Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
62. Комиссияның лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне артықшылықтар мен иммунитеттер, әлеуметтік кепілдіктер беруге байланысты мәселелер, сондай-ақ еңбек қатынастарына, міндетті мемлекеттік әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ережесіне (Шартқа № 31 қосымша) реттеледі.
________________
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 2 ҚОСЫМША
Еуразиялық экономикалық одақ сотының
СТАТУТЫ
І ТАРАУ. Жалпы ережелер.
Соттың құқықтық мәртебесі
1. Еуразиялық экономикалық одақ соты (бұдан әрі – Сот) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) сот органы болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) пен осы Статутқа сәйкес құрылады және әрекет етеді.
2. Сот қызметінің мақсаты осы Статуттың ережелеріне сәйкес мүше мемлекеттердің Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды, Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарын және Одақ органдарының шешімдерін бірдей қолдануын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы Статуттың мақсаттары үшін Одақ органдары ретінде Сотты қоспағанда Одақ органдары ұғынылады.
3. Сот заңды тұлға құқықтарын пайдаланады.
4. Сот өз құжаттамасын жүргізеді, өз атауы жазылған мөрі мен бланкілері болады, өзінің ресми интернет сайтын және ресми бюллетенін құрады.
5. Сот Сот қызметін қаржыландыру туралы ұсыныстар әзірлейді және Одақ бюджеті туралы ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қаражатқа иелік етеді.
6. Сот судьяларына, лауазымды тұлғалары мен мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттарын Еуразиялық экономикалық кеңес айқындайды.
II ТАРАУ. Сот құрамы
7. Сот құрамына әр мүше мемлекеттен екі судьядан кіреді.
8. Судьяның өкілеттік мерзімі - он жыл.
9. Судьялар жоғары моральдық қасиетке ие болуы және халықаралық және мемлекетішілік құқық саласында біліктілігі жоғары мамандар болуы, сондай-ақ, әдетте, мүше мемлекеттердің жоғары сот органдары судьяларына қойылатын талаптарға сай келуі тиіс.
10. Судьяларды мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық кеңес лауазымға тағайындайды. Лауазымға кіріскен кезде Судья ант қабылдайды.
11. Судьяларды Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес лауазымнан босатады.
12. Судьяның өкілеттілігі мынадай негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін:
1) Сот қызметін тоқтату;
2) судьяның өкілеттік мерзімінің аяқталуы;
3) судьяның басқа жұмысқа ауысуына байланысты немесе өзге де себептермен өз өкілеттігін тоқтату туралы жазбаша өтініші;
4) денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де дәлелді себептермен судья өкілеттігін жүзеге асыруға қабілетсіздігі;
5) судья лауазымына сай келмейтін қызметпен айналысуы;
6) судьяны тағайындаған мүше мемлекеттің Одақ мүшелігінен шығуы;
7) судьяның өзін тағайындаған мүше мемлекеттің азаматтығын жоғалтуы;
8) судьяның судья жоғары мәртебесімен үйлеспейтін елеулі теріс қылық жасауы;
9) судьяға қатысты соттың айыптау үкімінің не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
10) судьяның іс-әрекетке қабілеттілігін шектеу туралы не оны іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
11) судьяның қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды не хабар-ошарсыз кетті деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
13. Осы Статуттың 12-тармағында көзделген негіздер бойынша Судьяның өкілеттігін тоқтату туралы бастамашы ретінде судьяны тағайындаған мүше мемлекет, Сот немесе судьяның өзі болуы мүмкін.
Судьялардың өкілеттігін тоқтату туралы бастаманы енгізу мәселелері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітетін Еуразиялық экономикалық кеңес Сотының Регламентінде (бұдан әрі – Регламент) айқындалады.
14. Сот қызметіне Сот Төрағасы басшылық жасайды. Сот төрағасының орынбасары болады.
Сот төрағасы Сот қызметіне уақытша қатыса алмаған жағдайда оның міндетін Сот төрағасының орынбасары.
15. Сот төрағасы және оның орынбасары лауазымға Регламентке сәйкес Сот судьялары арасынан сайланады және оларды Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітеді.
Сот төрағасы және оның орынбасары бір мүше мемлекеттің азаматы бола алмайды.
Өкілеттік тоқтатылған кезде Сот төрағасы немесе оның орынбасары осының алдындағы Сот төрағасы мен оның орынбасарының ұсынысы бойынша емес, өзге мүше мемлекеттер ұсынған судьялар арасынан сайланады.
16. Сот төрағасы және оның орынбасары өз өкілеттігін үш жыл жүзеге асырады.
