Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Жоғарыдағы статистикалық мәліметтердің негізінде біздің ел экономикасы үшін бұл үлкен жетістік деп айта алмаймыз. Елдің дамыған елдер қатарына қосылуы, яғни экономикасының көтерілуінің негізгі көзі ЖІӨ болып табылады. ЖІӨ өсіру арқылы ішкі тұтынушыларымыздың қажеттілігін қанағаттандыруымыз қажет.
Қазақстан Республикасының статистикалық Агенттігінің деректеріне сүйенетін болсақ шағын және орта кәсіпкерліктің 40,2%-ы сауда, автомобиль жөндеу, тұрмыстық қызмет салаларының үлесіне тиеді. Сондай-ақ өндірістік сферадағы үлесі 12,5% болса, ауылшаруашылығында 6% кәсіпорын қызмет етеді екен. Жалпы алғанда былтырғы жылмен салыстырғанда шағын дәне орта бизнестің үлес салмағы 15,3%-ға өскендігін атап өткен жөн болар. Сондай-ақ елбасымыз «шағын және орта бизнес субъектілерінде өткен жылы өндірген өнімдердің жалпы сомасы 2,7 млрд. теңгеге, яғни 2009 жылғыдан 0,9 пайызға артық деңгейге жетті. Сондай-ақ негізгі капиталға қосылған инвестиция 2009 жылы 4,5 трлн теңгені құрап, 2,1 пайызға артты.
Егер кәсіпкерлер бір бағытта ғана өнім өндірмей, өз шаруашылығының астына бірнеше бағытта өнім өндіру экономикалық тиімді болар еді. Мәселен, егер де қазақстандық кәсіпкерлер мал шаруашылығымен айналысатын болса, онда дәл сол малдың өнімін өзі қайта өңдеуге тырысса: еті, сүті, жүні, терісі сондай-ақ олардың жем-суын да өздері қамтамасыз етсе, яғни егін егумен де өздері айналысса, олардың шығыны аз да пайдасы көп болар еді. Немесе, малдың бір ғана өнімі – оның сүтін қайта өңдеу арқылы одан май, ірімшік, қаймақ, құрт, қымыз, шұбат және т. б. жасаса, одан шығатын қосалқы өнімдерден шаруашылықтың келесі бір түрін, мәселен, құс шаруашылығымен айналысуға болады. Яғни, ірімшік, одан бөлінетін сары су сияқты сүт қосалқы өнімдерін жем ретінде пайдаланып, экологиялық таза әрі өсімі мол құс өнімін алуға болады. Бұндағы логика дәл мұнай өндірісіне сай келеді. Мұнай өндіруден шығатын қосалқы өнімдерді мұнай-химия саласында қалай өңдеуге болса, дәл сол сияқты ешбір шығын болмайды, қалдықтар қалмайды. Тіпті, кәсіпкер емей-ақ кез-келген ауыл тұрғыны осындай шаруашылық жүргізетін болса, онда ол өзін толықтай азық-түлікпен қамтамасыз еткен болар еді. Бұнымен қоса бау-бақша өнімі өз алдына. Бұндай қосалқы шаруашылықты қоса дамыту Ресей, Беларусь елдерінде ерекше маңызға ие болып отыр. Қысқаша қайырғанда, Қазақстан экономикасын диверсификациялауды «қалдықсыз ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге негіздеу қажет».Ол үшін біріншіден нарықта бәсекеге қабілеттілігі жоғары кәсіпорындар саның жоғарлату қажет. Олар отандық технологияға негізделуі қажет. Бұл тапсырманың орындалуының құраушы бөліктері болып келесілер анықталады:
– бәсеке қабілетті зерттеулер, оның кеңеюіне керекті шарттармен бірге жасалатын жоспарлар секторын құру;
– тиімді ұлттық инновациялық жүйені функционалдандыру;
– интеллектуалды меншік құқығын қорғау және қолдану
институтының дамыту;
– технологиялық инновация негізінде экономиканы
диверсификациялау.
