Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Егер тексеру жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану үшін негіздемелердің жоқ екендігі туралы түпкілікті қорытынды жасаған жағдайда, тексеру жүргізетін органның тиісті хабарламаны жариялау күні тексеруді аяқтау күні болып танылады.
Алдын ала арнайы бажды, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе алдын ала өтемақы бажын енгізген жағдайда тексеру тиісті алдын ала баждың қолданыста болу мерзімі аяқталғанға дейін аяқталуы тиіс.
220. Егер тексеру жүргізетін орган тексеру барысында осы Хаттаманың 3-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көзделген негіздемелердің жоқ екендігі туралы қорытындыға келген жағдайда, тексеру арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізбестен аяқталады.
221. Егер тексеру басталған күнге дейінгі екі күнтізбелік жыл ішінде осы Хаттаманың 186-тармағында көрсетілген өтінішті қолдаған бір өндірушіге (оның Шарттың V тарауының түсінігіндегі тұлғалар тобына кіретінін ескере отырып), Одақтың кеден аумағында ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау шарасын қолданудың алдындағы тексеруді жүргізген кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданудың алдындағы тексеруді жүргізген кезде) өндірісінің осындай үлесі келетін жағдайда, онда Комиссия актісімен бекітілетін бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесіне сәйкес аталған өндірушінің Одақтың тиісті тауар нарығындағы жағдайы (оның тұлғалар тобына кіруін ескере отырып) басым деп танылуы мүмкін болғанда, Біртұтас экономикалық кеңістіктің бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті орган тексеру жүргізетін органның сұрау салуы бойынша Одақтың тиісті тауар нарығындағы бәсекелестікке арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасы әсерінің салдарларын бағалауды жүргізеді.
3. Демпингке қарсы тексеру жүргізудің ерекшеліктері
222. Демпингке қарсы тексеру, егер тексеру жүргізетін орган демпингтік маржа жол берілетін ең төмен демпингтік маржадан аз немесе болған немесе болуы мүмкін демпингтік импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың мөлшері немесе мұндай залалды келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарлықтай бәсеңдету қаупі айтарлықтай емес болып табылады деп анықтаса, демпингке қарсы шараны енгізбестен тоқтатылады.
Бұл ретте мөлшері 2 пайыздан аспайтын демпингтік маржа жол берілетін ең төмен демпингтік маржа деп түсініледі.
223. Белгілі бір экспорттаушы үшінші елден демпингтік импорттың көлемі, тексеру объектісі болып табылатын тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлеміндегі жеке үлесі кемінде 3 пайызды құрайтын экспорттаушы үшінші елдерге жиынтықта тексеру объектісі болып табылатын тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлемінің 7 пайызынан аспайды деген шартпен, егер ол Одақтың кеден аумағына тауардың импортының жалпы көлеміндегі жеке үлесінің кемінде 3 пайызын құрайтын болса, ол елеусіз болып табылады.
224. Тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдағанға дейін құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып мүдделі тұлғаларға тексеру нәтижелері бойынша жасалған негізгі қорытындылар туралы хабарлайды және өз түсініктемелерін ұсыну мүмкіндігін береді.
Мүдделі тұлғалардың түсініктемелерін ұсыну мерзімін тексеру жүргізетін орган белгілейді, бірақ ол күнтізбелік 15 күннен кем бола алмайды.
4. Өтемақылық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
225. Тексеру жүргізетін орган өтінішті қарауға қабылдаған соң және тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін болжалды ерекше субсидияның болуын, мөлшерін және оны беру салдарын нақтылау және өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында соған қатысты өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауар экспортталатын экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына консультациялар жүргізуді ұсынуы тиіс.
Мұндай консультациялар тексеру барысында да жалғасуы мүмкін.
226. Осы Хаттаманың 225-тармағында көрсетілген консультацияларды жүргізу тексеруді бастау және өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдауға кедергі келтірмейді.
227. Егер тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің айрықша субсидиясының мөлшері ең төмен болып табылатынын не болған немесе ықтимал субсидияланатын импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындайтын материалдық залалдың мөлшері немесе мұндай залалдың не мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың баяулау қатері айтарлықтай емес деп анықтаса, өтемақылық тексеру өтемақы шарасын енгізбестен тоқтатылады.
