Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Одақтың техникалық регламент талаптарына техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау кезінде зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер жүргізу мақсатында Комиссия халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесін, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Одақтың техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесін бекітеді.

Стандарттардың көрсетілген тізбелерін әзірлеу және қабылдау Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.

Тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірленгенге дейін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда - зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде қабылданған техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіне мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аттестатталған (расталған) және бекітілген зерттеулер (сынау) және өлшеу әдістемелері енгізілуі мүмкін. Көрсетілген зерттеулер (сынаулар) және өлшеу әдістемелерінің тізбесін мүше мемлекеттің уәкілетті органдары Комиссияға ұсынады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Халықаралық және өңірлік стандарттар оларды мүше мемлекеттердің мемлекетаралық немесе ұлттық (мемлекеттік) стандарттары ретінде қабылдағаннан кейін қолданылады.

5. Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленетін техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сәйкестігін растау, сараптау нысандарында және (немесе) өзге нысанда жүргізіледі.

Сәйкестікті міндетті растау сәйкестікті декларациялау және сертификаттау нысандарында жүзеге асырылады.

Сәйкестікті бағалау нысандары, схемалары мен рәсімдері Комиссия бекітетін сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемалары негізінде Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленеді.

Айналысқа шығарылатын өнімнің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін бағалау оны айналысқа шығарғанға дейін жүзеге асырылады.

Сәйкестікті міндетті растау Одақтың тиісті техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда ғана және Одақтың техникалық регламент талаптарына сәйкестікке ғана жүргізіледі.

Сәйкестікті бағалау кезінде өтініш білдіруші мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның аумағында тіркелген заңды тұлға немесе дайындаушы немесе сатушы не дайындаушы уәкілеттік берген жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға бола алады.

Өтініш берушілер шеңбері Одақтың техникалық регламентіне сәйкес белгіленеді.

Сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың бірыңғай нысандарын және оларды ресімдеу қағидаларын Комиссия бекітеді.

Сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдері Интернет желісінде Одақтың ресми сайтында орналастырылады. Көрсетілген бірыңғай тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.

Одақтың техникалық регламентінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдар (оның ішінде сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдар, сынау зертханалары (орталықтары) Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізбесіне енгізілуі тиіс. Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды осы тізілімге енгізу, сондай-ақ оны құру мен жүргізу қағидалары Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.

Техникалық реттеу объектілерін тіркеуді (мемлекеттік тіркеуді) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің көрсетілген жұмыстарды жүргізуге уәкілетті органдары жүзеге асырады.

6. Өнімге қолданылатын Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін және Одақтың техникалық регламенттерімен белгіленген сәйкестікті бағалау рәсімдерінен өткен осы өнім Одақтың нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісімен міндетті түрде таңбалануға жатады.

Одақ нарығында өнім айналымы бірыңғай белгісінің кескінін және оны қолдану тәртібін Комиссия бекітеді.

Өнім Одақ нарығында айналымда болған кезде өнімді таңбалау орыс тілінде және мүше мемлекеттердің заңнамасында тиісті талаптар болған кезде аумағында өнім сатылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде (тілдерінде) басылуы тиіс.

7. Одақтың техникалық регламенті күшіне енген күнге дейін, оларға қатысты мүше мемлекеттер бірдей міндетті талаптар, бірдей сәйкестікті растау нысандары мен схемаларын белгілеген, сәйкестікті растауды жүргізу кезінде өнімге зерттеу (сынау) және өлшеудің бірдей немесе салыстырмалы әдістері қолданылатын сәйкестік сертификаттарын және бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларациялар бере отырып, сәйкестікті міндетті түрде растауға жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнім егер мынадай талаптар сақталып, мүше мемлекеттің аумағында сәйкестікті растаудың белгіленген рәсімдерінен өтсе, Одақ аумағында айналысқа жіберіледі:

сертификаттауды Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізбесіне енгізілген сәйкестікті бағалау жөніндегі органның жүргізуі;

сынауларды Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізбесіне енгізілген сынау зертханаларында (орталықтарында) жүргізу;

сәйкестік сертификаттарын және сәйкестігі туралы декларацияларды бірыңғай нысан бойынша ресімдеу.

Өнімнің көрсетілген бірыңғай тізбесін, көрсетілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай нысандарын және оларды ресімдеу қағидаларын Комиссия бекітеді.

