Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
- Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымнан, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторынан жоспарлау мақсатында алынған деректер негізінде электр энергетикалық режимдерге есептеу жүргізеді;
- егер есептеу кезінде электр режимдерінің іске асырыла алмайтыны немесе жеткізілімдер мен МАБ-тың мәлімделген көлемдері кезінде есептік модельдің бақыланатын қималарындағы ең жоғары жол берілетін ағындардың артып кеткені анықталған болса, Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 21 қосымшасы) 4-тармағының 2-тармақшасында айқындалған:
1) электр энергетикалық жүйесі арқылы МАБ-ты жүзеге асыру жоспарланып отырған мүше мемлекеттің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің;
2) мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігінен оның басқа бөлігіне электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы қамтамасыз етудің;
3) бір мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен басқа мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы қамтамасыз етудің;
4) Одаққа кірмейтін үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын қамтамасыз етудің;
- Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымның, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторының назарына жоғарыда көрсетілген есептердің нәтижелерін жеткізудің басымдығы қағидаттарын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері (электр энергетикалық жүйелерінің бөліктері) арасындағы мемлекетаралық ағындарға түзету енгізеді.
2.3.2. Егер есептеу кезінде электр режимдерінің іске асырыла алмайтыны немесе есептік модельдің бақыланатын қималарындағы ең жоғарғы жол берілетін ағындардың артып кеткені анықталған болса, жоспарлау үйлестірушісі Белорусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйымға электр энергетикалық жүйелердің сальдо-ағындарының (теңгерімдерінің) шамаларына жасалатын қажетті түзетулердің көлемін жібереді.
Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым барлық шарттар бойынша электр энергиясын (қуатын) жеткізудің, оның ішінде МАБ-тың көлемдерін жоғарыда көрсетілген басымдықтар негізінде түзетеді не жоспарлау үйлестірушісі есептеу қорытындылары бойынша анықтаған, бақылау қималарындағы жол берілетін ағындардың бұзылуын жою жөнінде өзге де шаралар қолданады.
Мүше мемлекеттер арасындағы барлық шарттар, оның ішінде МАБ бойынша электр энергиясын (қуатын) жеткізудің түзетілген шарттық көлемдері туралы ақпаратты Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым жасалған шарттар бойынша мүше мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтарының субъектілеріне жеткізеді.
2.3.3. Жоспарлау үйлестірушісі Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымнан, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторынан жоспарлауға арналған өзекті деректерді алмаған не техникалық қателіктері бар деректерді немесе көрінеу анық емес деректерді алған жағдайда, мазмұны мен қолданылу тәртібі Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы бекітетін құжаттарда көрсетілген алмастыратын ақпаратты пайдалануға құқылы.
2.4. Жылдық жоспарлау.
2.4.1. Жылдық жоспарлау Беларусь БЖЭ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен орындалады.
2.4.2. Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы жоспарланған күнтізбелік жылға электр желілік жабдықтарды жөндеу графиктерінің жобаларын жасайды және оларды жоспарлау үйлестірушісіне ұсынады. Жоспарлау үйлестірушісі жоспарланған күнтізбелік жылға электр желілік жабдықтарды жөндеу графигін келіседі және оны Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйымға жібереді. Жөнделуі жылдық (сондай-ақ айлық) жөндеу графигі шеңберінде келісілуге жататын электр желілік объектілердің тізбесін және оны қалыптастырудың уақыт регламентін Белорусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы белгілейді.
2.4.3. Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне өздері жұмыс күніне тән максимумның бір сағатына арналған электр энергиясының, қуатының болжамды теңгерімдеріне сүйене отырып қалыптастырған тиісті ұлттық электр энергетикалық жүйе (тұтыну, генерация, ағындар сальдосы, желілік жабдықтарды жөндеу) бойынша жылдық жоспарлау үшін ақпарат береді.
2.4.4. Ресей БЭЖ – Қазақстан БЭЖ және Ресей БЭЖ – Беларусь БЭЖ ағындары сальдосының нақтыланған болжамды мәні жоспарлау нәтижесі болып табылады.
