Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

37. Мүше мемлекеттің сайлау және референдум, сатып алу туралы заңнамасында көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу - осы Тізбеге және мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

38. Мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органы бекіткен тізбе бойынша мүше мемлекеттің халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ мүше мемлекет мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

39. Мүше мемлекеттің ұлттық валютасындағы банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды дайындау, сақтау, жеткізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

40. Мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметі қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусіз негізде мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органына, мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне беретін гранттардың ақшалай қаражаттарын, сондай-ақ оларды ұсыну туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда, осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінетін ақшалай қаражатты пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

41. Жеке тұлғалар үшін (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өз бетінше таңдаған жағдайда) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

42. Мүше мемлекеттердің азаматтарын шетелде емдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ оларды тасымалдау және ілесіп жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

43. Сатып алынатын тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

44. Мүше мемлекеттің шетелдегі мекемелерінің, олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бітімгершілік операциялар мақсаттары үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

45. Халықаралық ақпараттық ұйымдардың ақпарат беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.

46. Монетарлық қызметті, сондай-ақ мүше мемлекеттің ұлттық қорын және зейнетақы активтерін басқару жөнінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

47. Халықаралық төрелікте, халықаралық коммерциялық төрелікте және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау және мүдделерін білдіру жөніндегі консультациялық және заңдық көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

48. Мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

49. Статистикалық бақылау деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

50. Мүше мемлекеттің банкроттық туралы заңнамасына, жер заңнамасына сәйкес және м мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде жүргізілетін, атқарушылық іс жүргізу туралы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сот орындаушылары сауда-саттықта (аукциондарда) өткізетін мүлікті (активтерді) сатып алу.

51. Адвокаттардың мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған тұлғаларға көрсететін қызметтерін сатып алу.

52. Мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайда, нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу.

53. Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

54. Мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайда, ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ғарыш аппараттарын жобалау, жинау және сынау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

55. Мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу.

56. Мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, мүше мемлекеттің заң шығару органы депутатының омырау белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, мүше мемлекет азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) мен жеке куәліктерін, шетелдіктің мүше мемлекетте тұруға арналған ықтиярхатын, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органы деп айқындаған өнім берушілерден мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органы бекіткен тізбе бойынша арнайы қорғаныс дәрежесін талап ететін баспа өнімдерін сатып алу.

57. Мемлекеттік бағалы металдар мен бағалы тастар қорын толықтыру үшін бағалы металдар мен бағалы тастарды сатып алу.

58. Ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарда, сондай-ақ қауіптілігі жоғары, машиналарға және механизмдерге байланысты жұмыстарда істейтін жұмыскерлері міндетті медициналық қарап-тексеру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

59. Мүше мемлекеттің спорттық ұлттық және құрама командаларына қатысу және (немесе) дайындау үшін, сондай-ақ мүше мемлекеттің спорттық ұлттық және құрама командаларының олимпиадалық, паралимпиадалық, дефлимпиадалық және басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін осы салады реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы бекіткен күнтізбелік жоспар негізінде қажетті спорт мүкәммалын және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алу.

60. Мүше мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, президенттің немесе мүше мемлекет үкіметінің кезек күттірмейтін шығындарына арналған резервінен бөлінген қаражат есебінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

61. Құқық қорғау және жарылғыш заттарды және жарылғыш құралдарды табуға және залалсыздандыруға, терроризмге қарсы операцияларды, сондай-ақ кепілге алынған адамдарды босату, қарулы қылмыскерлерді, экстремистерді, террористерді, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға ұстау және залалсыздандыру жөніндегі арнайы операцияларды жүргізуге байланысты арнайы мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

62. Дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары біржола бұзылған адамдарға (бірнеше адамнан тұратын отбасыларға) және (немесе) белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға, сондай-ақ жасының ұлғаюына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (бірнеше адамнан тұратын отбасыларға) ұсынылатын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ аранулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі көрсетілетін өызметті сатып алу.

63. Мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған жағдайларда, халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарын сатып алу.

64. Мемлекеттік шекара сызығының өтуін делимитациялауды, демаркациялауды және тексеруді, сондай-ақ мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында теңіз кеңістігін делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз етуге келісімшарт жасасу.


Сатып алуды реттеу тәртібі

туралы хаттамаға

№ 4 қосымша

Сатып алу аукцион арқылы жүзеге асырылатын

тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің

тізбесі

1. Ауыл шаруашылығы өнімі, аңшылық кәсіпшілік өнімі, аңшылыққа, жабайы құс кәсіпшілігі мен оны өсіруге байланысты тірі жануарлардан, өнімдерден және көрсетілетін қызметтерден, сондай-ақ аңшылық өнімі мен жабайы құс кәсіпшілігінен басқа, ауыл шаруашылығы мен аңшылықтағы көрсетілетін қызметтер.*

2. Орман шаруашылығы және ағаш дайындау өнімдері, орман өсіру  және ағаш дайындау үшін көрсетілетін қызметтер.

3. Балық аулау, балық питомниктері мен балық фермаларының өнімдері, балық аулауға байланысты көрсетілетін қызметтер.*

4. Таскөмір және лигнит, торф.

5. Шикі мұнай және табиғи газ, іздестіру жұмыстарынан басқа, оларды өндіру жөнінде көрсетілетін қызметтер.

6. Металл кендері.

7. Тас, саз, құм және минералды шикізаттың басқа да түрлері.

8. Тамақ өнімдері және сусындар.*

9. Тоқыма және тоқыма бұйымдары.

10. Бала киімдерін қоспағанда, киім, тері және теріден жасалған бұйымдар.

11. Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар, қайыс-ер бұйымдары, аяқ киім.

12. Жиһаздан басқа, сүрек, сүректен жасалған бұйымдар, тығындар, шығыр және өрімдер.

13. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар.

14. Жарнама материалдарынан, суреттерден, сызбалардан, басып шығарылған фотосуреттерден, кәдесый және сыйлық жиындарынан (қойын дәптер және жазба кітапшалары), сайлаулар мен референдумдарда дауыс беруге арналған бюллетендерден басқа полиграфиялық және баспа өнімдері.

15. Кокс пештерінің өнімдері.

16. Органикалық және бейорганикалық синтез өнімдері.

17. Резеңке және полимер бұйымдары.

18. Шыны шаруашылық-тұрмыстық бұйымдары мен интерьерге арналған бұйымдардан, сондай-ақ керамикалық құрылыстық емес отқа төзімсіз бұйымдардан басқа, металл емес минералдық өнімдер.

19. Металлургия өнеркәсібінің өнімі.

20. Машиналардан, жабдықтардан, ядролық реакторлар мен ядролық реакторлардың бөліктерінен, уланған бөлшектерді жеделдеткіштерден басқа, металды қайта өңдеу өнімдері.

21. Қару-жарақтан, оқ-дәрі мен олардың детальдарынан, халықтық-шаруашылық мақсаттағы жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттардан басқа, өзге топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар.

22. Офистік және есептеу техникасы.

23. Басқа топтамаларға енгізілмеген электр қозғалтқыштары мен электртехникалық аппаратура (оның ішінде, электр жабдықтар).

24. Радио, теледидар және байланыс үшін жабдық және аппаратура.

25. Медициналық жабдық және аппаратура, өлшеу құралдары, фото-  және киноаппаратура (мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоспағанда).

26. Автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, автомобильдерге арналған шанақтар, автомобильдерге арналған детальдар мен керек-жарақтар, гараж жабдығы.

27. Сауда және жолаушылар кемелерінен, әскери корабльдерден, әуе және ғарыштық ұшу аппараттарынан, ұшу аппараттарының жабдықтары мен детальдарынан басқа, өзге көлік құралдары.

