Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

55. Сот Сотқа өтініш жіберген шаруашылық жүргізу субъектілерінен, мүше мемлекеттің уәкілетті органдары мен ұйымдарынан, сондай-ақ Одақ органдарынан істі қарау үшін қажетті материалдарды сұрата алады.

56. Таратылуы шектеулі ақпаратты Сот Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға, Регламентке және мүше мемлекеттердің зааңнамасына сәйкес ала алады. Сот осындай ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.

57. Сотта істі қарау мамандандырылған сарапшыларды, мамандарды, куәгерлерді және аудармашыларды қоса алғанда, дау тараптарының, өтініш иесінің, олардың өкілдерінің, сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырылады.

58. Істі қарауға қатысушы тұлғалар Регламентке сәйкес процессуалдық құқықтарын пайдаланады және оларға процессуалдық міндеттер жүктеледі.

59. Осы Статуттың 58-тармағында көрсетілген тұлғаларға Сотта істі қарау процесіне қатысуына байланысты барлық айтылған немесе жазылғандарға қатысты әкімшілік, азаматтық және қылмыстық сот жүргізу құқығына иммунитет беріледі.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

60. Егер мүше мемлекет немесе Комиссия дау бойынша шешім оның мүддесін қозғауы мүмкін деп есептесе, онда бұл мүше мемлекет немесе Комиссия іске мүдделі тарап ретінде қатысуға рұқсат беру туралы өтініш бере алады.

61. Сот залалды өтеу туралы талаптарды немесе мүліктік сипаттағы өзге де талаптарды қараусыз қалдырады.

62. Шаруашылық жүргізу субъектісінің Сотқа берген өтінішіне баж салығы салынады.

63. Баж салығын шаруашылық жүргізу субъектісі Сотқа өтініш бергенге дейін төлейді.

64. Сот шаруашылық жүргізу субъектісінің өтінішінде көрсетілген талаптарын қанағаттандырған жағдайда, баж салығы қайтарылады.

65. Төлемнің мөлшері, валютасы, баж салығын пайдалану және қайтару аудару тәртібін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес айқындайды.

66. Істі қарау барысында даудың әрбір тарапы өздерінің сот шығындарын дербес көтереді.

67. Істі қараудың кез келген сатысында тараптар дауды бейбіт келісім жасау, өтініш иесінің өз талаптарынан бас тартуы немесе өтінішін қайтарып алуы арқылы реттеуі мүмкін.

2-бөлім

Түсініктеме беру туралы істерді қарау

68. Түсініктеме беру туралы істерді қарау тәртібі Регламентте айқындалады.

69. Сот түсініктеме беру туралы істерді қарауды судьялардың тәуелсіздігі және алқалылық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

3-бөлім

Сот құрамы

70. Сот істерді Соттың үлкен алқасының, Сот Алқасының және Соттың Аппеляциялық палатасының құрамында қарайды.

71. Осы Статуттың 39-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда Сот дауларды шешу туралы істерді Соттың үлкен алқасының отырыстарында қарайды.

72. Үлкен алқа Регламентте көзделген процедуралық мәселелерді қарайды.

73. Сот түсініктеме беру туралы істерді Соттың үлкен алқасының отырыстарында қарайды.

74. Соттың үлкен алқасының құрамына Соттың барлық судьялары кіреді.

75. Соттың үлкен алқасының сот отырысы оған судьялардың барлығы қатысқан жағдайға заңды деп есептеледі.

76. Сот осы Статуттың 39-тармағының 2-тармақшасында көзделген жағдайларда, Сот Алқасының құрамымен отырыс өткізеді.

77. Сот Алқасының құрамына әрбір мүше мемлекеттен орыс әліпбиінің бірінші әріпінен бастап судьяның фамилиясы бойынша кезекпен бір судьядан енгізіледі.

78. Сот Алқасының сот отырысы, оған әрбір мүше мемлекеттен бір судья қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледі.

79. Сот, Сот Алқасының шешімдеріне шағымдану туралы өтініштерді қараған кезде, Соттың Аппеляциялық палатасының құрамымен отырыс өткізеді.

80. Соттың Аппеляциялық палатасының құрамына, ол бойынша Сот Алқасының шешімі шағымдалып жатқан істі қарауға қатыспаған мүше мемлекеттерден Сот судьялары кіреді.

81. Соттың Аппеляциялық палатасының сот отырысы, оған әрбір мүше мемлекеттен бір судья қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледі.