17. Сот төрағасы:
1) Сот және судьялар қызметін ұйымдастыру тәртітібін бекітеді;
2) Сот қызметін ұйымдастырады;
3) өкілеттігі шегінде Соттың мүше мемлекеттің уәкілетті органдарымен, шетелдік және халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
4) осы Статутта белгіленген тәртіппен Сот қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларын қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады;
5) бұқаралық ақпарат құралдарына Сот қызметі туралы мәліметтер беруді ұйымдастырады;
6) осы Статут шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Судьялар қандай да болсын мемлекеттік немесе мемлекетаралық органдардың және ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың, саяси партиялардың және қозғалыстардың, сондай-ақ аумақтардың, ұлттардың, ұлыстардың, әлеуметтік және діни топтардың және жекелеген адамдардың мүдделерін білдіре алмайды.
Судьялардың ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтен басқа, табыс табуға байланысты кез келген қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
19. Судья бір тараптың өкілі, сенім білдірілген өкілі немесе адвокаты немесе ұлттық немесе халықаралық соттың, тергеу комиссиясының мүшесі ретінде немесе қандай да болсын өзге ретте бұрын қатысқан қандай да болсын істің шешілуіне қатыса алмайды.
20. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тең құқықты және бірдей мәртебеге ие. Сот төрағасы және оның орынбасары басқа судьялармен салыстырғанда кез келген заңсыз артықшылықтарды алуға әрекет қылуға құқығы жоқ.
21. Судья өз өкілеттігін орындау кезінде де, қызметтен тыс қатынастарда да мүдделер қақтығысына, сондай-ақ сот билігінің беделіне нұқсан келтіруі немесе оның объективтілігіне, әділеттілігіне, туралығына күмән келтіртуі мүмкін кез келген нәрсеге жоламауы тиіс,
III БӨЛІМ. Сот аппараты.
Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер мәртебесі
22. Сот қызметін Сот аппараты қамтамасыз етеді.
23. Сот аппаратының құрылымына судьялар хатшылығы мен Сот хатшылығы кіреді.
24. Судьялар хатшылығы судьяның кеңесшісі мен судьяның көмекшісінен тұрады.
25. Сот қызметін құқықтық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді Сот хатшылығы жүзеге асырады.
26. Сот хатшылығының құрылымы мен санын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітеді.
27. Сот хатшылығын Сот хатшылығының басшысы басқарады. Сот хатшылығы басшысының екі орынбасары болады. Сот хатшылығының басшысы және оның орынбасарлары Соттың лауазымды тұлғалары болып табылады, олар осы Статутқа және Шартқа сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. Сот хатшылығының басшысы және оның орынбасарлары бір мүше мемлекеттің азаматы бола алмайды.
28 Еңбек қатынастары Шартта, Одақ шеңберінде қолданылатын халықаралық шарттарда және Сот орналасқан мемлекеттің заңнамасында реттеледі.
29. Судья кеңесшісі тиісті судьяның ұсынысы бойынша Сот төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Соттың лауазымды тұлғасы болып табылады.
30. Судья кеңесшісі судьялар қызметін ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
31. Судья кеңесшісі жоғары моральдық қасиетке ие болуға және халықаралық және (немесе) мемлекетішілік құқық саласында тәжірибелі маман болуы тиіс.
32. Судья көмекшісі тиісті судьяның ұсынысы бойынша Сот төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Соттың лауазымды тұлғасы болып табылады.
33. Судья көмекшісі судьялар қызметін ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
34. Сот хатшылығы басшысының және оның орынбасарының лауазымына кандидаттарды іріктеу мүше мемлекеттердің бірдей ұсынылуы қағидатын ескере отырып, конкурстық негізде Соттың конкурстық комиссиясы жүргізеді.
Көрсетілген лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысатын кандидатураларды мүше мемлекеттер ұсынады.
35. Сот хатшылығы мүше мемлекеттің Одақ бюджетіне үлестік қатысуын ескере отырып, мүше мемлекет азаматтары арасынан конкурстық негізде қалыптастырылады.
Сот хатшылығы қызметкерлері олармен жасалатын еңбек шарттары (келісімшарттар) негізінде жұмысқа қабылданады.
36. Сот хатшылығы лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу жөніндегі Соттың конкурстық комиссиясының құрамына Сот төрағасын қоспағанда, Соттың барлық судьялары кіреді.
Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасын сайлайды.
Конкурстық комиссия көпшілік дауыспен өз шешімін ұсыным түрінде қабылдайды және оны тағайындау үшін Сот төрағасына ұсынады.
37. Сот хатшылығында бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсты өткізу тәртібін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес белгілейтін конкурс өткізудің негізгі қағидаларына сәйкес Сот айқындайды және оны Сот төрағасы бекітеді
38. Сот хатшылығының техникалық персоналын Сот хатшылығының басшысы олармен жасалатын еңбек шарттары (келісімшарттар) негізінде жұмысқа қабылдайды.
