Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
- операциялық шығыстар;
- бақыланбайтын шығыстар;
- инвестицияға салынған инвестицияланған капиталды қайтару (амортизациялау аударымдары);
- инвестицияланған капиталға арналған кіріс есепке алынады.
4.3.2.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған құрауыш шығыстарының тізбесі.
БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған шығыстар электр энергиясының тепе-тең бағаларында ескерілген электр энергиясы ысырабының көлеміне азайтылған БҰЭЖ-дегі электр энергиясының нормативтік ысырабына және тиісті ұлттық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымдар қызметтерінің құны есепке алына отырып, электр желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жүзеге асырылатын мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін МТС жөніндегі әрбір есеп айырысу кезеңінің қорытындылары бойынша көтерме сауда нарығында қалыптасқан электр энергиясы мен қуатын сатып алу бағасына негізделе отырып айқындалады.
5. МАБ-ты жүзеге асыруға байланысты, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілмейтін құрауышар тізбесі
5.1. Беларусь Республикасының аумағында.
Беларусь Республикасындағы Шжелі жүйелік шығындарға уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету үшін генерациялаушы қуаттардың резервін ұстауға арналған, Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы берілетін жалпы қуат шамасындағы МАБ-тың қуат үлесі есепке алына отырып айқындалатын шығындар, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар кіреді.
5.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті қалыптастыру кезінде шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алынбайды.
5.3. Ресей Федерациясының аумағында.
Электр энергиясының (қуатының) орнын баса тұруды қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-қа жататын электр энергиясының көлемдері көтерме сауда нарығында баға өтінімдерін беру, бір тәулік бұрын баға өтінімдеріне бәсекелестік іріктеу жүргізу, нарықтық бағаларды және Ресей БЭЖ-і шекарасындағы (шекараларындағы) әртүрлі жеткізу нүктелерінде электр энергиясының (қуатының) тең көлемдерін өзара байланысты және бірмезгілде жеткізуге байланысты жүйелік шығындар үлесін айқындау кезінде ескерілуге тиіс. Жүйелік шығындар мына құрауыштардан қалыптасады:
5.3.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы жүзеге асыру кезінде электр энергиясының жүктемелік ысырабының және жүйелік шектеулердің құнын өтеуге байланысты құрауыш (түйіндік бағалар айырмашылығы):
, мұнда:
– МАБ шеңберінде Ресей БЭЖ-інен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік бұрын баға өтінімдерін бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;
– МАБ шеңберінде Ресей БЭЖ-іне электр энергиясы ағынының «кіру нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік бұрын баға өтінімдерін бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;
– m айының h сағатында Ресей БЭЖ-і арқылы МАБ көлемі.
5.3.2. МАБ-ты қамтамасыз ететін Ресей БЭЖ-і жұмыс режимдерін іске асыру үшін генерациялаушы қуаттар резервінің болу қажеттігіне байланысты құрауыш:
, мұнда:
– m айында МАБ-тың мәлімделген барынша көп сағаттық көлеміне сәйкес келетін ең көп қуат;
– тиісті жыл үшін қуаттарға бәсекелестік іріктеу жүргізу кезінде жүйелік оператор есепке алатын, ЗСПi-дегі жоспарлы резервтеу коэффициенті;
– тиісті жыл үшін ЗСПi-де тұтынушылар үшін бәсекелестік іріктеудің алдын ала бағасы (жүйелік оператор электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды);
ЗСПi – МАБ-ты жүзеге асыру кезінде Ресей БЭЖ-інен электр энергиясының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін жеткізу нүктелері жатқызылған еркін ағын аймағы.
МАБ-тың құнын анықтау кезінде, сондай-ақ, МАБ-тың «кіру» және «шығу» нүктелеріне сәйкес келетін еркін ағын аймақтарындағы (еркін ағын аймақтары түйіндеріндегі) қуатты бәсекелестік іріктеу нәтижелері бойынша айқындалған, тұтынушылар үшін жоспарлы бағалар арасындағы айырма да ескеріледі.
6. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес
МАБ-ты шарттық ресімдеуге қойылатын талаптар
6.1. Беларусь Республикасының аумағында.
