Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

75. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жазбаша нысанда ресімделеді және онда:

сұрау салудың мақсаты;

ақпарат сұратылып отырған тиісті істің нөмірін (ол бар болған кезде), құқық бұзушылықтың және өзге де оған қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасын, іс-әрекеттің Шарттың 76-бабына және Хаттамаға сәйкес заңдық саралануы;

өзіне қатысты тиісті іс қаралып жатқан тұлға туралы мәлімет (мұндай ақпарат қолда бар болса);

жеке тұлғалар үшін – тегі, аты және әкесінің аты, тұрғылықты жері немесе болатын жері, азаматтығы, айналысатын ісі, туған жері және күні;

заңды тұлғалар үшін – атауы және орналасқан жері;

барысында, бірақ сұрау салу алынған күннен бастап кемінде 10 жұмыс күнінен аз болмайтын, ақпарат ұсынылуға тиіс мерзім;

ұсынылуға тиіс мәліметтердің тізбесі қамтылады.

Сұрау салуға оның мәтінінде сілтемесі бар құжаттардың қолда бар көшірмелері, сондай-ақ сұрау салуды тиісінше орындау үшін қажетті өзге де құжаттар қоса беріледі.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

76. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы сұрау салуда белгіленген мерзімде өзінің қолында бар ақпаратты береді.

77. Сұрау салуды ұорындау мүмкін болмаған жағдайда (егер оны орындау мүше мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіруі мүмкін болса не оның заңнамасына қайшы келетін болса) мүшеш мемлекеттік уәкілетті органы ақпаратты беру мүмкін болмаған себептерді көрсете отырып, бұл туралы Комиссияға сұрау салу алынған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабарлайды, ал егер ақпарат Комиссия белгілеген мерзімде берілмеген жағдайда ол ұсынылатын уақыт мерзімі көрсетіледі.

78. Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы тергеп-тексерулер жүргізген және бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қараған кезде мүше мемлекеттердің билік органдарына, мүше мемлекеттің заңды және (немесе) жеке тұлғаларына олардың ақпарат және құжаттар ұсынуы туралы сұрау салу жіберген жағдайда, Комиссия мұндай сұрау салудың көшірмесін сонымен бір мезгілде өзінің аумағында сұрау салатын билік органы өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын, сұрау салынатын заңды тұлға тіркелген, сұрау салынатын жеке тұлға уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан мүше мемлекеттің уәкілетті органына жібереді.

79. Қосымша мәліметтер алу немесе алдыңғы сұрау салуды орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, мүше мемлекеттің уәкілетті органына ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы қайтадан сұрау салу жіберілуі мүмкін.

80. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияға ұсынатын және құпия ақпаратты қамтитын құжаттармен жұмыс Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

VII. Мүше мемлекеттердің аумағында тауарлар мен

көрсетілетін қызметтерге бағаларды мемлекеттік реттеуді енгізу

81. Мүше мемлекеттердің табиғи монополия жағдайында емес тауар нарықтарына бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі өзіне, оның ішінде төтенше жағдайлар және дүлей зілзала, ұлттық қауіпсіздік пайымдаулары жататын айрықша жағдайларда, туындаған проблемаларды бәсекелестіктің жай-күйі үшін теріс салдары аз болатын тәсіл арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

82. Мүше мемлекеттер уақытша шара ретінде мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен белгілі бір мерзімге жекелеген аумақтардағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жекелеген түрлеріне бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі мүмкін.

Осы тармақта көзделген жекелеген аумақтағы әлеуметтік маңызы бар тауардың бір түрі бойынша бағаны мемлекеттік реттеуді қолданудың жалпы мерзімі 1 жыл ішінде 90 күннен аспауға тиіс. Осы мерзімді ұзарту Комиссиямен келісу бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

83. Мүше мемлекет осы Хаттаманың 81 және 82-тармақтарында көзделген бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 7 күннен аспайтын мерзімде Комиссияны және басқа мүше мемлекетті хабардар етеді.

84. Осы Хаттаманың 81 – 83-тармақтарының ережелері табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін қоса алғанда, көрсетілетін қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және тауар интервенциялары салаларына қолданылмайды.

