Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
В этих условиях перед Республикой Казахстан для обеспечения долговременного экономического роста и развития национальной экономики необходимо реализовать экспортоориентированную модель роста.
В 90-е годы прошлого века Казахстан значительно пострадал из-за экономического кризиса. Особенно пострадал реальный сектор производства, а также воспроизводственные процессы. Теперь же, когда финансово-экономический кризис пошел на убыль, и в экономике появились признаки оживления и роста необходимо определиться хотя бы на ближайшие десять лет, какую модель развития изберет государство. Это требует не только видения текущей социально-экономической ситуации и ключевых тенденций, но и основных методов и средств решения проблем с учетом реализации долгосрочной стратегии развития страны и ее регионов. В данном ключе представляют интерес модели развития Республики Казахстан (таблица 1).
Таблица 1. Модели развития Республики Казахстан до 2010 года
В сфере экономики | В сфере государственного управления |
1. Контроль за уровнем концентрации частного капитала. 2. Превращение государства в локомотив экономического роста. 3. Создание и выведение крупных системообразующих компаний с участием государства на региональный и, по возможности, мировой уровень. 4. Экономическая экспансия в регионе СНГ. | 1. Создание эффективного, способного управлять государственным предпринимательством, Правительства. 2. Четкое разделение государственных и местных функции. 3. Выборность местных органов власти. 4. Предоставление самостоятельности местным органом власти в пределах закрепленных законом функций. 5. Контроль за основными социальными сферами через построение соответствующей бюджетной системы. |
Источник: [12].
Итак, в рамках реального сектора основной моделью развития, например, промышленности Республики Казахстан, является создание и выведение крупных системообразующих компаний с участием государства на региональном уровне и, по возможности, мировом уровне и достижение, в первую очередь, экономической экспансии в регионе СНГ. Данная модель обуславливает задачу выращивания из отечественных финансово-промышленных групп (ФПГ) транснациональных корпораций (тнк) с передовыми технологиями и современным менеджментом. Это означает, что, с одной стороны, отечественные предприятия должны конкурировать с иностранными компаниями и фирмами как внутри страны, так и за рубежом, с другой стороны, необходимо использовать возможности глобализации и информационных технологий для работы на всемирном рынке товаров и услуг.
Таким образом, мировой опыт показывает, что для обеспечения экономической безопасности суверенных государств необходимо разумно воспользоваться теорией импортозамещения и политикой протекционизма для развития отечественной промышленности и других отраслей национальной экономики.
СПИСОК литературы
1. Кенжегузин модель устойчивого экономического развития (научные основы построения и реализации) // Проблемы устойчивого экономического развития в условиях глобализации. Том 1. – Алматы, ИЭМОН РК, 20с.
2. Данильцев торговля: инструменты регулирования. – М.: Деловая литература, 1999. – 293 с.
3. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанский барс пройти их тропами? – Алматы: Гылым, 1998. – 598 с.
4. Внешний фактор индустриализации Мексики и Бразилии // Мировая экономика и международные отношения. – 1999. - №7. – С. 59-66.
5. Избранные научные труды. Т. 2. – Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. – 460 с.
6. Bruton H. J. Productivity Growth in Latin America (“American Economic Review”, December 1967).
7. , Арынова основы экономической интеграции в условиях рынка: Монография. – Алматы: Институт Развития Казахстана, 2002. – 102 с.
8. Импортозамещение и экспортная ориентация экономики КНР // МэиМО. – 1999. - №7. – С. 30-38.
9. , , О концепции стратегического управления предприятием // Россия на пути реформ: XXI-век – КАМО ГРЯДЕШИ / Материалы Всероссийской научно-практической конференции. – Челябинск: УРСЭК, 2000. – С. 7-9.
10. Постепенность экономических реформ // Мировая экономика и международные отношения. – 1999. - №7. – С. 39-46.
11. Центральная Азия: реалии и перспективы экономической интеграции. – М., 2000. – 504 с.
