Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Комиссия Алқасы мүшесі, Одақ Соты судьясы, лауазымды тұлға және қызметкер ретінде жұмыс істеген кезең зейнетақы тағайындау кезінде олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сақтандыру немесе еңбек стажына, ал әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау кезінде келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес есептеледі.

47. Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің өз өкілеттіктерін орындау кезінде алған еңбекақысы зейнетақы мөлшерін айқындау кезінде олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, ал ал әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) жөніндегі жәрдемақылардың мөлшерін айқындау кезінде келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес есептеледі.

48. Комиссия Алқасының мүшелеріне, Одақ Сотының судьяларына өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мынадай әлеуметтік кепілдіктер беріледі:

1) ұзақтығы күнтізбелік 45 күнге жыл сайынғы ақы төленетін демалыс;

2) медициналық қызмет көрсету, оның ішінде олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Одақ бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын көліктің қызмет көрсету;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

3) Одақ бюджеті қаражаты есебінен Одақтың тиісті органы орналасқан қала аумағында тұрғын үй алаңы жоқ Комиссия Алқасының мүшелеріне, Одақ Сотының судьяларына қызметтік тұрғын үй-жай беру (олардың отбасы мүшелерін ескере отырып);

4) Комиссия Алқасының өкілеттіктерді орындау кезеңін ол азаматы болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер (федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер) үшін көзделген әлеуметтік кепілдіктерді беру кезінде мемлекеттік (мемлекеттік азаматтық) стажына, сондай-ақ Комиссия Алқасының мүшесі азаматы болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес министр (федералдық министр) үшін көзделген зейнетақымен (әлеуметтік) қамсыздандыру (зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы) мөлшерін (құқығын) айқындау кезінде министр (федералдық министр) өкілеттіктерін атқарудың ұзақтығына қосу;

5) Одақ Сотының судьясы азаматы болып табылатын мүше мемлекетте судьялық стажына Одақ Соты судьясының өкілеттіктерін атқару кезеңін қосу.

49. Комиссия Алқасының мүшелеріне және Одақ Сотының судьяларына берілетін әлеуметтік кепілдіктердің қамтамасыз етілуімен (оның ішінде медициналық және көліктік қызмет көрсетумен) байланысты мәселелерді келу мемлекетінің құзыретті органы шешеді.

50. Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, өз өкілеттіктерін атқарып жүрген Комиссия Алқасының мүшелері (Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережеде көзделген өкілеттіктердің мерзімінен бұрын тоқтатылу жағдайларын қоспағанда (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) қартаюы (мүгедектігі) бойынша сақтандыру зейнетақысына ай сайынғы үстемеақы белгілетуге құқығы бар. Зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы федералдық министр үшін Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленеді. Зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы белгілеу туралы шешімді зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру және нормативтік құқықтық реттеу жөніндегі функциядарды жүзеге асыратын атқарушы биліктің федералдық органының басшысы қабылдайды. Зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы федералдық бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.

51. Лауазымды тұлғаларға, қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне өз лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде Одақтың бюджеті қаражаты есебінен медициналық қызметтер көрсетіледі, Комиссия департаменттерінің директорларына және Одақ Сотының Хатшылығының жетекшісіне де Одақтың бюджеті қаражаты есебінен көліктік қызмет көрсетіледі.

52. Одақ бюджеті қаражаты есебінен Одақтың тиісті органы орналасқан қала аумағында тұрғын үй алаңы жоқ лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге өз лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде қызметтік тұрғын үй-жай беріледі (олардың отбасы мүшелерін ескере отырып).

53. Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, Комиссияда жұмыс істегенге дейін федералдық (мемлекеттік азаматтық) қызмет лауазымын атқарған, Комиссияда атқаратын лауазымынан босатылған (кінәлі әрекеттеріне байланысты босатылған жағдайларды қоспағанда) және 15 жылдан кем емес мемлекеттік азаматтық қызмет стажы бар Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, егер Комиссиядан босатылудың алдында олар кемінде 12 ай сол лауазымды атқарса, Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген тәртіппен федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін тағайындалатын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алуға құқығы бар. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы белгілеу туралы ұсынысты (шешімді) Комиссия Алқасының өтініші бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру және нормативтік құқықтық реттеу жөніндегі функциядарды жүзеге асыратын атқарушы биліктің федералдық органының басшысы қабылдайды.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақының мөлшері лауазымды тұлғаның немесе қызметкердің орташа жалақысының негізінде есептеледі, оның шекті мөлшері Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері лауазымдарының Ресей Федерациясының Үкіметі бекітетін Ресей Федерациясының Үкіметі Аппаратындағы федералдық мемлекеттік азаматтық лауазымдарға сәйкестігі тізбесіне сәйкес мемлекеттік азаматтық қызмет лауазымдарына теңестіру бойынша белгіленген лауазымдық жалақыға (ақшалай сыйақыға) қарай айқындалады.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша федералдық бюджет қаражаты есебінен тағайындалады.

54. Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері лауазымдарының жұмыс істеген кезеңдері мемлекеттік (мемлекеттік азаматтық) қызметті өткеру кезеңінде әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу үшін және мемлекеттік қызметшілердің (федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілердің) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау үшін олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік (мемлекеттік азаматтық) қызметі стажына қосылады.

55. Комиссия Алқасы мүшелеріне, Одақ Соты судьяларына, лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне медициналық және көліктің қызмет көрсету тәртібін Үкіметаралық кеңес айқындайды.

________________

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 32 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде жасалған халықаралық шарттардың қолданылуын тоқтату туралы

ХАТТАМА

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) күшіне енуіне байланысты Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде жасалған мынадай халықаралық шарттардың қолданылуы тоқтатылады.

I. Шарт күшіне енген күнінен бастап

қолданылуы тоқтатылатын халықаралық шарттар

1. 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарт.

2. 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттама

3. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісім
4. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісім

5.2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді ратификациялау туралы.

6. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге қол қою туралы.

7. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісім.

8. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік жеңілдіктер беру туралы хаттама.

9. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ережесін біркелкі қолдануды қамтамасыз ету туралы хаттама.

жылғы 12 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден органдары арасында тауарлардың кедендік құнын айқындау мен бақылау үшін қажетті ақпарат алмасу туралы хаттама.

жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттама.

жылғы 12 желтоқсандағы Кедендік рәсімдер мен кедендік режимдердің түрлері туралы келісім.

жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісім.

жылғы 12 желтоқсандағы Тауарларды декларациялау тәртібі туралы келісім.

жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде кедендік төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі туралы келісім.

жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісім.

жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау тәртібі туралы келісім.

жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы Комиссиясының Хатшылығы туралы келісім.

жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісім.

жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісім.

жылғы 9 маусымдағы Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесі туралы келісім.

жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттама.

жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы хаттама.

жылғы 11 желтоқсандағы Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы хаттама.

жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттама.

жылғы 11 желтоқсандағы Сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі органдарды және сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуді өзара тану туралы келісім.

жылғы 11 желтоқсандағы Сәйкестігі міндетті бағалануға (расталуға) жататын өнімнің Кеден одағының кедендік аумағындағы айналысы туралы келісім.

жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісім.

жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісім.

жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімі.

қаңтардағы 2008 жылғы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы хаттама.

жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісім.

жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы хаттама.

жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы хаттама.

жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы хаттама.

жылғы 5 шілдедегі Кеден одағы бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеу режимінен жекелеген уақытша алулар туралы хаттама.

жылғы 21 қыркүйектегі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану туралы келісім.

жылғы 21 қыркүйектегі Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісім.

жылғы 18 қарашадағы Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.

жылғы 19 қарашадағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тергеулер мақсаттары үшін тергеу жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттама.

жылғы 19 қарашадағы Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісім.

жылғы 19 қарашадағы Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісім.

жылғы 19 қарашадағы Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Өнеркәсіптік субсидияларды берудің бірыңғай қағидалары туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің кызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісім.

жылғы 9 желтоқсандағы Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердегі қызметтер көрсету саудасы және инвестициялар туралы келісім.

жылғы 22 маусымдағы Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы келісім.

жылғы 25 қаңтардағы Үшiншi елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 18 қазандағы хаттама.

жылғы 19 қазандағы Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат алмасу тәртібі туралы хаттама.

жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарт.

жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің валюталық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы туралы 2011 жылғы 15 желтоқсандағы шарт.

жылғы 29 мамырдағы Статистика саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісім.

жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы 2008 жылғы 12 желтоқсандағы хаттама.

жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы хаттама.

жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2013 жылғы 25 қыркүйектегі хаттама.

II. Шарттың 102-бабына сәйкес Комиссияның

тиісті шешімі күшіне енген күнінен бастап

қолданылуы тоқтатылатын халықаралық шарттар

1. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісім.

2. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттама.

3. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім.

________________

[1] Жедел сағаттық ағын деп коммерциялық есепке алу кешендерінің техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінен (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) ағындарға енгізілген, барлық есепке алу нүктелерінен алынған коммерциялық есепке алудың сағаттық (жарты сағаттық немесе сағаттық) деректері түсініледі.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58