Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» – бір мүше мемлекеттің теміржол көлігі ұйымдарының басқа мүше мемлекеттің тұтынушыларына осыған ұқсас қызметтер бірінші мүше мемлекеттің тұтынушыларына көрсетілетін жағдайлардан кем емес қолайлы жағдайларда қызмет көрсетуі;
«инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу» – тасымалдаушылардың осы Тәртіпке № 1 және 2 қосымшаларға сәйкес қағидаларға орай тасымалдарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі;
«инфрақұрылым» – магистральдық және станциялық жолдарды, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерін, құрылғыларды, жабдықты, үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілерді қоса алғандағы теміржол көлігінің инфрақұрылымы;
«теміржол көлігі ұйымы» – тұтынушыларға теміржол көлігі қызметтерін көрсетуші мүше мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы;
«тасымалдау процесі» - теміржол көлігімен жолаушылар, жүк, багаж, жүк-багажы және пошта жөнелтілімдері тасымалдарын дайындау, жүзеге асыру және аяқтау кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты операциялар жиынтығы;
«тасымалдаушы» – жүкті, жолаушыларды, багажды, жүк-багажын және пошта жөнелтімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, тиісті лицензиясы бар, меншік құқығымен не өзге де заңды негізде, тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы составты иеленуші теміржол көлігінің ұйымы;
«тұтынушы» – теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген мүше мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы;
«теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тариф» – теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтер құнының ақшалай мәні;
«теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтері» – теміржол көлігі ұйымдарының тұтынушыларға көрсететін (орындайтын) қызметтері (жұмыстары), атап айтқанда:
жүктерді тасымалдауды және жүктерді тасымалдауды (соның ішінде бос жылжымалы составты) ұйымдастырумен және жүзеге асырумен байланысты қосымша көрсетілетін қызметтер (жұмыстар);
жолаушыларды, багажды, жүк-багажын және почта жөнелтімдерін тасымалдау және осындай тасымалдармен байланысты қосымша көрсетілетін қызметтер (жұмыстар);
3) инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтер;
«инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтер» – тасымалдарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтер және осы Тәртіпке № 2 қосымшада көрсетілген басқа да көрсетілетін қызметтер;
3. Теміржол көлігі ұйымдары сол немесе өзге мүше мемлекет тұтынушысының тиесілігіне, оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, осы Тәртіптің және мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасының ережелерін ескере отырып, оның теміржол көлігі көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
4. Мүше мемлекеттер осы Тәртіпке № 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген қағидаттар мен талаптарды сақтай отырып, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге мүше мемлекеттер тасымалдаушыларының қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
5. Теміржол көлігі қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыру шеңберінде теміржол көлігінің өзге де қызметтерін көрсету тәртібі мен шарттары, қажет болған жағдайда, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалады.
6. Теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер және (немесе) олардың шекті деңгейі (бағалық шегі) мүше мемлекеттердің заңнамасына және өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес тарифтерді саралау мүмкіндігі қамтамасыз етіле отырып, халықаралық шарттарға сәйкес, мына қағидаттар сақтала отырып белгіленеді (өзгертіледі):
1) теміржол көлігі көрсететін қызметтерге тікелей қатысты экономикалық негізделген шығындарды өтеу;
2) мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес теміржол көлігінің дамуын қамтамасыз ету;
3) теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің ашықтығын, сондай-ақ экономикалық жағдайлар күрт өзгерген кезде мүше мемлекеттерге алдын ала хабар бере отырып, мұндай тарифтерді және (немесе) олардың шекті деңгейін (бағалық шектерін) қосымша қайта қарау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
4) теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді белгілеу туралы шешімдерді қабылдаудың жариялығын қамтамасыз ету;
5) жүктер номенклатурасын және табиғи монополиялар жағдайында көрсетілетін теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер белгілеу қағидаларын айқындауға үйлесімді тәсілді қолдану;
6) өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес әр мүше мемлекетте теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер валютасын айқындау.
7. Теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шекті деңгейлерін (бағалық шектерін) белгілеу (өзгерту) өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес, осы Тәртіптің ережелері ескеріле отырып, жүргізіледі.
8. Жүктерді теміржол көлігімен мүше мемлекеттер аумақтары бойынша тасымалдаған кезде қатынастар түрлері бойынша біріздендірілген тарифтер (экспорттық, импорттық және мемлекетішілік тарифтер) қолданылады.
9. Мүше мемлекеттердің теміржол көлігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, бұрын теміржол көлігімен жүзеге асырылмаған жаңа жүк ағындарын тарту, теміржолдармен жүктерді тасымалдаудың тартылмаған немесе аз тартылған маршруттарын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, мүше мемлекеттердің теміржолдармен жүктерді тасымалдау көлемдерінің өсуін ынталандыру, теміржол көлігі ұйымдарының жаңа техника мен технологияларды енгізуін ынталандыру мақсатында - экономикалық тұрғыдан нысаналылығы ескеріле отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары белгілеген немесе олармен келісілген шекті деңгейлер (бағалық шектер) шеңберінде жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту туралы шешімдерді қабылдау құқығы беріледі.
