Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
V. Мүше мемлекеттердің ұлттық органдары
18. Мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес реттеу және (немесе) бақылау жөнінде өкілеттік берілген мүше мемлекеттердің ұлттық органдары жұмыс істейді.
Мүше мемлекеттердің ұлттық органдары өз қызметін мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес осы Шартқа, сондай-ақ мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
19. Мүше мемлекеттердің ұлттық органдарының функцияларына:
1) табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін тарифтік (бағалық) реттеу;
2) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу, оның ішінде мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қосылу (бірігу) үшін төлемдер (бағалар, тарифтер, алымдар) белгілеу;
3) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
4) реттелетін тарифтерді (бағаларды) белгілеу және қолдану, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу мәселелері бойынша шағымдарды, арыздарды қарау, дауларды реттеу;
5) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды қарау, бекіту немесе келісу және олардың іске асырылуын бақылау;
6) мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген, ақпаратты коммерциялық құпияға жатқызу жөніндегі шектеулерді табиғи монополиялар субъектілерінің сақтауын қамтамасыз ету;
7) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды, оның ішінде тексерулер жүргізу жолымен және өзге де нысандарда (мониторинг, талдау, сараптама) жүзеге асыру;
8) мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген өзге де функциялар жатады.
VІ. Комиссияның құзыреті
20. Комиссия мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) егер мүше мемлекет табиғи монополиялар саласына осы Хаттаманың №1 және 2 қосымшаларында көрсетілмеген табиғи монополиялардың өзге саласын жатқызуға ниет білдірген жағдайда, мүше мемлекет Комиссияға тиісінше өтініш жасағаннан кейін мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар салаларын кеңейту туралы шешім қабылдайды;
2) ұлттық органдардың табиғи монополиялар салаларына қатысты шешімдерін үйлестіру, әзірлеу және іске асыру тәсілдерін талдайды және ұсынады;
3) мүше мемлекеттердегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу жүйесі мен практикасына тиісті жыл сайынғы есептер мен баяндамаларды дайындай отырып, салыстырмалы талдау жүргізеді;
4) табиғи монополиялар салаларындағы экологиялық аспектілерге, энергия тиімділігіне қатысты реттеуді үйлестіруге жәрдемдеседі;
5) Жоғарғы кеңестің қарауына осы тармақтың 3 – 4-тармақшаларында көрсетілген, жүргізілген жұмыстардың мүше мемлекеттердің ұлттық органдарымен келісілген нәтижелерін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің табиғи монополия саласындағы жақындатылуға жататын нормативтік құқықтық актілерін анықтау бойынша мүше мемлекеттермен келісілген және осы саладағы заңнаманың үйлестіру бойынша тиісті шараларды жүзеге асырудың сабақтастығын айқындау жөніндегі ұсыныстарды ұсынады;
6) Осы Шарттың XIX бөлімінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Табиғи монополиялар субъектілерінің
көрсетілетін қызметтерін реттеудің
бірыңғай қағидаттары мен қағидалары
туралы хаттамаға
№ 1 қосымша
Мүше мемлекеттердегі табиғи монополиялар салалары
р/с № | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы | Ресей Федерациясы |
1. | Мұнай және мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау | Мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер | Мұнай және мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау |
2. | Электр энергиясын беру және тарату | Электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер | Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
3. | Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер; электр энергиясын өндіруді – тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер; электр қуатының жүктемені атқаруына дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап) | Электр энергетикасын жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтер | |
4. | Ортақ пайдаланылатын көлік қозғалысын қамтамасыз ететін теміржол көлігі коммуникациясы көрсететін қызметтер, поездардың қозғалысын басқару, теміржол тасымалдары | Магистралдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтері | Теміржол тасымалдары |
Табиғи монополиялар субъектілерінің
көрсетілетін қызметтерін реттеудің
бірыңғай қағидаттары мен қағидалары
туралы хаттамаға
№ 2 қосымша
Мүше мемлекеттердегі табиғи монополия салалары
р/с № | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы | Ресей Федерациясы |
1. | Газды магистралдық және таратушы құбыржолдар арқылы тасымалдау | Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтері | Газды құбыржолдар арқылы тасымалдау |
2. | Көліктік терминалдардың, әуежайлардың көрсетілетін қызметтері; әуе қатынас трассаларына қызметтер көрсету және оларды пайдалану, әуе қозғалысын басқару | Аэронавигацияның көрсетілетін қызметтері; порттардың, әуежайлардың көрсетілетін қызметтері | Көліктік терминалдардағы, порттардағы және әуежайлардағы көрсетілетін қызметтер |
3. | Ортақ пайдаланылатын электр және пошта байланысының көрсетілетін қызметтері | Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, көрсетілетін қызметтердің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкіндігінің жоқтығы не экономикалық тұрғыдан орынсыз болуы себепті бәсекелес байланыс операторы болмаған кездегі телекоммуникациялардың көрсетілетін қызметтері; кәбілдік кәрізді және телекоммуникациялардың желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілеріне қосумен технологиялық байланысты өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) беру немесе пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер; пошта байланысының жалпыға қолжетімді көрсетілетін қызметтері | Жалпыға қолжетімді электр байланысының және жалпыға қолжетімді пошта байланысының көрсетілетін қызметтері |
4. | Жылу энергиясын беру және тарату | Жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер | Жылу энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
5. | Орталықтандырылған сумен жабдықтау және суды бұру | Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтері | Орталықтандырылған жүйелерді, коммуналдық инфрақұрылым жүйелерін пайдалана отырып, сумен жабдықтау және суды бұру |
6. | Ішкі су жолдарының инфрақұрылымын пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер | ||
7. | Концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтері | ||
8. | Кіреберіс жолдары көрсетілетін қызметтері | ||
9. | Солтүстік теңіз жолы акваториясында кемелерді мұз жарып өткізу |
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 21 ҚОСЫМША
Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы
ХАТТАМА
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың (бұдан әрі - Шарт) 81 және 82-баптарына сәйкес электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етудің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын айқындайды.
