Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Бір мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген рұқсаттарды барлық басқа мүше мемлекеттер мойындайды.

26. Рұқсаттарды беру мерзімі өтініш берілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Рұқсаттар сыртқы сауда қызметіне кез келген қатысушыларға мүше мемлекеттің уәкілетті органына берілетін:

жазбаша өтініштің;

қағаз жеткізгіштегі рұқсат жобасының;

Комиссия бекітетін, ал ол бекітілгенге дейін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған форматта рұқсат жобасының электрондық көшірмесі негізінде шектеусіз беріледі.

27. Рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.

28. Уәкілетті орган сыртқы сауда қызметіне қатысушыға немесе оны алуға өкілеттіктерді жазбаша растауы бар оның өкіліне берілетін рұқсаттың түпнұсқасын ресімдейді.

Сыртқы сауда қызметіне қатысушы тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін рұқсатты бақылауға қою кезінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға бақылауға қою туралы кеден органының белгісі бар оның көшірмесін беретін тиісті кеден органына рұқсаттың түпнұсқасын береді.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Егер уәкілетті орган рұқсатты электрондық құжат нысанында берген (ресімдеген) болса, онда сыртқы сауда қызметіне қатысушының өз мемлекетінің кеден органына лицензияның түпнұсқасын қағаз жеткізгіште беруі талап етілмейді.

Уәкілетті органдар мен кеден органдарының электрондық құжат нысанында берілген рұқсаттардың орындалуын бақылау бойынша өзара іс-қимылының тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

29. Берілген рұқсаттар басқа сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға қайта ресімдеуге жатпайды.

Берілген рұқсаттарға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

30. Берілген рұқсат жоғалған жағдайда, уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде сыртқы сауда қызметіне қатысушының жазбаша өтініші бойынша түпнұсқаға ұқсас ресімделетін және "Телнұсқа" деген жазуы бар рұқсаттың телнұсқасын бере алады. Бұл ретте өтініште рұқсатты жоғалтудың себептері мен жағдайлары түсіндірілуі тиіс. Өтініш еркін нысанда жасалады.

________________

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 8 ҚОСЫМША

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау,

демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы

ХАТТАМА

I. Жалпы ережелер

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 48-49-баптарына сәйкес әзірленген және Одақтағы тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының қолданылуын айқындайды.   

2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«ұқсас тауар» – тексеру (қайта тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толықтай сәйкес келетін тауар немесе мұндай тауар болмаған жағдайда, тексеру (қайта тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауардың сипаттамасына жақын сипаттамалары бар басқа тауар;

«демпингке қарсы шара» – демпингке қарсы баж, оның ішінде алдын ала ала демпингке қарсы баж енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Комиссия шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл бойынша шара;

«демпингке қарсы баж» – демпингке қарсы шараны енгізу кезінде қолданылатын және мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;

«демпингтік маржа» – экспорттық бағасын шегерумен, осы тауардың қалыпты құнының оның экспорттық бағасына пайызбен көрсетілген қатынасы немесе тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасының арасындағы абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген айырмасы;

«импорттық квота» – тауардың санына және (немесе) құнына қатысты оның Одақтың кедендік аумағына импортын шектеу;

«өтемақы шарасы» – Комиссияның шешiмi бойынша өтемақы бажын (оның iшiнде алдын ала ала өтемақы бажын) енгізу немесе субсидиялаушы үшінші елдің уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті мiндеттемелерді мақұлдау арқылы қолданылатын мүше мемлекеттердің экономика саласына экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидия әсерiн бейтараптандыру шарасы;

«өтемақы бажы» – өтемақы шарасын енгізу кезінде қолданылатын және мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;

«мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал» - атап айтқанда, мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндiрiсi көлемiнiң және мүше мемлекеттердiң нарығында оны өткiзу көлемiнiң қысқаруымен, мұндай тауар өндiрiсi рентабельдiлiгiнiң төмендеуiмен, сондай-ақ мүше мемлекеттер экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақының деңгейiне және мүше мемлекеттер экономикасының осы саласына инвестициялардың деңгейiне теріс әсер етуден көрінетін мүше мемлекеттер экономикасы саласы ахуалының дәлелдемелермен расталған нашарлауы;

