Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
33. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы бөліммен реттелетін жұмыстардың, қызметтердің бірнеше түрлерін орындаған, көрсеткен жағдайда және бір жұмыстарды, қызметтерді өткізу басқа жұмыстардың, қызметтердің өткізілуіне қатысты қосалқы сипатта болған жағдайда, онда негізгі жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны қосалқы жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 19 ҚОСЫМША
Бәсекелестіктің жалпы
қағидаттары мен қағидалары туралы
ХАТТАМА
І. Жалпы ережелер
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) XVIII бөліміне сәйкес әзірленген және оның қолданылу ерекшеліктерін, екі және одан көп мүше мемлекеттердің аумағындағы трансшекаралық нарықтарда (бұдан әрі - трансшекаралық нарық), бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын Комиссияның мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимылын қоса алғанда, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін, бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы қағидаттарын айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеуді енгізу және мүше мемлекеттердің оны енгізу туралы шешімдерін даулау тәртібін айқындайды.
2. Осы Шартта пайдаланатын, сондай-ақ Шарттың XVIII бөлімінің мақсаттары үшін келесі терминдер мынаны білдіреді:
1) «сатылас келісім» – бірі тауарды сатып алатын немесе оның ықтимал сатып алушысы болып табылатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның ықтимал сатушысы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасындағы келісім;
2) «өзара алмастыратын тауарлар» – өзінің функционалдық арналымы, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы және басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын, осылайша сатып алушы тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) бір тауарды екіншісімен шынайы алмастыратын немесе алмастыруға дайын болатын тауарлар;
3) «мемлекеттік баға реттеу» – мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бағалар (тарифтер), бағаларға (тарифтерге) үстемелер, ең жоғары немесе ең төмен бағалар (тарифтер), бағаларға (тарифтерге) ең жоғары немесе ең төмен үстемелерді мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілеуі;
4) «мемлекеттік немесе муниципалды преференция» – мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының көрсетілген органдардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдардың немесе ұйымдардың жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) мемлекеттік немесе муниципалдық мүлікті, азаматтық құқықтардың өзге де объектілерін беру жолымен немесе мүліктік жеңілдіктер, мемлекеттік не муниципалдық кепілдіктер беру жолымен оларға қызметтің аса тиімді жағдайларын қамтамасыз ететін артықшылықтарды беруі;
5) «тұлғалар тобы» – мынадай белгілердің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы:
егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға өзінің осы шаруашылық қоғамға (серіктестікке, шаруашылық әріптестікке) қатысу күші болса не алынған, оның ішінде жазбаша келісім негізінде басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы шаруашылық қоғамның (серіктестіктің, шаруашылық әріптестіктің) жарғылық (қалыптаспа) капиталындағы дауыс беру акцияларына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50 пайызынан астамына ие болса, шаруашылық қоғам (серіктестік, шаруашылық әріптестік) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) жеке-дара атқарушы органының функциясын жүзеге асырса, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) құрылтай құжаттары немесе осы шаруашылық жүргізуші субъектісімен (нарық субъектісімен) жасалған шарттар (келісімдер) негізінде осы шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) орындау үшін міндетті тапсырмалар беруге құқылы болса, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
алқалық атқарушы органның және (немесе) директорлар кеңесінің (байқаушы кеңестің, қор кеңесінің) сандық құрамының 50 пайыздан астамын белгілі бір жеке тұлғалар құрайтын шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері);
жеке тұлға, оның жұбайы-зайыбы, ата-аналары (оның ішінде бала асырап алушылар), балалары (оның ішінде асырап алынғандар), аға-інілері мен апа-сіңлілері;
тұлғаның әрқайсысы осы тармақтың екінші - алтыншы абзацтарында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша сол бір ғана тұлғамен топқа кіретін, сондай-ақ басқа да тұлғалар осындай тұлғалардың кез келгенімен осы тармақтың екінші - алтыншы абзацтарында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша топқа кіретін тұлғалар;
егер тұлғалар өзінің осы шаруашылық қоғамға (серіктестікке) бірлесіп қатысуына орай немесе басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы шаруашылық қоғамның (серіктестіктің, шаруашылық әріптестіктің) жарғылық (қалыптаспа) капиталындағы дауыс беру акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50 пайызынан астамына ие болса, осы тармақтың екінші - жетінші абзацтарында көрсетілген қандай да бір белгілер бойынша бір тұлғалар тобына кіретін шаруашылық қоғам (серіктестік, шаруашылық әріптестік), жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
Тұлғалар тобы біртұтас шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) ретінде қарастырылады, ал Шарттың XVIII бөлімінің және осы хаттаманың шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) қатысты ережелері, осы Хаттамада көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлғалар тобына қолданылады.
