Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
22. Өндірушілердің өз қызметін тоқтатуға итермелейтін бағдарламалар арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу:
1) төлемге құқық тауарлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қамтылған тұлғалардың қызметін тоқтатуды жеңілдету немесе оларды экономиканың басқа да секторларына орнықтыру үшін бағытталған бағдарламалар шеңберіндегі нақты айқындалған критерийлермен негізделеді;
2) төлемдер көмек алушылардың тауарлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді толық және ұдайы тоқтатуға тәуелді.
23. Ресурстарды пайдалануды тоқтату жөніндегі бағдарламалар арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу:
1) төлемдерге құқық ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру мақсатында үй жануарларын қоса алғанда, жерлерді ұтымды пайдалану немесе басқа да ресурстарды тоқтатуға бағытталған бағдарламалар шеңберінде нақты айқындалған критерийлерге негізделеді;
2) төлемдер кем дегенде 3 жылға арналған тауарлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің саласынан жерлерді шығаруға, ал үй жануарлары – оларды өрбітуден бас тартумен қоса сою жағдайына тәуелді;
3) төлемді жүзеге асыру үшін тауарлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен байланысты жерлер мен басқа ресурстар секілді балама қолдануды талап етпейді және нақтыланбайды;
4) төлемдер өндіріс үшін қалатын жерлер және басқа да ресурстарды пайдаланумен өндірілген өнімдердің ішкі немесе әлемдік бағасына, өнімдердің санына, түрлеріне тәуелді емес.
24. Инвестицияларды ынталандыру арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу:
1) төлемдерге құқық объективті дәлелденген құрылымдық шығындардың салдарындағы өндірушінің қызметін қаржылық және табиғи қайта құрылымдауға көмек көрсету үшін бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде нақты айқындалған критерийлерге негізделеді. Мұндай төлемдерге құқық сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарын мемлекет меншігінен шығару бағдарламасы бойынша нақты айқындалған үкіметтік бағдарламаларда негізделуі мүмкін;
2) төлем сомасы негіздемеде айқындалмайды және осы тармақтың 5-тармақшасында көзделгенді қоспағанда өндірушілер өндірген өнімнің (мал басын қосқанда) көлеміне немесе түріне тәуелді емес;
3) төлем сомасы негіздемеде айқындалмайды және нақты тауарлардың ішкі және әлемдік құнына тәуелді емес;
4) төлемдер тек олар бағытталған инвестицияларды жүзеге асыру қажетті уақыт кезеңіне беріледі;
5) қолдау алушылармен төлем іске асырылған кезінде қандай да бір нақты өнімдерді өндірмеу талаптарын қоспағанда, оларға қандай ауыл шаруашылығы тауарларын өндірудің керектігі ешқандай нұсқада көрсетілмейді және жазылмайды;
6) төлемдер құрылымдық шығындардың орнын толтыру үшін талап етілетін сомамен шектелмейді.
25. Қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары бойынша төлемдер:
1) төлемдерге құқық қоршаған ортаны сақтау мен қорғаудың мемлекеттік бағдарламасына қатысумен негізделеді және өндірістің әдістемесі немесе қажетті материалдарға қатысты шарттарды қоса, аталған мемлекеттік бағдарламада көзделген нақты шарттарды орындауына тәуелді;
2) төлем сомасы мемлекеттік бағдарламаны орындаумен байланысты кіріс шығындары немесе қосымша шығыстар өлшемімен шектеледі;
26. Өңірлік көмек көрсету бағдарламасы бойынша төлемдер:
1) мұндай төлемдерге құқық өндірушілерге қолайсыз өңірлерде беріледі. Қолайсыз өңірлерге мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында айқындалған әкімшілік және (немесе) экономикалық аумақтар жатқызылады;
2) мұндай төлемге сома негіздемеде айқындалмайды және ауыл шаруашылығы тауарларының (мал басын қосқанда) көлеміне немесе түрлеріне тәуелді емес, бірақ бұл тауар өндірісінің қысқаруына байланысты.
