89-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыс
Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлердiң есебiне жазылған табыстар мен осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған күнiнен бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады.
Көрсетiлген мiндеттемелер олардың туындауы күнiне қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда осы мiндеттемелердiң бұрын шегерiмге жатқызылған сомасына барабар түрде қалпына келтiрiлуге жататын қосылған құн салығын қоспағанда, осы мiндеттемелердiң бұрын шегерiмге жатқызылған сомасы шегiнде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгiзiлуге жатады.
90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн
азайтудан түсетiн табыс
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, банк немесе лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
1) борышкер талапты орындау сомасына барабар мөлшерде орындаған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
3) талаптарды қайта сыныптау кезiнде бұрын шегерiмге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.
2. Мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша борышкер заңды тұлғаның сот шешiмi бойынша таратылуына байланысты Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiнен шығарылған;
2) борышкер жеке тұлға күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, оған I, II топтардағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ борышкер жеке тұлға қайтыс болған;
3) банк немесе лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бiрлесiп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшiншi тұлғаларда өндiрiп алуды қолдануға болатын мүлiк, оның iшiнде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жағдайда, банкке немесе лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшiне енген және оның мүлкiн немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесiз болған;
4) соттың борышкердiң мүлкiне, оның iшiнде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына банктiң немесе лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өндiрiп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда, провизиялардың (резервтердiң) бұрын шегерiмге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кездегi сомасы банк немесе лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылмайды.
3. Құрылған сақтандыру резервтерiнiң осы Кодексте белгiленген мөлшерде және тәртiппен бұрын шегерiмге жатқызылған мөлшерлерiн азайту сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы құрған сақтандыру резервтерiнiң мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылады.
91-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетiн табыс
Мыналар:
1) талап ету құқығын алатын салық төлеушi үшiн – негiзгi борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның iшiнде талап ету құқығын басқаға берген күнгi негiзгi борыштан тыс сома мен талап ету құқығын алу құны арасындағы оң айырма;
2) талап ету құқығын басқаға беретiн салық төлеушi үшiн – салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргiзiлген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға беру күнi алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетiн табыс болып табылады.
92-бап. Тiркелген активтердiң шығып қалуынан түсетiн табыс
Егер осы Кодекстiң 119-бабына сәйкес айқындалған кiшi топтың (I топ бойынша) немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) шығып қалған тiркелген активтерiнiң құны салық кезеңiнiң басындағы кiшi топтың (I топ бойынша) немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) салық кезеңiнде түскен тiркелген активтер құны ескерiлген құндық балансынан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгiзiлуге жатады. Осы кiшi топтың (I топ бойынша) немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) құндық балансы салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.
93-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және
өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсалған
шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын
пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден
түсетiн табыс
Егер осы Кодекстiң 111-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететiн табыстардың мөлшерi салық кезеңiнiң басында салық кезеңiнде жұмсалған шығыстар ескерiлген жеке топтың мөлшерiнен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгiзiлуге жатады. Бұл топтың мөлшерi салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.
94-бап. Кен орындарын әзiрлеу салдарын жою қорына
аударымдар сомасының кен орындарын әзiрлеу
салдарын жою жөнiндегi iс жүзiндегi шығыстар
сомасынан асып кетуiнен түсетiн табыс
1. Егер кен орындарын әзiрлеу салдарын жою жөнiндегi iс жүзiндегi шығыстар көрсетiлген қорға жүргiзiлген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгiзiлуге жатады.
2. Егер жер қойнауын пайдаланушы кен орындарын әзiрлеу салдарын жою жөнiндегi жұмыстарды тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен кен орындарын әзiрлеу салдарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде жүргiзбесе, онда есептi кезең iшiнде шегерiмге жатқызылған, кен орындарын әзiрлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасы ол жүргiзiлуге тиiс болған салық кезеңiнiң жылдық жиынтық табысына енгiзiлуге жатады.
