Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Судағы заттың зияндылығының лимиттелген белгісі – судағы заттың ең аз зиянсыз концентрациясын сипаттайтын белгі.

Суды ластандыратын зат – су сапасының нормасының бұзылуына әкеп соғатын судағы зат.

Суды мөлдірлету – бастапқы тұндыру процесінде суды салынды және ішінара коллоидты заттардан арылту.

Суды токсикологиялық бақылау – судың уытты қасиеттерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін биотестілеу әдісімен тексеру.

Суды эвтрофациялау – антропогендік немесе табиғи факторлардың ықпалымен судағы биогендік элементтердің жиналуы нәтижесінде су объектілерінің биологиялық өнімділігінің артуы.

Судың көгеруі – су объектісінде суға ерекше бояу беретін және биохимиялық құрамын өзгертетін цианобактериялар немесе микро су балдырларының жаппай көбеюі.

Судың қайталама ластануы – бұрын енгізілген ластанғыштардың және организмдердің жаппай дамуы және/немесе өлі биологиялық массаның ыдырауы нәтижесінде сулардың ластануы.

Судың қаттылығы – құрамында кальций мен магний иондарының болуына байланысты судың қасиеті.

Судың химиялық құрамы – ионды, молекулярлы, кешенді және коллоидты жағдайларда минералды және органикалық заттардың табиғи суларында еріген жиынтығы.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Табиғи сулардың өзін-өзі тазартуы – ластанған сулардағы судың бастапқы қасиеттері мен құрамын қалпына келтіруге бағытталған табиғи процестердің жиынтығы, негізінен биота есебінен қамтамасыз етіледі.

Термофилжоғары температурада жақсы өсетін организм (40° жоғары).

Тест-организмдер – биотестілеу кезінде пайдаланылатын, стандартты жағдайларда өсірілетін организмдер.

Уыттылық – организмдерге суда, құрлықта, ауада зақым келтіретін, ингибициялатын, стресс тудыратын, генетикалық өзгерістерге әкеп соғатын немесе өлтіретін түрлі қосындылар мен олардың қоспаларының улы іс-әрекеттерін көрсету деңгейі. Уыттылық экспериментальді биотестілеу кезінде тест-организмдерден түрлі тест-реакция түрінде көрініс береді.

Фактор (жасайтын, өндіретін) – процеске ықпал ететін қандай да бір процестің немесе ортаның жағдайын қозғайтын күш, себеп.

Флокул қалыптастыру – белсенді лайдың бөлек бактериялы жасушаларының немесе жасуша топтарының жабысуы, тұнба үлпектерінің іріленуі. Тұнба флокул қалыптастыру процесі кезінде белсенді лаймен биополимерлі гельдің болуы және жеткілікті пайда болуы маңызды рөл атқарады. Процеске сонымен қатар механикалық (араластыру), физикалық және химиялық факторлар әсерін тигізеді.

Фондық жарма – судағы заттың фондық концентрациясы анықталатын ағынның көлденең қимасы.

Фондық концентрация – қоспа көздерінің осы көзден басқа барлық әсерін ескеретін, есептік гидрологиялық жағдайдағы су объектісінің фондық жармасындағы қоспалардың осы көзіне үйлестіре есептелінген судағы заттың концентрациясы.

Шекаралық жарма - мемлекеттер шекарасындағы су жинауыштың көлденең қимасы, мемлекетаралық келісіммен белгіленетін судың нормативтік сапасы.

Эвтрофациялайтын заттар – биогендік элементтер (азот, фосфор, күкірт, темір және т. б.) құрамында көміртегі бар органикалармен бірігіп, гидробионттар үшін қоректік заттар құрайды.

Әдістемеде пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

4. Сарқынды суларды биологиялық тазарту құрылыстары жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету.

4.1 Тазарту құрылыстарындағы технологиялық бақылаудың міндеттері: сарқынды суларды тазарту процесінің тиімділігін бағалау, туындаған бұзушылықтардың себебін табу, тазарту сапасының жобалық немесе нормативтік көрсеткіштерден ауытқушылығын уақтылы тіркеу және оларды жою бойынша негізгі іс-шараларды әзірлеу болып табылады.