3) мұндай төлемнің сомасы негіздемеде айқындалмайды және нақты тауарлардың ішкі және әлемдік бағасына тәуелді емес;
4) төлемдер тек көмек алуға құқығы бар өңірлердегі өндірушілерге беріледі және мұндай өңірлердегі барлық тұтынушылар үшін қолжетімді болып табылады;
5) өндіріс факторларына байланысты төлемдер өндірістің аталған факторы бойынша бастапқы деңгейден жоғары регрессивтік шкала бойынша жүзеге асырылады;
6) төлемдер белгіленген аумақта ауыл шаруашылығы тауарларын өндірумен байланысты кіріс шығындарының немесе қосымша шығыстардың өлшемімен шектеледі.
IV. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың
мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы тауарларымен
саудасын үлкен дәрежеде бұрмалайтын шаралары
27. Үлкен дәрежеде сауданы бұрмалайтын мемлекеттік қолдау шаралары болып мыналар танылады:
1) нақты өндірушілерге, мұндай тауарларды шығарудың нәтижесіне байланысты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бірлестігіне немесе тобына тікелей төлемді (заттай төлемдерді қоса) жүзеге асыру;
2) мүше мемлекеттің ішкі нарығында сатып алушыларға ұсынылатын ұқсас тауарлар бағасынан төмен бағалар бойынша ауыл шаруашылығы тауарларының коммерциялық емес қорларын сату немесе басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетуге ұсыну;
3) басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетілетін өнім өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне немесе ауыл шаруышылығы өнімдерінің жиналған түсімдер есебінен қаржыландырылатын төлемдерді қоса, мемлекеттік қаражаттар есебінен болсын немесе болмасын, үкіметтің қолдауымен қаржыландырылатын ауыл шаруашылығы тауарларын басқа мүше мемлекеттің аумағына әкету кезіндегі төлемдерді іске асыру;
4) жүкті тиеу-түсіру жұмыстарының шығындарын, қайта өңдеу бойынша өнімнің сапасын жоғарылату мен басқа да шығындар, сондай-ақ халықаралық тасымалдаумен байланысты шығындарды қоса алғанда, басқа мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысы мен маркетингіне шығындарды төмендету үшін мемлекеттік қолдауды ұсыну (экспортты дамытуға көмек көрсету және консультациялық қызметтер бойынша кең таратылған қызмет көрсетулерді қоспағанда);
5) ішкі тұтынуға бағытталған ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдау кезінен қарағанда, қолайлы шарттарда басқа мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін бағытталған ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдауға арналған ішкі тарифтерді белгілеу;
6) мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін бағытталған өнімдерге ауыл шаруашылығы тауарларын қосуға байланысты ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсыну.
V. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемдерінің есебі
28. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемдерінің есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
1) ақша қаражатын тікелей аудару;
2) міндеттемені орындауға кепілдеме беру (мысалы, несие және қарыз бойынша кепілдемелер).
3) тауармен, көрсетілетін қызметтермен, бағалы қағаздармен, кәсіпорындар (мүліктік кешендер) немесе оның бөлімдері, ұйымның жарғылық қорындағы үлестер (акциялармен қамтуды қоса алғанда), басқа да мүліктер, зияткерлік меншік объектілерін құқыққа және т. б. нарықтық бағадан жоғары бағалар бойынша тауарларға иелік ету;
4) мемлекеттің және әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетіне тиесілі төлемді алудан толық немесе ішінара бас тарту (мысалы, бюджетке және т. б. төлемдер бойынша қарызды есептен шығару);
5) тауар мен қызмет көрсетуді жеңілдікпен немесе қайтарымсыз ұсыну;
6) нарықтық баға деңгейін ұстап тұруға бағытталған шараларды біріктіретін бағалық қолдау.
