Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«әкімшілік-аумақтық бірліктер» - Ресей Федерациясының субъектілері (өзін-өзі басқару органдарын қоса алғанда) және Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының облыстары (Минск, Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда);

«ұқсас тауар» - тауарды өндіру, мүше мемлекеттің аумағынан әкету немесе тасымалдау кезінде ерекше субсидия пайдаланылатын тауарға толығымен сәйкес келетін тауар не мұндай тауар болмағанда тауарды өндіру, мүше мемлекеттің аумағынан әкету немесе тасымалдау кезінде ерекше субсидия пайдаланылатын тауардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар;

«өтемақы шарасы» - осы шараны енгізуге өтініш берген мүше мемлекеттің экономика саласына субсидиялайтын мүше мемлекеттің ерекше субсидияларының теріс әсерін бейтараптандыру жөніндегі шара;

«құзыретті орган» - тегеп-тексеру жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы;

«ұлттық экономика саласына келтiрiлген материалдық залал» – тауарды өндіру, тасымалдау, сақтау кезінде субсидия ұсынған мүше мемлекеттің аумағынан өнеркәсіптік тауарды әкелу салдары болған және мүше мемлекеттік аумағында ұқсас тауарды өндіру мен өткізу көлемінің қысқаруынан, осындай тауарды өндіру рентабельділігінің төмендеуінен, тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақы деңгейіне және осы салаға салынатын инвестициялардың деңгейіне теріс әсер етуден көрінетін ұлттық экономика саласы жағдайының дәлелдермен расталған нашарлауы;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

«ұқсас тауарды ұлттық өндірушілер» - тергеп-тексеру жүргізетін мүше мемлекеттегі ұқсас тауарды өндірушілер;

«ұлттық экономика саласы» - мүше мемлекеттегі ұқсас тауар өндірушелердің барлығы не олардың мүше мемлекеттегі ұқсас тауар өндірудің жалпы көлемінде үлесі кемінде 25 пайызды құрайтындары;

«субсидия алушы» - субсидиядан пайда табушы болып табылатын өнеркәсіптік тауарды өндіруші;

«субсидияланатын тауарды өндірушілер» - ерекше суібсидияны берген мүше мемлекеттің субсидияланатын тауарын өндірушілер;

«өнеркәсіптік тауарлар» –ЕАЭО СЭҚ ТН топтарында сыныпталатын тауарлар, сондай-ақ 2905 43 000 0, 2қосымша позицияларында, 3301, 3позицияларында, 3және 3қосымша позицияларында, 4, 4301, 5001 00  000 0, 5, 5 000 0, 5301, 5302 позицияларында (2қосымша позициясы - маннит, 2905 44 қосымша позициясы - сорбит, 3301 позициясы - эфир майлары, 3позициялары - альбуминоидтық заттар, түрлендірілген крахмалдар, желімдер, 3қосымша позициясы – сыртқы қабатын өңдеуге арналған заттар, 3қосымша позициясы - сорбитол, басқа да өнімдер, 4позициялары – терілер мен былғары шикізаты, 4301 позициясы – бөлінбеген аң терісі, 5001 00  000 0 позициялары - жібек-аршылмаған жібек және жібек қалдықтары, 5позициялары - жүн және жануарлар қылы, 5 000 0 қосымша позициялары – шитті мақта, мақта қалдықтары, таралған мақта талшықтары, 5301 позициясы – аршылмаған зығыр, 5302 позициясы – аршылмаған кендір) ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес сыныпталатын тауарларды қоспағанда, балық және балық өнімдері. Тауарлардың келтірілген сипаттамасының толық болуы міндетті емес.

ЕАЭО СЭҚ ТН көрсетілген кодтарының тізбесіне өзгерісті Комиссия Кеңесі енгізеді.

