Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Мүше мемлекеттердің фонограммалар жасаушыларына (өндірушілеріне) мүше мемлекеттер мынадай құқықтар береді:
фонограммаларға айрықша құқық;
мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де құқықтар.
9. Мүше мемлекеттер орындауға айрықша құқықты, фонограммаға айрықша құқықты қорғау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді, олар 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымының Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісіміне және 1961 жылғы 26 қазандағы Орындаушылардың, фонограммаларды жасаушылар мен хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияға белгіленген мерзімдерден төмен болмайды. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көрсетілген құқықтарды қорғаудың ұзақ мерзімдері бекітілуі мүмкін.
10. Құқықтарды ұжымдық басқару ұйымы – егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше көзделмеген болса, авторлардан, орындаушылардан, фонограммаларды дайындаушылардан (өндірушілерден) және авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың басқа да иеленушілерінен алынған өкілеттіктер, сондай-ақ авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін авторлардың және өзге де құқық иеленушілердің сыйақы алуын қамтамасыз ету мақсатында, ұжымдық негізде, тиісті құқықтарды басқару саласында құқықтарды ұжымдық басқару бойынша басқа да ұйымдардан алынған өкілеттіктер негізінде жұмыс істейтін үйым болып табылады.
Авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін құқыққа сыйымды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының қызметімен байланысты қатынастар Одақ шеңберінде халықаралық шартпен реттеледі.
III. Тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері
11. Тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісі (бұдан әрі – тауар белгісі) - мүше мемлекеттің заңнамасына және мүше мемлекеттер қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын және бір азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын және (немесе) көрсетілетін қызметтерін басқа бір азаматтық айналым қатысушыларының тауарларынан және (немесе) көрсетілетін қызметтерінен жеке-дара ету үшін қызмет ететін белгілеу болып табылады.
Мүше мемлекеттердің заңнамалық актілеріне сәйкес тауар белгісі ретінде сөзбен көрсетілетін, бейнелі, көлемдік және басқа да белгілеулер мен олардың комбинациялары тіркелуі мүмкін. Тауар белгісі кез келген түсте немесе түс үйлесімінде тіркелуі мүмкін.
12. Тауар белгісінің құқық иеленушісі (тауар белгісі соның атына тіркелген адам) мүше мемлекеттің заңнамаасына сәйкес тауар белгісін қолданудың айрықша құқығына және осы айрықша құқыққа иелік ету құқығына ие, сондай-ақ басқа тұлғаларға тауар белгісін немесе біртектес тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты айырғысыз ұқсас белгілеуді пайдалануға тыйым салу құқығына ие.
13.Тауар белгісін бастапқы тіркеудің қолданылу мерзімі 10 жылды құрайды. Көрсетілген мерзім тауар белгісінің құқық иеленушісінің өтініш жасауы бойынша кемінде 10 жыл мерзімге шексіз рет ұзартыла алады.
Құқық иеленушіге байланысты емес мән-жайлар бойынша тауар белгісі пайдаланылмаған жағдайларды қоспағанда, осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен тауар белгісі тіркелгеннен кейін кез келген үш жыл ішінде үзіліссіз пайдаланылмауы салдарынан осы мүше мемлекеттің аумағында, жеке-дара ету үшін тауар белгісі тіркелген барлық тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге немесе тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің бір бөлігіне қатысты мүше мемлекеттің аумағында тауар белгісін құқықтық қорғау мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Аумағында осы тауар белгісі тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруге қарсы дауласуға және оны жарамсыз деп тануға болады.
IV. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері және Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет көрсету белгілері
14. Мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін және Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет көрсету белгісін (бұдан әрі – Одақтың тауар белгісі) тіркейді. Одақтың тауар белгісіне барлық мүше мемлекеттердің аумағында құқықтық қорғау беріледі.
Одақтың тауар белгісі ретінде графикалық түрде ұсынылған белгілеулер тіркелуі мүмкін.
Одақтың тауар белгісінің құқық иеленушісі (Одақтың тауар белгісі соның атына тіркелген адам) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақтың тауар белгісін пайдалануға айрықша құқыққа және осы айрықша құқыққа иелік ету құқығына ие, сондай-ақ басқа тұлғаларға Одақтың тауар белгісін немесе біртектес тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты айырғысыз ұқсас белгілеуді қолдануға тыйым салуға құқығына ие.
