Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Реализация законопроекта позволит упорядочить систему государственного регулирования отношений в области магистрального трубопровода, что будет способствовать обеспечению устойчивых каналов поставок энергоресурсов республики на мировые рынки посредством создания новой и расширения существующей внутренней и экспортной транспортной инфраструктуры. Законопроект может оказать положительное влияние на увеличение пропускной способности трубопроводов и, как следствие, будет способствовать росту экспортной части платежного баланса.
Характерной особенностью казахстанского экспорта углеводородного сырья является географическая направленность. Основные объемы поставок сырой нефти и газового конденсата осуществляются в страны вне СНГ, доля которых неуклонно растет. Если в 1995 г. доля стран СНГ составляла 44,2% в общей стоимости экспорта углеводородного сырья, в 2000 г. – 19,0%, то в 2007 г. – 2,8%.
Остальная нефть "утекает" в страны дальнего зарубежья, в оффшорные зоны (в основном в Виргинские, Бермудские острова). Переориентация экспорта в оффшорные зоны обусловлена главным образом следующей специфической особенностью в развитии нефтяного сектора республики. Речь идет о практике трансфертного ценообразования, применяемой крупными нефтяными компаниями как иностранными (в том числе филиалами ТНК), так и отечественными при поставках углеводородного сырья за пределы Казахстана. По сути, это является одним из методов "теневого" экспорта капитала. В условиях Казахстана, как и других стран СНГ, механизм трансфертного ценообразования, намеренно применяемый крупными ТНК для увода капитала из страны, приобретает все более изощренные формы. В результате проделываемых манипуляций очень трудно доказать аффилированность сторон, участвующих в сделке и, как следствие, почти невозможно установить факт намеренного занижения цены. Всего за период годы потери от трансфертных цен, по расчетам, составили 14999,9 долларов США (таблица 1).
В настоящее время для Казахстана стал актуальным вопрос диверсификации экспорта углеводородных ресурсов, что должно привести к укреплению энергетической независимости страны. Учитывая современный уровень развития нефтегазового комплекса Казахстана, геополитическое положение, особенности экономического развития и роль в этом процессе нефтегазового комплекса, актуальными становятся вопросы влияния стратегии на формирование экономической безопасности страны.
Таблица 1 - Экспорт нефти и потери от трансфертных цен в Казахстане, гг.
2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | |
Экспорт нефти сырой, млн тонн | 20,4 | 25,2 | 27,7 | 32,4 | 39,1 | 43,5 | 47,7 | 50,2 |
Среднегодовая стоимость экспорта, доллар/тонна* | 80,9 | 91,6 | 153,4 | 131,3 | 128,6 | 161,2 | 226,4 | 338.6 |
Среднегодовая мировая цена нефти Brent, долл./тонна | 95,4 | 133,6 | 213,8 | 183,3 | 187,7 | 216,2 | 280,5 | 396.4 |
Потери от трансфертных цен, млн долл. | 295,8 | 1058,4 | 1773,1 | 1684,8 | 2310,8 | 2392,5 | 2582,9 | 2901,6 |
На современном этапе аспект согласования интересов государства и нефтегазовых компаний, интеграционных процессов между странами в отношении развития их нефтегазовых комплексов является весьма важным и актуальным.
Именно поэтому вопросы разработки и совершенствования соответствующего законопроекта и, что не менее важно, повышения степени их согласованности приобретают все большее значение – в том числе, в международном аспекте. Важнейшие направления и параметры развития нефтегазового комплекса Казахстана зафиксированы в Стратегическом плане развития Республики Казахстан до 2020 года, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан. При участии Министерства нефти и газа и «КазМунайГаз» в Казахстане разрабатывается межотраслевой план научно-технического развития отрасли до 2020 года.
Осуществляемое Казахстаном активное развитие инфраструктуры транспорта углеводородов будет способствовать как удовлетворению внутреннего спроса на эти энергоресурсы, так и повышению международной энергетической безопасности.
Принятие законопроекта позволит усилить государственное регулирование по вопросам транзита и развития сети магистральных трубопроводов, что как следствие повысит экономическую безопасность Казахстана. В совокупности это позволит в определенной мере обеспечить стабильность государства, общества, предпринимательства, что составляет основу устойчивого развития экономики.