4.2 Сарқынды суларды биологиялық тазарту құрылыстарында мынадай себептер бойынша басқаруы қиын деп сипатталатын дәйекті технологиялық процестер жүзеге асырылады:

сарқынды сулардың көлемі бойынша, сондай-ақ негізгі ластаушы заттардың концентрациясы бойынша әркелкі және орнықсыз режимде түсуі;

сарқынды судың көпбөлікті құрамы;

физикалық, химиялық және биологиялық процестердің түрлі кешендерінің бір мезгілде және өзара байланысып өтуі, олардың әрқайсы сарқынды суды тазарту сапасының түпкілікті тиімділігіне тікелей және анағұрлым әсерін тигізеді.

4.3 Сарқынды суларды тазарту тиімділігінің төмендігі мынадай:

физикалық және моральді ескірген тазарту технологиясы мен тазарту құрылысының конструкциясын пайдалану;

тазарту құрылысын жобалау кезіндегі қателер (тазартатын сарқынды сулардың сапасы мен көлемінің жобаланған құрылыстарға сәйкес келмеуі, құрылыс жобасында және технологиялық есептерде жіберілген қателіктер және т. б.)

сапасыз құрылыста, сондай-ақ құрылыс пен көмекші жабдықтарды монтаждау процесінде жіберілген ақаулар;

тазарту құрылыстарының тазартатын сарқынды сулардың көлемі, сондай-ақ олардың ластану концентрациясы бойынша толмауы немесе толып кетуі;

құрылыстардың және техникалық жабдықтардың бұзылуы;

қалалық кәрізге тасталатын өндірістік сарқынды сулардың күрделі құрамы немесе тұрмыстық сарқынды сулардың көлемімен салыстырғанда олардың көлемінің анағұрлым көп болуы;

тазарту құрылыстарының қанағаттандырарлық пайдаланбауы.

4.4. Сарқынды суды тазарту процесін сипаттау, бұзушылықтардың себебін анықтау және тазалау сапасының бұзушылықтарын жою жөнінде негізгі іс-шараларды әзірлеу үшін технологқа құрылысты сырттай қарауды жүйелі түрде өткізу, олардың нәтижесін талдау, сондай-ақ зертханаларда орындалған түсетін және тазартылған сарқынды сулардың өлшенген сапасының нәтижелерін талдау қажет. Осындай барлық мәліметтерді технологиялық бақылау журналына тұрақты түрде енгізіп отыру керек. Алынған нәтижелерді талдау негізінде туындаған бұзушылықтарды жою жөнінде қысқа мерзімді іс-шаралар және жөндеуді, құрылысты, құрылыстар мен жабдықтарды қайта қалпына келтіруді немесе сарқынды суларды тазарту итентификациясының қазіргі заманға сай әдістерін енгізуді перспективалауға арналған іс-шаралар әзірленеді.

4.5. Өндірістік зертханалық бақылауды жүзеге асыру кезінде сарқынды сулардың сапасын бақылаудан басқа белсенді лайға улы әсерін алдын алу және ластаушы заттарды ферментативті қышқылдандыру процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында биологиялық тазартатын құрылыстарға берілетін сарқынды суларды жедел биостестілеу, қала кәрізінің ең қауіпті пайдаланушыларын анықтау үшін түрлі кәсіпорындардың сарқынды суларын селективті биотестілеу өткізіледі.

4.6. Биологиялық тазарту құрылыстарына түсетін сулардың және тазартылған сарқынды сулардың уыттылығын бақылауды ұйымдастыру және өткізу үшін мынадай бірқатар ұсыныстарды ескеру қажет:

- тазартылған сулардың уыттылығының азаю деңгейін бағалау үшін сарқынды сулардың уыттылығын биологиялық тазартудан бұрын ғана емесе, одан кейін де бақылау қажет;

- сарқынды суларды қалалық кәріз жүйесіне тастайтын әр кәсіпорынның сарқынды суларының қауіптілік деңгейі туралы шешімін негіздеу үшін анағұрлым сарқынды суларды бөліп, белсенді лайдың улы заттарға әсерінің бейімделген тұрақтылығын ескере отырып, уыттылықтың бірнеше санаттарын биостестілеу нәтижелері бойынша (сарқынды суларды қажет деңгейде сұйылтуға байланысты белгілеу қажет;

- сарқынды суларды биотестілеу зертханалық жағдайларда түрлі жүйелік топтардан тұратын екіден кем емес тест-объектілерді пайдалана отырып өткізіледі, түпкілікті нәтиже талданатын суда жоғары сезімталдылық танытқан тест-объектіде анықталған судың уыттылығы болып табылады.

