Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Сынамалар алу кезінде пайдаланылған барлық ластанған ыдысты сынамаға дайындау және талдау жүргізу процесінде 1 сағат бойы қайнату арқылы стерилдендіреді немесе 1 сағат бойы 160  С кезінде құрғатқыш шкафта стерильдейді (мералықты қоспағанда) немесе 15 минут бойы 121 ºС және 1,05 кг/см2 қысымы кезінде автоклавта (мералықты қоспағанда) ұстайды. Шыныны, полиропиленді және тефлонды автоклавтауға болады.

Химиялық ерітінділердің қалдықтарын жинауға, қышқылдар, сілтілер және т. б. ерітінділерін дайындауға арналған қатты ластанған ыдысты жуу үшін хром қоспасын пайдалануға болады. Қышқыл ерітіндісіндегі хром қышқыл тұздары күшті қышқылдатқыштар болып табылады. Хром қоспасын дайындау үшін шоғырланған күкірт қышқылына ұнтақ етіп үгетілген 5% кристалды екі хромды калий қышқылы қосады және суға салынған фарфордан жасалған шынылы тостағанда ол ерігенге дейін абайлап қыздырады. Хром қоспасын дайындау үшін екі хромды нартий қышқылын де қолдануға болады, оны суда ерітеді, содан кейін ерітіндіге абайлап күкірт қышқылын қосады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Қоспаны мына есеппен жасайды:

су........................... 100 см3

екі хромды натрий қышқылы ……………..6 г

күкірт қышқылы…………………………..100 см3

Хром қоспасын дайындау кезінде бихромат натрийдің еруі үшін су салып абайлап қыздыру рәсімін алып тастауға болмайды. Хром қоспасымен жуу кезінде ыдысты алдымен сумен шаяды, одан кейін сәл қыздырылған хром қоспасын ыдыс көлемінің 1/3-1/4 дейін құяды, оның ішкі жақтарын абайлап және баяулап сулайды. Бұдан соң хром қоспасын ол сақталған сол ыдысқа қайтадан құяды, бұл ретте онымен ыдыстың суланбаған бөліктерін және неғұрлым ластанған шеттерін сулауға тырысады. Барлық сұйықтық құйып алған соң ыдысты бірнеше минут қалдырады, сосын оны алдымен су құбырының суымен, одан кейін тазартылған сумен жуады. Қатты ластанған ыдысты хром қоспасымен бірнеше рет жуады. Бәрінен бұрын колбалардың мойындарындағы ластанулар әзер жуылады. Оларды жуу үшін хром қоспасын стақанға құяды, оған сәл қыздырылған колбаның мойнын түсіреді, колба суығаннан кейін сұйықтық оның ішіне көтеріледі. Бір-екі минуттан кейін колбаны алады, хром қоспасын ағызады, сосын колбаны сумен жуады.

Хром қоспасы ұзақ уақыт бойы қызмет етеді, бірақ көптеп пайдаланғаннан кейін түсі өзгереді, бұл оның жуу үшін жарамсыздығын білдіреді.

Хром қоспасы тері мен киімге қатты әсер етеді, сондықтан оны абайлап пайланған жөн. Тәжірибесі жоқ қызметкерлер пипеткерлер мен түтікшелерді жуу кезінде оларға хром қоспасын ауызбен алады. Бұл ретте хром қоспасы ауыз қуысын күйдіреді және тістерді бүлдіреді. Хром қоспасы пипеткаға резеңкелі грушамен алған жөн.

Сондай-ақ хром қоспасымен пипеткаларды, бюреткалады және өзге де сол солар сияқты түтікшелерді қалың цилиндрде оның ортасынан астам ұзындығына түтікшелерді батырып жуу қолайлы. Цилиндрге жууға жататын түтікшелерді салады және оның жоғарғы шетіне дейін хром қоспасын құяды. Белігілі бір мерзім өткен соң түтікшелерді алады және цилиндрге екінші шеттерімен салады.

Егер ыдыс парафинмен, керосинмен, балауызбен, минералды майлармен және мұнай айдау өнімдерімен ластанса, хром қоспасын қолданбайды. Мұндай жағдайларда ыдысты бумен жуады.

