Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
3) критерийлер үш жылдық кезеңде өлшенген мынадай көрсеткіштердің кемінде біреуіне:
халықтың жан басына шаққандағы табыс немесе үй шаруашылығына шаққандағы табыс немесе осы аумақ үшін орташа көрсеткіштің 85 пайызынан аспауы тиіс халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлеміне;
осы аумақ үшін орташа көрсеткіштің кемінде 110 пайызын құрауы тиіс жұмыссыздық деңгейіне негізделген экономикалық даму өлшемін қамтиды.
83. Осы бөлім түсінігінде өңірлік дамудың жалпы шеңберлері өңірлік субсидиялау бағдарламалары ішкі реттік және әмбебап қолданылатын өңірлік даму саясатының бөлігі болып табылатынын және өңірлік дамуға арналған субсидиялар өңірдің дамуына әсер етпейтін немесе көп әсер етпейтін жекелеген географиялық пункттерге берілмейтінін білдіреді.
Бейтарап және объективті критерийлер белгілі бір өңірлерге өңірлік даму саясаты шеңберінде өңірлер арасындағы айырмашылықтарды жою немесе қысқарту үшін қажетті жеңілдіктерден басқа жеңілдіктер бермейтін критерийлерді білдіреді. Осы тұрғыда өңірлік субсидиялау бағдарламалары әрбір субсидияланатын жоба бойынша ұсынылуы мүмкін көмектің ең жоғары сомаларын қамтуы тиіс. Мұндай ең жоғары сомалар көмек көрсетілетін өңірлердің даму деңгейіне байланысты сараланған болуы және инвестицияларға арналған шығыстар немесе жұмыс орындарын құруға арналған шығыстар түрінде көрсетілуі тиіс. Осы сомалардың шеңберінде көмек осы Хаттаманың ІІ бөлімінде көзделгендей субсидиялардың басым қолданылуына немесе белгілі бір кәсіпорындарға үлкен сомалардың тең көлемде ұсынылмауына жол бермеу үшін кеңінен таратылуы тиіс.
84. Жәрдемдесу:
1) бір жолғы, қайталанбайтын шара болып табылса;
2) бейімделу бойынша шығыстардың 20%-нан аспайтын көлемін құраса;
3) толығымен кәсіпорынға жүктелуі тиіс субсидияланатын жабдықты ауыстыруға және пайдалануға арналған шығыстарды өтемесе;
4) фирманың пропорционалды жоспарланған ластауды қысқартуымен тікелей байланысты болса және қол жеткізілуі мүмкін өндірістік шығыстарға арналған үнемдеуді өтемесе;
5) жаңа жабдыққа және (немесе) өндірістік процестерге ауысуы мүмкін барлық фирмалар үшін қолжетімді болса, қолданыстағы өндірістік қуаттылықтардың қосымша шектеулерге және фирмалар үшін қаржылық ауыртпалықтарды күшейтуге әкелетін заңнамамен және (немесе) нормативтік актілермен қойылатын қоршаған ортаны қорғауға қатысты жаңа талаптарға бейімделуіне жәрдемдесу қолданыстағы өндірістік қуаттылықтар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жаңа талаптар енгізілгенге дейін кемінде екі жыл пайдаланылған өндірістік қуаттылықтарды білдіреді.
VIII. Өтеу шараларын және қарсы шараларды енгізу және қолдану
85. Бір мүше мемлекеттің құзыретті органы өзге мүше мемлекеттердің аумағында ұсынылатын субсидиялардың осы Хаттаманың ережелеріне сәйкестігі туралы зерттеуді немесе өзге мүше мемлекеттердің осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетілген шараларды қолдануын айқындау үшін осы Хаттаманың V бөлімінде белгіленген тәртіппен зерттеу жүргізуге құқылы. Зерттеуге бастама жасаған құзыретті орган мүше мемлекеттерге зерттеудің басталатыны туралы хабарлайды. Мүше мемлекеттердің құзыретті органдары зерттеудің жүргізілу барысы туралы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
86. Құзыретті орган жүргізілген зерттеу нәтижесінде өзге мүше мемлекеттің субсидиялайтын органы арнайы субсидия ұсынатынын және осы арнайы субсидия құзыретті органы зерттеу жүргізетін мүше мемлекеттің ұлттық экономика саласына залал келтіретінін айқындаған жағдайда мұндай құзыретті орган осы мүше мемлекетке өтеу шараларын енгізу туралы өтініш беруі мүмкін. Көрсетілген өтініште субсидиялардың осы Хаттама ережелеріне сәйкес келмеуі туралы қолданыстағы дәлелдемелер келтірілуі тиіс.
