Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

n  материалдық және материалдық емес қажеттіліктер

Зияткерлік меншіктің креативті түрі біріншіден, тұтынушылық пен өндірістің зияткерлі-қаныққан интеграциясы, екіншіден, қазіргі кездегі ең көлемді және ауқымды түсінік, үшінішіден, зияткерлік өнім ретінде түрлі ақапараттық тауарлар, төртіншіден, табиғи және жасанды зияткерлік бірлігінің зияткерлік қызметі негізіне кіреді. Сонымен қатар, зияткерлік меншіктің креативті түрі патенттер мен лицензия арқылы бұйыру-иелену ретінде және тираждау – тарату арқылы ерекшеленеді және өндіріледі.

Мысалы, зияткерлік меншіктің креативтік жеке, мемлекеттік және басқа түрлі жағдайында ақпараттық тауардың – идеяның құрамдық ерекшеліктері келесіден көрінеді:

1)  ғаламдық-қоғамдық тасымалдаушы ретінде қызмет атқарады; тұтынушылық және жаппай өндіріске ақпараттық тауар болып табылады;

2)  табиғатынан, жоғары дәрежедегі инновациялылық пен жаңарумен ерекшеленеді;

3)  ақпараттық тауар жаңалығы оның сипатын қиындатады; тұтынушы мен сатып алушы жағынан қабылдау, түсіну, уақытында талап ету мәселелері туындайды;

4)  екінші және үшінші тармақ күшімен ақпараттық тауарлар – идеялар коммерциялық тәуекел аймақта болады;

5)  ақпараттық тауарлар – идеялар зияткерлік меншіктің креативті формадағы қарама-қайшы түрде өзіне жеке және жеке емес түрлерін өзіне енгізеді.

Зияткерлік меншіктің креативті түрінің ұдайы өндірісі келесідей жүзеге асады:

1)  қоғамдық еңбекті бөлу және КШҚ (кертартпа-шығармашылық қызмет) түрлерінің интеграция жағдайында зияткерлік меншіктің креативті түрі – түрлі ақпараттық тауар өндірісі қаланатын экономикалық іргетас;

2)  ақпараттық тауарлар өндірісі – бұл жаңа құндылықтарды құру болып табылады;

3)  органикалық бірлікте ақпараттық тауар құндылықтарымен қатар, оның (ақпараттық тауардың) қарама-қарсы қасиеті – пайдасы туындайды;

4)  сонымен, пайдалы және жаңа құндылықтарды құру және оларды қосып алу жағдайларын қалыптастырады. Нәтижесінде зияткерлік меншіктің креативті түрі қарым-қатынасының экономикалық іргетасы өзгеріп, дамып, түрленіп, нығаяды; мұндай іргетаста ақпараттық тауардың өндірісі жалғасады, басқаша айтқанда зияткерлік меншіктің креативті түрінің ұдайы өндіріс үрдісі әрбір жаңа деңгейде кезеңімен қайталанып отырады.

Ақпараттық тұрғыдан зияткерлік меншіктің креативті түрі тек қана материалдық емес, сонымен қатар жоғарғы неотехнологиялардың рухани-зияткерлік игіліктерін, ғылыми-зияткерлік жағын жақындатады. Зияткерлік меншік креативті түрінің түрлі ақпараттық жоғарғы неотехнологияларға әсерін қазіргі кездегі өндірістік және басқарушылық қарым-қатынастың түрлері мен құрамы анықтайтынын атап өтейік.

Бәріне мәлім бір ақиқатты айту қажет, ақпараттық ресурстардың бастысы аз құралдармен белгілі затты қалыптастыруға әкеледі. Осыған байланысты қор нарығын, капитал нарығы, еңбек нарығы, жер нарығына дәстүрлі түрде бөлуде кейбір өзгерістерден өтеді. Қазіргі жағдайда жалпы нарықтың әсерімен жүргізілген дәстүрлі қор нарығындағы түпкілікті өзгерістер – ақпараттық ресурс нарығында байқалады. Өз кезегінде ақпараттық ресурстар мен ақпараттық тұтынушылық арасында тығыз әрекеттесулер бар.

