Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
6) тасымалдаушылардың коммерциялық (қызметтік) құпиясын құрайтын, инфрақұрылым қызметтерін көрсету барысында инфрақұрылым операторына белгілі болған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуге;
7) қажетті техникалық құралдарды жарамды жағдайда күтіп-ұстауға және пойыздар қозғалысында табиғи немесе техногендік аварияларға байланысты туындаған үзілістердің алдын алу және оларды жою бойынша шаралар қабылдауға;
8) шартта және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
ҮІІ. Дауларды шешу тәртібі
34. Осы Қағидаларды іске асыру кезінде немесе қызметтер көрсету барысында тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
35. Тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы келіссөздер барысында өзара келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда, барлық даулар мен келіспеушіліктер аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекетің заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде
теміржол көлігінің инфрақұрылымдық қызметтерін
көрсету қағидаларына
қосымша
Теміржол көлігінің инфрақұрылымдық көрсетілетін
қызметтерінің тізбесі
Р/с № | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы* | Ресей Федерациясы** |
1 | Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, пойыздардың қозғалысын (жүріп өтуін) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау | Инфрақұрылымды беру және пойыздардың қозғалысын (жүріп өтуін) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау | Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, пойыздардың қозғалысын (жүріп өтуін) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау |
2 | Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, маневрлік қозғалыстар үшін қажетті жұмыстарды орындау | Инфрақұрылымды беру және маневрлік қозғалыстар үшін қажетті жұмыстарды орындау | Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, маневрлік қозғалыстар үшін қажетті жұмыстарды орындау |
3 | Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің, багаждың және жүк-багаждың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және коммерциялық бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметтер | --- | Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және коммерциялық бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
* Оның ішінде Ресей Федерациясының аумағындағы Қазақстан Республикасына тиесілі инфрақұрылым учаскелері үшін;
** Оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы Ресей Федерациясына тиесілі инфрақұрылым учаскелері үшін.
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 25 ҚОСЫМША
Сатып алуды реттеу тәртібі туралы
ХАТТАМА
І. Жалпы ережелер
1. Сатып алуды реттеу туралы ХАТТАМА Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XVII бөліміне сәйкес әзірленген және сатып алуды реттеу тәртібін айқындайды.
2. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 88-бабында және осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
«веб-портал» – сатып алу туралы ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай орнын беретін Интернет желісіндегі мүше мемлекеттің бірыңғай ресми сайты;
«тапсырыс беруші» – мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, бюджеттік ұйым (оның ішінде мемлекеттік (муниципалдық) мекемелер), сондай-ақ мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасында айқындалған жағдайларда, осы заңнамаға сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын өзге де тұлғалар. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында қызметі осы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастырушыны құру (жұмыс істеуі) көзделуі мүмкін. Бұл ретте, сатып алуды ұйымдастырушыға тапсырыс берушінің сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу жөніндегі функцияларын беруге жол берілмейді;
«сатып алу» – мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу, бұл арқылы тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы және мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, бюджет қаражаты, сондай-ақ өзге қаражат есебінен өзге де сатып алу, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) орындауға байланысты қатынастар түсініледі;
«сатып алу туралы ақпарат» – сатып алуды жүргізу туралы хабарлама, сатып алу туралы құжаттама (оның ішінде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жобасы), осындай хабарламаларға, құжаттамаға енгізілетін өзгерістер, сатып алу туралы құжаттаманы түсіндіру, сатып алу процесінде жасалған хаттамалар, сатып алу рәсімінің нәтижесі туралы мәліметтер, сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) және осындай шарттарға жасалған қосымша келісімдер туралы мәліметтер, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалу нәтижесі туралы мәліметтер, мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарына шағымдардың түсуі туралы, олардың мазмұны және осындай шағымдарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер туралы, осындай органдар берген нұсқамалар туралы мәліметтер. Сатып алу туралы ақпарат веб-порталға міндетті түрде орналастыруға жатады;
«ұлттық режим» – әрбір мүше мемлекет сатып алу мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің аумақтарынан шығарылатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге, осындай тауарларды ұсынатын, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілеріне және мүше мемлекеттердің өнім берушілеріне ұлттық тауарларына, жұмыстарына және көрсетілетін қызметтеріне, сондай-ақ осындай тауарларды ұсынатын, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өз мемлекетінің өнім берушілеріне ұсынылатын режимнен кем емес қолайлы режимді қамтамасыз етеді деп көздейтін режим. Тауардың шығарылған елі Одақтың кедендік аумағында қолданылатын, тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады;
«электрондық сауда алаңының (электрондық алаң) операторы» – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес электрондық сауда алаңына (электрондық алаңға), оның жұмыс істеуі үшін қажет бағдарламалық-аппараттық құралдарға иелік ететін және (немесе) оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
«өнім беруші» – өнім беруші, орындаушы не мердігер болып табылатын және сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасалған тұлға;
«әлеуетті өнім беруші» – кез келген заңды тұлға немесе кез келген жеке тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер);
«электрондық сауда алаңы (электрондық алаң)» – электрондық форматта сатып алу жүргізу үшін мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған Интернет желісіндегі сайт. Бұл ретте, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында электрондық сауда алаңы (электрондық алаң) веб-портал болып табылады деп белгіленуі мүмкін, сондай-ақ электрондық сауда алаңдарының (электрондық алаңдардың) шектеулі саны айқындалуға тиіс;
«электрондық сатып алу форматы» – Интернет желісін, веб-порталды және (немесе) электрондық сауда алаңын (электрондық алаңды), сондай-ақ бағдарламалық-аппараттық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі.
