Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
УОПk= 6,750,32 х7,200,23 х6,800,17 х6,150,28 = 1,84 х 1,57 х 1,39 х 1,66= 6,67 балла;
Расчет показателя УСО (уровня сервисного обслуживания) рассматриваемой фирмы и фирмы конкурента МТ производится по формуле (3). Экспертная оценка УСО МТ рассматриваемой фирмы и усредненная оценка этих же показателей МТ фирмы-конкурента приведена в таблице 3.
s1 s2 sk
УСО = C 1 x C 2 x . . . x C 2 (3)
где, УCО – уровень сервисного обслуживания МТ;
с1,с2,…сk – балльные оценки разных показателей, характеризующих уровень сервисного обслуживания МТ;
s1,s2,…sk–коэффициенты относительной значимости уровней сервисного обслуживания МТ.
Таблица 3 - Оценка УСО МТ рассматриваемой фирмы и УСО МТ фирмы - конкурента, в баллах по 10-балльной шкале
№ П\П | Показатели, характеризующие уровень сервисного обслуживания | ТОО «ДиАрКом» | фирма-конкурент | коэффициент относительной значимости показателей |
1 | наличие сервисного места и склада запасных частей | 7,15 | 6,10 | 0,30 |
2 | профессионализм технических специалистов | 7,50 | 5,50 | 0,29 |
3 | качество обслуживания | 6,80 | 5,50 | 0,23 |
4 | оперативность выполнения заказа | 7,00 | 6,50 | 0,18 |
1,00 | ||||
Примечание - Рассчитано автором |
На основании данных таблицы 3 по формуле (3) рассчитаем УСОp (уровень сервисного обслуживания МТ рассматриваемой фирмы) и УСОk (уровень сервисного обслуживания МТ фирмы-конкурента):
УСОp= 7,150,30 х7,500,29 х 6,800,23 х 7,000,18 =1,80 х1,79 х1,55х1,42= 7,10 балла;
УСОk=6,100,30 х5,500,29 х 5,500,23 х 6,500,18 =1,72 х1,64 х1,48 х1,40=5,84 балла;
Определим показатель уровня конкурентоспособности КСp/k МТ рассматриваемой фирмы к МТ фирмы-конкурента по формуле (4):
![]() | ![]() | ![]() |
УПСр α Ц к β УОП р γ УСО р ω
КС p/к = УПСк х Цр х УОП к х УСО к (4)
где, α + β + γ + ω = 1;
КС p/к – показатель конкурентоспособности МТ рассматриваемой фирмы;
УПСр и УПСк – оценки (в баллах) уровней потребительских свойств МТ рассматриваемой фирмы и МТ фирмы-конкурента;
Цр и Цк – цена МТ рассматриваемой фирмы и МТ фирмы-конкурента;
УОПр и УОПк – оценки (в баллах) уровней организации продаж МТ рассматриваемой фирмы и МТ фирмы-конкурента;
УСОр и УСОк – оценки (в баллах) уровней организации сервисного обслуживания МТ рассматриваемой фирмы и МТ фирмы-конкурента;
α, β, γ, ω – коэффициенты относительной значимости УПС, цены, УОП и УСО мобильных телефонов.
