Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Барлықтұндырғыштарға келетін сарқынды сулардың орташа тәуліктік ағыны (Qорт.тәул, м3/тәу) мына формула бойынша есептеледі:
Qорт.тәул = Q / mдн
мұнда
- бір айдағы сарқынды сулар ағыны, м3; mдн – бір айдағы күндер саны.
Орташа тәуліктік ағын барлық жұмыс істеп тұрған тұндырғыштарға бөлінеді, бұл әрқайсысының суағызарына түсетін жүктемені есептеу үшін қажет.
Өнімділігі шағын құрылыстарда суағызарға түсетін жүктеме 3 м3/м·с-дан бастап, өнімділігі үлкен құрылыстарда 40 м3/м·с-ға дейін құрауы мүмкін.
Суағызардың бір метріне түсетін жүктеме 10 дм3/м·с немесе 36 м3/м·с-дан аспауға тиіс, алайда тұндырғыштардың қазіргі заманғы конструкциясы бұдан да үлкен жүктеме кезінде де тиімді тұндыруды қамтамасыз ете алады.
Суағызарға түсетін жүктемені құрамалы науаның шебін ұлғайта отырып, немесе қосымша радиалды немесе алып-шығармалы науаларды орнату арқылы төмендетуге болады. Тұндырғыштардың қанағаттанарлық жұмыс істеуінің шарттарының бірі – ағындардың біркелкі жылдамдығының сақталуы. Бұған судың аса жоғары жылдамдықпен ағатын аймақтарының тұндырғышта пайда болуына жол бермеу арқылы қол жеткізуге болады, бұл келесі себептерге байланысты жиі орын алады: радиалды тұндырғыштарда бөлу құрылғысы қаптамасының бір жағына қарай қисаюы; беруші құбырды батырудың оңтайлы тереңдігінің бұзылуы немесе тік тұндырғыштарда қайтарушы қалқанның дұрыс орнатылмауы; суағызарларға балдырлардың өсуі, олардың бүлінуі; бүкіл конструкцияда немесе оның жекелеген бөліктерінде көлденең қалыптың сақталмауы (суағызарлардың немесе тісті тырмалардың көлденеңнен ±1 мм-ден аса қисаюына жол берілмейді).
5.62. Бітеліп қалмауы және балдырлармен өсіп кетпеуі үшін тұндырғыштардың суағызарларын тұрақты түрде тазартып отыру міндетті шара болып табылады, мұндай шара тұндырғыштан салынды заттарды шығаруға ықпал ететін әртүрлі жылдамдықтағы ағындардың пайда болуына жол бермейді. Суағызарға балдырлардың өсіп кетуі ағындардың тісті немесе тегіс суағызар арқылы біркелкі бөлінуіне айтарлықтай кедергі келтіреді.
Суағызарларды қолмен тазарту көп еңбекті қажет етеді; өнімділгі жоғары құрылыстарда ұдайы тазартып отыруды ұйымдастыру аса күрделі, осы процесті автоматтандыру үшін металлдан немесе синтетикалық жолмен жасалған арнайы щеткаларды орнатуға болады, олар тікелей лайқырғыштың фермасына бекітіледі.
Суқабылдағыш науалардағы суағызар жиегінің тік формасына емес, тісті формасына артықшылық беріледі. Суағызардың тісті жиегі үлкен диаметрлі тұндырғыштардағы желайдақтардың әсерін азайтады, сарқынды суларды оттегімен байытады және суқабылдағыш науаларға судың әлдеқайда біркелкі құйылуын қамтамасыз етеді.
5.63. Дымқыл тұнба бастапқы тұндырғыштардың шұңқыршаларынан белгіленген кесте бойынша жаз мезгілінде тәулігіне кемінде 3–4 рет, ал ауа райы ыстық кезде тұнба бұдан да жиі және қыс мезгілінде тәулігіне 2–3 рет алынады. Егер тұнбаны тиеу жиілігі қажетті мөлшерден кем болса, онда тұнба тұндырғыштың бетіне қалқып шығады, салынды заттарды шығару ұлғаяды, тұнба тығыздала түседі және оны құбырлармен тасымалдау қиындайды. Ал егер шамадан тыс жиі тиелетін болса, тұнбаның ылғалдылығы артып кетеді.