Мүше мемлекеттер арасындағы Беларусь Республикасының электр энергетикалық жүйесі арқылы МАБ осы Әдіснаманың 1-бөліміне және 2-бөлімінің 2.4, 2.5, 2.6-тармақтарына және МАБ-қа арналған шарттарға сәйкес МАБ-қа ұйғарылған электр энергиясы мен қуатының көлемдерін Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен келіскен жағдайда жүзеге асырылады.
Әрбір шарт бойынша МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны мына формула бойынша айқындалады:
СМП = Шжелі+Шжүйе.
6.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
Қазақстан Республикасының аумағында мүше мемлекеттер арасындағы МАБ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі нысан бойынша жасалатын, электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте МАБ-ты жүзеге асыруға арналған шарттарда осындай берудің ерекшеліктері ескерілуі мүмкін.
6.3. Ресей Федерациясының аумағында.
Мүше мемлекеттер арасындағы Ресей БЭЖ-і арқылы МАБ мынадай шарттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
6.3.1. Табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті және МАБ-ты жүзеге асыру үшін мәлімделген электр энергиясының (қуатының) тең көлемдерін Ресей БЭЖ-і шекарасындағы (шекараларындағы) әртүрлі жеткізу нүктелерінде өзара байланысты және бірмезгілде жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында коммерциялық агенттің Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымдарымен шарттары.
Осындай шарттарда мүше мемлекеттер арасындағы Ресей БЭЖ-і арқылы МАБ құны m айында мына формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
– ресейлік заңнамаға сәйкес ақысы төленетін, БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым қызметтерінің құны;
– ресейлік заңнамаға сәйкес ақысы төленетін, жүйелік оператор қызметтерінің құны;
– m айында МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы сүйемелдейтін электр энергиясының (қуатының) көтерме сауда нарығындағы іс-қимылдарға байланысты қызметтер құны.
, мұнда:
– m айында электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығына жіберілген өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көтерме сауда нарығын ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық оператор қызметтерінің құны;
– m айында Көтерме сауда нарығының сауда жүйесіне қосылу туралы шартта айқындалған талаптар мен міндеттемелерді есептеу жөніндегі кешенді қызметтер құны;
– коммерциялық агент жасасатын шарттарда екіжақты тәртіппен айқындалатын коммерциялық агент шығындары.
6.3.2. Мүше мемлекеттердің электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі және ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру (өткізу) жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдары арасындағы электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттар (техникалық келісімдер);
6.3.3. Мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында мүше мемлекеттердің шекаралары арқылы электр энергиясын өткізу кезінде туындайтын, МАБ қималары бойынша нақты ағындардың жоспардағыдан ауытқу шамаларын өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату шарттары.
7. Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері
арасында мемлекетаралық электр энергиясы ағындарының
нақты сағаттық көлемдері туралы коммерциялық есепке алу
деректерін алмасуды ұйымдастыру тәртібі
7.1. Осы Тәртіп коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін алу бөлігінде екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын; коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін және коммерциялық есепке алудың көрсетілген деректерін жеткізу нүктелеріндегі мәндерге дейін толықтыра есептеудің келісілген әдістемедерін пайдалану ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мемлекетаралық электр беру желілері арқылы (бұдан әрі - МАЭБЖ) электр энергиясының жедел[1] сағаттық ағынын айқындау тәртібін; коммерциялық есепке алу деректерін алмасу және жеткізу нүктелеріндегі мәндерге келтірілген коммерциялық есепке алу деректерін келісу рәсімдерін айқындайтын тәртіпті айқындайды.
МАЭБЖ бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін қалыптастыру мен алмасу талаптары мен тәртібі МАЭБЖ-де есепке алу нүктелері бойынша электр энергиясы ағындарының сағаттық шамаларының деректерін алмасу туралы екіжақты келісімдерге сәйкес айқындалады.
7.2 Жедел ақпарат алмасу.
Мүше мемлекеттердің тиісті шаруашылық жүргізуші субъектілері тәулік сайын (немесе мүше мемлекеттердің келісімі бойынша басқа уақыт аралығында) МАЭБЖ бойынша электр энергиясының сағаттық ағындарының шамасын қалыптастырады, алынған деректермен алмасады, тиісті есептеулерді орындайды, деректердің сәйкестігіне баға береді.