228. Ерекше субсидияның мөлшері, егер ол Тексеру объектісі болып табылатын тауар құнының кемінде 1 пайызын құраса, ең төмен деп танылады.
Субсидияланатын импорттың көлемі, экспорттаушы үшінші елдердің әрқайсысының ұқсас тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлеміндегі жеке үлесі кемінде 1 пайызды құрайтын экспорттаушы үшінші елдерге жиынтықта ұқсас тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлемінің 3 пайыздан аспайды деген шартпен, егер ол ұқсас тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлеміндегі жеке үлесі кемінде 1 пайызды құраса, әдетте, айтарлықтай емес деп танылады.
229. Әрқайсысының үлесіне осы тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлемінің кемінде 4 пайызы келетін дамушы және аз дамыған елдерден Одақтың кеден аумағына осы тауардың импортындағы жиынтық үлесі осы тауардың Одақтың кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің 9 пайызынан аспайды деген шартпен, егер тексеру жүргізетін орган осы тауарға қатысты экспорттаушы үшінші елдің айрықша субсидияларының жалпы мөлшері тауар бірлігіне есептелген оның құнының 2 пайызынан аспайды немесе Одақтың кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлеміндегі мұндай үшінші елден осы тауар импортының үлесі 4 пайыздан кем екендігін анықтаған жағдайда субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын және Одақтың тарифтік артықшылықтары жүйесін пайдаланушы дамыған немесе аз дамыған елден шығатын тауарға қатысты өтемақылық тексеру тоқтатылады.
230. Тексеру жүргізетін орган өтемақылық тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдағанға дейін құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін есепке ала отырып барлық мүдделі тұлғаларға тексеру нәтижелері бойынша жасалған негізгі қорытындылар туралы хабарлайды және өз түсініктемелерін ұсыну мүмкіндігін береді.
Мүдделі тұлғалар түсініктемелерін ұсыну мерзімін тексеру жүргізетін орган белгілейді, бірақ ол күнтізбелік 15 күннен кем бола алмайды.
5. Демпингтік немесе субсидияланатын импорт жағдайында
мүше мемлекеттердің экономика саласын айқындаудың ерекшеліктері
231. Демпингке қарсы немесе өтемақылық тексеруді жүргізген кезде мүше мемлекеттердің экономика саласы осы Хаттаманың 232 және 233-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Шарттың 49-бабында белгіленген мағынада түсініледі.
232. Егер мүше мемлекеттерде болжалды түрде демпингтік немесе субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын ұқсас тауарларды өндірушілер бір мезгілде тауарлардың импорттаушылары болып табылған жағдайда мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың қалған өндірушілері ғана мүше мемлекеттердің экономика саласы деп түсінілуі мүмкін.
Мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндірушілер егер:
мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың жекелеген өндірушілері тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын тікелей немесе жанама бақыласа;
тексеру объектісі болып табылатын тауардың жекелеген экспорттаушылары немесе импорттаушылары мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың өндірушілерін тікелей немесе жанама бақыласа;
мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың жекелеген өндірушілерін және тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақыласа;
тексеру жүргізетін органның байланысты емес тұлғадан ерекшеленетін мұндай өндірушілердің мінез-құлқы осындай байланыстан туындайды деуге негіздемесі бар деген шартпен мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың жекелеген өндірушілері мен шетелдік өндірушілер, тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушылары немесе импорттаушылары үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақыласа, болжаммен демпингтік немесе субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауардың эскпорттаушысымен немесе импорттаушысымен байланысты ретінде қарастырылады.
