Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Одним из рисковых моментов для разработчиков новых технологий является и то, что предприятия-монополисты при появлении спроса на отходы производства необоснованно взвинчивают цены, как только ученые затевают проект. В результате резко снижается рентабельность переработки отходов и соответственно привлекательность проекта для инвестора. Учитывая данную ситуацию, необходимо установить государственную монополию на техногенные отходы. Следует разработать механизм тендерной передачи техногенных отходов структурам малого бизнеса в качестве натурных грантов. Это позволит создать благоприятные условия субъектам малого бизнеса, внедряющим новые технологии, и одновременно будет способствовать решению экологических проблем.
Для повышения заинтересованности частного бизнеса в создании конкурентоспособного продукта с высокой добавленной стоимостью необходимо применение бюджетного и проектного финансирования, предоставление налоговых и кредитных льгот, синдицированных и консорциальных кредитов, стимулирование и поощрение экспортных операций. Важно совершенствовать инфраструктуру, обеспечивающую инвестиционный процесс, путем создания специализированных финансово-кредитных учреждений (инвестиционных банков, паевых инвестиционных и венчурных фондов и др.) а также многократно повысить роль фондового рынка в перераспределении инвестиционных денежных потоков в реальный сектор экономики.
Реализация Программы индустриально-инновационного развития страны требует кардинальной модернизации образования. Мы обязаны обеспечить новый уровень развития университетского образования и науки.
Университеты должны быть источником инноваций, новых идей и новых технологий, так принято во всем мире. Нужно создавать благоприятные экономические условия для развития науки в университетах, создавать в них научные центры, открывать научные лаборатории, обеспечивать ученых государственными и частными заказами по наиболее важным направлениям научных исследований. В этом вопросе важна координация и регулирование со стороны государства, рынок здесь не может играть главенствующую роль. Важно достойно стимулировать труд ученых, повышать престиж и статус ученого, без этого невозможно обеспечить научно-технический прогресс и стабильное и устойчивое развитие экономики.
Качественное образование должно стать основой индустриализации и инновационного развития Казахстана.
К сожалению, на практике наблюдаются факты, когда открываются новые высокотехнологичные производства, а работать некому, нет подготовленных высококвалифицированных кадров. Это очень серьезная проблема нашей экономики и ее надо решать незамедлительно, особенно в условиях форсированного индустриально-инновационного развития страны, когда ежегодно будут открываться сотни новых высокотехнологичных производств. Для этого необходимо заранее планировать подготовку кадров для таких производств, делая соответствующие заказы учебным заведениям. Важно обеспечить более тесную интеграцию университетов с конкретными производствами, реальным сектором экономики. Необходимо также существенно улучшить качество подготовки специалистов для всех сфер экономики страны. Министерствам индустрии и новых технологий, труда и социальной защиты совместно с Министерством образования и науки необходимо координировать эти процессы, обеспечив научно обоснованное планирование подготовки и повышения квалификации соответствующих кадров для новых высокотехнологичных производств.
Важно помнить, что только человеческий капитал, его интеллектуальные способности, могут обеспечить в ХХI веке технологический прорыв и конкурентоспособность страны.
, ,
Индустриалды - инновациялық өркендеудің қаржылық негіздері.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 000 Жарлығымен бектітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, негізгі мақсаттардың бірі ретінде, 2020 жылға қарай Қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде 30-35 пайызға аса артуын қамтамасыз ету қойылған. Бұл мақсатты жүзеге асыру жолында экономиканы әртараптандыру, экономикалық әлуметтің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, экономикалық даму орталықтарын қалыптастыру, қарқынды индустриалды – инновациялық бағдарламаларда көрсетілген міндеттерді орындау керектігі белгіленген. [3].