МАЭБЖ бойынша берілетін электр энергиясының сағаттық ағындарының мәндерін қамтитын ақпаратты жедел алмасу үшін деректерді берудің келісілген форматтары пайдаланылады.
7.3. Жеткізу нүктесіндегі сағаттық мәндерді есептеу.
Жеткізу нүктесіндегі сағаттық мәндерді есептеу екіжақты келісімдерде келісілген, берілген және алынған электр энергиясының нақты көлемдерін есептеу әдістемелеріне сәйкес жүргізіледі.
8. Мүше мемлекеттердің мемлекетаралық электр беру
желілері бойынша электр энергиясы ағынының
нақты сальдосын айқындау тәртібі
Бір күнтізбелік айда мемлекетаралық қималар арқылы өткізілетін электр энергиясының нақты көлемдерін айқындайтын осы тәртіп мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының пайдалануына арналған.
Мүше мемлекеттердің мемлекетаралық қималар арқылы өткізілетін электр энергиясы ағынының нақты сальдосы әрбір күнтізбелік айда әрбір жеткізу нүктесіне (WСальдо_гран) қабылданған электр энергиясы (WП1_гран) мен/немесе одан берілген электр энергиясы (WО1_гран) мөлшерлерінің алгебралық сомасы ретінде айқындалады.
МАЭБЖ-да «Қабылдау», «Қайтарым» режимдеріндегі жұмысқа енгізілген барлығы бойынша бір күнтізбелік айда кедендік шекараға (жеткізу нүктесіне) келтірілген электр энергиясының мәні және сальдо мына формулалар бойынша есептеледі:
,
,
, мұнда:
– бір күнтізбелік айда i-ші МАЭБЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде қабылданған электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағынды есептеу формуласына салу үшін мән белгіні (ағынның бағытын) ескере отырып алынады;
– бір күнтізбелік айда i-ші МАЭБЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде берілген электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағынды есептеу формуласына салу үшін мән белгіні (ағынның бағытын) ескере отырып алынады;
R – бір күнтізбелік ай ішінде жұмысқа қосылған мемлекетаралық қимадағы МАЭБЖ мөлшері.
9. Одақ шеңберінде МАБ-ты жүзеге асыру кезінде
мемлекетаралық қималар бойынша нақты ағындардың
жоспардағыдан ауытқу көлемдері мен құнын есептеу тәртібі
Мемлекетаралық қималар бойынша нақты жеткізілімдерге мынадай құрауыштар: МАБ көлемдері, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері жасасқан коммерциялық шарттар көлемідер, авариялық көмек көлемі мен сальдо-ағындардың нақты мәндерінің жоспардағыдан ауытқуына байланысты көлемдер кіреді.
Нақты сальдо-ағынның жоспардағыдан сағаттық ауытқуының шамаларын есептеуді және ауытқулар көлемін өздерінің бастамаларына байланысты анықтауды БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым, Ресей БЭЖ-і жүйелік операторы, Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ-і жүйелік операторы мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
- МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы жүзеге асыру кезінде МАБ көлемдерінің сағаттық шамасы тәуліктік диспетчерлік графикте ескерілген тиісті тең жоспарлы мәндермен қабылданады;
- есепті кезеңнің әрбір сағатында коммерциялық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізудің нақты сағаттық көлемдері белгіленген тәртіппен келісілген түзетулерді есепке ала отырып, тәуліктік диспетчерлік графикте ескерілген тиісті тең жоспарлы мәндермен қабылданады.
- үшінші мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен қатынастар шеңберінде реттелетін сағаттық ауытқулар көлемі (сыртқы теңгерімдеу) Одақ шеңберіндегі ауытқулар көлемінде ескеріледі. Сыртқы теңгерімдеу көлемдерін айқындау тәртібі мүше мемлекеттердің аралас электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторларымен (БҰЭЖ басқару жөніндегі ұйымның қатысуымен) келісіледі;
- авариялық көмек көрсету көлемдері ішкі ұлттық нарықтардың субъектілері арасында жасалатын авариялық көмек көрсету кезінде электр энергиясын сатып алу/сату шарттарының талаптарымен айқындалады.
