Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

№ 2 ҚОСЫМША

Құруға және (немесе) қызметке қатысты мүше мемлекеттер сақтайтын шектеулер

ТІЗБЕСІ

Шектеудің болуы

Шектеудің сипаты

Шектеулерді қолдануға арналған негіздеме - нормативтік құқықтық акт

Шектеулердің қолданылу мерзімі

I. БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ

1. Қаржылық қызметтер жөніндегі хаттама 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №17 қосымша (бұдан әрі - №17 қосымша)

Беларусь Республикасының сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларындағы шетелдік инвесторлардың квотасы 30 пайыздан асып кеткен жағдайда, Беларусь Республикасының Қаржы министрлігі шетелдік инвестициялар бар сақтандыру ұйымдарын тіркеуді және/немесе осындай ұйымдарға сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беруді тоқтатады.

Сақтандыру ұйымы өзінің жарғылық қорының мөлшерін шетелдік инвесторлардың және/немесе осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының қаражаты есебінен ұлғайтуға; өзінің жарғылық қорындағы үлестерді (акцияларды) шетелдік инвесторлардың және/немесе осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының пайдасына иелікке беруге Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің алдын ала рұқсатын алуға міндетті.

Сақтандыру ұйымы өзінің жарғылық қорының мөлшерін шетелдік инвесторлардың және/немесе осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының қаражаты есебінен ұлғайтуға; сақтандыру ұйымының жарғылық қорының 5 пайызын және одан көбін құрайтын оның жарғылық қорындағы үлестерді (акцияларды) иелікке беруге, өзінің жарғылық қорындағы үлестерді (акцияларды) шетелдік инвесторлардың және/немесе осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының пайдасына иелікке беруге Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің алдын ала рұқсатын алуға міндетті.

Беларусь Республикасы сақтандыру ұйымдарының белорусьтік қатысушылары жарғылық қорлардағы өздеріне тиесілі үлестерді (акцияларды) шетелдік инвесторлардың және (немесе) осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына) иелікке беруге Қаржы министрлігінің алдын ала рұқсатын алуға міндетті.

Көрсетілген іс-қимылдарды жасау кезінде Беларусь Республикасы сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларындағы шетелдік капиталдың қатысу квотасы асып кеткен жағдайда, алдын ала рұқсат беруден бас тартылады.

сақтандырушы, сақтандырушының қатысушысы жарғылық капиталдағы оған тиесілі үлестерді (акцияларды) иелікке беруді жүзеге асыруға ниетті заңды тұлға3 жылдан кем емес қызметін жүзеге асырады және соңғы 3 жылда өзінің қызметін жүзеге асыру қорытындылары бойынша пайда көрмейді

Беларусь Республикасының ұлттық қауіпсіздігін (оның ішінде экономикалық салада), ұлттық сақтандыру ұйымдарының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі бар

шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысты еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49 пайыздан астам шетелдік инвесторлар үлесі бар сақтандыру ұйымдары Беларусь Республикасының аумағында оқшауланған бөлімшелерді құра алады, сондай-ақ Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің оған алдын ала рұқсатын алғаннан кейін басқа сақтандыру ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) бола алады. Беларусь Республикасы сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталындағы шетелдік капиталдың қатысу квотасы асып кеткен жағдайда, алдын ала рұқсат беруден бас тартылады.

Шетелдік инвесторларға қатысты еншілес немесе тәуелді шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдары Беларусь Республикасының аумағында өмірді сақтандырумен, міндетті сақтандырумен, оның ішінде мемлекеттік қажеттіліктер үшін жеткізумен, қызмет көрсетумен немесе мердігерлік жұмыстарды орындаумен байланысты міндетті мемлекеттік сақтандырумен, мүліктік сақтандырумен, сондай-ақ Беларусь Республикасының мүліктік мүдделері мен оның әкімшілік-аумақтық бірліктерін сақтандырумен айналыса алмайды.

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 000 Жарлығы

«Беларусь Республикасының сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларында шетелдік инвесторлардың квотасын белгілеу туралы» Беларусь Республикасының Министрлер кеңесінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі № 000 қаулысы

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 000 Жарлығы

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 000 Жарлығы

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 000 Жарлығы

Анықталған жоқ

Шетелдік инвесторлардың сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жарғылық қорларындағы үлестерді төлеуі тек ақша қаражатымен жүргізіледі.

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 000 Жарлығы

Анықталған жоқ

2. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

белорусьтік тұлғалар ғана сақтандыру агенттері, сақтандыру брокерлері бола алады.