85. Осы Хаттаманың 84-тармағында санамаланған қызметтерді қоспағанда, осы Хаттаманың 81 – 83-тармақтарының ережелері мына тауарларға:

1) табиғи газға;

2) тұрмыстық мұқтаждықтарға арналған сұйытылған газға;

3) электр және жылу энергиясына;

4) араққа, күштілігі 28 пайыздан асатын ликер-арақ немесе басқа да алкоголь өніміне (ең төменгі баға);

5) тамақ шикізатынан алынған этил спиртіне (ең төменгі баға);

6) қатты отынға, пеш отынына;

7) ядролық-энергетикалық цикл өніміне;

8) тұрмыстық мұқтаждықтарға арналған керосинге;

9) мұнай өнімдеріне;

10) дәрілік препараттарға;

11) темекі бұйымдарына бағаны мемлекеттік реттеу жағдайларына қолданылмайды.

86. Мүше мемлекеттің осы Хаттаманың 81 – 83-тармақтарында көзделген бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу туралы шешімінің күші мүше мемлекеттің біреуінің жолданымы бойынша Комиссияның шешімімен жойылуы мүмкін.

87. Егер бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу туралы шешім бәсекелестікті шектеуге, оның ішінде:

нарыққа кіруге кедергілер жасауға;

мұндай нарықта бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) санын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болса, Комиссия осы реттеудің күшін жоюы мүмкін.

Бұл ретте, басқа мемлекеттің бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі туралы шешіміне дауласушы мүше мемлекет бағаны мемлекеттік реттеуді енгізудің мақсаттарына бәсекелестіктің жай-күйі үшін теріс салдары аз болатын өзге де тәсіл арқылы қол жеткізуге болатынын дәлелдеуге тиіс.

Комиссияға мүше мемлекеттің жолданымы келіп түскен күннен бастап 2 айдан аспайтын мерзімде Комиссия бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу фактісі бойынша осы Хаттаманың 86-тармағында көзделген шешім қабылдайды.

88. Комиссия басқа мүше мемлекеттің бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі туралы шешіміне дауласу туралы мүше мемлекеттің жолданымын өзі белгілеген тәртіппен қарайды.

89. Егер мүше мемлекет Комиссияның шешімімен келіспейтін болса, мәселе Жоғары кеңестің қарауына енгізіледі. Бұл жағдайда бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу фактісі бойынша қабылдаған Комиссияның шешімі оны Жоғары кеңес қарағанға дейін орындалуға жатпайды.

________________

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 20 ҚОСЫМША

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін

реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы

ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 78-бабына сәйкес әзірленді және ол осы Хаттамаға №1 қосымшада көрсетілген салаларда мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ортақ қағидаларын қолдану үшін құқықтық негіздер жасауға бағытталған.

2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«ішкі нарық» – табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтері айналымда болатын мүше мемлекеттердің нарығы;

«табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» – табиғи монополиялар субъектілері саласына жататын көрсетілетін қызметтерді бір мүше мемлекеттің табиғи монополиялар субъектілерінің басқа мүше мемлекеттің тұтынушыларына техникалық мүмкіндігі болған кезде қолайлылығы осындай көрсетілетін қызмет бірінші мүше мемлекеттің тұтынушыларына ұсынылатыннан кем болмайтын жағдайда көрсетуі;

«табиғи монополия» – көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түріне деген сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау көрсетілетін қызметтердің осы түрін жүргізу мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне орай мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қызметтер нарығының жай-күйі;

«мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы» – мүше мемлекеттердің әрқайсысының табиғи монополиялар салаларына қатысты заңнамасы;

«мүше мемлекеттердің ұлттық органдары» – мүше мемлекеттің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын органдары;

«қызметтер көрсету» – азаматтық айналым объектісі болып табылатын қызметтерді көрсету ұсыну, тауарларды өндіру (өткізу);

«тұтынушы» – табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген азаматтық құқық субъектісі (жеке немесе заңды тұлға);

«табиғи монополия субъектісі» – мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында белгіленген табиғи монополиялар салаларында қызметтер көрсететін шаруашылық жүргізуші субъект;

«табиғи монополиялар саласы» – тұтынушы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін сатып ала алатын, табиғи монополияға заңды түрде жатқызылған көрсетілетін қызметтердің айналым саласы.