87. Осы Хаттаманың 6-тармағына сәйкес жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша Комиссия мүше мемлекеттердің біреуінің ұлттық экономика саласына залал келтірілгенін растаған жағдайда мұндай мүше мемлекеттің құзыретті органы субсидиялайтын мүше мемлекетке өтеу шараларын енгізу туралы өтініш беруі мүмкін. Өтеу шараларын енгізу туралы өтініште Шарттың 96-бабы 6-тармағының
3-тармақшасына сәйкес субсидияларға жол бермеу туралы қолданыстағы дәлелдемелер келтірілуі тиіс.
Мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 7-тармағына сәйкес Комиссиямен келісілген субсидияларға өтеу шараларын қолданбайды.
Осы тармақтың ережелерін қолдану осы Шарттың 105-бабының
1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады
88. Өтеу шараларын қолдану туралы өтінішті оны алған мүше мемлекет 2 айдан аспайтын мерзімде не дауларды шешу нәтижелері бойынша ерікті түрде қанағаттандыруы мүмкін.
89. Заңдылығын мұндай мүше мемлекет ерікті түрде немесе дауларды шешу нәтижелері бойынша таныған өтеу шараларын қолдану туралы өтінішті алған мүше мемлекет немесе Шарттың 93-бабына сәйкес дауларды шешу нәтижесі бойынша өтеу шарасын өтінішке сәйкес күнтізбелік 30 күн ішінде енгізеді.
90. Өтеу шарасы ұсынылған субсидия сомасынан және қанағаттандырылған өтініште көрсетілген қаражатты (мүлікті) пайдаланудың барлық кезеңі ішіндегі осы сомаға есептелген пайыздан құралады.
Өнеркәсіптік субсидия сомасы осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес есептеледі.
Пайыз мөлшерлемесі субсидия ұсынылған сәтте қолданыста болған және субсидиялайтын орган субсидия берген мүше мемлекеттің Ұлттық (Орталық) банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің бір жарым мөлшеріне тең. Бұл ретте пайыздық мөлшерлеме субсидия ұсынылған күннен бастап өтеу шарасы орындалған күнге дейінгі барлық кезеңге қатысты күрделі пайызды қолдану арқылы есептеледі.
Күрделі пайыз алдыңғы жылы есептелген пайыздары бар сомаға жыл сайын есептелетін пайызды білдіреді.
91. Өтеу шарасы тиісті пайызы есепке алынған субсидия сомасы субсидияны алушыдан алынғаннан кейін және субсидиялайтын органы субсидия ұсынған мүше мемлекеттің бюджетіне аударылғаннан кейін орындалған болып табылады.
92. Өтеу шарасы ол осы Хаттаманың 91-тармағында көрсетілген көздерден басқа кез келген көздерден алынса, орындалған болып табылмайды.
Осы Хаттаманың 92-тармағының ережелеріне қарамастан, өтеу шарасының алу көздері субсидияны алушының өтеу шарасын құрайтын қаражатты төлеуден жалтаруына жол бермеу мақсатында ғана талапкер мемлекеттің және жауапкер мемлекеттің өзара келісімі боынша өзгеруі мүмкін.
93. Өтеу шарасының орындалуы өтеу шарасын қолдану туралы қанағаттандырылған өтініш орындалған болып табылуы үшін жеткілікті негіз болып табылады. Бұл ретте, мүше мемлекет өтеу шарасын қолдану туралы қанағаттандырылған өтінішті мұндай өтініш қанағаттандырылған күннен бастап күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімде орындайды.
94. Егер мүше мемлекет өтеу шарасын қолдану туралы қанағаттандырылған өтінішті белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда өтініш берген мүше мемлекет өтеу шарасы көлеміне шамамен тең келуі тиіс қарсы шараларды қолдану мақсатында дауларды шешу жөніндегі рәсімге бастама жасауға құқылы.
