Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

одақ туралы шартқа

№ 17 ҚОСЫМША

Қаржылық қызметтер жөніндегі

ХАТТАМА

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 70-бабына сәйкес әзірленді және мүше мемлекеттердің қаржылық қызметтер саудасын, сондай-ақ құру және (немесе) қызметті қозғайтын шараларына қатысты қолданылады.

2. Осы Хаттаманың ережелері коммерциялық негізде және бәсекелестік шартында емес мемлекеттік биліктің функцияларын орындау үшін жүзеге асырылатын және субсидияларды беруге қатысты жеткізілетін қызмет көрсетулер мен қызметтерге қолоданылмайды.

3. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«мемлекеттік мекеме» – мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы немесе Ұлттық банкі (орталық банкі), не осы мүше мемлекетке тиесілі немесе бақылайтын, осы мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы немесе осы мүше мемлекеттің Ұлттық банкі (орталық банкі) берген өкілеттіктерді ғана жүзеге асыратын ұйым;

«қызмет» – осы Хаттаманың ұғымында құрылған заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің қызметі;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

«мүше мемлекеттің заңнамасы» – мүше мемлекеттің заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері, мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің нормативтік актілері;

«кредиттік ұйым» – мүше мемлекеттің банк қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органы берген арнайы лицензияның негізінде қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алу үшін өзі тіркелген аумақтың мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар мүше мемлекеттің заңды тұлғасы;

«лицензия» – мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін, оның иесіне мүше мемлекеттің аумағында белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға құқық беретін арнайы рұқсат (құжат);

«мүше мемлекеттің шарасы» – мүше мемлекеттің заңнамасы, сондай-ақ мүше мемлекет органының немесе мүше мемлекет органы лауазымды шешімі, әрекеті немесе әрекетсіздігі;

Мүше мемлекеттің уәкілетті органы ұсынымдық сипаты бар ресми құжатты қабылданған (шығарған) жағдайда мұндай ұсыным, егер іс жүзінде осы ұсынымды адресаттарының басым бөлігі оны басшылыққа алған ы іс жүзінде дәлелденсеа, осы Хаттаманың мақсаты үшін шара ретінде танылуы мүмкін.

«ұлттық режим» – басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына және қаржылық қызметтеріне қаржылық қызметтердің саудасы кезінде өз аумағында өзінің жеке тұлғаларына және қаржылық қызметтеріне осындай жағдайлар кезінде берілетін режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсыну;

«жалпы қаржы нарығы» – төмендегі критерийлерге сәйкес келетін мүше мемлекеттердің қаржы нарығы:

мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы реттеу мен қадағалауға қойылатын үйлестірілген талаптар;

бір мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензияларды басқа мүше мемлекеттердің аумағында банк және сақтандыру секторында, сондай-ақ бағалы қағаздардың нарығында қызмет көрсету секторында өзара мойындау;

заңды тұлға ретінде қосымша құрылусыз Одақтың барлық аумағында қаржылық қызметті ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыру;

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындаәкімшілік ынтымақтастық, соның ішінде ақпаратпен алмасу арқылы

«қаржылық қызметтерді жеткізу/сату» – төмендегі тәсілдермен жүзеге асырылатын қызметтер өндірісін, бөлінісін, маркетингін, саудасы мен жеткізілуін қамтитын қаржылық қызметтерді көрсету:

бір мүше мемлекеттің аумағынан кез келген басқа мүше мемлекеттің аумағына;

бір мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекет тұлғасының басқа мүше мемлекеттің тұлғасына (қызметтерді тұтынушы);

бір мүше мемлекеттің қаржылық қызметтерді жеткізушісінің кез келген басқа мүше мемлекеттің аумағында құру және қызметі жолымен;

«қаржылық қызметтерді жеткізуші» – мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, қаржылық қызметтерді жеткізетін мүше мемлекеттің кез келген жеке немесе заңды тұлғасы;

«бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы» – «бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары» - өзі аумағында тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғасы;

«неғұрлым қолайлылық режимі» – басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына және қаржылық қызметтеріне қаржылық қызметтердің саудасы кезінде үшінші елдердің тұлғаларына және қаржылық қызметтеріне осындай жағдайлар кезінде берілетін режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді беру;

