Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
52. Егер субсидия өндірілген, әкетілген немесе тасымалданған тауардың белгілі бір санына қатысты емес берілсе, онда тауар бірлігіне арналған субсидия мөлшерін есептеу субсидияның жалпы сомасын қажеттілігіне қарай субсидияланатын әкелінетін тауардың үлесін тауарды өндірудің, сатудың немесе әкетудің жалпы көлемінде ескере отырып субсидия берілген кезеңге осындай тауарды өндірудің, сатудың немесе әкетудің көлеміне бөлу арқылы жүзеге асырылады.
53. Егер субсидия негізгі қорларды дамытуға немесе сатып алуға байланысты берілсе, онда субсидия мөлшерінің есебі субсидияларды ерекше субсидияны ұсынған тиісті мүше мемлекеттердің қаралатын экономика саласындағы осындай негізгі қорлар амортизациясының орташа мерзіміне бөлу жолымен жүзеге асырылады. Тауар бірлігіне субсидия мөлшерін есептеу амортизация мерзімі әлі күнге дейін аяқталмаған тексерумен қамтылған кезең басталғанға дейін негізгі қорларды сатып алу үшін ұсынылған субисидияларды да қамтиды.
54. Субсидия мөлшерін есептеу кезінде, егер уақыттың әртүрлі кезеңдеріне немесе бір немесе сол тауар үшін әртүрлі мақсаттарға ұсынылған субсидиялардың ауқымы әртүрлі болса, тауар өндірісінің, сатып алынуының немесе әкетілуінің көлеміне қарай субсидия көлемінің орташа жан басына шаққандағы жоғары көрсеткіштері қолданылады.
55. Егер субсидия салық жеңілдіктері нысанында берілсе, тауардың құны салық жеңілдіктері қолданылған соңғы 12 ай ішінде оны сатудың жалпы құны есебінен айқындалады.
56. Әртүрлі субсидиялайтын органдар күнтізбелік жыл ішінде және (немесе) әртүрлі бағдарламаларды орындау үшін берген субсидиялар жинақталуы тиіс.
57. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін, егер субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығына не басқа мүше мемлекеттің нарығына субсидияланатын тауарға қатысты ұқсас тауардың үлесі қолайсыз өзгеруі орын алғаны дәлелденген жағдайда, субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығынан не басқа мүше мемлекеттің нарығынан ұқсас тауарды ығыстыру немесе субсидиялаушы мүше мемлекеттің аумағына ұқсас тауарды әкелудің өсуін тоқтату не басқа мүше мемлекеттің аумағына тауарды әкелудің өсуін тоқтату фактісі белгіленеді. Аталған факт қарапайым жағдайларда кемінде 1 жылды құрауы тиіс осы тауардың нарығын дамытудағы нақты үрдістерді дәлелдеу үшін жеткілікті кезең белгіленеді.
58. Субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығында не басқа мүше мемлекеттің нарығында үлестің қолайсыз өзгеруі мына жағдайлардың кез келгенін қамтиды:
1) субсидияланатын тауардың нарықтық үлесін арттыру;
2) субсидияланатын тауардың нарықтық үлесі ерекше субсидия болмаған кезде ол азаюы тиіс жағдайларда өзгеріссіз қалады;
3) субсидияланатын тауардың нарықтық үлесі төмендейді, бірақ ерекше субсидия болмаған жағдайда орын алатынға қарағанда неғұрлым баяу қарқынмен төмендейді.
59. Бағаны төмендету тиісті нарықтағы субсидияланатын тауардың бағасын ерекше субсидия пайдаланылмаған мүше мемлекеттердің ішінде кез келгенінің аумағында өндіру, тасымалдау немесе әкету кезінде тауардың бағасымен салыстыру негізінде белгіленеді. Салыстыру сауданың сол бір деңгейінде және уақыттың салыстыру кезеңінде жүргізілуі тиіс. Салыстыру барысында бағаны салыстыруға әсер ететін кез келген басқа факторлар қолданылуы тиіс. Егер аталған тікелей салыстыруды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, бағаны төмендету орташа экспорттық бағаның негізінде белгіленуі мүмкін.