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 000 Жарлығы

Анықталған жоқ

3. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Беларусь Республикасының банк жүйесінде шетелдік капиталдың қатысуы 50 пайызбен шектелген

Шетелдік инвестициялары бар кредиттік ұйымдарды құру Ұлттық банктің алдын ала рұқсатын алуды талап етеді. Ұлттық банк Беларусь Республикасының банк жүйесінде шетелдік капиталға қатысудың белгіленген мөлшеріне (квотаға) жеткен кезде шетелдік инвестициялары бар банктерді тіркеуді тоқтатады.

Ұлттық банктің осы шектеуді сақтау үшін кез келген шараларды қабылдауға құқығы бар. Рұқсат беру туралы мәселені қарау кезінде Беларусь Республикасының банк жүйесінде шетелдік капиталдың қатысу квотасын пайдалану деңгейі, сондай-ақ резидент емес құрылтайшылардың қаржылық жағдайы мен іскерлік беделі ескеріледі.

Беларусь Республикасының 2000 жылғы 25 қазандағы

Банктік кодексі, «»Беларусь Республикасының банкітік жүйесінде шетелдік капиталдың қатысу мөлшері (квотасы) туралы» Беларусь Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2008 жылғы 1 қыркүйектегі № 000 қаулысы

Анықталған жоқ

4. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Беларусь Республикасында қаржы қызметтері саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Беларусь Республикасының заңнамасында белгіленген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған Беларусь Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.

Беларусь Республикасының 2000 жылғы 25 қазандағы

Банктік кодексі

Анықталған жоқ

5. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Сақтандыру ұйымы басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің функцияларын Беларусь Республикасының азаматтары, сондай-ақ Беларусь Республикасында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар ғана және еңбек шарттары негізінде ғана орындай алады

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 000 Жарлығы

Анықталған жоқ

6. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Жүзеге асыруға лицензия талап етілетін қызметті тек Беларусь Республикасының заңды тұлғалары, Беларусь Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкерлер жүзеге асыра алады.

Лицензиялауға жататын қызметтің түрлері Белорусь Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

«Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы ереже» Беларусь Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 000 Жарлығы

Анықталған жоқ

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Шектеудің болуы

Шектеудің сипаты

Шектеуді қолдану үшін негіз – нормативтік құқықтық акт

Шектеудің қолданылу мерзімі

1. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Сауда-саттықты ұйымдастырушының капиталындағы уәкілетті органның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі № 000-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

2. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Жүзеге асыруға лицензия талап етілетін қызметті Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары немесе жеке кәсіпкерлері ғана жүзеге асыруы мүмкін.

Қазақстан Республикасында лицензиялауға жататын қызмет түрлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 000-ІІІ Заңы

Анықталған жоқ

3. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Банктер акционерлік қоғамдар нысанында құрылады.

«Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының1995 жылғы 31 тамыдағы № 000 Заңы

Анықталған жоқ

4. Шартқа №15 қосымшаның 9-бабы бойынша шектеу

Қазақстан Республикасында резидент емес банктердің филиалдарын ашуға тыйым салынады.

«Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының1995 жылғы 31 тамыдағы № 000 Заңы

Анықталған жоқ

5. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлік қоғам нысанында құрылуы тиіс.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 000-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

6. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Қазақстан Республикасында резидент емес сақтандыру ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 000-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

7. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам болып табылады.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 000-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

8. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңы

Анықталған жоқ

9. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Қазақстан Республикасының резиденті емес жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңы

Анықталған жоқ

10. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бірден бір ұйым болып табылады. Орталық депозитарий акционерлік қоғам нысанында құрылады.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі № 000-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

11. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған (трансфер-агентті қоспағанда) заңды тұлға.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі № 000-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

12. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі № 000-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

13. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Өзі орналасқан елдің шоғырландырылған қадағалауына жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі бола алады.

«Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының1995 жылғы 31 тамыдағы № 000 Заңы

Анықталған жоқ

14. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының аумағында міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңы

Анықталған жоқ

15. Шартқа № 15 қосымшаның
9-бабы бойынша шектеу

бірыңғай тіркеуші – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі № 000-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

16. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі болып табылуы мүмкін.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 000-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

17. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Қор міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы»

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 000 Заңы

Анықталған жоқ

18. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.  Уәкілетті орган депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы – жалғыз акционерi болып табылады.

«Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы»

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 000 Заңы

Анықталған жоқ

19. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, мемлекет қатысатын кредиттік бюро бір ғана мамандандырылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. оған ақпарат беруш кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн қажетті ақпараттыміндетті түрде ұсынады

«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы»

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 000 Заңы

Анықталған жоқ

20. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Сақтаныдру шарттары бойынша деректер қорларын қалыптастыру және жүргізуді мемлекеттік қатысу үлесімен акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 000-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

III. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58