Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

11) мұндай субсидиялау экспорт нәтижелерімен немесе импорттық тауарлардың орнына отандық тауарларды пайдаланумен байланысты болған жағдайда кәсіпорынға босатылатын электр энергиясына немесе электр жеткізгіштерге арналған тарифтерді төмендету.

15. Комиссия осы Хаттаманы басшылыққа ала отырып, жол берілгендер ретінде тыйым салынған субсидияларды келіспейді.

Осы тармақтың ережелерін қолдану Шарттың 105-бабының
1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

16. Егер бір мүше мемлекетте екінші мүше мемлекеттің субсидиялайтын органы тыйым салынған субсидияларды берген және (немесе) сақталуы осы Хаттамаға сәйкес ерекше субсидиялар алу үшін қажетті шараларды енгiзген деп есептеуге негiз болған жағдайда, бірінші мүше мемлекеттің екінші мүше мемлекетке осындай тыйым салынған субсидияларды немесе шараларды алып тастау туралы консультациялар өткiзу жөнiндегi өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар.

17. Ресми дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың
16-тармағында көрсетiлген консультациялар өткiзу туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 айдың iшiнде мүше мемлекеттер өзара келiсiмге қол жеткізілмесе, онда орын алып отырған келiспеушiлiктер Шарттың 93-бабына сәйкес шешiледi.

Егер дауларды шешу рәсiмiнiң нәтижелерi бойынша мүше мемлекеттердің бiрi осы Хаттаманың 9 және 12-тармақтарында көрсетiлген тыйым салынған субсидияларды бергендiгi және (немесе) осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетiлген шараларды қолданатыны туралы шешiм қабылданса, онда мүше мемлекет осындай тыйым салынған субсидияларды немесе басқа мүше мемлекеттердің ұлттық экономикасына залал келтіру шараларын, осындай тыйым салынған субсидиялар мен шаралар нәтижесiнiң басқа да мүше мемлекеттердің ұлттық экономикасына залал келтiрiлуiне қарамастан, оларды дереу және сөзсiз тоқтатады және осы Хаттаманың 89 – 94-тармақтарына сәйкес осындай тыйым салынған субсидияларға қатысты өтеу шарасын енгiзедi.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

18. Субсидиялайтын органдар осы Хаттамаға  қосымшаға сәйкес шараларды қолдану арқылы субсидияларды белгiленген өтпелi кезең iшiнде беруге құқылы.

IV. Рұқсат етiлетiн субсидиялар

19. Осы Хаттамаға сәйкес тыйым салынған және ерекше болып табылмайтын субсидиялар, берiлуi мүше мемлекеттердің өзара саудасын бұрмаламайтын рұқсат етілетін субсидиялар ретiнде танылады.

Мүше мемлекеттер осындай субсидияларды шектеусiз беруге құқылы және осындай субсидияларға қатысты осы Хаттаманың өтеу және қарсы шараларын қолдануға немесе субсидияларды беруге тыйым салуға қатысты ережелері қолданылмайды.

20. Мүше мемлекеттер осы бөлімде көзделген рұқсат етілген субсидияларды Комиссиямен келіспей беруге құқылы.

Осы тармақтың ережелерін қолдану Шарттың 105-бабының 1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

21. Осы Хаттаманың VIІ бөлімінде көрсетiлген, осы Хаттаманың II бөліміне сәйкес ерекше болып табылатын, бірақ мүше мемлекеттер өзара сауданы бұрмаламайды деп таныған субсидиялар осы Хаттаманың VIII бөлімiне сәйкес өтеу шараларын қабылдауға негiз болмайды.