![]() | ![]() | ![]() |
![]() | ||
5,31 0,33 19000 0,35 5,99 0,20 7,10 0,12
КС p/к = 6,71 х 20000 х 6,67 х 5,84 =
= 0,790,33 х 0,950,35 х 0,900,20 х 1,220,12 = 0,93 х 0,98 х 0,98 х 1,02 = 0,91
Полученный показатель конкурентоспособности свидетельствует о низкой относительной предпочтительности для покупателей мобильного телефона ТОО «ДиАрКом» по сравнению с мобильным телефоном фирмы– конкурента, что определяется более высокой ценой, более низкими потребительскими свойствами и низким уровнем продаж и только показатель УСО выше, чем у фирмы–конкурента. Основными причинами повышения цены
и не конкурентоспособности фирмы в том что:
1. Рассматриваемая фирма только входит в данный рынок и проводит слабую маркетинговую компанию;
2.Не отработаны каналы поставки мобильных телефонов, настоящий поставщик не оптовый продавец, а лишь предоставляет скидки на розничные цены МТ;
3.Большинство фирм-конкурентов на рынке индивидуальные предприниматели, оплачивают налоги по упрощенной деклараций(3% от оборота) и не оплачивают НДС(налог на добавленную стоимость), а рассматриваемая фирма плательщик НДС, что влияет на себестоимость МТ и соответственно на реализуемую цену;
4.Рассматриваемая фирма расположена в более труднодоступном месте для клиента;
5.Нехватка оборотного капитала.
Показатель (КС) — это не только показатель предпочтительности для потребителя одной МТ по отношению к другой МТ, но и с точки зрения производителя, это своеобразная количественная оценка шанса на успешную реализацию МТ в условиях рынка. При этом величина шанса в известной мере управляемая. Из содержания формулы (4) вытекают основные направления повышения конкурентоспособности, с некоторой долей условности их можно разделить на три группы: технические, экономические и организационные.
Техническое направление связано главным образом с совершенствованием технологии добавления(установки дополнительных программ, музыки, игр и т. д.) к существующему МТ, т. е. со всем тем, что позволяет повысить уровень потребительских свойств МТ: технический эффект (назначение), надежность, экономичность, стандартизация и унификация, эргономичность, экологичность, безопасность эксплуатации и эстетичность.
Экономическое направление связано главным образом с ценовой политикой. Здесь имеет место ценовая конкуренция, которая обычно сводится к снижению цен. Фирмы нередко идут на снижение цен до значений ниже себестоимости товара, терпят убытки только ради того, чтобы удержаться на рынке. Конечно, это крайняя мера, позволяющая избежать еще больших убытков и выиграть время. Выигрыш времени позволяет перестроить производство, внедрить новую технологию и сократить производственные затраты. Часто фирмы снижают цены своих товаров до предела, обеспечивающего минимальную прибыль, опять-таки с целью поддержания конкурентоспособности своих мобильных телефонов.
Организационное направление обеспечения конкурентоспособности мобильных телефонов связано с улучшением организации продаж, совершенствованием сервисного обслуживания МТ.
Для того чтобы повысить уровень конкурентоспособности конкретного МТ, его производитель и продавец может:
а) понизить продажную цену;
б) повысить качество и потребительские свойства МТ;
в) улучшить организацию продажи товаров;
г) улучшить сервисное обслуживание.
Н. С. ДОСМАҒАНБЕТОВ
ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі кезде жаһандық экономикалық өзгерістердің орын алуынан әлемдік тұтыну қоғамы тұрақсыздық жағдайында өмір сүріп отыр. Экономикалық дамудың тұтынушылық үлгілері бара-бара күрделене түскендіктен әлемдік қауымдастықтың алдында оның балама жолдарын іздестірудің аса қиын міндеттері пайда бола бастады.
Экономикалық өсудің тұтынуға бағытталған баламалы үлгілерінің бірі ретінде бүгінгі күні «экологиялық экономика» («жасыл даму») үлгісі қарастырылып отыр. Дамудың осындай үлгісі бойынша табиғи капиталды қорғап қалу мен сақтау жағдайында экономикалық өсуді қамтамасыз ете алады деген тұжырымдамалар қазіргі уақытта аса көкейкесті мәселенің біріне айналды. Басқаша сөзбен айтқанда, әлемнің қазіргі дамыған мемлекеттері өзін-өзі өндіретін экономикаға қызығушылық танытып келеді. «Экологиялық экономиканың» экономиканың дәстүрлі теориясынан басты айырмашылығы болып оның нарықтық үдеріске «табиғи капиталды» қосу табылады. «Табиғи капитал» ұғымы ХХ-ғасырдың соңында пайда болған жаңа түсінік болып табылады. Ресурстың осындай түрінің нарықтық экономиканың тетігіне дендеп ену үрдісі экономиканың өзін-өзі өндіретін бөлігіне қарай өту қажеттілігін қатты туындатып отыр [1, 130].