Ғылым жетістіктерін, техника және технологияны іздеу және ендіру әрбір аймақта ғылыми-техникалық потенциал мониторингінің арнайы жүйесін қажет етеді. Ғылыми-техникалық потенциал мониторингінің деректер қорын құру территориялардың өндірістік(экономикалық) потенциалын толық жұмсауды ескеретін ауыл шаруашылықты зоналарға орналастыруға ынталандыруды; өндіріс салаларының оптималды сәйкестігі және оның концентрациясын; шығындарды минимализацмялауды қарастырады. Бұнда құрылатын ауыл аруашылық өнімдердің арнайы ірі тауар зоналарына мемлекеттік қолдау көрсетудің келесі шараларын қарастыру қажет:
– өнімдер қаупсіздігі және сапа сертификациясын бақылау жүйесін
басқару, лабораторияларды модернизациялау және халықаралық
аккредитациялау;
– өткізу нарығы туралы өндірушілердің және қайта өндірушілердің
ақпаратпен қамтамасыз етілуін күшейту;фермерлер үшін ақпаратты
бірқалыпты алып отыру мүмкіндігі;
– халықаралық нарықта республиканың ауыл шаруашылықтың
жоғары имиджін қамтамасыз ету;
– приоритеттерді анықтау, зерттеуді іске асыру және қаржыландыруда
жеке сектордың қатыстылық деңгейін жоғарылату;
– инновациялық жобаларды жасаушылар мен ғылыми өнімдерді
тұтынушылар арасындағы қатынасты күшейту.
Экономика үшін, жағдайды түзету – ішкі өнімділікті арттырып, кәсіпорындарға көптеп инновацияларды ендіру керек. Инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізеді. Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ене аламыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Об основах инновационной политики и деятельности в США. // Инновации. – 2002. – №4-5 – 12-15 б;
2. Теория экономического развития: исследование
предпринимательской прибыли, капитала, кредита, процента и цикла конъюнктуры. – М.: Прогресс, 1982. – 462 б.
3. Ахымет Ә. Отандық кәсіпорындарды дамытуда инновация рөлі // Саясат. – 2001. – № 2 – 3-6 б;
4. Қазақстан Республикасының Агенттігінің 2010 жылғы статистикалық жинағы.
,
Государственно-частное партнерство в сфере городской инфраструктуры Казахстана
Эффективное взаимодействие государства и бизнеса на сегодняшний день является одним из основных инструментов достижения поступательного роста экономики страны. В последние годы во всем мире наблюдается тенденция усиления их сотрудничества, и в сфере жилищно-коммунального сектора. Государство не всегда обладает достаточным объемом средств, необходимых для поддержки предприятий отрасли. В этом случае выход один – использовать механизмы государственно-частного партнерства.
Можно отметить, что все чаще с участием экспертов, аналитиков, ученых, представителей органов государственной власти проходят научные семинары и «круглые столы», посвященные выработке предложений по развитию ГЧП в Казахстане. Как подчеркнул Глава государства в Послании народу, наше будущее зависит от дальнейшей модернизации экономики и развития базовой инфраструктуры.
«Государственно-частное партнерство» – это дословный перевод английского термина «public-private partnership» (PPP). Во Франции, Великобритании, США, Канаде, Австрии и Бельгии Государственно-частное партнерство уже давно развивается и в секторе жилищно-коммунального хозяйства, однако в Казахстане его механизмы находятся на стадии реализуемых пилотных проектов. К примеру, сейчас ведется работа по разработке предложений по реализации «пилотных» проектов ГЧП в водохозяйственной сфере в Карагандинской области (город Балхаш), Восточно-Казахстанской области (город Семей), Южно-Казахстанской области (город Сарыагаш).В частности, в марте 2011 года проведена встреча с представителями компании «LG International» по вопросу развития проекта водоснабжения и водоотведения г. Балхаш, с применением механизмов ГЧП. В данное время компания готовит предложение по реализации проекта.
В Казахстане существующие концессионные договоры в области коммунального хозяйства коснулись лишь сектора энергетики, однако законодательные нормы страны позволяют использование концессионного механизма практически во всех сферах инфраструктуры. Принимая во внимание необходимость развития государственно-частного партнерства в секторе жилищно-коммунального хозяйства, а также международный опыт, Казахстанским центром модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства совместно с Казахстанским центром ГЧП, планируется разработка комплекса мер по внедрению элементов государственно-частного партнерства в коммунальном секторе, включая услуги по водоснабжению и канализации, газоснабжению, электроснабжению, теплоснабжению, вывозу мусора, обслуживанию лифтов, с учетом изменения законодательных актов, создания наиболее комфортных условий для потенциальных инвесторов, а также достижения максимальной «прозрачности» взаимодействия в рамках затрагиваемых отношений власти и бизнеса.
