Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Шектеулердің болуы | Шектеулердің сипаты | Шектеулерді қолдану үшін негіз – нормативтік құқықтық акт | Шектеулердің қолданылу мерзімі |
|
№17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу | шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысты еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49 пайыздан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымдары Ресей Федерациясында атқарушы биліктің федеральды органдарына (сақтанушыларға) тиісті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаражат есебінен азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін сақтандыруды, мемлекеттік және муниципальдық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асырумен байланысты сақтандыруды, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың және муниципальдық ұйымдардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды жүзеге асыра алмайды. Шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысты еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 51 пайыздан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымдары, сондай-ақ Ресей Федерациясында азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе мерзімге дейін өмір сүруіне не азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына, сондай-ақ өліміне байланысты сақтандыруды және көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыра алмайды; Шетелдік инвесторға (негізгі ұйымға) қатысты еншілес қоғам болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49 пайыздан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымы Ресей Федерациясында егер шетелдік инвестор (негізгі ұйым) тиісті мемлекеттің заңнамасына сәйкес кемінде бес жыл сақтандыру ұйымы ретінде өз қызметін жүзеге асырса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар. Ресей Федерациясының заңнамасында сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталдарына 50 пайызға тең шетелдік капиталдың қатысу шекті мөлшері (квотасы) белгіленген. Сақтандыру ұйымдарының шетелдік капиталының қатысу мөлшері (квотасы) туралы, осы тармақтың 5 және 7 абзацтарында көзделген шетелдік инвестицияларға шектеулерді ендіру немесе шектеу туралы ақпарат Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген тәртіпте жариялануға жатады Егер сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталындағы шетелдік капитал қатысуының мөлшері (квотасы) 50 пайыздан асатын жағдайда, сақтандыруды қадағалау органы шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысы бойынша еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49 пайыздан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымдарына сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді тоқтатады. Сақтандыру ұйымы сақтандыруды қадағалау органының шетелдік инвесторлардың және/немесе олардың еншілес қоғамдарының қаражаты есебінен өзінің жарғылық капиталының мөлшерін ұлғайтуға, өз акцияларын (жарғылық капиталдағы үлестерін) шетелдік инвестордың пайдасына иеліктен шығаруға (оның ішінде шетелдік инвесторларға сатуға), ал ресей акционерлері (қатысушылары) сақтандыру ұйымының өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталдағы үлестерін) шетелдік инвестордың және/немесе олардың еншілес қоғамдарының пайдасына иеліктен шығаруға алдын ала рұқсат алуға міндетті. Шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысы бойынша еншілес қоғамдар болып табылатын немесе өзінің жарғылық капиталдарында шетелдік инвесторлардың 49 пайызынан астам үлесі бар немесе егер, мәмілелерді жасау кезінде осы тармақта белгіленген мөлшерден (квотадан) аспайтын болса, көрсетілген мәмілелер нәтижесінде осындай болып табылатын сақтандыру ұйымдарына көрсетілген алдын ала рұқсатты беруден бас тартылмайды. Шетелдік инвесторлардың сақтандыру ұйымдарындағы (жарғылық қорларындағы үлестерді) төлеуі тек Ресей Федерациясының валютасындағы ақша қаражатымен жүргізіледі. Шетелдік инвесторлардың Осы Келісімнің ережелеріне қарамастан Ресей ДСҰ-ға қосылғанға дейін сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алған сақтандыру ұйымдары осы қызметті лицензия берілген шарттарға сәйкес жүзеге асыруды жалғастыра алады. | «Ресей Федерациясында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы № 000-1 Федералдық заң | Анықталған жоқ |
|
2. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу | Ресей Федерациясының азаматтары ғана сақтандыру агенттері, сақтандыру брокерлері бола алады. | «Ресей Федерациясында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы № 000-1 Федералдық заң | Анықталған жоқ |
|
| 3. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу | Ресей Федерациясының банк жүйесінде шетелдік капиталдың қатысуы 50 пайызбен шектелген. Ресей Федерациясының банк жүйесінде шетелдік қатысу квотасын бақылау мақсаттары үшін Ұлттық банктің алдын ала рұқсаттары: еншілес және тәуелді қоғамдарды қоса алғанда, шетелдік қатысуы бар кредит ұйымдарын құруға резидент еместің (резидент еместердің) қаражаты есебінен кредит ұйымының жарғылық капиталын ұлғайтуға кредит ұйымының акцияларын (үлестерін) резидент еместердің пайдасына иелікке беруге талап етіледі. | 1994 жылғы 15 сәуірдегі Әлемдік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Ресей Федерациясының қосылуы туралы 2011 ылғы 16 желтоқсандағы Хаттамадан туындайтын және қызметтерге қатысты Ресей Федерациясының халықаралық міндеттемелері | Анықталған жоқ |
4. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу | Ресей Федерациясында қаржы қызметтері саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған Ресей Федерациясының заңды тұлғаларына беріледі. | «Банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 1 желтоқсандағы № 395-1 Федералдық заң; «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 1996 жылғы 22 сәуірдегі № 39-ФЗ Федералдық заң; «Ресей Федерациясындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы 4015-1 Федералдық заң; «Клиринг және клирингтік қызмет туралы» 2011 жылғы 7 апандағы Федералдық заң, «Ұйымдастырылған сауда-саттық туралы» 2011 жылғы 21 қарашадағы Федералдық заң; «Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары туралы» 1998 жылғы 7 мамырдағы Федералдық заң; «Инвестициялық қорлар туралы» 2001 жылғы 29 қарашадағы Федералдық заң; «Ресей Федерациясындағы жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 14 наурыздағы Федералдық заң | Анықталған жоқ |
|
5. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу | Шетелдік инвестициялары бар кредиттік ұйымдарға қатысты: Егер Ресей кредиттік ұйымының жеке-дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға шетелдің азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға болып табылса осындай кредиттік ұйымның алқалы атқарушы органы кемінде елу пайызы Ресей Федерациясының азаматтарынан құрылуға тиіс. Ресей Федерациясының азаматтары – қызметкерлері саны шетелдік инвестициялары бар Ресей кредиттік ұйымы қызметкерлерінің жалпы санының кемінде жетпіс бес пайызын құрауға тиіс. | «Шетелдік инвестициялары бар кредиттік ұйымдарды тіркеу ерекшеліктері туралы ережесін қолданысқа енгізу және тіркелген кредиттік ұйымның жарғылық капиталын резидент еместердің қаражаты есебінен ұлғайтуға Ресей Банкінің алдын ала рұқсатын алу тәртібі туралы» Ресей Орталық Банкінің 1997 жылғы 23 сәуірдегі № 02-195 бұйрығы | Анықталған жоқ |
|
6. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу | Шетелдік кредит ұйымы өкілдігінің шетелдік персоналының саны әдетте 2 адамнан аспауы тиіс. Егер өкілдікке аккредиттелген қызметкерлердің көп саны талап етілсе, осы қажеттілік Ресей Банкінің Төрағасының атына жазбаша өтініште негізделуі керек, осының негізінде шешім қабылданады | «Ресей Федерациясында шетелдік кредиттік ұйымдардың өкілдіктерін ашу және олардың қызмет тәртібі туралы» Ресей Банкінің 1997 жылғы 7 қазандағы № 02-437 бұйрығы | ||
7. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу | Ресей сақтандыру ісі субъектісі - заңды тұлғаның басшылары (оның ішінде жеке-дара атқарушы орган) және бас бухгалтері Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұруы тиіс. | «Ресей Федерациясында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы № 000-1 Ресей Федерациясының заңы | 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін | |
8. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу | Жүзеге асыруға лицензия талап етілетін қызметті Ресей Федерациясының заңды тұлғалары немесе Ресей Федерациясында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкерлер ғана жүзеге асыра алады. Лицензиялауға жататын қызмет түрлері Ресей Федерациясының заңнамаға сәйкес айқындалады | «Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы» 2001 жылғы 8 тамыздағы Федералдық заң және көрсетілген Федералдық заңның 1-бабының 2-тармағында аталған қызмет түрлерін реттейтін заңнама. «Банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 1 желтоқсандағы № 395-1 Федералдық заң; | Анықталған жоқ | |
9. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу | Акционер (адамдар тобымен байланысқан) бір холдингілік топқа кіретін, Ресей Федерациясы қаржы нарығының уәкілетті органы немесе инфрақұрылымдық ұйымы болып табылған жағдайларды қоспағанда, әрбір акционердің (адамдар тобымен байланысқан) сауданы ұйымдастырушылардың жарғылық капиталындағы үлесі 10 пайыздан аспауы керек | - | Анықталған жоқ | |
10. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу | Ресей Федерациясында сақтандыру тарихтарын жүргізуді Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес құрылған және қызметін жүзеге асыратын жалғыз ұйым жүзеге асырады | - | Анықталған жоқ | |
11. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу | Орталық депозитарий мәртебесін алған ұйым Ресей Федерациясының аумағында орталық депозитарий функциясын жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады Орталық депозитарий акционерлік қоғам нысанында құрылады | «Орталық депозитарий туралы» 2011 жылғы 7 желтоқсандағы Федералдық заң | Анықталған жоқ | |
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 18-ҚОСЫМША
Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау,
қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі
мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы
ХАТТАМА
І. Жалпы ережелер
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 71 және 72-баптарына сәйкес әзірленді және тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі тетігін айқындайды.