Жеке және өнімді тұтынушылықты қамти отырып, ақпараттық қажеттіліктер түрлі құрам мен сипатта болады. Ақпарттық қажеттілікке байланысты ең бастысы реттелген және ұйымдасқан экономикалық ақпарат жайлы айтылады. Үлкен көлемді ақпарат және нарық жағдайында, ақпараттың қажеттіліктері ұтымды түрде ұйымдасқан қорларға қарағанда тез өсуде. Бір жағынан ұйымдық ақпараттағы тұтынушылықтың дамуы арасында заңды қарама-қайшылық туындайды (мысалы, уақытында қабылданған және орындалған шешім) екінші жағынан, ақпараттың қарқынды шексіз өсуі, ұйымсыздығы мен ретсіздігі.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Осыдан тұтынушылық қарым-қатынасының дамуы уақытында мұндай қарама–қайшылықты шешумен байланысты. Мұндай қарама-қайшылықтарды шешудің басты бір белгісі экономикалық ақпаратты уақытында өңдеу және ағымдарды түрлендіру болып табылады. Тұрмыстық мәліметтердің ағымдарын өңдеу нәтижесінде, ЭКОНОМИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҢ ҰЙЫМДАСҚАН ЖӘНЕ РЕТТЕЛГЕН ӨНДІРІС МАССИВІ түзіледі. Сонымен, экономикалық-нарықтық постиндустрияның дамуына байланысты ақпараттық ресурстар маңызды орын алады. Экономикалық тұрғыдан ақпараттық ресурстар зияткерлік меншіктің объектісі ретінде екі байланысқан аспектімен сипатталады:

Біріншісі, шексіз, өйткені экономикалық ақпараттың массивтері мен ағымдары шексіз қолданыста болады;

Екіншісі, қайталама (туынды), өйткені өнеркәсіптік үрдістің әлеуметтік-экономикалық және табиғи-заттық құрамына бағынышты және тәуелді болып келеді. Ауысым өндірісінің нақты икемді қабілеттерімен, өндірісті бір қалыптан екінші қалыпқа экономиканың объективті қызметтік іргетасына фирманың бәсекелестігін нығайту және пайданың максималдылық ауыстыру бағытына экономикалық ақпараттық қорлары жатады. Сәйкесінше, қолда бар ақпараттық қорларды қолдану дәрежесі қоғамдық өндіріс өсуінің бір факторы болып табылады. Басқаша айтқанда, бірлескен қоғамдық өнімнің ұлғайтылған ұдайы өндірісінің бүр түрі қарқынды дамыған және жинақталған түрлі ақпараттық қор ретінде беріліп отыр. Мұндай түрліліктің бір элементі түрлі кәсіптік-коммерциялық фирманың өнімі ақпараттық-экономикалық қатынастардың қиындық туғызып қалыптасатын және дамитын жағдайларына байланысты. Ақпараттық-экономикалық қор жүйесінде өндірістік-коммерциялық ақпаратты автоматтандырылған өңдеуден өткізу, бір жағынан, дамып келе жатқан өнеркәсіптің ұйымдаспаған және реттелмеген экономикалық ақпараттың үлкен көлемді ағымы арасындағы қарама-қайшылығы туады, басқа жағынан, экономикалық ақпараттың ұйымдасқан және реттелген дамып келе жатқан қажеттіліктеріне байланысты болып келеді.

Ақпараттық постиндустрияның құрамды түйіні ретінде, өндірістің уақытша кеңістік фазасының еңбек өнімін тұтыну фазасынан алшақтау жағдайымен ақпараттық қорды тиімді қолдану – даму үстіндегі трансакциялық шығындарға тосқауыл болады. Мұндай тосқауыл, өз кезегінде басқа - материалдық қорлар мен олардың қоғамдық тұтынушылық шектеулік арасындағы қарама-қайшылықты шешуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық ресурстар даму мәнінің өсуі мен қорлардың өзара ауысымы жайында қосымша, соңғы 50 жылда әлемнің дамыған елдер қатарындағы елдердегі ауылшаруашылық өнеркәсібі осы саладағы материалды – физикалық қорды ұлғайтуынсыз, жаңа агротехникалық ақпарат, сонымен қатар білім арқылы даму үстінде болғанын айтуға болады. Мұндай мәліметтердің ұқсастығын адам қызметінің басқа да түрінен көруге болады. Осындай ақпараттық қорларды иемдену, белгілі бір дәрежеде әлемдік қоғамдастықтағы бағдары арқылы нақты немесе бір мемлекеттің халықаралық бөлінісі және еңбекті біріктіруіне байланысты. Ақпараттық, еңбектік, қаржылық, материалдық-өнімдік және энергетикалық қорлар арасындағы жалпы сипаттама мен ерекшеліктерін келесідей көрсетуге болады.