Состоящая в текущем 2011 году встреча Агентства по делам строительства и ЖКХ, АО «КазЦентрЖКХ» с представителями АБР предоставила прекрасную возможность для разработки секторных дорожных карт. Неотъемлемой частью новой стратегии Странового Сотрудничества АБР для Казахстана является подготовка и разработка секторных дорожных карт, соответствующая стратегии Казахстана в данных секторах и поможет стране модернизировать и развивать промышленность и инфраструктуру. Сформированный список городов позволяет провести исследования по объектам теплоснабжения, водоснабжения и водоотведения.
По водоснабжению и водоотведению:
1. Актобе
2. Усть-Каменогорск
3. Кокшетау
4. Актау
5. Талдыкорган
По теплоснабжению:
1. Семей
2. Актау
3. Атырау
4. Актобе
5. Алматы
Одним из таких проектов является Программа по обеспечению населения качественной питьевой водой «Ак-булак» на годы, ключевой задачей которого является повышение инвестиционной привлекательности водохозяйственного сектора и максимальное вовлечение частного капитала в финансирование объектов водоснабжения и водоотведения.1
Согласно Посланию Президента Республики Казахстан Нурсултана Абишевича Назарбаева на 2011 год, в части модернизации жилищно-коммунального хозяйства, акиматом города Астаны разработана «Концепция модернизации жилищно-коммунального хозяйства города Астаны на годы». Предложена новая схема модернизации жилого фонда города Астаны, представляющая собой концепцию комплексного охвата проблемного жилого фонда, системы его софинансирования и капитализации, обеспечения последующего возврата денежных средств. В апреле текущего года начата реализация пилотных проектов по капитальному ремонту жилых домов по следующим адресам: микрорайон Аль Фараби, дом № 9, проспект Кабанбай батыра, дом № 4, проспект Сарыарка, дом № 14». По данной программе обязательным условием является регистрация жильцами кондоминиумов. По состоянию на 14 апреля в Астане зарегистрировано 1100 кондоминиумов.
Необходимо отметить, что неудовлетворительное состояние внутридомовых инженерных сетей, кровли и подвальных помещений является серьезной проблемой для старого жилого фонда города. «На сегодняшний день в городе имеется 41 дом с затопленными подвалами: из них в районе «Алматы» - 5 затопленных подвальных помещений, в районе «Сарыарка» - 36. При этом обеспечение капитального ремонта старого жилого фонда стало для многих не разрешимой проблемой». В связи с этим, на наш взгляд, программа модернизации ЖКХ, а именно ремонт жилых домов считается актуальной.
Как видно из рисунка 1, по техническому состоянию многоквартирных жилых домов в надлежащем состоянии находятся только 66%, подлежащих ремонту 32%, аварийных 2%. 73% требует ремонта электроснабжение, 63% теплоснабжение, 54% газоснабжения. В связи с этим надо отметить, что сектор ЖКХ нуждается в серьезной модернизации и реформировании системы. Не случайно в своем ежегодном Послании народу Казахстана президент страны уделил этой теме особое внимание, подчеркнув, что «вопрос, который мы всегда откладывали – это модернизация жилищно-коммунального хозяйства». Глава государства ставит задачу проведения масштабной модернизации систем водо-, газо - и электроснабжения.
По всем областям Казахстана в 2011 году из республиканского бюджета выделены средства на ремонт жилых домов. Мы видим из графика, что ожидаемый результат по ремонту объектов кондоминиума составит к 2020 году 1744 тыс. отремонтированных домов.
Международный опыт свидетельствует, что ГЧП может быть полезна и «на городском инфраструктурном уровне», при строительстве объектов социального назначения, в тепло - и электроснабжении. Во многих городах Европы принцип ГЧП основан на оплате за результат. Малый и средний бизнес, участвующий в управлении субъектами коммунальной инфраструктуры, функционирует посредством бонусной системы, такие компании имеют определенные поступления в виде чистого дохода за счет технологий энергосбережения и оказания услуг по содержанию, что, в свою очередь, приводит к улучшению их качества. Жилищный сектор производит оплату за услуги в качественном, а не в количественном варианте. В этой ситуации основой контрольной системы выступают потребители, а также соответствующие государственные регулятивные структуры.

Рисунок 1. Техническое состояние многоквартирных жилых домов. Затраты республиканского бюджета.