2.4.5. Жоспарлау үйлестірушісі режимдерге есептеу жүргізіп, есептеу нәтижелерін Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына жібереді.
2.5. Айлық жоспарлау.
2.5.1. Айлық жоспарлау Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы анықтайтын мерзімдерде және тәртіппен, жылдық жоспарлау бойынша секілді схемада, ай бөлінісінде деректер мен нәтижелерді алмаса отырып, орындалады.
2.6. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау.
2.6.1. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен орындалады.
2.6.2. Тәулік сайын Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне 24 сағаттық (сағат 00:00 бастап 24:00 дейін) жаңартып отырылатын деректер жинағы түрінде жоспарланған тәулікке (бұдан әрі – Х тәулік) есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректер береді, олар мыналар қамтылады:
- электр энергетикалық жүйенің 220 кВ және одан да жоғары электр жабдығы элементтерінің жоспарлы жөнделуі;
- электр энергетикалық жүйе бойынша жинақтап алғанда тұтыну мен генерациялаудың сағаттық графиктері (оның ішінде есептік модельдің құрамын қалыптастырған кезде Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы белгілеген жекелеген энергетикалық аудандар бойынша);
- ағындар сальдосының сағаттық графиктері (электр энергетикалық жүйе ағындарының оң сальдосы үшін оның тапшылығы алынады).
БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым жоспарлау үйлестірушісіне шарттардың барлық түрлері бойынша Ресей БЭЖ, Қазақстан БЭЖ мен Беларусь БЭЖ арасында электр энергиясын жеткізу, оның ішінде мүше мемлекеттердің арасындағы МАБ көлемдерінің сағаттық графиктерінің Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйыммен, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторымен келісілген жиынтық мәнін береді.
2.6.3. Егер Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректерді берілмеген болса, онда соңғысы Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы есептік модель құрамын қалыптастырған кезде өзара келісім бойынша белгіленген алмастыратын ақпаратты пайдаланады.
2.6.4. Жоспарлау үйлестірушісі есептік модельді жаңартып отыру мен электр режимдерін есептеуді жүзеге асырады.
2.6.5. Жоспарлау үйлестірушісі режимдерге есептеу жүргізеді және есептеу нәтижелерін Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына келісілген форматта береді.
2.6.6. Егер мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу және МАБ көлемдерінің мәлімделген мәндері іске асырыла алмайтындай болса, Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым осы Әдіснаманың 2.3.1-тармағында айқындалған басымдылықты есепке ала отырып, жеткізілімдер мен МАБ көлемдеріне түзету енгізу жөнінде шаралар қолданады.
2.6.7. Егер электр тұтынудың және/немесе схемалық-режимдік шарттардың болжамдалмай өзгеруі нәтижесінде және/немесе жеткізу шарттарының талаптары өзгерген кезде мүше мемлекеттер арасындағы жоспарлы жеткізу және МАБ көлемдеріне жедел тәулік ішінде түзету енгізу талап етілсе, Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне:
- бір тәулікке ілгері жоспарлау мақсатында берілетін ақпаратқа сәйкес келетін көлемде Х тәуліктің қалған сағаттарына сағаттық жаңартып отырылатын деректер жинағы түрінде ағымдағы тәуліктерге есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректерді;
- мүше мемлекеттер арасындағы жеткізудің және МАБ-тың жоспарлы көлемдерін өзгерту көлемдері ұсынылған өтінім береді.
2.6.8. Тәулік ішінде әр уақыттық кезең үшін деректер берудің («қақпаларды жабу уақыты») және есептеу нәтижелерін жеткізудің шекті уақыты белгіленеді. «Қақпаларды жабу уақытынан» кейін деректер беруге жол берілмейді. Жоспарлау үйлестірушісі есептік модельді жаңартып отырады және Х тәуліктің қалған сағаттарына электр режимдерін есептеуді орындайды.