«субсидияланатын тауар»  өндіру, тасымалдау, сақтау немесе субсидиялаушы мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде ерекше субсидия пайдаланылған өнеркәсіптік тауар;

«субсидиялайтын мүше мемлекет» - субсидиялайтын орган субсидиялар беретін мүше мемлекет;

«субсидиялайтын орган» мүше мемлекеттердің субсидия беру саласында шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын бір немесе бірнеше органы не жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

«субсидия»:

а) нәтижесінде артықшылық берілетін (қамтамасыз етілетін) және:

ақша қаражаттарын тікелей аудару (мысалы, қайтарылмаған несие, кредиттер түрінде) немесе жарғылық капиталдағы үлесті сатып алу немесе оны ұлғайту немесе осындай қаражаттарды аудару жөніндегі міндеттеме (мысалы, кредиттер бойынша кепілдік);

мүше мемлекеттің кірісіне түсуі тиіс болған төлемдерді алудан толық немесе ішінара бас тарту (мысалы, салықтық жеңілдіктер, борышты есептен шығару) арқылы жүзеге асырылатын, субсидиялайтын органдарға көрсетілетін (немесе мүше мемлекет уәкілеттік берген құрылымға) қаржылық жәрдемдесу. Бұл ретте, ішкі тұтынуға арналған ұқсас тауардан алынатын баждар мен салықтардан экспортталатын өнеркәсіптік тауарды босату не осындай баждар мен салықтарды азайту не іс жүзінде есепке жазылған сомадан аспайтын мөлшерде осындай баждар мен салықтарды қайтару субсидия ретінде қарастырылмайды:

тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсыну (жалпы инфрақұрылымды қолдау және дамыту үшін арналған өнеркәсіптік тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді қоспағанда);

өнеркәсіптік тауарларды сатып алу арқылы жүзеге асырылатын, субсидиялайтын органдарға көрсетілетін (немесе мүше мемлекет уәкілеттік берген құрылымға) қаржылық жәрдемдесу;

б) кез келген мүше мемлекеттің аумағынан өнеркәсіптік тауардың әкелінуін қысқартуға немесе кез келген мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауардың әкелінуін ұлғайтуға қолданылатын (тікелей немесе жанама), соның нәтижесінде артықшылық берілетін, кірістер мен бағаларды қолдаудың кез келген басқа нысаны;

«ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қатері» - ұлттық экономика саласына материалдық залал келтірудің дәлелдемелермен расталған болмай қоймайтындығы;

«ұлттық экономика саласына залал» - ұлттық экономика саласына материалдық залал, ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қатері немесе ұлттық экономика саласын құруды едәуір баяулату.

I. Ерекше субсидиялар

3. Субсидиялайтын органның өкiлеттiлiгi қолданылатын аумақтың шегiнде субсидия өнеркәсiп кәсiпорны немесе өнеркәсiп саласы немесе өнеркәсiптік кәсiпорындар топтары немесе өнеркәсiп салалары (бұдан әрi - белгiлi бiр кәсiпорындар) үшiн ерекше болып табылатынын айқындау үшiн мынадай қағидаттар қолданылады

1) егер субсидиялайтын орган немесе оған сәйкес субсидиялайтын орган әрекет ететін құқықтық акт белгілі бір кәсіпорындар үшін ғана субсидияларға қол жеткізуді айқын шектесе, мұндай субсидия - өнеркәсіптік кәсіпорындар тобына немесе өнеркәсіп салаларының тобына субсидиялайтын мүше мемлекеттің аумағындағы барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар немесе өнеркәсіп салалары кірмейтін жағдайда, ерекше ретінде қаралады;

2) егер субсидиялайтын орган немесе оған сәйкес субсидиялайтын орган әрекет ететін құқықтық акт субсидияны алуға және оның мөлшеріне құқықты айқындайтын объективті критерий немесе шарттар (бейтарап болып табылатын, кейбiр кәсiпорындар үшiн басқа кәсiпорындармен салыстырғанда артықшылықтар бермейтін, сипаты жағынан экономикалық және қолдану тәсіліне қарай деңгейлес болып табылатын критерийлер, мысалы, жұмыспен қамтылғандар саны немесе кәсiпорындардың мөлшерi сияқты) белгілесе, мұндай субсидия – оны алу құқығы автоматты болған кезде және осындай критерийлер мен шарттар қатаң түрде орындалған кезде ерекше ретінде қаралмайды. Критерийлер мен шарттар заңда, нұсқаулықта, құқықтық актіде немесе басқа да ресми құжаттарда оларды тексеруге болатындай анықталуы тиіс.