Сектор ЖКХ необходимо рассматривать как масштабный анклав видов предпринимательской деятельности для малого и среднего бизнеса. Уровень обращения денежных масс, точно так же, как и доходности в целом, в данном сегменте экономики не очень высок, но при этом более стабилен, чем в других секторах.
Чтобы бизнесу было интересно, нужны привлекательные условия. Чтобы частник пришёл в какую-либо сферу необходимо сделать её инвестиционно привлекательной. А это гарантии того, что вложения предпринимателя вернуться ему с прибылью.
Один из способов создания таких определенных гарантий – государственно-частное партнерство. Его формула во всем мире одинакова: собственность государственная, управление – частное, контроль – общественный. В нашем ЖКХ по отдельным объектам уже можно применить один из законов, который регулирует сферу государственно-частного партнерства – Закон «О концессиях». При этом должен быть строгий контроль за деятельностью концессионера как со стороны государства, так и со стороны потребителей, чтобы у него не было желания завысить свою прибыль за счёт населения, не вкладываясь в активы. Так что подход к дальнейшему развитию и модернизации жилищно-коммунального хозяйства, по нашему мнению, необходимо рассматривать системно: с учетом интересов населения, привлекательности для бизнеса и управляемости государством.
Рассмотрим финансирование модернизации ЖКХ.

Как видно из рисунка 2 финансирование модернизации проходит тремя способами: через социально-предпринимательские корпорации, направленные на содействие развитию страны на основе государственно – частного партнерства, через АО, ТОО и дополнительно.
Из резерва Правительства Республики Казахстан выделены целевые трансферты местным исполнительным органам для капитализации СПК млн тенге, что позволит отремонтировать 116 жилых домов. Также из резерва Правительства РК акиматам областей выделены кредиты в объеме 5 500 млн тенге под 0,1 % годовых на 7 лет. Средства будут направлены на отдельные виды работ капитального ремонта (фасады, кровли, разводящие сети, подъезды, а также ремонт лифтов). По второму механизму планируется отремонтировать 446 жилых домов.
По состоянию на 19 сентября 2011 года начаты ремонтные работы в 15 регионах по 231 домам, что составляет 52 % от общего количества домов, подлежащих ремонту. Ведутся ремонтные работы в Акмолинской (12 домам), Актюбинской (36 домов), Алматинской (17 домов), Атырауской (12 домов), Восточно-Казахстанской (31 домов), Жамбылской (18 домов), Западно-Казахстанской (13 домов), Карагандинской (13 домов), Кызылординской (12 домов), Мангистауской (2 дома), Павлодарской (9 домов), Северо-Казахстанской (11 домов), Южно-Казахстанской (3 дома) областях и городах Астана (8 домов) и Алматы (34 домов).
Государственно-частное партнерство не является основой для решения всех проблем, но структурированный и тщательно взвешенный подход при планировании и реализации проектов позволит переориентировать работу партнеров в коммунальном секторе на конечный результат, определяемый государством.
Успех реализации проектов ГЧП зависит от нормативно-правового обеспечения, качества планирования, разделения рисков, контроля и одновременно поддержки со стороны государства. Ведь уровень комфорта жилья для граждан является лучшим показателем качества жизни.
Список литературы
1. www. pro
2. www.
3. www.
4. www.
5. Казахстанская правда/№ 000-338 от 01.01.2001.
н. с. Досмағанбетов,
«табиғи капитал» және экономикалық дамудың балама мүмкіндіктері
«Табиғи капитал» ұғымы жайлы алғашқы ой-пікірлер қазіргі уақытта, «экологиялық экономика» деп аталатын жаңа пайда бола бастаған ғылыми бағыттың шеңберінде орын алып отыр. жылдардың аяғында «табиғи капитал» ұғымы Р. Костанз, Х. Дейли, Дж. Бартоломью сияқты және басқа да ғалымдардың еңбектерінде пайда болып қалыптасты. Дейлидің пікірінше, табиғи капитал табиғи қызметтер мен нақты табиғи ресурстар ағынының көзін білдіретін қор болып табылады. Осы тұрақты қор көрсеткіші «экологиялық қызметтерді» өндіре отырып «табиғи табысты» қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады. «Табиғи капиталдың» дәстүрлі түсініктегі кәдімгі өндірістік капиталдан басты айырмашылығы – ол болашақта тауарлар мен қызметтердің құнын беретін табиғи ортаның жиынтық актив-қорлары болып табылады. Сондықтанда, адамзат баласына болашақта құнды ресурстар мен экологиялық қызметтер ұсынатын «табиғи активтер» жиынтығы «табиғи капитал» деп аталады [1, 130].
