Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 29 ҚОСЫМША

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік

қолдау шаралары туралы

ХАТТАМА

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың
94 және 95-баптарына сәйкес әзірленген және осы Хаттаманың ІІ бөлімінде көрсетілген тауарларға қатысты (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарлары) қолданылады.

2. Осы Хаттамада қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«әкімшілік-аумақтық бірліктер» - Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері (Минск, Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда), Ресей Федерациясының субъектілері, муниципалдық құрылымдары;

«ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау» - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мүддесінде тікелей немесе олардың өкілетті агенті арқылы мүше мемлекеттің үкіметі немесе өзге мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары көрсететін қаржылай көмек;

«субсидиялайтын орган» - ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдауды көрсету саласында шешімдерді қабылдауды іске асыратын мүше мемлекеттердің бір немесе бірнеше мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Субсидиялайтын орган мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес уәкілетті агентке (кез келген басқа да ұйымдарға) ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шараларын ұсынуға жататын оған жүктелген бір немесе бірнеше қызметті орындауды жазбаша нұсқауы немесе тапсыруы мүмкін. Өкілетті агенттің мұндай іс-қимылы субсидияланатын органның іс-қимылы ретінде қаралады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бағытталған мүше мемлекет президентінің іс-қимылы субсидиялайтын органның іс-қимылы ретінде қаралады.

І. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары

3. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мыналарға бөлінеді:

1) ауыл шаруашылығы тауарларымен мүше мемлекеттердің өзара саудасына бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар (бұдан әрі – саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар);

2) ауыл шаруашылығы тауарларымен мүше мемлекеттердің өзара саудасына үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар (бұдан әрі – саудаға үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар);

3) ауыл шаруашылығы тауарымен мүше мемлекеттердің өзара саудасына бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар (бұдан әрі – саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар).

4. Саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шараларға осы Хаттаманың ІІІ бөлімінде көрсетілген шаралар жатады. Саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар мүше мемлекеттермен шектеусіз қолданылуы мүмкін.

5. Саудаға үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларға мыналар жатады:

іске асырылған немесе келешекте іске асырылатын, кез келген өзге мүше мемлекеттердің аумағына осы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шараларын ұсынатын, мүше мемлекеттің аумағынан ауыл шаруашылығы тауарларын шығарудың нәтижесімен бірнеше шарттардың ішінен бір немесе жеке шарт ретіне байланысты ұсынылатын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары;

нақты тауарлар, олардың көлемі, құны, отандық тауарларды өндіру немесе пайдаланудың құны немесе көлемінің үлесін, отандық тауарларды пайдаланатын өндірісті таратпау деңгейінің айқындалуына қарамастан, бұл мүше мемлекеттің аумағында ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру кезінде мұндай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды көрсететін мүше мемлекет аумағында шығарылатын ауыл шаруашылығы тауарларын пайдаланумен бірнеше шарттардың ішінен бір немесе жеке шарт ретіне байланысты ұсынылатын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары;

Үлкен дәрежеде сауданы бұрмалайтын мемлекеттік қолдау шараларының көрнекі тізбесі осы Хаттаманың IV бөлімінде көрсетілген.

6. Мүше мемлекеттер саудаға үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларды қолданбайды.

7. Саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларға саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар немесе осы Хаттаманың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген саудаға үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларға қатысы болмайтын шаралар жатқызылады.

8. Рұқсат етілген көлем секілді айқындалатын жалпы өндірілген ауыл шаруашылығы тауарларының жалпы құнына ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлеміне пайыздық қатынасы ретінде есептелетін саудада бұрмалаушы әсерін тигізетін шараның деңгейі 10 пайыздан артық болмауы тиіс.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды есептеу әдіснамасын халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүше мемлекеттер әзірлейді және Комиссия Кеңесі бекітеді. Мүше мемлекеттер ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы ақпаратты біріне-бірі және Комиссияға Комиссия бекітетін тәртіппен оны бекіткен күнінен бастап көрсетілген әдіснамаға сәйкес ұсынады.

Мүше мемлекеттердің саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар бойынша міндеттемелері көрсетілген әдіснамаға сәйкес белгіленеді.

Осы тармақтың ережелерін қолдану Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 106-бабында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

9. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекет кіргеннен кейін аталған мүше мемлекеттің ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылдаған саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар бойынша міндеттемелері Одақ шеңберіндегі оның міндеттемелеріболады.

10. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемдерін есептеудің тәртібі осы Хаттаманың 8-тармағында көзделген бөлімінде берілген ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды есептеу әдіснамасы ескеріле отырып, осы Хаттаманың V бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

ІІ. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың

бірыңғай қағидалары қолданылатын тауарлар

11. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бар мынадай ЕАЭО СЭҚ ТН тауарларын қамтиды:

1) 01 топ – ЕАЭО СЭҚ ТН 24, 03 тобын қоспағанда (балық пен шаян тәрізділер, ұлулар және басқа да теңіз омыртқасыздары), 1604 тауар позицияларын (дайындалған немесе консервіленген балықтар; бекіре уылдырығы мен оларды алмастырушылар, балық уылдырығынан дайындалған өнімдер) және 1605 (дайындалған немесе консервіленген шаян тәрізділер, басқа да теңіз омыртқасыздары);

2) 2905 43 маннит) СЭҚ ТН қосалқы позициялары;

3) 2D-глюцит (сорбит) СЭҚ ТН қосалқы позициялары;

4) нақтылары мен абсолюттерді қоса 3301 СЭҚ ТН тауар позициясы (эфир майы (құрамында терпендері болатын немесе болмайтын); резиноидтар; экстрагирацияланған эфир майы; анфлераж немесе матераций әдісімен алынатын ұқсас өнімдер немесе балауыз, ұшқыр майлардағы эфир майының концентраттары; эфир майының детерпенизациясындағы терпендік жанама өнімдер; эфир майының су дистилляттары мен су ерітінділері);

5) 3501 – 3505 СЭҚ ТН тауар позициясы (казеин, казеинаттар мен казеиннен өндірілетін басқа да өнімдер; казеиндік желімдер; альбуминдер (құрамында 80 % артық майы болатын екі немесе одан да көп іркіт ақуыздарының, құрғақ заттарға түгендейтін іркіт ақуыздарының концентраттарын қоса), альбуминаттар және басқа да альбуминнен өндірілген өнімдер; желатин (оның ішінде тікбұрышты (шаршы пішінділерді қоса) парақтарда, өңделген немесе өңделмеген бетімен, боялған немесе боялмаған) және желатиннен өңдірілгендер; балық желімдері; басқа да жануарлардан алынған желімдер (3501 тауар позициясындағы казеиннен басқа); пептондар және олардан өндірілгендер; басқа орындарда аталмаған немесе енгізілмеген ақуыз өнімдері мен олардан өндірілгендер; теріден немесе гольден жасалған ұнтақ, хромдалған немесе хромдалмаған; декстриндер және басқа да түрлендірілген крахмалдар (мысалы, алдын ала желатинделген немесе күрделі эфирге айналған крахмалдар); крахмал немесе декстриндер негізіндегі желімдер, немесе басқа да түрлендірілген крахмалдар негізіндегі желімдер; 3503 00 құрғақ балық желімі) және 3503 00 сұйық балық желімі) қосалқы позициялардан басқа;

6) 3СЭҚ ТН қосалқы позициясы (крахмалдық өнімдер негізіндегі басқа орында аталмаған немесе енгізілмеген тоқыма, қағаз шығару, былғары өнеркәсіптері немесе ұқсас салаларда қолданылатын дайын препараттар, басқа өнімдер, бояғыштарды фиксациялау немесе бояуды жеделдетуге арналған құралдар, әрлеу құралдары);

7) 3СЭҚ ТН қосалқы позициялары (сорбит, 2қосалқы позициясындағы сорбиттен басқа);

8) 4101 – 4103 СЭҚ ТН қосалқы позициясы (қабатталған немесе қабатталмаған, түкті жамылғысымен немесе түкті жамылғысыз ірі қара мал (буйволдарды қоса) немесе жылқы тұқымдас жануарлардың (әрі қарай өңдеуге жатқызылмайтын немесе жарғақ көмегімен жасалған, бірақ тондалмаған, басқа әдіспен пикеленген немесе консервіленген, күлденген, құрғатылған, жұпты немесе тұздалған) өңделмеген терілері; көрсетілген топта 1в ескертуімен алып тасталғаннан басқа қабатталған немесе қабатталмаған, жүнді жамылғымен немесе жүнді жамылғысыз, қой мен қозылардың (одан әрі өңдеуге жатқызылмайтын немесе жарғақ көмегімен жасалған, бірақ тондалмаған, басқа әдіспен пикеленген немесе консервіленген, күлденген, құрғатылған, жұпты немесе тұздалған) өңделмеген терілері; аталған топқа 1б немесе 1в ескертулерімен алып тасталғаннан басқа қабатталған немесе қабатталған, түкті жамылғысымен немесе түкті жамылғысыз басқа да өңделмеген терілер (одан әрі өңдеуге жатқызылмайтын немесе жарғақ көмегімен жасалған, бірақ тондалмаған, басқа әдіспен пикеленген немесе консервіленген, күлденген, құрғатылған, жұпты немесе тұздалған);