3) егер, осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген қағидаттарды қолданудан туындайтын ерекшелік болмаудың көрінуіне қарамастан, субсидия шын мәнінде ерекше болуы мүмкін деп пайымдауға негіз болса, онда мынадай факторлар назарға алынуы мүмкін, бұл ретте, субсидиялайтын органның өкілеттігі қолданылатын аумақ шегіндегі экономикалық қызметті әртараптандыру дәрежесі, сондай-аө осындай субсидия қолданылатын уақыт ұзақтығы ескерілгені жөн:

белгілі бір кәсіпорындардың шектеулі санының субсидияны пайдалануы;

белгілі бір кәсіпорындардың субсидияны артықшылықпен пайдалануы,

кейбір кәсіпорындарға субсидиялардың қомақты сомасының пропорционалды емес бөлінуі;

субсидия беру туралы шешім қабылдау кезінде субсидиялайтын орган ие дискреттілікті пайдалану тәсілі (осы тұрғыдан, көбінесе, субсидиялауға өтінімдерден бас тарту немесе оны мақұлдау жиiлiгi туралы ақпарат және тиiстi шешiмдердiң уәжi назарға алынады).

4. Субсидиялайтын органның өкiлеттiлiгi қолданылатын аумақтың бiр бөлiгi болып табылатын, белгiленген географиялық өңiрде орналасқан белгiлi бiр кәсiпорындардың пайдалануы шектелген субсидия ерекше болып табылады. Мүше мемлекеттiң мемлекеттiк органының өзінің өкілеттігі қолданылатын бүкiл аумақ шегiнде қолданылатын салықтық мөлшерлемелерді енгiзуi немесе өзгертуi ерекше субсидия ретiнде қаралмайды.

5. Осы хаттаманың ІІІ бөлімінің ережесiне сәйкес келетiн кез келген субсидия ерекше ретiнде қаралады.

Осы бөлім сәйкес субсидияның ерекше болып табылу фактісін анықтау субсидия ерекшелiгiнiң дәлелдемелерiнiң болуына негiзделеді.

6. Мүше мемлекет ерекше субсидия беруін келісу мақсатында Комиссияға өтініш білдіруге құқылы.

Мүше мемлекеттер Комиссиямен келісілген шарттардағы және көлемдердегі мерзімге берілетін субсидияларға өтемақы шараларын қолданбайды.

Мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 7-тармағында көзделген, Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта белгіленген мерзімде міндетті хабар беру тәртібімен ерекше субсидияларды беруді көздейтін нормативтік құқықтық актілерді Комиссияға жолдайды.

Егер мүше мемлекеттердің біреуінде ерекше субсидияны басқа мүше мемлекеттің беруі ұлттық экономика саласына залал келтіруі мүмкін деп пайымдауға негіз болса, онда мұндай мүше мемлекет Комиссияның тиісті тексеру жүргізуіне бастамашылық етуге құқылы.

Тексеру қорытындылары бойынша ұлттық экономика саласына залал келтірілгені расталған жағдайда, онда Комиссия мұндай ерекше субсидия берген мүше мемлекет, егер тексеруге тартылған мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 7-тармағында көзделген, Одақ шеңберінде халықаралық шартта белгіленген мерзім ішінде өзгеше уағдаласпаса, залалға әкеп соқтырған жағдайларды жоюға міндетті деп шешім қабылдайды.

Комиссия осындай шешімді орындау үшін ақылға қонымды мерзім белгілейді.