29. Ауыл шаруашылығы мемлекеттік қолдау көлемі қайтарымсыз берілетін алынған қаражат сомасына сәйкес келеді (мысалы, дотациялар, өтемақы және т. б. түрінде). Егер қаражат қолжетімді нарықта (банктік кредит, облигациялар және т. б. нарықта) қалыптасқанға қарағанда қолайлырақ шарттарда қайтару негізінде ұсынылса, қолдау көлемі нарықта оларды алған жағдайда аталған қаражатты қолдануға төлем талап етілетін сомалар арасындағы айырмашылық, нақтырақ төленген сома секілді айқындалады.
30. Міндеттемелерді орындауға кепілдеме беру бойынша қолдау көлемі субсидиялайтын органға кепілдемені ұсынуға талап етілетін сомамен сақтандыру қызметінің қолжетімді нарығына сәйкес міндеттемелердің орындалмау қаупін сақтандыру бойынша тарифтен шығатын төлем төлеуге талап етілетін сома арасындағы айырма ретінде анықтау қажет.
Кепілдемені орындау бойынша бюджеттік шығыстар осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес есептелген олардың деңгейінен жоғары сомадағы қолдау көлеміне қосылады.
Мүше мемлекеттер міндеттемелерді орындаудың мемлекеттік кепілдемесін ұсыну бойынша мемлекеттік қолдаудың деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін осы Хаттаманың VI бөлімінде көзделген ақпаратты ескертпелердің қатарына қосады.
31. Мемлекеттің тауарды, көрсетілетін қызметтерді, бағалы қағаздарды, кәсіпорындар (мүліктік кешендер) немесе оның бөлімдері, ұйымның жарғылық қорындағы үлестер (акциялармен қамтуды қоса алғанда), басқа да мүліктер, зияткерлік меншік объектілерін құқыққа және т. б. нарықтық бағадан жоғары бағалар бойынша тауарларға иелік ету;
Қалыпты инвестициялық практика шарттарына сай келетін кәсіпорынның жарғылық капиталында өзінің үлесін жоғарылатуға және т. б. акцияларға ие болуға арналған мемлекеттің шығыстары мемлекеттік қолдау шараларына жатқызылмайды.
32. Мемлекеттің және әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетіне тиесілі төлемді алудан толық немесе ішінара бас тарту кезінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі өндірушінің бюджет алдындағы егер қолдай көрсетілмесе, туындауы мүмкін орындалмаған қаржылық міндеттемелерінің сомасына сәйкес келеді. Міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру кезінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі қолжетімді кредит нарығында алынған қарыз қаражаты санымен кейінгі қалдырыған міндеттемені тең пайдаланғаны үшін пайыз түрінде төленуі қажет сома ретінде айқындалады.
33. Тауароарды немесе көрсетілетін қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз көрсету кезінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі тауармен немесе көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілудің (ұсынудың) нарықтық баға мен нақты төленген сома арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
34. Бағалық қолдаудың көлемі бағаларды реттеуге немесе тауарларды қайта өңдеудің (мысалы, сүттің базистік майлылығы) деңгейі мен санына байланысты түзетілген ақпаратымен ішкі реттелетін бағалар мен анықтамалық әлемдік бағалардың сан-алуандығына бағаларды реттеу бойынша қолданатын шараларға қатысты нақты ауыл шаруашылығы тауарларының түрін өндірілетін саны ретінде есептеледі. Бағаны қолдауға бағытталған бюджеттік шығыстар (мысалы, сақтау мен сатып алу бойынша шығыстар) қолдау көлемінің есебіне кірмейді.
VІ. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік
қолдау туралы хабарламалар
35. Мүше мемлекеттер федералды немесе республикалық деңгейде, сондай-ақ ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсынудың тәртібі мен көлемі туралы ақпаратты қоса алғанда, әкімшілік-аумақтық бірлік деңгейінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсынудың ағымдағы жылда барлық жоспарланатын бағдарламалар туралы жазбаша нысанда бірін-бірі және Еуразиялық экономикалық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) хабардар етеді. Хабарландыруда әр мүше мемлекеттің және Комиссияның уәкілетті органдары мүше мемлекеттер ұсынатын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың критерийін және оның осы Хаттамаға сәйкестігін бағалай алатындай ақпарат болуы қажет. Мүше мемлекеттер ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсыну туралы барлық ақпаратты қол жеткізуге шектеулі ақпараттар бөліміне аудармайды. Мүше мемлекеттер жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей біріне-бірі және Комиссияға хабарламаны жеткізеді.