Тұнбаны тиеуді оның ылғалдылығы оңтайлы болатындай, сонымен бірге өзінің қоюлығына байланысты лай өтетін құбырды бітеп тастамайтындай етіп реттеп отыру қажет.
Лай өтетін құбырлар тұнба құрамындағы құм мөлшерінің көптігіне байланысты да бітеліп қалады (10%дан астам).
Тиеудің дұрыс рәсімі сынақ жүргізу арқылы іріктеліп алынуы тиіс, өйткені бұл процесс дымқыл тұнбаның қасиеттеріне және тиеуді қамтамасыз ететін техникалық құралдарға байланысты болады.
Тұнбаны шығару кезінде су түбіндегі қою тұнба жылжып шыға бастау үшін лай өтетін құбырдың ысырмасы алдымен толық ашылады. Бұдан кейін тұнбаның шығуын баялатып, судың өтуін болдырмау үшін ысырма шамалы жабылады, сонан соң, ысырма қайтадан ашылады да тұнба шығарылады. Алдымен ылғалдылығы 92–93% қою тұнба, кейіннен ылғалдылығы 99% және одан да жоғары сұйық тұнба баяу шығарыла бастайды. Тұнбаны лай өтетін құбыр бітеліп қалмау үшін су пайда болғанға дейін шығарып тастау керек.
Лай өтетін құбырдың ысырмасы тұнбаның қатты фазасының концентрациясы ең төмен болған кезде жабылады, бұл процесті оператор қарап отырып белгілейді. Бастапқы тұндырғыштардан тұнбаның сирек тиелуі микрофлораның органикалық заттарды белсенді ірітуіне, метаболиттердің бөлінуіне алып келеді: тұнба күңгірт тартып, су бетіне қалқып шығады, одан шіріген жағымсыз иіс шығады, бастапқы тұндырғыштардан салынды заттарды шығару және аэротенктерде лайдың өсуі ұлғаяды, қайталама тұндырғыштарда лайды тұндыру процесі нашарлайды және кәдеге жаратылатын тұнбаның ылғалдылығы артады.
5.64. Бастапқы тұндырғыштардың қанағаттанарлық жұмысы кезінде дымқыл тұнбаның қалыпты ылғалдылығы 92–95%, күлділігі - ее 30%дан аспайтын мөлшерде, құмның мөлшері - 5–8% құрайды. Тұнбаның ылғалдылығы төмендеген кезде оны бастапқы тұндырғыштардан қосымша тиеу қажет. Сондайақ құрамындағы ластаушы заттардың мөлшері шамадан тыс артып, өнеркәсіптік кәсіпорындардан келетін сарқынды сулардың көлемі ұлғайған кезде де, сондай-ақ сарқынды сулардың авариялық төгінділері кезінде де тұнбаны қосымша тиеу керек болады. Мұндай жағдайда дымқыл тұнбаны жиі-жиі тиеу аэротенктердің жұмысын жеңілдетеді.
Әдетте, қалалық сарқынды суларда тұнбалы заттар салынды заттар құрамының 60–75% құрайды. Бірақ әрбір сарқынды су үшін бұл ара-қатынас әртүрлі және бастапқы тұндырудың тиімділігін айқындайды, өйткені ол салынды бөліктердің седиментациялық қасиеттерін сипаттайды. Бастапқы тұндырғыштардағы салынды заттарды алудың тиімділігі салынды заттарды жоюдың тиімділігіне қарағанда 15–25%-ға жоғары.
Бастапқы тұндырудың тиімділігі мынадай факторларға: салынды заттардың бастапқы концентрациясына, тұндыру уақытына, судың температурасына, бастапқы тұндырғыштардың конструкциялық ерекшеліктеріне, мөлдірлетілген сулардың суағызарға түсіретін жүктемесіне, дымқыл тұнбаны уақтылы тиеуге байланысты айқындалады.