«Экологиялық экономика» тұжырымдамасы алғаш рет 2005 жылы Сеул қаласында өткен ЭСКАТО ұйымына мүше-елдері қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші Конференциясында алға тартылды. Осыған сәйкес, басты қағидаттары ретінде мыналар ұсынылған болатын:
- экологиялық тиімділік қағидасы, яғни экологиялық-экономикалық факторларды ескере отырып көзделген нәтижелерге жетудің қажеттілігін сипаттайтын және нақты қалыптасып отырған жағдаяттарды жан-жақты қарастыратын әрекет етудің мақсаттарын, міндеттерін және көрсеткіштерін таңдау;
- ресурстарды үнемдеу қағидасы, яғни табиғи және адами ресурстарды қоса алғанда ресурстардың барлық түрлерін сақтап қалу есебінен басқарудың тиімді шешімдерін қабылдау;
- бірлік пен біртұтастылық қағидасы, яғни осындай үдерістерге қатысушы барлық экономикалық субъектілерді қамту;
- салааралық қарым-қатынас қағидасы; яғни мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми орталықтар мен бизнес-құрылымдар сияқты қоғамның әртүрлі секторларының өкілдерін шешім қабылдау үдерісіне жұмылдыру.
Осындай қағидаларға қарап, Қазақстан Республикасы экономикасына «экологиялық өсудің» қағидаларын ұсынудың келесідей тетіктерін Үкіметтің іске асырғаны қажет:
- экологиялық салықтарды енгізу арқылы бюджет жүйесіне өзгерістер енгізу;
- тұрақты өндіру мен тұтынудың үлгілерін енгізу;
- «жасыл бизнесті» дамыту;
- тұрақты инфрақұрылымды дамыту.
Бірінші тетікті жүзеге асыру салық ауыртпашылығы мен жүктемесін өндірістің дәстүрлі түрлерінен қоршаған ортаны ластайтын өндіріске аударуға мүмкіндік береді. Экономиканың барлық субъектілерінің мүдделеріне сәйкес келетін және қызығушылығын тудыратын бұл шара экологиялық жүктемені төмендетуге жағдай жасайды, және де сол уақытта, біздің стратегиялық жоспарымызда көрсетілген экономикалық өсуді қамтамасыз ете алады. Ел экономикасы үшін экологиялық салықты енгізудің негізгі бағыты – бұл салық ауыртпашылығын әлеуметтік маңызы бар қызметтен (мысалы, халықты жұмыспен қамту) қоршаған ортаға зиян алып келетін қызметке аудару. Бұдан басқа, әрекет етудің экологиялық жағынан қауіпсіз түрлерін (мысалы, жеке көліктерді пайдалануды төмендету үшін қоғамдық көлік түрлерін дамыту) дамытуға инвестициялар салуды арттырудың жолдары арқылы бюджетті қайта құрылымдау үдерісі де еліміздің салық саясатын реформалаудың маңызды бір шарасы ретінде қарастырылады. Олай болса, болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау мен табиғи капиталды сақтап қалу бойынша тиімді және тындырымды іс-шараларды қабылдау жолымен салық жүктемесін аса әділетті түрде қайта бөлу мәселесі біз үшін бүгінгі күні үлкен мақсат ретінде саналады.
Экологиялық салықтар тиімділікке негізделген, әлеуметтік-экологиялық бағыттылығы бар фискалдық жүйені қалыптастырудың аса маңызды құралы болып табылады, оның негізгі қағидалары өндіру мен тұтынудың шығындарын реттеумен және табыстарды тең бөлумен түсіндіріледі. Демек, экологиялық салықтарды енгізу салықтың жалпы ауыртпашылығын көтермейді, ол оның қоғам ішінде қайта бөлінуіне және табиғатқа экологиялық зиян келтіруді төмендетуге мүмкіндік береді.