36. Мүше мемлекеттер біріне-бірі және Комиссияға шығындардың функционалдық және ведомстволық жіктеудің түрлері мен бөлімшелері, бөлімдері бойынша ұсынылатын федаралды және республикалық бюджеттің шығыс бөліктерін қамтитын осы Хаттаманың 35-тармағында көрсетілген ескертпелерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсынудың көлемі мен тәртібі туралы нормаларды жолдайды. Мүше мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктері бюджеттерінің шығыстары кез келген басқа әдістердегі хабарламаларда сипатталады.
37. Федералдық және республикалық деңгейде, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірлік деңгейінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттары мен көлемі туралы ақпарат көздерінің тізбесін басқа мүше мемлекеттің немесе Комиссияның сұрау салуы бойынша міндетті түрде мүше мемлекет немесе олардың уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынуы қажет.
38. Мүше мемлекеттің уәкілетті органдары есепті жылдың
1 желтоқсанына дейін өзінің мемлекеттері аумағында ұсынылған ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы хабарламаларды біріне-бірі және Комиссияға жолдайды.
39. Ағымдағы жылда ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жоспарланатын бағдарламалары және ұсынылған ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы хабарламалардың нысанын мүше мемлекеттердің келісімі бойынша Комиссия бекітеді.
VII. Мүше мемлекеттердің жауаптылығы
40. Мүше мемлекет осы Хаттаманың 6 мен 8-тармақтарының ережелерін бұзған жағдайда мұндай мүше мемлекет саналы уақыттарда үлкен дәрежеде саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларды немесе рұқсат етілген көлемнен жоғары саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларды ұсынуды тоқтатады және басқа мемлекеттерге үлкен дәрежеде саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін немесе рұқсат етілген көлемнен жоғары қолдау шаралары көлемінің өлшемінде өтемақы төлейді. Өтемақы төлеудің тәртібін Комиссия Кеңесі белгілейді. Аталған өтемақыны мүше мемлекет төлемеген жағдайда басқа мүше мемлекеттердің қарсы шараларды енгізуге құқығы болады.
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 30 ҚОСЫМША
Мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету туралы
ХАТТАМА
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XXVI бөліміне сәйкес әзірленді және мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету мәселесін реттейді.
2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«тұрақты тұру мемлекеті» – пациент тұрақты тұратын, оған азаматтық берген мемлекет;
«медициналық ұйым (денсаулық сақтау мекемесі)» – ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген лицензияның негізінде медициналық қызметті негізгі (жарғылық) қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын заңды тұлға, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, қызметтің негізгі (жарғылық) түрімен қатар медициналық қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлға немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;
«медициналық көшіру» – өмірді құтқару және денсаулық сақтау мақсатында мүше мемлекеттердің еңбекшілерін, сондай-ақ отбасы мүшелерін (оның ішінде, өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, әйелдердің жүктілік, босану кезеңдерінде, босанғаннан кейінгі кезеңде және жаңа туған балаларға, төтенше жағдайлар мен дүлей зілзалалардың нәтижесінен зардап шеккен тұлғаларға, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетіндерге қажетті медициналық көмек көрсету мүмкіндігі жоқ медицина ұйымдарында (денсаулық сақтау мекемелерінде) медициналық көмек көрсетілетін тұлғаларды) тасымалдау.