1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму бойынша конференциясында «Табиғи капитал» теориясы алға тартылды: «Табиғи капитал ұғымы адамзат баласына табиғаттың беретін барлық сыйын қамти отырып, «қоршаған орта» деп аталатын сапалы ортадан алынатын физикалық ресурстармен түсіндіріледі». Сондай-ақ, осы конференцияда табиғи капиталдың негізгі тұрпаттары анықталды:
1) жаңартылмайтын (шығындалатын) энергетикалық ресурстар;
2) қалпына келетін (кезеңділікпен қолданылатын) энергетикалық емес минералды ресурстар;
3) жаңартылатын немесе әлеуетті түрде жаңарып отыратын энергетикалық ресурстар.
Табиғи капитал теориясы мынаны болжайды, яғни табиғи жүйелер қызметінің жоғалуы негізгі өнеркәсіптік капиталдың өсімінен әрқашанда өтеліп отырады. Алайда, табиғи капиталды өндірістік капиталмен үздіксіз алмастыруға болмайды, олай болса, табиғи капиталды капиталдың басқа түрімен технологиялық алмастырудың әрқашанда шегі болады. «Табиғи ресурстар» түсінігі экономикалық теорияда аз зерттелген деп саналады. Соңғы уақытқа дейін жалпы экономикалық ғылымда, тіпті жаңа пайда болған «экологиялық экономика» теориясында да «табиғи ресурстардың» негізгі жүйе құраушы белгілері толық анықталмаған, сонымен қатар, табиғи құбылыстарды «ресурстар» және «ресурс еместер» деп бөлудің критерийлері, «табиғи құбылыстардың» (табиғи объектілердің) «экономикалық құбылыстарға» (экономикалық объектілерге) өту үдерісінің сипаты, осы үдерістердегі ғылыми зерттеулердің рөлі, жаңартылатын және жаңартылмайтын «табиғи құбылыстар» мен «табиғи ресурстар» және жаңартылатын және жаңартылмайтын «табиғи капитал» арасындағы айырмашылықтарды көрсетудің критерийлері толық анықталмаған. Осыған байланысты, өндірістік материалдық ресурстардың құнын анықтау үшін қолданылатын әдістемелер бойынша «табиғи ресурстардың» құнын анықтауға талпыныстар жасағанда үлкен қиыншылықтар туындайды.
«Табиғи ресурстар» - адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамның қолданатын объектілері, табиғат үдерістері мен жағдайлары. Табиғи ресурстар:
− орнына келтірілетін және орнына келтірілмейтін табиғи ресурстар;
− жаңартылатын және жаңартылмайтын табиғи ресурстар;
− алмастырылатын және алмастырылмайтын табиғи ресурстар, және;
− қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстар болып бөлінеді.
Табиғи ресурстарға пайдалы қазбалар, энергия көздері, жер қыртысы, су жолдары мен су қоймалары, минералдар, ормандар, жабайы өсімдіктер, құрлық пен судағы жануарлар әлемі, мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының генофонды, көркем өнер ландшафттары, сауықтыру орталықтары және басқалары жатады.
Сонымен, белгілі болғандай, табиғи капитал түсінігі «табиғи ресурстардың жиынтығы» ретінде қарастырылмайды. «Табиғи капитал» мен «табиғи табыс» табиғи ресурстарды сәйкесінше, қор және ағын ретінде ірілендіреді. Осындай агрегатталған көрсеткіштердің қалыптасуы қорлар мен ағындар көрсеткіштерінің алуан түрлерін өлшеуді және бағалауды талап етеді. Табиғи ресурстардың физикалық қасиеттеріне қарағанда табиғи капитал мен табиғи табыс ерекше бағалаушылық қасиеттерге ие болып табылады. Технологияның дамуымен байланысты сарқылатын табиғи ресурстарды өндірістік игіліктермен ауыстыруға тура келеді. Олай болса, табиғи ресурстар өндірістік үдерістің материалдық негізі (енжар) болып табылса, ал өндірістік капитал өндірістік үдерістің өндіргіштік негізін (белсенді) құрайды.