«тікелей бәсекелес тауар» – өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ тексеру (қайта тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде сатып алушы оны ауыстыратындай немесе ауыстыруға дайын болатындай басқа да негізгі қасиеттері бойынша тексеру (қайта тексеру) объектісі  болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға сай келетін тауар;

«сауданың әдеттегі барысы» – өндірістің орташа өлшемді шығасыларына және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығасыларға негізделе отырып айқындалатын соған ұқсас тауардың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы соған ұқсас тауарды сатып алу-сату;

«төлеушілер» - Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес айқындалатын тұлғалар;

«алдын ала демпингке қарсы баж» - оған қатысты тексеру жүргізетін орган тексеру барысында демпингтік импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалы, оның келтіретін қауіпі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі туралы алдын ала қорытынды жасаған тауардың Одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж;

«алдын ала өтемақы бажы» -  оған қатысты тексеру жүргізетін орган тексеру барысында субсидияланатын импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалы, оның келтіретін қауіпі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі туралы алдын ала қорытынды жасаған тауардың Одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж; 

«алдын ала қорғау бажы» -  оған қатысты тексеру жүргізетін орган тексеру барысында мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірген немесе келтіру қауіпін төндірген өсіп келе жатқан импорттың болуы туралы алдын ала қорытынды жасаған тауардың Одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж; 

«алдыңғы кезең» – қажетті статистикалық деректері бар тексеруді жүргізу туралы өтініш берілген күннің тікелей алдындағы 3 күнтізбелік жыл;

«байланысты тұлғалар» – төменде келтірілген бір немесе бірнеше критерийлерге сай келетін тұлғалар:

осы тұлғалардың әрқайсысы басқа тұлғаның қатысуымен құрылған ұйымның қызметкері немесе басшысы болып табылады;

тұлғалар іскер әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, пайда алу мақсатында іс-қимыл жасайды және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтереді;

тұлғалар бір ұйымның жұмыс берушілері және қызметкерлері болып табылады;

қандай да бір тұлға дауыс беретін акциялардың 5 және одан да көп пайызын немесе екі тұлғаның үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленеді, бақылайды немесе номиналды ұстаушысы болып табылады;

тұлғалардың біреуі екінші тұлғаны тікелей немесе жанама  түрде бақылайды;

екі тұлғаны да үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды;

екі тұлға бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;

тұлғалар неке қатынастарында, туыстық немесе бала асыраушы немесе асырап алынған, сондай-ақ қамқоршы және қамқорлықтағы қатынастарда болады.

Бұл ретте мынадай іс-қимылдардың біреуін немесе бірнешеуін:

оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;

заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;

заңды тұлғаның жарғылық (қалыптасу) капиталын (қорын) құрайтын акцияларға (үлестерге) тиесілі дауыстардың жалпы санының 5 пайызынан астамына билік етуді жүзеге асыру арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі тікелей бақылау деп түсініледі.

Жеке немесе заңды тұлға арқылы не арасында тікелей бақылау бар бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі жанама бақылау деп түсініледі.

«мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал» – әдетте, алдыңғы кезең ішінде айқындалатын мүше мемлекеттердің экономика саласының өндірістік, сауда және қаржы жағдайының айтарлықтай нашарлауынан көрінетін, мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелесуші тауар өндірісімен байланысты ахуалдың дәлелдемелермен расталған жалпы нашарлауы;

«арнайы қорғау шарасы» – импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы Комиссияның шешімі бойынша қолданылатын Одақтың кеден аумағына тауардың өскен импортын шектеу жөніндегі шара;

«арнайы квота» - оның шеңберінде Одақтың кеден аумағына тауар арнайы бажды төлеусіз, осы көлемнен артық арнайы баж төлемімен жеткізілетін Одақтың кеден аумағына тауар импортының белгілі бір көлемін белгілеу;

«арнайы баж» – арнайы қорғау шарасын енгізген кезде қолданылатын және мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;

«субсидияланатын импорт» – өндірілуі, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы пайдаланылған тауардың Одақтың кеден аумағына импорты;

«үшінші елдер» -  Шарт қатысушысы болып табылмайтын елдер және (немесе) елдердің бірлестіктері, сондай-ақ Комиссия бекіткен әлем елдерінің Сыныптауышына енгізілген аумақтар;

 «субсидиялаушы орган» – экспорттаушы үшінші елдің мемлекеттік органы не жергілікті өзін-өзі басқару органы не тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін-өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актіге сәйкес немесе нақты мән-жағдайларға орай тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін-өзі басқару органы уәкілеттік берген тұлға;

«мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтіру қаупі» – мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;

«мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтіру қаупі» – мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;

«экспорттық баға» – Одақтың кеден аумағына тауардың импорты кезінде төленген немесе төленуі тиіс баға.