Хром қоспасына спирт – этил және метил қоспаларының түсуін болдырмау керек. Осының нәтижесінде ерітінді жасыл түске ие болады және одан әрі қолдануға жарамсыз болады. Егер ыдыс барий тұздарымен ластанса, оны құрамында күкірт қышқылы бар хром қоспасымен жууға болмайды, өйткені түзілетін күкірт қышқылынан барий ыдысының жақтарында ауыр кетірілетін шөгінді пайда болады.

Хром қоспасын сәл қызыдырлған түрінде (40-50 С дейін) қолданған қолайлы, сол кезде оның әсері күшті болады. Хром қоспасының бірнеше мөлшерін колбаға құйып алып хром қоспасын қыздыруға болады, оны ыстық суға салып қыздырады; сондай-ақ жуылатын затты алдын ала сумен шаюға болады. Егер хром қоспасы қолға немесе киімге түссе, онда оларды ең алдымен көп мөлшердегі сумен жуу, содан кейін сода немесе аммиак ерітіндісімен жуу керек.

Жуу үшін қоспаны сәл қыздырылған ыдысқа (өлшейтін ыдысты жылытуға болмайды) құяды немесе қоспаны 30–40 ºС температуға дейін қыздырады. Ыдыстың жақтарын қоспамен жуады, одан кейін сол сақталған ыдысқа қайтадан пайдалану үшін құяды. Сосын әдеттегідей сумен жуады.

9.20. Ыдысты құрғату. Мынадай: а) суықпен құрғату (қыздырусыз) әдістерін; б) ыстықпен құрғату (қыздырып) әдісін айырады.

Ыдысты суықпен құрғатудың неғұрлым кеңінен таралған тәсілі – қысқа қазықтарда құрғату. Қысқа қазықтарда құрғтаудың кемшілігі ыдыстың ластану мүмкіндігі болып табылады. Сондықтан зертханалар үшін ыдыстың тазалығы өте маңызды шарттың болуына орай оларда құрғатуға арналған үстелдерді пайдаланған дұрыс болады. Бұл әдеттегі үстел, оның қақпағында әртүрлі диаметердегі дөңгелек тесіктер (ұяшықтар) жасалады. Жуылған ыдысты осы ұяшықтарға немесе тиісті диаметрдегі ұяшықтың үстінен төңкеріп қояды. Осылайша ыдыстың ішкі жағы ластанбайды. Судың еденге ағылмауы үшін үстелдің қақпағының астынан бірнеше қашықтықта қаңылтырдан жасалған жайпақ құйғыш орнатады. Оның ортасында науа орнатылады.

9.21. Қыздыру кезіндегі құрғату әдістері. Ыдысты құрғатқыш шкафта да тез құрғатуға болады. Әдетте құрғатқыш шкафқа суды кетіру үшін ыдысты біраз уақыт төңкеріп қойғанан кейін оны қояды. Құрғатқыш шкафтың сөресіне таза сүзгіш қағаздың кесегін қойған жөн. Ыдысты құрғатқыш шкафта құрғату кезінде оның түбін жоғары қаратып қоюға болмайды, өйткені ол су буларының ұшуын бәсеңдетеді. Құрғатқыш шкафта құрғатқан соң ыдыс бірден қолданылмадйы, оны суыту қажет. Биотестілеуге арналған ыдысты 160 °С құрғатады. Мұндай стерилизациялау биотестілеу үшін пайдаланылатын антагонист тесторганизмдердің бактериялар (себінді) мен зерттелетін сынамаларға жұғуын болдырмау үшін қажет.

Химиялық таза ыдысты шынылы тығыз тығындағышпен немесе бұралатын қақпақтармен шаңнан қорғалған зертханалық үстелдің жәшіктерінде жабық түрде сақтайды.

Сынама алғыштарды жуу рәсіміне ерекше назар аударған жөн, өйткені бұл рәсім зертханалардың басым көпшілігінде өте жиі нашар орындалады. Егер сынамалар толтырылатын ыдыс алдын ала жуылып дайындалса, онда сынама алғыштар сынамалар алу нүктелерінде немесе зертхананың бір үй-жайында кезекті алғанға дейін сақталады және алу алдында әдетте тазаланбайды және жуылмайды. Барлық сынама алғыштар бір рет пайдаланылғаннан кейін химиялық ыдысты өңдеуге қойылатын тааптарға сәйкес өңделуге тиіс.