Республикамызда соңғы кезде қабылданып жатқан бағдарламалар мен жоспарлар, негізінен, экономикамыздың өнеркәсібін, өңдеуші мен дайын тұтынатын бұйымдар өндіруші және тікелей қызмет көрсетуші салаларын қарқынды дамыту мақсатына бағытталған. Солардың ішінде, Қазақстан Республикасынын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасында да үлкен міндеттер қойылған. Бұл бағдарламаның орындалу мүмкіндіктерін, оның тиімділігін талқылау алдынан, осы мақсатта қабылданған алдыңғы бағдарламалар нәтижелері туралы пікірлерді ортаға салсақ [4].
2003 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» өте кең және ауқымды мақсаттарды орындауды жоспарлаған болатын. Бұл стратегиялық бағдарламаның алғашқы кезеңінің нәтижелері ретінде елімізде даму институттарының жүйесі түзілгенін атап өтсек болады. Атап айтатын болсақ: Қазақстанның даму банкі, Қазақстанның инвестициялық қоры, Ұлтттық инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандырушы мемлекеттік корпорациясы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы сияқты құрылымдар ұйымдастырылды [1].
Қазақстанның инвестициялық қоры өңдеуші салалардағы жеке кәсіпкерлердің жаңа жобаларын несиелендіру және кәсіпорындардың жарғы қорларын қалыптастыруға мемлекеттің атынан үлес қосу жолдарымен қаржыландыруға қатысады. Қазақстанның даму банкі жеке және мемлекеттік кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді, аз мөлшердегі үстеме пайызды несиелер берумен және экспорттық жобаларды қаржыландырумен шұғылданады. Ұлттық инновациялық қор болса жоғары технологиялық – информациялық жүйе, биотехнология, металлургия сияқты, тәуекелділігі жоғары ғылыми (венчурлық) инновациялық жобаларды қаржыландыруды қолдайды.
Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандырушы мемлекеттік корпорациясы экспорттық тауарлар өндірісін кеңейтіруге бағытталған инновациялық жобаларды қолдап, берілген несиелер мен тауарларды сақтандырады. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қарамағындағы Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының негізгі міндеттері болып инновациялық технологиялар трансферті мен шет елдердің патенттік ұйымдарында иннтелектуалдық меншік нысандарын патенттеуге гранттар – қаржылық қолдаулар көрсету болып табылады.
Осы, даму стратегиясының мақсаттарын іске асыру және дағдарыстан шығу бағдарламаларының орындалуы нәтижесінде жылдары, яғни әлемдік экономикалық дағдарыс жылдарында, республикамызда күтілген жақсы макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді (1 кесте).
1 кесте. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Көрсеткіштер | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | |
1 | Жалпы ішкі өнім (ІЖО), млрд. Теңге | 12849,7 | 16052,9 | 17007,6 | 20500,0 |
2 | Жалпы ішкі өнім (ІЖО), млрд доллар | 104,8 | 133,4 | 115,3 | 135,0 |
3 | ІЖО жан басына шаққанда, доллар | 6770 | 8500 | 7257 | 8435 |
4 | Доллар бағамы, теңгеде 1 доллар | 122,9 | 120,3 | 147,5 | 147,5 |
5 | Негізгі капиталға салынған инвестициялар, млрд теңге | 3392,1 | 4210,9 | 4585,3 | 4765,0 |
Дерек көздері: Қазақстан 2010 жылы Статистикалық жылнамалығы. Астана, 2011 жыл.
Кестедегі көрсеткіштерден шығаратын қорытынды, бұл ІЖО-ның өсуі (теңгеде), сонымен бірге, ең негізгісі, дағдарыс кезінде де негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің тұрақты өсуінің қамтамамыз етілуі. Яғни, жақын болашақтағы ІЖӨ-нің өсуіне жағдай жасалынды деген сөз.