2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«аудиторлық қызметтер» - бухгалтерлік есепке, салық және қаржы есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі қызметтер;
«бухгалтерлік қызметтер» - бухгалтерлік есепке қою, жүргізу, қалпына келтіру, салық, қаржы және бухгалтерлік есептілікті жасау және (немесе) тапсыру жөніндегі қызметтер;
«жылжымалы мүлік» - жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар;
«дизайнерлік қызметтер» - бұйымдардың, ғимараттардың қасбеттерінің көркемдік нысандарын, сыртқы келбетін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөнінде қызметтер көрсету; көркемдік конструкциялау;
«тауарлар импорты» - салық төлеушілердің (төлеушілердің) тауарларды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкелуі;
«инжинирингтік қызметтер» - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және өткізу процесін даярлау, өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, ауыл шаруашылығы және басқа да объектілерді салу мен пайдалануды дайындау жөніндегі инженерлік-консультациялық қызметтер, сондай-ақ жоба алды және жобалау қызметтері (техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау, жобалау-конструкторлық әзірлемелер, техникалық сынақтар және олардың нәтижелерін талдау);
«құзыретті органдар» - мүше мемлекеттердің қаржы, экономика министрліктері, салық және кеден органдары;
«консультациялық қызметтер» - басқарушылық, экономикалық, қаржылық (оның ішінде салықтық және бухгалтерлік) мәселелер бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру мен жүзеге асыру, персоналды басқару жөніндегі мәселелер бойынша тұлғаның проблемаларын және (немесе) мүмкіндіктерін айқындауды және (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар және өзге де нысандағы консультациялар беру жөніндегі қызметтер;
жанама салықтар - қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) және акциздер (акциз салығы немесе акциздік алым);
«маркетингтік қызметтер» - тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысына қажетті экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты қызметтер;
«салық төлеуші (төлеуші)»- мүше мемлекеттердің салықтарды, алымдарды мен баж салықтарын салық төлеуші (төлеуші) (бұдан әрі - салық төлеуші);
«ғылыми-зерттеу жұмыстары» - тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына негізделген ғылыми зерттеулер жүргізу;
«жылжымайтын мүлік» - жер учаскелері, жер қойнауының учаскелері, оқшауланған су объектілері және жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін емес объектілер, оның ішінде ормандар, көп жылдық екпелер, ғимараттар, құрылыстар, құбыржолдар, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындар және ғарыш объектілері;
нөлдік мөлшерлеме - нөл пайыз мөлшерлеме бойынша ҚҚС салу, ҚҚС тиісті сомаларын шегеру (есепке жатқызу) құқығын білдіреді;
«тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстар» - жаңа бұйымдар үлгісін, оған арналған конструкторлық құжаттаманы немесе жаңа технологияны әзірлеу;
«жұмыс» - нәтижелерінің материалдық көрінісі болатын және ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сатылуы мүмкін қызмет;
«жарнамалық қызметтер» - белгісіз адамдар аясына арналған және кез келген құралдардың көмегімен және кез келген нысанда жеке немесе заңды тұлғаның тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, қызметтерге қызығушылығын қалыптастыруға немесе қолдауға бағытталған ақпаратты жасау, тарату және орналастыру жөніндегі қызметтер;
«тауар» - сатылатын немесе сатуға арналған кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүлік, энергияның барлық түрлері;
«көлік құралдары» - теңіз және әуе кемелері, ішкі жүзу кемелері, аралас суларда жүзетін «өзен-теңіз» кемелері; жылжымалы темір жол құрамының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді коса алғанда, автомобильдер; жүк контейнерлері;
«қызмет» - нәтижелерінің материалдық көрінісі болмайтын қызмет, осы қызметті жүзеге асыру процесінде сатылады және тұтынылады, сондай-ақ патенттерді, лицензияларды, сауда маркаларын, авторлық құқықтарды немесе өзге де құқықтарды беру;
«ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтер» - ақпаратты жинау мен қорытындылауды жүзеге асыру, ақпараттық массивтерді (деректерді) жүйелендіру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иелігіне беру жөніндегі қызметтер;
«тауарлар экспорты» - салық төлеушілердің (төлеушілердің) тауарларды бір мүше мемлекеттің аумағына екінші басқа мүше мемлекеттің аумағынан әкетуі;
«заң қызметтері» - құқықтық сипаттағы қызметтер, оның ішінде консультациялар мен түсініктемелер беру, құжаттарды дайындау және сараптау, соттарда тапсырыс берушілердің мүддесін білдіру.
II-бөлім. Тауарлардың экспорты кезінде
жанама салықтарды қолдану тәртібі
3. Бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде аумағынан тауарлар әкетілген мүше мемлекеттің салық төлеушісі, осы бөлімнің 4-тармағында көзделген құжаттарды салық органына ұсынған кезде қосылған құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) нөлдік ставкасын және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