Сынамалар алу үшін бірнеше мұқият жуылған және алуға дайындалған шынылы сауыттар пайдаланылады, олар алдын ала кальций содасымен тазаланады, сумен, 10%-дық, тұз, азот қышқылымен және сутегінің тотығымен жуылады. Қатты ластанған сынама алғыштар кемінде бір тәулік азот немесе тұз қышықылдарымен өңделеді және ұсталады 1 моль/дм3). Содан кейін су құбырының суымен көптеп шайылады; тазартылған сумен мұқият (2-3 есе) шайылады. Тазартылған суды су құбырының суында болатын тұздарды кетіру үшін пайдаланады, су құбырының суы жиі қатты ластанады.

Сынама алғыштар құрғатқыш шкафта екі сағат бойы 105 °С құрғатылады, сосын суытылады.

Элементтердің іздерін анықтауға арналған ыдысқа ерекше тәсіл керек.

Сынамалар алу мен сақтауға арналған ыдыстың дұрыстығын тексеру үшін бос (холостые) сынамаларды іріктеу, консервілеу, сақтау және талдау қажет.

Судың құрамындағы неғұрлым жоғары шоғырлануы бар сынамалар сақталған ыдысты кейіннен онда неғұрлым төмен шоғырлануы бар сынамаларды анықтау үшін пайдалануға болмайды (тазартуға түсетін және тазартылған сарқынды суларға арналған ыдысты бөлу және жазып қою қажет).

9.22. Жаңа ыдысты дайындау. Жаңа шынылы ыдысты пайдалану кезінде оны ас содасының ерітіндісіне салып қойған жөн, одан кейін шамалы көбіктену қабілеті бар биологиялық жұмсақ зат жуатын ерітінділермен кранның суымен, тазартылған сумен мұқият жуу керек. Құрғату, суыту.

9.23. Қолданылған ыдысты дайындау. Жеңіл ерімейтін қосылыстарды кетіру үшін ыдыс алдын ала суға салынады, шөгінділерден механикалық тазаланады, сосын жылы сумен жуылады.

Ыдыс хром қоспасымен, жуу құралдарының ерітіндісімен немесе шоғырланған күкірт қышқылымен (анықталатын элементтерге қарай) өңделеді. Хром қоспасын ыдыс көлемінің 1/3 немесе ¼ дейін құяды және жұқа қабатпен баяулап және абайлап жуады. Ыдысты хром қоспасымен бірнеше минут ұстап тұруға болады. Бұдан кейін хром қоспасы сақтау мен қайтадан пайдалану үшін ыдысқа құйылады. Ыдыс су құбырының суымен мұқият шайылады, тазартылған сумен мұқият шайылады.

Органикалық заттардың шоғырлануын анықтау үшін шынылы сыйымдықтарды ғана (мөлдір емес, қолайлысы қоңыр түс шыныдан жасалған күңгірттелген) қолданған жөн. Сыйымдылықтарды жуу құраларының ерітіндісімен жуған, сумен шайған, тазартылған сумен шайған, құрғатқыш шкафта 105 °С температурасымен екі сағат бойы құрғатқан, суытқан жөн.

9.24. Органикалық қосылыстардың іздерін анықтауға арналған ыдысты дайындау.

Органикалық қосылыстардың іздерін анықтауға қолданылатын шынылы бөтелкелерді органикалық емес заттармен ғана тазалау. Егер із мөлшері сығындау жолымен анықталса, шынылы бөтелкелерді экстрагентпен өңделеді. Мұндай жағдайларда шынылы ыдысты тазалаудың қалыпты әдістері пайдаланылады, құрғатылады, суытылады, ерітіндімен шайылады.

9.25. Мұнай өнімдері мен майларды анықтауға арналған ыдысты дайындау.

Пластиктен жасалған ыдысты мұнай өнімдері мен майларды анықтау үшін пайдалануға болмайды. Ыдыс ацетонмен, тұз қышқылымен (1 моль/дм3') шайылады, бір күн бойы құрғатылады. Одан кейін су құбырының суымен мұқият жуылады, тазартылған сумен мұқият шайылады, жасалатын өлшемдер әдістемесі бойынша қолданылатын ерітіндімен шайылады, құрғатылады.

9.26. Тығындағыштар мен қақпақтарды өңдеу. Тығындағыштарды таңдау кезінде резеңкелі тығындағыштар органикалық заттарды анықтау үшін сәйкес келмейтінін ескерген жөн, сондықтан ОБТ, ОХТ, мұнай өнімдері мен майларды анықтау кезінде резеңкелі тығындағыштарды қолданбаған жөн.