15. Мүше мемлекеттер аумағында Одақтың тауар белгісін тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар Одақ шеңберінде халықаралық шартпен реттеледі.
V. Тауар белгісіне, Одақтың тауар белгісіне
айрықша тоқтатылу қағидаты
16. Мүше мемлекеттердің аумақтарында тауар белгісіне, Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың мынадай тоқтатылу қағидаты қолданылады, оған сәйкес тауар белгісінің және (немесе) Одақтың тауар белгісінің тікелей құқық иеленушісі немесе оның келісісісен басқа да адамдар кез келген мүше мемлекеттің аумағына азаматтық айналымға құқыққа сай енгізген адамдарға қатысты осы тауар белгісін, Одақтың тауар белгісін пайдалану – тауар белгісіне, Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды.
VI. Географиялық нұсқаулар
17. Егер тауар сапасы, беделі немесе басқа да сипаттамасы айтарлықтай дәрежеде оның географиялық шығу тегіне байланысты болса, географиялық нұсқау деп - мүше мемлекеттің аумағынан, өңірінен немесе осы аумақ жерінен шыққан тауар сәйкестендіріледі.
18. Егер құқықтық қорғау осы бір мүше мемлекеттің заңнамасында немесе өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделсе, мүше мемлекет аумағында географиялық нұсқауға құқықтық қорғау берілуі мүмкін.
VII. Тауардың шығарылған жерінің атауы
19. Құқықтық қорғау берілген тауардың шығарылған жерінің атауы - қазіргі заманғы немесе тарихи, ресми немесе бейресми, елдің, қалалық немесе ауылдық қоныстың, жергілікті жердің немесе басқа географиялық объектінің толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не қамтитын белгілеу, сондай-ақ осындай атаудан туындағын және оны ерекше қасиеттері өзгеше немесе басты түрде осы географиялық объектіге тән табиғи шарттарымен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарларға қатысты пайдалану нәтижесінде танымал болған белгілеу болып табылады.
Көрсетілген ережелер белгілі бір географиялық объектінің аумағынан шығарылатын тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және дегенмен, осы объектінің атауы жазылмаса да, тауарға қатысты осы белгілеуді пайдалану нәтижесінде белгілі болған, ерекше қасиеттері осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген талаптарға сай келетін белгілеуге қолданылады.
20. Географиялық объект атауын білдіретін немесе қамтитын, бірақ жалпы қолданысқа оның өндірілген жеріне байланысы жоө белгілі бір тауар түрін белгілеум ретінде неген белгілеу - тауардың шығарылған жерінің атауы деп танылмайды.
Тауардың шығарылған жерлердің атауларына құқықтық қорғауды беру мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздемелер бойынша дау болуы және жарамсыз деп танылуы мүмкін.
21. Тауардың шығарылған жерлердің атауларына қатысты мүше мемлекеттер мүдделі тараптарға мыналардың:
1) осы тауардың шын мәнінде шығарылған жерінен бөлек географиялық ауданда шығарылды деп көрсететін немесе ассоцияция туғызатын, осылайша тауардың шығарылған жері мен ерекше қасиеттеріне байланысты тұтынушыны шатастыратын, тауарды белгілеу немесе таныстыру кезінде кез келген құралдарды пайдаланудың;
2) 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының 10-bis бабының мағынасы бойынша жосықсыз бәсекелестік актісін білідретін кез келген пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік беретін құқықтық шараларды көздейді.
VIII. Еуразиялық экономикалық одақтың
тауары шығарылатын жердің атаулары
22. Мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақтың тауары шығарылған жерлердің атауларын (бұдан әрі – Одақ тауарының шығарылған жерінің атауы) тіркеуді жүзеге асырады. Одақ тауарының шығарылған жерінің атауына құқықтық қорғау барлық мүше мемлекеттердің аумағында бір мезгілде ұсынылады.
23. Тіркеуге, құқықтық қорғауға және мүше мемлекет аумағында Одақ тауарының шығарылған жерінің атауын пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар Одақ шеңберіндегі халықаралық шартпен реттеледі.