4.7. Сарқынды суларды талдауға арналған биостестілеу әдістері ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік зертханаларда ғана емес, сондай-ақ тазарту құрылыстарының зертханаларында да базалық әдістерді қолдану қажет. Сарқынды суларды биостестілеудің базалық әдістері ретінде сарқынды және табиғи сулардың уыттылығы мыналар бойынша белгіленетін әдістерді қолдану ұсынылады:

- 48 сағ. ішінде Р10-96) 10%-дан кем емес Ceriodaphnia affinis (dubia) шаян өлімінен кейін;

- хлорофилл флуоресценциясының деңгейінің және Scenedesmus quadricauda су балдырлары жасушаларының саны 72 сағ. ішінде 20% -ға азаюы (БКР20-72) бойынша;

- қызметтің осы түріне аккредиттелген зертханаларда белгіленген тәртіпте аттестатталған әдістер бойынша; түрлі сарқынды суларға екі әдіс қолданылады, осы сарқынды суларға анағұрлым сезімталын анықтап, кейін оны (біреу) тұрақты бақылау үшін қолданады;

- тазартылмаған сарқынды сулардың белсенбі лайға әсерін бағалау үшін механикалық тазартудан кейін сынамасын іріктеу қажет, өйткені тұндыру кезінде улы заттардың 30–70% жойылады;

- локальді сарқынды суларды бағалау кезінде оларды кемінде 1,5 сағат тұндыру қажет, өйткені олардың уыттылығы кәріз жүйелерінде және механикалық тазалау кезінде ішінара инактивизацияланады;

- тазартылған сарқынды суларды бақылау кезінде оны хлорлау жүйесіне дейін ғана биостілеу қажет, өйткені хлорды енгізу оларда уытты заттардың пайда болуын болжайды;

- әрбір кәсіпорын үшін олар қалалық кәріз жүйесіне және төменде ұсынылған әдістеме бойынша тазарту құрылыстарына енгізетін токсикогенді жүктемені анықтау қажет.

4.8. Су бұрғыш жүйесіне енгізілетін токсикогенді жүктеме (T) мына формула бойынша есептеледі:

,

мұндағы: I - зиянсыз сұйылтқыш индексі; Q – кәрізге тасталатын сарқынды сулардың көлемі, м3/тәул.; t – тастау ұзақтығы, тәул. (тұрақты тастау кезінде бұл көрсеткіш 1-ге тең болуы мүмкін).

4.9. Зертханалық тәжірибелер нәтижесінде сарқынды судың зиянсыз сұйылтуы айқындалады, (ЛКо), яғни, тест-объектілерге улы әсерін тигізбейтін сұйылтқыш. Зиянсыз сұйылтқыштың көлемі зиянсыз сұйылтқыштың индексі деп аталады.

Мысалы. Сарқынды судың қажетті сұйылтқышы – 1:100. Яғни, зиянсыз сұйылтқыш индексі 100-ге тең. Алынған көлем м3/тәул. көрсетілген сарқынды суды тастау көлеміне көбейтіледі.

Мысалы. Сарқынды судың тасталуының көлемі 150 м3/тәул. 150 м3/тәул. ´ 100 =м3/тәул.

4.9. Алынған көлем тәулікпен көрсетілген тасталған сарқынды судың уақытына көбейтіледі. Сарқынды судың уыттылығын екі рет тексеру арасындағы уақытқа көбейтіледі. Суы анағұрлым улы және тастайтын суларының сапасы тұрықты емес кәсіпорындарды тоқсанына 1 рет тексеру қажет – есебі тоқсан сайын орындалады. Егер кәсіпорын одан да жиі тексерілсе, есепте тексеріс арасындағы сарқынды суларды тастау мерзімі тәулікпен көрсетіліп пайдаланылады.