60. Егер екі мүше мемлекет Шарттың 93-бабына сәйкес үшінші мүше мемлекеттің нарығында осы Хаттаманың 12, 55-59, 61 және 62-тармақтарына сәйкес айқындалған мүдделердің елеулі бұзылуы анықталғаны туралы даулар жүргізген жағдайда осындай мүше мемлекет дау жүргізіп отырған мүше мемлекеттерге осындай басқа мүше мемлекеттің нарығына дау жүргізетін мүше мемлекеттердің аумағында болатын тауарлардың үлесін өзгертуге қатысты жүргізілетін дауға қатысты статистикалық ақпаратты, сондай-ақ тиісті тауарлардың бағалары бойынша статистикалық ақпарат ұсынады. Бұл ретте, басқа мүше мемлекет нарықтың немесе бағаның арнайы талдауын жүргізбеуге, сондай-ақ ол коммерциялық немесе мемлекеттік құпия деп санайтын ақпаратты ұсынбауға құқылы.
61. Мүдделердің елеулі бұзылуының болу фактісі уақыттың тиісті кезеңінде мына жағдайлардың бірі болған кезде белгіленеді:
1) мүдденің елеулі бұзылу фактісін белгілейтін мүше мемлекеттің аумағынан тауарды әкетуге тыйым салудың немесе шектеудің не басқа мүше мемлекет мүддесінің елеулі бұзылуы фактісін белгілейтін мүше мемлекеттің аумағынан тауарды әкелуге тыйым салудың немесе шектеудің болуы;
2) ұқсас тауарды және осы тауарлардың мемлекеттік саудасы немесе сауданың іс жүзіндегі саудасын әкелетін мүше мемлекеттің уәкілетті органы коммерциялық емес себептер бойынша шешімдер қабылдауы, мүдделердің елеулі бұзылуы фактісін белгілейтін мүше мемлекеттен әкелуді басқа мүше мемлекеттен әкелуге қайта бағыттау;
3) мүдделердің елеулі бұзылуы фактісін белгілейтін мүше мемлекеттен әкетуге арналған тауарды өндіруге, сапасына, санына немесе бағасына елеулі кері әсер ететін табиғи апаттар, көтерілістер, көліктегі бөгелістер немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар;
4) мүдделердің елеулі бұзылуы фактісін белгілейтін мүше мемлекеттен әкетуді шектейтін уағдаластықтардың болуы;
5) мүдделердің елеулі бұзылуы фактісін анықтаған мүше мемлекеттен осы тауарды әкету мүмкіндігін өз еркімен қысқарту (осы мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізетін субъектілері осы ұқсас тауардың экспортын жаңа нарыққа қайта бағыттаған жағдайды қоса алғанда);
6) тауар әкелетін мүше мемлекетте стандарттарға және (немесе) басқа әкімшілік талаптарға сәйкес болмау.
62. 61-тармақта санамаланған міндеттердің болмауы, мүдделердің елеулі бұзылуының болуы Комиссия ұсынған ақпараттың немесе Комиссия өздігінен алған ақпараттың негізінде не Одақтың Сотына ұсынылған ақпараттың немесе Одақтың Соты өздігінен алған ақпараттың негізінде айқындалады.
63. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына келтірілген залал субсидияланатын тауарды әкелу көлемін, тексеру жүргізетін құзыретті орган мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасына және ұқсас тауардың ұлттық өндірушілеріне осындай тауардың әсерін талдау нәтижелерінің негізіне белгіленеді.
64. Субсидияланатын тауарды әкелу көлемін талдау кезінде құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелу арттырылғанын не арттырылмағанын айқындайды (абсолютті көрсеткіштерде не тексеру жүргізетін құзыретті орган мүше мемлекетте ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты).
