Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Комиссия бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген мүше мемлекеттердің экономикалық даму тұрақтылығын және олардың Шарттың 63-бабында белгіленген сандық өлшемдерге сәйкестігін айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді;
осы Хаттаманың ІV бөлімінде айқындалған экономиканың даму деңгейінің және серпінінің көрсеткіштерін және интеграциялау деңгейінің көрсеткіштерін мониторингтеу;
2) мүше мемлекеттермен келісім бойынша Жоғары кеңес бекітетін мынадай құжаттарды:
Одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын;
мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын;
Шарттың 63-бабында көрсетілген мүше мемлекеттер экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық өлшемдерін асырған жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларды әзірлеу;
3) мыналарды:
Шарттың 63-бабында көрсетілген мүше мемлекеттер экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық өлшемдерін асырған жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған ұсынымдарды;
талдамалық (анықтамалық) мақсаттарда сыртқы болжамдар өлшемдерінің белгіленген аралық сандық мәндерінің негізінде Одақтың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын әзірлеу;
4) экономиканы тұрақтандыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу үшін мүше мемлекеттерде қалыптасқан экономикалық ахуалға қатысты мәселелер бойынша консультация өткізуге жәрдемдесу;
5) мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын даярлау үшін Комиссия бекітетін сыртқы болжамдар өлшемдерінің белгіленген аралық сандық мәндерін мүше мемлекеттермен келісу;
6) мыналарды:
қабылданатын шешімдердің мүше мемлекеттердің экономикалық қызметінің жағдайына және шаруашылық жүргізетін субъектілердің кәсіпкерлік белсенділігіне әсерін;
келісілген макроэкономикалық саясат шараларын олардың мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларына сәйкестігін талдау;
7) келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Комиссия арасында ақпарат алмасу арқылы мүше мемлекеттердің келісілген макроэкономикалық саясаты жүргізуін үйлестіреді. Мұндай алмасу тәртібін Комиссия бекітеді.
ІV. Интеграция дәрежесінің, экономиканы дамыту деңгейі мен серпінінің, сыртқы болжамдар өлшемдерінің көрсеткіштері
5. Интеграция дәрежесін айқындау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) әрбір мүше мемлекеттің экономикасына бағытталған ұлттық инвестициялардың, оның ішінде тікелей инвестициялардың көлемі (АҚШ долларымен);
2) әрбір мүше мемлекеттен ұлттық экономикаға түсетін инвестициялар, оның ішінде тікелей инвестициялар көлемі (АҚШ долларымен);
3) мүше мемлекет экспортының жалпы көлемінде әрбір мүше мемлекеттің үлесі (пайызбен);
4) мүше мемлекет импортының жалпы көлемінде әрбір мүше мемлекеттің үлесі (пайызбен);
5) мүше мемлекеттің жалпы сыртқы сауда айналымында әрбір мүше мемлекеттің үлесі (пайызбен).
6. Экономиканы дамыту деңгейі мен серпінін айқындау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) жалпы ішкі өнімнің өсу қарқындары (пайызбен);
2) сатып алу қабілетінің басымдығы бойынша жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (АҚШ долларымен);
3) төлем теңгерімінің ағымдағы операциялар шотының сальдосы (АҚШ долларымен және жалпы ішкі өнімнің пайыздарымен);
4) тұтыну бағасының индексі негізінде есептелген ұлттық валютаның нақты тиімді айырбас бағамының индексі (пайызбен).
7. Комиссия мүше мемлекеттермен келісім бойынша тиісінше осы Хаттаманың 5 және 6-тармақтарында көрсетілгендерден ерекшеленетін интеграция дәрежесінің, мүше мемлекеттер экономикасының даму деңгейі мен серпінінің өзге көрсеткіштерінің мониторингін жүргізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
8. Мүше мемлекеттер 3 жылдық кезеңге мынадай сыртқы болжам өлшемдерінің аралық сандық мәндерін келіседі:
әлемдік экономиканың даму қарқындары;
«Brent» маркалы мұнай бағасы.
Мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын жасауға уәкілеттік берілген атқарушы билік органдары оның ішінде өзара саудада сыртқы сауда операциялары туралы ақпарат алмасады. Жекелеген мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын қалыптастыру үшін Ресей Федерациясы көрсетілген уәкілетті органдарға Комиссия бекітетін тәртіппен ішкі тұтыну үшін жеткізілетін табиғи газға болжамды бағаның шамамен өзгеру аралығы туралы ақпарат береді.
Макроэкономикалық болжамдау мақсатында Ресей Федерациясы беретін көрсетілген ақпарат болжанатын кезеңде мүше мемлекеттерге табиғи газды жеткізу бағасы бойынша Ресей Федерациясының міндеттемесі болып табылмайды.
Мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жүргізілетін бағамдық саясат туралы бірін бірі хабардар етеді.
9. Макроэкономикалық болжамдау мақсатында ақпарат алмасу мүше мемлекеттердің тиісті ақпараттың құпиялығына қоятын талаптарын есепке ала отырып, жүзеге асырылады.
10. Жоғары кеңес мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу кезінде пайдаланылатын сыртқы болжамдар өлшемдерін қайта қарау туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 15 ҚОСЫМША
Келісілген валюталық саясатты жүргізуге
бағытталған шаралар туралы
ХАТТАМА
І. Жалпы ережелер
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 64-бабына сәйкес әзірленді және келісілген валюталық саясатты жүргізу мақсатында мүше мемлекеттер қабылдайтын шараларды айқындайды.
2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«валюталық заңнама» – мүше мемлекеттердің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы заңнамалық актілері және оларды орындау үшін қабылданған нормативтік құқықтық актілер;
«валюталық шектеулер» - валюталық операцияларға тікелей тыйым салудан, көлемдерін, санын және жүргізу мерзімдерін, төлем валютасын лимиттеуден, оларды жүргізуге арналған арнайы рұқсаттарды (лицензияларды) алу, жүргізілетін валюталық операция сомасының бір бөлігін, бүкіл сомасын немесе бүкіл сомасына еселі соманы резервтеу жөніндегі талаптар белгілеуден көрінетін халықаралық шарттарда және Одақтың құқығын құрайтын актілерде белгіленген шектеулер, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумағында шоттар ашуға және жүргізуге байланысты шектеулер және шетел валютасын міндетті түрде сату туралы талаптар;
«интеграцияланған валюта нарығы» – мүше мемлекеттердің жұмыс істеу мен мемлекеттік реттеудің жалпы қағидаттарымен біріктірілген ішкі валюта нарықтарының жиынтығы;
«ырықтандыру шаралары» – мүше мемлекеттердің резиденттері арасындағы валюталық операцияларға қатысты, сондай-ақ үшінші елдердің резиденттерімен операцияларға қатысты валюталық шектеулерді әлсіретуге немесе жоюға бағытталған іс-әрекеттер;
«мүше мемлекеттің резиденті» – мүше мемлекеттердің бірінің валюталық заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлға;
«үшінші елдің резиденті» – мүше мемлекеттердің ешқайсысының резиденті болып табылмайтын тұлға;
«уәкілетті ұйымдар» – мүше мемлекеттердің резиденттері болып табылатын және өзі құрылған мемлекеттің заңнамасына сәйкес шетел валютасымен банктік операцияларды жүргізуге өкілеттіктері бар заңды тұлғалар;
«валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган» – мүше мемлекеттердің валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері бар атқарушы билік органдары, өзге мемлекеттік органдары және мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері.
Валюталық құқықтық қатынастарды реттеу кезінде Тараптар ұлттық валюталық заңнамаға сәйкес «резидент емес» ұғымын қолданады.