Мүше мемлекеттердің заңнамасында мүше мемлекеттер аумағында бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру мақсатында «тұлғалар тобы» деген анықтама нақтылануы, оның ішінде бір тұлғаның акцияларын (үлестерін) екінші тұлғаның жарғылық (қалыптаспа) капиталында иелік ету (қатысу) мөлшерінің мәні бөлігінде нақтылануы мүмкін, мұндай кезде тұлғалар тобы мұндай иелік етуді (қатысуды) таниды;
6) «кемсітушілік шарттары» – осы Шартта және/немесе барлық мүше мемлекеттердің басқа да халықаралық шарттарында көзделген талаптарды, шектеулерді және ерекшеліктерді ескере отырып, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) екінші шаруашылық жүргізуші субъектісімен (нарық субъектісімен) немесе басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілермен (нарық субъектілерімен) салыстырғанда тең емес жағдайға қойылған кезде тауар нарығына кіру шарты, тауарларды өндіру, айырбастау, тұтыну, сатып алу, сату, өзге де беру шарттары;
7) «үстем жағдай» – тиісті тауар нарығында осы шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) (тұлғалар тобына) не осы шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) (тұлғалар топтарына) тиісті тауар нарығында тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі шешуші ықпал етуге және (немесе) басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді (нарық субъектілерін) осы тауар нарығынан жоюға және (немесе) басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) осы тауар нарығына кіруін қиындатуға мүмкіндік беретін белгілі бір тауар нарығындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) не шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар топтарының) жағдайы;
8) «бәсекелестік» – шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) әрқайсысының дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты тіртіппен ықпал ету мүмкіндігі жойылатын немесе шектелетін жарыспалылығы;
9) «құпия ақпарат» – мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес мемлекеттік құпияға (мемлекеттік құпияларға) жататын ақпаратты қоспағанда, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерімен қорғалатын ақпараттың барлық түрлері;
10) «экономикалық қызметті үйлестіру» – шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) іс-қимылдарын мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ешбірімен бір тұлғалар тобына кірмейтін және шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) келісілген іс-қимылдары жүзеге асырылатын тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғамен келісу;
11) «жанама бақылау» – араларында тікелей бақылау бар заңды тұлға немесе бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімді заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі;
12) «монополиялық жоғары баға» – егер осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан, Одақ немесе оның шегінен тыс жерлердегі аумақта мұндай нарық болған кезде тауарды сатып алушылар немесе сатушылар құрамы, тауар айналымының шарттары, тауар нарығына кіру шарттары, салық салу және кедендік-тарифтік реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу бойынша тауар нарығындағы (бұдан әрі - салыстырмалы тауар нарығы) бәсекелестік жағдайларда қалыптасқан бағадан асып кетсе, үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) белгілеген баға. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған осындай тауар тарифі шегінде табиғи монополия субъектісі белгілеген баға монополиялық жоғары баға болып танылмайды;
13) «монополиялық төмен баға» – егер осы баға нақты немесе осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан, Одақ немесе оның шегінен тыс жерлердегі аумақта мұндай нарық болған кезде салыстырмалы тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайда қалыптасқан бағадан төмен болса, үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) белгілеген баға;