65. Субсидияланатын тауардың тексеру жүргізетін құзыретті орган мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасына әсерін талдау кезінде құзыретті орган мынаны белгілейді:
1) субсидияланатын тауардың бағасы осы мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасынан төмен болды ма;
2) субсидияланатын тауарды әкелу осы мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасын төмендетті ме;
3) субсидияланатын тауарды әкелу осындай тауар болмаған жағдайда, осы мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасының өсуіне кедергі келтірді ме.
66. Ұлттық экономика саласына субсидияланатын тауарды әкелу әсерін талдау ұлттық экономика саласының жағдайына, оның ішінде:
1) болған немесе болашақта болуы мүмкін өндірістің қысқартуларына, ұқсас тауарды сатуға, құзыретті органы еңбектің кірісіне, өнімділігіне, тартылған инвестициялардан немесе өндірістік күшті пайдаланудан болған кірістерге тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің нарықтағы үлесіне;
2) құзыретті органы тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің нарықтағы ұқсас тауарлардың бағасына әсер ететін факторларға;
3) ақша ағындарының қозғалысына, ұқсас тауарлардың қорларына, жұмыспен қамтылу деңгейіне, еңбекақыға, өндірістің өсу қарқынына, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне болған немесе болашақта болуы мүмкін теріс әсерге қатысы бар экономикалық факторларды бағалау болып табылады.
67. Ұлттық экономика саласына субсидияланатын тауарды әкелу әсері, егер қолда бар деректер ұқсас тауардың өнідірісін өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы және кіріс сияқты критерийлердің негізінде бөлуге мүмкіндік беретін болса, тексеру жүргізетін мүше мемлекетте ұқсас тауарды өндіруге сәйкес бағаланады. Егер қолда бар деректер ұқсас тауардың өндірісін бөлуге мүмкіндік бермейтін болған жағдайда, субсидияланатын тауарды ұлттық экономика саласына әкелу әсері барынша аз топты өндіруге немесе ұқсас тауарды қамтитын және олар туралы қажетті деректер бар тауарлардың номенклатурасына сәйкес бағаланады.
68. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына келтірілетін залалды анықтау барлық іске қатысты және құзыретті органның қарамағындағы дәлелдемелер мен мәліметтерді талдауға негізделуі тиіс. Оның ішінде құзыретті орган ұқсас тауардың Одақтың аумағына жеткізілу, басқа мүше мемлекеттерден жеткізілу динамикасын және ықпалын талдайды. Бұл ретте субсидияланатын тауарды әкелу көлемін және осындай әкелудің ұлттық экономика саласына ықпалын талдау нәтижесінде белгіленген факторлардың ішінде бір не бірнеше фактор субсидияланатын тауардың әкеліну салдарынан ұлттық экономика саласына келтірілетін залалды анықтау мақсатында шешуші мәнге ие болмайды. Құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелудің басқа салдарынан сол кезеңде ұлттық экономика саласына залал келтірілетін басқа да белгілі факторларды талдайды. Көрсетілген ұлттық экономика саласына келтірілетін залалды құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан болатын ұлттық экономика саласына келтірілетін залалға жатқызбауы тиіс.
69. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін белгілеген кезде құзыретті орган барлық қолда бар факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:
1) субсидияның немесе субсидиялардың сипатын, көлемін және олардың саудаға мүмкін болатын әсерін;
2) осындай әкелудің одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндіктерін көрсететін субсидияланатын тауарды әкелудің өсу қарқынын;
3) субсидия берген мүше мемлекеттегі субсидияланатын тауарды өндірушілерде жеткілікті мүмкіндіктердің болуы немесе субсидияланатын тауарды әкелуді ұлғайтудың нақты мүмкіндіктерін көрсететін олардың өсуінің айқын болмай қалмайтындығын;
4) егер бағаның осындай деңгейі құзыретті орган субсидияланатын тауарға сұранымның одан әрі артуына да тексеру жүргізетін мүше мемлекет нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе тежелуіне алып келуі мүмкін болса, субсидияланатын тауар бағасының деңгейін;
5) субсидияланатын тауар өндірушісіндегі қорларды ескереді.
