Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесін;
монополиялық жоғары (төмен) бағаларды айқындау әдістемесін;
осы Келісімде көзделген айыппұлды есептеу және салу тәртібінің әдістемесін;
экономиканың әртүрлі салаларында бәсекелестіктің жалпы қағидаларын қолдану ерекшеліктерін (қажет болған жағдайда);
Комиссияның және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара, (оның ішінде ақпараттық) іс-қимыл жасасу тәртібін бекітеді.
12. Шарттың 76-бабында белгіленген трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзылуы туралы тергеулердің жүргізілуін қамтамасыз ету және іс материалдарын дайындау үшін Комиссияда тиісті құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімше) жұмыс жасайды.
13. Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы тергеулерді жүргізу, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау кезінде Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан, өзін өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын органдарынан немесе ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан өтініштерді (материалдарды) қарау, тергеу жүргізу, істі қарау үшін қажетті ақпаратты сұратады.
Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері), коммерциялық емес ұйымдары, атқарушы билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдар немесе ұйымдар (олардың лауазымды тұлғалары), жеке тұлғалар оның сұрау салуы бойынша белгіленген мерзімде өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес Комиссияға қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді, түсіндірмелерді Комиссияға беруге міндетті.
14. Айыппұл салу туралы Комиссия шешімі, Комиссияның бұзушыға белгілі бір әрекеттер жасауды міндеттейтін шешімдері атқару құжаттары болып табылады және органдардың соттың мәжбүрлеп орындату актілерін, аумағында құқық бұзушылық жасаған шаруашылық субъектісі (нарық субъектісі), шаруашылық субъектісі (нарық субъектісі) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйым тіркелген немесе аумағында құқық бұзушы жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын мүше мемлекеттердің басқа да органдары мен лауазымды тұлғаларының актілерін орындауы тиіс.
Бәсекелестік саласындағы Комиссияның актілері, әрекеттері (әрекетсіздіктері) Одақ сотының статутында (Шартқа №2 қосымша) көзделген тәртіппен, осы Шарттың ережелерін ескере отырып, Одақ Сотында дауланады.
Одақ Соты Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылғаны туралы іс бойынша шешіміне шағым жасау туралы арызды іс жүргізуге қабылдаған жағдайда Комиссия шешімінің қолданысы Одақ Сотының шешімі заңды күшіне енген күнге дейін тоқтатыла тұрады.
Одақ Соты Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылғаны туралы іс бойынша шешіміне шағым жасау туралы арызды мәселені сотқа дейінгі тәртіппен шешу үшін арыз иесінің Комиссияға алдын ала жүгінуінсіз қарауға қабылдайды.
15. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының актілері, әрекеттері (әрекетсіздіктері) мүше мемлекеттердің қолданыстағы процестік заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің сот органдарында дауланады.
IV. Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін Комиссия салатын айыппұл санкциялары
16. Комиссия бекіткен Айыппұлды есептеу және салу тәртібі әдістемесіне сәйкес Комиссия Шарттың 76-бабында көзделген трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ Комиссияға оның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) бермегені үшін немесе көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) бергені үшін мынадай мөлшерлерде айыппұлдар салады:
1) шарттың 76-бабының 2-тармағына сәйкес жол берілмейтін жосықсыз бәсеке лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлергенан ға дейін ресей рублі; заңды тұлғаларға нан 1 ға дейін ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) Шарттың 76-бабының 3-5-тармақтарына сәйкес жол берілмейтін келісімдерді жасауы, сол сияқты оған қатысуы лауазымды тұлғаларға және дара кәсіпкерлергенан ға дейін ресей рублі мөлшерінде; заңды тұлғаларға нарығында құқық бұзушылық жасалған құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсім сомасының жүзден бірден жүзден он беске дейінгі мөлшерде не құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу шығыстары сомасының, бірақ ресей рублінен кем емес мөлшерінде, ал егер нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсімінің сомасы құқық бұзушының барлық тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының жиынтық көлемінің 75 пайызынан асқан жағдайда - нарығында құқық бұзушылық жасалған, бірақ ресей рублінен кем емес құқық бұзушының тауар (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының елуден бір жиынтық мөлшерінен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3) шаруашылық жүргізуші