Осы Хаттама мақсаттары үшін қарсы шаралар ретінде қарсы шараны енгізетін мүше мемлекеттің қарсы шарасы енгізілетін мүше мемлекетке қатысты (мұнай және газ салаларына қатысты шараларды қоспағанда) олардың арасында жасалған сауда-экономикалық сипаттағы қолданыстағы шарттардан туындайтын өз міндеттемелерін орындауын уақытша тоқтата тұру ұғынылады.
Қарсы шаралар уақытша сипатқа ие және оларды талапкер мүше мемлекет осы Шарттың ережелерін бұзатын шара жойылғанға дейін немесе Шарттың ережелеріне сәйкес келетіндей етіп өзгертілгенге дейін немесе мүше мемлекеттер дауды шешу туралы келісімге қол жеткізгенге дейін ғана қолданады.
IX. Хабарламалар
95. Мүше мемлекеттер/мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жыл сайын ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей біріне-бірі және Комиссияға кезекті жылы федералдық (республикалық) және өңірлік (муниципалдық, жергілікті)/ деңгейлерде ұсыну жоспарланып отырған барлық субсидиялар туралы хабарлайды.
Мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 76-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұсынылатын субсидиялар туралы құпия ақпаратқа жатқызбайды.
96. Осы Хаттаманың 95-тармағына сәйкес хабарламаларға арналған ақпарат көзі федералды/республикалық бюджет, сондай-ақ мүше мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктер бюджеттері жобаларының шығыс бөлігі болып табылады.
97. Мүше мемлекеттер (мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей біріне-бірі және Комиссияға федералдық (республикалық) және өңірлік (муниципалдық, жергілікті) деңгейде есепті тоқсан ішінде ұсынылған субсидиялар туралы белгіленген нысан бойынша хабарлама жібереді.
Осы тармақтың ережелерін қолдану Шарттың 105-бабының
1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады
98. Мүше мемлекеттер (мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары) біріне-бірі және Комиссияға федералдық (республикалық) және өңірлік (муниципалдық, жергілікті) деңгейде мүше мемлекеттің аумағында есепті жыл ішінде ұсынылған субсидиялар туралы белгіленген нысан бойынша хабарламаны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жібереді. Хабарламада өзге мүше мемлекеттің уәкілетті органы және Комиссия ұсынылған субсидиялардың сомасын және олардың осы Хаттама ережелеріне сәйкестігін бағалай алуы үшін жеткілікті ақпарат қамтылуы тиіс.
99. Осы бөлімнің ережелеріне сәйкес мүше мемлекеттердің (мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының) субсидиялар туралы хабарламалары бекітілген нысанға сәйкес орындалады, сондай-ақ оларды толтыру тәртібін мүше мемлекеттермен келісу бойынша Комиссия бекітеді.
100. Хабарламаларда мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) субсидиялау бағдарламасының атауы, ол болған жағдайда, субсидияның қысқаша сипатталуы немесе белгіленуі (мысалы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту»);
2) хабарлама ұсынылатын есепті кезең.
3) субсидияның негізгі нысанасы және (немесе) мақсаты (субсидияны ұсыну мақсаттары бойынша деректерді әдетте субсидия ұсынылатын нормативтік құқықтық актіден табуға болады);
4) субсидияны ұсыну үшін заңды негіз (оған сәйкес субсидия ұсынылатын нормативтік құқықтық актінің атауы, сондай-ақ осы актінің қысқаша сипаттамасы);
5) субсидия нысаны (грант, қарыз, салық жеңілдігі және т. б.).
6) субъект (өндіруші, экспорттаушы немесе басқа тұлға) және субсидия беру тәсілі (субсидия кімге және қалай ұсынылады (тауар бірлігіне белгіленген немесе ауыспалы сомамен) (екінші нұсқада соманы айқындау тетігі көрсетіледі), сондай-ақ субсидияны ұсыну тетігі және оны беру шарттары;
7) субсидия көлем (субсидияға қаржыландырылған жылдық немесе жалпы сома, мүмкіндігінше, өнім бірлігіне арналған субсидия);
8) субсидия қолданысының ұзақтығы және (немесе) субсидияға қатысты қолданылатын кез келген басқа уақытша шектеу (субсидияның ашылу/жабылу мерзімін қоса алғанда);
9) саудаға әсері жөніндегі деректер (субсидиялардың саудалық әсерін бағалауға мүмкіндік беретін статистикалық деректер ).