70. Бұл ретте осы Хаттаманың 69-тармағында көрсетілген факторлардың ішінде бір не бірнеше фактор субсидияланатын тауардың әкеліну салдарынан ұлттық экономика саласына материалдық залал келтірілу қаупін анықтау мақсатында шешуші мәнге ие болмайды.
71. Егер осы Хаттаманың 69-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тексеру барысында құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелуді жалғастырудың және осындай әкелумен өтеу шаралары қабылданбаған жағдайда ұлттық экономика саласына материалдық залал келтірудің болмай қалмайтындығы туралы қорытындыға келсе, ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің болуы туралы шешім қабылданады.
72. Мүдделі тұлғалар тексеру жүргізу кезінде:
1) ұқсас тауардың ұлттық өндірушісі, қатысушыларының көбі ұқсас тауарды өндірушілер болып табылатын ұлттық өндірушілер бірлестігі;
2) тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауардың өндірушісі, қатысушыларының көбі ұқсас тауарды өндірушілер болып табылатын, тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауарды өндірушілер бірлестігі;
3) мүше мемлекет және (немесе) субсидия берген мүше мемлекеттің уәкілетті органы;
4) егер осы тауар көбінесе жеке тұлғалар қолданатын зат болса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері;
5) егер олар осы тауарды өнімді өндіру кезінде пайдаланса, субсидияланатын тауарды тұтынушылар және осындай тұтынушылардың бірлестіктері болуы мүмкін (егер олар өнім өндіру кезінде осы тауарда пайдаланған жағдайда).
73. Осы Хаттаманың 72-тармағында көрсетілген мүдделі тұлғалар тексеру барысында дербес немесе құзыретті органы тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті үлгіде ресімделген өкілеттіктері бар өздерінің өкілдері арқылы әрекет етеді.
Егер мүдделі тұлға тексеру барысында уәкілетті өкіл арқылы әрекет еткен жағдайда, құзыретті орган мүдделі тұлғаға тек осы өкіл арқылы ғана тексеру мәні туралы барлық мәліметтерді жеткізеді.
74. Мүдделі тұлға ақпараттың ашылуы бәсекелестік жағдайларында үшінші тұлғаға басымдық беретінін немесе мұндай ақпаратты ұсынған тұлға үшін немесе осы тұлға мұндай ақпаратты алған тұлға үшін қолайсыз салдарларға әкелетінін куәландыратын негіздемелерді ұсынған кезде осы тұлғаның құзыретті органға ұсынатын ақпараты құпия ақпарат ретінде қаралады. Құпия ақпарат мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны ұсынған мүдделі тұлғаның рұқсатынсыз жарияланбауы тиіс.
Құзыретті орган құпия ақпаратты ұсынатын мүдделі тұлғадан оның құпия емес нұсқасын ұсынуды талап етуге құқылы. Құпия емес нұсқада ұсынылған құпия ақпараттың мәнін түсіну үшін жеткілікті мәліметтер қамтылуы тиіс. Мүдделі тұлға құзыретті органның құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын ұсыну туралы талабына жауап ретінде құпия ақпарат мұндай түрде ұсынылуы мүмкін емес деген жағдайларда бұл тұлға құпия ақпараттың мұндай түрде ұсынылуы мүмкін еместігі туралы дәлелдемелер ұсынуы тиіс.