«Экологиялық өсуді» қалыптастырудың екінші тетігі болып тұрақты өндіру мен тұтынудың үлгісін енгізу табылады. Біз білетініміздей, қоғамдық өндіру мен қоғамдық тұтынудың әдістері экономиканың кез-келген тұрпатының негізгі қозғаушы күші болып табылады және, сәйкесінше, іс жүзінде экономикалық өсудің сапасын анықтайды. Шикізат материалдарының және басқа да ресурстардың теңестірілген бағаларымен келістірілген реттеуші стандарттарды әзірлеу өндірушілердің аса таза, әрі экологиялық жағынан тұрақты өндіріске көшудің қызығушылығын туғызуы мүмкін.
«Экологиялық экономиканың» бұл бағыты мынадай құралдармен қарулана алады: мемлекеттік сатып алымдардың экологиялық таза түрлері; тұтынудың үрдістерін есепке алатын сұранысқа негізделген тауардың өмірлік циклі мен басқаруды бағалау; ресурстарды қайта-қайта қолдануды және қалдықтарды қайта өңдеуді төмендету арқылы ресурстарды тұрақты түрде қолдануды ынталандыру және таза өндіріске деген қызығушылықты көтеру. Тауарлар мен қызметтерді өндіру кезінде шикізатты қолданудың деңгейі мен атмосфераға тасталған қалдықтар қоршаған ортаны қорғаудың шешуші факторлары болып табылады. Тұтынудың көлемі неғұрлым өскен сайын қоршаған ортаға келетін жүктеме де соғұрлым үлкен болады.
«Экологиялық өсудің» осындай тетігімен «жасыл бизнесті» дамыту тетігі тығыз байланысты болып табылады. «Жасыл бизнес» іскерлік белсенділіктің қайта жаңартылатын табиғи ресурстарды көптеп қолдану жағына өтуін, экологиялық жағынан таза өнімдерді шығаруды, ресурстардың үнемделуін қамтамасыз ету мақсатында таза технологияларды қолдану мен корпоративтік стратегияларды жүргізуді болжайды. Ереже бойынша, «жасыл бизнес» саясатын іске асыратын компаниялардың әлемдік нарықтарда имиджі жоғары болып табылады, олардың өнімдері жоғары инновациялылықпен және жоғары бәсекелік қабілеттілікпен ерекшеленеді.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген компаниялар үшін «жасыл бизнесті» дамыту – бұл бизнес өкілдеріне экологиялық жағынан таза өнімдерді өндіру мен шығару арқылы салық жеңілдіктерін алу және әкімшіліктік кедергілерді жұмсарту жолымен өздерінің бәсекелік қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік беретін аса табысты нарықтық стратегия.
Жалпы алғанда, «жасыл бизнес» және тұрақты тұтыну халықтың әл-ауқатын көтеруге және қоршаған ортаны қорғауға негізгі құраушы элементтер болып табылады.
«Экологиялық өсудің» тағы бір маңызды құралы болып тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру табылады. Бұл болашақ ұрпақтың табиғи ресурстардың жетіспеушілігін сезінбесі үшін сол ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тұрақты инфрақұрылымдарды қалыптастыру тауарлар мен қызметтердің өмірлік циклінде экологиялық аспектілеріне ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік береді; экологиялық жүйенің біртұтастылығын сақтауға мүмкіндік береді; климаттың өзгеруі мен озон қабатының тесілуі сияқты антропогендік фактордың әсерін тереңдетпеуге мүмкіндік береді; экономикалық жағынан пайдалылығы жоғары тауарлар мен қызметтерді өндіруге мүмкіндік береді; дамудың барлық бағыттарында ұзақ мерзімді экономикалық өсуді максималдауға мүмкіндік береді [2, 116].