12. Спанов безопасность: опыт системного анализа. – Алматы: Қазақстан даму институты, 1999. – 206 с.
Г.Қ.ӘБДІҒҰЛ
КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Кәсіпорын қызметі нарықтық экономика дамуындағы қомақты фактор ретінде бағаланбауы 60-ы жылдардағы Батыс елдерінің экономикалық стратегиясына тән болды. Сол кезде кәсіпорындар мұның алдындағы экономикалық даму сатысының қалдығы және соған байланысты олар түгел жойылуы тиіс деп пайымдалған. Ғылыми-техникалық үрдістің дамуы нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың болу қажеттігін анықтап берді. Жеке дара және технологиялық мамандану тұтас өндірістік кешеннің сұранымына қызмет көрсететін буын ретінде үрдістің технологиялық бөлінуінің негізі болып табылатындығын дәлелдеді.
Сондықтан 60-70-ші жылдардан бастап АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Канада, одан сәл кейінірек Италия, Испания және басқа да елдер экономикасының құрылымында жалпы ұлттық өнімді жасау бойынша жаңа технологияларды игерумен айналысатын кәсіпорындар санында шағын және орта кәсіпорындар нық орнықты [1,12-13].
Әлемдік дамудың қазіргі кезеңінде барлық дамушы елдер, анығын айтқанда, жаһандық экономикалық кешенннің ғылым немесе өндіріс саласының кез-келген саласында лидер болуға ұмтылады. Мейлі ол ғылыми-техникалық жаңалық және әлемдік нарыққа ұсынатын тауардың сапасы жағынан болсын, ҒЗЖ нәтижесі, материалдық өнім немесе қызмет көрсету болсын сол елдің басқа мемлекеттер арасында нақты қызмет саласы бойынша басым болуы лидер болудың басты қағидасы болып табылады. Әлемдік нарыққа әлемде теңдесі жоқ сапасы жоғары өнім ұсына отырып, лидерлі ел монополист құқығына ие болады және бағаны қояды, оған барлық халықаралық еңбек бөлінісіне қатысушалар мақұлдауға мүдделі. Сондықтан өндірісі дамыған елдердің басым көпшілігі технологияның одан әрі өсуі мен дамуына бағытталған саясатты таңдап алады. Ол саясаттардың бірі қазіргі замаңғы инновациялық жүйелер болып табылады.
АҚШ-та инноваторлар сәтсіздігінің деңгейі 90% бағаланады, соған сәйкес жаңа өнімнің тиімділігі де оны нарыққа енгізу стратегиясына орай сол деңгейде болады. Сондықтан мемлекеттің нақты нарықта “кәсіпорын – өндіруші – кіріс” барынша көбейту принципі бойынша лидерлікті сақтап қалуға мүмкіндігі бар. Әлемдік қауымдастық елдерінде ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты жүзеге асыру және қалыптастыру механизмі әртүрлі, себебі әртүрлі елдерде мемлекет пен нарықтың қызметтік арақатынастары бірдей емес, ғылымды басқару бойынша ұйымдастырушылық құрылымдары әртүрлі. Бірақ нарықтық экономика қалыптасқан елдерде өндірістің дамуы мен инновациялық қызметке көзқарастары, олардың тенденциялары мен зардаптарын есепке алғанда бірдей. Әралуан елдерде ғылыми және инновациялық саясатты жүзеге асыру ерекшеліктеріне жалпы ұлттық өнімді зерттеу мен әзірлеуге жұмсалған шығынның бір бөлігі жатады. Аталған көрсеткіш бойынша Швейцария, Жапония, Швеция, Оңтүстік Корея және АҚШ лидер болып табылады. Ғылыми-зерттеу әзірлемелерін қаржыландыру көлемі бойынша лидерлер қатарына Жапония, Германия, Швеция, Швейцария, Оңтүстік Корея және АҚШ жатады [1,15-16].