IV. Тексерулерді жүргізу тәртібі

22. Мүше мемлекеттің аумағында берiлетiн субсидиялардың осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес келуiн талдау, сондай-ақ ерекше субсидия ұсынған мүше мемлекеттің аумағынан субсидияланатын тауарды әкелу не субсидиялайтын мүше мемлекет нарығынан ұқсас тауарды ығыстыруы салдарынан ұлттық экономика саласына келетiн залалдың бар-жоғын анықтау мақсатындағы тексерудi осы мүше мемлекеттің аумағында тiркелген ұлттық ұқсас тауар өндiрушiлердiң осы Хаттамаға сәйкес жазбаша нысанда берген өтiнiшi (бұдан әрі - өтініш) негiзiнде мүше мемлекеттің құзыреттi органы жүргiзедi не құзыреттi органның өз бастамасы бойынша жүргiзiледi.

23. Өтiнiштi ұлттық ұқсас тауар өндiрушi немесе қатысушыларының қатарына ұлттық экономика саласын құраушы өндiрушiлер кiретiн осындай өндiрушiлер бiрлестiгi, сондай-ақ, аумағында осы өкілдер тiркелген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиiстi дәрежеде ресiмделген өкiлеттiктерi бар осы тұлғалардың өкiлдерi (бұдан әрі - өтiнiш берушi) бередi.

24.  Өтiнiште мыналар қамтылуы тиiс:

1) өтiнiш берушi туралы мәлiметтер;

2)  тауар сипаттамасы (өндiрушi ел және ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетiлген);

3) ерекше субсидияның болуы, сипаты мен көлемi туралы мәлiметтер;

4) субсидияланатын тауар өндiрушiлер туралы мәлiметтер;

5)  ұлттық ұқсас тауар өндiрушiлер туралы мәлiметтер;

6) құзыреттi органға өтiнiш беру алдында 3 күнтiзбелiк жыл бұрын өтiнiш берiлетiн мүше мемлекеттiң аумағына субсидияланатын тауарды әкелу көлемiнiң өзгеруi туралы мәлiметтер;

7) құзыреттi органның тиiстi өтiнiш берiлетiн мүше мемлекеттiң аумағынан ұқсас тауарды мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттерiнiң аумағына әкету көлемiнiң өзгеруi туралы мәлiметтер;

8) субсидияланатын тауарды әкелудің не субсидиялайтын мүше мемлекеттің нарығынан ұқс ас тауарды ығыстырудің салдарынан ұлттық экономика саласына келтiрiлетiн залалдың бар екендiгiнiң дәлелдемелерi. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына материалдық залалдың болуы және материалдық залал келтiру қатерлерiнiң болу дәлелдемелерi объективтiк факторларға негiзделедi, олар ұлттық экономика саласының экономикалық ахуалын сипаттайды және сандық көрсеткiштерде (оның iшiнде тауар өндiрiсiнiң көлемi және оны сату көлемi, мүше мемлекет нарығындағы тауар үлесi, тауар өндiрудiң өзiндiк құны, тауар бағасы, өндiрiс қуаттарының жүктемесi, еңбек өнiмдiлiгi, пайда көлемдерi, өндiрiс пен тауарлар сату рентабельдiлiгi туралы, ұлттық экономика саласындағы инвестициялар көлемi туралы деректер) көрсетiлуі мүмкін;

9) өтiнiш берудiң алдындағы 3 күнтiзбелiк жылда мүше мемлекеттердiң бiрыңғай кедендiк аумағына ұқсас тауар импорты көлемiнiң (сандық және құндық мәнде) өзгеруi туралы мәлiметтер;

10) өтiнiш берудiң алдындағы 3 күнтiзбелiк жылда Одақтың кедендік аумағынан (сандық және құндық мәнде) ұқсас тауар экспорты көлемінің өзгеруі туралы мәлiметтер;

11) талданатын кезеңде ұлттық экономика саласына әсер етуi мүмкiн басқа да факторларды талдау.

25. Өтiнiште бар құндық көрсеткiштердi көрсету кезiнде салыстыру мақсатында сыртқы сауда статистикасын жүргiзу үшiн Комиссия белгiлейтін ақша бiрлiгi пайдаланылады.

