Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
43. Тиісті істер бойынша процестік және өзге де әрекеттер сұрау салынған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
44. Егер сұрау салынған мүше мемлекеттің заңнамасы жекелеген процестік әрекеттерді жүргізгені үшін уәкілетті лауазымды тұлғалардың арнайы қаулылар шығаруын талап етсе, онда оларды шығару тапсырманың орындалу орны бойынша жүргізіледі.
45. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының келісу бойынша сұрау салынған мүше мемлекет аумағындағы процестік әрекеттері сұрау салынған Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес сұрау салынған мүше мемлекеттің уәкілетті органы өкілдерінің көзінше немесе қатысуымен жүргізілуі мүмкін.
46. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары өз заңнамасының талаптарын ескере отырып:
1) экономиканың құрылымдық қайта құру шеңберінде тауар нарықтарының жай-күйі, монополиядан арылтудың әдістері мен практикалық нәтижелері, монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу мен бәсекелестікті дамыту жөніндегі жұмыс әдістемесі және тәжірибесі туралы;
2) үстем жағдайға ие және мүше мемлекеттердің тауар нарықтарына өнім беруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың ұлттық тізілімінде қамтылған мәліметтер туралы;
3) әрбір мүше мемлекеттің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының бұзылуы туралы істерді қарау практикасы туралы ақпарат алмасады.
47. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ақпарат беру және әдістемелік көмек көрсету жолымен бәсекелестіктің (монополияға қарсы) саясат жөніндегі ұлттық заңдар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде ынтымақтастық жасайды.
48. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының әрқайсысы басқа Тараптың уәкілетті органына, егер мұндай ақпарат, жіберуші мүше мемлекеттің уәкілетті органының пікірі бойынша басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органының құқық қолдану қызметіне қатысы бар немесе негіз болуы мүмкін болса, өзінде бар бәсекелестікке қарсы әрекеттер туралы кез келген ақпаратты береді.
49. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының әрқайсысы басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органына, оны қарау үшін сұрау салынған ақпарат талап етілетін істің мән-жайын баяндай отырып, тиісті ақпаратты беру туралы сұрау салу жіберуге құқылы.
Сұрау салуды алған мүше мемлекеттің уәкілетті органы басқа мүше мемлекеттің сұрау салынған уәкілетті органына, егер мұндай ақпаратты олар сұрау салған мүше мемлекеттің құқық қолдану қызметіне қатысы бар деп таныса, қолда бар ақпаратты береді.
Сұрау салынған ақпарат мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында келісілген мерзімде, алайда сұрау салу келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірілмей жіберіледі.
Алынған ақпарат тиісті сұрау салудың мақсаттары немесе консультация үшін пайдаланылады және аталған ақпаратты берген мүше мемлекеттің уәкілетті органының келісуінсіз жария етуге немесе үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
50. Егер мүше мемлекеттің біреуі басқа мүше мемлекеттің аумағында жүзеге асырылатын бәсекелестікке қарсы әрекеттер оның мүдделерін келеңсіз түрде әсер етеді деп пайымдаса, онда ол оның аумағында бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылатын мүше мемлекетке бұл туралы хабарлауы, сондай-ақ осы мүше мемлекетке тиісті бәсекелестікке қарсы әрекеттердің жолын кесумен байланысты тиісінше құқық қолдану әрекеттеріне бастамашылық етуді өтініп, жүгінуі мүмкін. Аталған өзара іс-қимыл мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырылады.
Хабарламада бәсекелестікке қарсы әрекеттердің сипаттамасы және хабарлайтын мүше мемлекеттің мүдделері үшін ықтимал салдарлар туралы ақпарат, сондай-ақ қосымша ақпарат беру туралы және хабарлаушы мүше мемлекет ұсынуға өкілетті өзге де ынтымақтастық туралы ұсыныс қамтылуы мүмкін.
51. Осы Хаттаманың 50-тармағына сәйкес хабарлама алған кезде және тараптардың уәкілетті органдары арасында келіссөздер жүргізгеннен кейін (егер оларды жүргізу қажет болса) хабарлаушы мүше мемлекет хабарламада көрсетілген бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты құқық қолдану іс-қимылдарын бастау немесе бұрын басталған құқық қолдану іс-қимылдарын кеңейтудің қажеттілігі туралы мәселені шешеді. Хабарланатын мүше мемлекет қабылданған шешім туралы хабарлаушы мүше мемлекетті хабардар етеді. Хабарламада көрсетілген бәсекелестікке қатысты іс-қимылдарға қатысты құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асырған кезде хабарланатын мүше мемлекет тиісті құқық қолдану іс-қимылдарының нәтижелері туралы хабарлаушы мүше мемлекетті хабардар етеді.