Сонымен, «экологиялық өсудің» саясатын енгізудің негізгі міндеті болып ұлттық экономиканың дамуының траекториясына шығуына дайындау табылады, яғни оған қол жеткізу қазіргі жағдайларда табиғи ресурстарды қолданудан бас тартуды және шаруашылық жүргізудің аса прогрессивті және инновациялық жағынан жоғары үлгілерін іздеуді талап етеді.
Қазіргі уақытта, әлем елдерінің «экологиялық экономикаға» көшуін климаттық өзгерістер мәселесімен байланыстыруға болады, оны екі жақты сипаттай аламыз: парниктік газдардың антропогендік қалдықтарын азайту және климаттық өзгерістерге бейімделу.
«Жасыл» экономикаға бет бұру үшін инвестициялаудың келесідей бағыттарын ұсынуға болады:
1) Ғимараттар мен үймараттардың энергиялық тиімділігін арттыру (яғни, ғимараттардың энергиялық тиімділігін көтеру мақсатында оларды қайта жөндеуге инвестиция салу), сонымен қатар, үйлер мен кеңселердің айналасын көгалдандыру мен жасылдандыру үшін материалдық ынталандыруды ұйымдастыру. Құрылыстың қазіргі заманғы озық технологияларын қолдана отырып энергияны тұтынуды 80%-ға дейін қысқартуға болады.
2) Энергияны үнемдейтін және аз ластайтын көлік жүйесін енгізу.
3) Энергия таратудың интеллектуалдық жүйесі бар тұрақты энергетика жүйесін енгізу.
4) Ұлттық саясаттағы игі бастамалар (экологиялық заңдылықтарды енгізу немесе жетілдіру, тиімсіз субсидияларды төмендету немесе тоқтату, отын сияқты пайдалы қазбалардың орнына жаңартылатын энергияның көздерін кеңінен қолдануды, жеке автокөліктің орнына қоғамдық көліктің түрлерін кеңінен қолдануды қолдау үшін фискалдық шараларды жүргізу және т. б.).
5) Ауыл шаруашылығы және халықты тұщы сумен қамтамасыз ету.
6) Жер ресурстарын кеңінен қолдану және кешенді құрылыс саясаты.
7) Тұщы су ресурстарын орталықтан басқару.
8) Технологияларды әзірлеу және олармен алмасу.
9) Халықаралық ынтымақтастық – трансшекаралық, аймақтық, жаһандық.
«Жасыл» экономикада халықтың әл-ауқаттылығын көтеруде экожүйелердің (экологиялық табиғи капиталдың) рөліне үлкен көңіл бөлініп отыр. Осыған байланысты экологиялық қызметтер (адамның экожүйелерден алатын игіліктері мен пайдалылықтары) қарастырылады және олар, ереже бойынша, бүгінгі нарықтық экономиканың қызметіне қатыспайды.
Бүгінгі экономиканың дамуы жаңартылмайтын немесе қалпына келмейтін табиғи ресурстар сияқты материалдарды тұтынумен байланысты болып табылады. Осындай қызметтер парник газдарын тастаудың өсуіне алып келеді [3, 102].
Қорытынды. Іс жүзінде біз жалпы экономикаға қоршаған орта мен табиғаттан алынатын ресурстарды пайдалану жолымен даму тұжырымдамасынан экожүйелік даму тұжырымдамасына өту жайын сөз қылдық. Экологиялық жүйенің негізінде даму арқылы «адами» экономика жалпылама түрінде «табиғи» экономиканың бір бөлігі ретінде қарастырылады және ол сол «табиғи» экономиканың заңдары мен шектеулеріне бағынуы керек, сонымен қатар, мұндай жағдайлардағы экономикалық өсу экологиялық қолайлы («жасыл») өсу болып табылады. Айтқандай, осының бәрі экономиканың нақты секторына да, қаржы секторына да байланысты болып табылады. Климаттың өзгеруі мәселелерін шешудің сұрақтары бүгінде тек қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің құзырындағы ғана мәселелер болып табылмайды, олар оның шеңберінен әлдеқайда шығып басқа да салаларға өз әсерін тигізеді, атап айтқанда, экономиканы қайта құру, өнеркәсіп, көлік, азық-түлік, халықтың көшіп-қонуы, адамның денсаулығы, сыртқы экономикалық саясат салаларына өз әсерін тигізеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. . «Природный капитал», как составная часть природных ресурсов // Фундаментальные исследования. – 2008. - № 2, стр. 130-132.