Шынылы және пластмасса тығындағыштарды қолдану шарттары да осы материалдардан жасалған ыдыстарға сияқты болады.

9.27. Резеңкелі тығындағыштарды өңдеу. Тығындағыштарды 20-30 минут бойы 5%-дық тұз қышқылының ерітіндісінде қайнатады, содан соң 20%-дық NaOH ерітіндісінде қайнатады, су құбырының суымен мұқият жуады, тазартылған сумен мұқият жуады, құрғатады, суытады, қақпағы бар шынылы банкада сақтайды.

9.28. Гидробиологиялық талдауға арналған ыдысты өңдеу. Есептік камераларды, стандартты заттық және жабынды шыныларды қолдану алдында майсыздандыру қажет, ол үшін ұсынылып отырған тәсілдердің біреуі пайдаланылады:

а) шыныларды шоғырланған күкірт қышқылына батырады және бір тәулік бойы ұстайды; бұдан кейін оларды су құбырының суымен мұқият жуады, тазартылған сумен шаяды, 96° этил спиртін құяды және оны қолданғанға дейін сақтайды;

б) шыныларды хром қоспасына 2-3 тәулікке батырады, одан кейін су құбырының суымен мұқият жуады және тазартылған сумен шаяды, құрғатады, құрғақ түрінде немесе этил спиртінде сақтайды;

в) шыныларды иммерсиялық майдан кейін 3-5 тәулікке шоғырланған кальций содасының ерітіндісіне батырады, бұдан кейін оларды су құбырының суымен мұқият жуады, тазартылған сумен және 96° этил спиртімен шаяды, құрғақ түрінде немесе этил спиртінде сақтайды.

Қолданылмаған жабынды шыныларды спирт пен эфирдің тең бөліктерінің қоспасымен (Никифоров қоспасы) өңдейді, осындай қоспамен микроскоптың ашық оптикалық бөліктерін ұдайы өңдеген жөн. Қолдану алдында жабынды және заттық шыныларды жұмсақ сүлгімен сүртеді.

Шынының беті әбден таза болуға тиіс. Шыныға түскен судың тамшысы одан ұсақ тамшылар жинақталмай біркелкі ағуы тиіс, жинақталуы шынының майланғанын білдіреді.

9.29. Бюкстарды, тигльдер мен эксикаторларды дайындау. Тигльдердің термотөзімділігін муфельдік пеште 600 °С температурада 30 минут бойы қыздырып тексеру қаажет. Жуылған тигльдерді нөмірлеу, құрғатқыш шкафта 105–115 °С температурада екі сағат бойы құрғату керек. Бұдан кейін тигльдерді, бюкстерді 30 минут бойы суыту үшін эксикаторға апарады, одан кейін олар 0,0001г. дәлдігімен өлшенеді. Бұдан соң құрғатқыш шкафқа 30 минут қайтадан қояды. Суыту мен өлшеу қайталанады. Тигльдер мен бюкстер тұрақты массасына жеткізілді деп есептелінеді, егер екі соңғы өлшеулердің айырмашылығы 0,0001г. аспаса.

Эксикаторды дайындау үшін оның төменгі бөлігін жаңа қыздыртылған кальций хлоридімен толтыру қажет. Операция айында кемінде рет қайталанады. Эксикатордың тегістелген бетіне вазелиннің жұқа қабатын жағу керек.

9.30. Ыдыс тазалығын іріктеп бақылау және оның тазалығы үшін жауапкершілік. Сынамалар алуға қолданылатын сынама алғыштарды және ыдысты іріктеп бақылау сапаға жауапты тұлғаның басшылығымен зертханада жүргізіледі. Осындай бақылаудың рәсімі жазылуы тиіс. Әрбір оныншы, жиырмасыншы немесе елуінші сыйымдылықты немесе сынама алғышты тексереді. Бақылау жиілігі зертханада алынатын нәтиженің орнықтылығына байланысты. Іріктеп алған сыйымдылық көлемінің 2/3 тазартылған сумен толтырады, мұқият қолмен сілкейді және тазартылған судың құрамындағы ластаушы заттарды тексереді. Егер көрсетілген заттардың құрамы МЕМСТ-те көрсетілген нормалардан аспаған жағдайда, ыдыстың тазалығы қанағаттанарлық деп танылады.

Ыдыстың тазалығы үшін осы жұмыстарды үзеге асыратын зертхана жауапты болады.