Кәсіпорын қызметкері өнеркәсіп шаруашылығының салыстыру әдісі бәсекелестікпен пайда болады. Өнеркәсіп мекемесіндегі кәсіпкер басынан-ақ шаруашылықты басқаруда өнеркәсіп құралы және жұмыс күшінің болуымен байланысты күресу сәтімен басталады. Автономдық – кәсіпкер, бір жағынан түгелдей шаруашылық субъектісі болып, өнеркәсіппен бірігіп іс-әрекеттенеді, ол шаруашылық органикалық микро-жүйе бірлігі болып табылады. Кәсіпорындар бәсекелестіксіз әрекеттене алмайды. Кәсіпорын шаруашылығында тек өзіндік бастама қорытындысы болады, бірақ та өнеркәсібінің барлық бастамасы, өнеркәсіп ұйымының барлық қызметтері орындалуы керек.
Кәсіпорынның зерттеу қызметінің орындалуын 1-ші суреттен көруге болады.
|
Қауіп-қатер төнуі. (О. Кантильон, А. Гамильтон, Ф. Найт) |


Өңдіріс факторла-рының байланысы. (К. Маркс) |
Ресурстардың бөлінуі. (Т. Шульц) |
Тенденцияның теңелуінің қамтамасыз-дандырылыуы. (И. Кирцнер) |


![]()
![]()
Инновациялық кіріспе. (И. Шумпетер) |
|
Сурет 1 – Кәсіпорын қызметі
Й. Шумпетер экономикалық динамиканың қозғаушы күшін анықтауда едәуір үлес қосты. Оның зерттеулерінің мақсаты болып іскерлік белсенділік циклының теориясын құру болды. Й. Шумпетердің болжамы бойынша экономикалық өсудің қозғаушысы болып кәсіпорынның инновациялық қызметі табылады. Ғылыми техникалық прогресс саласындағы практикалық зертеулер де аталған кәсіпорынға тән функцияларды енгізуді толықтай дәләлдеді.
И. Шумпеттер инновация деп сананың бір деңгейден екінші деңгейге ауысуы деп түсіндіреді, өндірістік жүйе жаңа саналық параметрлермен сипатталады. Шумпеттер бойынша “өндіру” - қолда бар ресурстарды құрамдастыру емес, жаңа ашылым енгізу. Ол бес типтік өзгерістер белгілейді:
– жаңа технология, жаңа технологилық үрдіс және өндірісті жаңа
нарықтық қамсыздандыруды пайдалану нәтижесіндегі өзгерістер;
– жаңа қасиеттері бар өнімді енгізу нәтижесіндегі өзгерістер;
– жаңа шикізат пайдалану нәтижесіндегі өзгерістер;
– өндірісті және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету
тәсілдерін ұйымдастырудағы өзгерістер;
– жаңа өткізу тұтқалары пайда болу нәтижесіндегі өзгерістер[2].
Инновациялық қызметтер өндірісті арттырудың негізгі факторы болып табылады. Өйткені, өндіріс бір сарынды, өзгеріссіз жүре берсе, ол уақыт өте өз күшін жоятыны айғақ. Ал ол нарықта өз тұтынушыларын жоғалтады. Соған байланысты өндірісте әр қашан өзгеріс, яғни жаңа ойлар еңгізіп, өндіріс үрдісін жаңартып отыру қажет. Ол үшін инновация қажет. Инновацияға нарық шарттарында белгілі орын алатын фактор болу үшін өзіне сай қызмет керек. Өңдеулерде инновациялық қызмет маңыздылығы көптеген себептермен қамтамасыз етіледі. Біріншіден, қызмет объектісі тек қана инновация емес, сонымен қатар ол өндірісте қолданылатын үрдіс. Екіншіден, инновациялар ол тек экономикалық және әлеуметтік жағдайларды шешетін кілт. Үшіншіден, инновация интелектуалдық өндіру еңбегімен тығыз байланысты. Оның өндіріс үшін маңыздылығы өте зор. Сонда ғана кәсіпкер өндіріс үрдісін жетілдіріп, жоғары пайда алады.
Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда. Алайда, мойындау керек, инновация біздің экономикамыз үшін нөмірі бірінші басымдыққа айналды десек те, оның іске асырылуы уақыт талап еткен деңгейге көтеріле қойған жоқ. Ал шын мәнінде елдің технологиялық инновацияларға қабілеті осы заманғы қоғамның базалық сипаты болып табылады. Мұндай қабілеттілік ақыр соңында жаңа өнім дүниеге келетін зерттеулер мен талдамаларға ғана келіп саймауы керек. Ол осы заманғы өндіріспен, маркетингпен, сатып өткізумен, сондай-ақ тұтынумен байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиіс. Бұл тұрғыда Елбасы “Жаңа кезең – жаңа экономика” атты еңбегінде жан-жақты айтқан болатын.
Инновациялық қызмет тиімділігі – бұл кәсіпорын инновациясында өндірістің ұтымдылығын арттыру негізінде оң коммерциялық нәтижеге жеткізуге бағытталған тәжірибенің қолданылуы. Кәсіпорын тиімділігінің даму факторы коммерциялық тиімділіктің инновациялық қызметінің нәтижесінде анықталған. Бұл қызметтің маңыздысы болып инновация белсенділігі табылады. Сонымен қатар қазіргі заманғы басқару әдісі және инновациялық саланың мақсаты кәсіпорын қызметкерінің алға қойған мақсатына жетуіне бағытталған[3].
Соңғы бірнеше жылға созылған құлдыраудан кейін, 2010 жылдан бастап алғаш рет инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесінің өсуі байқалды, кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсаған шығыстары 2 еседен астамға артып, 219 миллиард теңгеге жетті.
Инновациялық белсенді кәсіпорындардың ең жоғары үлесі Жамбыл облысында - 7,8 пайызға, Қарағанды облысында – 7 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында – 6,4 пайызға өсіп отыр. Ал Ақмола облысы (0,7 пайыз) мен Алматы облыстарының (0,9 пайыз) үлесі республикалық орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен (Сурет 2) [4].
![]() |
Сурет 2 – 2010 жылы облыстар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі
Кәсіпорын қызметкерінің түпкі нұсқасы шығармашылық және өзіндік бекітудің арақатынасындағы бағыты, олардың әр қайсысының басқаларымен қарым-қатынасында болуымен байланысты. Кәсіпкер, жеке тұлға ретінде де, сонымен қатар топтың тұлға ретінде болуы мүмкін, өнеркәсіптің бірігуі, оның жұмыс күшінің соңы сатып алумен және оның өнеркәсіп үрдісінде қолданылуы, бұны басқару немесе жалғастырумен байланыстырады. Өндірілген өнім өнеркәсіпте өзіндік құрал ретінде қолданылады. Жұмыс күші өзіне керекті өнімді өзінен тиімді бағаға сатып ала алады. Кәсіпкерде тек шығармашылық қасиет емес, сонымен қатар ізденіс функциясымен, кәсіпорын қызметінің субъектілік экономикалық бостандығымен ағымдалады, бірақ та бұл ұйымдастыру жұмысы өзінің шешімімен қарастырылады, оның диверсификациясы, ішкі фирмалық кәсіпорында басқарылады. Кәсіпорын жеке ұйымдастыру шаруашылығымен басталады, басқа да қарама-қайшы қойылған субъектілік шаруашылықтың қорытындысы жақсы нәтиже береді. Ішкі функцияның тәртібіне, сонымен қатар кәсіпкердің ішкі сапасының пайда болуы, осы субъектінің қызметі арқылы өнеркәсіпке мақсатталады.
Экономиканың дербес шаруашылық субъектісі ретінде қызмет көрсететін мемлекеттік және жеке меншіктік кәсіпорындарды қарастыру міндетті. Жалпы Республикадағы меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін жалпы сандарымен салыстыру көрсеткішін төмендегі кестеден көре аламыз (1-кесте).