26. Өтiнiш, оған құпия емес нұсқадағы қосымшасы бар (егер өтiнiште құпия ақпарат болса) құзыреттi органға ұсынылады және осы органға өтiнiш түскен күннен бастап тiркелуге жатады.

27. Өтiнiш мынадай негiздер бойынша қабылданбайды:

өтiнiш берушiнiң осы Хаттаманың 23-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;

осы Хаттаманың 24-тармағында көрсетiлген материалдардың өтiнiш беру кезiнде ұсынылмауы;

өтiнiш берушi берген мәліметтердің анық болмауы.

Басқа негiздер бойынша өтiнiштердi қабылдамауға жол берілмейді.

28. Тексерудiң басталуы туралы шешiм қабылдағанға дейiн құзыреттi орган жазбаша нысанда, қарастырылып отырған ерекше субсидия аумағында берiлген мүше мемлекеттiң уәкiлеттi органына өтiнiш түскенi туралы хабарлайды.

29. Құзыреттi орган тексерудi бастау туралы шешiм қабылдау мақсатында осы өтiнiш тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк 30күн iшiнде, осы Хаттаманың 24-тармағына сәйкес осы өтiнiште қамтылған мәлiметтер мен дәлелдемелердiң анықтығын және жеткiлiктiлігiн зерделейдi. Көрсетiлген мерзiм құзыреттi орган өтiнiш берушiден қосымша мәлiметтер алуы қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкiн, бiрақ өтініш тіркелген күннен бастап күнтiзбелiк 40 күннен аспауға тиiс.

30. Өтiнiштi, оны тексеру барысында немесе басталғанға дейін өтiнiш берушi қайтарып ала алады.

Егер өтiнiш тексеру басталғанға дейін қайтарып алынған жағдайда, мұндай өтiнiш берiлмеген болып есептеледi.

Егер өтiнiш тексеру жүргiзу барысында қайтарылып алынған жағдайда, құзыреттi органның шешiмi бойынша ол не тоқтатылады не жалғаса бередi.

31. Өтiнiштi қарауға қабылдағаннан кейiн және тексерудi бастау туралы шешiм қабылдағанға дейiн құзыреттi орган ерекше субсидия берген мүше мемлекетiнiң уәкiлеттi органына ерекше субсидиялардың болуына, мөлшерi және пайдаланылуына, сондай-ақ оны берудiң салдарын және өзара қолайлы шешiмге қол жеткізуге қатысты жағдайды нақтылау мақсатында консультациялар жүргiзудi ұсынады. Мұндай консультациялар тексеру барысында да жалғасуы мүмкiн.

32. Ерекше субсидиялардың болуы, мөлшерi және қолданылуына, сондай-ақ ерекше субсидия беру салдарына қатысты консультациялар жүргiзу құзыреттi органның тексерудi бастау туралы шешiм қабылдауына, сондай-ақ осындай тексерулер қорытындылары бойынша басқа мұше мемлекет аумағында берiлген ерекше субсидияның осы Хаттаманың ережелеріне сәйкестiгi және (немесе) ерекше субсидия берген мүше мемлекет аумағынан субсидияланған тауарды әкелу салдарынан немесе ерекше субсидия берген мүше мемлекет нарығынан немесе үшiншi мүше мемлекет нарығынан ұқсас тауарды ығыстыруы салдарынан және аумағында ерекше субсидиялауды қарау ұсынылып отырған мүше мемлекетке өтемақы шарасын енгiзу туралы өтiнiш беру салдарынан зиян келтiрiлгенi туралы қорытынды дайындауына кедергi жасамайды.

33. Құзыреттi орган осы Хаттаманың 29-тармағында көрсетiлген мерзiм өткенге дейiн тексерудi бастау немесе оны жүргiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

Тексерудi жүргiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдаған кезде құзыреттi орган осындай шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк 10 күннен аспайтын мерзімде өтiнiш берушiні тексерудi жүргiзуден бас тартудың себебi туралы жазбаша түрде хабардар етедi.