3. Осы Хаттаманы қолдану кезінде, егер мүше мемлекет заңнамасының ережелерінен осы Хаттамада белгіленгеннен өзге мағына болмаса, мүше мемлекеттің заңнамасын осы Хаттамаға сәйкес келтіру талап етілмейді.
IІ. Сатып алу саласына қойылатын талаптар
4. Мүше мемлекеттерде сатып алу мынадай тәсілдермен жүргізіледі:
ашық конкурс, ол атап айтқанда, өткізу кезеңдерін және алдын ала біліктілік іріктеуді көздеуі мүмкін (бұдан әрі – конкурс);
баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату);
ұсыныстарды сұрату (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе);
ашық электрондық аукцион (бұдан әрі – аукцион);
биржалық сауда-саттық (егер бұл мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында көзделсе);
бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алу.
Мүше мемлекеттер конкурсты және аукционды электрондық форматта ғана өткізуді қамтамасыз етеді және сатып алудың басқа тәсілдерін жүзеге асыру кезінде электрондық форматқа көшуге ұмтылады.
5. Конкурс өткізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 1 – 4-тармақтарында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
6. Баға ұсыныстарын сұратуды (баға белгіленімдерін сұратуды) жүргізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 1 қосымшаның
5-тармағында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
7. Ұсыныстарды сұратуды жүргізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 6-тармағында көзделген талаптар ескеріле отырып, осы Хаттамаға № 2 қосымшада көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер бұл мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленсе, осы Хаттамаға № 3 қосымшаның 10, 42, 44, 47, 59 және 63-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
8. Аукцион жүргізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 4 қосымшаға сәйкес, осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 7 және
8-тармақтарында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Мүше мемлекет сатып алу туралы өз заңнамасында аукцион өткізу арқылы сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің неғұрлым ауқымды тізбесін белгілеуге құқылы.
9. Тауар биржасында биржа тауарларын (оның ішінде, осы Хаттамаға № 4 қосымшада көзделген тауарларды) сатып алу жүзеге асырылуы мүмкін.
Мүше мемлекет өз заңнамасында сатып алу жүзеге асырылуы мүмкін тауар биржаларын айқындауға құқылы.
10. Бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алу осы Хаттамаға № 3 қосымшада көзделген жағдайларда, осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 10-тармағында көрсетілген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Мүше мемлекет сатып алу туралы өз заңнамасында осы Хаттамаға № 3 қосымшада көзделген тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін қысқартуға құқылы.
11. Мүше мемлекет біржақты тәртіппен сатып алу туралы өз заңнамасында сатып алуды өткізу аяқталғанға дейін әлеуетті өнім берушілер туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау қажеттілігіне байланысты сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін, сондай-ақ ерекше жағдайларда 2 жылдан аспайтын мерзімге - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін белгілеуге құқылы.
Осындай ерекшеліктерді белгілеуге қатысты шешімдер осы Хаттаманың 32 – 34-тармақтарында көзделген тәртіппен қабылданады.
12. Тапсырыс беруші сатып алуды дербес не сатып алуды ұйымдастырушының қатысуымен жүзеге асырады (егер мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алуды ұйымдастырушының жұмыс істеуі көзделген болса).
13. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында жосықсыз өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу көзделуге тиіс, оған:
сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер туралы;
олармен жасасқан сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы;
орындау барысында өнім беруші сатып алу туралы құжаттамада белгіленген әлеуетті өнім берушілерге (өнім берушілерге) қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні немесе оның жеңімпаз болуына мүмкіндік берген, осындай талаптарға сәйкес келетіні туралы анық емес ақпарат бергені анықталса, тапсырыс берушілер біржақты тәртіппен сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) бұзған өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында мүше мемлекеттің жосықсыз өнім берушілері тізіліміне құрылтайшылар, алқалы атқарушы органдардың мүшелері, өнім берушілердің жалғыз атқарушы органының функцияларын орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу көзделуі мүмкін.
Жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу осы тармақтың екінші – төртінші абзацтарында көзделген мәліметтер расталған (фактілер анықталған) кезде, сот және (немесе) мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органының шешімі негізінде 2 жыл мерзімге жүзеге асырылады.