233. Мүше мемлекеттердің экономика саласын анықтаған кезде ерекше жағдайларда, егер мұндай өндірушілер мұндай нарықта тұтыну немесе ұқсату мақсаттары үшін өздері өндіретін ұқсас тауардың кем дегенде 80 пайызын сатса және мұндай нарықтағы ұқсас тауарға деген сұранысты мүше мемлекеттердің қалған аумағындағы мұндай тауардың өндірушілері айтарлықтай түрде қанағаттандырмаса, бұл мемлекеттердің аумағы 2 немесе одан артық аумағы оқшауланған бәсекелес нарық жұмыс істейтін аумақ ретінде қаралуы мүмкін, ал аталған нарықтардың біреуінің шегінде мүше мемлекеттердегі өндірушілер мүше мемлекеттер экономикасының бөлек саласы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда демпингтік немесе субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарды сату аталған бәсекелес нарықтардың бірінде шоғырланып әрі бір осындай нарық шегінде мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлар өндірушілерінің барлығына немесе барлығына дерлік залал келтіреді деген шартпен, тіпті егер мүше мемлекеттердің экономика саласының негізгі бөлігіне залал келтірілмесе де, демпингтік немесе субсидияланатын импорттың салдарынан туындайтын материалдық залалдың, мұндай залады келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарлықтай бәсеңдету қатерінің болуы анықталуы мүмкін.
234. Егер мүше мемлекеттердің экономика саласы осы Хаттаманың 233-тармағында белгіленген мағынада түсінілген және тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, мұндай шара Одақтың кеден аумағына тауардың бүкіл импортына қатысты қолданылуы мүмкін.
Мұндай жағдайда демпингке қарсы немесе өтемақы бажы тексеру жүргізетін орган тауар экспорттаушыларына осы аумаққа мұндай тауардың демпингтік бағалар (демпингтік импорт кезінде) немесе субсидияланатын бағалар (субсидияланатын импорт кезінде) эскпортын тоқтатуға немесе мұндай мүмкіндікті экспорттаушылар пайдаланбады деген шартпен Одақтың кеден аумағына экспорт шарттарына қатысты тиісті міндеттемелер алуына мүмкіндік берген соң ғана енгізіледі.
6. Жария тыңдаулар
235. Тексеруге қатысушылардың кез келгені жазбаша нысанда және осы Хаттамамен белгіленген мерзімде ұсынған қолдаухаттың негізінде тексеру жүргізетін орган жария тыңдауларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
236. Тексеру жүргізетін орган тексеруге қатысушыларға жария тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны, сондай-ақ жария тыңдауды жүргізу барысында қаралатын мәселелердің тізбесін жіберуге міндетті.
Жария тыңдауларды өткізу күні тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап кем дегенде күнтізбелік 15 күн өткеннен соң белгіленеді.
237. Жария тыңдауларға тексеруге қатысушылар немесе олардың өкілдері, сондай-ақ тексеруге қатысты мәліметтерді беру мақсатында олар тартқан тұлғалар қатысуға құқылы.
Жария тыңдаулар барысында тексеруге қатысушылар өз пікірлерін білдіре алады және тексеруге қатысты дәлелдемелер бере алады. Тексеру жүргізетін органның өкілі жария тыңдауларға қатысушыларға олар мәлімдеген фактілердің нақтылығына қатысты сұрақтар қоюға құқылы. Тексеруге қатысушылар да бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы және оларға жауап беруге міндетті. Жария тыңдауларға қатысушылар құпия деп танылатын ақпаратты жарияламауға міндетті.
238. Жария тыңдаулар барысында ауызша нысанда берілген мәліметтер, егер оларды тексеруге қатысушылар жария тыңдаулар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде тексеру жүргізетін органға жазбаша нысанда ұсынса, тексеру барысында назарға алынады.
7. Тексеру жүргізу барысында ақпарат жинау
239. Демпингке қарсы немесе өтемақы тексерулерді бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін тексеру жүргізетін орган өзіне белгілі экспорттаушыларға және (немесе) тексеру объектісі болып табылатын тауарды өндірушілерге жауап берулері тиіс сұрақтардың тізбесін жібереді.
Сұрақтар тізбесі мүше мемлекеттердің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тексеруін жүргізу жағдайында) немесе ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы тексеру жүргізу жағдайында) өндірушілеріне жіберіледі.
Қажет болған жағдайда сұрақтар тізбесі тексеру объектісі болып табылатын тауардың импорттаушыларына және тұтынушыларына жіберілуі мүмкін.
240. Сұрақтар тізбесі жіберілген осы Хаттаманың 239-тармағында көрсетілген тұлғалар көрсетілген тізбені алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тексеру жүргізетін органға өз жауаптарын беруге міндетті.