Жалпы сипаттамасы:

1) барлық қор түрлері қоғамдық ұдайы өндірістің барлық 4 кезеңінде қажет;

2) қорлардың барлық түрленген түрі тауар және қоғамдық өндіріс көрсеткіштері арқылы іске асады;

3) қорлардың барлық түрі қор және резерв түрінде қалыптасып, жинақталады;

4) қор түрлері бір-бірін басқарып, реттеп, ауыстырып отырады.

Ерекшеліктері:

1)  4 кезеңдегі қоғамдық өндірістің әрбір ресурсының түрлі қызметі, пішімі, экономикалық құрылымы бар;

2)  әрбір ресурстың толық айналымды және айналымды жылдамдығы болады;

3)  әр қор нарықтағы бәсекелестік және өнімнің жаңарып отырудағы түрлі маңыздылығымен сипатталады;

4) нарық қатынастарының дамуымен қоғамдық өндірістің бір өлшемді соңғы көрсеткіші (тауар) арқылы қор түрінің салыстырмалы салмағы өзгереді;

5) ақпараттық ресурстардың ең басты ерекшелігі керемет сипат алады - маңызды және үздік орында бола тұрып, басқа ресурс түрлеріне айнала алады.

Сонымен қатар, ақпарат ресурстардың жүйетүзуші және жұмысын басқарушы қызметін белгілеп, атап өту керек. Ақпараттық ресурстар ақпараттық экономиканың негізі болып табылады. Өз кезегінде, ақпараттық экономика тұрмыстық ақша-тауар әдісі мен қоғамдық өндіріс пен тұтынушылықты басқарудың нарықтық әдістерін қолдана отырып, дамиды, әрекет етеді.

Халықтық ресурс нарығындағы түпкілікті өзгерістерді еңбек нарығы арқылы мысал келтіреміз. Еңбек өзінің сипаты бойынша меншік және өндірісітік-нарықтық қатынастарды көрсетеді. Мұндай көріністің болу себебі, еңбек барлығын ақпарат арқылы жүзеге асырады.

Ақпараттық еңбек ақпаратты өңдей отырып, өндірілетін өнімнің затын және энергиясын түрлендіреді. Бірден әлеуметтік-экономикалық және нарықтық қатынастар жайында ақпарат түрленіп, өңделеді. Сонымен бірге еңбектің шығармашылық және кертартпалық жағы жаңа және қолданудан шығып қалған ақпарат арасындағы динамикалық үйлесімділігі арқылы анықталады. Сонымен, еңбек үрдісі өзіне жаңа, сонымен қатар қолданудан шығып қалған кертартпалық ақпаратты енгізеді.

Демек, еңбек ақпарат қолданымсыз болмайды. Мұндай тұтыну екі түрлі сипатта болады. Бір жағынан, жұмыс күшін қолданады, екіншіден ақпараттың өзін қолданысқа жібереді. Жұмыс күші немесе ауысымды адам капиталының құны ақпараттың жаңаруы мен жинақталу процесінің жүруіне байланысты анықталады. Ақпаратты қолдану процесі кертартпалық-компьютерлік еңбек жасанды интеллектінің қатысуымен шығаратын өнімді білдіреді. Соңғысы, кертартпалы-басқарушылық еңбек қызметін атқарады, қоғамдық өндірісті реттеп, өздігінен өңдеп, бағдарлама енгізу қабілетін көрсетеді.

