Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің мәліметтері бойынша 2010 жылы жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар 76,0 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 6,9 пайызды құрады. 2010 жылдың соңында жұмыссыздар ретінде ОҚО бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне 7,8 мың адам ресми тіркелген. Сонымен қатар, еңбек рыногында жасырын жұмыссыздық, яғни толық емес жұмыс аптасына немесе қысқартылған жұмыс күніне қызметкерлерді ауыстыру тәжірибесі, жалақы сақталмаған демалыс беру тіркеледі. 2010 жылы жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1,1 пайызын құрады. Ауыл шаруашылығы саласында 2010 жылдың соңында 23 481 жұмыссыз бар екені анықталды, бұл ресми тіркелгендердің санынан үш есе артық. Шағын қалалар мен ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Осыған байланысты, облыстағы кәсіпкерлік белсенділіктің даму барысы басқа аймақтармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары [2].

Кесте 2. Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығындағы жалданып жұмыс істейтін жұмысшылардың қозғалысы (жыл соңына, мың адам)

Жалдамалы қызметкерлердің тізімдік саны, мың адам

Жұмысқа қабылданғаны

Жұмыстан шыққаны

Тұрақсыздық деңгейі, %

барлығы*

с. і. ірі және орта кәсіпорындарда

2006 ж.

231,2

201,7

47,4

38,7

12,0

2007 ж.

264,2

217,8

64,6

54,6

16,6

2008 ж.

275,1

236,2

70,2

57,8

17,1

2009 ж.

284,7

247,8

70,3

55,1

14,7

2010 ж.

292,2

254,2

66,7

58,4

14,2

* Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде; Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика Департаменті ОСД және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің деректері бойынша автор құрастырған

2010 жылы облыстың кәсіпорындарында (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде) жұмыс істейтін қызметкерлердің тізімдік саны 292,2 мың адамды, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда - 254,2 мың адамды құрады.

Кәсіпорындарда жалдамалы жұмыс істейтін қызметкерлердің тізімдік саны 2006 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артты, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 17 пайызға артты. 2010 жылы облыстың кәсіпорындарына 66,7 мың жалдамалы қызметкерлер жұмысқа қабылданды, оның ішінде 5,5 мың адам (жалпы қабылданғандар санының 8,3%) жаңадан ашылған жұмыс орнына қабылданғандар. Әртүрлі себептермен 58,4 мың адам жұмыстан шықты [2].

Кесте 3. Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығындағы жалданып жұмыс істейтін жұмысшылардың қозғалысы (жыл соңына, мың адам)

Еңбек делдалдығына өтінішпен келгендер саны

Көрсетілген әлеуметтік көмектің түрі

Жұмысқа орналастырылған азаматтар саны

Ақылы қоғамдық жұмысқа жолданғандар

Кәсіби даяралуға немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберлігендер

2006 ж.

10 963

2007 ж.

10 468

2008 ж.

9 740

2009 ж.

8 823

7 408

1 886

523

2010 ж.

7 892

5430

1905

600

Ескерту - Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика Департаменті және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің деректері бойынша автор құрастырған

Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс берушілер және жұмыс іздеушілерге жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы туралы ақпарат беру және екі жақты тиімді шешу қабылдау мақсатында Оңтүстік қазақстан облысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің қатысуымен жыл сайын «Кең баба» этнопаркінде облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып отырады. Онда облыстың жұмыс берушілері бос жұмыс орындарын ұсынылды. Ал «Жұмыс іздеу орталығы» арқылы экономиканың түрлі салалары бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады. Сонымен қатар, «Жол картасы» аясында әлеуметтік және жастар тәжірибесі бойынша жұмыс орындары, кәсіби қайта даярлау курстарындағы мамандықтардың түрлері ұсынылды.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ең маңызды бағыттарының бірі халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту болып отыр, себебі халықта тұрақты жұмыс орнының болуы оның тұрмыс деңгейіне және жалпы әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.

Республика аумағындағы үй іргелік мал шаруашылылықтарында жұмыспен қамтылған халықтың нақты санын анықтау мүмкін емес.