Осы Хаттаманың 239-тармағында көрсетілген тұлғалардың уәжделген және жазбаша нысанда жазылған өтініштері бойынша осы мерзімді тексеру жүргізетін орган күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
241. Сұрақтар тізбесі почта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік 7 күннен кейін немесе экспорттаушының және (немесе) өндірушінің өкіліне тікелей тапсырылған күннен бастап алынды деп есептеледі.
Тізбеге енгізілген сұрақтарға жауаптарды, егер олар тексеру жүргізетін органға құпия және құпия емес нұсқаларда осы Хаттаманың 240-тармағында көрсетілген күннен бастап 30 күндік мерзім аяқталған күннен күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей немесе оны ұзартқан күн аяқталған күннен бастап келіп түскен болса, тексеру жүргізетін орган алды деп саналады.
242. Тексеру жүргізетін орган тексеру барысында мүдделі тұлғалар ұсынған ақпараттың дәлдігіне және дәйектілігіне көз жеткізеді.
Тексеру барысында ұсынылған мәліметтерді тексеру немесе жүргізіліп жатқан тексеруге байланысты қосымша мәліметтер алу мақсатында тексеру жүргізетін орган қажет болған жағдайда:
үшінші елдің аумағында тексеру объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің келісімін алған жағдайда және алдағы тексеру туралы ресми түрде алдын ала хабардар етілген үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда;
мүше мемлекеттің аумағында тексеру объектісі болып табылатын тиісті тауар импорттаушыларының және (немесе) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің тиісті келісімін алған жағдайда тексеру жүргізуі мүмкін.
Шетелдік өндіруші немесе экспорттаушы осындай жауаптарды жібергенге дейін тексеру жүргізуге өз еркімен келіскен жағдайларды қоспағанда және тиісті үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған кезде тексеріс осы Хаттаманың 239-тармағының ережелеріне сәйкес тексеру жүргізетін орган жіберген сұрақтар тізбесіне жауап алынғаннан кейін жүргізіледі.
Тиісті тексеруге қатысушылардың келісімін алғаннан кейін және тексеріс басталғанға дейін оларға тексеруге жіберілген қызметкерге ұсынылуы тиіс құжаттар мен материалдардың тізімі жіберіледі. Тексеру жүргізетін орган үшінші елді тексеру жоспарланған шетел экспорттаушыларының немесе өндірушілерінің мекенжайлары және атаулары, сондай-ақ осындай тексерістерді жүргізу күндері туралы хабардар етеді.
Тексеру барысында сұрақтардың жауаптарында ұсынылған ақпараттың дәйектілігін растау үшін қажетті басқа да құжаттар мен материалдар сұратылуы мүмкін.
Егер тексеру жүргізу кезінде тексеру жүргізетін органның осындай тексеру мақсаттары үшін аталған органның қызметкерлері болып табылмайтын сарапшыларды шақыру ниеті болса, оларға қатысты тексеру әрекеттерін жүзеге асыру көзделген тексеруге қатысушылар тексеру жүргізетін органның бұл шешімі туралы алдын ала хабардар етілуі тиіс. Осындай сарапшылардың тексеруге байланысты алынған ақпараттың құпиялылығын бұзғаны үшін оларға санкция қолдануға мүмкіндік болған жағдайда ғана тексеруге қатысуына жол беріледі.
243. Тексеру барысында берілген мәліметтерді немесе жүргізілетін тексерумен байланысты алынған қосымша мәліметтерді тексеру мақсатында тексеру жүргізетін орган өз өкілдерін мүдделі тұлғалардың тұратын жерлеріне жіберуге, ақпараттар жинауды, мүдделі тұлғалармен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, тауардың үлгілерімен танысуға және тексеру жүргізу үшін қажетті өзге әрекеттерді қолдануға құқылы.
8. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының,
мүше мемлекеттердің дипломатиялық және
сауда өкілдіктерінің ақпарат ұсынуы
244. Осы кіші бөлімнің мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары деп мүше мемлекеттердің кеден ісі, статистика, салық салу, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы және басқа салалардағы мемлекеттік билік (басқару) органдары және аумақтық (жергілікті) билік (басқару) органдары түсініледі.
245. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері тексеру жүргізетін органға оның сұрау салулары (оның ішінде қайта сұрау салулары) бойынша осы Хаттамада көзделген, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы тексерулерін бастау және жүргізу, жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындау, енгізілген арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының тиімділігін мониторингілеу және Комиссия шешімімен мақұлданған міндеттемелердің сақталуына бақылау жасау үшін қажетті ақпаратты береді.
246. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері:
1) тексеру жүргізетін органның сұрау салуын алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде олардың иелігінде бар мәліметтерді беруге немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, мәліметтерді берудің мүмкін еместігі туралы ескертуге. Тексеру жүргізетін органның дәлелді өтініші бойынша сұратылған мәліметтер анағұрлым қысқа мерзімде берілуі тиіс;
2) берілетін мәліметтердің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз етуге және қажет болған кезде толықтырулар мен өзгерістерді жедел ұсынуға міндетті.
247. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері өз құзыреті шеңберінде тексеру жүргізетін органға:
1) сыртқы сауда қызметі туралы статистикалық деректерді;
2) тауарды әкелудің (әкетудің) заттай және құндық көрсеткіштерін, тауардың коммерциялық атауын, жеткізу шарттарын, жасалған елін (жөнелткен елін, жіберілген елін), жөнелтуші мен алушының атауы мен басқа есепке алу деректемелерін көрсете отырып, кедендік рәсімдер бойынша бөліп, тауар декларацияларынан деректерді;
3) тексеру объектісі болып табылатын тауардың ішкі нарығы және мүше мемлекеттердің экономикасының тиісті саласы туралы ақпаратты (оның ішінде тауарды өндіру көлемі, өндіріс қуаттылықтарының жүктелуі, тауарды өткізу, тауардың өзіндік құны, мүше мемлекеттердің ұлттық кәсіпорындарының пайдасы мен залалдары, мүше мемлекеттердің ішкі нарығындағы тауарлардың бағалары, өндірістің рентабельділігі, персонал саны, инвестициялар, тауар өндірушілердің тізбесі бойынша деректер);
4) мүше мемлекеттердің тексеру объектісі болып табылатын тауар нарығындағы тиісті тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын ықтимал енгізу немесе енгізбеу салдарын бағалау туралы ақпаратты, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ұлттық кәсіпорындарының өндірістік қызметінің болжамын қоса алғанда, сұратылатын уақыт кезеңдері бойынша ақпаратты береді.
248. Осы Хаттаманың 247-тармағында көрсетілген ақпарат тізбесі толық қамтылған болып табылмайды. Қажет болған жағдайда тексеру жүргізетін орган өзге ақпаратты сұратуға құқылы.
249. Осы кіші бөлімді іске асыру мәселелері бойынша хат алысу және тексеру жүргізетін органның сұрау салулары бойынша ақпарат беру орыс тілінде жүзеге асырылады. Шетелдік атаулары бар жекелеген деректемелер (көрсеткіштер) бойынша латын әліпбиінің әріптерін қолдана отырып ақпарат беруге жол беріледі.
250. Ақпарат беру көбінесе электронды тасығыштарда жүзеге асырылады. Ақпаратты электронды ақпарат тасығышта беру мүмкіндігі болмаған кезде ақпарат қағаз тасығышта жіберіледі. Кесте нысанында сұратылатын ақпарат (статистикалық және кедендік ақпарат) тексеру жүргізетін органның сұрау салуында көрсетілген нысанда беріледі. Егер ақпаратты мұндай нысанда беру мүмкін болмаған жағдайда, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері тексеру жүргізетін органды бұл туралы хабардар етеді және сұратылатын ақпаратты өзге нысанда береді.
251. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктеріне жіберілетін ақпарат беру туралы сұрау салулар жазбаша түрде тексеру жүргізетін органның бланкінде ақпаратты беру мақсатын, құқықтық негіздемелерін және мерзімдерін көрсете отырып ресімделеді және оған тексеру жүргізетін органның басшысы (басшысының орынбасары) қол қояды.
252. Тексеру жүргізетін органның сұрау салулары бойынша ақпаратты мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері өтеусіз негізде береді.
253. Ақпаратты беру алмасатын органдар арасында келісілген, беру кезінде қолжетімді және ақпараттың сақталуы мен рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғалған құралдармен жүзеге асырылады. Ақпарат факсимильдік байланыс арқылы жіберілген жағдайда құжаттың түпнұсқасы да почта байланысы арқылы жіберілуі тиіс.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