«қаржылық қызмет секторы» - барлық кіші секторларын қоса алғанда, қаржылық қызметтің барлық секторы, ал мүше мемлекеттің міндеттемелерінен, шектеулері мен шарттарынан алып тастауларға қатысты бір немесе бірнеше не жеке қаржылық қызметтердің барлық кіші секторлары;

«сақтандыру ұйымы» – өзі аумағында тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға;

«экономикалық орындылығы тұрғысындағы тест» – қызметті жеткізуші қызметінің нақты саланы экономикалық жоспарлау мақсаттарына сәйкестігіне экономикалық бағалау жолымен нарықтың қажеттілігі мен мұқтажының болуына қарай құруға және (немесе) қызметіне не қызметтерді жеткізуге рұқсаттар беру;

«уәкілетті орган» - осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің қаржы нарығын, қаржы ұйымдары (қаржы нарығының жекелеген салаларын) реттеу және (немесе) қадағалау және бақылау жөніндегі өкілеттерге ие органы;

«құру»:

аумағында осындай заңды тұлға ашылатын немесе құрылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген кез келген ұйымдық – құқықтық нысандағы және меншік нысандағы заңды тұлғаны ашу және (немесе) сатып алу (ашылған немесе құрылған заңды тұлғаның капиталына қатысу);

мұндай заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы, оның ішінде дауыс беретін акцияларына (үлестеріне) тиесілі дауыстарды иелену жолымен, осындай заңды тұлғаның директорлар кеңесіне (қадағалау кеңесіне) және өзге де басқару органдарына қатысу жолымен айқындау мүмкіндігін алудан көрінетін мүше мемлекеттің заңды тұлғасының үстінен бақылауды иелену;

филиалды ашу;

өкілдікті ашу;

«қаржылық қызметтер» – қызметтердің мына түрлерін қамтитын қаржылық сипаттағы қызметтер:

1) сақтандыру қызметтері және сақтандыруға жататын қызметтер:

а) сақтандыру (бірге сақтандыру): өмірді сақтандыру, өмірді сақтандырудан өзге сақтандыру;

б) қайта сақтандыру;

в) брокерлік және агенттік делдалдық сияқты сақтандыру делдалдығы;

г) консультациялық, актуарлық қызметтер, тәуекелді бағалау және талап-арыздарды реттеу жөніндегі қызметтер сияқты сақтандыру жөніндегі қосалқы қызметтер;

2) банк қызметтері:

а) халықтан депозиттер мен басқа да төленуге тиіс ақша қаражатын қабылдау;

б) тұтыну кредитін, кепіл кредитін, факторинг пен коммерциялық операцияларды қаржыландыруды қоса алғанда, барлық түрлердегі несиелерді беру;

в) қаржы лизингі;

г) төлемдер мен ақша аударымдары жөніндегі қызметтердің барлық түрлері;

д) биржада және биржадан тыс, не өзге де түрде өз есебінен және клиенттердің есебінен: шетелдік валютамен; деривативтермен, оның ішінде, фьючерстермен және опциондармен; «своп» мәмілелері және форвардтық мәмілелер сияқтыларды қоса алғанда, валюталық бағамдар мен пайыздық ставкаларға қатысты құралдармен сауда-саттық жасау;

е) осы тармақшада көрсетілген қызметтің барлық түрлерінде консультативтік, делдалдық және басқа да қосалқы қаржы қызметтері, кредит шарттарын талдаумен байланысты анықтамалық және талдамалық материалдарды қоса алғанда;

3) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтер:

а) биржада және биржадан тыс, не өзге де түрде өз есебінен және клиенттердің есебінен қаржы құралдарымен сауда-саттық жасау;

б) агент (мемлекеттік немесе жеке меншік) ретінде кепілдік беру мен орналастыруды, және осындай эмиссияларға жататын қызметтер көрсетуді қоса алғанда, бағалы қағаздардың (эмиссиялардың) барлық түрлерінің шығарылуына қатысу;

в) қаржы нарығындағы брокерлік операциялар;

г) қолма-қол ақша немесе бағалы қағаздар сияқты активтерді басқару, ұжымдық инвестицияларды басқарудың барлық түрлері, активтерді зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін басқару, қамқоршылық, сақтау жөніндегі қызметтер және трастылық қызметтер;