Егер өзіне қатысты көрсетілген шешім қабылданған мүше мемлекет Комиссияның осы шешімін белгіленген мерзімде орындамаса, басқа мүше мемлекеттер Одақ Сотына жүгіне алады.

Осы тармақтың ережелерін қолдану Шарттың 105-бабының
1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
7. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде халықаралық шартпен мыналарды:

Ерекше субсидияны Комиссиямен ерікті келісу және Комиссияның тиісті шешімдер қабылдау тәртібін;

Комиссияның тексеруді (оның ішінде, осы Хаттамада белгіленген ерекше субсидияларды беру және пайдаланудың шарттарын, тәртібін бұзу фактілері бойынша) жүргізу тәртібін;

Комиссия соның негізінде ерекше субсидияларға жол берілетіні немесе жол берілмейтіні туралы шешім қабылдайтын критерийлер (оның ішінде, мүше мемлекеттердің өндірушілері арасындағы қалыптасқан және жаңа кооперациялық байланыстарды дамыту ескеріле отырып);

Комиссияның берілетін субсидиялар туралы ақпаратты сұрату тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Көрсетілген халықаралық шарттың күшіне ену мерзімі Шарттың 105-бабының 1-тармағында көзделген.

8. Ерекше субсидиялар алу үшін мүше мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысты белгілі бір тауарды өндіру кезінде технологиялық операцияларды жүзеге асыру қажеттігі туралы талап белгілесе, онда басқа мүше мемлекеттерде мұндай операцияларды жүзеге асыру, егер оларды жүзеге асыру үшін басым түрде шикі және субсидиялайтын мүше мемлекеттің материалдары пайдаланылған болса, осындай талапты тиісінше орындау деп таныалды.

II. Тыйым салынған субсидиялар

9. Субсидиялардың мынадай түрлерiне тыйым салынған:

әкетiлетiн субсидиялар - берiлуi осы субсидияны беретiн мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауарды әкету нәтижелерiмен жалғыз немесе бiрнеше шарттардың бiрi ретiнде байланысқан субсидиялар;

алмастырушы субсидиялар - субсидияны беретiн мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарларды пайдалана отырып, берiлуi жалғыз немесе бiрнеше шарттардың бiрi ретiнде байланысқан субсидиялар.

Байланысқан деп – субсидиялайтын мүше мемлекеттің аумағынан өнеркәсіптік тауарды әкету нәтижелерімен немесе осындай мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарды пайдаланумен заңдық тұрғыдан байланысты емес, шын мәнінде іс жүзіндегі немесе күтілетін экспортпен (әкетумен) немесе экспорттық түсіммен (әкету кезіндегі түсіммен) немесе субсидиялайтын мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарларды пайдалану жөніндегі талаптармен байланысты, субсидияларды беру туралы куәландыратын фактілердің болуы түсініледі.

Субсидия шаруашылық жүргiзу субъектiлерiне берілетіні туралы факт оны әкетілетін өнеркәсіптік субсидия деп есептеуге негіз болмайды.

10. Егер бір мүше мемлекеттің ерекше субсидияны беру нәтижесi басқа мүше мемлекеттің ұлттық экономика саласына залал келтіру болып табылса, онда мұндай субсидия тыйым салынған субсидия болып табылады

Ұлттық экономика саласына залал келтіру осы Хаттаманың V бөліміне сәйкес дәлелденуге тиіс.