Егер құзыретті орган мүдделі тұлға ұсынған негіздемелер ұсынылған ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызуға мүмкіндік бермейді деп белгілесе немесе құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын ұсынбаған мүдделі тұлға құпия ақпаратты мұндай түрде ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесін де ұсынбаса немесе құпия ақпаратты ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесі болып табылмайтын мәліметтерді ұсынса, құзыретті орган бұл ақпаратты ескермеуі мүмкін.
75. Құзыретті орган құпия ақпаратты таратқаны үшін өзінің мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
VI. Жалпы ерекшеліктер
76. Осы Хаттамада ешқайсысы:
1) қандай да бір мүше мемлекетке ол ашылуы оның қауіпсіздігінің маңызды мүдделеріне қарама-қайшы келеді деп санайтын ақпаратты ұсыну талабы ретінде, немесе
2) кез келген мүше мемлекетке ол оның қауіпсіздігінің маңызды мүдделерін қорғау үшін қажет деп санайтын мынадай іс-қимылды:
жарылғыш материалдарға немесе олар өндірілетін материалдарға қатысты іс-қимылды;
қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және әскери материалдарды, сондай-ақ қарулы күштерді жарақтандыру мақсатында тікелей немесе жанама жүзеге асырылатын өзге де тауарлар мен материалдарды әзірлеуге, өндіруге және саудасына қатысты іс-қимылды;
соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастарда басқа да төтенше жағдайларда қабылданатын іс-қимылды қабылдауға кедергі ретінде;
3) кез келген мүше мемлекетке дүниежүзінде бейбіт өмірді сақтау және халықаралық қауіпсіздік үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бойынша оның міндеттемелерін орындау үшін кез келген әрекеттерді қабылдауға кедергі ретінде ұғынылмауы тиіс.
77. Егер мұндай субсидиялар ерекше жағдайларда енгізілсе және егер олардың енгізілуі:
1) қоғамдық моральды, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті;
2) адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарларды және өсімдіктерді;
3) көркем, тарихи немесе археологиялық құндылық қазынасын;
4) зияткерлік меншік құқығын;
5) осы шаралардың мақсаты тауарларды басқа мүше мемлекеттер аумағынан әкелуді шектеу болып табылмаған және мұндай шаралар (егер мұндай шаралар ішкі өндіруді немесе тұтынуды шектеумен бір мезгілде жүргізілсе), кемсітушілік сипатқа ие болмаған жағдайда қорғау қажеттілігімен түсіндірілсе, осы Хаттаманың ережелері мүше мемлекеттерге сауданы бұрмалайтын арнайы субсидияларды пайдалануға кедергі келтірмейді.
VIIІ. Ұсынылуы өтеу шараларын қабылдау үшін
негіз болып табылмайтын ерекше субсидиялар
78. шаруашылық субъектілері, сондай-ақ шаруашылық субъектілерімен келісімшарт негізінде жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын зерттеу қызметіне арналған көмек, мұндай көмек өнеркәсіптік зерттеулер құнының 75 пайызынан аспайтын немесе бәсекеге дейінгі кезеңдегі әзірлемелер құнының 50 пайызынан аспайтын көлемін өтейтін жағдайда және ол тек:
1) персоналға (зерттеушілер, техниктер және тек қана зерттеу қызметімен айналысатын басқа қосымша персонал) арналған шығыстарды;
2) тек қана және тұрақты түрде зерттеу қызметі үшін пайдаланылатын (коммерциялық негізде сатуды қоспағанда) аспаптарға, жабдыққа, жерге және құрылғыларға арналған шығыстарды;
3) ғылыми зерттеу нәтижелерін, техникалық білімді, патенттерді және т. б. сатып алуды қосқанда, тек қана зерттеу қызметі үшін пайдаланылатын консультациялық және балама қызметтерге арналған шығыстарды;
4) тікелей зерттеу қызметі нәтижесінде жұмсалған қосымша үстеме шығыстарды;
5) тікелей зерттеу қызметі нәтижесінде жұмсалған өзге де ағымдық шығыстарды (материалдарға, қамтамасыз етуге және т. б.) өтеу үшін ұсынылған жағдайда ғана;
79. Осы бөлім мақсаттары үшін өнеркәсіптік зерттеулер жаңа тауарларды, процестерді немесе көрсетілетін қызметтерді әзірлеуде, сондай-ақ қолданыстағы тауарларды, процестерді немесе көрсетілетін қызметтерді едәуір жақсарту үшін пайдалы болуы мүмкін деген есеппен жаңа білімдерді ашуға бағытталған жоспарланған зерттеулерді немесе маңызды зерттеулерді білдіреді.