д) бағалы қағаздарды, деривативтерді және басқа да құралдарды қоса алғанда, қаржы активтері бойынша клирингілік қызметтер;

е) қаржы ақпаратын ұсыну және беру және басқа қаржы қызметтерін көрсетушілердің қаржылық деректерді өңдеуі мен тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынуы;

ж) тікелей және портфельдік инвестициялар бойынша зерттеулер мен ұсынымдарды, корпорацияларды сатып алу, қайта ұйымдастыру және стратегиялары мәселелері бойынша ұсынымдарды қоса алғанда, осы тармақта аталған қызметтің барлық түріндегі консультативтік, делдалдық және басқа қосалқы қаржылық қызметтері кіреді.

Осы Хаттамадағы өзге де ұғымдар қызмет көрсетулер саудасына, құру, қызмет және инвестициялар туралы хаттамада көрсетілген мәнде қолданылады (Шартқа № 16 қосымша).

4. Әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің қаржылық қызметті жеткізушілерге (басқа мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларына) осы Хаттаманың № 1 қосымшасында көрсетілген мүше мемлекеттердің жеке ұлттық тізбесінде көрсетілген талаптарға сәйкес өздігінен, делдал арқылы немесе делдал ретінде бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына қаржылық қызметтің мынадай түрлерінің ұлттық режімін және неғұрлым қолайлы жағдай жасау режімін ұсынады:

1) мыналарға:

оларға қатысты осындай сақтандыру: тасымалданатын тауарларды, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын және тасымалдаумен байланысты туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершілікті толығымен немесе ішінара қозғайтын теңіз тасымалдарына, коммерциялық әуе тасымалдарына және фрахтыға (спутниктерді қоса алғанда);

халықаралық транзит шеңберінде тасымалданатын тауарларға жататын тәуекелдерді сақтандыру;

2) қайта сақтандыру, сондай-ақ консультациялық қызметтер, актуарлық қызметтер, тәуекелді бағалау және талап-арыздарды реттеу сияқты қосалқы сақтандыру қызметтері;

3) қаржылық ақпаратты ұсыну мен беру және басқа қаржылық қызметтерді көрсетушілердің қаржылық деректері мен тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілуін өңдеу;

4) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке және банктік қызметке қатысты анықтамалық материалдарды қоса алғанда, консультативтік және басқа қосалқы қызмет (делдалдық және кредиттік тарихтарды талдауға байланысты қызметті, тікелей және портфельдік инвестициялар бойынша зерттеулер мен ұсынымдарды, корпорацияларды сатып алу, қайта ұйымдастыру және стратегиялары мәселелері бойынша ұсынымдарды қоспағанда).

5. Әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекеттің тұлғаларына осы Хаттаманың 4-тармағының 1-4 тармақшаларында көрсетілген қаржылық қызметтерді тұтынуға рұқсат береді.

6. Әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің қаржылық қызметті жеткізушілерді құруға және (немесе) қызметіне қатысты осы Хаттаманың №2 қосымшасындағы мүше мемлекеттердің әрқайсысына арналған жеке ұлттық тізбеде көзделген шектеулерді ескере отырып, қолайлылығы осындай мән-жайларда өзінің аумағындағы өзінің қаржылық қызметтерді жеткізушілеріне және (немесе) үшінші мемлекеттердің тұлғаларына берілетін режимнен кем болмайтын режимді ұсынады.

7. Әрбір мүше мемлекет кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларына өзінің аумағындағы, осы Хаттаманың 3-тармағында айқындалған қаржылық қызметті жеткізушілердің мекемелеріне (және немесе) қызметіне қатысты неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимін ұсынады.

8. Үшінші мемлекеттермен қаржылық қызмет, капиталына мемлекет қатыстын заңды тұлғалардың қызметі, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтары, жекешелендіруге қатысу, инвесторлардың құқықтарын қорғау, төлемдер мен аударымдар, төлемдер мен аударымдарға қатысты шектеулер, ,зиянды өтеу, инвесторларға кепілдік беру, оның ішінде экспроприация кезінде, инвесторлардың құқықтарының өтеуі және инвестициялық дауларды шешу тәртібі мәселелері Қызмет көрсету саудасы, құру, қызмет және инвестициялартуралы Хаттамамен реттеледі (Шартқа № 16 қосымша).