Мәліметтері жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілген тұлға осы тізілімге енгізілгеніне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында осы Хаттамаға № 3 Қосымшаның 1 және 6-тармақтарына сәйкес айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілерді жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу бөлігінде ерекшелік көзделуі мүмкін.
14. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен осы мүше мемлекеттің жосықсыз өнім берушілері тізілімінде және (немесе) басқа мүше мемлекеттердің жосықсыз өнім берушілері тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді негізге ала отырып, тапсырыс берушінің сатып алуға қатысуға жіберуді жүзеге асыру құқығы немесе міндеті көзделуі мүмкін.
15. Мүше мемлекеттер:
1) сатып алу туралы өз заңнамасына сәйкес, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын қосымша біліктілік талаптарын белгілеу арқылы;
2) осы Хаттамада белгіленген өзге тәсілдермен сатып алуға қатысуды шектейді.
16. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасымен:
1) сатып алу шарттарына өнім берушілерге және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптарды енгізуге;
2) сатып алу туралы құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға қатысуға жіберуге;
3) сатып алуды жүргізу хабарламасында және (немесе) сатып алу туралы құжаттамада көзделмеген негіздемелер бойынша әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға қатысуға жіберуден бас тартуға тыйым салу белгіленеді.
17. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерден сатып алуға қатысқаны үшін төлемақы алуға жол берілмейді.
18. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету туралы туралы әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар белгіленуі мүмкін.
Мүше мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасымен сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері мен нысаны белгіленеді. Бұл ретте, сатып алу туралы шартта (келісімшартта) аванс төлемі көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мөлшері - сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының 5 пайызынан (сатып алудың бағдарланатын құнынан), ал сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету - сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының 30 пайызынан (сатып алудың бағдарланатын құнынан) аспауға тиіс. Мұндай жағдайда, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері - аванс мөлшерінің кемінде 50 пайызын құруға тиіс.
Егер сатып алу туралы шарт (келісімшарт) өнім берушіге аванс беру туралы талапты қамтыған жағдайда, өнім беруші одан бас тартуға құқылы.
Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің және сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етудің кемінде 2 тәсілі (түрі) белгіленуге тиіс.
Бұл ретте, сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету және сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету ретінде, атап айтқанда мыналар:
тапсырыс берушінің банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
банк кепілдігі қабылданады.
Сатып алу мақсаты үшін банктік кепілдіктерге қойылатын талаптар мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.
Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасы тапсырыс берушінің сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуін және осындай заңнамада көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етуді уақтылы қайтаруын қамтамасыз етуге тиіс.
19. Сатып алу туралы құжаттамаға және өзге құжаттарға сатып алуды жүргізу кезінде - сатып алу объектісінің сипаттамаларын бейнелеудің барынша дәл басқа тәсілі болмаған (мұндай жағдайларда сатып алушы сатып алу туралы құжаттамаға «немесе баламасы (сол тектес)» деген сияқты сөздерді қосады) жағдайларды қоспағанда, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына, өндірушіге немесе өнім берушіге талаптар немесе нұсқамалар қосылмауға тиіс. Сатып алынатын тауардың осындай тауарлардың үйлесімділігін қамтамасыз ету қажет болған кезде (оның ішінде, негізгі (белгіленген) жабдықты толық жабдықтау, жаңғырту және толық жарақтандыру) тапсырыс беруші пайдаланатын тауармен үйлеспейтіні - ерекшелік болып табылады.
Тапсырыс беруші халықаралық шарттарда және Одақ құқығын қорғатын актілерде және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген техникалық регламенттерге, стандарттарға және өзге де талаптарға сәйкес айқындалған, сатып алу объектісінің техникалық және сапалық сипаттамаларына қатысты стандарттық көрсеткәштерді, талапты, шарттық белгілеулерді және терминологияны белгілеуге құқылы.
20. Сатып алудың нәтижелеріне өздері мүдделі жеке тұлғалар (оның ішінде конкурсқа, аукционға, баға ұсыныстарын сұратуға (баға белгіленімдерін сұратуға) немесе ұсыныстарды сұратуға қатысуға өтінімдер берген жеке тұлғалар), конкурсқа, аукционға, баға ұсыныстарын сұратуға (баға белгіленімдерін сұратуға) немесе ұсыныстар сұратуға қатысуға өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілер қызметкерлері не әлеуетті өнім берушілер (оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің қатысушылары (акционерлері), олардың басқару органдарының қызметкерлері және әлеуетті өнім берушілердің кредиторлары болып табылатын жеке тұлғалар) өздеріне ықпал етуге қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ сатып алу саласында бақылауды тікелей жүзеге асыратын сатып алу саласындағы мүше мемлекеттің уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарының лауазымды тұлғалары комиссия (оның ішінде конкурстық, аукцондық және белгіленімдік) мүшелері бола алмайды.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