IІ. Келісілген валюталық саясатты жүргізуге бағытталған шаралар
3. Мүше мемлекеттер келісілген валюталық саясатты жүргізу мақсатында мынадай шаралар қабылдайды:
1) мүше мемлекеттердің резиденттерінің өзара есеп айырысуларында мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды кеңейтуді қамтамасыз ету үшін ұлттық валюталардың айырбастау бағамдық саясатын (бұдан әрі – бағамдық саясат) үйлестіру, оның ішінде бағамдық саясат іс-шараларын пысықтау және үйлестіру мақсатында өзара консультациялар жүргізуді ұйымдастыру;
2) мүше мемлекеттер резиденттерінің шетел валютасын мүше мемлекеттердің банктері арқылы шектеулерсіз сатып алу және сату мүмкіндігі үшін жағдайлар жасау арқылы төлем теңгерімінің ағымдағы және күрделі баптары бойынша ұлттық валюталардың шектеусіз айырбасталуын қамтамасыз ету;
3) мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарына тікелей өзара баға белгілеуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
4) мүше мемлекеттердің резиденттерінің арасында өзара есеп айырысуларын мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарымен жүргізуді қамтамасыз ету;
5) мүше мемлекеттердің резиденттерінің арасындағы өзара есеп айырысуларда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту базасында мүше мемлекеттер арасындағы төлемдік есеп айырысу қатынастарының тетігін жетілдіру;
6) мүше мемлекеттер резиденттерінің арасындағы өзара саудаға кедергі келтіретін ұлттық валюталардың ресми айырбастау бағамдарының көп болуына жол бермеу;
7) мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарының ресми бағамдарын биржа нарығында қалыптасқан бағам негізінде не мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарының АҚШ долларына кросс-бағамдары негізінде белгілеу;
8) тұрақты негізде валюта нарығын дамытудың жай-күйі және перспективалары туралы ақпарат алмасу;
9) мүше мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын қалыптастыру;
10) әрбір мүше мемлекеттің мүше мемлекеттердің резиденттері болып табылатын және өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес ұлттық режим ұсыну жағдайында банкаралық конверсиялық операцияларын жүргізу үшін валюталық операцияларды жүзеге асыру құқығына ие банктердің өз ұлттық валюта нарығына кіруін қамтамасыз етуі;
11) мүше мемлекеттердің банктеріне мүше мемлекеттердің корреспонденттік шоттарындағы ұлттық валюталарындағы өздеріне тиесілі қаражатты үшінші елдердің валюталарына еркін айырбастау құқығын беру;
12) мүше мемлекеттердің валюталық активтерін басқа мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарына, оның ішінде олардың мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастыру үшін жағдайлар жасау;
13) ішкі валюта нарықтарының өтімділігін бұдан әрі дамыту және арттыру;
14) мүше мемлекеттердің ұйымдасқан нарықтарында ұлттық валюталармен сауда-саттықты дамыту және оған мүше мемлекеттердің валюта нарығына қатысушыларға рұқсат беруді қамтамасыз ету;
15) туынды қаржы құралдарының ұйымдасқан нарығын дамыту.
4. Мүше мемлекеттердің валюталық құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамасын жақындату және ырықтандыру шараларын қабылдау мақсатында мүше мемлекеттер:
1) тиімді экономикалық кооперацияға кедергі келтіретін валюталық операцияларға және мүше мемлекеттер резиденттерінің мүше мемлекеттер аумағында орналасқан банктерде шоттар ашуға немесе жүргізуге қатысты валюталық шектеулерді біртіндеп жоюды қамтамасыз етеді;
2) мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан банктерде үшінші елдер резиденттерінің шоттарды, сондай-ақ мүше мемлекеттер резиденттерінің үшінші елдерде орналасқан банктерде шоттар ашу немесе жүргізу тәртібіне қатысты келісілген тәсілдерді айқындайды;
3) мүше мемлекеттер резиденттерінің олардың банк шоттарына міндетті түрде аударылуға тиіс ақша қаражатын репатриациялауға қойылатын талапқа қатысты тәсілдерді әзірлеу тұрғысында ұлттық егемендікті сақтау қағидатына сүйенеді;
4) оларға қатысты валюталық шектеулер қолданылмайтын мүше мемлекеттер резиденттерінің арасында жүзеге асырылатын валюталық операциялардың тізбесін айқындайды;
5) мүше мемлекеттер резиденттерінің мүше мемлекеттердің аумағында орналасқан банктеріндегі банк шоттарын пайдаланбай есеп айырысуларды жүзеге асыру құқығын қоса алғанда, валюталық операцияларды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттерінің қажетті көлемін айқындайды;
6) мүше мемлекеттер резиденттерінің олардың банк шоттарына міндетті түрде есептелуі тиіс ақша қаражатын репатриациялау жөніндегі талаптардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді;
7) мүше мемлекеттер резиденттерінің және резидент еместерінің қолма-қол ақша қаражатын және бағалы қағаздарды Одақтың кеден аумағы шегінде еркін өткізуін қамтамасыз етеді;
8) валюталық операцияларды есепке алуға және бақылауға қойылатын талаптарды үйлестіруді қамтамасыз етеді;
9) мүше мемлекеттердің валюталық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы нормаларды үйлестіруді қамтамасыз етеді.