ІІ. Тексеру

1. Тексеру жүргізу мақсаттары

3. Тауардың импорты кезінде арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу алдында:

Одақтың кеден аумағына өспелі импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің болуын;

Одақтың кеден аумағына демпингтік немесе субсидияланатын импорттың болуын және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе оны келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың баяулауы қаупінің болуын анықтау мақсатында тексеру жүргізіледі.

2. Тексеру жүргізетін орган

4. Тексеру жүргізетін орган өзіне халықаралық шарттарда және Одақтың құқығын құрайтын актілерде берілетін өкілеттіктер шеңберінде әрекет етеді.

5. Тексеру жүргізетін орган тексеру нәтижелері бойынша  Комиссияға арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану мерзімін қолданудың немесе ұзартудың не арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарау немесе алып тастаудың орындылығы туралы ұсынысы бар, Комиссияның тиісті шешімінің жобасы қоса берілген баяндаманы ұсынады.

6. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарау қайта тексерудің қорытындысы бойынша оны өзгертуді, алып тастауды немесе ырықтандыруды көздейді.

7. Осы Хаттаманың 15-22, 78-89, 143-153 тармақтарында көзделген жағдайларда тексеру жүргізетін орган тексеру аяқталғанға дейін Комиссияға алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу мен қолданудың орындылығы туралы ұсынысы бар, Комиссияның тиісті шешімінің жобасы қоса берілген баяндаманы ұсынады.

8. Тексеру жүргізетін орган ұсынатын дәлелдемелер мен мәліметтер, сондай-ақ тексеру жүргізетін органмен хат алмасулар орыс тілінде жүзеге асырылады, ал шетел тілінде құрастырылған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған аудармасы растала отырып, орыс тіліндегі аудармасымен сүйемелденуі тиіс.

   

IІI. Арнайы қорғау шаралары

1. Арнайы қорғау шарасын қолданудың жалпы қағидаттары

9. Арнайы қорғау шарасы олардың шығарылатын еліне қарамастан:

1) әрқайсысының үлесіне Одақтың кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің көп дегенде 3 пайызынан келетін дамушы немесе аз дамыған үшінші елдерден шығарылатын осы тауар импортының жиынтық үлесі Одақтың кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің 9 пайызынан аспайтын жағдайда, дамушы және аз дамыған елден шығарылатын осы тауар импортының үлесі Одақтың кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аспайынша, мүше мемлекеттердің бірыңғай артықшылықтар жүйесін пайдаланатын, дамушы немесе аз дамыған үшінші елден шығарылатын тауарды;

2) 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың Тарапы болып табылатын, осы Шарттың 8-бабында белгіленген талаптарды орындаған кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше мемлекетінен шығатын тауарды қоспағанда, экспорттаушы үшінші елден Одақтың кеден аумағына импортталатын тауарға қолданылады.

10. Комиссия осы Хаттаманың 9-тармағына сәйкес арнайы қорғау шараларының қолданылуынан алынып тасталған, дамушы немесе аз дамыған үшінші елден шығарылатын тауарға, егер осы Хаттаманың 31, 33 немесе 34-тармақтарына сәйкес тексеру жүргізетін органның қайта тексеруі нәтижесінде, осындай дамушы немесе аз дамыған үшінші елден тауар импортының үлесі осы Хаттаманың 9-тармағымен белгіленген көрсеткіштерден асып түсетіні анықталған болса, арнайы қорғау шарасын тарату туралы шешім қабылдайды.