101. Ақпарат, мүмкіндігінше, субсидияланатын тауарларды немесе секторларды өндіру, тұтыну, олардың импорты мен экспорты бойынша:
1) статистикалық мәліметтер бар соңғы үш жыл ішіндегі;
2) алдыңғы жыл – субсидияны енгізу алдындағы немесе субсидияның соңғы маңызды өзгерісінің алдындағы соңғы жыл ішіндегі статистикалық мәліметтерді қамтуы тиіс.
Өнеркәсiптiк субсидиялар берудiң
бiрыңғай қағидалары туралы хаттамаға
қосымша
Өнеркәсiптiк субсидиялар берудiң бiрыңғай қағидалары
туралы хаттаманың ережелері қолданылмайтын шаралар
тiзбесi
Шараның сипаттамасы | Шараға қатысты өтпелi кезеңнiң қолданылу мерзiмi
|
I. Беларусь Республикасы | |
«Жеңіл автомобильдерді дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы | 2018 ж. 1 шілдеге дейін |
II. Қазақстан Республикасы | |
1. «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 000 қаулысына сәйкес экспортқа бағдарланған өндiрiстердiң банктер кредиттерi бойынша пайыздық мөлшерлемесiн субсидиялау | 2011 жылғы 1 шiлдеге дейiн кредиттiк ұйымдар берген кредиттер бойынша 2016 жылғы 1 шiлдеге дейiн |
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексіне, «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына және 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімге сәйкес Кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне еркін қойма аумағынан әкету кезінде кеден баждары мен салықтардан жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес қазақстандық деп танылған тауарларды босату | 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін |
3. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына және «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы | 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін |
4. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 000 бұйрығына және «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 000 шешіміне* сәйкес әкелінетін автокомпоненттер мен шығарылған автомобильдерге кеден баждары мен салық төлеуден және Кеден одағы аумағы бойынша алып өту кезінде автомобильдерге әкелу кеден баждарын төлеуден босату | 2018 жылғы 1 шілдеге дейін. |
5. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған келісімшарттардағы жергілікті қамтым, 6. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңына және «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 000 қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ) және дауыс беру акцияларының 50 %-ын және одан көбін (қатысу үлесін) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тікелей және жанама иеленетін ұйымдарда, сондай-ақ мемлекетке тікелей және жанама тиесілі компанияларда сатып алудағы жергілікті қамтым мемлекеттің үлесі
| егер Ресей Федерациясының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына қосылу туралы хаттамасында өзгеше көзделмесе 2020 жылғы егер Ресей Федерациясының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына қосылу туралы хаттамасында өзгеше көзделмесе 2016 жылғы |
III. Ресей Федерациясы | |
1. «Отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін инвестициялар тарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Ресей Федерациясы Президентінің 1998 жылғы 5 ақпандағы № 135 Жарлығының, «Ресей Федерациясының Кеден тарифіне өнеркәсіптік алымдар үшін алынатын автокомпоненттерге қатысты өзгерістер енгізу туралы» Ресей Федерациясы Үкіметінің 2005 жылғы 29 наурыздағы № 000 қаулысының және «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден Одағы комиссиясының 2009 жылғы 29 қарашадағы № 000 шешімінің ережелерін қамтитын 2011 жылғы 28 ақпанға дейін жасалған инвестициялық келісімдерге қатысты шаралар
| өтпелі кезең оларға қол қою кезінде белгіленген келісімдердің қолданылу мерзіміне сәйкес келеді және 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Ресей Федерациясы мен Марракеш келісіміне қосылу туралы 2011 жылғы 16 желтоқсандағы Хаттамада көзделген күнтізбелік 2 жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін |
2. «Калининград облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы және Ресей Федерациясының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 10 қаңтардағы № 16-ФЗ Федералдық Заңға сәйкес қолданылатын шаралар | 2016 жылғы 1 сәуірге дейін |
* Мүше мемлекеттердің аумақтарында «моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолданудың шарттарын Жоғары кеңес бекіткеннен кейін қолданылады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