Құқық қолдану әрекеттеріне бастамашылық ету туралы мәселені шешкен кезде хабарланатын мүше мемлекет мүше мемлекеттердің бәсекелестік туралы заңнамасын басшылыққа алады.
Осы Хаттаманың 50 және 51-тармақтарының ережелері хабарлаушы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген осы мүше мемлекеттің құқық қолдану әрекеттерін жүзеге асыру құқығын шектемейді.
52. Өзара байланысты мәмілелерге (жасалатын әрекеттерге) қатысты құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асыруда өзара мүдделілік болған жағдайда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл туралы уағдаласуы мүмкін. Құқық қолдану әрекеттерін жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл туралы мәселені шешкен кезде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мынадай факторларды:
1) құқық қолдану қызметіне бағытталған материалдық және ақпараттық ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және (немесе) мүше мемлекеттердің құқық қолдану қызметін жүзеге асыру барысындағы шығындарын азайту мүмкіндігін;
2) мүше мемлекеттердің құқық қолдану қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға қатысты мүмкіндіктерін;
3) осындай өзара іс-қимылдың болжамды нәтижесі - өзара іс-қимыл жасаушы мүше мемлекеттердің құқық қолдану қызметінің мақсатына қол жеткізу жөніндегі мүмкіндіктерін арттыруды назарға алады.
53. Басқа мүше мемлекетке тиісінше хабарлаған кезде кез келген мүше мемлекет осы Хаттаманың шеңберінде өзара іс-қимылды шектеуі немесе тоқтатуы және өзінің заңнамасына сәйкес бір-бірінен тәуелсіз құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асыруы мүмкін.
54. Мүше мемлекеттер, егер мұндай әрекеттер мүше мемлекеттердің тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін болса, мүше мемлекеттердің заңнамасының нормаларын біркелкі түрде және мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ұйымдық-құқықтық нысандарына және тең жағдайда тіркелген орнына қарамастан тең шамада қолдану жолымен, сондай-ақ осы бөлімде белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасау кезінде үшінші елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) іс-қимылдарына қатысты келісілген бәсекелестік саясатты жүргізеді.
55. Осы Хаттаманыңтармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде ұсынылған ақпарат және құжаттар құпия сипатта болады және осы Хаттамада көзделген мақсатта ғана пайдаланылуы мүмкін. Ақпаратты басқа мақсатта пайдалану және үшінші тұлғаларға беру оларды берген мүше мемлекеттің уәкілетті органының жазбаша келісу бойынша ғана мүмкін болады.
56. Әрбір мүше мемлекет ақпарат, құжаттар және өзге де мәліметтердің, оның ішінде басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді.
VI. Комиссияның және мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауды бақылауды
жүзеге асырған кезде өзара іс-қимылы
57. Комиссияның және мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы уәкілетті органдар Комиссияның қарауына өтініштерді берген кезде, Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді қараған, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізген кезде, Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қараған кезде, сондай-ақ өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
Құқық қолдану практикасының, ақпарат алмасудың неғұрлым өзекті мәселелерін және мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру проблемаларын талқылауда уәкілетті органдардың өзара мүдделілігі болған кезде, Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының асшылары мен бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін Комиссия Алқасы мүшесінің деңгейінде кеңестер өткізеді.
Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының орталық аппараттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
58. Комиссияға қарауға өтініш беру туралы шешімді мүше мемлекеттің уәкілетті органы өтініш беруші мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескеріле отырып жүзеге асырылатын, оны қараудың кез келген сатысында қабылдайды.
Мұндай шешімді қабылдаған кезде мүше мемлекеттің уәкілетті органы Комиссияға тиісті жазбаша жолданым дайындайды.
Жолданымда:
өтінішті жіберген органның атауы;
әрекеттерінде (әрекетсіздікте) бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) атауы;
бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар әрекеттердің (әрекетсіздіктің) сипаттамасы;
бұзушылық белгілері анықталған тауар нарығының шекаралары;
мүше мемлекеттің уәкілетті органының пікірі бойынша Шарттың 76-бабының бұзылған нормалары көрсетіледі.
Жолданымға өздерінің қаралуы барысында бәсекелестік қағидаларының бұзылу белгілері анықталған, мүше мемлекеттің уәкілетті органының пікірі бойынша, жолданымды қарау үшін қажетті құжаттар қоса беріледі.