8. Одақтың кеден аумағында сәйкестігі міндетті түрде бағалануға жататын өнімді әкелу Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.

9. Мүше мемлекет өздерінің заңды мүдделерін қорғауды басшылыққа алып, қауіпті өнімнің айналымға шығарылуының алдын алу жөнінде шұғыл шаралар қабылдай алады. Бұл жағдайда мүше мемлекет қабылданған шұғыл шаралар туралы басқа мүше мемлекеттерді дереу хабардар етеді және осы мәселе бойынша консультациялар мен келіссөздер процесін бастауға кіріседі.

10. Комиссия Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын техникалық реттеу саласында ақпараттық жүйені қалыптастырады.

____________

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 10 ҚОСЫМША

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында

келісілген саясат жүргізу туралы

ХАТТАМА

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың Х бөліміне сәйкес әзірленді және мүше мемлекеттердің өнімді өлшеу салыстырымдығы мен оның сәйкестігін бағалау (растау) нәтижелерінің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін және өнімнің сандық көрсеткіштерін өлшеуді қамтамасыз ету мақсатында өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясатты жүзеге асырудың қағидаттарын анықтайды.

2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:

«өлшеу әдістемелерін (әдістерін) аттестаттау» - өлшеу әдістемелерінің (әдістерінің) өлшеулерге қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін зерттеу және растау;

«шама бірлігі» - оған бірлікке тең сандық мән шартты берілген және онымен біртекті шамаларды сандық көрсету үшін қолданылатын тіркелген өлшемдегі шама;

«өлшем бірлігі» - осы өлшеу нәтижелері мүше мемлекеттерде қолдануға рұқсат етілген бірліктерде берілген, ал өлшеулер дәлдігінің көрсеткіштері белгіленген шектерден шықпайтын өлшеу жағдайы;

«өлшеу» - негізделіп шамаға беріле алатын шаманың бір немесе одан көп сандық мәнін эксперименттік алу процесі;

«өлшеу құралдарын калибрлеу» - өлшеу құралдарының нақты метрологиялық сипаттамаларын анықтау мақсатында өлшеу құралының көмегімен алынған шама мәні мен сол текті шама бірлігінің эталонымен туындаған шама мәні арасында қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы;

«Халықаралық бірліктер жүйесі (БЖ)» - Шамалар мен салмақтар бойынша бас конференция қабылдаған, Халықаралық шамалар жүйесіне негізделген және өзіне қосымдар атауы мен белгілеулерін, жинақтарын және олардың атаулары мен белгілеулерін, сондай-ақ оларды қолдану қағидаларын қамтитын бірліктер жүйесі;

«өлшеулер әдістемесі (әдісі)» - оларды орындау дәлдіктің белгіленген көрсеткіштерімен өлшеулер нәтижелерін алуды қамтамасыз ететін өлшеу кезінде нақты сипатталған операциялар жиынтығы;

«метрологиялық бақылап отыру» - оған сәйкес нәтиже салыстырып тексерулер мен калибрлеулердің құжатталған үздіксіз тізбегі арқылы ұлттық (алғашқы) эталонмен салыстырыла алатын өлшеулер нәтижесінің қасиеті;

«метрологиялық сараптама» - өлшеулер бірлігімен байланысты метрологиялық талаптарды, қағидаларды және нормаларды қолдану дұрыстығы мен толықтығына талдау мен бағалау;

«ұлттық (бастапқы) эталон» - мүше мемлекет мемлекеттік немесе шаруашылық қызметте сол текті шамалар бірлігінің басқа эталондарының шамалар мәнін беру үшін негіз ретінде пайдалану үшін таныған шамалар бірлігінің эталоны;

«өлшеу құралдарын тексеру» - өлшеу құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;

«өлшеулердің референтті әдістемесі (әдісі)» - сол текті шамаларды өлшеудің басқа әдістемелері (әдістері) көмегімен алынған шамалардың өлшенген мәнінің дұрыстығын бағалау үшін, сондай-ақ өлшеу құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын анықтау үшін қолданыла алатын өлшеулер нәтижелерін алу үшін пайдаланатын өлшеулер әдістемесі (әдісі);