Қазақстан Республикасының дамуына халықаралық экономикалық байланыстардағы үрдістердің қалыптасуын өз уақытында тиімді пайдалану арқылы арнаулы қорларымыздағы қаржылар көбейді. Экспорттық тауарлардың бағалары төмендеген кезде, оларды сату көлемі азайып, оның есесіне импорттың да көлемі төмендеді. Есесіне, шет елдерден келтірілген тікелей инвестициялар көлемі жоғары болды. Нәтижесінде, Ұлттық банк халықаралық валюта резервтерінің көлемін сақтап қана қоймай, өсіруге де қол жеткізді. Дағдарыс кезінде Ұлттық қор активтері экономикамыздың басымды салаларын қолдау үшін 14,0 млрд. доллар көлемінде істетілген болса да, соңғы екі жылда алдыңғы көлеміне жетіп қана қоймай, 2010 жылдың соңына қарай 36,3 млрд. долларға жетті. Бұл нәтижелерге қол жеткізудің маңызды факторы болған сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі көрсеткіштері 2 кестеде келтірілген.
2 кесте. Қаржылық қорларды қалыптастырудағы сыртқы экономикалық байланыстардың орны (млн. доллар)
Көрсеткіштер | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | |
1 | Экспорт | 47755,3 | 71183,6 | 43195,7 | 59000,0 |
2 | Импорт | 32756,4 | 37889,0 | 28408,7 | 28000,0 |
3 | Сауда балансы (+) | 14998,9 | 33294,6 | 14787,0 | 31000,0 |
4 | Шет ел тікелей инвестициялары (таза) | 18622,6 | 19809,6 | 18428,8 | 15450,0 |
5 | Ұлттық банктегі халықаралық резервтер, соның ішінде алтын | 17626,0 1853,0 | 19844,0 2001,0 | 22531,0 2501,0 | 30500,0 2700,0 |
6 | Ұлттық Қор активтері | 27150,0 | 30250,0 | 27500,0 | 36300,0 |
Дерек көздері:Қазақстан 2010 жылы Статистикалық жылнамалығы. Астана, 2011 жыл.
2011 жылдың кыркүйек айындағы мәліметтер бойынша Ұлттық банк басқаруындағы халықаралық резервтер 36,0 млрд доллар, Ұлттық қор активтері 40,0 млрд доллар болған. Сонымен, еліміздің жалпы валюталық қорлары 76,0 млрд долларды құрап тұр. Бұл қорлардың тұрақты өсуі, мемлекетімізде қарқынды индустриальды–инновациялық бағдарламалардың орындалуын кепілі болса, өз кезегінде бұл бағдарламалардың дер кезінде жүзеге асырылуы, еліміздің макроэкономикалық көрсеткіштерінің жоспарланған межелерге жетуіне мүмкіндік береді.
Мысал ретінде, соңғы жылдары іске қосылған жобалардың ішінде инновациялық нысандарға «Өскемен титан – магний комбинатында» өндіріліп жатқан жаңа маркалы титан құймаларын, Солтүстік Қазақстан облысындағы «ЗИКСТО» акционерлік қоғамында жасалып жатқан контейнерлер, Жамбыл облысындағы «Жаңатас металлургия комбинатында» өндіріліп жатқан жоғары легирленген болат құймалары, Астана қаласындағы локомотив заводы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта өнімдерін шығаруға қаратылған жеңіл өнеркәсіп кластері және көптеген азық-түлік өндірістері мен коммуникация, энергетика нысандарын келтірсек болады.
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер мен нысандар 2003 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында» жоспарлаған шаралары нәтижесі деп қабылдасақ, 2010 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасында» келесі нәтижелер күтілуде. Үдемелі индустриалды – инновациялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына кемінде 8,8-9,2 % қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ІЖӨ көлемін 3,5-3,8 еседей ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өңдеуші өнеркәсіпте орташа өсу қарқынын 8-8,4 % дейін жеткізуге, еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде:
- ІЖӨ құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағын 2015 жылы 46,5 % дан 52% дейінгі мөлшерге ұлғайту;
- ІЖӨ құрылымында ғылыми және ғылыми – инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9 дан 2015 жылы 1,5-1,7 арттыру;
- 2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Бұл жобаларды қаржыландыру, негізінен, мемлекеттік қаржы, кәсіпорындардың өз қаржылары және шет ел инвестициялары жәрдемінде жүзеге асу белгіленген. Мысалы, жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің жобасында индустриалды - инновациялық жобаларды жүзеге асыруғу 2,3 триллион, көлік инфрақұрылымын дамытуға 1,0 триллион, коммуникациялық, энергетикалық биотехнологиялық нысандарды қаржыландыруға 487.0 млрд. тенге, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруға 151,0 млрд. тенге қаржы бөлу жоспарланған.