14) «жосықсыз бәсеке» – мүше мемлекеттердің заңнамасына іскерлік айналым дәстүріне, қайырымдылық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келетін және басқа бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар топтарының) кәсіпкерлік қызметтегі артықшылықтарды иеленуге бағытталған кез келген іс-әрекеті;
15) «бәсекелестікті шектеу белгілері» – тауар нарығында бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) санын қысқарту, тауар нарығында тауар айналымының өзге де жалпы жағдайының тиісінше өзгерістеріне байланысты тауар бағаларының өсуі немесе төмендеуі, бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы дербес іс-қимылынан бас тартуы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) арасындағы келісіммен немесе олардың орындауы үшін міндетті өзге тұлғаның тапсырмаларына сәйкес не бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы өз іс-қимылдарын келісу нәтижесінде тауар нарығында тауар айналымының жалпы жағдайын айқындау, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) бір жақты тәртіппен тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайына әсер етуге мүмкіндік беретін өзге де мән-жайлар;
16) «тікелей бақылау» – заңды немесе жеке тұлғаның мынадай бір немесе бірнеше іс-қимылдар:
оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;
заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;
заңды тұлғаның жарғылық (қалыптаспа) капиталын құрайтын акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50-ден астам пайызына иелік ету арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі;
17) «келісім» – құжатта немесе бірнеше құжаттарда қамтылған жазбаша нысандағы уағдаластық, сондай-ақ ауызша нысандағы уағдаластық;
18) «тауар» – сатуға, айырбастауға және айналымға өзге де енгізуге арналған азаматтық құқықтар объектісі (оның ішінде жұмыс, қаржы қызметін қоса алғанда, қызмет);
19) «тауар нарығы» – экономикалық, техникалық немесе өзге мүмкіндіктерге не орындылықты негізге ала отырып, шекараларында (оның ішінде географиялық) сатып алушы тауар сатып ала алатын және мұндай мүмкіндік не орындылық оның шегінен тыс жерлерде жоқ, басқа тауармен алмастырылмайтын немесе бірін-бірі алмастыратын тауар айналымының саласы;
20) «шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі)» – өзіне табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым немесе коммерциялық емес ұйым, дара кәсіпкер, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кәсіби табыс әкелетін қызметі мемлекеттік тіркелуге және (немесе) лицензиялануға тиіс жеке тұлға;
21) «экономикалық шоғырлану» – мәмілелер, жүзеге асырылуы бәсекелестіктің жай-күйіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін өзге де іс-әрекет.
3. Шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайы мынадай мән-жайларды талдауды негізге ала отырып, белгіленеді:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үлесі және оның бәсекелестері мен сатып алушыларының үлестерімен арақатынасы;
2) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) біржақты тәртіппен тауар бағасының деңгейін айқындау және тиісті тауар нарығында тауар өткізудің жалпы жағдайына шешуші ықпал ету мүмкіндігі;
3) тауар нарығына кіру үшін экономикалық, технологиялық, әкімшілік немесе өзге де шектеулердің болуы;
4) жұмыс істеу кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) тауар нарығында тауар айналымының жалпы жағдайына шешуші ықпал ету мүмкіндігі.
4. Мүше мемлекеттердің заңнамасында шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайын танитын өзге де (қосымша) шарттар белгіленуі мүмкін.
Трансшекаралық нарықтағы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайын Комиссияның шешімімен бекітілетін Трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне сәйкес Комиссия белгілейді.