Ақпараттық экономика жағдайында адам кертарпалық жұмыс күші мен кертартпалы-ой еңбегінен арыла отырып, шығармашылық еңбек пен кәсіпкерлік қызметке көп уақыт бөледі.
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі ынта мен тәуекел ақпараттық қамтамасыздандырумен қоса жүрмейді. Мұнда мақсаттық орнатушылық ең көп пайда табуға бағытталған.

Тауар иеленушілері үшін шаруашылықтың теңдігін орнату, олардың әрекеттеріне бәсекелік бастау мен оның нәтижелері үшін жауапкершілікті көбейтуді енгізу, тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін нарықты тауармен және қызметпен қамсыздандыру құқықтық тетіктегі (механизм) кәсіпорын мен ұйымдардың, сондай-ақ олар өндіретін тауар мен қызметтің лайықты дербестігін қамтамасыз етудегі объективтік қажеттілікті тудырады. Мұндай құқықтық тетік (механизм) азаматтық құқықтың сала ішіндегі саласы, нақтырақ айтатын болсақ, азаматтық айналымдағы қатысушылар мен олармен өндірілетін өнімнің (жұмыс, қызмет) дербестік құрал институты болып табылады. Бұл құқықтық институт патенттік құқық сияқты өндірістік меншікпен, яғни өндіріс сферасындағы жүзеге асырылатын ерекше құқықтармен, сауда айналымы, қызмет көрсету т. б. байланысты. Қарастырып отырған зияткерлік меншік институтының негізгі функциясы өндірушелірдің және олардың тауарлар, жұмыс пен қызметтің тиісті дербестігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Зияткерлік меншік» және «ерекше меншік» ұғымдарын тең дәрежеде қарастырудың орынсыздығы Қазақстан Республикасы заңдарына ғана қатысты екенін айта кеткен жөн. Мәселен, ерекше құқық Ресей мен Өзбекстанның азаматтық заңдарында құрамына интеллектуалдық меншік объектісіне өзіндік мүліктік емес құқықтармен қатар, мүліктік құқықтар да енетін категория ретінде түсіндіріледі. Дәл осы секілді позиция ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдерінде Модельдік Азаматтық Кодексінде де бекітілген. Ал, Қазақстан заңдары бойынша, жоғарыда айтылғандай, бұл категорияға тек мүліктік құқықтар енеді. ҚР Азаматтық Кодексі ақпаратты заңсыз жолмен алудың қандай екенін нақты көрсетпейтіндіктен, аса қауіптілік туындамайды. Дүние жүзі бойынша мұндай тәсілдер болып шпионаж, коммерциялық құпияны білетін қызметкерден пара беріп сатып алу, ғимаратқа заңсыз кіру, байланыс құралдарын заңсыз тыңдау табылады.

Зияткерлік меншікке тиесілі барлық белгілерге сәйкес оның объектісі бола отырып, коммерциялық құпияның өзіне қатысты ерекшеліктері бар. Коммерциялық құпияға келесі үш талап қойылады. Біріншіден, ақпараттың үшінші тұлға білмейтін нақты немесе потенциалды құпиясы болуы керек.

Екіншіден, заңның негізінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ешкімнің де қолы жетпеуі керек. Егер тиісті ақпаратқа заңның негізінде мүдделі адамның қолы жетсе, мысалы, ашық мәліметтерді зерттеу жолымен, шығарылатын өнімнің үлгісін анализдеу, баспалармен танысу және т. б. мұндай ақпарат коммерциялық құпия болып танылмайды.

Үшіншіден, ақпарат коммерциялық құпия болып саналуы үшін оның иесі құпияны қорғауға тиісті шараларын жүргізуі керек. Бұл техникалық шаралар, ұйымдық және заңдық сипатқа ие үшінші тұлғадан ақпаратты қорғайтын әр түрлі шаралар болуы мүмкін.

«Коммерциялық құпия» терминімен қатар заңдарда және тәжірибеде «өндірістің құпиялары», «ноу-хау», «сауда құпиялары», «конфиденциальды ақпарат» сияқты терминдер кең таралған. Аталған терминдерінің әрбіреуінің өзіне тән ерекшеліктеріне және белгілі бір жағдайда қолданатынына қарамастан, олардың барлығы «қызметтік және коммерциялық құпия» деп бекітілген атауға ие.