Выводы: Необходимость принятия законопроекта, регламентирующего магистральный трубопроводный транспорт очевидна. Казахстан обладает уникальным транзитным потенциалом и разветвленной сетью магистральных трубопроводов. Тем не менее, данная сфера не была урегулирована соответствующим образом, в связи с чем, на практике возникали вопросы в части юридического статуса данного вида транспорта и закрепление обязательного участия государства в проектах, связанных с проектированием, строительством и последующей эксплуатацией трубопроводов. С принятием такого закона пробел в законодательстве будет восполнен.
Список литературы
1.Глобальный рынок нефти: развитие на фоне рецессии. // Kazenergy. -2009. - №3 (28-29), май-июнь. - С.10-12..
2. В фокусе нефть и газ Каспия// Kazakhstan № 4. – 2010 г. - c. 10-17
3. Казтрансойл: динамика развития // KAZENERGY № 3-4. – 2010 г. – c.52-67
Р.Ә.Байжолова
Экономиканың жаһандануы мен жұмыспен қамтылудың өзара байланысы
Қазіргі кезде еңбек нарығының негізгі даму және өзгеру бағыттары жаһандану үдерістерімен байланысты болып табылатындығы сөзсіз. Осы мақалада келтірілген үрдістердің ішіндегі көбісінің жеткілікті дәрежеде қарама-қайшылықты және бірмағыналы емес екендігін айта кеткіміз келеді. Олар әлтүрлі елдерде, экономиканың әртүрлі секторлары мен салаларында әртүрлі көрініс табуы мүмкін. Осы жөнінде бірқатар зерттеушілердің еңбегінде де келтіріледі. Бұл да жаһандану үдерістерінің еңбек нарығы мен әлеуметтік-еңбек қатынастары аясына әсерінің бірмағыналы еместігі туралы гипотезаның дәлелі бола алады.
Төмендегі суретте көрсетілген қазіргі кезеңдегі еңбек нарығының даму және өзгеру бағыттарын келесідей түрде сипаттауға болады.
1.Еңбекті қолданудағы дәстүрлі, географиялық салалық дағдының бұзылуы.
Қазіргі уақытта жаһандық экономикаға қатысу өсу мен даму үшін кең ауқымды мүмкіндіктер береді. Өндірістің интернациялануы капиталды, технологияларды, өндірістік машықтануларды берумен бірге жұмыспен қамтылуды ұлғайту мен табыстарды артттыру үшін жаңа жолдарды ашады.
Жаһандық интеграцияның қозғаушы күші ретіндегі техникалық прогресс жұмыпен қамтылудың жаңа мүмкіндіктерін жасайды. Сауда да, жаһанды экономиканың динамикалық дамуының тағы бір шешуші қырларының бірі ретінде, ғаламдық нарықтарға кіріп үлгірген көптеген елдердегі жұмыспен қамтылуды іске асырудың қозғаушы күші болып табылады.
Бірқатар дамушы елдер қазіргі өңдеу өнркәсібі өнімдері экспортын дамыту есебінен жетістікке жетті және сауданың дамуы есебінен қамтамасыз етіліп отырған осы экономикалық өсу жұмыспен қамтылуды ұлғайтуға да, жалақыны арттыруға да мүмкіндік берді.
Халықаралық компаниялар жұмыс орындарының санын ұлғайтуда. Неміс компанияларының шетелдердегі еншілері бойынша 2002 жылғы деректеріне талдау жасау барысында, оларда 4,439 миллион шамасындағы қызметкерлердің жұмыс істейтіндігі анықталды, бұл елдің ішіндегі жалпы қамтылғандардың 12%-н құрайды [1]. Осы қызметкерлердің ішіндегі бір миллионға жуығы Орталық және Шығыс Еуропа мен Қытайда тұрады және жұмыс атқарады.
Қазіргі кезеңде жұмыс күшінің интернационалды бағасы мен құнының құрылу үдерісі жүруде және жетекші елдердегі ұқсас мамандықты және жұмыспен қамтылғандар аясындағы жұмыскерлердің жалақы деңгейіндегі алшақтықтың азаюын байқауға болады. Әлемдік шаруашылық үдерістеріне қосылу дәрежесіне, экспорттың өсуіне, ТҰК қызметінің кеңеюіне байланысты «үшінші әлем» елдерінде еңбекақы деңгейінің көтерілуі орын алуда.