Бастапқы тұндырғыштардың тиімсіз жұмысының себептерін анықтау үшін оларға сыртқы тексеру кезінде мыналарға назар аудару керек:
- тұндырғышта судың есепті болу уақытының сақталуына (суағызардың, тырмалардың жай-күйі), сарқынды сулардың біркелкі төгілуіне;
- тұнбаның уақтылы шығарылуына (газдардың бөлінуі, ашыған тұнбаның су бетіне қалқып шығуы);
- мөлдірлетілген сулармен бірге қалқымалы бөлшектердің шығарылуына, майлы және мұнайлы дақтардың пайда болуына.
Бастапқы тұндырғыштарда жойылатын салынды заттардың жалпы және 1,25–1,35 есе ұлғайтылған мөлшері бойынша тазарту процесінде алынатын барлық тұнбалардың көлемі есептеледі. Бұл көтеріңкі коэффициент ағынның түбінде қозғалып бара жатқан және талдауда тіркелмейтін салынды заттардың ауыр фракцияларын, сондай-ақ коллоидты және ерітілген қоспаларда пайда болатын биомассаның бір бөлігін есепке алады.
5.65. Құрылыс технологына дымқыл тұнбаның көлемін мезгіл-мезгіл есептеп, оны ұдайы тазартып отыру қажет. Бұл үшін мына есепті қолдану қажет: сарқынды сулармен бірге бастапқы тұндырғыштарға түсетін салынды заттардың мөлшерінен мөлдірлетілген судағы салынды заттардың мөлшерін алып тастайды және оның нәтижесін сарқынды сулардың орташа тәуліктік ағысына көбейтеді.
1-мысал. Дымқыл тұнбаның көлемін есептеу: тазартуға түсетін сарқынды сулардағы салынды заттардың мөлшері - 68 мг/дм3, бастапқы тұндырғыштардан кейін - 48 мг/дм3, сарқынды сулардың орташа тәуліктік ағысы 1570 м3/тәу, дымқыл тұнбаның ылғалдылығы - 99%. Бастапқы тұндырғыштарда тұнбаның (68 – 48) · 1570 = 0,0314 т/тәу қалады. Тұнбаның ылғалдылығына қайта есептегенде:
0,0314 × 100 / 100 – 99 = 3,14 м3/тәул тұнбаның,
Яғни, бұл бастапқы тұндырғыштардан бір тәулік ішінде шығарылуға тиісті тұнбаның мөлшерін білдіреді.
2-мысал. Тұнбаның ылғалдылығын ескере отырып, ондағы құрғақ затты есептеу: дымқыл тұнбаның ылғалдылығы 93%. Тұнбаның 1 дм3-де құрғақ заттың пайыздық мөлшері
. Тұнбаның құрамындағы құрғақ заттың мөлшері 1 дм3-де - 70 г.
3-мысал. Тұнбаның ылғалдылығы өзгерген кездегі оның көлемінің өзгерісін есептеу (мысалы, сақтау кезінде):
![]()
мұнда V2, V1 – тұнбаның өзгерген және бастапқы көлемі; P1, P2 – оның бастапқы және өзгерген ылғалдылығы. V1 = 200 см3/дм3, P1 = 99,1% и P2 = 94% кезінде тұнбаның көлемі (V2) төмендегі мөлшерге дейін азаяды

5.66. Бастапқы тұндырғыштардың жұмысы мөлдірлетілген судағы салынды және тұнбалы заттардың мөлшері, сондай-ақ шығарылатын тұнбаның ылғалдылығы бойынша бағаланады. Егер мөлдірлетілген судағы салынды заттардың мөлшері - 55–80 мг/дм3, тұнбаның ылғалдылығы 92–94% болса, станция үнемді жұмыс істейді. Салынды заттардың мөлшері 100 мг/л-ге ұлғайған жағдайда, аэрация станциясы өзінің жұмысын үнемді жүргізе алмайды. Мұндай жағдайда бастапқы тұндырғыштар жұмысының тиімділігі ұсталынған заттардың мөлшеріне және сарқынды сулардағы салынды заттар концентрациясына тәуелді ОБТ-ның төмендеуіне, сарқынды сулардың бастапқы тұндырғыштарда болу уақытына байланысты бағаланады. Егер