Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

21. Сатып алу туралы шарт (келісімшарт) мынадай міндетті талапты:

1) сатып алу туралы осындай шартта (келісімшартта) көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптардың жауаптылығын;

2) ақы төлеу тәртібін, сондай-ақ тапсырыс берушінің сатып алу нәтижесінің сатып алу туралы шартта (келісімшартта) белгіленген талаптарға сәйкестігіне (оның ішінде, саны (көлемі), жиынтығы, сапасы бойынша қабылдап алуды жүзеге асыру тәртібі туралы қамтуға тиіс.

22. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында мыналарға:

1) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілердің және өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) талаптарын белгілеуге;

2) сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бойынша міндеттемелерді басқа тарап тиісінше орындамаған және мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген жағдайларда, тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартуына;

3) мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттық міндеттемелердің орындалу талаптарының өзгеруіне, оның ішінде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасының өзгеруіне тыйым салу көзделуге тиіс. Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бағасын пропорционалды төмендетпейінше тауарлардың санын, жұмыстар көлемін, көрсетілетін қызметтерді азайтуға жол берілмейді.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

23. Мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда, бірнеше өнім берушілермен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасуға жол беріледі.

24. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен тауарды немесе жұмысты сатып алуды, кейіннен қызмет көрсетуді, қызмет мерзімі ішінде пайдалануды, жеткізілген тауарды немесе жұмысты орындау нәтижесінде құрылған объектіні (өмірлік цикл шарты (келісімшарты)) жөндеуді және кәдеге жаратуды көздейтін сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу туралы талап белгіленуі мүмкін.

25. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен нақты сатып алуға қатысты сатып алу туралы құжаттың ажырамас бөлігі болып табылатын сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жобасына оны орындаудың (оның ішінде, сатып алу нысанасына байланысты емес) қосымша талаптарын енгізу қажеттігі көзделуі мүмкін.

26. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен әлеуетті өнім берушінің және (немесе) өнім берушінің сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бойынша тапсырыс берушіге барлық бірлесіп орындаушылар және қосалқы мердігерлер туралы ақпаратты беру міндеті көзделуі мүмкін.

27. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен сатып алу туралы шартты (келісімшартты) банктік сүйемелдеу көзделуі мүмкін.

28. Мүше мемлекеттер сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) электрондық форматта жасауға 2016 жылдан бастап көшуге ұмтылады.

29. Мүше мемлекеттер ақпараттық ашықтықты және сатып алу айқындығын қамтамасыз етеді, оның ішінде мыналар арқылы:

1) әрбір мүше мемлекеттің веб-портал құруы;

2) сатып алу туралы ақпаратты, жосықсыз өнім берушілер тізілімін (оның ішінде, орыс тілінде) веб-порталда орналастыру;

3) мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін (оның ішінде, орыс тілінде) веб-порталда жариялау;

4) электрондық сауда алаңдарының (электрондық алаңдарды) шектелген санын және (немесе) веб-порталды - электрондық форматта сатып алутуралы ақпаратқа және егер мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында бұл көзделген болса, осындай сатып алуға байланысты электрондық көрсетілетін қызметтерге рұқсат берудің бірыңғай орны ретінде анықтау;

5) сатып алу туралы ақпаратқа, веб-порталға орналастырылатын жосықсыз өнім берушілердің тізілімі мен актілерге кедергісіз және тегін қол жеткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ осындай ақпарат, тізілім мен акті бойынша мәліметтерді барынша кеңінен іздеуді қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етеді.

ІII. Ұлттық режим және оны қамтамасыз ету ерекшеліктері

30. Мүше мемлекеттердің әрқайсысы басқа мүше мемлекеттердің аумақтарынан шығатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты, сондай-ақ осындай тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ұсынатын басқа мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілеріне қатысты сатып алу саласындағы ұлттық режимді қамтамасыз етеді.

31. Мүше мемлекет сатып алу туралы өз заңнамасында белгіленген біржақты тәртіппен ерекше жағдайларда ұлттық режимнен кемінде 2 жыл мерзімге алып қоюдарды белгілеуге құқылы.

32. Мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органы күні бұрын, бірақ осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес, алып қоюды белгілеу туралы актіні қабылдаған күнге дейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша нысанда Комиссияны және әрбір мүше мемлекетті оны қабылдау қажеттігін негіздей отырып, осындай актіні қабылдау ниеті туралы хабардар етеді.

Осындай хабарламаны алған мүше мемлекет тиісті консультациялар жүргізу туралы ұсыныспен, оны жіберген органға жүгіне алады.

Көрсетілген хабарламаны жіберген мүше мемлекет консультациялар жүргізуден бас тарта алмайды.

33. Комиссия осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес мүше мемлекет қабылдаған, алып қоюды белгілеу туралы актінің күшін жою жою қажеттігі туралы шешімді - оны қабылдаған күнінен бастап 1 жыл ішінде қабылдауға құқылы.

Комиссия көрсетілген актінің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешім қабылдаған мүше мемлекет
2 айлық мерзімде осындай актіге тиісті өзгерістер енгізуді (күші жойылды деп тануды) қамтамасыз етеді.

Комиссияның осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес актілерді қабылдау туралы хабарламаларды және олардың күшін жою мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің өтініштерін қарауы, сондай-ақ Комиссияның осындай актілердің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдауы Комиссия айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес қабылданған актінің күшін жою қажеттігі туралы Комиссия шешімі күшіне енген күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, өзіне қатысты көрсетілген шешім шығарылған мүше мемлекет оны орындамаған жағдайда, мүше мемлекеттердің әрқайсысы біржақты тәртіппен осындай мүше мемлекетке ұлттық режимді қолданбауға құқылы. Бұл туралы хабарлама Комиссияға және мүше мемлекеттердің әрқайсысына дереу жіберіледі.

34. Егер мүше мемлекет осы бөлімде көзделген міндеттемелерді орындамаса, басқа мүше мемлекеттер Комиссияға жүгінуге құқылы. Комиссия қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) бұзушылық фактісінің болмауы;

2) бұзушылық фактісін және мүше мемлекеттің анықталған бұзушылықты жою қажеттігін тану.

Егер анықталған бұзушылықты жою қажеттігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, өзіне қатысты осындай шешім шығарылған мүше мемлекет оны орындамаса, басқа мүше мемлекеттердің әрқайсысы біржақты тәртіпте осындай мүше мемлекетке ұлттық режимді қолданбауға құқылы.

Бұл туралы хабарлама Комиссияға және мүше мемлекеттердің әрқайсысына дереу жіберіледі.

ІV. Сатып алуға қатысу кезінде тұлғалардың құқықтары

мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету

35. Мүше мемлекеттердің әрқайсысы сатып алу туралы өз заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды.

36. Сатып алу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету көлемі Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 88-бабымен және осы Хаттамамен және мүше мемлекеттің сатып алу туралы өз заңнамасында анықталады.

37. Сатып алу саласында тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы мүше мемлекет өз заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында, мүше мемлекеттердің әрқайсысы өз заңнамасына сәйкес, сатып алу саласында уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарының болуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, осы функцияларды бір органның орындауына рұқсат беріледі, оның құзыретіне, атап айтқанда, мыналар:

1) сатып алу саласында бақылауды (оның ішінде, тексеру жүргізу арқылы) жүзеге асыру;

2) сатып алу туралы мүше мемлекеттің заңнамасын бұзатын сатып алуды жүзеге асыру кезінде, тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары (электрондық алаңдар) операторларының, веб-порталдар, тауар биржалары операторларының, комиссиялардың және өзге де тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) қатысты шағымдар мен өтініштерді қарау жатады. Бұл ретте, сатып алуға қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғанға дейін жасалған, сатып алуларды жүзеге асыру кезінде, тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары (электрондық алаңдар) операторларының, веб-порталдар, тауар биржалары операторларының, комиссиялардың және өзге де тұлғалардың әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) кез-келген әлеуетті өнім беруші ғана емес, өзге де тұлға сатып алу туралы мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген тәртіпте шағымдануға құқылы;

3) мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ көрсетілген бұзушылықтарды болғызбау бойынша (оның ішінде, орындау үшін міндетті осындай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беру және осындай бұзушылықтар үшін кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту) шаралар қабылдау;

4) жосықсыз өнім берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу жатады.

