайда неше түрлі генетикалық материал бар, оны индуциялау гетертрофтық микрофлораның сан алуан генетикалық түрлерін алуға мүмкіндік береді, бұл ретте осылайша алынған бактериялардың индуцияланған түрлері әдеттегі аборигенді бактериялар төзімді болмаған ортаның сол экологиялық параметрлеріне сәйкес келетін болады. Химиялық мутагендермен өңдеу нәтижесінде белсенді лайда субстраттардың, тосиканттардың жоғары құрамына бейімделген бактериялар, әртүрлі ферменттерді синтездеудің және биомассасын көбейтудің белсенді қабілетіне ие бактериялар қалыптасады. Гетертрофтық бактериялардың осындай таралымы аллохтонды, патогенді, сондай-ақ жіпшелі бактериялардың өршуін бәскелестікпен басу қасиеттеріне ие болады. Мутагендермен өңдегеннен кейін белсенді лайдың биоцнозінің ауысуы сарқынды сулардың берілген құрамына бейімденген бағытта болады және құрамдағы ластаушы заттардың бұзылуы үшін қажетті барлық ферменттік қасиеттерді қамтитын микрофлораны білдіреді. Белсенді лай өңделгеннен кейін өзінің седиментациялық қасиеттерін жақсартады. Лайдың индуцияланған белсендігі ластаушы заттарды алу жылдамдығын және тереңдігін ұлғайтудың тиімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Белсенді лайдың қасиеттерін жақсарту үшін химиялық мутагенез әдістерін қолдану (флокул түзілу, өсім, тосиканттарға төзімділік, ылғал шығару қасиеттері және т. б.) белсенді лайдың тұқымдық әртүрлігін елеулі көтеруге және биологиялық тазарту сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік жасайды. Химиялық мутагендер жаңа, сирек кездесетін пайдалы мутациялардың пайда болуына жәрдемдеседі, олар физиологиялық атап айтқанда, лайдың ферментативтік белсенділігі көтерілуінен, оның қолайсыз факторларға төзімділігі арттыруларынан көрініс табады. Мутация нәтижесінде субстратты қышқылдатуға қабілетті, қалыпты лай ыдырата алмайтын әбден жаңа ферменттер пайда болуы мүмкін.

Супермутагендер мынадай артықшылыққа ие: оларды қолдану кезінде мутациялардың шығуы басым және тазарту сапасын елеулі жақсартуға болады. Супермутагенттерге жатады: N-нитрозоалкилмочевина, этилениминдер және диалкилсульфаттар. «Көріністі мутациялардың жиілігі және спектрі» өлшемі бойынша ЭМС (этилметансульфонат), НЭМ (N-нитрозо-N-этилмочевина), НММ (N-нитрозо-N-метилмочевина), ЭИ (этиленимин) сияқты химиялық қосылыстар неғұрлым тиімді болып табылады. Бұл мутагендер иондаушы сәулелер - гамма немесе рентген сәулерліне қарағанда мутациялардың едәуір көп индуциялайды.

Бірақ белсенді лайды супермутагенттермен де, сондай-ақ әдеттегі мутагенттермен де өңдеуге болады, олар қалыпты химиялық қосылыстарда кеңінен таралған (1.1.-кесте).

1-кесте. Белсенді лайды өңдеу үшін химиялық мутагендер ретінде қолданылатын химиялық заттар

Химиялық мутагендер

Зертханалық өңдеу кезінде лай қоспасындағы ұсынылатын пайыздық шоғырлану

Супермутагендер

N-нитрозо-N-метилмочевина

0,06–0,08

N-нитрозо-N-этилмочевина

0,02–0,08

Мутагендер

Янтарь қышқылы

0,08

Лимон қышқылы

0,08

MnSO4

1

CuSO4

1

(NH4)2Cr2O7

1

Zn(NO3)2

1

Карбол қышқылы

0,5

Лайды өңдеуге арналған мутаген шоғырлануы 1.1.-кестеде көрсетілгеннен көп емес өте аз болуға тиіс, олай болмаған жағдайда мутаген токсикант сияқты әсер етеді және белсенді лайдағы микроорганизмдер селекциясының тиімділігі байқалмайды. Егер патогенді микрофлораның қарқындау қауіпі болса, белсенді лайды алдын ала биомицинмен, стрептомицинмен және басқа да антибиотиктермен олар лай қоспасының құрамында 0,02–0,08% болған кезде өңдеуге болады.

Мутагендер мен антибиотиктердің барлық ерітінділері тазартылған суда дайындалады және шоғырланған түрде лай қоспасына қажетті есептік мөлшерде қосылады.

Белсенді лайды химиялық мутагендермен өңдеу жөніндегі негізгі ұсынымдар:

1. Супермутагенттермен жұмыс істеу кезінде уытты, ащы, жеңіл жанатын, химиялық зиянды заттармен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігінің талаптарын сақтау қажет (қолғаптарда, маскада, шкафта сору желдетпе бар шкафта жұмыс істеу, барлық пайдаланған ыдысты сілтімен өңдеу және т. б.).

2. Жағымсыз мутациялардың пайда болу мүмкіндігін толық болдырмау үшін аэротенктердегі және регенарторлардағы белсенді лайдың шамалы бөлігі жалпы көлемінің 0,00001% өңделуге жатады. Іс жүзінде зертханалық жағдайларда 25 дм3 аспайтын белсенді лай өңделеді.

3. Әдетте өңдеу үшін 20–25 дм3 қайтымды лай алынады, ол тұндырылады және тұндырылғаннан кейін 10 дм3 дейін қоюлатылады, оның шоғырлануы өңдеу алдында 4–6 г/дм3 құрауға тиіс. Қоюлатылған лай қоспасы кез келген ашық ыдыста сору желдетпесі бар шкафқа қойылады және аквариумдық микрокомпрессорда үздіксіз аэриленеді. Белсенді лай өңделгенге дейін қоректендірілмейді.

4. Мутагеннің тұрмыстық сарқынды суларда болуы мүмкін холера вибрионына белсенді әсер етуін болдырмау үшін лай қоспасының рН тұз қышқылы арқылы 5,8 дейін жеткізіледі және екі сағат бойы аэрирленеді, одан кейін рН үздіксіз аэрациялау кезінде 2%-дық сілті КОН ерітіндісімен 7,5 дейін жеткізіледі.

5. Белсенді лайға оңтайлы шоғырланудағы мутаген қосылады және қоспа 18–24 сағат бойы аэрирленеді.

6. Экспозицияның қажетті уақыты өткеннен кейін, супермутагендер (мысалы, N-нитрозометилмочевина немесе нитрозоалкилмочевина) пайдаланылса, мутаген 2%-дық КОН ерітіндісімен бұзылады, рН сорғыш шкафта 9,0 дейін жеткізіледі, диазометан көпіршіктерін шығуын тоқтатқаннан кейін (газды иіскемеу), рН тұз қышқылының ерітіндісімен 7,5 дейін жеткізіледі.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35