Сынамалар алу үшін ыдысты дайындау және таза ыдысты беру фактісі арнайы журналда тіркеледі.

Егер ыдысты ластайтын қалдық нығыз болса, оны жою үшін механикалық тазартуды (қыл шөткелер және т. б.) қолдануға болады.

9.31. Сарқынды суларды алу рәсімі. Сынамалар алу тәртібі осы кәсіпорын белгіленген және мемлекеттік бақылаушы органмен келісілген нормалайтын көрсеткішткердің тізбесімен айқындалатын зертханалық және технологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес айқындалады.

Сынамалар алуды сынама алатын қызметкер жүргізеді, ол сынамалар алу әдіснамасы үшін (дайындық жұмыстар, сынамалар алу, сынамалардың гомогенизациясы, сынамаларды жеткізу, олардың сақталуы, сынамалар алуға құжаттар ресімдеу), сондай-ақ техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитария қағидаларының сақталуы үшін жауапты болады.

Су бұру жүйесінің кәсіпорын-абоненттерінде бақылаушы органдар, Қызмет берушінің өкілдері немесе талдамалы өлшемдер жасауға арналған шартты орындаушы сынамалар алған кезінде, сынама алу Тұтынушының жауапты өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

9.32. Жоспарлы тексеру кезінде тазартқыш құрылыстарда сынамалар алудың жалпы қағидалары. Жоспарлы тексеру кезінде сынамалар алу нүктелері барынша азайтылуы тиіс, атап айтқанда:

1) арнаға түсетін су, торлардың алдында немесе кейін, құм ұстағыштардың алдында немесе кейін;

2) бастапқы тұдырғыштардың алдындағы және одан кейін науа немесе құрамалы арна;

3) аэротенкерден кейінгі құрамалы арна;

4) екінші тұндырғыштардан кейін;

5) түйіспелі резервуардан кейін;

6) су айдынына түсіру.

Қалалық тазартқыш құрылдыстардағы сарқынды суларды жоспарлы текскеру кетесі 2-қосымшада келтірілген.

Әрбір сағат сайын алынатын орта тәуліктік сынама бойынша жоспарлы тексеру әрбір он күн сайын жүргізіледі. Жоспарлы тексерудің әрбір нүктесінің қоршауы болады, бояумен белгіленеді, қараңғы уақыт кезінде жарық беріледі, құм себіледі, қыс кезеңінде мұздан тазартылады. Сынамалар қалқып шығатын заттардың деңгейінен төмен тереңдіктен әдетте 0,5 м. тереңдіктен алынады. Сынаманың ластану тәуекелін барынша азайту үшін сынама алғышты қолданудан бұрын алынатын сарқынды сумен шаюға болады. Егер сынама детергенттердің құрамына талданса, сынама алғыштың жуылғаннан кейін мұқият шайылуына ерекше мән беру керек. Сынамалар алуға арналған жабдықты шаюға болмайды, егер ол одан кейін талдау нәтижесіне әсер ететін болса (мысалы, егер мұнай өнімдеріне, майларға талдау немесе микробиологиялық талдау жүргізілсе).

Банкаларды су сынамаларымен толтыру дәрежесі сынамаларды тасымалдау мен сақтау кезінде сынама құрамының өзгеруіне әсер етуі мүмкін. Ыдысты судың сынамасымен жеткілікті мөлшерде толтырмау тасымалдау кезінде қатты сілкінсе:

1) агрегаттардың сынуына, салымды заттардың ұсақталуына;

2)газ фазасымен өзара әсерлесу себебінен ұшпа фракциялардың жоғалуына;

3)заттардың қышқылдануына және осы себептен ауыр металл қосылыстарының шөгінуіне (мысалы, қышқыл темірдің түзілуі);

4)сынамадағы органикалық заттардың бұзылуына алып келуі мүмкін.