Тексерудi бастау туралы шешiм қабылданған кезде құзыреттi орган ерекше өнеркәсiптiк субсидия берген мүше мемлекеттiң құзыреттi органын, сондай-ақ оған белгiлi мүдделi тұлғаларды қабылданған шешiм туралы жазбаша түрде хабардар етедi және тексерудi бастау туралы шешiм қабылданғаннан бастап 5 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде тексерудi бастау туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етедi. Тексерудi бастау туралы хабарландыру жарияланған күн тексеру басталған күн болып танылады.

34. Құзыреттi орган, егер осы органда осы Хаттама бөлімдері ережелерінің бұзылу фактiсi және (немесе) осы мүше мемлекеттің аумағынан субсидияланған тауарды әкелу салдарынан немесе ерекше субсидия берген мүше мемлекеттің нарығынан немесе үшiншi мүше мемлекеттің нарығынан ұқсас тауарды субсидияланған тауардың ығыстыруы салдарынан ұлттық экономика саласына зиян келуi дәлелдерi болған жағдайда, тексерудi бастау туралы шешiмдi өз бастамасымен де қабылдай алады.

Тексерудi бастау үшiн осындай дәлелдер жеткiлiксiз болған жағдайда, мұндай тексерудi бастауға болмайды.

35. Тексерудi бастау туралы шешiм қабылданғаннан кейiн құзыреттi орган оған белгiлi ұқсас тауардың ұлттық өндiрушiлерiне және тексеру объектiсi болып табылатын субсидияланатын тауарды өндiрушiлерге осы тексеру жүргiзу мақсатында жауап қайтарулары тиiс сұрақтар тiзбесiн оларға жолдайды.

Сұрақтар тiзбесi оны поштамен жiберген күннен бастап күнтiзбелiк 7 күннен кейiн немесе оны ұлттық немесе шетелдiк өндiрушiнiң өкiлiне тiкелей берiлген күннен бастап алынған болып есептеледi.

Ұқсас тауардың ұлттық өндiрушiлерi мен сұрақтар тізбесі жолданған тексеру объектiсi болып табылатын субсидияланатын тауарды өндiрушiлер өздері осындай тізбені алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде уәкілетті органға өздерінің жауаптарын береді. Ұқсас тауардың ұлттық өндiрушiлерi мен сұрақтар тізбесі жолданған тексеру объектiсi болып табылатын субсидияланатын тауарды өндiрушiлердің дәлелдi және жазбаша нысанда жазылған өтiнiшi бойынша көрсетiлген мерзiмдi құзыреттi орган күнтiзбелiк 10 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн.

36. Жүргiзiлiп жатқан тексеруге байланысты қосымша мәлiметтер алу немесе тексеру барысында ұсынылған мәлiметтердi тексеру мақсатында құзыреттi орган тексеру объектiсi болып табылатын субсидияланатын тауардың тиiстi өндiрушiсiнiң осыған келiсiмi болған жағдайда, сондай-ақ тиiстi мемлекет үкiметiнiң өкiлдерiн алдын ала хабардар етілген және осы мемлекет тарапынан тексерудi оның аумағында жүргiзуге қатысты қарсылықтары болмаған жағдайда, тексерудi арнайы өнеркәсiптiк субсидия берген мүше мемлекеттiң аумағында жүргiзуi мүмкiн.

Жүргiзiлiп жатқан тексеруге байланысты, қосымша мәлiметтер алу немесе тексеру барысында ұсынылған мәлiметтердi тексеру мақсатында құзыреттi орган өз өкiлдерiн ұқсас тауардың ұлттық өндiрушiлерi орналасқан жерге жiберуге, мүдделi тұлғалармен консультациялар мен келiссөздер жүргiзуге, тексеру объектiсi болып табылатын субсидияланатын тауардың үлгiлерiмен танысуға және басқа да тексеру жүргiзiлiп жатқан мүше мемлекетiнiң заңнамасына қайшы келмейтiн, тексеруге қажеттi басқа да iс-қимылдар жасауға құқылы.