2. Б. Есекина. Концептуальные основы модели «зеленого роста» // Евразийский экономический обзор. – 2011 - № 2, стр. 116-118.
3. Р. Перелет. Направления стратегии «зеленого роста» // Евразийский экономический обзор. – 2011 - № 1, стр. 98-103.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы еңбек нарығының қазіргі мәні
Қазiргi кезде ауыл шаруашылығын зерттеу саласында еңбек нарығының қалыптасу мәселелерiн қарастыру - ұлттық экономиканың ең маңызды мәселелердiң бiрi, себебі еңбек нарығында қоғамның ең күрделі әлеуметтік және экономикалық мәселелері шоғырланады: құрылымдық және аймақтық жұмысбастылықтың теңсіздігі, жұмыс күші сапасындағы регресситі сипаттағы өзгерістер, тұрғындардың атаулы ақшалай табыстарының төмендеуі, жұмыссыздықтың және соның нәтижесі ретінде ресми тіркелмеген жұмыссыздар санының артуы, жұмыс күшінің миграциясы және т. б. Аталған мәселелер елдегі әлеуметтік және экономикалық жағдайға теріс әсерін тигізіп, құрылымдық және институционалдық қайта құру процестерін тежейді.
Осыған орай қоғам алдындағы өндірістік және әлеуметтік міндеттерді шешудегі ерекше орынды ауылдық елді мекендердің еңбек әлеуетінің тиімділігін арттыру мәселесі маңызды орын алады. Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық тұрмыс аясындағы еңбек рыногы көрсеткіштерінің серпіні кестеде келтірілген (кесте 1) [1].
Кесте 1. Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс, ұсыныс және жұмыс күшінің бағасы (жыл соңына, мың адам)
2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | |
Жұмыс істемейтін, бірақ жұмыс іздеумен айналысып жүрген, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар - барлығы, с. і. | 75,5 | 75,8 | 72,0 | 74,0 | 76,0 |
Жұмыссыз статусына ие болғандар - барлығы, с. і. | 10,9 | 10,1 | 9,7 | 8,8 | 7,8 |
әйелдер | 7,7 | 4,6 | 3,7 | 2,7 | 1,9 |
15-24 жас аралығындағы жастар | 11,8 | 10,8 | 11,2 | 12,6 | |
жұмысшылар қажет кәсіпорындардың ресми түрде берген өтініштері | 1 362 | 1 442 | 1 212 | 1 466 | 1 950 |
Жұмыссыздық деңгейі, % | 7,5 | 7,2 | 7,6 | 6,6 | 6,9 |
Жасырын жұмыссыздық деңгейі, % | 1,7 | 0,7 | 0,8 | 0,9 | 1,1 |
Бір өтінішке келетін жұмыссыздар саны | 8 | 7 | 8 | 6 | 4 |
Ауыл шаруашылығы саласындағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы, теңге | 15 868 | 18 472 | 22 269 | 24 438 | 28 649 |
Ескерту - ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесін пайдаланып есептеуі бойынша құрастырған автор |
Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек әлеуетін экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың және қамтылмағандардың орташа жылдық саны, жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыссыздар ретінде тіркелген, жұмысты белсенді іздеумен айналысып жүрген, белгілі уақыт кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын азаматтардың саны сипаттайды.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 |