Жұмыс күші жеткіліксіз аудандардан аграрлық еңбек нарығына экономикалық тұрғыдан енжар халықты тарту қажеттігі туындаған жағдайда оның құрылымын анықтап, тұрғындарды жұмысқа тарту деңгейіне баға беру қажет болады. Осы ретте Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы тұрғындардың жұмыспен қамтылу денгейін зерттеу мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама жүргізудің мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысындағы халқы жиі қоныстынданған ауылдық елді мекендеріндегі тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу және талдау болды. Сауалнама жүргізудің міндеттері:

- ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың білім деңгейін анықтау;

- ауыл тұрғындарының жас ерекшеліктері мен гендерлік құрылымын зерттеу болды. Тұрғындар арасында сауалнама арнайы дайындалған анкета арқылы жүргізілді. Оңтүстік Қазақстан облысын аймақтарға бөлу арқылы жүргізілген сауалнама  70 адамды қамтыды.

Мұнда облыс аудандары «Келес»і бес аймаққа бөлініп топтастырылды: «Жетісай»; «Келес»; «Яссы»; Ордабасы және «Ақсу». Аймақтардың құрамына «Келес»і аудандар кірді:

«Жетісай» аймағы – Мақтарал ауданы (Мырзакент, Атакент, Асық ата ауылдық округтері және «Жетісай» қаласы);

«Келес» аймағы - Казығұрт, Шардара және Сарыағаш аудандары;

«Яссы» аймағы - Отырар (Шәуілдір) ауданы және Түркістан мен Кентау қалалары;

«Одабасы» аймағы - Ордабасы (Темірлан және Төтркөл ауылдық округтері), Арыс және Бәйдібек аудандары;

«Ақсу» аймағы – Сайрам (Аксукент селосы), Түлкібас (Т. Рысқұлов селосы) және Төлеби (Ленгір қаласы) аудандары.

Сонымен сауалнамада Оңтүстік Қазақстан облысының барлық елді мекендерінінің тұрғындары сауалнамаға қатысты.

Сауалнама 2009 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында жүргізіліп, тамыз айында талдау-сарапатамалық жұмыстары жүзеге асырылды.

Жалпы сауалнама 70 адам арасында жүргізілген болса, соның ішінде 15 адам немесе 21 пайызы «Жетісай» аймағында, 16 адам немесе 22 пайызы «Келес» аймағында, 13 адам немесе 19 пайызы «Яссы» аймағында, 18 адам немесе 25 пайызы «Одабасы» аймағында, 8 адам немесе 13 пайызы «Ақсу» аймағында тұрады. Гендерлік құрамы бойынша 70 адам арасында ерлер 43, ал әйелдер 27 адамды құрайды. Сонымен, сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 62 пайызын ерлер және 38 пайызын әйелдер құрады. Осы көрсеткіштерге сәйкес, сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі, яғни жалпы 55 пайызы 31-50 жас аралығындағы тұрғындар болды. Бұл сауалнамаға негізінен экономикалық тұрғыдан белсенді халық қатысқанын көрсетеді.

Сауалнама «Жетісай» аймағында сауалнамаға қатысқан респонденттрдің жалпы санының 63 пайызында, «Келес» аймағында 70 пайызында, «Яссы» аймағында 70 пайызында, «Ордабасы» аймағында 66 пайызында, «Ақсу» аймағында 34 пайызында арнайы орта және жоғары білімі бар екенін көрсетеді.

Бұл аймақтарда тұрғындардың басым бөлігі ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейді.

Кесте 4. Оңтүстік Қазақстан облысында аймақтар кесіндісінде сауалнамаға қатысқан респонденттердің білім деңгейі, пайыз

Білім деңгейі

Аймақтар

Жетісай

Келес

Яссы

Ордабасы

Ақсу

ер

әйел

ер

әйел

ер

әйел

ер

әйел

ер

әйел

Бастауыш

2

1

0

1

1

0

0

0

1

1

Аяқталмаған орта

5

2

1

2

1

1

0

2

2

4

Орта

31

15

75

52

74

58

67

61

36

31

Арнайы орта

31

33

9

15

10

15

13

11

27

18

Аяқталмаған жоғары

7

5

2

3

1

2

2

0

2

3

Жоғары

25

45

13

28

15

24

17

26

33

43

Кесте 5. Оңтүстік Қазақстан облысында аймақтар кесіндісінде жұмыспен қамтылғандар деңгейі, пайыз (сауалнама бойынша)

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32