37. Құзыреттi орган тексеру жүргiзу барысында өнеркәсiптiк субсидия берген немесе берушi қаралып жатқан өнеркәсiптiк субсидияны ұсынушы мүше мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдарына, сондай-ақ мүдделi тұлғаларға жүргiзiлiп отырған тексеруге қатысы бар, ақпарат беру туралы сауал жолдай алады.

38. Мүдделi тұлғалар тексерудiң басталуы туралы хабарламада көрсетiлген күннен кешiктiрмей тексеру жүргiзу мақсаты үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде осындай мәлiметтер алу көздерiн көрсете отырып, құпия ақпаратты ұсынуға құқылы. Құзыреттi орган мүдделi тұлғалардан қосымша мәлiметтер сұратуға құқылы.

39. Тексеруге қатысы бар дәлелдер және мәлiметтер, құзыреттi органға тексеру жүргiзiлiп жатқан мүше мемлекетте мемлекеттiк болып табылатын тiлде ұсынылуы, ал шетел тiлiнде жасалған құжаттардың түпнұсқасы аудармамен қоса берiлуi (ұсынылған аударма куәландырылып) тиiс.

40. Құпия ақпаратты қорғау қажеттiлiгiн ескере отырып құзыреттi орган осы Хаттамаға сәйкес тексеру барысында мүдделi тұлғаларға олардың жазбаша өтiнiштерi бойынша, тексеру мәнiне қатысты, дәлелдер ретiнде кез келген мүдделi тұлға жазбаша нысанда ұсынған мәлiметтермен танысуға мүмкiндiк бередi. Құзыреттi орган барлық тексеруге қатысушыларға тексеруге қатысы бар және тексеру барысында олар пайдаланатын, алайда осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын басқа да мәлiметтермен танысуға мүмкiндiк бередi.

41. Кеден ісі саласындағы, мемлекеттік статистиканы енгізуге уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік (басқару) органдары, мүше мемлекеттердің басқа да мемлекеттік билік (басқару) органдары мен аумақтық (жергілікті) мемлекеттік билік (басқару) органдары тексеру жүргізуге көмек көрсетуі және мәліметтерге (оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын) тексеру жүргізу мақсатында қажетті құзыретті органның сұрау салуы бойынша ұсынуы тиіс.

42. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру басталған күннен бастап 6 айдан аспауы тиіс.

Тексеру, құзыретті орган тексеру нәтижелерін өз мемлекеті үкіметінің қарауына жіберген күні аяқталды деп есептеледі.

43. Тексеру нәтижелері бойынша құзыретті орган басқа мүше мемлекеттің аумағында ұсынылған субсидиялардың осы Хаттаманың ережелеріне сәйкестігі туралы қорытынды әзірлейді.

44. Егер, тексеру нәтижелері бойынша осы Хаттама ережелерінің бұзылғаны және (немесе) мүше мемлекеттің ұлттық экономика саласына залал келтірілгені дәлелденген жағдайда, тексеру жүргізген құзыретті орган аумағында ерекше субсидия қаралып жатқан мүше мемлекетке өтеу шарасы туралы өтініш беріледі.