2.6.9. Х тәуліктің қалған сағаттарына мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу және МАБ көлемдерінің нақтыланған жоспарлы сағаттық графигі жоспарлау нәтижесі болып табылады. Режимдерді тәулікішілік түзету уақытынан кейін схемалық-режимдік шарттардың өзгеруі себепті нақтыланған жоспарлы сағаттық графиктерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу мен МАБ көлемдерін өзгертуге мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында электр энергиясын жеткізу жөніндегі арнайы шартқа сәйкес авариялық көмек ұсыну немесе электр энергиясын мәжбүрлі жеткізу жағдайында жол беріледі.
3. Мүше мемлекеттердің МАБ-ты ұйымдастыруға және
жүзеге асыруға уәкілеттік берілген субъектілерінің, МАБ-ты қамтамасыз ету шеңберінде әрбір ұйымның орындайтын
функциялары көрсетілген тізбесі.
3.1. Беларусь Республикасының аумағында.
3.1.1. Беларусь Республикасының аумағында МАБ-ты ұйымдастыру және жүзеге асыру Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымға және Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға жүктеліп, бұл ретте оларға мына функцияларды орындау да жүктеледі:
- электр желісімен берілетін электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету (Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыруатын ұйым жалпы үйлестірген кезде Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымға бағынысты ұйымдар);
- МАБ-ты техникалық диспетчерлендіру жөнінде қызметтер көрсету (Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым);
- шектес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысты басқару және орнықтылықты қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасасу (Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым).
3.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
3.2.1. Қазақстан Республикасының аумағында МАБ-ты ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйелік операторға жүктеліп, оған қоса оған мына функцияларды орындау жүктеледі:
- Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсету;
- электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөнінде қызметтер көрсету;
- электр энергиясын өндіруді – тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсету;
- қатарлас жұмыстың режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасасу.
3.3. Ресей Федерациясының аумағында.
3.3.1. Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы қамтамасыз ету мыналарға:
3.3.1.1. Электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару бойынша, оның ішінде Ресей БЭЖ-і мен басқа мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмыс режимдерін басқару, электр энергиясын (қуатын) алмасуды және үйлестірілген жоспарлауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге;
3.3.1.2. Бірыңғай ұлттық (жалпыресейлік) электр желісі бойынша, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету үшін электр энергиясын беру (өткізу) жөнінде қызметтер көрсетуге;
3.3.1.3. Ресей Федерациясы электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығындағы, оның ішінде электр энергиясының тең көлемдерін Ресей Федерациясының мүше мемлекеттермен шекарасында (шекараларында) орналасқан әртүрлі жеткізу нүктелері арқылы Ресей БЭЖ-не өзара байланысты және бірмезгілде жеткізілуін және одан берілуін қамтамасыз ету қажеттігі жағдайында электр энергиясы мен қуаты айналымының ерекшеліктеріне байланысты іс-қимылдар кешенін жүзеге асыруды білдіреді.
3.3.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты мына уәкілетті органдар:
3.3.2.1. Ресей БЭЖ-і жүйелік операторы – Ресей БЭЖ-нің Қазақстан БЭЖ-імен және Беларусь БЭЖ-імен қатарлас жұмыс режимдерін ұйымдастыру мен басқару бөлігінде;
3.3.2.2. БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым – Ресей БЭЖ-і арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ және Қазақстан БЭЖ-імен және Беларусь БЭЖ-імен қатарлас жұмысты ұйымдастыру кезінде электр энергиясын өткізуге (алмасу қағидаттарын пайдалана отырып) байланысты қызметтер көрсету, оның ішінде МАБ-ты жоспарлау (жылдық, айлық, сағаттық) жөніндегі шетелдік уәкілетті ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу, Ресей Федерациясы мен мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілген электр энергиясының нақты сағаттық көлемдерін коммерциялық келісімшарттар бойынша түзетілген жоспарлы көлемдерді есепке ала отырып тіркеу; Ресей Федерациясы мен мүше мемлекеттер арасында мемлекеттік шекара арқылы өткізілген нақты көлемдердің жоспардағыдан сағаттық ауытқуларын анықтау; мүше мемлекеттердің ортақ шекараларында орналасқан жеткізу нүктелерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алуды жүзеге асыру бөлігінде;
3.3.2.3. Коммерциялық ұйым – электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығына айналымға жіберілген өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көтерме саудасын ұйымдастыру жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйым;
3.3.2.4. Көтерме сауда нарығына қатысушылардың талаптары мен міндеттемелерін есептеу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйым;
3.3.2.5. Коммерциялық агент – экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыратын, электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығының қатысушысы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету үшін мәлімделген электр энергиясының (қуатының) көлемдеріне қатысуға, электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығындағы қатынастарға және ағымның нақты сальдосының жоспарланған сальдодан ауытқуларына байланысты қатынастарды реттеуге қолжетімділікті ұйымдастыру бөлігінде қамтамасыз етеді.
4. МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар
субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін құрауыштар тізбесі
4.1. Беларусь Республикасының аумағында.
4.1.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін, Беларусь Республикасының беруші желілері (бұдан әрі – БЖ) арқылы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған Шжелі шығындар мына формула бойынша есептеледі:
Шжелі = Ш (1+ИҚ) (1+РП) (1+С), мұнда:
Ш – уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен айқындалатын, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ға жатқызылатын БЖ-ны күтіп-ұстауға және пайдалануға арналған жалпы шығындар;
ИҚ – инновациялық қорға аударымдар үлесі;
РП – Беларусь Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын пайдаға аударымдар үлесі;
С – салыққа аударымдар үлесі;
Ш жалпы шығындарға: пайдалану-жөндеу қызметін көрсетуге; жалақыға; амортизациялауға арналған шығындар; басқа да ақшалай шығыстар (қосалқы материалдар, басқа жақтан жеткізілетін энергия, әлеуметтік сақтандыру аударымдары және т. б.); электр энергиясының ысырабын өтеу шығындары кіреді.
4.1.2. Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:
Т = Шжелі ∕ Эт, мұнда:
Т – Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;
Эт – Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың жиынтық көлемі.
4.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған, ұлттық электр желісінің (бұдан әрі – ҰЭЖ) желілері арқылы электр энергиясын беруді, оның ішінде МАБ-ты жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын тариф мына формула бойынша есептеледі:
Т = Z+P ∕ Wжиынт (теңге/кВт. с), мұнда:
Т – электр энергиясын беру, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған, ҰЭЖ желілері арқылы электр энергиясын беруді, оның ішінде МАБ-ты жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын тариф (теңге/кВт. с);
Z – Қазақстан Республикасы ҰЭЖ-дың электр энергиясын беру, оның ішінде МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын, заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын жалпы шығындары (млн. теңге);
P – электр энергиясын беру, МАБ жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде ҰЭЖ-дың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын пайда деңгейі (млн. теңге);
Wжиынт – шарттар мен келісімшарттар бойынша мәлімделген, ҰЭЖ-дың электр энергиясын жиынтық беру көлемі (млн. кВт. с).
4.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰЭЖ арқылы электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу кезінде тарифтік кіріске ҰЭЖ арқылы электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын жалпы шығындар мен электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті пайда деңгейі кіреді (қатыстырылған активтер негізге алына отырып айқындалады).
Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифке енгізілетін шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
4.3. Ресей Федерациясының аумағында.
4.3.1. Жалпы ережелер.
Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес БҰЭЖ арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтірді көрсетуге арналған тариф 2 мөлшерлеме түрінде: электр желілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлеме және БҰЭЖ-дегі электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған мөлшерлеме түрінде белгіленеді.
Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша Ресей БЭЖ-і арқылы қызметтер көрсетуге арналған тарифке енгізілетін осыған ұқсас құрауыш шығыстар мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған құрауыш шығыстары мен мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған құрауыш шығыстарға бөлінеді.
4.3.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифіне енгізілетін шығыстарды айқындау.
4.3.2.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған құрауыш шығыстарының тізбесі.
Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-қа мәлімделген, электр желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жүзеге асырылатын мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесінде» айқындалатын қуатқа БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлеме бойынша ақы төленеді.
БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлемені есептеу кезінде тиісті есеп айырысу кезеңіне ұлттық реттеуші орган белгілеген, экономикалық тұрғыдан негізделген шығыстар:
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