11. Мүше мемлекеттер сақталуы ерекше субсидиялар алуға қажеттi, субсидиялайтын органының нормативтiк құқықтық актiсiнiң немесе құқықтық актiсiнiң негiзiнде қолданылатын және мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін шараларды сақтамайды және енгізбейді:

1) мынадай:

шаруашылық жүргiзу субъектiлерiнiң шараны енгiзетiн мүше мемлекеттің аумағынан немесе (нақты тауарлар, олардың көлемi немесе құны не олардың жергiлiктi өндiрiс көлемiнің немесе құнының үлесін айқындайтынына қарамастан) кез-келген көрсетiлген субсидиялайтын органның жергiлiктi өндiру көзiнен шығарылатын өнеркәсіптік тауарларды сатып алу немесе пайдалану;

шараны енгiзген мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарлардың осы шаруашылық жүргiзушi субъектi әкететін көлемiмен немесе құнымен байланысты санда шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң кез келген мүше мемлекеттің аумағынан әкелiнетiн өнеркәсіптік тауарларды сатып алуын немесе пайдалануын шектеу талап қамтылатын;

2) мыналарды:

шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң кез келген мүше мемлекеттiң аумағынан жергiлiктi өндiрiсте пайдаланылатын немесе осындай өндіріске қатысы бар өнеркәсіптік тауарларды әкелуін (оның ішінде, шараны енгізетін мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын және басқа мүше мемлекеттің аумағына осы шаруашылық жүргізуші субъект әкететін тауарлардың көлеміне немесе құнына байланысты);

шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң кәсiпорынға тиесiлi осы валютаның түсiм көлемiнде кез келген мүше мемлекеттің валютасына қолжетiмдiлiктi шектеу арқылы жергiлiктi өндiрiсте пайдаланылатын немесе осыған қатысы бар өнеркәсіптік тауарларды кез келген мүше мемлекеттің аумағынан шаруашылық жүргізуші субъектінің әкелуiн;

шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң кез келген мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауарларды әкетуiн немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң (тауардың нақтылығына, олардың көлемiне немесе құнына не осы шаруашылық жүргiзу субъектiсi жүзеге асыратын олардың жергiлiктi өндiрiс көлемінің немесе құнының үлесіне байланысты) кез келген мүше мемлекеттің аумағында өнеркәсіптік тауарларды сатуыншектейтін.

12. Берiлуi кез келген мүше мемлекеттің мүдделерiне елеулi нұқсан келтiруге әкеп соғатын ерекше субсидияларға тыйым салынған. Мүше мемлекеттің мүдделерiне елеулi нұқсан келтiру ерекше субсидия беру нәтижелерi төмендегiше болғанда туындайды:

1) ұқсас тауарды субсидиялайтын мүше мемлекеттің нарығынан ығыстыру немесе кез келген мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын ұқсас тауардың субсидиялайтын мүше мемлекеттің нарығына әкелiнуiнiң өсуiн тежеу;

2) үшiншi мүше мемлекеттің нарығынан кез келген мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын ұқсас тауарды ығыстыру немесе осындай ұқсас тауардың үшiншi мүше мемлекеттің аумағына әкетiлуiнiң өсуiн тежеу;

3)   өндiру, тасымалдау немесе ерекше субсидия пайдаланған субсидиялайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезiнде өнеркәсіптік тауардың бағасын басқа мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын ұқсас тауардың кез келген мүше мемлекеттің нарығындағы бағасына қатысты едәуір төмендету не бағалардың өсуiн немесе бағалардың құлдырауын елеулi тежеу немесе сол бiр нарықтағы жiберiп алынған сатулар.

13. Осы Хаттаманың 12-тармағында көрсетілген мүдделерге елеулi нұқсан келтiру осы бөлімге сәйкес айқындалады, осы Хаттаманың
V бөліміне сәйкес дәлелденеді.