Мүше мемлекеттің уәкілетті органының Комиссияға жолданым жіберуі Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу не өтінішті (материалдарды) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру туралы не өтінішті кері қайтару туралы шешім қабылдағанға дейін мүше мемлекеттің уәкілетті органның өтінішті қарауды тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады.
Мүше мемлекеттің уәкілетті органы өтінішті Комиссияға жіберген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге оның өтінішінің Комиссияға берілгені туралы хабарлайды.
Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтінішті алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және өтініш берушіге өтініштің қарауға қабылдағаны туралы хабарлайды.
59. Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу туралы не трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтінішті (материалдарды) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру туралы шешім қабылдауы мүше мемлекеттің уәкілетті органның өтінішті қарауды тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
60. Егер Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзудың жолын кесу мүше мемлекеттің уәкілетті органының құзыретіне жататынын анықтаған жағдайда, Комиссияның өтінішті мүше мемлекеттің уәкілетті органының қарауына беру туралы шешімі оны қараудың кез келген сатысында қабылданады.
Мұндай шешім қабылданған жағдайда, Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі мүше мемлекеттің уәкілетті органына тиісті жолданым дайындайды, оған бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін Комиссияның Алқа мүшесі қол қояды.
Жолданымда:
әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) атауы;
бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар әрекеттердің (әрекетсіздіктің) сипаттамасы;
бұзушылық белгілері анықталған тауар нарығының шекаралары көрсетіледі.
Жолданымға өздерінің қаралуы барысында бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілері анықталған, Комиссияның пікірі бойынша, оны мүше мемлекеттің уәкілетті органының қарауы үшін қажетті барлық құжаттар қоса беріледі.
Өтініш жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комиссия өтініш берушіні өтініштің мүше мемлекеттің уәкілетті органына берілгені туралы хабардар етеді.
61. Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізген және трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қараған кезде, егер сұрау салу бойынша алынған ақпарат шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына мынадай процестік әрекеттерді жүргізу:
өздеріне қатысты тиісті іс жүргізілетін тұлғалардан, сондай-ақ куәлардан сұрақ алу;
іс бойынша іс жүргізу үшін қажетті құжаттарды талап етіп алдыру;
өзіне қатысты ұсыну жіберілген тұлғаның аумақтарын, үй-жайларын, құжаттары мен нәрселерін (осындай тұлғаның тұрғынжайын қоспағанда) қарап-тексеру;
тиісті іске қатысушыларға құжаттарды немесе олардың көшірмелерін табыс ету;
сараптама жасау және өзге де әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну жіберуге құқылы.
Комиссия өзіне қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатқан немесе бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы іс қаралып жатқан бұзушы тіркелген мүше мемлекеттік аумағында жүргізілетін процестік әрекеттер Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің, сондай-ақ аумағында бұзу жасалған және (немесе) бәсекелестік үшін келеңсіз салдарлар басталған мүше мемлекеттің уәкілетті органы өкілінің көзінше және (немесе) қатысуымен жүзеге асырылады.
Бұзу жасалған және (немесе) бәсекелестік үшін келеңсіз салдарлар басталған не осы бұзу салдарынан өзге тұлғалардың мүдделерін қасақана кемсіту болған мүше мемлекеттің аумағында процестік әрекеттерді жүргізу кезінде Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің және аумағында бұзу тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органының өкілі қатысады.
Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің және мүше мемлекеттің уәкілетті мүдделі органы өкілінің Комиссияның уәжді ұсынуын орындайтын процестік әрекеттерді жүргізу кезінде қатысуы мүмкін болмаған жағдайда мұндай әрекеттерді жүргізу кезінде қатысудың мүмкін еместігі туралы жазбаша хабарлама оларды жүргізу басталғанға дейін 5 жұмыс күні бұрын алынған кезде мүше мемлекеттік уәкілетті органы процестік әрекеттерді дербес жүргізуге құқылы.
62. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну жазбаша нысанда ресімделеді және онда:
1) ақпарат сұратылып отырған тиісті істің нөмірі (ол болған кезде), құқық бұзушылықтың және оған жататын өзге де фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, іс-әрекеттің Шарттың 76-бабына сәйкес заңдық саралануы;
2) өздеріне қатысты Комиссия тиісті істі қарап жатқан немесе тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан тұлғалардың аттары, әкелерінің аттары және тектері, куәлар, олардың тұрғылықты немесе болатын жері, азаматтығы, кәсібі, туған жері және күні, заңды тұлғалар үшін - атауы және тұрған жері (егер мұндай ақпарат болса);
3) алушының нақты мекенжайы және табыс етілетін құжаттың атауы (құжатты табыс ету қажет болған кезде);
4) ұсынылуға не орындалуға жататын мәліметтер мен әрекеттердің тізбесі (сұрақ алуды жүргізу үшін қандай мән-жайлардың анықталуға және нақтылануға тиіс екенін көрсету, сондай-ақ сұрақ алынатын тұлғаға қойылуға тиіс сұрақтардың дәйектілігі мен тұжырымдалуын көрсету қажет) қамтылуға тиіс.
63. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну жазбаша нысанда ресімделеді және онда:
1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімін көрсету;
2) ұсынуда көрсетілген іс-шараларды белгілі бір тәртіппен өткізу туралы өтінішхат;
3) ұсынуда көрсетілген іс-шараларды орындау кезінде болатын, сондай-ақ егер бұл сұрау салынатын мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін болса, оларды орындауға қатысатын Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің аты, әкесінің аты және тегі;
4) ұсынуды орындауға байланысты өзге де өтінішхаттар қамтылуға тиіс.
64. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсынуға бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін Комиссия Алқасының мүшесі қол қояды. Уәжді ұсынуға оның мәтінінде сілтемесі бар құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ оны тиісінше орындау үшін қажетті өзге де құжаттар қоса берілуге тиіс.
65. Мүше мемлекеттің уәкілетті органдары Комиссияның уәжді ұсынуында санамаланған процестік әрекеттерді мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес және тұратын орны орындаушы мүше мемлекеттің аумағы болып табылатын тұлғаларға ғана қатысты жүргізеді.
66. Орындалуы орындаушы мүше мемлекет үшін қосымша шығыстарды талап ететін сараптамалар мен басқа да процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну Комиссия мен өзінің атына ұсыну жіберілетін мүше мемлекеттің уәкілетті органы арасында шығыстарды өтеу мәселесі келісілгеннен кейін орындалады.
67. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну ол алынған күннен бастап 1 ай ішінде не Комиссия мен өзінің атына ұсыну жіберілетін мүше мемлекеттің уәкілетті органы арасында күні бұрын келісілген өзге де мерзімде орындалады.
Мүше мемлекеттің өзге де мемлекеттік органына немесе орындаушы мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектісіне (нарық субъектісіне) өтініш жасау қажет болған жағдайда, көрсетілген мерзім мұндай өтінішті орындау уақытына ұзартылады.
68. Орындаушы мүше мемлекеттің уәкілетті органы уәжді ұсынуда көрсетілген әрекеттерді жүргізеді және қойылған сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ ол уәжді ұсынуда көзделмеген, оны орындауға байланысты әрекеттерді өз бастамасы бойынша жүргізуге де құқылы.
69. Уәжді ұсынуды орындау мүмкін болмаған не оны осы Хаттаманың 67-тармағында көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, мүше мемлекеттің уәкілетті органы Комиссияға уәжді ұсынуды орындаудың мүмкін еместігі не оны орындаудың болжамды мерзімдері туралы хабарлауға тиіс.
70. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсынуды орындаудан, егер оны орындау орындаушы мүше мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіруі мүмкін болса не оның заңнамасына қайшы келетін жағдайларда, толықтай немесе ішінара бас тартылуы мүмкін, бұл туралы мүше мемлекет Комиссияға жазбаша түрде хабарлайды. Комиссия алқасы мүше мемлекеттің уәкілетті органының уәжді ұсынуды орындаудан бас тартуының құқыққа сыйымдылығы туралы мәселені Комиссия Кеңесінің қарауына шығаруға құқылы.
71. Мекеме немесе осыған арнайы уәкілеттік берілген лауазымды тұлға өздерінің құзыреті шегінде дайындаған немесе куәландырған және уәкілетті органына уәжді ұсыну жіберілген мүше мемлекеттің аумағында елтаңбалық мөрмен бекемделген құжаттарды Комиссия қандай да бір арнайы куәландырусыз қабылдайды.
72. Қосымша мәліметтер алу немесе алдыңғы ұсынуды орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы қайтадан уәжді ұсыну жіберуге жол беріледі.
73. Егер жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы бір істі қарау шеңберінде мүше мемлекеттердің екі және одан да көп уәкілетті органдарына жіберілетін болса, онда Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Комиссиямен өзара іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асырады.
74. Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізген және бәсекелестіктің жалпы ережелерінің бұзылуы туралы істерді қараған кезде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына олардың ақпарат пен құжаттарды ұсынуы туралы сұрау салулар жіберуге құқылы.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