«пациент» – ауруының болуына және оның жағдайына қарамастан, медициналық көмек көрсетілетін немесе медициналық көмек көрсету үшін жүгінген мүше мемлекеттің еңбекшісі немесе отбасы мүшесі;
«медициналық көмек көрсетудің мамандандырылған жоспарлы нысаны» – профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, шұғыл және жедел медициналық көмекті талап етпейтін аурулар мен жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек;
«жедел медициналық жәрдем (кезек күттірмейтін нысандағы)» – пациенттің өміріне қауіптің айқын белгілері жоқ, кенеттен болған қатты аурулар, жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер кешені;
«жедел медициналық жәрдем (шұғыл нысандағы)» –жедел медициналық араласуды талап ететін аурулар, жазатайым оқиғалар, жарақаттар, уланулар кезінде және пациенттің өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда көрсетілетін медициналық қызметтер кешені.
3. Жұмысқа орналастырушы мемлекет мүше мемлекеттердің заңнамасында, сондай-ақ халықаралық шарттарда айқындалған тәртіппен және жағдайларда мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, сондай-ақ отбасы мүшелеріне медициналық көмек, оның ішінде жоспарлы, жоғары технологиялық, жедел медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
4. Мүше мемлекеттер өздерінің аумақтарында мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, сондай-ақ отбасы мүшелеріне өз мемлекетінің азаматтарына берілетін жағдайларда және тәртіппен тегін жедел медициналық көмек алуға тең құқық береді.
Жұмысқа орналастырушы мемлекеттің мемлекеттік және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдары (денсаулық сақтау мекемелері) (медициналық сақтандыру полисінің бар-жоғына қарамастан) мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, сондай-ақ отбасы мүшелеріне жедел медициналық көмекті (шұғыл нысандағы), оның ішінде мамандандырылған жедел медициналық көмекті тегін көрсетеді.
Медициналық ұйымның (денсаулық сақтау мекемесінің) мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне және отбасы мүшелеріне шұғыл түрдегі жедел, оның ішінде мамандандырылған жедел медициналық көмек көрсету шығындарын өтеу жұмысқа орналастырушы мемлекеттің денсаулық сақтауды қаржыландырудың қолданыстағы жүйесіне сәйкес оның бюджеттік жүйесіне сай келетін бюджет есебінен жүзеге асырылады.
5. Жұмысқа орналастырушы мемлекеттің пациентін медицина ұйымдарында (денсаулық сақтау мекемелерінде) емдеу жалғасқан жағдайда, оның өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына төнген тікелей қауіп жойылғаннан кейін көрсетілген қызметтердің нақты құнын төлеуді тарифтер немесе келісілген бағалар бойынша пациент тікелей өзі немесе оның мүддесін білдіретін заңды (жеке) тұлға жүзеге асырады.
6. Пациентті тұрақты тұратын мемлекетке медициналық көшіруді жүзеге асыру қажет болған жағдайда медициналық ұйым (денсаулық сақтау мекемесі) оның денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты елшілікке және (немесе) осы мүше мемлекеттің уәкілетті органына (ұйымына) жібереді
Пациентті медициналық көшіру мүмкіндігі, сондай-ақ осындай көшірудің тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады. медициналық көшіру медициналық көмекті, оның ішінде медициналық жабдықтарды қолдана отырып көрсету жөніндегі іс-шараларды тасымалдау кезінде жүргізе отырып, көшпелі жедел медициналық жәрдем бригадалары жүзеге асырады.
Пациентті медициналық көшірумен байланысты шығыстарды өтеу тұрақты тұру мемлекетінің денсаулық сақтауды қаржыландырудың қолданыстағы жүйесіне сәйкес оның бюджеттік жүйесіне сай келетін бюджет немесе тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 31 ҚОСЫМША
Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«келу мемлекеті» – аумағына Одақтың органы орналасқан мүше мемлекет;
«Одақ органдарының үй-жайлары» – ресми мақсаттар үшін, сондай-ақ Комиссия Алқасы мүшелерінің, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің тұруы үшін пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бөліктері;
«мүше мемлекеттердің өкілдері» – мүше мемлекеттер Одақ органдарының отырыстарына және Одақ шеңберінде өткізілетін іс-шараларға жіберетін делегациялардың басшылары мен мүшелері;
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