10. Теміржол көлігі ұйымы өзіне берілген жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің деңгейін өзгерту құқығын мүше мемлекеттердің нақты тауар өндірушілері үшін артықшылық жасауға жол бермеудің негізгі қағидатын сақтай отырып, мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар бекітетін (айқындайтын) әдіснамаға (әдістеме, тәртіп, қағидалар, нұсқаулықтар немесе өзге де нормативтік актілер) сай шекті деңгейлер (бағалық шектер) шеңберінде іске асырады.
11. Жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту туралы шешімдер, олар күшіне енген күнге дейін 10 күннен кешіктірмей, мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес ресми жариялауға, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Комиссияға міндетті түрде жіберілуге жатады.
12. Теміржол көлігі ұйымдарының жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту жөніндегі әрекеттерімен тұтынушылардың құқықтары мен мүдделері бұзылатын болса, тұтынушылар өздері аумағында орналасқан немесе тұратын мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органына өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Егер әрекеттеріне тұтынушы шағым жасаған теміржол көлігі ұйымы тұтынушының орналасқан (тұратын) жері бойынша орналасқан болса, мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органы тұтынушының өтінішін өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес қарайды.
Егер тұтынушы өтінішті тұтынушының орналасқан (тұратын) жерінде орналаспаған теміржол көлігі ұйымының әрекеттеріне берген болса, мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органы тұтынушының өтінішінде көрсетілген талаптардың негізділігін анықтағаннан және мойындағаннан кейін, 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш жібереді, бұл туралы Комиссияға өтініш жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тұтынушыға және бұзушылыққа жол берген теміржол көлігі ұйымы аумағында орналасқан мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органына хабарлайды.
Комиссия көрсетілген жолданым негізінде тұтынушының өтінішін қарайды және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген қағидаларға сәйкес шешімдер қабылдайды.
13. Мүше мемлекеттер арасында теміржол көлігімен жүктерді басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдаған және мүше мемлекеттердің аумақтары арасында басқа мүше мемлекеттің теміржолдарын қатыстыра отырып тасымалдаған кезде, сондай-ақ жүктерді бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы үшінші елдерге мүше мемлекеттердің теңіз порттары арқылы және кері бағытта тасымалдаған кезде мүше мемлекеттердің әрқайсысы әрбір мүше мемлекеттің біріздендірілген тарифін қолданады.
14. Жүктерді бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы транзитпен үшінші елдерге және кері бағытта тасымалдаған кезде (жүктерді мүше мемлекеттердің теңіз портары арқылы тасымалдауды қоспағанда), сондай-ақ жүктерді үшінші елдерден үшінші елдерге мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен тасымалдаған кезде мүше мемлекеттер 1996 жылғы 16 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігінде келісілген тарифтік саясатты белгілеу тұжырымдамасына сәйкес үйлестірілген (келісілген) тарифтік саясат жүргізеді.
15. Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің осы Тәртіпті іске асыру үшін жауапты уәкілетті органдарын тағайындайды.
16. Мүше мемлекеттер бір-біріне және Комиссияға Шарт күшіне енген күннен бастап 30 күннен кешіктірмей өздерінің уәкілетті органдарының тағайындалғаны және ресми атаулары туралы хабар береді.
Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда,
теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне
қол жеткізуді реттеу тәртібіне
1-қосымша
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу
қағидалары
І. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Одақ шеңберінде инфрақұрылым учаскелерінде инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті беру бойынша тасымалдаушылар мен инфрақұрылым операторларының қатынастарын реттейді.
2. Осы Қағидалардың 1-тармағында көзделген қатынастарды қоспағанда, бір мүше мемлекеттің аумағы шекарасында инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті беру саласында тасымалдаушылар мен инфрақұрылым операторларының қатынастарын реттеу осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Қағидалар осындай тасымалдаушылар арасында жасалатын шарттар (келісімдер) негізінде көрсетілетін, мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдық учаскелерінде локомотивтер мен локомативтер бригадаларын пайдалану жөнінде қызметтер көрсету бойынша мүше мемлекеттердің тасымалдаушылары арасындағы қатынастарға қолданылмайды.