Дегенменде, табиғи капитал жаңа қалыптасқан теориялық тұжырымдаманы білдіргендіктен, оның тәжірибелік қолданысы енді ғана орын алып келеді. Демек, табиғи капиталды бағалаудың негізгі мәселелері тәжірибеде міндетті түрде туындайды. Мысалы, экологиялық қызметтердің экономикалық құнын бағалаудың барлық талпыныстары бүгінгі күнге дейін өз жемісін бермей келеді. Табиғи капиталдың қызметі алуан түрлі болып табылады. Соған сәйкес, табиғи капиталды жан-жақты бағалау қажет, атап айтсақ, ең алдымен, экологиялық және әлеуметтік жағынан, содан кейін экономикалық тұрғыдан бағалау қажет.
Кез-келген елдің экономикалық дамуының негізінде оны анықтайтын факторлары болады. Экономикалық өсудің факторларына капиталдың үш түрі жатқызылады: 1) адами капитал (еңбек ресурстары); 2) физикалық капитал (өндіріс құрал-жабдықтары); 3) табиғи капитал (табиғи ресурстар). Міне, осы аталғандардың соңғысының экологиялық фактор ретінде соңғы кездері экономикалық дамуда маңыздылығы арта түсті. Экономика тек экономикалық заңдармен ғана өмір сүрмейді, олай болса, экологиялық заңдарды да есепке алу керек деген түсінік артып келеді. Демек, экономиканың әріқарайғы дамуы экологиялық «дәліздің» өте тар шеңберлерінде ғана мүмкін болады.
«Табиғи» капиталдың негізгі үш қызметін бөліп көрсетуге болады:
1. Ресурстық қызметі – тауарлар мен қызметтердің өндірісін табиғи ресурстармен қамтамасыз ету;
2. Экожүйелік/экологиялық қызметі – табиғаттың әртүрлі сипаттағы реттеушілік қызметін атқаруы: зиянды қалдықтарды ассимиляциялау, климатты және су жүйесін, озон қабатын реттеу және т. б.
3. Эстетикалық, этикалық, адамгершіліктік, мәдени, тарихи аспектілерімен байланысты табиғат қызметтері. Бұлар бір сөзбен айтқанда, «рухани» экологиялық қызметтер деп аталады.
Экономиканы ұйымдастырудың дәстүрлі үлгілерінің (нарықтық, жоспарлы, т. б.) жалпы дерті – өндірістік қызметте экологиялық факторды, табиғи капиталдың барлық қызметтерін бағаламау және көзге ілмеу. Бұл жерде экологиялық қызметтердің нарықтық құны жоқ, тек адамдарды табиғи ресурстармен қамтамасыз ету қызметтері ғана бағаланады. Осындай құбылыстар адамзаттың қолымен жасалған жаһандық экологиялық мәселелердің пайда болуына алып келді, олардан келетін экономикалық зиян бүгінгі күні орасан зор [2, 204].
«Табиғи капиталдың» қазіргі рыноктың үдерісіне дендеп енуі экономиканы өзін-өзі өндіре алу қабілетіне жағдай жасап отыр, яғни экономикалық дамудың дәстүрлі мүмкіндіктерінің орнына оны дамытудың балама мүмкіндіктерін қолға алу қатынастары алға тартылып келеді. Бұған не себеп болды? Экономикалық дамудың балама мүмкіндіктерін іздестірудің қажеттілігі бүгінгі күні неге туындап отыр?
Басты себебі – әлемдегі қазіргі экономикалық жағдайдың қаржылық, экономикалық, экологиялық, энергетикалық және әлеуметтік-демографиялық сияқты жүйелі дағдарыстардың салдарынан тұрақсыздыққа ұрынуы болып отыр, яғни осындай кешенді дағдарыстардың шарықтау шегі 2008 жылға келіп отыр. Бұл үдерістердің климаттық өзгерістердің негізінде орын алып отырғандығын қазіргі ғалымдар байқап отыр. Олардың ойынша, климаттық жағдайлардың шапшаң өзгеруі экологиялық жүйелердің бейімделу шапшаңдығынан және адам іс-әрекеттері қарқынының жылдамдығынан тез болып отыр. Осының бәрі әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын түбегейлі өзгертудің қажеттілігін туындатып отыр, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың балама мүмкіндіктерін іздестіріп тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің жолдарын қарастыру қажет. Сондықтанда, қазіргі уақытта экономика мен қоғамның тұрақтылығы міндеті, жағымсыз әсерлерге қарсы тұра алу және олардың әсерлерінен қалпына келе алу мүмкіндіктері, сонымен қатар, энергетикалық және су ресурстарын (жаңартпалы ресурстарды) пайдаланудың тиімділігін одан әрі көтеру мәселелері бірінші орынға шықты. Экономикалық дамудың балама мүмкіндіктерін сипаттайтын дамудың жаңа үлгісін іздестіру «жасыл» (экологиялық) экономика тұжырымдамасының қалыптасуына жол ашты. Осындай үлгінің қалыптасуы экономика мен қоғамның табиғат жүйесіне икемделуін терең түсінуге итермелейді. Дәл бүгінгі осы айтылып отырған көзқарастармен қазіргі әлем 2012 жылы Бразилияда өтетін «Рио+20» конференциясына жақындап келеді.