28. Зергерлік бұйымдар мен олармен аралас тауарлардан, музыкалық аспаптардан, ойындар мен ойыншықтардан, еңбек процесін оқытуға арналған жабдықтан, мектеп оқу құралдары мен жабдықтарынан, көркем кәсіпшілік бұйымдарынан, өнер туындылары мен коллекциялау заттарынан, экспозицияланған кинопленкалардан, адам шашынан, жануарлар қылынан, синтетикалық материалдардан жасалған шаштардан және одан жасалатын бұйымдардан басқа, дайын бұйымдар.

29. Жаңа шикізат ретінде пайдалану үшін жарамды нысандағы қалдықтар мен сынықтар.

30. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін көрсетілетін қызметтер.

31. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, көтерме және комиссиялық сауда қызметтері.

32. Теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтерінен, метрополитеннің көрсетілетін қызметтерінен, құбыржолдар арқылы тасымалдаудың көрсетілетін қызметтерінен басқа, құрлықтағы көліктің көрсетілетін қызметтері.

33. Су көлігінің көрсетілетін қызметтері.

34. Көліктік көмекші және қосымша көрсетілетін қызметтер, саяхат бюросы мен туристік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерінен, туристерге көмек көрсету жөніндегі басқа да көрсетілетін қызметтерден басқа, туризм және экскурсия саласындағы көрсетілетін қызметтер.

35. Ұлттық поштаның көрсетілетін қызметтерін, электр байланысының көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, курьерлік көрсетілетін қызметтерден басқа байланыс.

36. Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан, облигациялық қарыздар шығаруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, қаржы делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтер.

37. Бағалау қызметтерін қоспағанда, қаржы делдалдығына қатысты қосалқы болып табылатын көрсетілетін қызметтер.

38. Офистерге арналған ұйымдастыру техникасына, электрондық есептеу машиналарына және олармен бірлесіп пайдаланылатын перифериялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтер.

39. Ғимаратты жинау жөнінде көрсетілетін қызметтер.

40. Орау жөнінде көрсетілетін қызметтер.

41. Қоқыстарды жою, санитариялық өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер және осыған ұқсас қызметтер.

____________________

* Балалар үшін тәрбиелік, білім беру процестерін жүзеге асыратын ұйымдарда, медициналық ұйымдарда, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері мен балалардың демалыс ұйымдарында, көрсетілген мекемелер мен ұйымдар үшін қоғамдық тамақтану қызметтерін сатып алудан басқа.

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 26 ҚОСЫМША

Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды

сақтау мен қорғау туралы

ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XVIIІ бөліміне сәйкес әзірленген және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғау саласындағы қатынастарды реттейді.

2. Зияткерлік меншік объектілері деп - ғылым, әдебиет және өнер туындылары, электрондық есептегіш машиналарға арналған бағдарламалар (компьютерлік бағдарламалар), фонограммалар, орындаулар, тауар белгілері және қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқаулықтар, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары, өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, интегралды микросхемалар топологиясы, өндірістің құпиялары (ноу-хау), сондай-ақ халықаралық шарттарға, Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құқықтық қорғау берілетін басқа да зияткерлік меншік объектілері түсініледі.

II. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар

3. Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Туынды авторына, атап айтқанда мынадай құқықтар тиесілі:

1) туындыға айрықша құқық;

2) авторлық құқық;

3) есім құқығы;

4) туындыға қолсұғылмаушылық құқығы;

5) туындыны жариялау құқығы;

6) мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленгеннен өзге де құқықтар.

4. Мүше мемлекеттер автор туындысының айрықша құқық қорғау мерзімдерін, серіктес авторлықта жасалған туындыға айрықша құқықты, автор қайтыс болғаннан кейін жарияланған туындыға айрықша құқықты қамтамасыз етуге міндетті, оның мерзімі 1986 жылғы 9 қыркүйектегі Әдебиет және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясында (1971 жылғы редакция), 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымының Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімінде белгіленген мерзімдерден төмен болмайды. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көрсетілген құқықтарды қорғаудың ұзақ мерзімдері бекітілуі мүмкін.