Сағаттық ауытқулар көлемі МАБ-ты қамтамасыз ету үшін жасалуы Әдіснаманың 6-бөлімінде мүше мемлекеттердің әрқайсысы үшін көзделген шарттарға сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қаржылық реттелуге жатады.
Электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттардың (техникалық келісімдердің) талаптарын сақтау, оның ішінде мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелеріндегі жиілікті реттеу және мемлекетаралық қималар бойынша келісілген сальдо-ағындарды ұстап тұру бөлігінде сақтау қажеттігін негізге ала отырып, ауытқулар құны электр энергиясының (қуатының) ішкі ұлттық нарықтарының субъектілеріне олардың электр энергиясының (қуатының) ұлттық нарығындағы жүйені теңгерімдеу жөніндегі қатынастарға қатысу нәтижесінде шеккен негізделген шығындарын өтеуге тиіс.
Ауытқулар құнын есептеу электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттарда (техникалық келісімдерде) немесе мүше мемлекеттер арасында электр энергетикасы саласындағы өзара қатынастарды реттейтін өзге де шарттарда белгіленген мәндерден аспайтын көлемдерде электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысын технологиялық жағынан қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын (қуатын) сатып алу/сату көлемдерін есепке алудың ерекше тәртібі ескеріле отырып жүргізіледі.
Есептеу кезінде пайдаланылатын, ауытқуларды өтеу мақсатында сатып алынған және сатылған электр энергиясы мен қуатының сандық және баға параметрлері Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылым ұйымдарының есеп құжаттарымен расталады.
Шарттар бойынша жеткізілімдер құнын есептеу кезінде электр энергиясының (қуатының) көлемдерін қайтадан есепке алуға жол берілмейді.
______________
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 22 ҚОСЫМША
Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда,
газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы
ХАТТАМА
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 79, 80, 83-баптарына сәйкес газ саласындағы ынтымақтастық негіздерін, мүше мемлекеттердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаттары мен талаптарын айқындайды.
2. Осы Хаттамада пайдаланлатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«газға ішкі қажеттіліктер» - мүше мемлекеттердің әрқайсысының аумағында тұтыну үшін қажетті газ көлемі;
«газ» - негізінен метаннан тұратын, газ тасымалы жүйелері арқылы сығылған газ тәріздес күйде тасымалданатын, мүше мемлекеттердің аумағында өндірілетін және (немесе) шығарылған газ тәріздес көмірсутектердің және басқа газдардың жанғыш қоспасы;
«газ өндіретін мүше мемлекеттер» - аумағында газ өндіру мен шығаруға қарағанда аз тұтынылатын мүше мемлекеттер;
«газ тұтынатын мүше мемлекеттер» - аумағында газ өндіру мен шығаруға қарағанда көп тұтынылатын мүше мемлекеттер.
«газ тасымалы жүйелері» - магистральдық газ құбыржолдарын қамтитын газ тасымалдауға арналған құрылыстар және газ тарату желілерінен басқа, олармен бірыңғай технологиялық процеспен байланысты объектілер;
«газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» - газ тасымалдау үшін мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілері басқаратын газ тасымалы жүйелерін пайдалану құқығын беру;
«газға тең кірісті бағалар» - газдың ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, оның ішінде мынадай қағидаттарға негізделе отырып қалыптастырылған көтерме бағасы:
газ өндіретін мүше мемлекеттер үшін нарықтық көтерме бағаны қалыптастыру газ жеткізушінің сыртқы және ішкі нарықтардағы газ тасымалдау құнының айырмасын ескере отырып, сыртқы нарықтағы газды сату бағасынан осы мемлекеттерде алынатын баждардың, алымдардың, салықтардың, өзге де төлемдердің шамасын және газ өндіретін мүше мемлекеттерден тысқары жерлердегі газ тасымалдау құнын шегеру жолымен жүзеге асырылады;
газ тұтынатын мүше мемлекеттер үшін - газ өндіретін мемлекеттің шығарушысы сыртқы нарықта газ сату бағасынан баждарды, алымдарды, салықтарды, өзге де төлемдерді, сондай-ақ газ өндіретін мемлекеттен тысқары жерлерде газ тасымалдау құнынынан шегеру арқылы қалыптастыратын нарықтық көтерме баға; [
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