9) 4301 СЭҚ ТН тауар позициясы (4101, 4102 немесе 4103 тауар позициясындағы өңделмеген терілерден басқа мамық жүнді-үлбір шикізат (үлбір өнімдерді әзірлеу үшін жарамды бас, құйрық, табан және мүшелердің басқа да қиықтары);

 000 0 – 5003 00 000 0 СЭҚ ТН тауар позициясы (тарқатылу үшін жарамды шайы пілләсі; шикі-шайы (дөңгелектелмеген); шайы қалдықтары (піллә жібінің қалдықтары мен жүні жұлынған шикізат қалдықтары, тарқату үшін жарамсыз пілләларды қоса);

– 5103 СЭҚ ТН тауар позициясы (тарқатылмайтын жүн, жануарлардың тарқатылмайтын жұқа немесе қалың жүндері; жүні өңделмеген шикізатты алып тастай отырып, иіру қалдықтарын қоса, жануарлардың жұқа немесе қалың жүндерінің қалдықтары);

– 5203 00 000 0 СЭҚ ТН тауар позициясы (тарқатылмайтын мақта талшықтары; мақта талшықтарының қалдықтары (жүні құртылған шикізат пен иіру қалдықтарын қоса); тарқатылатын мақта талшықтары);

СЭҚ ТН тауар позициясы (иірілмейтін өңделген зығыр немесе зығыр-шикізат; зығырдың қалдықтары мен қыл-қыбырлары (жүні құртылған шикізат пен иіру қалдықтарын қоса);

СЭҚ ТН тауар позициясы (cannabis sativa L.) кендірі), иірілмейтін өңделген шикізат; кендірдің қалдықтары мен қыл-қыбырлары (жүні құртылған шикізат пен иіру қалдықтарын қоса).

ІІІ. Ауыл шаруашылығы тауарларымен мүше мемлекеттердің саудасына бұрмалаушы әсерін тигізбейтін мемлекеттік қолдау шаралары

12. Мүше мемлекеттердің саудасына бұрмалаушы әсерін тигізбейтін ауыл шаруашылығы тауарларын өңдірушілерді (бұдан әрі – өндірушілер) мемлекеттік қолдау шаралары мынадай негізгі критерийдерге сәйкес келуі тиіс:

1) қолдауды бюджет қаражаты есебінен (талап етілмеген түсімдерді қоса) оның ішінде тұтынушылардың қаражаты есебінен ғана емес, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде көрсету; Талап етілмейтін түсімдер деп бюджетке тиісті міндетті төлемді алудан түпкілікті немесе уақытша бас тарту ұғынылады.

2) қолдаудың салдары өндірушілердің бағасын қолдау болып табылмауы тиіс.

13. Осы Хаттаманың 12-тармағында атап өтілген критерийлерге қосымша ретіндегі саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін мемлекеттік қолдау шаралары осы Хаттаманың 14-26-тармақтарында жазылған өзіндік ерекше критерийлермен және шарттармен қанағаттандыруы тиіс.

14. Жалпы сипаттағы көрсетілетін қызметтерді ұсынудың мемлекеттік бағдарламалары ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен қайта өңдеушілерге тікелей төленетіндерді алып тастағанда, ауыл шаруашылығына немесе ауыл тұрғындарына жеңілдіктер беру немесе қызмет көрсетуге арналған қаражатты бөлуді (немесе талап етілмейтін түсімдер) көздейді.