Жұмыс күшінің білім деңгейіне, біліктілігіне қойылатын талаптар өзгеруде, шетелдік жұмыс күшін жалдаудың типтік келісім-шарттары, жұмыс пен мамандардың өмір сүру жағдайлары стандартталуда. Өмір сүру бейнесінің ұлттық ерекшелігінің әртүрлілігіне қарамастан, жұмыскерлердің өмірлік қызметінің әмбебап жағдайлары қалыптасып келеді.


1-сурет – Қазіргі кезеңдегі еңбек нарығының даму және өзгеру бағыттарының үлгісі. (Ескерту - автордың зерттеуі бойынша жасалған).
Жалақы деңгейіне міндетті түрде еңбек нарығындағы бәсеке де әсерін тигізеді. ж. ж. АҚШ-қа, Канадаға, Австралияға, Аргентинаға Ұлыбританиядан, Ирландиядан, Германиядан ондаған мың білікті жұмысшылар қоныс аударды. Осының салдарынан, Американ экономисі Джеффри Уильямсона Jeffrey Williamson есептеулері бойынша, АҚШ білікті жұмысшылардың саны 24%-ға, ал Ирландияда - 45%-ға төмендеді [2]. Нәтижесі американ өнеркәсібіндегі жалақылардың төмендеуі мен Еуропа өнеркәсібіндегі жалақылардың өсуі болды. Қорытындысында еуропаның білікті жұмысшысының жалақысы біліктілігі бойынша онымен бірдей америкпндықтың жалақысынан 136 %-ға жоғары болды. Бұл американдық өнеркәсібіне тезарада еуропа нарықтарын басып алуына мүмкіндік берді. Осы жағдайда ықпалды американ кәсіподақтары, қолда бар жұмысшылардың мүдделерін қорғау үшін, 1897 жылы АҚШ-қа қоныс аударған барлық көшіп келушілер үшін, ағылшын тілінен міндетті түрде емтихан тапсыру туралы заң қабылдауға қол жеткізді.
Бір жағынан, жұмыс орындарын жасауға, жаңа технологияларды дамытуға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретіндіктен, жаһандану үдерістері «кедей» елдерге тиімді болып табылады. Екінші жағынан, мұндай құрылымдар әлемдік конъюнктура мен жұмыс беруші компанияның жағдайын тәуелді болады. Егер трансұлттық корпорация дағдарысты бастан кешіріп жатса, ол, әдетте, ең алдымен АҚШ тысқары өмір сүріп жатқан өз бөлімшелерінің жұмыскерлерінен құтылады.
Жұмыс орындарын шайып жіберетіндіктен және олардың ақпараттық технологиялар аясындағы әлемдік озықтылықтан айыратын болғандықтан, бұл үдеріс «бай» елдерге тиімді емес. Бірақ, екінші жағынан, анағұрлым бәсекеге қабілетті тауарлар мен аралас салаларда жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретіндіктен, жаһандану үдерісі объективті түрде «бай» елдерге де тиімді екендігін айта кету керек.
1. Материалдық өндірістегі, әсіресе, дәстүрлі салалардағы жұмыспен қамтылудың қысқаруы жағдайында оның жаңа жоғары технологиялы салалар мен қызмет көрсетулер аясына құйылуы.
Бүгінгі күні «жаһандану» атына ие болған ұлттық экономикалар нарықтарының өзара тәуелдігі жоғары білікті еңбек нарығындағы жағдайды анықтайды және жұмыс іздеушілерге өзгертілген талаптар қояды. Мамандардың болжауы бойынша, жақын арада сұранысқа ие болып қала беретін барлық елдер үшін ортақ мамандықтардың ішінен «бизнеске қызмет етуге» (Business Services) кіретін басқару, бухгалтерлік есеп және қаржы, аудит, консалтинг, сонымен қатар мемлекеттік қызмет, медицина мен тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар және қонақүй шаруашылығын бөліп көрсетуге болады [3]. Мысалы, Ұлыбританияда, Варвика университетінің жанынан ашылған еңбекке орналастыру бойынша Ғылыми-зерттеу институты (Institute for Employment Research, University of Warwick) мамандарының пікірінше, банк пен сақтандыру ісімен, компанияны басқарумен, аудит және консалтингпен, ақпараттық технологиямен байланысты бизнесте миллионнан астам орын пайда болады. Жаңа Зеландияда, Еңбек министрлігі үкіметтік тобының (Department of Labour's, Labour Market Policy Group) деректеріне сәйкес, бизнес саласындағы барлық вакансияның 80% ғана жұмыспен қамтылған. Ирландық рекрутингтік портал IrishJobs. ie. аналитиктері елде басқару кадрларының жетіспеушілігінің өткір мәселеге айналғандығын атап көрсетуде.