11. Комиссия осы Хаттаманың 9-тармағына сәйкес арнайы қорғау шарасының қолданылуынан алынып тасталған, 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың Тарапы болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше мемлекетінен шығатын тауарға, егер осы Хаттаманың 31, 33 немесе 34-тармақтарына сәйкес тексеру жүргізетін органның қайта тексеру нәтижесінде, осы Шарттың 8-тармағында белгіленген талаптарды одан әрі орындамайтыны анықталған болса, арнайы қорғау шарасын тарату туралы шешім қабылдайды.

2. Өспелі импорт салдарынан мүше мемлекеттердің

экономика саласына елеулі залалды немесе

осындай залал келу қаупін белгілеу

12. Одақтың кеден аумағына өспелі импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе осындай залалдың келу қаупін белгілеу мақсатында тексеру жүргізетін орган тексеру барысында сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін және мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайына, оның ішінде:

1) тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне қатысты абсолюттік көрсеткіштердегі және салыстырмалы көрсеткіштердегі өсу қарқыны мен көлеміне;

2) тексеру объектісі болып табылатын импорттық тауардың мүше мемлекеттердің нарығындағы осы тауардың және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы сатылу көлеміндегі үлесіне;

3) тексеру объектісі болып табылатын импорттық тауардың мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар бағалары деңгейімен салыстырғандағы бағалар деңгейіне;

4) мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды мүше мемлекеттер нарығында сату көлемінің өзгеруіне;

5) мүше мемлекеттердің экономика саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісі көлемінің, өнімділігінің, өндірістік қуаттардың жүктемесінің, пайда мен зиян мөлшерлерінің, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейінің өзгертуіне әсер ететін объективті факторларды бағалайды.

13. Өспелі импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал немесе осындай залалды келтіру қаупі іске қатысты және тексеру жүргізетін органның иелігінде бар барлық дәлелдемелер мен мәліметтерді талдау нәтижелерінің негізінде белгіленуі тиіс.

14. Тексеру жүргізуші орган сол кезеңде өскен импорттан басқа мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіретін немесе оны келтіру қаупі туындайтын басқа белгілі факторларды талдайды. Аталған залал мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін елеулі залалға немесе Одақтың кеден аумағына өскен импорттың салдарынан оған келтіретін қаупіне жатқызылмауы тиіс.

3. Алдын ала арнайы бажды енгізу

15. Арнайы қорғау шарасын қолдануды кешіктіру мүше мемлекеттердің экономика саласына кейіннен жойылуы қиын болатын залал келтіруге әкеліп соғуы мүмкін күрделі жағдайларда Комиссия тиісті тексеру аяқталғанға дейін, тексеруді жүргізуші органның алдын ала қорытындысының негізінде оған сәйкес тексеру объектісі болып табылатын тауардың өскен импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіргенінің немесе келтіру қаупін төндіргенінің айқын дәлелдемелері болғанда 200 күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы баж енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Тексеруді жүргізуші органның түпкілікті қорытындысын алу мақсатында тексеру жалғасуы тиіс.

16. Тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкiлеттi органын, сондай-ақ басқа да оған белгiлi мүдделi тұлғаларды алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкіндігі туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.

17. Экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органының алдын ала арнайы бажды енгiзу мәселесi бойынша консультациялар өткiзу туралы сұрау салуы бойынша мұндай консультациялар Комиссия алдын ала арнайы бажды енгiзу туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн басталуы тиiс.

18. Тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екені анықталған немесе осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес арнайы қорғау шарасын қолданбау туралы шешім қабылданған жағдайда алдын ала арнайы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес төлеушіге қайтаруға жатады.

Тексеруді жүргізуші орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын арнайы қорғау шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екені туралы не Комиссияның арнайы қорғау шарасын қолданбау туралы шешім қабылдағаны туралы уақтылы хабардар етеді.

19. Егер тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын (оның ішінде импорт квотасын енгізу арқылы) қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзіміне есептеледі, ал тексеру нәтижелері бойынша қабылданған арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала арнайы баж сомалары осы осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен, Осы Хаттаманың 20 және 21-тармақтарының ережелерін есепке ала отырып, есептеуге және бөлуге жатады.

20. Егер тексеру нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж  мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала арнайы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.

Арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомасынан асатын алдын ала арнайы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58