Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу Шарттың ХІХ бөлімінде айқындалған бірыңғай қағидаттар, қағидалар мен әдістер негізінде жүзеге асырылады.

4. Мүше мемлекеттер электр энергетикасы саласындағы тиімді ынтымақтастықты ұзақмерзімді перспективада қамтамасыз ету мақсатында өз мемлекеттерінің электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын үйлестіруге жәрдемдеседі.

5. Мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

ынтымақтастықты тең құқылық, өзара тиімділік және мүше мемлекеттердің кез келгеніне экономикалық залал келтірмеу негізінде жүзеге асыру;

электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығының басқа да субъектілерінің экономикалық мүдделер теңгерімін сақтау;

мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы заңнамасын, оның ішінде мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің ақпаратты ашуы бөлігінде кезең-кезеңмен үйлестіру;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

бәсекелес қызмет түрлерінде электр энергиясына (қуатына) деген сұранысты қанағаттандырудың тұрақты жүйесін қалыптастыру үшін нарықтық қатынастарға және адал бәсекелестікке негізделген тетіктерді басымдықпен пайдалану;

электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін басымдықпен пайдаланған жағдайда, аталған көрсетілетін қызметтерге техникалық мүмкіндіктер шегінде еш кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;

электр энергетикасы саласындағы ұлттық, тікелей интеграцияланған компаниялар құрылымын бәсекеге қабілетті және монополиялық қызмет түрлерін ажырату мақсатында кезең-кезеңмен түрлендіру;

мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарды мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығының келісілген моделіне сәйкес дамыту;

мүше мемлекеттердің қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелері негізінде, мүше мемлекеттердің электр энергетикалық нарықтарының қазіргі бар модельдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру;

қатарлас жұмыстың өзара келісілген талаптарын сақтай отырып, мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысының техникалық және экономикалық артықшылықтарын пайдалану;

нарықтарды интеграциялаудың тиісті кезеңінде электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың мүше мемлекеттердің электр энергиясы нарығына қол жеткізуін ұлттық экономикалардың мүдделерін ескере отырып қамтамасыз ету;

мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін ескере отырып, мүше мемлекеттердің субъектілері арасындағы электр энергиясымен сауданы жүзеге асыру.

6. Мүше мемлекеттер электр энергиясы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін мүше мемлекеттердің электр энергиясына (қуаты) деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін басымдыпен пайдаланған жағдайда, аталған көрсетілетін қызметтерге қолда бар техникалық мүмкіндіктер шегінде еш кедергісіз қол жеткізуді мынадай қағидаттар негізінде қамтамасыз етеді:

аумағында осындай қызметтер көрсетілетін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген электр энергиясының (қуатының) ішкі нарығы субъектілеріне қатысты талаптардың теңдігі;

электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтерін мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін басымдықпен пайдаланған жағдайда, аталған көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беру кезінде ұлттық заңнаманы есепке алу;

электр энергетикасы саласында табиғи монополиялар субъектілері қызметтер көрсеткен кезде мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысы режимдеріне әсер ететін электр энергетика объектілерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету;

мүше мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтарының субъектілері арасында туындайтын қатынастарды шарттық ресімдеу;

электр энергетикасы саласында мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтердің өтемділігі.

7. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етудің мынадай қағидаттары белгіленеді:

1) мүше мемлекеттер электр энергиясын (қуатын) шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді, мүше мемлекеттердің электр энергиясына (қуатына) деген ішкі қажеттіліктері басымдықпен қамтамасыз етілген жағдайда, қолда бар техникалық мүмкіндік шегінде қамтамасыз етеді;

2) электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін айқындау мынай басымдық есепке алына отырып жүзеге асырылады:

электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді жүзеге асыру жоспарланып отырған мүше мемлекеттің электр энергиясына (қуатына) деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету;

электр энергиясын (қуатын) мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігінен басқа бөлігіне шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;

электр энергиясын (қуатын) бір мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен басқа мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесіне мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;

үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында электр энергиясын (қуатын) мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;

3) электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары мүше мемлекет заңнамасының ерекшеліктерін негізге ала отырып, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру құнын өтеу қағидатын басшылыққа алады;

4) Одаққа кірмейтін үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру мүше мемлекеттің заңнамасын есепке ала отырып, екіжақты негізде реттеледі.