сарқынды сулардың болу уақыты 2–2,2 с құраса, онда тұндырғыштарда салынды заттардың 55–70%-ы ұсталынып қалады. Уақыт 1,6 с-қа дейін төмендеген жағдайда ұсталынған салынды заттардың мөлшері 40–45%-ға дейін төмендейді. Салынды заттардың концентрациясы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым олар тұндырғыштарда көп ұсталынады. Сондықтан тұндырғыштардың жұмысын түсетін сарқынды сулардағы салынды заттардың мөлшері бірдей болған жағдайда ғана салыстыруға болады. Бастапқы тұндырғыштардан кейін орналасқан құрылыстардың жұмысына ұсталынған заттардың мөлшері емес, мөлдірлетілген судағы олардың концентрациясы әсер етеді. Тұнбалы заттардың мөлшері неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым бастапқы тұндырғыштар жақсы жұмыс істеуге тиіс. Олардың жұмысына температура (қыспен салыстырғанда, жазда олар жақсы жұмыс істейді), белсенді лайдың мөлшері (лайдың мөлшері 30 мг/дм3 болған кезде тұндырғыштар нашар жұмыс істейді) және тұнбаның мөлшері (егер тұнба тұнатын аймақ көлемінің бір бөлігін алып жатса, сарқынды сулардың тұну уақыты қысқарады, сонымен бірге тұнбаның шайылуы жүреді) әсер етеді.
5.67. Аэротенктер. Аэротенктердегі ластаушы заттарды биологиялық тазарту процесі қажетті уақыт ішінде ерітілген оттегінің тиісті мөлшері бола тұрып, кейіннен тазартылған судан белсенді лай тиімді бөліне отырып белсенді лайдағы организмдердің оңтайлы мөлшерімен сарқынды сулар тікелей қарым-қатынасқа түскен кезде жүреді. Белсенді лай – антропогендік ласталған суларды аэрациялау кезінде жасанды түрде өсірілетін биоценоз, онда гетеротрофтар, хемотрофтар сияқты гель өндіретін бактериялар, қарапайым және көпжасушалы жануарлар тіршілік етеді, олар биосорбцияның, биохимиялық қышқылданудың және бактерияларды жұтудың көмегімен сарқынды суларды ластаушы заттардан тазартады.
Биологиялық тазарту процесінің негізгі параметрлері, атап айтқанда: аэротенктердің көлемі, сарқынды сулардағы ластаушы заттардың мөлшері мен қышқылдылығы, сарқынды сулардың белсенді лаймен қарым-қатынасқа түсу уақыты өзара байланысқан болуға тиіс. Сонымен қатар, барлық аталған параметрлермен айқындалатын белсенді лайдың седиментациялық қасиеттері қолданылатын қайталама тұндырғыштардың технологиялық мүмкіндіктеріне сай болуға – тазартылған сарқынды суларды лайдан қанағаттанарлықтай бөлуге (оларда болатын белгіленген уақыт ішінде) тиіс.
5.68. Қарапайым аэротенк – белсенді лаймен араласқан сарқынды сулар ағып өтетін тік бұрышты қиманың резервуары. Пневматикалық немесе механикалық құрылғылардың көмегімен енгізілетін ауа өңделетін сұйықтықты белсенді белсенді лаймен араластырып, оны бактериялардың тыныс-тіршілігіне қажетті оттегімен қанықтырады.
Қолданылатын аэротенктердің конструкциялары сарқынды суларды беру тәсіліне қарай үш негізгі типке бөлінеді: сарқынды суларды «поршеньді» ағынмен ығыстырушылар, жеке-жеке орналастырылған немесе орталықтандырылған түрде сарқынды суларды беретін және шығаратын араластырғыштар, аралық типті аэротенктер.