9. Осы Хаттаманың ережесі осы Шарт күшіне енген және қолданысы жалғасып отырған күні құрылған, ашылған, сатып алынған немесе бақылатын, сондай-ақ осы Шарт күшіне енген күннен кейін құрылған, ашылған, сатып алынған, бақыланатын немесе тіркелген заңды тұлғаларға, филиалдарға, өкілдіктерге, тіркелген дара кәсіпкерлерге қолданылады.

10. Осы Хаттамаға № 1 қосымшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Хаттаманың 4-тармағында аталған секторларда мүше мемлекеттің ешқайсысы басқа мүше мемлекеттің қаржылық қызметтеріне және қаржылық қызметтерді жеткізушілеріне қатысты сауда қызметіне байланысты:

қызметті жеткізушілердің квота, монополия, экономикалық мақсатқа сай болуына арналған тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы санына;

кез келген қызметті жеткізушінің квота, монополия, экономикалық мақсатқа сай болуына арналған тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы операцияларына қатысты шектеулерді қолданбайды және енгізбейді.

Осы Хаттаманың № 1 қосымшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Хаттаманың 4-тармағында аталған секторларда мүше мемлекеттердің бірде бірі құру талаптарын қаржылық қызметтер саудасына арналған талаптар ретінде басқа мүше мемлекеттің қызметтерді жеткізушісіне қатысты енгізбейді және қолданбайды.

11. Осы Хаттамаға № 2 қосымшадағы мүше мемлекеттердің әрқайсысына арналған жеке ұлттық тізбеде көзделген шектеулерді қоспағанда, мүше мемлекеттердің бір де біреуі өздерінің аумақтарында құруға және (немесе) қызметке байланысты кез келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына қатысты:

1) құру нысанына, оның ішінде заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына;

2) квота, экономикалық орындылығы тұрғысындағы тест нысанында немесе кез келген өзге де нысанда құрылатын заңды тұлғалардың, филиалдардың немесе өкілдіктердің санына;

3) заңды тұлғаның капиталындағы сатып алынатын үлес көлеміне немесе заңды тұлғаның үстінен бақылау дәрежесіне;

4) құрылған заңды тұлға, филиал, өкілдік квота, экономикалық орындылығы тұрғысындағы тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы қызметті жүзеге асыру барысында олардың операцияларына қатысты шектеулерді қолданбайды және енгізбейді.

12. Жеке тұлғалардың келуі, кетуі, болуы және еңбек қызметіне байланысты мәселелер осы Шарттың XXVI бөлімінде осы Хаттаманың № қосымшасында әрбір мүше мемлекетке арналған жеке ұлттық тізбеде көрсетілген шектеулерді ескере отырып, реттеледі.

13. Осы Хаттаманың № 1 қосымшасында жеке ұлттық тізбеде көрсетілген қаржылық қызметтерге және Хаттаманың №2 қосымшада жеке ұлттық тізбеде көрсетілген құруға және (немесе) қызметке байланысты шектеулерге қатысты әрбір мүше мемлекет қаржылық қызметтер саудасына ықпал ететін осы мүше мемлекеттің барлық шараларының ақылға қонымды, объективті және әділ қолданылуын қамтамасыз етеді.

14. Қаржылық қызметтерді жеткізуге рұқсат алу талап етілсе, мүше мемлекеттің уәкілетті органдары ақылға қонымды уақыт ішінде мүше мемлекеттің заңнамасы талаптарына және реттеу қағидаларына сәйкес ресімделді деп саналатын өтінімді ұсынғаннан кейін өтініш берушіге өтінішке қатысты шешімі туралы хабарлайды. Мүше мемлекеттің уәкілетті органдары өтініш берушінің сұратуы бойынша артық кешіктірусіз өтінімді қарау барысы туралы ақпарат береді.