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта, әлемдік қауымдастық жоғарыда аталған дағдарыстардың, әсіресе, экономикалық, экологиялық және азық-түліктік дағдарыстарды еңсерумен байланысты аса өткір мәселелерді шешуге бел буа кірісті. Бұған дер кезінде мемлекет басшысы да өркениеттің бірігуі мен әріптестік танытуы жолымен жаһандық дағдарысты еңсерудің жаңа бағыттарын атап көрсеткен болатын. Оның бір тетігі ретінде Астана қаласының «Жасыл көпір» бастамасын атауға болады. Бұл бастаманы алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев ІІІ Астана экономикалық форумында көтерді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Әлем жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларға, олармен тез алмасуға және жаңартылатын қуат көздеріне зәру. Осыған орай, былтыр өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының саммитінде Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы «Жасыл көпір» атанған жаңа экологиялық декларация құру туралы бастамашылығын жариялады. Бұл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және «жасыл экономика» құру үдерісін жақындатуға және тездетуге мүмкіндік береді» деп атап өтті.
Қазақстан соңғы жылдары өзекті экологиялық мәселелерді шешуде біршама ілгері жылжыды. Ондаған жылдар бойы жинақталған «тарихи» ластағыштар мен депрессивті аумақтардың қалпына келтіру салдарлары сәтті түрде іске асырылуда. Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының көптеген салаларында жоғары энергиялық сиымдылық сақталуда. Мұнай-газ секторында парниктік газдар шығарындыларының үлесі артып келеді. Сондықтанда, осы үлестерді қысқарту үшін еліміз «Жасыл даму» жолына түсуі қажет, яғни қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау отырып, экономикалық дамуға қол жеткізуі қажет.
Қазіргі тұрақты даму экономикалық, әлеуметтік және экологиялық компонент сияқты үш құрауыштың арасындағы кешенді өзара байланыстың орын алуын болжайды. Соңғы онжылдықта пайда болған «жасыл» экономика тұжырымдамасы тұрақты дамудың осы компоненті арасындағы оңтайлы үйлесімділікті қамтамасыз етуге негізделеді және дамыған, дамушы және өтпелі экономика жағдайындағы мемлекеттердің барлығы үшін аса қолайлы жүйе болатындығын дәлелдеуге тырысады.
«Табиғи капитал» көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл ойнайды. Қазақстан үшін, мысалы, экономикада пайдалы қазбалардың маңыздылығы өте ерекше болып табылады, яғни табиғи ресурстардың өте мол қоры экономиканың дамуында маңызды рөл ойнайды. Көптеген елдер өзінің бай табиғатының есебінен экологиялық туризм үшін табиғи капиталдың «рухани» қызметтерін қамтамасыз етіп мол табыстарға кенеліп отыр.
Қазіргі уақытта, инвестициялау үшін Қазақстан экономикасының басымдықты секторларының біріне балама энергетика (альтернативті энергетика) саласы жатады. Балама энергетика Қазақстан экономикасын дамытудың балама мүмкіндіктері болып табылады. Экономикалық дамудың осындай балама мүмкіндігі соңғы 15-20 жылда әлемдік экономикада басым рөлді ойнап отырған «болашақ экономика» секторларының бірі болып табылады.
Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешудің және электроэнергетиканы дамытудың басым бағытының бірі ретінде өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды кеңінен пайдалану үдерісі қарастырылып келеді. Қазақстанда өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстардың әлеуеті өте зор болып табылады. Жаңартпалы энергетикалық ресурстарға гидроэнергия, жел энергиясы мен күн энергиясы жатады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 |