VІ ТАРАУ. Мамандандырылған топтар

82. Мәні өнеркәсіптік субсидияларды, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері болып табылатын нақты дау қаралған кезде, мамандандырылған топ құрылады.

83. Мамандандырылған топ даудың тиісті түрі бойынша әрбір мүше мемлекет ұсынған тізімнің біреуі бойынша үш сарапшыдан тұрады.

84. Мамандандырылған топтың құрамын Сот бекітеді.

85. Іс қаралғаннан кейін мамандандырылған топ таратылады.

86. Мүше мемлекеттер, күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей, Шарт күшіне енген соң, осы Статуттың 82-тармағында көрсетілген даулардың әрбір түрі бойынша мамандандырылған топтардың мүшелері бола алатын және мүше ретінде сөйлей алатын кемінде үш сарапшыдан тұратын тізімдерді Сотқа жібереді.

Мүше мемлекеттер сарапшылардың тізімдерін тұрақты түрде, бірақ жылына бір реттен жиі емес жаңартып отырады.

87. Осы Статуттың 82-тармағында көрсетілген даулардың мәнін құрайтын мәселелер бойынша арнайы білімі мен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар болып табылатын жеке тұлғалар сарапшылар болады.

88. Сарапшылар дау ісіне өзіне тән жеке қасиетімен қатысады, тәуелсіз әрекет етеді, сондай-ақ дау тарапының біреуімен де байланысы болмайды және олардан қандай да бір нұсқаулықтар ала алмайды.

89. Сарапшы, мүдделер қақтығысының болуы орын алған жағдайда, мамандандырылған топтың мүшесі ретінде дау ісіне қатыса алмайды.

90. Мамандандырылған топ істің нақты мән-жайларын объективті бағалауды қамтитын қорытындыны дайындап, оны Регламентпен белгіленген мерзімде Сотқа ұсынады.

91. Осы Статуттың 92-тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, мамандандырылған топтың қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие және Сот осы Статуттың тармақтарында көзделген шешімдердің біреуі шығарылған кезде, оны бағалайды.

92. Мәні өнеркәсіптік субсидияларды немесе ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мәселелері болып табылатын дау бойынша дайындалған мамандандырылған топтың қорытындысы бұзушылықтың бар екендігі немесе жоқтығы, сондай-ақ бұзушылық болған жағдайда, тиісті өтемақылық шараларды қолдану туралы тұжырымды қамтуы тиіс.

Мамандандырылған топтың бұзушылықтың бар екендігі немесе жоқтығы туралы тұжырымы бөлігінде мамандандырылған топтың қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие және Сот осы Статуттың тармақтарында көзделген шешімдердің біреуі шығарылған кезде, оны бағалайды.

Тиісті өтемақылық шараларды қолдану туралы тұжырым бөлігінде мамандандырылған топтың қорытындысы Сот үшін шешім шығарылған кезде міндетті болып табылады.

93. Мамандандырылған топты қалыптастыру мен оның қызметінің тәртібі Регламентпен айқындалады.

94. Мамандандырылған топтар сарапшылары көрсететін қызметтерге ақы төлеу тәртібін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес айқындайды.

VІІ ТАРАУ. Сот актілері

95. Регламентте белгіленген мерзімде, Сот қызметінің рәсімдік мәселелері бойынша Сот:

1) іс жүргізуге берілген өтінішті қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы;

2) іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе қайта қалпына келтіру туралы;

3) іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыларды қоса алғанда, қаулылар қабылдайды.

96. Өтініш түскен түскен күннен бастап 90 күннен кеш емес мерзімде, Сот даудың қаралу нәтижелері бойынша шешім шығарады, түсіндіру туралы өтініш бойынша консультативтік қорытынды ұсынады.

97. Шешім шығару мерзімі Регламентте көзделген жағдайларда ұзартылуы мүмкін.

98. Түсіндіру туралы өтініш бойынша консультативтік қорытынды ұсынымдық сипатқа ие.

99. Осы Статуттың 39-тармағының 1-тармақшасында көзделген дауларды қарау нәтижелері бойынша Сот тараптардың дауды орындауы үшін міндетті болып табылатын шешім шығарады.

100. Осы Статуттың 39-тармағының 2-тармақшасында көзделген дауларды қарау нәтижелері бойынша Сот Комиссияның орындауы үшін міндетті болып табылатын шешім шығарады.