45. Мүше мемлекеттің аумағында ұлттық экономика саласын анықтаған кезде, тексеру жүргізетін құзыретті орган екі немесе одан да көп бәсекелес нарық жұмыс істейтін аумақ ретінде қаралуы мүмкін, ал ұлттық өндірушілер, егер, мұндай өндірушілер осындай нарықта өздері шығаратын ұқсас тауардың кемінде сексен пайызын сатса және осындай нарықта ұқсас тауарға сұраныс тексеру жүргізетін мүше мемлекеттік қалған аумағында орналасқан аталған өнімнің ұлттық өндірушілерін айтарлықтай қанағаттандырмаса, көрсетілген нарықтардың бірі ретінде жеке ұлттық экономикалық саласы ретінде қаралуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, зиянның болуы, ұлттық экономика саласының негізгі бөлігіне залал келтірілмесе де, субсидияланатын тауарды сату көрсетілген бәсекелес нарықтардың біріне бағытталған жағдай кезінде зиян келтірілмесе де және субсидияланатын тауарды әкелу ұқсас тауарлардың ұлттық өндірушілеріне осындай бір нарықтың шегінде кемінде сексен пайыз зиян келтірсе де белгіленуі мүмкін.

46. Ерекше субсидия мөлшері осындай субсидия алушы алатын пайда көлемінің негізінде айқындалады. Ерекше субсидияның пайдасын есептеу кезінде құзыретті орган:

1) субсидиялайтын органның ұйым капиталына қатысуы, егер мұндай қатысу тиісті мүше мемлекеттің аумағында қарапайым инвестициялық жобаға сәйкес келмейтін (қауіп капиталын қоса алғанда) ретінде бағаланбаса ерекше субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды;

2) субсидиялайтын органдарға ұсынылған кредит, егер кредитті алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін соманың және аталған ұйым тиісті мүше мемлекеттің кредит нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлеуі мүмкін соманың арасында айырмашылық болмаса ерекше субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды. Олай болмаған жағдайда мынадай сомалардың арасындағы айырмашылық пайда болып есептеледі;

3) субсидиялайтын органның кредитке кепілдік беруі егер, кепілдік алған ұйым субсидиялайтын орган кепілдік берген кредит үшін төлейтін соманың және ол мемлекеттік кепілдіксіз салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлеуі мүмкін соманың арасында айырмашылық болмаса ерекше субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды. Олай болмаған жағдайда комиссиялық айырмашылыққа түзетуі бар осы сомалардың арасындағы айырмашылық пайда болып есептеледі;

4) субсидиялайтын органның тауарларды немесе қызметтерді жеткізуі не тауарларды сатып алуы егер, тауарлар немесе қызметтер дұрыс ақы төлеуден кемге жеткізілсе не сатып алу дұрыс ақы төлеуден артыққа жүзеге асырылмаса ерекше субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды. Ақы төлеудің дұрыстығы бағасын, сапасын, қолжетімділігін, таратылуын, тасымалдануын және тауарларды сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда тиісті мүше мемлекеттердің нарығында мынадай тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен сатудың қолданыстағы нарықтық щартына байланысты айқындалады деп есептейді.

47. Субсидия мөлшерін есептеу құзыретті орган тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің аумағына әкелінген не аумағына ерекше субсидия ұсынылатын мүше мемлекеттің нарығында немесе басқа мүше мемлекеттің нарығында сатылатын тауардың бірлігіне (тоннасына, текше метріне, данасына және басқаларына) есептеледі.

48. Субсидия мөлшерін есептеу кезінде егер, инфляция қарқыны алынған нәтижелерді бүлдіре алатындай жоғары болған жағдайда тиісті мүше мемлекеттің инфляция көрсеткіштері ескерілуі тиіс.

49. Тауар бірлігіне субсидия мөлшері осы мақсаттарға ерекше субсидияларын ұсынған тиісті мүше мемлекеттер шығыстарының мөлшеріне байланысты белгіленеді.

50. Тауар бірлігіне субсидия мөлшерін есептеу кезінде мұндай тауардың құны мұның алдында субсидия алынған және қажетті деректері бар субсидия алушы заңды тұлғаның 12 айдағы жалпы сату құны ретінде айқындалады.

51. Субсидия мөлшерін есептеу кезінде субсидияның жалпы сомасынан кез келген тіркеу алымының сомасын немесе субсидия алу үшін жұмсалған басқа да шығыстарды есептеп алу қажет.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58