95-бап. Бұрын жүргiзiлген шегерiмдер бойынша алынған
өтемақылар
1. Бұрын жасалған шегерiмдер бойынша өтемақы түрiнде алынған табыстарға:
1) бұрын шегерiмге жатқызылған және кейiнгi салық кезеңдерiнде өтелген, күмәндi деп танылған талаптар сомасы;
2) мемлекеттiк бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сома;
3) осы Кодекстiң 119-бабында көрсетiлген сақтандыру төлемдерiн қоспағанда, сақтандыру ұйымы немесе нұқсан келтiрген тұлға төлеген нұқсанды өтеу сомасы;
4) бұрын шегерiмге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемақылар жатады.
Алынған өтемақы ол алынған салық кезеңiнiң табысы болып табылады.
2. Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының қолданылуы аяқталғаннан кейiн немесе оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруына жататын немесе қайтарған және сақтанушы бұрын шегерiмге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған салық кезеңiнiң жылдық жиынтық табысына жатқызылады.
96-бап. Өтеусiз алынған мүлiк
Салық төлеушi өтеусiз алған кез келген мүлiктiң, оның iшiнде жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң құны оның табысы болып табылады.
Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, өтеусiз алынған мүлiктiң, оның iшiнде жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң құны халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
Осы Кодекстiң 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүлiктiң, оның iшiнде жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құны өтеусiз алынған мүлiк деп танылмайды.
97-бап. Әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде
алынған табыс
1. Әлеуметтiк сала объектiлерiне осы бапта көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын, салық төлеушiге меншiк құқығында тиесiлi мүлiк жатады.
2. Салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына мынадай қызмет түрлерiн:
1) медициналық қызметтi;
2) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру; қосымша бiлiм беру саласындағы қызметтi;
3) ғылым, дене тәрбиесi және спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнiнде қызметтер көрсету саласындағы қызметтi;
4) қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң, өзара байланысты тұлғалар қызметкерлерiнiң және отбасы мүшелерiнiң демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын үй қорының объектiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынуға жататын (алынған) табыстардың iс жүзiнде келтiрiлген шығыстардан асып кетуi енгiзiледi.
3. Қызметкерлердiң қоғамдық тамақтануын, мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мен әлеуметтiк қамсыздандыруды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстар жылдық жиынтық табысқа енгiзiлуге жатады.
98-бап. Кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатудан түсетiн
табыс (залал)
1. Кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатудан түсетiн табыс кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алу-сату шарты бойынша өткiзiлу құны мен берiлетiн мiндеттемелердiң өткiзiлген күнгi бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша баланстық құнына азайтылған, берiлетiн активтердiң баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
2. Кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатудан шегетiн залал кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алу-сату шарты бойынша өткiзiлу құны мен берiлетiн мiндеттемелердiң өткiзiлген күнгi бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша баланстық құнына азайтылған, берiлетiн активтердiң баланстық құны арасындағы терiс айырма ретiнде айқындалады.
Кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатудан шегетiн залалды ауыстыру осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету
1. Салық төлеушiлердiң жылдық жиынтық табысынан:
1) тәуекелдiк инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiндi қоспағанда, дивидендтер;
2) жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алған банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
3) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының мiндеттi, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
4) жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры өздерiнiң өтелген депозиттер мен төленген кепiлдiктi және өтемақылық төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртiбiмен алған ақша сомасы;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасынасәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;
6) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;
7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасынасәйкес пайлық және акционерлiк инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
8) Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмiлесi бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;
9) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудан түсетiн таза табыс;
10) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы;
11) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы;
12) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi талаптарды қанағаттандыру тәртiбiмен алатын ақша сомасы алып тасталуға жатады.
2. Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзiлген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады.
Салық төлеушi тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық кезеңiнiң басынан бастап жүргiзедi.
§ 2. Шегерiмдер
100-бап. Шегерiмдер
1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметтi жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда шегерiмге жатқызылған шығыстардың мөлшерi белгiленген нормалардан аспауға тиiс.
3. Шегерiмдердi салық төлеушi өзiнiң табыс алуға бағытталған қызметiне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердiң шығыстарын қоспағанда, олар iс жүзiнде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
4. Табиғи монополия субъектiлерi шеккен ысыраптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатады.