Ығыстырғыштарға бір, екі және т. б. дәлізді аэротенктер жатады, олардағы дәліздер бір-бірінен бойлай бағытталып, бүйір қабырғаларының біріне жетпейтін қалқалармен бөлінген. Аэротенктердің бүйірлерінде сарқынды суларды кіргізіп-шығаруға арналған каналдар орналасқан. Геометриялық көлеміне қарай осы аэротенктерде сарқынды сулар ағынын толық ығыстырудың шарты қандай да бір дәрежеде орындалады. Аэротенк-ығыстырғыштарда өтетін процестің ерекшелігі сарқынды сулардағы ластаушы заттар концентрациясының және аэротенктің ұзындығы бойынша тазарту жылдамдығының өзгеруі болып табылады. Аэротенк-ығыстырғыштардағы қышқылдану процесі әркелкі өтеді: аэротенктің бас жағында - жылдамырақ, аяқ жағына қарай жақындап субстрат мөлшері азайған сайын баяуырақ өтеді.
5.69. Аэротенк-ығыстырғыштарды құрамында өнеркәсіптік төгінділердің елеулі мөлшері бар күрделі құрамды сарқынды суларды тазарту кезінде пайдаланған жөн.
5.70. Аэротенк-араластырғыштарда белсенді лайдың массасымен сарқынды сулардың толық және тез араласуы қамтамасыз етіледі, белгіленген режимде олар тазарту процесінің бірқалыпты жылдамдықтарымен жұмыс істейді. Аэротенк-араластырғыштарды құрамы бойынша тұрмыстық сулармен (тамақ комбинаттары, сыра зауыттары, балық зауыттары) ұқсас жоғары концентрациялы сарқынды суларды тазартқанда, сондай-ақ әркелкі ағын кезінде және жиі туындайтын түйдек жүктелімдер кезінде пайдаланған орынды. Алайда оларды пайдалану кезінде белсенді лайдың ісінуі дамиды деген қауіп бар, қалай дегенмен де, белсенді лайға құрылыстың барлық көлемі бойынша жоғары жүктеменің түсуіне байланысты аэротенктердің басқа конструкцияларына қарағанда олар осыған бейім болып келеді.
5.71. Аралық типті аэротенктерге мысалы, сарқынды суларды беру ұзындығы бойынша жеке-жеке орналасқан және белсенді лай дәліздің бас жағында кіретін дәлізді аэротенктер жатады.
5.72. Аэротенктер қолданылатын аэрация түрлері бойынша да бөлінеді: механикалық немесе пневматикалық (ең көп таралған) аэрациясы бар аэротенктер.
5.73. Органикалық ластаушы заттардың аэротенктерде қышқылдануы мақта түріндегі шоғыр – белсенді лайды қалаптастыратын аэробты микроорганизмдердің тыныс-тіршілігі есебінен жүзеге асады. Сарқынды сулармен бірге үздіксіз түсіп жататын органикалық заттардың бір бөлігі қышқылданады, ал келесі бір бөлігі белсенді лайдың бактериялық массасының өсімін қамтамасыз етеді. Сарқынды сулардың белсенді лаймен қатты қанығуы және оттегінің үздіксіз келіп түсуі органикалық заттардың қарқынды түрде биохимиялық қышқылдануын қамтамасыз етеді, сондықтан, аэротенктер биохимиялық тазартуға арналған ең жетілдірілген құрылыстардың бірі болып есептеледі. Органикалық ластаушы заттардың мөлшерін төмендетудің қажетті дәрежесіне қарай аэротенктер толық (тазартылған сулардағы ОБТ5 мөлшері - 20–25 мг/дм3; NO3 - кемінде 5,0–6,0 мг/дм3) және ішінара (ОБТ5 > 25 мг/дм3) биологиялық тазартуға арналып жобаланады.