II. Келісімдер мен алып қоюға жол берушілік
5. Шарттың 76-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген келісімдер, сондай-ақ Шарттың 75-бабының 3-тармағында белгіленген салдарларға әкеп соғуы мүмкін бірлескен қызмет туралы шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) келісімдері, егер олар шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) осы келісімдердің мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болып табылатын шектеулер қоймаса және тиісті тауар нарығында бәсекелестікті жою үшін мүмкіндік жасамаса және егер шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері), мұндай келісімдер өз нәтижесінде:
1) тауарлар өндіруді (өткізуді) жетілдіруге немесе техникалық (экономикалық) прогреске ынталандыруға не әлемдік тауар нарығында мүше мемлекеттердің тауар өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
2) тиісті тұлғалардың мұндай іс-қимылдарды жасаудан иеленетін артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлігін тұтынушылардың алуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін деп дәлелдесе жарамды деп танылуы мүмкін.
6. Егер:
1) мұндай келісім коммерциялық концессияның шарттары болып табылса;
2) мұндай келісімнің қатысушысы болып табылатын, «сатылы» келісімнің нысанасы болып табылатын әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үлесі тауардың тауар нарығында жиырма пайыздан аспаса, «сатылы» келісімге жол беріледі.
7. Шарттың 76-бабының 3 – 6-баптарының ережелері, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) бірінің оларды бір уақытта орындауына жол берілмейтін қызмет түрлерін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші нарық субъектілері (нарық субъектілері) арасындағы келісімдерді қоспағанда, егер бір шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) екінші шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) қатысты тікелей немесе жанама бақылау белгілеген болса не егер мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) бір тұлғаның тікелей және жанама бақылауында болса, бір тұлғалар тобына кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы келісімге қолданылмайды.
III. Бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау
8. Мүше мемлекеттердің аумағында мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің), сондай-ақ мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын жеке тұлғаларының және коммерциялық емес ұйымдарының Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесуді мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асырады.
9. Жолын кесуді мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асыратын трансшекаралық қаржы нарықтарында бәсекелестікке теріс әсер ететін бұзушылықтарды қоспағанда, егер мұндай бұзушылық трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болса, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің), сондай-ақ мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын жеке тұлғаларының және коммерциялық емес ұйымдарының Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесуді Комиссия жүзеге асырады.
10. Комиссия:
1) трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілерінің болуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарайды, оның ішінде қажетті тексерулерді жүргізеді;
2) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің), мүше мемлекеттердің билік органдарының, жеке тұлғалардың өтініштері негізінде немесе өз бастамасы бойынша трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы іс қозғайды және қарайды;
3) ұйғарымдар шығарады, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) орындауы үшін міндетті, оның ішінде Шарттың XVIII бөлімінде және осы Хаттамада көзделген жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) санкциялар қолдану туралы, бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуын тоқтатуға, бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар жасау туралы, бәсекелестіктің пайда болуына кедергі болып табылатын және (немесе) Шарттың XVIII бөлімінде және осы Хаттамада көзделген жағдайларда трансшекаралық нарықта бәсекелестікті шектеуге, жоюға және бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына алып келуі мүмкін іс-қимылдарға жол бермеу туралы шешімдер қабылдайды;
4) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарынан, өзін өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдарынан немесе ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғаларынан трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауға бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты, оның ішінде құпия ақпаратты сұратады және алады;
5) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей Жоғары кеңеске трансшекаралық тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және ондағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзылуының жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы жылдық есепті жібереді және мақұлданған есептіОдақтың Интернет желісіндегі ресми сайтына орналастырады;
6) бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау бойынша қабылданған шешімді Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында орналастырады;
7) Шарттың XVIII бөлімінің және осы Хаттаманың ережелерін іске асыру үшін қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11. Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы тергеулерді жүргізу, сондай-ақ трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібін Комиссия бекітеді. Бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылғаны туралы істерді қарау мақсаттары үшін Комиссия жүргізген бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері, құпия ақпаратты қоспағанда, істі қарау нәтижелері бойынша қабылданатын Комиссия шешіміне қосылуға тиіс.
Сондай-ақ Шарттың XVIII бөлімінің ережелерін және осы Хаттаманы іске асыру үшін қажетті, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсаттары үшін Комиссия:
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