2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
«электр энергиясына (қуатына) ішкі қажеттілік» – электр энергиясының (қуатының) тиісті мүше мемлекеттердің аумағында тұтыну үшін қажетті көлемдері;
«электр энергетикасы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік» – мүше мемлекеттердің біреуінің ішкі нарық субъектісінің басқа мүше мемлекет аумағындағы электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектісінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану мүмкіндігі;
«электр энергиясымен (қуатымен) алмасу» – мүше мемлекеттердің шекарасында (шекараларында) орналасқан түрлі жеткізу нүктелері арқылы өзара байланыста және бір мезгілде тең көлемдегі электр энергиясын (қуатын) электр энергетикасы жүйесіне жеткізу және одан алу;
«электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру» – мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының электр энергиясын (қуатын) ауысу және (немесе) олармен алмасу бойынша қызметтер көрсетуі. Мүше мемлекеттер заңнамасының ерекшеліктеріне қарай тиісті қарым-қатынастар беру (транзит) жөніндегі қызметтер көрсету шарттарымен немесе электр энергиясын (қуатын) сатып алу-сату шарттарын қоса алғанда, өзге де азаматтық-құқықтық шарттармен ресімделеді;
«мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығы» – мүше мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтары субъектілерінің арасындағы, электр энергиясын (қуатын) және ілеспе қызметтерді сатып алу-сатумен байланысты қарым-қатынастар жүйесі, олар жалпыға бірдей ережелер мен тиісті шарттар негізінде қолданылады;
«электр энергиясының (қуатының) өткізу» – бір мүше мемлекеттің аумағында өндірілген электр энергиясының қуат ағынын екінші бір мүше мемлекеттің шекарасында (шекараларында) орналасқан жеткізу нүктелері аралығындағы желілер арқылы қамтамасыз ету;
«ішкі электр энергиясы нарығының субъектісі» – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сол мемлекеттің электр энергиясы (қуаты) нарығының субъектісі болып табылатын, электр энергетикасы саласындағы қызметті, оның шінде электр энергиясын (қуатын) өндіруді, электр энергиясын (қуатын) сатып алуды және сатуды, электр энергиясын таратуды, тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды, электр энергиясын (қуатын) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, электр энергетика саласындағы жедел-диспетчерлік басқаруды, электр энергиясын (қуатын) сатуды, электр энергиясын сатып алуды-сатуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын тұлғалар;
«электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтері» – мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жатқызылған, электр энергиясын электр желілері арқылы беру, электр энергетикасындағы жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтер және өзге де көрсетілетін қызметтер;
3. Мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылы мына қағидаттарға негізделеді:
мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысының техникалық және экономикалық артықшылықтарын пайдалану;
қатарлас жұмысты жүзеге асыру кезінде экономикалық залал келтірмеу;
электр энергиясына (қуатына) деген сұранысты қанағаттандырудың тұрақты жүйесін қалыптастыруда негізгі құралдың бірі ретінде нарықтық қатынастарға және адал бәсекелестікке негізделген тетіктерді пайдалану;
мемлекеттердің қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелері негізінде, мүше мемлекеттердің электр энергиясы (қуаты) нарықтарының қазіргі бар модельдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру;
мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы заңнамаларын кезең-кезеңмен үйлестіру;
техникалық нормалар мен қағидаларды үйлестіру.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