Бастапқі мәтін мен объектілік кодты қоса алғанда, электронды есептеуіш машиналарға арналған бағдарламалар (компьютерлік бағдарламалар) 1986 жылғы 9 қыркүйектегі Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясына сәйкес (1971 жылғы редакция) әдеби туындылар ретінде қорғалады.

Материалдардың іріктелуі мен орналасуына қарай шығармашылық нәтижесі болып табылатын құрамдас туындылар (энциклопедиялар, жинақтар және өзге де туындылар) құрамдас туындының бір бөлігін құрайтын туындылардың әрбір авторының құқықтарына нұқсан келтірілместен қорғалады. Құрамдас туындының авторына құрастырушылыққа авторлық құқық (материалды таңдау және орналастыру) беріледі. Бұл ретте, құрамдас туындылар – олар негізделген немесе олар қамтитын туындының авторлық құқық объектісі болуына не болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.

Туынды шығармалар (аудармалар, бейімдеулер, музыкалық өңдеулер және басқа да әдеби немесе көркем шығарманың қайта түзетіліп өзгеруі) түпнұсқалық туынды авторының құқықтарына нұқсан келтірілместен, түпнұсқалық туындылармен тең қорғалады. Туынды шығарма авторы жасалған аударманың және басқа (түпнұсқалық) шығарманың өзге де өңделуіне авторлық құқығына ие.

5. Мүше мемлекеттер құқық иелеріне кинематографиялық туындыларға қатысты авторлық құқықпен қорғалған туындыларының түпнұсқаларын немесе олардың көшірмелерін басқа мүше мемлекеттердің аумағында коммерциялық түрде көпшілікке прокаттауға рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын береді.

6. Мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген орындаушылық қызметтің (орындаушылықтың) нәтижесінде, фонограммаларға және өзге де құқықтарға мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар авторлық құқықпен сабақтас (сабақтас құқықтар) болып табылады.

Шығармашылық еңбегі мен туындыны орындаған жеке тұлға орындаушы деп танылады,– орындаушы әртіс (актер, әнші, музыкант, биші немесе рөл сомдайтын, оқитын, көркемдеп оқитын, ән айтатын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе әдебиет, өнер немесе халық шығармашылығы туындыларын, соның ішінде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмірін орындауға қатысатын басқа тұлға), сондай-ақ қойылымның қоюшы режиссері (театр, цирк, қуыршақ, эстрада қойылымын немесе басқа театр-ойын-сауық көрінісін қойған адам) және дирижер.

Мүше мемлекеттер өзара келісім негізінде мүше мемлекеттердің орындаушыларына мынадай құқықтарды береді:

орындауға айрықша құқық;

есім құқығы - фонограмма даналарында өз есімін немесе бүркеншік атын көрсету құқығы және орындауды пайдаланудың өзге де жағдайларында, туындыны пайдалану сипаты орындаушының есімін немесе орындаушылар ұжымының атауын көрсетуге мүмкіндікті болғызбаған жағдайды қоспағанда, орындаушылар ұжымының атауын көрсету құқығы;

мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген өзге де құқықтар.

7. Орындаушылар өз құқықтарын орындалатын туындылар авторларының құқықтарын сақтай отырып жүзеге асырады. Орындаушының құқықтары орындалатын туындыға авторлық құқықтардың болуына не болмауына қарамастан, танылады және қолданылады.

8. Фонограмманы жасаушы (өндіруші) деп – орындау дыбыстарының немесе басқа дыбыстардың не осы дыбыстар кейпінің алғаш жазбасы үшін бастаманы және жауапкершілікті өз мойнына алған адам танылады. Дәлелдер болмаған кезде, фонограмманың өзге жасаушысы (өндірушісі) деп - есімі немесе атауы қарапайым түрде фонограмманың данасында және (немесе) оның қаптамасында көрсетілген адам танылады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58