8. Мүше мемлекеттер электр энергиясын (қуатын) электр энергетикалық жүйелер арқылы еш кедергісіз мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мақсатында келісілген дайындық іс-шаралары кешенін жүзеге асырады, атап айтқанда:

электр энергиясын (қуатын) жеткізудің күнтізбелік жылы басталғанға дейін мүше мемлекеттер уәкілеттік берген ұйымдар электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың ұлттық болжамды теңгерімдерінде есепке алу үшін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің тарифтерін есептеген кезде осындай жеткізілімдерді есепке алу мақсатында мемлекетаралық беруге ұйғарылған электр энергиясының (қуатының) жоспарлы көлемдері туралы мәлімдейді;

мүше мемлекеттер уәкілеттік берген ұйымдар электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жоспарлы құнын есептеу негізінде, қол жеткізілген уағдаластықты орындау үшін келісімшарттар жасасады.

Электр энергиясын (қуатын) мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері арқылы еш кедергісіз мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырудың бірыңғай әдіснамасын қолданады, ол электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру көлемдері мен техникалық шарттарын анықтау тәртібін, сонымен қатар осы Хаттамаға қосымшада келтірілген, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге байланысты көрсетілетін қызметтерге баға белгілеудің келісілген тәсілдерін қамтиды.

Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдар осы Хаттаманың қосымшасында келтірілген, Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырудың бірыңғай әдіснамасына сәйкес өз мемлекетінің аумағы бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етеді.

9. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етуге қажетті электр желілік шаруашылық объектілерін пайдалануды қамтамасыз ету электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді ұсынатын мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

10. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруден бас тартқан жағдайда, мүше мемлекеттер уәкілеттік берген ұйымдар бас тарту себептері туралы негіздеуші материалдарды тапсырады.

11. Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне баға белгілеу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикасы нарығында электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер ішкі электр энергиясы нарығының субъектілері үшін осындай ішкі тарифтерден аспауға тиіс.

12. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қатынастарды реттеу қолданыстағы басқа да халықаралық келісімдер мен шарттарды есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету

туралы хаттамаға

қосымша

Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын)

мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасы

1. Өтінімдер беру және электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімдеріне енгізілуге жататын, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің тарифтерін есептеген кезде ескерілетін электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жылдық болжамды көлемдерін қалыптастыру тәртібінің негізгі ережелері

1.1. Беларусь Республикасының аумағында.

1.1.1. Беларусь Республикасының ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің (бұдан әрі – МАБ) жылдық болжамды көлемдерін оны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген ұйым берілген өтінім негізінде айқындайды.

1.1.2. Алдағы күнтізбелік жылға арналған өтінім алдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде МАБ пен ең жоғарғы қуаттың жылдық көлемі айлар бойынша бөліп көрсетіледі.

1.1.3. Өтінімді қарастырған кезде Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы қолда бар техникалық мүмкіндіктің осы Әдіснамаға сәйкес айқындалатын шамасын басшылыққа алады.

Жалпы алғанда, жыл бойы немесе жылдың қайсыбір айында МАБ-тың мәлімделген шамасы қолда бар техникалық мүмкіндік шамасынан асып кеткен кезде, Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы өтінім берген ұйымға уәжді бас тарту хатын жібереді.

1.1.4. Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен келісілген МАБ-тың мәлімделген көлемдері электр энергиясын беру шартына қосымша ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифтерін есептеу кезінде ескеріледі.

1.1.5. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясының көлемдері МАБ жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін мүше мелекеттердің уәкілетті ұйымдарының келісуі бойынша түзетілуі мүмкін.

1.2. Қазақстан Республикасының аумағында.

1.2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық электр желісі бойынша МАБ-тың жылдық болжамды көлемдері МАБ-ты жүзеге асыруға уәкілеттік берілген ұйымның МАБ-ты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының жүйелік операторына берген өтінімі негізінде айқындалады.