101. Сот шешімі өтініште көрсетілген мәселелер шеңберінен шыға алмайды.

102. Сот шешімі Одақтың қолданыстағы құқық нормаларын, мүше мемлекеттердің заңнамасын өзгертпейді және (немесе) жоймайды және жаңаларын жасамайды.

103. Осы Статуттың тармақтарының ережелеріне залал келтірмей, дау тараптары Сот шешімін орындау нысаны мен тәсілін өз бетінше айқындайды.

104. Мүше мемлекеттің Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа сәйкес келетіндігі жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Соттың Үлкен алқасы мынадай шешімдердің біреуін:

1) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа сәйкес келмейтіндігі туралы;

2) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа сәйкес келетіндігі туралы шешім шығарады.

105. Мүше мемлекеттің басқа мүше мемлекеттің (басқа мүше мемлекеттердің) Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін, сондай-ақ көрсетілген халықаралық шарттардың және (немесе) шешімдердің жекелеген ережелерін сақтауы өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Соттың Үлкен алқасы мынадай шешімдердің біреуін:

1) мүше мемлекеттің (мүше мемлекеттердің) Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін, сондай-ақ көрсетілген халықаралық шарттардың және (немесе) шешімдердің жекелеген ережелерін сақтау фактін анықтау туралы;

2) мүше мемлекеттің (мүше мемлекеттердің) Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін, сондай-ақ көрсетілген халықаралық шарттардың және (немесе) шешімдердің жекелеген ережелерін сақтамау фактін анықтау туралы шешім шығарады.

106. Мүше мемлекеттің Комиссия шешімінің немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Одақ органдарының шешімдеріне сәйкес келуі жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Соттың Үлкен алқасы мынадай шешімдердің біреуін:

1) Комиссия шешімінің немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Одақ органдарының шешімдеріне сәйкес келмейтіндігі туралы;

2) Комиссия шешімінің немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Одақ органдарының шешімдеріне сәйкес келетіндігі туралы шешім шығарады.

107. Мүше мемлекеттің Комиссияның іс-қимылын (әрекетсіздігін) даулау жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Соттың Үлкен алқасы мынадай шешімдердің біреуін:

1) дауланған іс-қимылдың (әрекетсіздіктің) Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейтіндігі туралы;

2) дауланған іс-қимылдың (әрекетсіздіктің) Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келетіндігі туралы шешім шығарады.

108. Шаруашылық жүргізуші субъектінің Комиссия шешімінің немесе оның кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласында шаруашылық жүргізуші субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын жекелеген ережелерінің Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келуі жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша, егер мұндай шешім немесе оның жекелеген ережелері Шарт және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар ұсынған шаруашылық жүргізуші субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келсе, Сот Алқасы мынадай шешімдердің біреуін:

1) Комиссия шешімін немесе оның жекелеген ережелерін Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келеді деп тану туралы;

2) Комиссия шешімін немесе оның жекелеген ережелерін Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді деп тану туралы шешім шығарады.

109. Шаруашылық жүргізуші субъектінің Комиссияның іс-қимылын (әрекетсіздігін) даулау жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Сот Алқасы мынадай шешімдердің біреуін:

1) Комиссияның дауланған іс-қимылы (әрекетсіздігі) Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді және кәсіпкерлік пен өзге де экономикалық қызмет саласында шаруашылық жүргізуші субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзады деп тану туралы;

2) Комиссияның дауланған іс-қимылы (әрекетсіздігі) Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келеді және кәсіпкерлік пен өзге де экономикалық қызмет саласында шаруашылық жүргізуші субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды деп тану туралы шешім шығарады.

110. Шаруашылық жүргізуші субъектінің Сот Алқасының шешіміне шағымдану жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Соттың Апелляциялық палатасы мынадай шешімдердің біреуін:

1) Сот Алқасының шешімін өзгеріссіз қалдыру, шағымдану туралы өтінішті қанағаттанғысыз қалдыру туралы;

2) Сот Алқасының шешімін толығымен жою немесе ішінара жою туралы немесе Сот Алқасының шешімін өзгертіп, осы Статуттың 108 және 109-тармақтарына сәйкес іс бойынша жаңа шешім шығару туралы шешім шығарады.