субъектілердің Шарттың 76-бабының 6-тармағына сәйкес жол берілмейтін экономикалық қызметті үйлестіруі жеке тұлғаларғананға дейін ресей рублі мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға және дара кәсіпкерлергенан ға дейін ресей рублі мөлшерінде, заңды тұлғаларға нан 5 ға дейін ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4) тауар нарығында үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайды теріс пайдаланды деп танылатын және Шарттың 76-бабының 1-тармағына сәйкес жол берілмейтін іс-қимылдарды жасауы лауазымды тұлғаларға және дара кәсіпкерлергенан ға дейін ресей рублі мөлшерінде, заңды тұлғаларға нарығында құқық бұзушылық жасалған құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсім сомасының жүзден бірден жүзден он беске дейінгі мөлшерінде не нарығында құқық бұзушылық жасалған құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу шығыстары сомасының, бірақ ресей рублінен кем емес мөлшерінде, ал егер нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсімінің сомасы құқық бұзушының барлық тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының жиынтық көлемінің 75 пайызынан асқан жағдайда - нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсімі сомасының не құқық бұзушының тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) құқық бұзушылық жасалған нарықта сатып алуы шығыстарының сомасының үш мыңнан жүзден үшке дейінгі мөлшерінде, бірақ ресей рублінен кем емес құқық бұзушының тауар (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының елуден бірден аспайтын жиынтық мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5) Комиссияға Шарттың XVIII бөлімінде және осы Хаттамада көзделген мәліметтерді (ақпаратты) бермеу немесе уақтылы бермеу, оның ішінде Комиссияның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) бермеу, сол сияқты көрінеу анық емес мәліметтер (ақпарат) беру жеке тұлғаларғананға дейінгі ресей рублі, лауазымды тұлғаларға және дара кәсіпкерлергенанға дейінгі ресей рублі, заңды тұлғаларға нан 1 ға дейінгі ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы Хаттамада шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк функцияларды орындайтын, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілері) жеке-дара атқарушы органдарының өкілеттіктерін жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйым басшыларын лауазымды тұлға деп түсіну керек. Осы Хаттаманың мақсаттарын орындау үшін трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін, қызметі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тіркеуге және (немесе) лицензиялануға жататын. Кәсіптік кіріс әкелетін жеке тұлғалар лауазымды тұлға ретінде жауапты болады.
17. Осы Хаттаманың 16-тармағының 1-5-тармақшаларында көзделген айыппұлдар аумағында құқық бұзушылық жасаған заңды тұлға тіркелген не аумағында құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын тұлға мүше мемлекеттің бюджетіне аударылуға тиіс.
18. Осы Хаттаманың 16-тармағында көзделген айыппұлдарды шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері), жеке тұлға немесе шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйым осы Хаттамада көзделген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзған шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) немесе жеке тұлға, коммерциялық емес ұйым қай мүше мемлекеттің аумағында тіркелсе, сол мүше мемлекеттің ұлттық валютасында, Комиссияның айыппұл салу туралы шешім қабылдаған күніне көрсетілген мүше мемлекеттің орталық (ұлттық) банкі белгілеген бағамы бойынша төлейді.
19. Комиссияға Шарттың 76-бабына сәйкес жол берілмейтін келісімді жасағаны туралы ерікті түрде мәлімдеген тұлға (тұлғалар тобы) жиынтығында мынадай талаптарды орындаған кезде:
тұлға өтініш берген сәтте Комиссияда жасалған құқық бұзушылық туралы мәліметтер мен құжаттар болмаса;
тұлға Шарттың 76-бабына сәйкес жол берілмейтін келісімге қатысудан немесе одан әрі қатысудан бас тартса;
ұсынылған мәліметтер немесе құжаттар құқық бұзушылық оқиғаларын белгілеу үшін жеткілікті болып табылса, осы бөлімнің тармағында көзделген құқық бұзушылық үшін жауаптылықтан босатылады.
Осы тармақта көзделген барлық шарттарды бірінші орындаған тұлға жауаптылықтан босатуға жатады.
20. Осы Шарттың 76-бабына сәйкес жол берілмейтін келісімді жасаған бірнеше тұлға атынан бір мезгілде берілген өтініш қарауға жатпайды.
21. Осы бөлімде белгіленген, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл мөлшерлері құқық бұзушының тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу сомасынан немесе бұзушылық жасалған нарықта тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алуға құқық бұзушының шығыстар сомасын ескере отырып, есептелетін, заңды тұлғаларға салынатын айыппұлдарды қоспағанда, Жоғары кеңес шешімімен өзгеруі мүмкін.
V. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы
22. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы Шарттың XVIII бөлімін және осы Хаттаманы іске асыру шеңберінде ақпарат беру туралы хабарлама, сұрау салулар, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы сұрау салулар мен тапсырмалар жіберу, ақпарат алмасу, мүше мемлекеттердің құқық қолдану практикасын үйлестіру, сондай-ақ мүше мемлекеттердің бірінің сұрау салуы бойынша құқық қолдану қызметін жүзеге асыру жолымен мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының құқық қолдану қызметін жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының орталық аппараттары жүзеге асырады.
23. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органына, егер оның құқық қолдану қызметі басқа мүше мемлекеттің бәсекелестікті қорғау саласындағы мүдделерін қозғауы мүмкін екендігі белгілі болған жағдайда, хабарлайды.
24. Мүше мемлекеттер басқа мүше мемлекеттің бәсекелестікті қорғау саласындағы мүдделерін қозғауы мүмкін құқық қолдану қызметі деп мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының:
1) басқа мүше мемлекеттің құқық қолдану қызметіне қатысы бар;
2) бәсекелестікке қарсы әрекеттерге қатысты (бірігу немесе сатып алу жөніндегі мәмілелерді және өзге де әрекеттерді жасауды қоспағанда), оның ішінде басқа мүше мемлекеттің аумағында жүзеге асырылатын;
3) мәміле тарапының біреуі немесе мәміленің бір немесе бірнеше тараптарын бақылайтын немесе олардың шаруашылық жүргізу қызметін жүргізу шарттарын өзгеше түрде айқындайтын тұлға басқа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген немесе құрылған тұлға болып табылатын мәмілелерге (өзге де іс-әрекеттерге) қатысты;
4) бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету шеңберінде жүзеге асыруды талап ететін немесе басқа мүше мемлекеттің аумағында қандай да бір әрекеттерге тыйым салатын мәжбүрлеп ықпал ету шараларын қолданумен байланысты қызметін түсінеді.
25. Мәмілелер (өзге де әрекеттер) туралы хабарламалар:
1) хабарлаушы мүше мемлекеттің уәкілетті органы мәмілені қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен кешіктірмей;
2) мәміле бойынша шешім қарау мерзімі ұзартылмай қабылданған жағдайда - оны мәміле бойынша шешім қабылдаған күннен кешіктірмей, хабарлаушы мүше мемлекетке мәміле жөнінде өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақылға қонымды мерзімде жіберіледі.
26. Басқа мүше мемлекеттің пікірін назарға алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында осы Хаттаманың 24-тармағының 1, 2 және 4-тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша хабарламалар осы мүше мемлекетке хабарланушы мүше мемлекеттің өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақылға қонымды мерзімді сақтай отырып, басқа мүше мемлекетке ол туралы хабарлау қажет мән-жайлар анықталған кезде істі қарау сатысында, бірақ кез келген жағдайда іс бойынша шешім қабылданғанға немесе бітімгершілік келісім жасалғанға дейін жіберіледі.
27. Хабарлама жазбаша нысанда жіберіледі және хабарланатын мүше мемлекетке хабарлайтын мүше мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, хабарлайтын мүше мемлекеттің құқық қолдану қызметінің салдарына алдын ала талдау жүргізуге мүмкіндік беру үшін жеткілікті ақпаратты қамтуы тиіс.
28. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, сондай-ақ тапсырмалар беру туралы сұрау салулар жіберуге құқылы.
29. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салу мүше мемлекеттің уәкілетті органының бланкісінде жазбаша нысанда ресімделеді және мыналарды қамтуы тиіс:
1) ақпарат сұратылатын тиісті істің нөмірін (бар болған жағдайда), құқық бұзушылықтың және өзге де оған қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипатталуын, қолданылатын заң мәтінін қоса бере отырып, сұратқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес іс-әрекетті заңдық саралауды;
2) өздеріне қатысты тиісті істер қаралатын тұлғалардың, куәлардың тегі, аты және әкесінің аты, олардың тұратын жері немесе орналасқан жері, азаматтығы, айналысатын ісі, туған жері және күні, заңды тұлғалар үшін - олардың атауы және орналасқан жері (егер санамаланған мәліметтер туралы ақпарат бар болса);
3) құжатты табыс ету туралы тапсырмада - алушының нақты мекенжайы және табыс етілетін құжаттың атауы;
4) ұсынылуы немесе орындалуы тиіс мәліметтердің және әрекеттердің тізбесі (сауалнама жүргізу үшін қандай мән-жайлар анықталуы және нақтылануы тиіс екені көрсетілуі, сондай-ақ сұрау қойылатын тұлғаға қойылатын сұрақтардың реттілігі және тұжырымы көрсетілуге тиіс).