15. Біліктілік талаптары мен рәсімдеріне, техникалық стандарттар мен лицензиялау талаптарына жататын шаралар қызметтер саудасында ақталмайтын кедергілер жасамайтындай жағдайды қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттер өздері құра алатын тиісті органдар арқылы кез келген қажетті қағидаларды әзірлеуге құқылы. Бұл қағидалардың мақсаты осы талаптардың өзгелер қатарында:

1) құзыреттілік және қызметтерді жеткізуге қабілеттілік сияқты объективті және жария өлшемдерге негізделуін;

2) қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шамадан артық ауыртпалықты болмауын;

3) лицензиялау рәсімдері жағдайында - олардың өздерінің қызметтерді жеткізуге шектеу болмауын қамтамасыз ету болады.

16. Осы Хаттаманың № 1 қосымшасында жеке ұлттық тізбелерде көрсетілген қаржылық қызмет секторлары үшін осы Хаттаманың 15-тармағына сәйкес әзірленген қағидалар күшіне енгенге дейін мүше мемлекеттер осы Хаттаманың № 1 қосымшасындағы жеке ұлттық тізбелерде көрсетілген талаптарға сәйкес берілетін пайдаларды жоятын немесе қысқартатын лицензиялық немесе біліктілік талаптарды және техникалық стандарттарды қолданбайды.

Бұл ретте мүше мемлекет қолданатын лицензиялық немесе біліктілік талаптар және техникалық стандарттар осы Хаттаманың 15-тармағының 1-3- тармақшаларында көрсетілген критерийлерге сәйкес келуі тиіс және осы Шартқа қол қою күні осы мүше мемлекеттен күтіледі.

17. Егер мүше мемлекет қаржылық қызметтерді жеткізушілерді құруға және (немесе) қызметіне қатысты лицензиялауды қолданса, онда мұндай мүше мемлекет :

1) мүше мемлекеттің қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беруге жауапты уәкілетті органдары атауларының жариялануын немесе өзгеше түрде жалпының назарына жеткізілуін;

2) лицензиялық рәсімдердің өздері құруға немесе қызметке шектеу болып табылмауын және қызметті жүзеге асыру құқығына тікелей байланысты лицензиялық талаптардың өздері қызмет үшін негізсіз кедергі болып табылмауын;

3) барлық лицензиялық рәсімдер мен талаптардың мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленуін және лицензиялық рәсімдерді немесе талаптарды белгілейтін немесе қолданатын мүше мемлекеттің заңнамасы оның күшіне енген күнге дейін жариялануын;

4) лицензияны берумен және лицензия беру туралы өтінішті қараумен байланысты кез келген алымдардың өзі құру және қызмет үшін шектеу болмауын және мүше мемлекеттің лицензия беруші органның өтінішті қараумен және лицензия берумен байланысты шығындарына негізделгенін;

5) мүше мемлекеттің заңнамасында лицензия беру (бас тарту) туралы шешімді қабылдауға белгіленген уақыт кезеңі аяқталғаннан кейін және өтініш берушінің талабы бойынша мүше мемлекеттің тиісті лицензия беруші органының өтініш берушіге оның өтінішін қарау жағдайы туралы, сондай-ақ бұл өтініш тиісінше толтырылды деп саналатының не саналмайтыны туралы хабарлауын қамтамасыз етеді. Кез келген жағдайда өтініш берушіге өтінішке техникалық түзетулерді енгізуге мүмкіндік беріледі. Мүше мемлекеттің тиісті заңнамасында көрсетілген барлық ақпарат және құжаттар алынбай, өтініш тиісінше толтырылған деп саналмайды;

6) өтінімді қабылдауға бас тартқан өтініш берушінің жазбаша талап етуі бойынша, мүше мемлекеттің өтінімді қабылдаудан бас тартқан лицензия беруші орган өтініш беруші осындай бас тарту себептері туралы жазбаша хабарлады. Алайда осы ереже мүше мемлекеттің лицензия беруші органынан ақпарат ашуды талап ететін ретінде түсіндірілмейді, оның мәнін ашу заңның орындалуына кедергі береді немесе қоғамдық мүддеге немесе қауіпсіздіктің маңызды мүддесіне қайшы келеді;

7) өтінімді қабылдаудан бас тартылған жағдайда өтініш беруші жаңа өтінім бере алады, ол осы арқылы лицензия (рұқсат) беру үшін кез келген қолда бар проблемаларды жоюға тырысады;

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58