ІІ. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің

ортақ қағидаттары

3. Мүше мемлекеттер осы Хаттамаға № 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген табиғи монополиялар салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу және (немесе) бақылау кезінде басшылыққа алатын қағидаттар:

1) көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тұтынушылар үшін олардың сапасының тиісті деңгейін, табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін мүше мемлекеттердің тұтынушылары мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау;

2) табиғи монополиялар салаларын осы салаларда бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау есебінен кейіннен қысқартуға бағытталған реттеу тиімділігін арттыру;

3) табиғи монополиялар субъектілерінің салалық ерекшеліктерін, қызмет ауқымдарын, нарықтық конъюнктураны, орта мерзімді (ұзақ мерзімді) макроэкономикалық және салалық болжамдарды ескере отырып, оларды икемді тарифтік (бағалық) реттеуді, сондай-ақ осы субъектілерді тарифтік (бағалық) реттеу шараларын қолдану, оның ішінде тұтынушының (тұтынушылар топтарының) мүше мемлекеттердің кез келгеніне тиесілілік қағидаты бойынша белгілене алмайтын сараланған тариф белгілеу мүмкіндігін қолдану;

4) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде, осы нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы белгілі болған жағдайда, реттеуді енгізу;

5) ішкі нарықтарға қол жеткізу кедергілерін, оның ішінде табиғи

монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету жолымен азайту;

6) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігін, сабақтастығын, ашықтығын, объективтілігі мен бүкпесіздігін қамтамасыз ететін рәсімдерін қолдану;

7) Егер осы Шарттың X және XI бөлімдерінің ережелерінде өзгеше көзделмесе, мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалған техникалық мүмкіндік болған кезде, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен өздеріне қатысты реттеу қолданылатын қызметтер көрсетуге шарттар жасасуының міндеттілігі;

8) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидаларын табиғи монополиялар субъектілерінің сақтауын қамтамасыз ету;

9) реттеудің нақты табиғи монополия субъектісіне бағытталуы;

10) реттеу қолданылатын табиғи монополиялар салаларындағы қызметтердің сапасына белгіленетін тарифтердің (бағалардың) сәйкестігін қамтамасыз ету;

11) тұтынушылардың мүдделерін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тарифтерді (бағаларды) қолдануға байланысты әр түрлі бұзушылықтарынан қорғау;

12) табиғи монополиялар субъектілеріне шығасыларды қысқарту, жаңа технологияларды енгізу, инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін арттыру пайдалы болатын кезде экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

IIІ. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін

реттеудің түрлері мен әдістері

4. Мүше мемлекеттер табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің түрлерін (нысандарын, тәсілдерін, әдістерін, құралдарын) мүше мемлекеттер осы Хаттамада белгіленген табиғи монополияларды реттеудің ортақ қағидаттары мен қағидалары негізінде қолданады.

5. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру кезінде реттеудің мынадай түрлері (нысандары, әдістері, тәсілдері, құралдары):

1) тарифтік (бағалық) реттеу;

2) осы Хаттамада белгіленген реттеу түрлері;

3) мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында белгіленген реттеудің өзге де түрлері қолданылады.

6. Табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қосылу (бірігу) құнын белгілеуді қоса алғанда, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін тарифтік (бағалық) реттеу:

1) ұлттық органның табиғи монополиялар субъектілері үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды), оның ішінде олардың шекті деңгейлерін ұлттық орган бекіткен әдіснаманың (формуланың) және оны қолдану қағидаларының негізінде, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тарифтерді (бағаларды) қолдануына ұлттық органның тиісті бақылауын белгілеуі (бекітуі);

2) ұлттық органның табиғи монополия субъектісі тарифтерді (бағаларды) белгілейтін және қолданатын әдіснаманы және оны қолдану қағидаларын, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды) белгілеуі мен қолдануына ұлттық органның бақылауына белгілеуі (бекітуі) жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

7. Тарифтік (бағалық) реттеуді жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің ұлттық органдары, оның ішінде мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес тарифтік (бағалық) реттеудің мынадай әдістерін:

1) экономикалық негізделген шығындардың әдісін;

2) индекстеу әдісін;

3) инвестициялық капитал табыстылығының әдісін;

4) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін салыстырмалы талдау әдісін немесе оларды ұштастыра отырып қолдануға құқылы.