IV ТАРАУ. Сот құзыреті
39. Сот:
1) мүше мемлекеттің:
Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа сәйкестігі туралы;
басқа мүше мемлекеттің (басқа мүше мемлекеттердің) Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін, сондай-ақ көрсетілген халықаралық шарттардың және (немесе) шешімдердің жекелеген ережелерін сақтауы туралы;
Комиссия шешімінің және оның жекелеген ережелерінің Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Одақ органдарының шешімдеріне сәйкестігі туралы;
Комиссияның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы өтініші бойынша;
2) шаруашылық жүргізуші субъектінің:
егер Комиссия шешімі немесе оның жекелеген ережелері Шартта және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келсе, шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын Комиссия шешімінің және оның жекелеген ережелерінің Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкестігі туралы;
егер Комиссияның әрекеті (әрекетсіздігі) Шартта және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келсе, шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын Комиссияның әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы өтініші бойынша Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін іске асыру мәселелері бойынша туындайтын дауларды қарастырады.
Осы Статуттың мақсаттары үшін шаруашылық жүргізуші субъекті ретінде мүше мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға, не болмаса мүше мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға ұғынылады.
40. Мүше мемлекеттер Шартта, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, үшінші тараптармен халықаралық шарттарда немесе мүше мемлекеттер арасындағы өзге де халықаралық шарттарда Соттың шешуі тікелей көзделген өзге де дауларды Соттың құзыретіне жатқызуы мүмкін.
41. Соттың дауды шешу бойынша құзыретінің бар-жоғы туралы мәселені Сот шешеді. Сот оның дауды қарауға құзыретінің бар-жоғы туралы ұйғарым шығарар кезде Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) үшінші тараптармен халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
42. Одақ органдарына Шартта және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделгеннен бөлек қосымша құзыреттер беру Сот құзыретіне кірмейді.
43. Шартта тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, өтініш иесі консультациялар, келіссөздер немесе Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де тәсілдер арқылы сотқа дейінгі тәртіппен мәселені реттеу үшін алдын ала мүше мемлекетке немесе Комиссияға жүгінбей тұрып, дау Соттың қарауына қабылданбайды.
44. Егер мүше мемлекет немесе Комиссия оларға өтініш келіп түскен күннен бастап 3 ай ішінде мәселені сотқа дейінгі тәртіппен реттеу бойынша шаралар қабылдамаса, дауды қарау туралы өтініш Сотқа жолдануы мүмкін.
45. Тараптардың өзара келісімі бойынша дау осы Статуттың 44-тармағында көрсетілген мерзімге дейін Соттың қарауына берілуі мүмкін.
46. Сот мүше мемлекеттің немесе Одақ органының өтініші бойынша Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың ережелеріне және Одақ органдарының шешімдеріне, сондай-ақ Одақ органының және Сот қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының өтініші бойынша еңбек қатынастарымен байланысты Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың ережелерін және Одақ органдарының шешімдеріне түсініктеме (бұдан әрі – түсініктеме) беруді жүзеге асырады.
47. Соттың түсініктеме жасауы консультациялық қорытынды беруін білдіреді және мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарды бірлесіп түсіндіру мүмкіндігінен айырмайды.
48. Егер халықаралық шартта көзделсе, Сот Одақтың үшінші тараппен осындай халықаралық шартының ережелеріне түсініктеме беруді жүзеге асырады.
49. Сотқа мүше мемлекеттің атынан жасалған дауды қарауды немесе түсініктеме беру туралы өтінішті тізбесін әрбір мүше мемлекет айқындайтын және дипломатиялық арналар арқылы Сотқа жіберілетін мүше мемлекеттің уәкілетті органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.
50. Сот сот төрелігін жүзеге асыру кезінде:
1) жалпы қабылданған қағидаттарды және халықаралық құқық нормаларын;
2) Шартты, даудың тарабы болған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды;
3) Одақ органының шешімдері мен өкімдерін;
4) құқықтық норма ретінде танылған жалпыға ортақ практиканың дәлелі ретінде халықаралық дәстүрді басшылыққа алады.
51. Шарттың, Одақ шеңберіндегі үшінші тараптармен халықаралық шарттардың дауларды шешуге, түсініктеме беруге және түсіндіруге қатысты ережелері осы Статутқа қайшы келмейтін бөлікте қолданылады.
V ТАРАУ. Сот ісін жүргізу
1-бөлім
Дауларды шешу туралы Сот істерін жүргізу
52. Сотта дауларды шешу туралы істі қарау тәртібі Регламентте айқындалады.
53. Сот істі қарауды мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырады:
судьялардың тәуелсіздігі;
істі қараудың жариялылығы;
дау тараптарының теңдігі;
жарыспалылық;
алқалылық.
Сотта істі қарау қағидаттарын іске асыру тәртібі Регламентте айқындалады.
54. Сотқа Одақ шеңберіндегі қандай да бір халықаралық шартқа және (немесе) Комиссия шешіміне қатысты өтініштің түсуі, Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай халықаралық шарттың және (немесе) шешімнің және (несесе) олардың жекелеген ережелерінің қолданысын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