Мысалы. Тәжірибе I және II тоқсандарда өткізілді. I тоқсандам3/тәул ´ 90 тәул. = 1 м3. I тоқсандағы токсикогенді жүктеменің көлемі 1 м3 құрады. II тоқсанда зиянсыз сұйылтқыш индексі = 80. Тасталатын сарқынды сулар көлемі = 150 м3/тәул. 150 м3/тәул ´ 80 ´ 91 тәул = 1 м3. II тоқсандағы токсикогенді жүктеменің көлемі 1 м3 құрады.

Ескерту: егер зиянсыз сұйылтқыш индексі 0-ге тең болса, токсикогенді жүктеменің көлемі де 0-ге тең болады.

1-кестеде кәсіпорындардың қалалық су бұру жүйесіне енгізетін токсикогенді жүктеме көлемі есебінің нәтижелерінің мысалдары берілген.

1-кесте. Қалалық су бұрғыш жүйесіне сарқынды су тастандысымен енгізілетін улы жүктелімнің көлемі

р/с

Өнеркәсіптік кәсіпорын

Кәрізге түсетін сарқынды су тастандысының көлемі Q, м3/тәул.

Зиянсыз сұйылтқыш индексі I

Тастау ұзақтығы t, тәул

Улы жүктеменің көлемі T, м3 ´ 105

1

Тельман атындағы нан зауыты

1000

12

365

43,8

2  

Лак және бояу жасау зауыты

15000

7

365

383,3

3  

Ет комбинаты

7000

40

365

1022,0

4  

Текстильді бұйымдар фабрикасы

6700

19

90

114,6

5  

Кран зауыты (локальды тазарту құрылысы)

21000

9

365

689,9

6  

Кір жуатын үй, химиялық тазарту

12000

90

365

3942

7  

МК қоймасы

500

2

365

3,7

8  

Тері өңдеу фабрикасы

11000

150

365

6022,5

9  

Сүт зауыты

5000

13

365

237,3

10  

«Ударник» фабрикасы

4600

16

365

268,6

11  

Әйнек зауыты (локальды тазарту құрылысы)

12600

17

365

781,8

4.10. Алынған нәтижелер су бұрғыш жүйесіне енгізілген ластаушы заттардың уыттылығы мен көлемін ескере отырып, қалалық су бұру жүйесі мен биологиялық тазарту құрылыстарына интегралды қауіптілік деңгейі бойынша кәсіпорындарды тізуге мүмкіндік береді. Анағұрлым қауіпті ластандырғыштар анықталғаннан кейін, кәсіпорындардың сарқынды суларындағы улы заттарды, олардың түсу көздерін анықтау жөнінде іс-шаралар және экономикалық ақталған және техникалық жетілдірілген құрылыстарды пайдалана отырып, технологиялық циклдер немесе тікелей сарқынды сулардан осы заттарды жою бойынша іс-шаралар әзірленеді.

4.11. Тазарту сапасының бұзушылықтарын жою жөнінде негізгі іс-шаралар мынадай болуы мүмкін:

- сарқынды суларға уыттылығы жоғары химиялық қоспалардың түсуін болдырмау мақсатында, жеке процестер технологиясын өзгерту, ең жоғарғы қауіпсіз технологияны таңдау;

- уыттылығы жоғары, көлемі жағынан көп емес сарқынды суларды жинақтаушы ыдысқа, оларды кейіннен утилизациялау, қауіпсіздендіру және арнайы жеке орындарға орналастыру үшін жинақтау;

- жеке цехтардан, өнеркәсіптік циклдерден түсетін уыттылығы жоғары жеке сарқынды сулар ағындыларын локальды тазарту;

- биологиялық тазарту құрылыстарына сарқынды сулардың уыттылығы жоғары ағындыларының бірден тасталуын болдырмау мақсатында сарқынды сулардың анағұрлым уытты ағындарының уыттылығын азайту үшін оны сумен араластырудың қажетті деңгейіне жету үшін сарқынды сулардың орталауыштарын салу (оның ішінде шаруашылық тұрмыстық).

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35