IX. Патенттік құқықтар
24. Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқық, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғалады және ол өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.
25. Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің авторына мынадай құқықтар тиесілі:
1) айрықша құқық;
2) авторлық құқық;
26. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі авторына басқа да құқықтар, оның ішінде патент алу құқығы, қызметтік өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы тиесілі.
27. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге айрықша құқықты қолдану мерзімі:
1) өнертабыстар үшін – кемінде 20 жылды;
2) пайдалы модельдер үшін – кемінде 5 жылды;
3) өнеркәсіптік үлгілер үшін – кемінде 5 жылды құрайды.
28. Өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгіге патент – патент иесіне мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілмен өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға айрықша құқық береді, сондай-ақ басқа адамдардың көрсетілген объектілерді пайдалануына тыйым салу құқығын береді.
29. Мүше мемлекеттер патентпен берілетін құқықтық шектеулерді көздеуге құқылы, бұл ретте, мұндай шектеулер өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні қалыпты пайдалануға ақталмайтын залал келтірмеуі және үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін ескере отырып, патент иесінің заңды мүдделеріне негізсіз түрде нұқсан келтірмеуі тиіс.
Х. Селекциялық жетістіктер
30. Өсімдік сорттарына және жануарлар тұқымдарына (селекциялық жетістіктерге) құқықтарды қорғау мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
31. Селекциялық жетістіктердің авторына мынадай құқықтар тиесілі:
1) айрықша құқық;
2) авторлық құқық;
32. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда селекциялық жетістіктердің авторына басқа да құқықтар, оның ішінде патент алу құқығы, селекциялық жетістікті атау құқығы, қызметтік селекциялық жетістікті пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы тиесілі.
33. Селекциялық жетістікке айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өсімдіктер сорттары, жануарлар тұқымы үшін 25 жылдан кем емес мерзімді құрайды.
ХІ. Интегралды микросхемалар топологиясы
34. Интегралды микросхемалар топологиясы материалды жеткізгіште тіркелген интегралды микросхема элементтерінің және олардың арасындағы байланыстардың жиынтық кеңістік-геометриялық орналастырылуы болып табылады.
35. Интегралды микросхема топологиясына зияткерлік меншік құқығы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қорғалады.
36. Интегралды микросхема топологиясының авторына мынадай құқықтар тиесілі;
1) интегралды микросхема топологиясына арналған айрықша құқық;
2) авторлық құқық;
37. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, интегралды микросхема топологиясының авторына басқа да құқықтар, оның ішінде қызметтік топологияны пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы тиесілі.
38. Интегралды микросхема топологиясының айрықша құқығының қолдану мерзімі 10 жылды құрайды.
ХІІ. Өндірістік құпия (ноу-хау)
39. Өндірістік құпия (ноу-хау) деп - кез келген сипаттағы (өндірістік, техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқада) мәліметтер, оның ішінде ғылыми-техникалық саладағы зияткерлік қызмет нәтижелері туралы мәліметтер, сондай-ақ үшінші тұлғалар заңды негізде еркін қол жеткізе алмайтын мәліметтердің үшінші тұлғаларға белгісіз болуына байланысты шынайы және әлеуетті коммерциялық құндылығы бар және оларды білетіндерге қатысты коммерциялық құпия режимі енгізілген кәсіптік қызметті жүзеге асыру тәсілдері туралы мәліметтер танылады.
40. Өндірістік құпияны (ноу-хау) құқық қорғау мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылады.