Ал, 2005 сәуірде қабылданған « жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту Бағдарламасы» аясында жылдарға жалпы 140,0 млрд тенге жоспарланған еді, соның ішінде республикалық бюджетттен 77,3 млрд тенге және жергілікті бюджеттен 2,1 млрд тенге, қалған қаржыны отандық және шет елдік инвесторлардың жеке қаржысынан 60,4 млрд тенге жұмылдыру болжалданған болатын. [2].
Нәтижеде, жалпы инновациялық бағдарламаларды қаржыландыру ІЖӨ үлесі бойынша 2005 жылғы 0,8 % дан 2015 жылы 1,7 % жеткізу міндеті қойылған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
-ғылыми – зерттеу ұйымдардың әлеуметін арттыру;
-кәсіпкерлердің инновациялық бастамаларын қалыптастыру және дамыту;
-жалпы инновациялық инфраструктураны қалыптастыру және дамыту;
-қаржылық гранттар беру және венчурлық қорлар түзу жолымен қаржыландыру инфраструктурасын қалыптастыру және дамыту;
- ғылыми зерттеулер мен жүзеге асыру жүйесінің тиімді өзара байланыстарын қамтамасыз ету;
- ғылымды ұйымдастырудың құқықтық негіздерін жетілдіру.
Ғылыми зерттеулерді, ғылыми – техникалық жұмыстарды және технологиялық инновацияларды қаржыландырудың жылғы көрсеткіштері 3 кестеде келтірілген.
3 кесте. Зеррттеулер, ғылыми – техникалық жұмыстар және инновациялық технологияларды қаржыландыру (млрд. тенге).
Көрсеткіштер | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | |
1 | Ғылыми ұйымдар, саны | 438 | 421 | 414 | 415 |
2 | Аяқталған технологиялық инновациялары бар кәсіпорындар | 361 | 316 | 293 | 310 |
3 | Жалпы ішкі өнім (ІЖО), млрд. теңге | 12849,7 | 16052,9 | 17007,6 | 20500,0 |
4 | Мемлекеттік бюджет | 2887,9 | 4034,4 | 3505,3 | 4250,0 |
5 | Зерттеулер мен ғылыми ізденістерге жұмсалған шығындар, млрд теңге | 37,1 | 44,6 | 49,0 | 55,0 |
6 | Технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар | 83,5 | 113,5 | 61,5 | 85,4 |
7 | Барлығы: ғылым мен инновацияны қаржыландыру | 120,0 | 158,1 | 110,5 | 140,4 |
8 | Ғылым мен инновацияны қаржыландырудың ІЖО дағы үлесі, % | 0,93 | 0,98 | 0,65 | 0,68 |
9 | Ғылыми – техникалық жұмыстардың көлемі | 37,1 | 49,7 | 46,8 | 51,0 |
10 | Инновациялық өнім көлемі | 152,5 | 111,5 | 82,6 | 110,5 |
Барлығы: Ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтер мен өнімдер | 189,6 | 161,2 | 129,4 | 161,5 | |
11 | Ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтер мен өнімдердің ІЖО дағы үлесі, % | 1,5 | 1,0 | 0,76 | 0,78 |
Дерек көздері:Қазақстан 2010 жылы Статистикалық жылнамалығы. Астана, 2011 жыл.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 |