111. Сот Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді деп таныған Комиссия шешімінің немесе оның жекелеген ережелерінің қолданылуы Комиссия Соттың осы шешімін орындағанға дейін Соттың тиісті шешімі күшіне енгеннен кейін жалғасады.

Сот Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді деп таныған Комиссия шешімін немесе оның жекелеген ережелерін орынды мерзімде, бірақ Сот шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен аспайтын мерзімде, егер Сот шешімінде өзге мерзім белгіленбесе, Комиссия Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкестендіреді.

Сот өз шешімінде Шарттың және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың ережелерін ескере отырып, Комиссия шешімін Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкестендіру үшін өзге мерзім белгілей алады.

112. Дауласушы тараптың негізделген өтініші болған жағдайда, Сот Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді деп таныған Комиссия шешімінің немесе оның жекелеген ережелерінің қолданылуы Соттың мұндай шешімі күшіне енген күннен бастап Соттың шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.

113. Комиссия орынды мерзімде, бірақ Сот шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен аспайтын мерзімде, егер Сот шешімінде өзге мерзім белгіленбесе, Сот Комиссияның дауланған іс-қимылы (әрекетсіздігі) Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді және Комиссияның мұндай іс-қимылы (әрекетсіздігі) Шартта және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған деп белгілеген, күшіне енген Сот шешімін орындауға міндетті.

114. Сот шешімі орындалмаған жағдайда, мүше мемлекет оны орындаумен байланысты қажетті шаралар қабылдау мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске жүгінуге құқылы.

115. Комиссия Сот шешімін орындамаған жағдайда, шаруашылық жүргізуші субъект оны орындаумен байланысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен Сотқа жүгінуге құқылы.

Сот шаруашылық жүргізуші субъектінің өтініші бойынша ол түскен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске осы мәселе бойынша шешім қабылдауы үшін жүгінеді.

116. Сот актілері Соттың ресми бюллетенінде және Соттың ресми интернет-сайтында жариялауға жатады.

117. Іс бойынша тараптардың негізделген өтініші бойынша Сот шешімін, оның мәні мен мазмұнын өзгертпей, Соттың өзі ғана түсіндіре алады.

VIII ТАРАУ. Қорытынды ережелер

118. Судьялар, лауазымды тұлғалар, Сот қызметкерлері, іске қатысушы тұлғалар, мамандандырылған топтардың сарапшылары істі қарау процесінде алған ақпараттарын, осындай ақпаратты ұсынған тұлғаның жазбаша келісімінсіз, үшінші тұлғаларға жария етпейді және бермейді.

119. Таралуы шектеулі ақпаратты пайдалану және қорғау тәртібі Регламентпен айқындалады.

120. Сот жыл сайын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске өз қызметі туралы есеп береді.

________________

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 3 ҚОСЫМША

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі

ақпараттық өзара іс-қимыл туралы

ХАТТАМА

1. Осы Хаттама ақпараттық өзара іс-қимылдың негіз қалаушы қағидаттарын айқындау және оның Одақ шеңберінде жүзеге асырылуын үйлестіру, сондай-ақ интеграцияланған ақпараттық жүйе құру және дамыту тәртібін айқындау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 23-бабына сәйкес әзірленді.

2.Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«электрондық құжаттың қағаз көшірмесі» – мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі электрондық құжаттың көшірмесі;

«сенім білдірілген үшінші тарап» – мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес электрондық құжатқа қол қойған тұлғаға қатысты тіркелген уақытта электрондық құжаттарға электрондық цифрлық қол қойылғанын тексеру қызметін жүзеге асыру құқығы берілген ұйым;

«мүше мемлекеттің ұлттық сегментіне тапсырыс беруші» – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын мүше мемлекеттің ұлттық сегментін құру, дамыту және пайдалану жөніндегі жұмыстардың тапсырыс берушісі мен ұйымдастырушысының функцияларын орындайтын мүше мемлекеттің мемлекеттік органы;

«ақпаратты қорғау» – ақпараттық өзара іс-қимыл субъектілері үшін қабылданбайтын тәуекелдерді болдырмау және барынша азайту мақсатында ақпараттың және оны өңдеу құралдарының құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін айқындау, оларға қол жеткізу және қолдау жөніндегі құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін қабылдау және іске асыру;

«Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі» – аумақтық жағынан бөлінген мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің, мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерімен және Комиссияның интеграциялық сегментімен біріктірілетін Комиссияның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарының ұйымдастырылған жиынтығы;

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58