Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

IV. Су көлігі

15. Одақта су көлігін дамыту жүргізілетін үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты шеңберінде жүзеге асырылады.

16. Мүше мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің порттар арасындағы тасымалдау мен тіркеп сүйретуді және басқа мүше мемлекеттің порттарына/нан тасымалдауды және үшінші елдердің тасымалдауын қоспағанда, жүктерді, жолаушыларды және олардың багажын тасымалдауды, аралас ішкі су жолдарында кеме туы мемлекеті мен басқа мүше мемлекет арасында тіркеп сүйретуді, басқа мүше мемлекеттің ішкі су жолдары бойынша транзиттік өтуді осы Хаттаманы орындау үшін мүше мемлекеттермен жасасқан кеме қатынасы туралы халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асыруға құқығы бар.

17. Мүше мемлекеттің ішкі су жолдары бойынша жүзуді жүзеге асыратын кемелер мүше мемлекеттің кемелер тізілімінде тіркелуге тиіс және кемені өзінің кемелер тізілімінде тіркеген мүше мемлекет резидентінің иелігінде болуға тиіс.

ІV. Теміржол көлігі

18. Мүше мемлекеттер өзара тиімді экономикалық қатынастардың одан әрі дамуына жәрдемдесе отырып, мүше мемлекеттердің теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті және осы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді мемлекеттік реттеуге келісілген тәсілдерді қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, егер мұндай реттеу мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген болса, мынадай мақсаттарды айқындайды:

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

1) теміржол көлігі саласында көліктік көрсетілетін қызметтердің жалпы нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру;

2) әрбір мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалдарды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттер тұтынушыларының теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне осы әрбір мүше мемлекеттің тұтынушылары үшін жасалған жағдайдан кем емес қолайлы жағдайларда қол жеткізуін қамтамасыз ету;

3) мүше мемлекеттердің теміржол көлігі көрсетілетін қызметтерінің тұтынушылары мен теміржол көлігі ұйымдары арасында экономикалық мүдделер теңгерімін сақтау;

4) бір мүше мемлекеттің теміржол көлігі ұйымдарының басқа мүше мемлекеттің теміржол көлігі көрсетілетін қызметтерінің ішкі нарығына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

5) Тарифтік саясат негіздерін (осы Хаттамаға № 2 қосымша) қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібіне № 1 және 2-қосымшаларға сәйкес, мүше мемлекеттер инфрақұрылымының көрсетілетін қызметтеріне тасымалдаушылардың қол жеткізу жағдайларын қамтамасыз ету.

19. Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу осы Хаттамаға № 2 қосымшада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Үйлестірілген (келісілген) көлік

саясаты туралы хаттамаға

№ 1 қосымша

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру

тәртібі

1. Осы Тәртіп Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 24 қосымша) 7-тармағына сәйкес әзірленген және Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«көлік құралының салмақтық және габариттік параметрлері»  – көлік құралының жүкпен немесе жүксіз массасының, білікке түсетін жүктемесінің және габариттерінің (ені, биіктігі және ұзындығы бойынша) мәндері;

«Одақтың сыртқы шекарасы» - мүше мемлекеттердің аумақтары мен Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарын межелейтін Одақтың кеден аумағының шегі;

«бақылау пункті» –  мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған стационарлық немесе жылжымалы пункт (бекет), сондай-ақ көліктік (автомобильдік) бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті;

«көліктік (автомобильдік) бақылау органдары» – мүше мемлекет аумағында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыруға мүше мемлекет уәкілеттік берген құзыретті органдар;

«тасымалдаушы» – меншік құқығымен немесе өзге заңды негізде көлік құралын пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;

«көлік құралы»:

жүктерді тасымалдау кезінде жүк автомобилі, тіркемесі бар жүк автомобилі, бар автомобильдік (ершікті) тартқыш немесе жартылай тіркемесі бар автомобильдік (ершікті) тартқыш, шасси;

жолаушыларды тасымалдау кезінде жүргізушінің орнын қоса алғанда, 9-дан астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған, оның ішінде багажды тасымалдауға арналған тіркемесі бар автомобильдік көлік құралы;

«көліктік (автомобильдік) бақылау» – халықаралық автомобильмен тасымалдарды жүзеге асыруды бақылау.

Осы Тәртіпте арнайы айқындалмаған өзге де ұғымдар халықаралық шарттарда, оның ішінде Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген мәндерінде пайдаланылады.

3. Осы Тәртіп Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылау органдарының мүше-мемлекеттердің аумағына келетін (кететін, транзитпен өтетін) көлік құралдарына көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыруына бірыңғай тәсілдерді айқындайды.

4. Бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы жүретін көлік құралдары Одақтың сыртқы шекарасында орналасқан бақылау пункттерінде көрсетілген көлік құралдары аумағы арқылы жүретін мүше мемлекеттің заңнамасына және осы Тәртіптің 7 және 8-тармақтарына сәйкес көліктік (автомобильдік) бақылауға жатады.

5. Көлік құралдарын, көліктік (автомобильдік) бақылаудың мақсаты үшін қажетті құжаттарды тексеру және оның нәтижелерін ресімдеу Одақтың сыртқы шекарасында олар аумағын кесіп өтетін мүше мемлекеттің заңнамасына және осы Тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

6. Көліктік (автомобильдік) бақылау органдары көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелері бойынша өздері ресімдеген құжаттарды өзара таниды.

7. Мемлекеттік шекарасы арқылы Одақтың кедендік аумағына келу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы бақылау пункттерінде көрсетілген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген көліктік (автомобильдік) бақылау жөніндегі іс-қимылдардан басқа мыналарды:

1) көлік құралының салмақтық және габаритті параметрлерінің аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленгенге ұқсас нормаларға, сондай-ақ басқа мүше-мемлекеттердің аумақтары арқылы ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға не ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралының жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеруді;

2) тасымалдаушыда аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы жүріп өтуге рұқсаттардың болуын, олардың орындалатын тасымалдар түріне сәйкестігін және көлік құралы сипаттамаларының осындай рұқсаттарда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді;

3) тасымалдаушыда аумақтары арқылы тасымалдау немесе жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға, ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралының жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсаттардың,
сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттардың болуын тексеруді;

4) тасымалдаушыда аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын басқа мүше-мемлекеттердің аумағында үшінші елдерге (үшінші елдерден) тасымалдауға арналған рұқсаттардың (арнайы рұқсаттардың) болуын тексеруді;

5) егер басқа мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, тасымалдауды жүзеге асыруға басқа мүше мемлекеттердің аумағы бойынша жүріп өтуге арналған рұқсатсыз жол берілетін болса, сондай-ақ егер тасымалдау көпжақты рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылатын болса, көліктік (автомобильдік) бақылау органдарымен келісілген нысанда тасымалдаушыға есепке алу талонын беруді жүзеге асырады.

8. Көліктік (автомобильдік) бақылау органдары Одақтың сыртқы шекарасы арқылы көлік құралының шығуы кезінде бақылау пункттерінде осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген іс-қимылдардан басқа, мыналарды:

1) егер осындай алымды төлеу мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес міндетті болса, тасымалдаушыда аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын мүше мемлекеттердің автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының жүріп өтуіне алымдар төлеу туралы түбіртектің болуын;

2) егер мүше мемлекеттің біреуінің аумағы бойынша жүріп өтуге арналған рұқсатта немесе есепке алу талонында көліктік (автомобильдік) бақылау органының тасымалдаушыға (жүргізушіге) осындай айыппұл салынғаны туралы белгісі болса, тасымалдаушыда (жүргізушіде) мүше мемлекеттің аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл төлегенін растайтын түбіртектің немесе тасымалдаушыға (жүргізушіге) тиісті әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға шағымды қанағаттандыру туралы сот органдары шешімінің болуын;

3) мүше мемлекеттердің тасымалдаушылары көлік құралдарының халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсаты болуын;

4) басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органынан осы Тәртіптің 9-тармағында көрсетілген хабарламаны алған жағдайда, тасымалдаушыда қажетті құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асырады.

9. Осы Тәртіптің 7-тармағында көзделген бақылау іс-қимылдары барысында көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, мүше мемлекеттердің заңнамаларында көзделген құжаттардың болмауы немесе сәйкессіздігі анықталған кезде бір мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы жүргізушіге мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдарымен келісілген нысан бойынша:

анықталған сәйкессіздіктер туралы;

басқа мүше мемлекеттің аумағына келгенге дейін жетіспейтін құжаттарды алу қажеттілігі туралы;

көлік құралының жүру маршрутын ескере отырып, басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органының жақын бақылау пункті туралы ақпаратты қамтитын хабарлама береді, онда тасымалдаушы көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігін жою дәлелдемесін және (немесе) хабарламада көрсетілген құжаттарды ұсынуға тиіс.

10. Хабарлама беру туралы ақпарат басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органына жолданады және сәйкессіздікті анықтаған көліктік (автомобильдік) бақылау органының ақпараттық базасына енгізіледі.

11. Егер бір мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы тасымалдаушыға осы Тәртіптің 9-тармағына сәйкес хабарлама берген болса, басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы бақылау пунктінде осы хабарламаның орындалуын тексеруді жүзеге асыруға және негіздемелер болған кезде, осы басқа мүше мемлекетінің мемлекет заңнамасына сәйкес тасымалдаушыға (жүргізушіге) шаралар қолдануға құқылы.