Кесте 1 – Меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың жалпы саны мен инновациялық белсенділік көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Жалпы саны, бірлік | Инновациялық белсенді, бірлік | ||||
Жылдар | Жылдар | |||||
2008 | 2009 | 2010 | 2008 | 2009 | 2010 | |
1.Респонденттер саны барлығы, соның ішінде: | 11172 | 10096 | 10937 | 447 | 399 | 467 |
Мемлекеттік меншік | 728 | 582 | 574 | 56 | 47 | 56 |
Жеке меншік | 9938 | 9012 | 90808 | 361 | 331 | 391 |
Басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігі | 506 | 502 | 555 | 30 | 21 | 20 |
Ескерту – ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтерінен |
Қазақстанда инновациялық қызметтің даму үрдістері әлі де болса толық дамымаған. Оны жоғарыдағы 2-ші кестеден көре аламыз.
Үш жылдық статистикалық мәліметтер қорытындысы бойынша 2008 жылы 11 мыңнан аса кәсіпорынның ішінен 447 кәсіпорын ғана инновациялық белсенді болған, пайыздық үлесі – 4,0%, 2жылдары 10мың аса кәсіпорыннан инновациялық белсенді кәсіпорындар саны 399 және 467, деңгейі 4,0 - 4,3% болған. Ал меншік нысандарының түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындар мен инновациялық белсенділік санының жоғары көрсеткіштерін жеке меншік нысаны алып отыр. Бірақ, тіркелген респондентер санының көп болғанымен, олардың қызметтерінің ел экономикасы үшін маңызы жоғары деңгейде емес.
Соңғы кездері елімізде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән берілуде. Оның басты себебі – осы сектордың экономикалық жүйеде ең қолайлы, шығыны аз және маңызы зор болғандығында болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциясын көрсететін экономикалық көрсеткіштерге сүйенсек соңғы кезде оң нәтиже беріп жатқандығын атап кетпей болмас. Орта және шағын бизнесті дамыту – елдегі орташа таптың болуының кепілі, ал бұл – кез-келген мемлекеттің тұрақты дамуының тірегі болып табылады. Ал бізде шағын және орта кәсіпорындар ЖІӨ-нің орта есеппен 30% ғана құрайды (2-кесте).
Кесте 2 - ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі, %
Көрсеткіштер | Жылдар | |||
2007 | 2008 | 2009 | 2010 | |
ЖІӨ-дегі ШОК үлесі | 40,5 | 35,8 | 34,6 | 31,2 |
ЖІӨ-дегі шағын бизнестің үлесі | 36,4 | 31,8 | 30,8 | 28,0 |
ЖІӨ-дегі орта бизнестің үлесі | 4,1 | 4,0 | 3,8 | 3,2 |
Ескертпе - Кесте ҚР Статистика агенттігінің мәліметі негізінде автормен жасалған. |
Қазақстан экономкасындағы басты кемшіліктер осыған келіп саяды. Бізде шағын өнеркәсіп индустрясы нашар дамыған, дайын өнімдерді сырттан тасымалдаймыз. Яғни, аталған саланы дамытпайынша, экономиканы диверсификациялау мүмкін емес. 2010 жылы екінші дәрежелі банктермен 128,8 млрд. теңге қаражатқа 2602 жоба қаржыландырылған. Мұндағы несиенің орташа көлемі 48 млн. теңгені құраған. Қаражаттың ең көп мөлшерде бөлінген аймақтарына Алматы, Астана қалалары жатады: Алматы – 42,8 млрд. теңге, Астанада – 21,3 млрд. теңге. Жамбыл облысында – 2,0 млрд., Қызылорда облысында – 1,8 млрд. теңге бөлінген.
Салалық бөліністе аталған қаражат сомасының 70%-дан астамы сауда және қызмет көрсету саласына жұмсалған. Бұл елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) қалыптасқан құрылымын білдіреді.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 |