V. Сатып алу тиімділігін арттыратын және әлеуметтік

функцияларды іске асыруға бағытталған

шараларды қамтамасыз ету

38. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасымен сатып алуды жоспарлау туралы талап белгіленеді.

39. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасында сатып алу тиімділігін арттыратын мынадай нормалар:

1) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге (оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің шекті бағасына) және (немесе) тапсырыс берушілердің функцияларын қамтамасыз етуге нормативтік шығындарына қойылатын талаптарды белгілеу жолымен сатып алуды нормалау;

2) сатып алуға қоғамдық бақылауды және оны қоғамдық талқылауды жүзеге асыру;

3) демпингке қарсы шаралар қолдану;

4) сарапшыларды, сараптамалық ұйымдарды тарту көзделуі мүмкін.

40. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарына, мүгедектер ұйымдарына, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдарға сатып алуды жүзеге асыру кезінде артықшылық белгіленуі мүмкін.

Осындай артықшылық белгілеу туралы ақпаратты тапсырыс беруші сатып алуды жүргізу туралы хабарламада және сатып алу туралы құжаттамада көрсетеді.

41. Құқық қолдану практикасының, ақпаратпен алмасудың неғұрлым өзекті мәселелерін, заңнаманы жетілдіру және үйлестіру, әдістемелік материалдарды бірлесіп әзірлеу проблемаларын талқылауға өзара мүдделік болған кезде, Комиссия сатып алу саласындағы мүше мемлекеттердің уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарымен бірлесіп, мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мәселелері бойынша сарапшылар мен басшылар деңгейлерінде жылына кемінде 3 рет жиналыс өткізеді.

________________

Сатып алуды реттеу тәртібі

туралы хаттамаға

№ 1 қосымша

Конкурсты, баға ұсыныстарын сұратуды (баға белгіленімдерін сұратуды), ұсыныстарды сұратуды, акционды және бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын

талаптар

1. Конкурс электрондық форматта жүргізіледі, оның ішінде электрондық құжат нысанында конкурсқа қатысуға өтінімдер беруді көздейді.

Сатып алу туралы шартты (келісімшартты) орындаудың ең үздік талаптарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады.

Бағалау критерийлерін, сондай-ақ өнім берушіні объективті емес және (немесе) әкімшілендірілмейтін айқындауға әкеп соқтыратын, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау және салыстыру тәртібін белгілеуге жол берілмейді.

2. Конкурс мынадай талаптар ескеріле отырып өткізіледі:

1) конкурстық құжаттаманы бекіту;

2) конкурстық комиссия құрамын бекіту;

3) конкурс өткізу туралы хабарламаны және конкурстық құжаттаманы мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын веб-порталда жариялау (орналастыру). Конкурс өткізу туралы хабарламаға және (немесе) конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізген жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі - енгізілген өзгерістер веб-порталда жарияланған (орналастырылған) күннен бастап конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін мұндай мерзім кемінде күнтізбелік 10 күнді құрайтындай етіп ұзартылуға тиіс. Бұл ретте, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанасын өзгертуге жол берілмейді;

4) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі және мұндай түсіндірулерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 3 күн бұрын веб-порталда жариялау (орналастыру). Сұрау салу бойынша конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру оны алған жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін күнтізбелік
5 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

5) конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық сауда алаңына (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталға электрондық құжат нысанында беру;

6) әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу мақсатында, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін өтінімдерді айқындау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссияның ашуы, қарауы;

7) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашудың және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберудің хаттамаларын веб-порталда жариялау (орналастыру) және әрбір әлеуетті өнім берушіге осындай өтінімдерді ашу, қарау және жіберу нәтижелері туралы конкурстық комиссия тиісті шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру;

8) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған, конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау, салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау және тиісті хаттаманы веб-порталда жариялау (орналастыру), әрбір әлеуетті өнім берушіге осындай бағалау, салыстыру және конкурс жеңімпазын айқындау нәтижелері туралы конкурстық комиссия тиісті шешімдер қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру;

9) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінде және конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарда, конкурс жеңімпазын айқындау туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде 10 жұмыс күнінен кейін және күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу немесе мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған жағдайларда конкурсты өтпеді деп тану. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы  заңнамасында сатып алу туралы шартты (келісімшартты) орындаудың ең үздік талаптарын ұсынған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу қажеттігін негізге ала отырып, тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленеді.

10) конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жариялау (орналастыру) және әрбір әлеуетті өнім берушіге конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия тиісті шешімдер қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру.

3. Біліктілік алдындағы іріктеуді көздейтін конкурсты жүргізу кезінде мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қосымшаның
1 және 2-тармақтарында көрсетілген талаптар қолданылады:

1) конкурс жеңімпазы біліктілік алдындағы іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілер арасынан айқындалады;

2) қосымша талаптар біліктілік алдындағы іріктеуді жүзеге асыру үшін қолданылады және қатысуға өтінімді бағалау критерийі ретінде пайдаланыла алмайды.

4. Мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін.

Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылған конкурстың бірінші кезеңінде тапсырыс берушінің техникалық тапсырмаларына сәйкес әзірленген, әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстары негізінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін сарапшының (сарапшы комиссияның) қалыптастыруы жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылған конкурстың екінші кезеңінде осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көрсетілген талаптар ескеріле отырып, конкурсты жүргізу үшін көзделген іс-шаралар өткізіледі.

5. Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату) тәсілін қолдану үшін, оның ішінде Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамаға № 4 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) шекті бастапқы (ең жоғары) бағасы (сатып алудың бағдарлы құны) айқындалады (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша).

Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату) жеңімпазы деп сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең төмен бағасын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады.

Мүше мемлекеттердің кез келгені баға ұсыныстарын сұратудан (баға белгіленімдерін сұратудан) аукциондарды артықшылықпен өткізуге көшуге ұмтылады.

Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату) тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде веб-порталда, оның мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде, бірақ баға ұсыныстарын сұратуға (баға белгіленімдерін сұратуға) қатысуға өтінімдер беру аяқталатын күнге дейін кемінде 4 жұмыс күні бұрын оның өткізілетіні туралы хабарлама жарияланады (орналастырылады).

Баға ұсыныстарын сұратуды (баға белгіленімдерін сұратуды) жүргізу барысында жасалған комиссия хаттамалары электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жарияланады (орналастырылады) және Баға белгілеу комиссиясы қабылдаған шешімдер туралы хабарламалар әрбір әлеуетті өнім берушіге шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

6. Ұсыныстар сұратуды жүргізу арқылы сатып алу Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамаға № 2 қосымшада көзделген тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты жүзеге асырылуы мүмкін (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша).

Мүше мемлекеттің сатып алу туралы  заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шартты (келісімшартты) орындаудың ең үздік талаптарын ұсынған әлеуетті өнім беруші - ұсыныстар сұратудың жеңімпазы деп танылады.

Ұсыныстар сұратуды жүргізу арқылы сатып алуды өткізу кезінде веб-порталда, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде, бірақ ұсыныстарды сұратуға қатысуға өтінімдер беру аяқталатын күнге дейін кемінде 5 жұмыс күні оның өткізілетіні туралы хабарлама бұрын жарияланады (орналастырылады).

Ұсыныстар сұратуды жүргізу барысында сатып алуды өткізу барысында жасалған комиссия хаттамалары электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жарияланады (орналастырылады) және комиссия қабылдаған шешімдер туралы хабарламалар әрбір әлеуетті өнім берушіге шешімдерді қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

7. Аукциондарға қатысу мақсатында әлеуетті өнім берушілер, егер бұл мүше мемлекеттің сатып алу туралы  заңнамасында көзделген болса, кем дегенде 3 жыл мерзімге веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) міндетті түрде аккредиттелуге жатады.

Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған және аукцион туралы құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58