5.74. Температура, қоректік заттардың бар-жоғы, лай қоспасындағы ерітілген оттегінің мөлшері, рН шамасы, токсиндердің бар-жоғы белсенді лайдың дамуына және оның тыныс-тіршілігіне, сондай-ақ биологиялық тазартудың сапасына ықпал ететін ең маңызды факторлар болып табылады. Аэротенктердің қанағаттанарлық жұмысы айтарлықтай дәрежеде оны пайдаланудың технологиялық режимімен де айқындалады, мұнда мыналардың елеулі маңызы бар:
- ластаушы заттардың концентрациясы мен белсенді лайдың жұмыс мөлшері арасындағы масса бойынша оңтайлы ара-қатынас (лайдың мөлшері азайған жағдайда жүктеменің арту және тазарту сапасының төмендеу әсері пайда болады, мөлшер ұлғайған жағдайда қайталама тұндырғыштардағы лай мен тазартылған суды тиімді бөлу қиындайды);
- ласталған сарқынды сулардың белсенді лаймен қарым-қатынасқа түсуіне қажетті уақыт;
- жүйенің жеткілікті аэробтығы.
5.75. Сарқынды суларды биологиялық тазарту кезінде жүретін процестерді жалпы алғанда схема түрінде көрсетуге болады. Сарқынды сулардың органикалық заттарының бір бөлігі СО2 және Н2О-ға дейін қышқылданады, ал келесі бір бөлігі запас заттардың синтезіне және белсенді лайдың жаңа жасушаларын қалыптастыруға бағытталады. Синтез нәтижесінде лайдың биомассасы ұлғаяды. Лайдың мөлшері өзінің массасы бойынша лай қоспасындағы ластануды тұтынушылардың қанша екендігін көрсететін бағдарлық көрсеткіштің рөлін атқарады. Тазартудың қанағаттанарлық сапасын қамтамасыз ету үшін сарқынды сулармен бірге түсетін ластаушы заттар артқан кезде олардың тұтынушыларының концентрациясын, яғни лайдың дозасын массасы бойынша ұлғайту қажет, сол кезде лайға түсетін жүктеменің үлесі тұрақты болып қалады. Сондықтан лай дозасының мөлшері лайға ОБТ бойынша түсетін жүктемеге және қайталама тұндырғыштарда лайдан тазартылған суды бөлудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты белгіленеді.
5.76. Регенераторсыз аэротенктер үшін қалалық сарқынды суларды толық және ішінара тазартуға арналған лайдың мөлшері (г/дм3) ОБТтолық кезінде, мг/дм3:
100-ге дейін - кемінде 1,2;
101-ден 150-ге дейін - кемінде 1,5;
151-ден 200-ге дейін - кемінде 1,8,
201-ден және одан да жоғары - кемінде 1,8, бірақ 3,0-тен аспауға тиіс.
5.77. Регенераторлары бар аэротенктер үшін жобалау кезінде лайдың орташа мөлшері белгіленеді. Қарапайым конструкциялы (ең көп таралған) қайталама тұндырғыштардың қанағаттанарлық жұмыс істеуі үшін қалалық сарқынды суларды тазарту кезінде аэротенктердегі лайдың мөлшері 3 г/дм3-ден аспауға тиіс. Лай мөлшерінің асып кетуі қайталама тұндырғыштардың лайлы аймағында белсенді лайдың артық жиналуына, оның іріп-шіруіне, тазартылған судың артық шығарылуына, оның оттегіден арылуына және ақырында тазарту сапасының нашарлауына алып келеді. Қайталама тұндырғыштарда лай мөлшерін қосымша жүктемесіз оңтайлы шамаларға дейін арттыру биомасса тасымалдаушыларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
5.78. Биологиялық қышқылданудың қуаты азайған қыс мезгілінде аэротенктерге лайдың біршама жоғары мөлшерімен жұмыс істеу қажет. Мәселен, егер жаз мезгілінде лайдың мөлшері 1,2–1,5 г/дм3 болса, ал қыс мезгілінде оның мөлшерін 1,6-ден 2,0 г/дм3 аралығында ұстап отыру керек, оны орындау қиын емес, өйткені қыс мезгілінде ассимиляциялық процестердің басым болуына байланысты лайдың өсімі жылдың жылы кезеңімен салыстырғанда жоғары болады.