30. Жекелеген процестік іс-әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салуда мыналар қамтылуға тиіс:
1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімін көрсету;
2) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды белгілі бір тәртіппен өткізу туралы өтінішхат;
3) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды орындау кезінде сұрау салатын мүше мемлекеттің уәкілетті органдары өкілдеріне қатысу, сондай-ақ, егер бұл әрбір мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін болса, оларды орындауға қатысу мүмкіндігін беру туралы өтінішхат;
4) сұрау салуды, тапсырманы орындаумен байланысты өзге де өтінішхаттар қамтылуы тиіс.
31. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат және құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салуға сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды. Сұрау салуға немесе тапсырмаға сұрау салу немесе тапсырма мәтінінде сілтемесі бар құжаттардың қолда бар көшірмелері, сондай-ақ оларды тиісінше орындау үшін қажетті өзге де құжаттар қоса берілуге тиіс.
32. Орындалуы орындаушы мүше мемлекет үшін қосымша шығыстарды талап ететін сараптамалар және өзге процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының арасындағы алдын ала келісу бойынша жіберіледі.
33. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары процестік құжаттарды басқа мүше мемлекеттің аумағында болатын тиісті істерге қатысушыларға почта арқылы тікелей жібере алады.
34. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы қайта сұрау салуды жіберуге, қосымша мәліметтер алу немесе бұрынғы сұрауды немесе тапсырманы орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, жол беріледі.
35. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар мен ақпарат және құжаттар беру туралы сұрау салу олар алынған күннен бастап 1 ай ішінде немесе мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен алдын ала келісілген өзге де мерзімде орындалады.
Мүше мемлекеттің өзге де мемлекеттік органына немесе сұратылатын мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектісіне (нарық субъектісіне) өтініш беру қажет болған жағдайда, көрсетілген мерзім мұндай өтінішті орындау уақытына ұзартылады.
36. Сұрау салынған мүше мемлекеттің уәкілетті органы сұрау салуда немесе тапсырмада көрсетілген әрекеттерді жүргізеді және қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұрау салынған мүше мемлекеттің уәкілетті органы өз бастамасы бойынша сұрау салуда немесе тапсырмада көзделмеген, оларды орындаумен байланысты әрекеттерді жүргізуге құқылы.
37. Сұрау салуды, тапсырманы орындау мүмкін болмаған не осы Хаттаманың 35-тармағында көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салынған уәкілетті орган сұрау салған мүше мемлекеттің уәкілетті органына көрсетілген сұрау салуды, тапсырманы орындаудың мүмкін еместігі не оларды орындаудың болжамды мерзімдері туралы хабарлауға тиіс.
38. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бір-біріне олардың тиісінше орындалмауы фактілері туралы хабарлай отырып, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар және тапсырмалар беру туралы сұрау салудың орындалу тәжірибесін зерделейді.
39. Мекеме дайындаған немесе куәландырған немесе осыған өкілеттігі бар лауазымды тұлға өз құзыретінің шегінде мүше мемлекеттердің бірінің аумағында елтаңбалық мөрмен бекемдеген құжаттар басқа мүше мемлекеттің аумағында қандай да бір арнайы куәліксіз қабылданады.
40. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмек көрсетуден, егер сұрау салуды орындау сұрау салынған мүше мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе өзге де мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін болса нее оның заңнамасына қайшы келетін жағдайда, бас тартылуы мүмкін.
41. Әрбір мүше мемлекет сұрау салулар және тапсырмаларды орындаумен байланысты туындайтын шығыстарды өзі көтереді.
Жекелеген жағдайларда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары шығыстарды жүзеге асырудың өзге де тәртібін келісуі мүмкін.
42. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жекелеген процестік және өзге де әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларды орындаған кезде мыналарды:
1) өздеріне қатысты тиісті іс жүргізілетін тұлғалардан, сондай-ақ куәгерлерден жауап алу;
2) іс бойынша іс жүргізу үшін қажетті құжаттарды талап етіп алдыру;
3) тұлғаға қатысты тапсырма жіберілген оның аумағын, үй-жайын, құжаттарын және заттарын қарап тексеру (мұндай тұлғаның тұрғын-жайын қоспағанда);
4) мемлекеттік органдардан және тұлғалардан іс бойынша іс жүргізу немесе оны қарау үшін қажетті ақпаратты алу;
5) тиісті іске қатысушыларға құжаттарды немесе олардың көшірмелерін табыс ету;
6) сараптама жасайды және өзге де іс-әрекеттерді жүргізеді.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 |