ХІІІ. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды
қорғау жөніндегі құқық қолдану шаралары
41. Одақ шеңберінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі мүше мемлекеттердің іс-қимылын үйлестіру Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 27 ҚОСЫМША
Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы
ХАТТАМА
1. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«экономикалық қызметтің басым түрлері» – өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыруға арналған басымдықтар ретінде барлық мүше мемлекеттер айқындайтын қызмет түрлері;
«өнеркәсіптік кооперация» – мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілердің өнеркәсіп саласындағы өзара тиімді орнықты ынтымақтастығы;
«Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясат» – мүше мемлекеттердің дербес және Комиссияның консультациялық қолдауымен және үйлестіруімен жүзеге асыратын, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мүше мемлекеттердің қызметі;
«өнеркәсіп» – экономикалық қызмет түрлерінің ұлттық сыныптауыштарына сәйкес тағамды қайта өңдеуді қоспағанда, өндірілетін және өңделетін өнеркәсіпке жататын қызметтің экономикалық түрлерінің жиынтығы. Өнеркәсіптік қызметтің басқа түрлері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың арнайы бөліктеріне сәйкес реттеледі;
«өнеркәсіптік кластер» – өзара байланысты өнеркәсіптік және бірін-бірі өзара толықтыратын және соның есебінен өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтатын онымен байланысты ұйымдардың тобы;
«технологиялық тұғырнама» – тиімді коммуникацияны қамтамасыз етуге және барлық мүдделі тараптардың (бизнес, ғылым, мемлекет, қоғамдық ұйымдар) қатысуы негізінде перспективалық коммерциялық технологияларды, жоғары технологиялық, инновациялық және бәсекеге қабілетті өнім жасауға мүмкіндік беретін инновациялық инфрақұрылым объектісі.
2. Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мүше мемлекеттердің қызметін консультациялық қолдау және үйлестіру шеңберіндегі Комиссияның өкілеттіктері:
1) мыналарға:
ақпарат алмасуға, консультациялар жүргізуге, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оның ішінде инновациялық қызметтің перспективалық бағыттарын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылау үшін бірлескен алаңдар қалыптастыруға;
Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясатты іске асыруда мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған ұсыныстар әзірлеуге;
өнеркәсіптегі реформаларды, құрылымдық қайта құруды жүргізуге, инновациялық қызметті ынталандыруға, өнеркәсіпті дамытуға байланысты мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға;
бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен іске асыруға;
мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кешендері үшін тәжірибе алмасу бағдарламаларын әзірлеуге;
мүше мемлекеттердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өнеркәсіптік кооперацияға тартуға;
ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға;
мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы жаһандық экономикалық дағдарыстардың салдарына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен шараларын әзірлеуге және іске асыруға;
еуразиялық технологиялық тұғырнамаларды қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге жәрдемдесу;
2) мыналарды:
мүше мемлекеттердің оған қатысушылардың әрқайсысының мүдделерін ескере отырып, өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі ұсынымдарын қарауға енгізуді;
Одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыруға мониторинг жүргізуді және талдауды;
Мүше мемлекеттер үшін өзекті өнеркәсіпті дамыту әдістерін айқындау мақсатында өнеркәсіптік дамытудың әлемдік тәжірибесін зерделеуді жүзеге асыруды;
3) Үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша мыналарды:
бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, қаржыландыруды және іске асыруды туралы ержелердің жобаларын дайындауды;
Одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту жолындағы әкімшілік және өзге де тосқауылдарды анықтауды және оларды кейіннен жою бойынша ұсыныстар әзірлеуді;
бірлескен өнім өндірудің кооперациялық тізбегін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындауды;
Одақ шеңберінде өнеркәсіп өнімінің ішкі нарығына, сондай-ақ үшінші елдердің экспорттық нарықтарына мониторинг жүргізуді;
мүше мемлекеттердің өнеркәсібін дамытуды талдауды;
мүше мемлекеттермен бірлесіп, Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясатты іске асырудың қағидалары, тәртібі мен тетіктері сияқты өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзге де (қосымша) құжаттарды, сондай-ақ ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік келісімдер әзірлеуді жүргізу болып табылады.
Көрсетілген тізбесі толық болып табылады және ол Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша кеңейтілуі мүмкін.
________________
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 28 ҚОСЫМША
Өнеркәсіптік субсидиялар берудің
бірыңғай қағидалары туралы
ХАТТАМА
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 93-бабына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік тауарларға қатысты субсидиялар беруді реттейтін, оның ішінде өнеркәсіптк тауарларды өндірумен, өткізумен (сақтауды, мүше мемлекеттің аумағынан әкетуді және тасымалдауды қоса алғанда) және (немесе) тұтынумен тікелей байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну немесе алу кезіндегі бірыңғай қағидаларды белгілейді.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