Егер аэротенктер регенераторлармен жұмыс істейтін болса, онда аса ауыр қышқылданатын қоспалардың терең қышқылдануын қамтамасыз етуге арналған аэротенктерге қарағанда, регенераторларда 2–3 есе көп мөлшерді ұстап отыру қажет.
Аэротенктерге түсетін ластаушы заттардың судағы концентрациясы мен белсенді лайдың жұмыс мөлшерінің арасындағы оңтайлы ара-қатынасы бұзылған жағдайда, дәлірек айтқанда, лайға түсетін үлестік жүктеме артқан кезде оның седиментациялық қасиеттері бұзылып, белсенді лайдың жай-күйінің ең маңызды көрсеткіші болып саналатын лай индексі артады.
Аэротенктерді пайдалану практикасында белсенді лайдың седиментациялық қасиеттерінің екі сипаттамасы – көлем бойынша лайдың мөлшері және белсенді лайдың индексі (лай индексі) пайдаланылады.
Көлем бойынша лайдың мөлшері белсенді лайдың 30 мин тұндырылған уақыт ішінде шөгуге қабілетін сипаттайды. Белсенді лайдың индексі - 1 грамм құрғақ лайдың тұнған 30 мин ішінде 1 дм3 цилиндрде алып жатқан көлемі. Белсенді лайдың индексі сондай-ақ лайдың седиментациялық қасиеттерін де сипаттайды, бірақ бұл кезде оның құрғақ массасы ескеріледі.
Көлем бойынша лайдың мөлшерін бағалау кезінде шөгудің бірқалыптылығы мен біркелкілігін анықтау үшін өлшеу нәтижелерін әрбір 3 мин тұнған сайын белгілеп отыру қажет, бұл лайдың жақсы седиментациялық қасиеттерінің сипаттамасы да, әрі оның 30 мин тұнудан кейін ең аз көлемді алып жататын қабілеті де болып табылады.
5.79. Белсенді лайдың индексі I (см3/г) құрғақ массасы
(г/дм3) мен көлемі
(см3/дм3) бойынша дозаның шамалары алынғаннан кейін есептеледі:
.
Жақсы шөгетін белсенді лай мөлдірлету аймағын құрап (шөгу жылдамдығы 1 м/с және одан да жоғары), бірқалыпты, жақсы тығыздалып, түпкілікті тығызданудан кейін үлкен көлемді алмастан және шөккеннен кейін 1,0–1,5 сағат бойы қалқып шықпастан тез шөгеді.
Төмендетілген индекс шамалары бар белсенді лайда жасушалық заттың жоғары минералдануына немесе ауыр салындылардың болуына байланысты күлділіктің, аса ауыр элементтердің үлесі жоғары болып келеді, бұл тазартылатын сарқынды сулардың сипатына және механикалық тазартудың тиімділігіне байланысты болады. Белсенді лайдың күлділігі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым оның шөгу жылдамдығы үлкен болады және қайталама тұндырғыштар лайдың қайтарылуын жақсы қамтамасыз ететіндіктен аэротенктерде үлкен концентрация сақталып отырады. Алайда мұндай лай биомассаның жеткілікті өсімін бермеуі мүмкін, бұл аэротенктердегі оңтайлы жүктемені ұстап отыруға мүмкіндік бермейді. Лайдың седиментациялауға қабілеті нашарлаған жағдайда белсенді лайдың индексі артып, лай мен тазартылған судың бөлінуі бұзылады, сөйтіп қайталама тұндырғыштардан салынды заттардың артық шығарылуына ықпал етеді.
5.80. Шөккен лайды қайталама тұндырғыштардан уақтылы шығарудың техникалық мүмкіндіктеріне байланысты әрбір нақты биологиялық тазарту құрылысы үшін белсенді лай индексінің жеке белгілі бір шамалары оңтайлы болады. Аэротенктері бар тазарту құрылыстары үшін белсенді лай индексінің 80-нен 120 см3/г-ға дейінгі көрсеткіштері шартты түрде оңтайлы шамалар деп есептеледі. Шекті шамалар диапазоны - 60-тан 150 см3/г-ға дейін.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