15. Жалпы сипаттағы көрсетілетін қызметтерді ұсынудың мемлекеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша іске асырылуы мүмкін:

1) ғылыми зерттеулер, оның ішіндегі жалпы сипаттағы зерттеулер, қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен байланысты зерттеулер және нақты өнімдер бойынша зерттеу бағдарламалары;

2) зиянкестер және ауруларға қарсы күрестің жалпы шараларын, сондай-ақ нақты тауарларға, мысалы, ерте ескерту жүйесі, карантин және жою секілді тауарларға қатысты шараларды қоса алғанда, зиянкестерге және ауруларға қарсы күрес;

3) кадрларды жалпы және арнайы даярлау;

4) ақпаратты жолдауды және өндірушілер мен тұтынушыларға зерттеу нәтижелерін жеңілдету үшін құралдарды ұсынумен қоса, консультациялық қызметтерді, ақпаратты тарату;

5) сапа бойынша сорттау мен стандарттау, қауіпсіздік, денсаулық сақтау мақсаты үшін жалпы инспекциялық қызметтер мен жеке ауыл шаруашылығы тауарларын тексеруді қосқандағы инспекциялық қызметтер;

6) маркетингтік ақпаратты, консультациялар мен нақты ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысын қоса алғанда, маркетинг және ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысы бойынша қызметтер (ауыл шаруашылығы тауарларының өткізілу бағасын төмендету немесе сатып алушыларға тікелей экономикалық жеңілдіктер ұсыну үшін сатушылармен қолданыла алатын нақты емес мақсаттарға пайдалыналатын шығындарды алып тастағанда);

7) электрмен қамтамасыз ету, жол және хабар таратудың басқа жолдары, нарықтық және порттық құрал-жабдықтар, сумен қамтамасыз ету, бөгет және кәріздік жүйелердің инфрақұрылымы бойынша іөрсетілетін қызметтер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламамен байланысы бар инфрақұрылымды құру жөніндегі жұмыстар. Барлық жағдайларда қаражат жеңілдіктері бар тұтынушыларға қызмет көрсетуден толық алынбаған пайда немесе пайдалану шығындарын жабуға бағытталған қаражатты қоспағанда, жалпы қолданыстағы инфрақұрылымның күрделі құрылыстары мен жалпы қолжетімді объектілерді жабдықтауға және салуға жұмсалады.

16. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік резервтерді құру азық-түлік запастарын сақтау мен жинақтау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мүше мемлекеттік ұлттық заңнамасында айқындалған шеңберде бөлінетін мақсаттары үшін берілетін қаражат есебінен (немесе талап етілмеген түсімдер) іске асырылады және міндетті түрде мынадай талаптар мен критерийлерге сәйкес болуы керек:

1) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік резервтерді жинақтау және көлемі нақты азық-түлік тауарларына қатысты алдын ала мақсаттарға міндетті түрде сәйкес болуы қажет;

2) резервтерді бөлу мен қалыптастырудың үрдістері міндетті түрде қаржылық транспарентті болуы қажет;

3) мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының азық-түлікті сатып алуы ағымдағы нарықтық бағалар бойынша, азық-түлік резервтерінен сатылымдар – тиісті сапаның нақты өнімдеріне ағымдық ішкі нарықтағы бағаларға қарағанда төмен емес бағалар бойынша іске асырылады.

17. Ішкі азық-түліктік көмек – халықтың мұқтаж бөлігіне ішкі азық-түліктік көмекті ұсынуға бағытталатын қаражат (немесе талап етілмейтін түсімдер).

Ішкі азық-түліктік көмек көрсету міндетті түрде мынадай талаптар мен критерийлерге сәйкес болуы қажет:

ішкі азық-түліктік көмекті алу құқығы мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында белгіленеді.

ішкі азық-түліктік көмек нарықтық немесе субсидияланатын бағалар бойынша олардың азық-түлікпен қамтылуы үшін мүдделі тұлғаларға азық-түлікті тікелей жеткізу немесе қаражат беру нысанында көрсетіледі;

ішкі азық-түліктік көмекті көрсету шеңберінде мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының азық-түлікті сатып алуы ағымдағы нарықтық бағалар бойынша іске асырылады, ал қаржыландыру мен бөліп беру транспарентті болып табылады.

18. Өндірушілерге тікелей төлем түрінде (немесе заттық мәндегі төлемдерді қосқандағы талап етілмейтін түсімдер) іске асырылатын мемлекеттік қолдау шаралары осы Хаттаманың 12-тармағында көрсетілген критерийлерге, сондай-ақ осы Хаттаманың 19-26-тармақтарында көрсетілген тікелей төлемдердің жеке түрлеріне қолданылатын өзге де критерийлерге міндетті түрде сәйкес болуы қажет. 19-26-тармақтарда көрсетілгеннен басқа тікелей төлемдер осы Хаттаманың 12-тармағында көрсетілген жалпы критерийлерге толықтыру ретінде 19-тармақтағы 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген таоаптарға сәйкес болуы қажет.