12. Одақ аумағынан көлік көлік құралын шығару – болуы осы Тәртіптің 7 және 8-тармақтарымен көзделген құжаттарды тасымалдаушы ұсынғанға дейін жүзеге асырылмайды. 

13.  Көлік құралының бақаланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген құжаттардың болмауын немесе сәйкессіздігі анықталғаны туралы басқа мүше мемлекеттің мемлекет аумағынан келетін көлік құралы Одақтың сыртқы шекарасы арқылы шыққан кезде бір мүше мемлекеттің көліктіктік (автомобильдік) бақылау органы осы басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органына хабар береді.

14. Мүше мемлекеттер өзара келісім негізінде өз заңнамасын, Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру әдістері мен технологияларын үйлестіру жөнінде:

1) халықаралық көлік дәліздерінің құрамына кіретін ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша қозғалыс кезінде көлік құралдарының салмақтық параметрлеріне қойылатын талаптар;

2) басқа мүше мемлекеттің ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының жүріп өтуіне алымдардың толық төленуіне бақылау жүйесін құру;

3) үшінші елдердің тасымалдаушыларымен даулы жағдайлар туындаған кезде, оларды реттеу тетігін әзірлеу;

4) Одақ аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдары шарттарын орындау жөніндегі белгіленген талаптарды бұзған жағдайда көлік құралдарын қайтару (ұстау) тетігін әзірлеу бөлігінде шаралар қабылдайды.

15. Рұқсаттар (арнайы рұқсаттар), егер:

1) олар құзыретті органдары көрсетілген рұқсаттарды берген мүше мемлекеттің заңнамасын бұзып ресімделсе немесе пайдаланылатын болса;

2) арнайы рұқсатта көрсетілген көлік құралының салмақтық және (немесе) габаритті параметрлері көлік құралының салмағын және габариттерін өлшеу нәтижелеріне сәйкес келмесе;

3) көлік құралының сипаттамалары мүше мемлекеттердің аумағы бойынша жүріп өтуге арналған рұқсатпен көзделген көлік құралы сипаттамаларына сәйкес келмесе, жарамсыз болып табылады.

16. Бақыланатын іс-қимылдар барысында көлік құралы параметрлерінің (сипаттамаларының) рұқсатта көрсетілген параметрлерге (сипаттамаларға) сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, бір мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органының басқа мүше мемлекеттің көліктік бақылау органынан жедел түрде рұқсаттың жарамдылығын растауды сұратуға құқығы бар.

17. Осы Тәртіпті іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдары:

1) жекелеген хаттамалар жасасады, басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органдарына өз мемлекеттерінің көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерінің ережелерін жеткізеді, көрсетілген актілерге енгізілетін кез келген өзгерістер туралы бір-бірін хабар береді, сондай-ақ осы Тәртіпке сәйкес көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың үлгілерімен алмасады;

2) көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижесінде алынған ақпаратпен өзара және тұрақты түрде алмасады. Ақпарат алмасу нысаны, құрамы және тәртібін мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдары айқындайды;

3) бір мүше мемлекеттің аумағы арқылы басқа мүше мемлекет аумағына транзитпен жүретін көлік құралдары туралы дерекқор жүргізуді ұйымдастырады және осы қорда бар ақпаратпен өзара алмасады.

18. Көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижесінде алынған ақпаратпен алмасу электрондық түрде жүзеге асырылады.

19. Мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдары көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижесінде алынған тауарды өткізетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары туралы өзге де ақпаратты беруі мүмкін.

20. Көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелерін және көлік құралдарын ресімдеу және есепке алу мақсатында мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдары осы Тәртіптің 7 – 9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатын көліктік (автомобильдік) бақылау бойынша қосымша әрекеттердің нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресуртарды пайдаланады, сондай-ақ осы ақпараттық ресурстарды өзара пайдалануды қамтамасыз етеді.

21. Мүше мемлекеттер шет мемлекеттердің құзыретті органдарына осы Тәртіпке сәйкес Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібінің өзгергені туралы белгіленген тәртіппен хабар береді.

Үйлестірілген (келісілген) көлік

саясаты туралы хаттамаға

№ 2 қосымша

Тарифтік саясат негіздерін коса алғанда, теміржол көлігінің

көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу

тәртібі

1. Осы Тәртіп Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамаға (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шатр) № 24 қосымша) сәйкес әзірленген, тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібін айқындайды және теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтері саласындағы теміржол көлігі ұйымдары, тұтынушылар, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы қатынастарға қолданылады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58