1.2.2. Алдағы күнтізбелік жылға өтінім алдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде МАБ-тың жылдық көлемі айлар бойынша бөлініп және Қазақстан Республикасының шекарасында электр энергиясын қабылдау нүктелері мен беру нүктелері көрсетіле отырып көрсетіледі.

1.2.3. Қазақстан Республикасының жүйелік операторы өтінімді қараған кезде қолда бар техникалық мүмкіндіктің осы Әдіснамаға сәйкес айқындалатын шамасын басшылыққа алады. Жалпы алғанда, жыл бойы немесе жылдың қайсыбір айында МАБ-тың мәлімделген шамасы қолда бар техникалық мүмкіндік шамасынан асып кеткен кезде, Қазақстан Республикасының жүйелік операторы өтінім берген ұйымға уәжді бас тарту хатын жібереді.

1.2.4. Қазақстан Республикасының жүйелік операторымен келісілген МАБ-тың мәлімделген көлемдері электр энергиясын беру шартының қосымшасы ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифтерін есептеу кезінде ескеріледі.

1.2.5. Қазақстан Республикасының Біртұтас энергетикалық жүйесі (бұдан әрі – Қазақстан БЭЖ) бойынша электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімін қалыптастырғаннан кейін жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 сәуіріне дейін екіжақты мемлекетаралық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізу көлемдері анықталып, көтерме сауда нарығының субъектілерімен келісіледі.

1.2.6. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясының көлемдері жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін МАБ-ты ұйымдастыру мен жүзеге асыруға уәкілеттік берілген субъектілердің ұсынысы бойынша түзетілуі мүмкін.

1.3. Ресей Федерациясының аумағында.

1.3.1. Ресей Федерациясының субъектілері бойынша Ресей БЭЖ шеңберінде болжамды жиынтық теңгерімді қалыптастыру тәртібіне сәйкес уәкілетті ұйым (Ресей Федерациясының біртұтас ұлттық (жалпы ресейлік) электр желісін (бұдан әрі – БҰЭЖ) басқару жөніндегі ұйым) жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін Ресей Федерациясының Тарифтер жөніндегі федералды қызметіне (Ресейдің ТФҚ) және Ресей БЭЖ жүйелік операторына мүше мемлекеттердің ұлттық электр желісін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарымен келісілген ұсыныстарды жібереді.

1.3.2. Келісілген ұсыныстарды Ресей ТФҚ қарайды және Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген мерзімдерде келесі күнтізбелік жылға Ресей Федерациясының субъектілері бойынша электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды жиынтық теңгерімін қалыптастырған кезде ескереді.

1.3.3. Жеткізілетін жылға Ресей Федерациясының субъектілері бойынша электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды жиынтық теңгерімі көрсеткіштерінің құрамында бекітілген, МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемдері электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) есептеу кезінде ескеріледі.

1.3.4. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемдері, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен (ұйымдарымен) келісім болған жағдайда, БҰЭЖ басқару жөніндегі ұйымның ұсынысы бойынша, жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне белгіленген бағаларға (тарифтерге) тиісті түзету енгізе отырып түзетілуі мүмкін.

2. Жоспарлау үйлестірушісінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайтын ережелерді қоса алғанда, электр энергетикалық жүйелердің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлау негізінде техникалық мүмкіндіктерді және

МАБ-тың жоспарланған көлемдерін айқындау тәртібі

2.1. Терминология.

Осы Әдіснаманың 2-бөлімінің мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Бақыланатын қима – электр энергетикалық жүйелердің орнықты жұмысын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету мақсатында қуат ағындары бақыланатын мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері жүйелік операторларының диспетчерлік орталықтары анықтайтын электр беру желілерінің (ЭБЖ) және басқа да электр желілері элементтерінің жиынтығы.

Қуаттың ең жоғарғы жол берілетін ағыны – қалыпты режимдерге қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыратын, желі қимасындағы аса көп ағын.

Мемлекетаралық қима – мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторлары айқындайтын, көршілес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйесін (-лерін) (жекелеген энергетикалық аудандарын) жалғап тұратын мемлекетаралық ЭБЖ-да (-ларда) орналасқан, қатарлас жұмыстың электр энергетикалық режимдерін жоспарлау және басқару міндеттерімен технологиялық тұрғыдан негізделген жеткізу нүктесі немесе жеткізу нүктелерінің тобы.