19. Кірістерді «байланыссыз» қолдау міндетті түрде мынадай талаптар мен критерийлерге сәйкес келуі тиіс:

1) төлемге құқық анықталған және белгіленген базалық кезеңдегі өндірістің факторын немесе өндірістің деңгейін қолдануға, өндірушінің мәртебесіне, кірістің деңгейіне қарай мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында белгіленеді;

2) төлем сомасы өнімнің түрі мен көлеміне (мал басын қосқанда), өндіруші өндірген өнімдерге, өндірілген өнімдердің ішкі немесе әлемдік бағасына, өндірістің факторына тәуелді емес;

3) төлемді алу үшін өнімді өндіру талап етілмейді.

20. Түсімдерді сақтандыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасында мемлекеттік билік органдарының қаржылық қатысуы міндетті түрде мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:

1) төлемге құқық ең жоғары немесе ең төмен жылдық көрсеткіштері алып тасталған, алдыңғы бесжылдық кезеңге есептелген алдыңғы үшжылдық кезең немесе үш жылдың орташа көрсеткіштерінен таза түсімдердің нысанында (осындай немесе ұқсас бағдарламалар бойынша алынған кез келген төлемдерді қоспағанда) орташа жалпы пайдадан немесе эквиваленттен 30 пайыздан артық болатын кірістегі шығындармен (дегенмен тек ауыл шаруашылығынан алынатын кірістер ескеріледі) айқындалады. Бұл талапқа жауап беретін кез келген өндіруші төлемді алуға құқығы бар;

2) өтеу сомасы өндірушіге көмекті алуға құқық берілетін сол жылдардағы кірістерде өндірушінің шығыны көлемінің 70 пайызынан артық болмауы тиіс;

3) төлем сомасы өнімнің түрі мен көлеміне (мал басын қосқанда), өндіруші өндірген өнімдерге, өндірілген өнімдердің ішкі немесе әлемдік бағасына, өндірістің факторын қолдануына тәуелді емес;

4) күнтізбелік 1 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мемлекеттік қолдау алуы кезінде осы Хаттаманың 21-тармағына және осы тармаққа сәйкес жалпы өтеу сомасы өндірушінің жалпы шығынының 100 пайызынан артық болмауы тиіс.

21. Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі мен жануарларды сақтандыратын бағдарламаларда мемлекеттік билік органдарының (олар өкілеттік берген ұйымдар) тікелей немесе қаржылық қатысу жолымен іске асырылатын табиғи апаттар кезінде көмек көрсету ретіндегі төлемдер міндетті түрде мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:

1) төлемге құқық табиғи апаттарды (техногендік сипаттағы, аурулардың туындауы, зиянкестерді жұқтыру, мүше мемлекеттер аумағындағы ядролық апаттар және соғыстар, құрғақшылық, су тасқыны, табиғи өрт, шегірткелердің қаптап кетуі және басқа да қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың жағдайын қоса алғанда) мемлекеттік билік органдары ресми танығаннан кейін туындайды;

2) төлем сомасы алдыңғы 3 жылдық кезеңдегі өндірістің орташа деңгейінің 30 пайызынан артық болмайтын өндірістік шығын көлемінің негізінде немесе ең жоғары немесе ең төмен жылдық көрсеткіштер алып тасталған алдыңғы 5 жылдық кезеңге есептелген 3 жылдағы өндіріс көлемінің орташа көрсеткіштеріне негізделе отырып айқындалады;

3) төлемдер кірістің, табиғи апаттардың себебінен өндірістің басқа факторлары мен ауыл шаруашылығы жерлерінің айналымынан шығып қалған мал басының шығынына (жануарларға ветеринариялық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қоса алғанда) қатысты қолданылады;

4) төлем сомасы болашақ өнімдердің саны немесе түрлеріне қарамастан, табиғи апаттарға ұшыраған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер шығынының жалпы көлемінен аспауы тиіс;

5) табиғи апаттар кезінде көмек көрсету ретіндегі төлемдер осы тармақтың 3-тармақшасында айқындалған келешектегі шығындарды азайту немесе алдын ала сақтандыруға арналған қажетті деңгейден міндетті түрде аспауы тиіс;

6) осы Хаттаманың 20-тармағы мен осы тармаққа сәйкес күнтізбелік 1 жыл ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алған кезіндегі өтеудің жалпы сомасы өндірушілердің жалпы шығындарының 100 пайызынан артық болмайды.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58