5. Егер шығыстардың бiр және сол түрi шығыстардың бiрнеше баптарында көзделсе, онда көрсетiлген шығыстар салық салынатын табыстың есеп-қисабы кезiнде бiр-ақ рет шегерiледi.
6. Егер осы Кодекстiң 103, 115-баптарында өзгеше белгiленбесе, танылған немесе танылған айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық айыптары шегерiмге жатады.
7. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңiнде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшiн сыйақылар құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi.
8. Бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкiлеттi өкiлi салықтық есепке алуды жүргiзген жағдайда бiрлескен қызмет немесе оның бiр бөлiгi бойынша шығыстарды шегерiмге жатқызу осындай өкiл табыс еткен мәлiметтердiң негiзiнде жүзеге асырылады.
9. Салық төлеушiнiң құрылысқа, тiркелген активтердi сатып алуға арналған шығындары және капитал сипатындағы басқа да шығындар осы Кодекстiң баптарына сәйкес шегерiмге жатқызылады.
10. Осы Кодекстiң 97-бабының 3-тармағында көрсетiлген әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде шеккен шығыстар шегерiмге жатқызылуға жатады.
11. Егер мәмiле талаптарында салық төлеушiнiң өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер сапасына кепiлдiк беруi көзделсе, онда салық төлеушiнiң мәмiледе белгiленген кепiлдiк беру мерзiмi iшiнде өткiзiлген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң кемшiлiктерiн жою жөнiнде жүргiзген iс жүзiндегi шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылуға жатады.
12. Осы Кодекстiң 260-бабына сәйкес қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияның деректерi бойынша есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы шегерiмге жатқызылуға жатады.
Қосылған құн салығы жөнiндегi декларация табыс етiлген, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңiн қамтитын салық кезеңiнде шегерiм жүргiзiледi.
13. Салық төлеушiнi қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару кезiнде есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан, қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотына есепке жатқызылмаған, нөлдiк ставкамен салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылмаған сомасынан асып кетуi осы Кодекстiң 230-баптың 2-тармағында көрсетiлген талаптар орындалғаннан кейiн шегерiмге жатқызылуға жатады.
14. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық төлеушi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгiне, қызметкерлердiң жыл iшiндегi орташа тiзiмдiк санына сүйене отырып, бiр қызметкерге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш шегiнде төлеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүшелiк жарналары шегерiмге жатады.
15. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын қолдану кезiнде бухгалтерлiк есепте активтердiң және (немесе) мiндеттемелердiң өзгеруiне байланысты туындайтын шығыс, салық салу мақсатында шығыс ретiнде қарастырылмайды.
16. Туынды қаржы құралдары жөнiндегi шығыстар осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес ескерiледi.
17. Егер сенiмгерлiкпен басқарушыға мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды құру туралы актiмен мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшiн салық мiндеттемесiн орындау жүктелсе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының шығыстары, осы бөлiмнiң мақсатында осы сенiмгерлiкпен басқарушының шығыстарына қосылады.
18. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 131 және 132-баптарына сәйкес шегерiмдердi түзетуге құқығы бар.
101-бап. Қызметтiк iссапарлар кезiнде өтемақылар сомасының
шегерiмi
Қызметтiк iссапарлар кезiнде шегерiмге жататын өтемақыларға:
1) жол жүру мен броньға (оның iшiнде құнының төлену фактiсiн растайтын құжат болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негiзiнде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және керi қайтуға iс жүзiнде жүргiзiлген шығыстар;
2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негiзiнде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға iс жүзiнде жүргiзiлген шығыстар;
3) қызметкерге iссапарда болған уақытта салық төлеушiнiң шешiмi бойынша белгiленген мөлшерде төленетiн тәулiкақы жатады.
Iссапарда болу уақыты:
жұмыс берушiнiң қызметкердi iссапарға жiберу туралы жазбаша өкiмi;
жол жүрудi растайтын құжаттарда көрсетiлген, iссапар орнына кету күнi мен керi қайтып келу күнiн негiзге ала отырып iссапар күндерiнiң саны негiзiнде айқындалады. Мұндай құжаттар болмаған кезде iссапар күндерiнiң саны салық төлеушiнiң салықтық есепке алу саясатында көзделген, iссапар орнына кету күнi мен керi қайтып келу күнiн растайтын басқа да құжаттар негiзге алына отырып айқындалады;
4) салық төлеушi келу визасын ресiмдеген кезде жүргiзген шығыстар (визаның, консулдық қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны) келу визасын ресiмдеуге арналған шығыстарды (визаның, консулдық қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негiзiнде айқындалады.