Өзге де пайдаланылатын ұғымдар Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамада (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 21қосымшасы) айқындалған мағынаға ие.

2.2. Жалпы ережелер.

2.2.1. Жоспарлау кезеңдерінде шешілетін міндеттер:

- жылдық жоспарлау: экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықтарды жөндеудің жылдық жоспарланған графиктерін есепке ала отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімдерінде ескерілетін, мүше мемлекеттердің арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың мәлімделген көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет болған кезде оларды түзету;

- айлық жоспарлау: экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықтарды жөндеудің айлық жоспарлы графиктерін есепке ала отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды жылдық теңгерімдерінде ескерілген, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізілімдер мен МАБ-тың мәлімделген көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет болған кезде оларды түзету;

- режимдерді тәуліктік жоспарлау және тәулікішілік түзету: электр желілік жабдықтардың нақты схемалық-режимдік жағдайлары, олардың экспорт-импорт қимасын, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізілімдер мен МАБ-тың көлемдерін шектейтін жоспарлы, жоспардан тыс және авариялық ажыратылуы есепке алына отырып, мүше мемлекеттер арасындағы бір тәулікке ілгері мәлімделген жеткізу мен МАБ-тың сағаттық көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру.

2.2.2. Жоспарлау (мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың жоспарланған көлемдерінің іске асырыла алатынын есептеу Ресей БЭЖ бен Қазақстан БЭЖ арасында және Ресей БЭЖ бен Белорусьтың Біріккен энергетикалық жүйесі (Белорусияның БЭЖ) арасында, қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелердің есептік моделін (бұдан әрі – есептік модель) пайдалана отырып жүргізіледі).

2.2.3. Есептік модель Ресей БЭЖ-дің, Қазақстан БЭЖ бен Белорусия БЭЖ-дің технологиялық жағынан өзара байланысты бөліктерінің жоспарлауға қажетті көлемдегі математикалық моделін білдіреді және:

- электр желісін алмастыру схемаларының бағандары мен параметрлерінің;

- активті және реактивті тораптық жүктемелердің;

- тораптардағы активті және реактивті генерацияның;

- генерацияның ең аз және ең көп активті және реактивті қуатының;

- желілік шектеулердің сипаттамаларын қамтиды.

2.2.4. Есептік модель мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторларымен келісілген алмастыру схемасы негізінде, әдетте, қысқы жүктеме максимумы мен минимумының және жазғы жүктеме максимумы мен минимумының келісілген сағаттарына сәйкес келетін базалық режимдер (базалық есептік схемалар) үшін қалыптастырылады. Егер олар мемлекетаралық жеткізілімдерге (алмасуларға) елеулі түрде әсер ететін болса, өзіне тән схемалық-режимдік жағдайлар үшін бақыланатын мемлекетаралық қималардағы, сондай-ақ ішкі бақыланатын қималардағы ең жоғары жол берілетін ағындар көрсетілуге тиіс.

2.2.5. Ресей БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісі болып табылады.

2.2.6. Жоспарлау кезеңдерінің әрқайсысы үшін есептік модельдер мен жаңартып отырылатын ақпарат құрамы, оның ішінде есептік модельге енгізілетін энергетикалық объектілер мен электр энергетикалық жүйелердің (электр энергетикалық жүйелер баламаларының) тізбелері, оларды қалыптастыру мен жаңартып отыру тәртібі және оның уақыт регламенті, электр энергетикалық жүйелердің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлауға арналған деректерді алмасу форматтары мен тәсілдері Ресей БЭЖ жүйелік операторы және Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын атқаратын ұйыммен бірге БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым және Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы бекітетін құжаттарда белгіленеді.

2.3. Жоспарлау үйлестірушісінің және мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қалған жүйелік операторларының функциялары мен өкілеттіктері.

2.3.1. Жоспарлау үйлестірушісі:

- негізгі есептік моделдер қалыптастыруды;

- Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйыммен, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторымен жоспарлау мақсатында ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58