Қорыта айтсақ, зияткерлік меншік азаматтық құқықтың халықаралық деңгейіндегі ең жоғары дамып отырған салаларының бірі. Теориялық жағынан интеллектуалдық меншікті қорғау қатынастары бойынша халықаралық келісім-шартқа отыру – ерікті іс, шартқа отырмаған елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымының мүшесі бола алмайды, оларға ұлы сауда державалар мәжбүрлеп енгізу әрекеттерін жүргізе отырып қысым жасай алмайды.

Зияткерлік меншіктің халықаралық құқықтық аспектісінің басқа да ерекшеліктері бар. Халықаралық қауымдастықта бірқатар мемлекеттер интеллектуалдық меншіктің экспортері болса, басқалары импортерлер болып табылады. Зияткерлік меншіктің елеулі мөлшері ірі көпұлттық корпорациялармен өндіріледі. Олар бүкіл әлемде өз құқықтарын қорғауға мүдделі.

ПАЙДАЛАНҒАН әдебиеттер

1.  Методолгия информационной экономики. Научная монография. М., «Теис», МГУ им. , 2010.

2.  , Сергеев собственность. — М.: Юристъ, 2000.

3.  Гаврилов к закону «Об авторском праве и смежных правах». – М.: Фонд «Правовая культура», 1996.

Д. ӘУБӘКІР, Д. Агзамова, А. Оразалина

ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЕКТЕУЛЕРДІ

ЕСКЕРЕТІН ҚОР ТҰТЫНУ НОБАЙЫ

Кіріспе. Бүгіндері «эконометрия», «математикалық-экономикалық модельдеу/нобайлау» деген пәндер экономикалық мамандықтар дайындауда және де экономиканы пәнаралық пәндер ретінде оқытуда кең қолданыс табуда. Осы жағдай математикалық әдістерді экономика ғылымы мен пәніне етене енгізуге жол ашып отырғаны белгілі. Дегенмен де, осынау математика кіріктірілетін жағдайларда практикада жиі орын алатын табиғи һәм жасанды шектеулер ескеріле бермейтіні де жасырын емес. Міне, осы олқылықты жоюдың бір жолын ұсынуға мүмкіндік туып отыр. Бұл жерде әңгіме болайын деп отырған мүмкіндік бүгіндері техникалық пәндерде кең қолданыс тапқан «құбылмалы сипаттамалар» әдісін экономика саласында қолданып көрумен байланысты болмақ. Біз бұл ілімді екі бөлімге бөліп қарастыратын боламыз.

I БӨЛІМ

§ 1.1 Құбылмалы сипаттамалар әдісіне

экономикалық тұрғыдан үңіліс

«Техникалық және технологиялық ғылым-ілімдерде кеңінен қолданыс тапқан құбылмалы сипаттамалар әдісіне экономикадағы ғылым мен пәндерде орын табылар ма екен» деген ой көптен бері осы әдістің авторын толғандырып келген еді[1].

Екі саланың, яки техника-технологиялық және экономикалық салалардың бітім-болмысын салыстыра келіп, сол ойды жүзеге асыруға еш кедергінің жоқ екеніне көз жеткендей болды. Өйткені техника мен технологиядағы шектеулер параметрлер және сандық көрсеткіштерге байланысты туындап, қарастырылса, экономикада негізінен қорларға қатысты практика жүзінде қолданылатын теориялық зерттеулерде шектеулерді ескермеске болмайтындай жағдайлар жеткілікті. Мысалға, шикізат ретінде астықты жыл бойғы тұтынуды алайық. Күзде орылып, қамбаларға, диірмендерге тоғытылған бидай көлемі – жылдық қор болып есептеледі, үстіміздегі жылы ол рекордты 25 млн. тонна көлемінде болады деп күтілуде. Солай болсын делік.