8. Тарифтерді (бағаларды) реттеу кезінде:

1) реттелетін қызметті жүзеге асыруға байланысты экономикалық негізделген шығындарды табиғи монополиялар субъектілеріне өтеу;

2) экономикалық негізделген пайданы алу;

3) табиғи монополиялар субъектілерін шығыстарды төмендетуге ынталандыру;

4) көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасын ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтері (бағаларды) қалыптастыру ескеріледі.

9. Тарифтерді (бағаларды) белгілеу кезінде:

1) табиғи монополиялардың мүше мемлекеттердің аумағында жұмыс істеу ерекшеліктері, оның ішінде техникалық талаптар мен регламенттердің ерекшеліктері;

2) мемлекеттік демеу қаржы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары;

3) нарық конъюнктурасы, оның ішінде нарықтың реттелмейтін сегменттеріндегі бағалар деңгейі;

4) аумақтардың даму жоспарлары;

5) мемлекеттік салық, бюджет, инновациялық, экологиялық және әлеуметтік саясат;

6) энергия тиімділігі және экологиялық аспектілер жөніндегі іс-шаралар ескерілуі мүмкін.

10. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) реттеу кезінде табиғи монополия субъектісінің шығындарын қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша шығыстарды, оның ішінде инвестицияларды, сондай-ақ кірістерді, қолданыстағы активтерді бөлектеп есепке алудың жүзеге асырылатыны көзделеді.

11. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді, (бағаларды) реттеу ұзақ мерзімді реттеу параметрлерінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін, оларға оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасының деңгейі, тиісті көрсетілетін қызметтерді жеткізуге байланысты шығыстардың өзгеру динамикасы, табыстылық нормасы, инвестицияланған капиталды қайтару мерзімдері және өзге де параметрлер жатуы мүмкін.

Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді, (бағаларды) реттеу мақсаттары үшін табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігіне салыстырмалы талдау әдісін пайдалана отырып алынған ұзақ мерзімді реттеу параметрлері де қолданылуы мүмкін.

12. Осы Хаттаманың 4 – 11-тармақтарын табиғи монополиялардың нақты салаларында қолданудың ерекшеліктері осы Шарттың X және XI бөлімдерінде анықталуы мүмкін.

IV. Табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін

қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидалары

13. Мүше мемлекеттер табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне осы Хаттаманың 2-тармағында анықталғандай түрде қол жеткізуді қамтамасыз ететін реттеу қағидаларын белгілейді.

Мүше мемлекеттердің ұлттық органдары тұтынушылардың табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларының және оларға қосылу (қосылу/пайдалану) талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.

14. Тұтынушылардың табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидалары:

1) шарттардың елеулі талаптарын, сондай-ақ оларды жасасу және орындау тәртібін;

2) техникалық мүмкіндіктердің бар-жоғын айқындау тәртібін;

3) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтері, олардың құны, оларға қол жеткізу, олардың ықтимал өткізілу көлемдері, осындай қызметтерді көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты беру тәртібін;

4) мүдделі тұлғалардың табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің айналымы және (немесе) оларға қол жеткізу жағдайын салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ашық ақпаратты алу жағдайларын;

5) коммерциялық құпияны құрай алмайтын ақпараттың тізбесін;

6) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мәселелері бойынша шағымдарды, арыздарды қарау мен дауларды реттеу тәртібін қамтиды.

15. Мүше мемлекеттер табиғи монополиялар субъектілерінің олардың көрсетілетін қызметтеріне мүше мемлекеттер тұтынушыларының қол жеткізуіне сараланған талаптарды (осы Шарттың X және XI бөлімдерінде айқындалатын табиғи монополияның әрбір жеке саласының ерекшелігін ескере отырып) қолдануына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы сақталған жағдайда, егер осындай талаптар тұтынушылардың мүше мемлекеттердің кез келгеніне тиесілілігі қағидаты бойынша қолданылмаса, жол беріледі.

16. Мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы осы Хаттаманың 15-тармағының ережелеріне залал келтірместен, мүше мемлекеттердің тұтынушыларына қатысты мүше мемлекеттердің кез келгеніне тұтынушылардың тиесілілігін негізге ала отырып, табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің сараланған талаптарын белгілейтін нормаларды қамтымауға тиіс.

17. Табиғи монополиялардың нақты салаларында осы Хаттаманың 13 – 16-тармақтарын қолдану ерекшеліктері, транзит мәселесін қоса алғанда, осы Шарттың X және XI бөлімдерінде айқындалады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58