Германияда жоғары білікті менеджерлермен таңқаларлық жағдай туындады. Соңғы 15 жылда Германия ЖОО болашақ басқарушыларды шығаруды екі еседен артық дәрежеде еселендіргенімен, ол бұрынғыдай жоғары білікті менеджерлерге қажеттілікті басынан кешіруде. Еңбек нарығы мен кәсіби біліктіліктің Нюрнбергтік институтының (IAB) болжауы бойынша, 2010 жылға қарай қазіргі бар әрбір 1000 жұмыс орнына сәкес басқару саласында қосымша 420 орын пайда болады, ал консалтингте бұл цифр екі есеге артады.
Еңбекке орналастыру бойынша Француздық ұлттық агенттігі (APEC) аудиторлық компаниялар үшін жас мамандарды таңдап алудың ең жоғары индексін атап көрсетеді. Ол 97 %-ға тең.
2. Жұмыс күшінің жинақылығы көрсеткіштері мен сипаттамаларының өзгеруі.
Жаһанданудың жинақылыққа әсерін зерттеу сұрағындағы қалыптасқан екі негізгі ой: жаһандану, тұтас алғанда, көші-қонды төмендетеді және жаһандану жоғары білікті жұмыскерлердің дамушы елдерден дамыған елдерге көші-қонын ұлғайтады дегенге барып саяды.
ТШИ жаңа жұмыс орындарын жасай отырып, көші-қон ағымдарын қысқартады. Сонымен қатар, АКТ белгілі жұмыстарды орындауды басқа елдерде тұратын қызметкерлерге тапсыруға мүмкіндік береді, яғни көші-қон ағымдарын төмендетуге ықпал етеді. Екінші жағынан, халықаралық деңгейдегі ұлғайып келе жатқан табыстағы теңсіздік заңды да, сондай-ақ заңсыз да көші-қонды өсірудің мықты ынталандыру факторы болып табылады. Тұтас алғанда, жұмыс күшінің елдер арасында қайта құйылуы, еңбек ресурстарын бөлудегі үйлесімдікке ықпал ететіндіктен, еңбек өнімділігінің ғаламдық өсуіне алып келеді. Қазіргі көші-қоға тән ерекшелік оның ағымдарының екі бағыттан тұратындығында болып табылады, олай болса, бір мемлекеттің өзі донор-ел де, реципиент-ел де бола алады. Мысалы, Ұлыбритания мен АҚШ қатарынан әлемдегі басты рецепиент-ел де, жекелеген елдер үшін донор да болып саналады (АҚШ Канада үшін донор, Ұлыбритания Австралия үшін донор).
АҚШ сияқты Канадада да жасырын көшіп-қонушылардың саны үлкен. Мамандардың бағалаулары бойынша, АҚШ бұл цифр 4,5 млн. адамнан асады, олардың көбісі Мексикадан шыққандар болып табылады [4].
Батыс Еуропа да жұмыс күшінің халықаралық көші-қоны ең ірі орталықтарының бірі болып табылады. 1950 жылдан бастап 1990 жылдар аралығында осы аймақтағы көшіп келушілердің саны 5,1 млн. адамнан 17 млн. адамға дейін өсті. Олардың екі жақтық ағымы Қазақстанға да тән.
4. Жұмыспен қамтылу мен еңбекті ұйымдастыруды фундаменталды қайта құрудың жаңа механизмдерін құру.
Байланыстың ғаламдық желілері, жұмыс орындары деңгейіндегі сегменттелген еңбек түрлерінің өзара әрекеті арқылы аймақтық, халықаралық деңгейлерде жұмыспен қамтылудың жаңа механизмдері пайда болуда. Қазіргі телекоммуникациялық технологиялар жұмыспен қамтылудың жаңа түрі – тележұмыстың (telecommuting) құрылуына мүмкіндік берді.