Жыл бойы біртіндеп шет елдерге шығарылатыны бар, өз елімізде тұтынылатыны бар, бүлініп құритыны бар, әйтеуір келесі күзге дейін бірте-бірте бидай қоры көлемі азая түспек. Математика тілімен айтқанда, уақыт күзден келесі күзге дейінгі аралықта төмен қарай құлдырай түсетін трендтік қисық сызық бидай қоры көлемінің жоғарғы шегін бейнелейді. Екінші жағынан, сол күзден келесі күзге дейінгі аралықта көктем бар, яғни тұқым себу науқаны орын алады да, біраз бидай тұқым түрінде жерге себіледі. Ол науқан бидай қоры көлемінің күрт құлдырауына жетелейді. Болашақ астыққа алғышарт болмақ тұқымсебілгенімен, осы көктемнен жақын күзге дейін халықты астықсыз қалдыруға болмайды, демек, қамбалар мен диірмендерде “тиісуге болмайтын” төменгі шектік қор сақталып қалуға тиіс. Ал сол төменгі шектік қор мөлшері жылдан жылға біркелкі болмауы да ықтимал, өйткені осы мөлшерді қандай деңгейде ұстап тұру кейде үкімет тарапынан қадағалауды қажет етпек. Бұндай шешімге мәжбүр ететін бірнеше факторларды дәйек ретінде келтіруге болады, айталық халықтың өлім-жітімі; шет елдерге қоныс аударушылар мен елге оралушы оралмадар; келер жылдың егіншілікке қолайлы-қолайсыз ауа-райын болжаулар; басқа елдерге әртүрлі зіл-зала, аштық, қанқұйлы қақтығыстар секілділерге гуманитарлық көмек ретінде бидайды аттандыру; малға азық – фураж ретінде бөлінетін бидай көлемінің құбылуы т. т.

Мінеки, осы бір ғана шикізат қорының жоғарғы шектік һәм төменгі шектік бір жыл бойғы әрқилы құбылуы дәл осылай аталған «құбылмалы сипаттамалар» әдісін қажетсінетіні айдан-анық.

Жалпы, кез келген үдерістің уақыт параметрімен байланыстыра отырып қарастырылуын физика-математика саласында динамикалық нобайлау дейді де, пайда болған жүйені «динамикалық жүйе» деп атайды.

§ 1.2 Құбылмалы сипаттамалар әдісінің

математика-экономикалық кескіндемесі

Енді «құбылмалы сипаттамалар» әдісінің мән-мағынасымен танысу үшін оның көрнекі кескіндемесімен динамикалық жүйені (ДЖ) қарастыра отырып, танысып алайық. Ол үшін мына сызба-суреттік бейнеге көңіл бөлейік:

1-Сурет.V0, V1 нүктелерінде құбылмалы сипаттаманың геометриялық құрылымы

Осы бейнеге қатысты мынадай анықтамалар беріп, арнайы ұғымдар енгізейік. Әзірше бұл ұғым-түсініктер техника-технологиялық сипатта болмақ. Дер кезінде оларға экономикалық мән-мағынателінбек.

Анықтамалар: 1-ші: z- ДЖ әрекеттенуінің кейбір режимдерін айқындайтын параметрлер жиынтығына кіретін айқындауыш параметр болсын делік; ДЖ әрекетінің аясы екі параметрге z пен t- уақыт параметрлеріне қатысты шекаралары алдын ала анықталған аймақ болсын делік, оны R деп белгілейік (1-суретті қараңыз!):

(1)

Бұл жерде­(1)формуласы шартын қанағаттандыратын үзіліссіз немесе бөлшек-үзіліссіз фунциялар болсын.

(2)

Әдетте R аймағының шекаралары ДЖ-ға қойылатын табиғи физикалық немесе конструктивтік, немесе параметрлердің мәніне байланысты қойылатын талап-шарттарға орайластырылып, белгілі бір шектеулерді, айқындауыш параметр шектемелерін есепке ала отырып тағайындалады.

Бұл жерде тағы бір ескере кететін жайт мынау: «әрекеттенушілік» және «әрекеттенушілік аймағы» ұғымдарын біз техникалық пәндерге қаратып айтып отырмыз.

2-ші: Жоғарыдағы 1-суреттегі R аймағының ішінде графигі орналасқан мына y=z(t) функциясын, графигімен қоса:

(3)

ДЖ-ның әрекеттенгіштігінің Т=[t0,t1] аралығындағы сипаттамалық функциясы немесе жай ғана ДЖ-ның сипаттамасы деп атаймыз.