«эталондарды салғастыру» - дәлдіктің бір деңгейіндегі шамалар бірліктерінің эталондарымен өлшеу бірліктерін туындату және беру кезінде өлшеулер нәтижелері арасында қатынасты белгілеу;

«өлшеу құралы» - өлшеуге арналған және метрологиялық сипаттамаларға ие техникалық құрал;

«стандартты үлгі» - өлшеулер дәлдігі мен метрологиялық тексерудің белгіленген көрсеткіштерімен, болжалды тағайындалуына сәйкес сандық қасиеттерді өлшеу кезінде немесе бағалау кезінде оны пайдалану үшін белгілі бір қасиеттерге қатысты жеткілікті біртекті және тұрақты материал (зат);

«өлшеу құралының түрін бекіту» - мүше мемлекеттің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік билік (басқару) органының бекітілген түрдегі өлшеу құралын сынаудың оң нәтижелері негізінде мүше мемлекет аумағында қолдануға рұқсат беру туралы шешімі;

«стандартты үлгі түрін бекіту» - мүше мемлекеттің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік билік (басқару) органының бекітілген түрдегі стандартты үлгіні сынаудың оң нәтижелері негізінде мүше мемлекет аумағында қолдануға рұқсат ету туралы шешімі;

«шама шәкілі» - тиісті шаманы өлшеу үшін бастапқы негіз қызметін атқаратын шама мәндерінің ретке келтірілген жиынтығы;

«шама бірлігінің эталоны» - шама бірлігін немесе шама шәкілін туындатуға, сақтауға және беруге арналған техникалық құрал (құралдар кешені).

3. Мүше мемлекеттер өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мүше мемлекеттер заңнамасын үйлестіру және мыналарды:

1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс нәтижелерін өзара тану қағидаларын бекіту жолымен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыс нәтижелерін өзара тану тетіктерін құруды;

2) олар үшін мүше мемлекеттер олардың көмегімен алынатын нәтижелердің Халықаралық бірліктер жүйесіне (БЖ), ұлттық (бастапқы) эталондарға және (немесе) халықаралық шама бірліктерінің эталондарына метрологиялық бақылап отыруды қамтамасыз ететін шама бірліктері эталондарын, өлшеу құралдарын, стандартты үлгілерді және өлшеулердің аттестатталған әдістемелерін (әдістерін) пайдалануды;

3) мүше мемлекеттердің тиісті ақпараттық қорларында қамтылған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мәліметтерді өзара беруді;

4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстар орындаудың келісілген ретін қолдануды қамтамасыз ететін келісілген іс-әрекеттер жүргізу арқылы өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясатты жүргізеді.

4. Мүше мемлекеттер халықаралық және өңірлік метрология және стандарттау жөніндегі ұйымдар қабылдаған құжаттар негізінде өлшеулерге, шама бірліктеріне, шама бірліктерінің эталондары мен шамалар шәкілдеріне, өлшеу құралдарына, стандартты үлгілерге, өлшеулер әдістемелеріне (әдістеріне) қойылатын талаптарды белгілеуге қатысты өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіруге бағытталған шараларды қабылдайды.

5. Мүше мемлекеттер өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы жұмыстарды жүргізудің бекітілген тәртібіне және тану қағидаларына сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды орындауға уәкілетті (нотификацияланған) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік (басқару) органдары немесе заңды тұлғалары орындаған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыс нәтижелерін өзара тануды жүзеге асырады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстардың нәтижелерін тану мүше мемлекеттер аумағында дайындалған өлшеу құралдарына қатысты жүзеге асырылады.

6. Мүше мемлекеттердің өлшеу нәтижелерінің, өлшем бірлігі эталондарының, стандартты үлгілерінің ұлттық (алғашқы) эталондарына және Халықаралық бірліктер жүйесіне (БЖ) метрологиялық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер шамалар бірлігі эталондарын құру және жетілдіру, стандартты үлгілердің номенклатурасын анықтау және әзірлеу, оны үнемі салғастыру жолымен мүше мемлекеттердің шама бірліктері эталондарына баламалығын белгілеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырады.