Еуропада «тележұмыс» түсінігі осы саладағы зерттеулерді, атап айтқанда, тележұмысты ауылдық және мәселесі шешілмеген аудандардағы экономикалық белсенділікті дамытудың құралы ретінде пайдалану үшін қаржыландырған, Еуропалық комиссияның арқасында тарай бастады. Бүгінгі күні Еуропалық Бірлестік қашықтықтан қамтылатын еңбек қызметіне: «компьютерлер мен телекоммуникацияларды жұмыстың дәстүрлі географиясын өзгерту үшін пайдалану» деген анықтаманы береді. Ол мынадай түсініктер мен сипаттамаларды төмендегілерді, атап айтқанда:
- үйге жақын жерден арнайы алыстатылған орталықтағы жұмысты;
- бірнеше жердегі бөлінген ұжым жұмысын (олардың кейбіреуі үйде, ал қалғандары дәстүрлі жерлерде болуы мүмкін);
- жұмыскердің орталықтың орналасу жерінен тәуелсіз болуы оған үнемі байланысты үзбей және ақпараттық базалармен байланыста бола тұра, офис, клиенттері, әріптестері, үйінің т. с.с. арасында қозғалып отыруға мүмкіндік береді;
- жинақылық жұмыскерге жұмысты қонақ үйінен, әуежайдан, автомобиль мен ұшақтан алуды қамтиды.
Урсула Хьюс Еуропалық комиссиясы үшін арнайы «Қашықтықтан жұмыспен қамтылу және жыныстардың теңдігі» атты баяндамасында қашықтықтан жұмыспен қамтылудың мынадай бірнеше тұрпатын анықтады: бірнеше жерге бағытталған қашықтықтан жұмыспен қамтылу; үйде орындайтын жұмыс, қашықтықта штаттан тыс орындалатын жұмыс, жинақы қашықтықтықта орындау жұмысы, арнайы жабдықталған офисте орындалатын жұмыс [5]. Қашықтықтан жұмысен қамтылу екінші бөлімде толығырақ қарастырылады.
5. Еңбек нарығындағы жұмыскерлердің іріктелуінің күшеюі.
Жаһандану үдерісінің күшеюі әсерінен жоғары білікті жұмыс күшінің артықшылықтары (қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына жауап беретін және жоғары экспорттық әлеуетінің иесі болып табылатын) үнемі өсуде, соның салдары ретінде еңбек сұранысының төмен білікті жұмыскерлерден неғұрлым білікті жұмыскерлерге қарай жылжуы орын алуда. Сұраныстың мұндай жылжуы, табыстардағы теңсіздіктің күшеюі және негізінен төмен білікті жұмыскерлердің арасындағы жұмыссыздықтың өсуімен бірге, жұмыскерлердің осы екі категорияларының еңбек ақысындағы алшақтықтың ұлғаюына алып келді.
Елдер арасындағы жұмыспен қамтылу мен табыстар деңгейлеріндегі айырмашылықтар тек сұраныстың сипатымен ғана емес, сонымен қатар еңбек нарығының құрылымындағы айырмашылықтармен де түсіндіріледі. Еңбек нарығы орталықтанбаған, салыстырмалы түрде жалақы деңгейі икемді болып табылатын елдердегі (мысалы, АҚШ, Ұлыбритания) біліктілігі төменірек жұмыскерлерге салыстырмалы сұраныстың қысқаруы жұмыскерлердің осы категориясының жалақы деңгейінің қысқаруына алып келді. Жалақының қатаң деңгейі мен еңбек нарығы орталықтандырылған елдерде (Франция, Германия, Италия), керісінше, бұл жұмыспен қамтылудың қысқаруын туғызды [6].
Дамыған елдердегі жұмыссыздықтың өсуінің негізгі себептері:
- жаңа технологиялардың енгізілуі өнеркәсіптегі жұмыс орындарының қысқруына алып келеді, әлеуметтік қысымды күшейтеді;
- өндіріс құрылымының өзгеруі мен еңбек сыйымдылықты тауарларды жаппай өндіруді дамушы елдерге ауыстыру, бұл осы елдердің дәстүрлі салаларына ауыр зардап әкеледі, көптеген өндірістердің жабылуын тудырады (жұмыс күшінің құны жоғары елдердің компанияларының өз өндірістік қуаттарының бір бөлігін жұмыс күшінің құны төмен елдерге ауыстыруы);
- жұмыс күшінің өскен жинақылығы.