Бәсекеге дейінгі кезеңдегі әзірлемелер өнеркәсіптік зерттеу нәтижелерін коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз бірінші прототип жасауды қосқанда, сатуға немесе пайдалануға арналған жаңа, түрлендірілген немесе жақсартылған тауарлардың, технологиялық процестердің немесе көрсетілетін қызметтердің жоспарына, сызбасына немесе макетіне ауыстыруды білдіреді. Ол сондай-ақ тұжырымдаманың анықтамасын және балама тауарлардың, тәсілдердің немесе көрсетілетін қызметтердің дизайнын, сондай-ақ олар өнеркәсіптік қолдануға немесе коммерциялық пайдалануға арналмаған немесе сол үшін пайдаланылмаған жағдайда алғашқы демонстрациялық немесе пилоттық жобаларды қамтуы мүмкін. Ол қолданыстағы тауарлардағы, өндірістік желілердегі, өңдеу процестеріндегі, көрсетілетін қызметтердегі және өзге қарапайым операциялардағы ағымдық және мерзімдік өзгерістерге, мұндай өзгерістер жақсартуға әкелетін болса да, қолданылмайды.
80. Өнеркәсіптік зерттеулер мен бәсекеге дейінгі әзірлемелерді біріктіретін бағдарламалар жағдайында шаралар қабылдау үшін негіздеме бермейтін көмектің рұқсат етілген деңгейі осы Хаттаманың 78-тармағында көрсетілген барлық тиісті шығыстарды есепке ала отырып, есептелген осы екі санатқа арналған рұқсат етілген қарапайым орташа деңгейлерден жоғары болмауы тиіс.
Өнеркәсіптік зерттеулерді біріктіретін бағдарламалар іске асырылған бәсекелестік сатысында әзірленген жағдайда шаралар қабылдау үшін негіз болмайтын көмектің рұқсат берілген деңгейі осы екі санат үшін рұқсат етілген деңгейдің осы Хаттаманың 78-тармағында көрсетілген барлық шығыстар ескеріле отырып есептелген орташа арифметикалық мәнінен жоғары болмауға тиіс.
81. Осы Хаттаманың ережелері жоғары оқу орындары немесе ғылыми мекемелер тәуелсіз жүргізетін іргелі ғылыми зерттеулерге қатысты қолданылмайды. Іргелі зерттеулер өнеркәсіптік немесе коммерциялық мақсаттармен байланысты емес жалпы ғылыми және техникалық білімді кеңейтуді білдіреді.
82. Мүше мемлекеттің аумағындағы қолайсыз өңірлерге жалпы өңірлік даму шеңберінде ұсынылатын көмек арнайы емес болып табылады (осы Хаттаманың І бөлімінің мағынасында) және:
1) әрбір қолайсыз өңір нақты белгіленген тұтас әкімшілік және экономикалық аймақ болып табылса;
2) мұндай өңір оның қиындықтары тек уақытша жағдайларға ғана байланысты туындамайтынын көрсететін бейтарап және объективті критерийлердің негізінде қолайсыз өңір ретінде қаралса; мұндай критерийлер оларды тексеру мүмкін болу үшін заңдарда, қағидаларда немесе өзге ресми құжаттарда нақты айқындалуы тиіс;
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