ІІ. Анықтамалар
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«пойыздардың қозғалыс графигі» – инфрақұрылым операторының инфрақұрылым учаскелерінде барлық санаттағы пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды белгілейтін, шартты тәуліктердегі масштабты торда пойыздардың жүруін график түрінде көрсететін, нормативтік (жоспарлы жылға), нұсқалық (уақыттың жекелеген кезеңдерінде) және жедел (ағымдағы жоспарлы тәулікке) болып бөлінетін нормативтік-техникалық құжаты;
«инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарт» – инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында кемінде 5 жыл кезеңге жасалған инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт;
«қосымша өтінім» – пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің қолданысы кезеңінде қосымша тасымалдауларды жүзеге асыру үшін тасымалдаушыдан келіп түскен инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті беруге арналған өтінім;
«инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу» –тасымалдарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерді тасымалдаушылардың алу мүмкіндігі;
«ұлттық (жалпыжелілік) тасымалдаушы» – жүктерді, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және мүше мемлекеттің бүкіл инфрақұрылымында пойыздарды құрастыру жоспарының іске асырылуын, оның ішінде арнаулы және әскери тасымалдар бойынша іске асырылуын қамтамасыз ететін тасымалдаушы. Ұлттық (жалпыжелілік) тасымалдаушы мәртебесі мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалады;
«график тармағы» – пойыздардың қозғалыс графигінде пойыздың жөнелту, межелі және баратын пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ пойыздың басқа да техникалық және технологиялық параметрлері көрсетілген жүру маршрутының графикалық бейнеленуі;
«инфрақұрылым операторы» – инфрақұрылымы бар және инфрақұрылымды заңды негіздерде пайдаланатын және (немесе) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес инфрақұрылым қызметтерін көрсететін теміржол көлігі ұйымы;
«пойыздарды құрастыру жоспары» – тасымалдаушылардың пойыздарды құрастыру жоспарлары жобаларының негізінде инфрақұрылым операторы бекіткен және инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілеті мен станциялардың өңдеу қабілетін ескере отырып, теміржол станцияларында құрастырылатын пойыздардың санаттары мен тағайындалымын белгілейтін нормативтік-техникалық құжат;
«инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті» – инфрақұрылымның техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне, жылжымалы составқа және түрлі санаттағы пойыздардың өткізілуін ескере отырып, пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде инфрақұрылым учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін пойыздардың және пойыздар жұптарының ең көп саны;
«пойыздардың қозғалыс кестесі» – пойыздардың қозғалыс графигінің негізінде белгілі күнтізбелік күндер бойынша пойыздар қозғалысы туралы ақпарат қамтылған құжат;
«қауіпсіздік сертификаты» – тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігін куәландыратын, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген құжат;
«уәкілетті орган» – құзыретіне теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік реттеу және (немесе) басқару мәселелері кіретін, мүше мемлекеттердің әрқайсысының заңнамасына сәйкес айқындалған мүше мемлекеттің атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органы;
«инфрақұрылым учаскесі» – мүше мемлекеттердің шектес екі инфрақұрылымының түйіскен жеріне іргелес жатқан, локомотив айналатын учаскенің инфрақұрылым операторы белгілеген шектегі теміржол көлігі инфрақұрылымының бір бөлігі.
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамада, Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің инфрақұрылымдық қызметтерін көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қызмет көрсету қағидалары) айқындалған мағыналарында түсініледі.
ІІІ. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге
қол жеткізудің жалпы қағидаттары
5. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік инфрақұрылым учаскелерінде беріледі және:
1) инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілеті шегінде техникалық және технологиялық мүмкіндіктер ескеріле отырып, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген, тасымалдаушыларға қойылатын талаптардың теңдігі;
2) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтер саласында тасымалдаушыларға қатысты бірыңғай баға (тариф) саясатын қолдану;
3) инфрақұрылымның техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтердің тізбесі, оларды көрсету тәртібі, осы көрсетілетін қызметтердің тарифтері, төлемақысы мен алымдары туралы ақпараттың қолжетімділігі;
4) инфрақұрылымның өткізу қабілетін тиімді пайдалану және тасымалдау процесінің үздіксіз жүргізілуін, технологиялық процестердің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында инфрақұрылымды жөндеу, күтіп-ұстау және оған қызмет көрсету бойынша жұмыстардың ұтымды жоспарлануы;
5) тасымалдау қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және инфрақұрылым қызметтерін көрсету процесінде белгілі болған, коммерциялық немесе мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің қорғалуы;
6) пойыздар қозғалысының нормативтік графигіне сәйкес инфрақұрылымның өткізу қабілеті шектеулі болған жағдайларда, тасымалдаушыларға инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік берудегі басымдық (кезектілік);
7) тасымалдаушылар пайдаланатын теміржол жылжымалы составының техникалық жай-күйінің тиісінше болуын олардың қамтамасыз етуі қағидаттарына негізделеді.
6. Тасымалдаушыларға инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік берудегі басымдық (кезектілік) қағидаты мынадай іріктеу деңгейлері арқылы іске асырылады:
1) басымдығы (кезектілігі) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес немесе аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерімен айқындалатын пойыздың санатын айқындау;
2) пойыздардың санаты бірдей болған жағдайда:
тасымалдау көлемдері бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуы ескеріле отырып, инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарттардың болуына;
тасымалдаушының инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілетін пайдалану қарқынына;
инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған қолданыстағы шарттың (бұдан әрі – шарт) болуына қарай;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер бірдей болған жағдайда, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес конкурстық рәсімдерді жүзеге асыру.
IV. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге
қолжетімділік беру шарттары
7. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті инфрақұрылым операторы тасымалдаушыларда:
1) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тасымалдау қызметін жүзеге асыруға лицензия;
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