IIІ. Валюталық бақылау жөніндегі
уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы
5. Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы мынадай жолмен жүзеге асырылады:
1) мынадай:
мүше мемлекеттердің бақылаушы және құқық қорғау органдарының валюталық заңнаманың сақталуын бақылау саласындағы тәжірибесі туралы;
валюталық заңнаманың сақталуын бақылау жүйесін жетілдіру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары туралы;
валюталық бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша, сондай-ақ құқықтық сипаттағы, оның ішінде мүше мемлекеттердің валюталық бақылау саласындағы заңнамасы туралы, мүше мемлекеттердің валюталық бақылау саласындағы заңнамасының өзгеруі туралы ақпарат алмасу;
2) ақпарат алмасуды қоса алғанда, мүше мемлекет резиденттері валюталық операциялар жүзеге асырған кезде олардың мүше мемлекеттердің заңнамасын бұзуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнінде, оның ішінде валюталық бақылау органдарының валюталық заңнаманы бұза отырып жүргізген операциялар туралы сұрау салуларының негізінде ынтымақтасу;
3) валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы мүше мемлекеттердің өзара мүдделерін қозғайтын проблемалар бойынша бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу;
4) жұмыс топтарын құруды, тәжірибе алмасуды және кадрларды оқытуды қоса алғанда, ынтымақтастық процесінде туындайтын мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету;
5) валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша статистикалық ақпарат алмасуды ұйымдастыру, оның ішінде:
мүше мемлекеттердің резиденттері арасында валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарының көлемдері туралы;
бір мүше мемлекет резиденттерінің басқа мүше мемлекеттің уәкілетті ұйымдарында ашқан шоттарының саны туралы;
6) валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар ынтымақтастығының өзге де мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру.
6. Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар тұрақты негізде, валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың арасындағы өзара іс-қимыл туралы жекелеген хаттамаларға сәйкес валюталық бақылау саласындағы нақты бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
IV. Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың
сұрау салулары негізінде ақпарат алмасу
7. Ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жіберу және орындау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) сұрау салу жазбаша нысанда немесе мәтінді берудің техникалық құралдарын пайдалану арқылы беріледі.
Мәтінді берудің техникалық құралдарын пайдаланған кезде, сондай-ақ алынған сұрау салудың түпнұсқалығына немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған кезде сұрау салған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган жазбаша нысанда растама сұрата алады;
2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі іс жүргізу шеңберінде ақпарат беру туралы сұрау салу мыналарды қамтиды:
сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органның атауы;
сұрау салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органның атауы;
қажет болған кезде растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса бере отырып істердің нақты жағдайларының қысқаша сипаты;
сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган мемлекетінің заңнамасына сәйкес құқық бұзушылықты жіктеу;
сұрау салуды орындау үшін қажетті басқа да мәліметтер;
3) сұрау салу және оның жауабы орыс тілінде жазылады.
8. Осы Хаттама шеңберінде алынған ақпаратты үшінші тарапқа беру қажеттілігі болған жағдайда, осы ақпаратты ұсынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімі талап етіледі.
9. Сұрау салуды сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган сұру салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органға мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген іс жүргізу мерзімдерін сақтау мүмкіндігін ескере отырып орындайды.
Сұрау салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган нақтылау тәртібімен егер бұл сұрау салуды орындау үшін қажет болса, қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
10. Сұрау салуды орындау мүмкін болмаған кезде сұрау салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы себептерін көрсете отырып сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді.
11. Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар валюталық бақылау саласындағы өзара іс-қимыл шеңберінде ақпарат алмасу шығыстарын көтереді.
Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар қосымша шығыстарды талап ететін сұрау салуды алған жағдайда, уәкілетті органдар оларды қаржыландыру жөніндегі мәселені өзара келісім бойынша қарайды.
12. Практикалық көмек көрсету:
валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар өкілдерінің жұмыс сапарларын ұйымдастыру;
семинарлар мен консультацияларды өткізу;
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