14. Мүше мемлекеттердiң аумақтарында осы Хаттаманың
11-тармағында көрсетiлген шаралар, сондай-ақ тыйым салынған субсидиялар, оның ішінде мыналар сақталмайды және берiлмейдi (бұл ретте тауарлар экспорты деп субсидиялайтын мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкету ұғынылады):

1) экспорттаушыны мүше мемлекетке валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сатудан босататын немесе ұлттық валютаның ішінара құнсыздануы арқылы валютаның көптеген бағамын қолдануға жол беретін бағдарламалар, осыған байланысты, экспорттаушы бағамдық айырмашылық есебінен басымдыққа ие болады;

2) ішкі нарықтағы тасымалдармен салыстырғанда анағұрлым жеңілдікті жағдайларда мүше мемлекет белгілейтін немесе алатын экспорттық тиелімдер үшін ішкі көлік немесе кеме тарифтері;

3) ішкі нарықта өткізілетін ұқсас тауарлар өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қарағанда анағұрлым жеңілдікті жағдайларда экспортталатын тауарлар өндірісінде пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

4) экспорт нәтижелерімен немесе көрсетілген жеңілдіктерді ұсынатын мүше мемлекет аумағындағы тауарларды пайдаланумен байланысты шаруашылық субъектілері төлейтін немесе төлеуге тиіс салықтарды немесе кез келген басқа аударымдарды төлеуден толық немесе ішінара босату, төлеуді кейінге қалдыруды немесе азайтуды ұсыну. Бұл ретте салықтарды төлемегені үшін төленуі тиіс өсімпұл алынса, кейінге қалдыру міндетті түрде тыйым салынған субсидия болып табылмайды. Экспортталатын тауардан нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын алу тыйым салынған субсидия белгісі болып табылмайды;

5) ішкі нарықта өткізілетін ұқсас тауарлармен салыстырғанда үлкен көлемде тауарларға салық салу базасын қысқартатын экспорттың нәтижелерімен байланысты арнайы шегерулер;

6) ішкі нарықта өткізілетін ұқсас тауарлар өндірісінде пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге салық салу базасын есептеу үшін қолданылатын салықтарды немесе арнайы шегерулерді төлеуден босатуға, азайтуға, кейінге қалдыруға қарағанда экспорттық тауарлар өндірісінде пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге салық салу базасын есептеу үшін қолданылатын салықтарды немесе арнайы шегерулерді үлкен көлемде төлеуден босату, азайту, кейінге қалдыру;

7) ішкі нарықта тұтынуға арналған ұқсас өнім өндірісінде пайдаланылатын дәл осындай шикізат пен материалдарға қарағанда экспорттық өнім өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарға анағұрлым төмен мөлшерлеме бойынша кедендік төлемдерді алу не ішкі нарықта өткізілетін ұқсас өнім өндірісінде пайдаланылатын дәл осындай шикізат пен материалдарға қарағанда үлкен көлемде экспорттық өнім өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарға арналған кедендік төлемдерді қайтару;

8) нақты тауарлар, олардың көлемі немесе құны не үлесі олардың жергілікті өндіріс көлеміне немесе құнына байланысты айқындалатынына қарамастан, өндірілген өнім құрамында отандық материалдардың немесе шикізаттың болуы міндетті болып табылса, өнім өндірісінде пайдаланылған импорттық шикізат пен материалдардан алынатын импорт баждарын азайту немесе қайтару;

9) экспорттық кредиттерді кепілдендіру немесе сақтандыру, экспорттық тауарлар құнының өсуінен немесе валюталық тәуекелдерден сақтандыру немесе кепілдендіру бағдарламалары бойынша ұзақ мерзімді операциялық шығыстарды немесе залалдарды өтеу үшін жеткіліксіз сыйақыларды алып қою;

10) нарықтық жағдайларда мұндай кредиттерді алушылар салыстырмалы кредитті пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиіс (кредитті өтеу мерзімі бірдей, кредит валютасы және т. б.) мөлшерлемелерден төмен мөлшерлемелер бойынша экспорттық кредиттерді беру не экспорттаушылар немесе қаржы мекемелері кредитті алумен байланысты жұмсаған шығыстардың барлығын немесе бір бөлігін төлеу. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына Ресми экспорттық кредиттер бойынша уағдаластықтардың пайыздық мөлшерлемелері туралы ережелерге сай келетін экспорттық кредиттеу практикасы тыйым салынған субсидия ретінде қаралмайды;

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58