Соңғы жылдары АҚШ пен әлемнің индустриалды дамыған басқа елдері жаңа феноменге де соқтықты [7]. Егер бұрын жаһандану үдерісі «көк жағалы- жұмысшыларға қауіп төндірсе, енді қауіпті жағдайда, зияткерлік еңбекпен айналысатын «ақ жағалы»-мамандар да қалуда.
Бірінші топты дене еңбегімен қамтылған жұмыс күші құрайды. Соңғы топты негізінен басым түрде денелік емес еңбек, яғни ой еңбегі қызметкерлері құрайды. Топтардың әрқайсысы бірқатар ішкі топтардан тұрады. Мысалы, «көк жағалыларға» білікті, жартылай білікті және біліктілігі жоқ жұмысшылар жатқызылса, «ақ жағалыларға» мамандар, басқарушылар, әкімшілік қызметкерлері, кеңсе қызметкерлері т. с.с. жатқызылады.
Телекоммуникация мен Интернеттің дамуы, деректерді электрондық беру бойынша қызметтер мен халықаралық телефон соғулардың құнының күрт түсуі бағдарламашыларға, телефондық операторларға, көрсетілімдерді өңдеу саласындағы мамандарға, дизайнерлерге және т. с.с. бүгінгі күні қауіп төндіруде. Американ корпорациялары АҚШ аумағындағы тұтынушылармен байланыс бойынша бөлімдерін жауып жатыр және оларды Индияға ауыстыруда: оларға, телефондық оператор-американдыққа $12.57 төлегеннен гөрі, Индияда ағылшынша сөйлейтін оператор сағатына $1 кем ақшаға жұмыс істеуге даяр болып тұрғанда, халықаралық телефондық қоңырау соғудың құнын төменірек төлеу тиімдірек [7]. АҚШ-тан тысқары елдерден, полиграфиялық өнімдердің түп нұсқасы-макеті мен интернет-сайттарды құрастыратын дизайнерлерді, аудармашыларды, бухгалтерлер мен құжат айналысы бойынша мамандарды, магнитофонға жазылған және т. с.с. жазбаларды оқи алатын хатшыларды жалдайды. Одан басқа, американдық корпорацияларға көбіне АҚШ-тан тысқары жерде жұмыс атқарған ыңғайлырақ, себебі «кедей» елдерде кәсіподақтар әлсіз, табиғатты қорғау заңнамалары мен еңбектің қауіпсіздігі нормалары және т. с.с. жұмсағырақ.
Бүгінгі күні осындай үдерістердің әрі қарай дамуының қандай салдарларға алып келетіндігі, олардың әлемнің жекелеген елдеріндегі жағдайларға қалай әсер ететіндігі толық дәрежеде анық емес. Бұл үдерістердің оң және теріс жақтары да бар. Оған қоса, бұл үдерісті жақтаушылардың да, қарсыластарының да көптеген дәлелдемелері теріске шығарылуы мүмкін. Мысалы, Forrester Research зерттеу орталығы АҚШ 2010 жылға қарай 1,6 млн. «ақжағалыларды» болжамдады. Жұмыс орындарының неғұрлым әлсіздігі бағдарламалық қамтамасыз ету, әкімшілік жұмыстар, сондай-ақ қаржы мен маркетинг аясында орын алмақ. Осылайша, АҚШ жыл сайын 220 мыңға жуық жұмыс орындарын жоғалтады, бірақ АҚШ экономикасы қалыпты қызмет атқарып тұрғанда, ай сайын шамамен сонша жұмыс орындары құрылады. тәуелсіз зерттеу орталығы АҚШ апта сайын шамамен 7 мың жұмыс орындарын «экспорттайды», осыған қарамастан, 2001 жыл мен 2003 ж. ж. кезеңінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу үшін аптасына 300 мыңға жуық американдықтар өтініш беріп отырған, олай болса – бұл үдерістер әзірге әлемнің алып экономикасына соншалықты зор қиратушылық әсерін тигізіп отырған жоқ деуге болады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 |