Бөтелкелерді суды тығындағышқа дейін толтырып құю тығындағыш астында ауа мен оттегінің болмауына жағдайлар жасайды, тасымалдау кезінде ыдыстағы сұйықтың шайқалуын азайтады, ол:

1) оттегінің жетіспеушілігінен кейбір ластаушы заттар мен қосылыстардың қалпына келуіне және метаболиттердің түзілу есебінен уыттылықтың күшеюіне (әсіресе нитриттер, СПАВ, сульфидтер болған кезде сарқынды сулардың уыттылығын айқындау үшін, күкірсутегін, оттегін және басқа да газдарды химиялық талдау кезінде маңызды);

2) жалпы көлемді сілку немесе шайқау кезінде гомогенизацияның нашарлауына (кейбір бақылаушы анықтамалар үшін гомогенизация керек, ал басқалары үшін керек емес) алып келуі мүмкін. Гомогенизация қосарлас алу кезінде жалпы сыйымдылықтан үлгі сынамасын алу қажет. Химиялық талдауға сынамалар алу кезінде алынған суға консерванттар қосылғаннан кейін сынамаларды мұқият араластыру қажет.

Әдетте шынылы сауыттар сынамамен тығындағышқа дейін толтырылады. Тығыздағыш астында ауаның болмауы тасымалдау кезінде ыдыстағы сұйықтың шайқалуын азайтады (әсіресе СПАВ, сульфидтер күкіртсутегін, оттегін және басқа да газдарды анықтау кезінде маңызды).

Одан әрі сынаманы мұздату қажеттілігі болған жағдайда, бөтелкені оның жарылуын болдырмау үшін толтырып құю керек емес. Егер сынамаларды тұндыру, центрифугалау немесе сүзу талап етілсе, онда бұл рәсімдер мұздату алдында өтілуі тиіс.

9.33. Сынаманың гомогенизациясын жүзеге асыру. Сарқынды суға сынама консерванттарын қосқаннан кейін мұқият араластыру қажет. Жазғы кезде 3 °С температура кезінде жалпы сыйымдылықтан алынған орта тәуліктік сынаманың алынатын барлық уақыты ішінде сақталуын қамтамасыз ету.

Орта тәуліктік сынамаларды бояумен белгіленген (түсетін – қара, мөлдірленген – көкшіл, тазартылған –жасыл, түйіспелі резервуардан кейін - қызыл) 20–300 см3 бөтелкелерге алады. Барлық бөтелкелер мұздатқышта келесі таңға дейін 4 ºС температурада сақталады (сынама алынуының басталуы таңертеңгі сағат 8, аяқталуы келесі таңертең сағат 7). Таңертең барлық бөтелкелерді алады, сынамалар қасиетін бағалайды (түсуі, шөгінуі және т. б.), 5-6 литрлік бөтелкерлерге құяды, гомогенизациялайды және талдауға құяды.

Біржолғы сынамаларды алу күні алады, бұл сынамалар мыналарға талданады: бактериялогиялық, мұнай өнідері, майлар, оттек, қалдық хлор, лай индексі, белсенді лай.

Орта тәуліктік сынаманы екі күн ішінде талдауға болады, егер жұмыс істейтін химиктердің саны шектеулі болса. Бірінші күннің талдауы: ерітілген оттек, салымды, шөгінуші азот түрлері, ОБТ, бактериялогиялық талдау, сульфаттар және бүкіл құрамында күкірт барлар.

Екінші күннің талдауы: хлоридтер, металдар, ОХТ.

Айына бір рет шөгінділер бақыланады. Құм ұстағыштардан орташа сынама құм ұстағыштардан шөгіндіні шығару кезінде алынатын төрт біржолғы сынамалардан құрылады. Дымқыл шөгінді бірінші тұндырғыштардан шөгіндіні шығару кезінде орташа (3-қосымша).

9.34. Құм ұстағыштардан шөгіндінің сынамаларын алу. Құм ұстағыштардың шөгіндісі жұмыс істеу кезінде инфекциялық ауруларды және гельминттерді жұқтыру көзқарасынан ең қауіпті болып табылады. Сынамалар алу және құм ұстағыштардан алынған құммен, дымқыл шөгіндімен, белсенді лаймен жұмыс істеу кезінде резеңкелі қолғап киген және гигиена мен антисептик қағидаларын бұлжытпай сақтаған жөн: қолды жуу және оны хлорамин ерітіндісімен өңдеу, химиялық үстелдерді, пайдаланатын жабдықты антисептикалық өңдеу, ыдысты мұқият жуу және автоклавта өңдеу.