102-бап. Өкiлдiк шығыстар сомасының шегерiмi
1. Өкiлдiк шығыстарға мынадай:
1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында;
2) салық төлеушiнiң атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесiнiң, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және өткiзу мақсатында, көрсетiлген iс-шаралардың өткiзiлу орнына қарамай жүргiзiлетiн, тұлғаларды, оның iшiнде салық төлеушiнiң штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөнiндегi шығыстар жатады.
Өкiлдiк шығыстарға аталған тұлғаларды көлiкпен қамтамасыз етуге, келiссөздер уақытында тамаққа, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететiн қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да жатады.
Бос уақытты, көңiл көтерудi немесе демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатпайды және олар шегерiмге жатпайды.
2. Өкiлдiк шығыстар осы Кодекстiң 163-бабына сәйкес айқындалатын еңбекке ақы төлеу түрiндегi шығыстар сомасының 1 процентiнен аспайтын мөлшерде, өкiлдiк шығыстардың сомасы есептелмей, шегерiмге жатқызылады.
103-бап. Сыйақы бойынша шегерiмдер
1. Сыйақы шегерiмi осы баптың ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
Осы баптың мақсатына орай мыналар сыйақылар болып танылады:
1) осы Кодекстiң 12-бабында айқындалған сыйақылар;
2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл);
3) өзара байланысты тарапқа кепiлдiк үшiн төлемақы.
2. Сыйақыны шегеру мынадай формула бойынша есептелетiн сома шегiнде жүргiзiледi:
(А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),
мұнда:
А – Б, В, Г, Д көрсеткiштерiне енгiзiлген соманы қоспағанда, осы баптың 1-тармағында айқындалған сыйақы сомасы;
Б – Д көрсеткiшiне енгiзiлген соманы қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетiн сыйақы сомасы;
В – Б көрсеткiшiне енгiзiлген соманы қоспағанда, осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаларға төленетiн сыйақы сомасы;
Г – В көрсеткiшiне енгiзiлген соманы қоспағанда, кепiлдiктердi, кепiлгерлiктi немесе қамтамасыз етудiң өзге нысанын орындаған жағдайда депозитке немесе қамтамасыз етiлген кепiлдiкке, кепiлгерлiкке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуiнiң өзге нысанына берiлген қарыздар бойынша тәуелсiз тарапқа төленетiн сыйақы сомасы;
Д – Қазақстан Республикасында құрылған кредиттiк серiктестiк беретiн кредиттер (қарыздар) үшiн сыйақы сомасы;
ШК – шектi коэффициент;
ЖК – жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;
МС – мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасы.
А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезiнде құрылысқа алынған және құрылыс кезеңiне есепке жазылған сыйақылар алып тасталады.
Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсатына орай тәуелсiз тарап деп танылады.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсатына орай:
1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының соңындағы жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең
2) мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айындағы мiндеттемелердiң орташа арифметикалық ең көп сомасына тең. Мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасын есептеу кезiнде мыналар:
салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
қызметкерлердiң жалақысы және өзге де табыстары;
өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердiң табыстары;
сыйақылар мен комиссиялар;
дивидендтер бойынша есепке жазылған мiндеттемелер есеп-қисапқа алынбайды;
3) шектi коэффициент қаржылық ұйымдар үшiн – 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшiн 4-ке тең.
4. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесiнiң жеке капиталының сомасы осы баптың 2-тармағының мақсатына орай осы тұрақты мекеменiң активтерi мен мiндеттемелерi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Бұл ретте, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесiнiң жеке капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсатына орай осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзi тұрақты мекемесi болып табылатын резидент емес заңды тұлғадан тәуелсiз әрекет ететiндей түрде қарастырылады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