7. Мүше мемлекеттердің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілері, нормативтік және халықаралық құжаттары, мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары, мүше мемлекеттер реттейтін салада өлшеудің аттестатталған әдістемелері (әдістері), өлшеу құралдары, шама бірліктерінің эталондары мен шама шәкілдері, бекітілген стандартты үлгілердің түрлері мен өлшеу құралдардың бекітілген түрлері туралы мәліметтер мүше мемлекеттердің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық қорларын құрайды.

Ақпараттық қорларды мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, ақпарат қорларында бар мәліметтерді өзара беруді осы Хаттаманың 5-тармағында көрсетілген мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік (басқару) органдары Комиссия белгілейтін тәртіппен ұйымдастырады.

8. Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің ұстанымын келісуге бағытталған консультациялар өткізетін және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды үйлестіруді және өткізуді жүзеге асыратын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік билік (басқару) органдарына тиісті өкілеттіктер береді.

9. Комиссия мынадай құжаттарды бекітеді:

1) олардың Халықаралық бірліктер жүйесімен (БЖ) ара қатынасын қоса алғанда Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу кезінде қолданылатын жүйеден тыс шамалар бірліктерінің тізбесі;

2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс нәтижелерін өзара тану қағидалары;

3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстар жүргізу тәртіптері, оның ішінде:

Одақтың техникалық регламент жобасына, стандарттардың тізбесі жобасына метрологиялық сараптама жүргізу тәртібі, оларды қолдану нәтижесінде Одақтың техникалық регламентінің, зерттеу (сынау) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Одақтың техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу ережесін қамтитын стандарттар тізбесінің жобасы талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етіледі;

зертханааралық салыстырмалы сынаулар (зертханааралық салғастырулар) жүргізуді ұйымдастыру тәртібі;

өлшеулер әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау тәртібі;

өлшеулердің референтті әдістемесі (әдісі) ретінде қабылданатын өлшеулер әдістемесін (әдісін) аттестаттау тәртібі;

өлшеу құралының түрін бекіту тәртібі;

стандартты үлгі түрін бекіту тәртібі;

өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеуді ұйымдастыру тәртібі;

4) мүше мемлекеттердің ақпараттық қорларында қамтылған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мәліметтерді өзара беру тәртібі.

____________

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 11 ҚОСЫМША

Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу

бойынша жұмыс нәтижелерін тану туралы

ХАТТАМА

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) Х бөліміне сәйкес әзірленді және сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу бойынша жұмыс нәтижелерін өзара тану шарттарын анықтайды.

2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:

«апелляция» - сәйкестікті бағалау жөніндегі органның аккредиттеу жөніндегі орган осы сәйкестікті бағалау жөніндегі органға қатысты қабылдаған шешімді қайта қарау туралы аккредиттеу жөніндегі органға өтініш беруі;

«аккредиттеу жөніндегі сарапшыны аттестаттау» - жеке тұлғаның белгіленген талаптарға сәйкестігін растау және оның аккредиттеу бойынша жұмыстарды жүргізу құзыреттілігін тану;

«шағым» - кез келген тұлға тарапынан сәйкестікті бағалау жөніндегі органның немесе аккредиттеу жөніндегі органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) қанағаттанбауын білдіруі және жауап талап етуі;

«аккредитацияға өтініш беруші» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген және сәйкестікті бағалау жөніндегі орган ретінде аккредиттелуге үміткер заңды тұлға;

«аккредиттеу жөніндегі орган» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аккредиттеу жүргізуге уәкілетті орган немесе заңды тұлға;

«техникалық сарапшы» - аккредиттеудің белгілі бір саласында білімі бар, сәйкестікті бағалау жөніндегі органды аккредиттеуге қатысуға аккредиттеу жөніндегі орган тартатын және тағайындайтын және техникалық сарапшылар тізіліміне енгізілген жеке тұлға,

«аккредиттеу жөніндегі сарапшы» - мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарға аккредиттеу жүргізу үшін аккредиттеу жөніндегі орган аттестаттаған және тағайындаған және аккредиттеу жөніндегі сарапшылар тізбесіне енгізілген жеке тұлға.

3. Мүше мемлекеттер:

халықаралық және өңірлік аккредиттеу жөніндегі ұйымдар қабылдаған халықаралық стандарттар мен өзге құжаттардың негізінде аккредиттеу саласында қағидалар қабылдау;

халықаралық стандарттар негізінде әзірленген аккредиттеу саласындағы мемлекетаралық стандарттарды қолдану;

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58