Құм ұстағышатардан шөгінді сынамасын гидроэлеватордың шүмегінен немесе шөгіндіні тиеу кезінде құм арнасынан тікелей алуға жол берілмейді. Осылай алу кезінде шөгінді сапасының орташаланған қасиеттерін алу қиынға соғады. Сынамаларға құм берілетін бункерден (егер ол болса) алынады. Құм ұстағыштардан құмның кезекті порциясын тиегеннен және артық су ағызылғаннан кейін, 5-6 әртүрлі учаскелерден, 15-20 см тереңдіктен шөмішпен немесе бұрама тәрізді сүңгімен (тең порцияларды алу мүмкіндік береді) массасы 800 гр. немесе көлемі 800 см3 бірлі-жарым сынамалар алынады. Шөгіндінің біріктірілген сынамасының көлемі 10 кг. құрауға, сұйық сынаманың көлемі 10 дм3 тиіс.

Егер бункер болмаса, құм ұстағыштардан құмның дұрыс алынуын қамтамасыз ету үшін шеткі қабырғаларында шиберлері бар 5х1м мөлшеріндегі ағаштан қорап жасау қажет. Қораптың шибералары ашылған кезде жиналған құм еркін түседі. Цемент араластыру үшін пайдаланылатын металл қорабын қолдануға болады. Қорап аяқтарға ( құм ұстағыштың немесе құм алаңшасында тікелей) орнатылуға тиіс, бұл одан шөгіндіні арту кезінде болатын артық судың ағылуын қамтамасыз етеді. Мұндай рәсім (шөгіндіні артық судван айыру) өлшенетін шөгіндінің ылғалдылығының нәтижесіне әсер етпейді, өйткені ылғалды құмның бөлшектерінде жиналған органикалық заттармен нық байланысқан су айқындайды, сондықтан шөгіндіден еркін ағуға қабілетсіз. Осындай қорапқа құм ұстағыштардан шөгіндіні арту жүзеге асырылады және артық су ағылған соң сынамалар букенрден алған сияқты алынады.

Зертханада шөгіндінің сынамаларын көлемі 20 дм3 астам сыйымдылықта шөмішпен мұқият араластырады. Содан кейін араластырылған сынамадан бөтен механикалық енгізілдендерге жататын материалдарды (тастар, шыны, бұтақтар) алып тастайды. Егер шөгінді сусымалы масса түрінде болса, оны клеенкаға төгеді, мұқият араластырады, 1,5-2 есе өлшеп азайтады (қысқартады), төрт бөлікке бөледі, екі қарама-қарсы бөліктерді шығарып тастайды, ал қалған екеуін араластырады. Өлшеп азайтқаннан кейін шөгіндіні 6-9 квадратқа бөледі, ортасынан шамамен бірдей шөгіндіні алады және қабат қалыңдығын барлығы қармау қамтамасыз етіледі. Массасы 3 кг сынама талдауға жіберіледі.

Егер шөгінді сұйық масса түрінде болса, оны көлемі астам сыйымдылықта мұқият араластырады және талдауға 2,5–3,0 дм3 алынады.

9.35. Дымқыл шөгіндінің сынамаларын бірінші және екінші тұндырғыштардан алу. Біржолғы сынамалар алу тағайындалған күні тәулік ішінде шөгінді әрбір артқан сайын алынады. Осылайша айдаушы сорғы жұмысының басында алу арасында кемінде 3 мин. аралықпен үш есе әрбір 3-5 минут сайын құбырдан сынама алығышпен тәулігіне 2-3 рет сынамалар алынады. Шөгіндінің әрбір алынатын порциясының көлемі 0,5. Шөгіндінің барлық алынатын порциялары шелекке құйылады және араластырылады. Соңғы рет алынғаннан кейін сынаманы мұқият араластырады және шынылы сыйымдыылыққа құяды, көлемі 20 дм3 біріктірілген сынаманы қақпақпен тығындап жабады және зертханаға жеткізеді.

Шөгінділердің сынамаларын +2 – +4 ºС температурада үш тәуліктен ұзақ сақтамаған жөн. Өлшемдер жасау алдында шөгіндінің температурасын бөлме температурасына дейін жеткізеді.

9.36. Қайтымды белсенді лайдың сынамаларын алу. Қайтымды лайды «қаздың» астынан немесе лайды екінші тұндырғыштардан регенераторларға немесе аэротенктерде беру аймағында алады. Егер қайтымды лайдың құбыры істен шықса, сынамаларды батометр-бөтелкемен лайды беру тереңдігінде, ең жоғары араластыру аймағында үш есе 0,7 дм3 бойынша, алады, біріктірілген сынаманың жалпы көлемі 2 дм3

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35