ДЖ-ның (1)-(3) қатынастарда келтірілген әрекеттенгіштік аймағының аумағынан шықпайтын көптеген сансыз сипаттамалары бар екендігіне математикалық тұрғыдан көз жеткізу қиын емес, мысалға, осы аймаққа қамтылып тұратын мынадай сансыз қисықтардың дөңес комбинациясын алайық:

. (4)

Мұнда s – скаляр: 0<s<1.

3-ші: (4) түріндегі сипаттамаларды ДЖ-ның шақ-шақ сипаттамалары деп атаймыз.

Практикалық қолданыстарда (4) түріне жататын шақ-шақ сипаттамалардың кейбірі ерекше маңызға ие болады, мысалы мына қисық:

, (5)

яғни s=1/2 болғандағы түрі ДЖ-ның номиналды сипаттамаларын анықтауда қолданылады. Оны ДЖ-ның орташа сипаттамасы деп атаймыз.

4-ші: R аймағынан тысқары жатқан жоғарғы және төменгі әрекетсіздік зоналардың тең құқықтығы жағдайында орташа сипаттама ДЖ-ның номиналды сипаттамасы деп аталады.

Басқаша айтқанда, бұл жерде номиналды дегеніміз, әрекеттенгіштік аймағын 2 тең бөлікке бөлетін сипаттама болып шығады және бұл осы ДЖ үшін ең оңтайлы сипаттама болып есептеледі. Тағы да қайталауға тура келеді: бұл жердегі номиналды сипаттаманың анықтамасынан басқа оның жалпылама анықтамасы техникалық пәндерде беріледі және де ол бұндағыдан кеңірек жағдайды қамтиды ([1]-ді қараңыз!).

ДЖ-ның тағы да бір өте-мөте пайдалы сипаттамасын синтездеу үшін R әрекеттенгіштік аймағы шеңберінде классикалық екінүктелі есепті шығарып көрейік.

нүктелерін таңдап аламыз. Егер де s – скалярының

,

түрдегі жүйені қанағаттандыратын s=s0 мәні табылатын болса, онда бұл есептің шешуі:

(6)

шақ-шақ сипаттамасы болып табылады.

Математикалық тілде (4) қисықтар жиынтығы W1(t), W2(t) екі функциясының кез келген t үшіндөңес комбинациясы деп аталатынын жоғарыда айттық. Егер де шақ-шақ сипаттамалар ішінен берілген V0, V1нүктелері арқылы өтетіні табылса, яки (6) функциясы белгілі болса, онда ол екінүктелі интерполяциялау есебінің шешуі болады да, басқару теориясынан бұрыннан белгілі классикалық мәселенің бейклассикалық шешімі болады. Өйткені классикалық екінүктелі мәселе шектеусіз аймақтар үшін тұжырымдалған болатын. Бұл шешім ДЖ күйінің [t0,t1] уақыт аралығындағы қажетті үзіліссіз өзгеру траекториясын береді. Бірақ, бұл өте сирек кездесетін жағдай. Жалпы жағдайда екінүктелі интерполияциялау есебінің шешімін ДЖ-ның құбылмалы сипаттамалары деп аталатын ұғымнан іздеп көреміз.

Сонымен, егер де s-тің қажетті s0 мәнін қанағаттандырарлық (6) теңдігі болмаса, онда есепті шығаруға басқа жолмен келеміз.Әрқайсысы V0, V1нүктелерінің біреуі арқылы өтетіндей етіп екі шақ-шақ сипаттама жүргіземіз:

, (7)

мұндағы: тұрақты мәндерге ие болған шамалар.

(7) түріндегі бірінші шақ-шақ сипаттама екіншісіне қарағанда жоғарырақ орналасады деп есептейміз. Енді

(8)

тұрақты мәнді шаманы анықтап алып, координаты өзгеріп отыратын, бірақ пропорциясы сақталатын тағы да бір g(t) қисығын (7) жүйесіне қатысты етіп жүргіземіз:

(9)

Бұны мынадый бөлшексіз жазу түрінде өрнектеп:

және де t-ны t0+t1-t өрнегіменауыстырғанда, шығарылып алынған

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32