30-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ
238-бап. Салық салынатын айналым мөлшерi
1. Егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, мәмiле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгiзбей, өткiзiлетiн тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негiзiнде айқындалады.
2. Тауарлар өтеусiз берiлген кезде, сондай-ақ осы
Кодекстiң 30-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, айналым мөлшерi, оларға қосылған құн салығы енгiзiлмей, өткiзу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзiнде айқындалады, бiрақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиiс.
Осы тармақтың мақсаты үшiн тауарларды өткiзу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны баланстық құн болып табылады.
3. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезiнде, беру жүргiзiлу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушiнiң алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күнiне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
4. Кепiл берушiге кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi өткiзiлетiн кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негiзiнде, бiрақ осы мүлiктi (тауарды) кепiлге беруден алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес болып, оған қосылған құн салығы енгiзiлмей, айқындалады.
5. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткiзген кезде салық салынатын айналым мөлшерi, шарт талаптарында көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
6. Yшiншi тұлғалар үшiн төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезiнде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.
7. Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
8. Тауарларды сатып алу күнi қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
9. Қосылған құн салығынсыз сатып алынған жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын берген кезде өткiзу бойынша айналым осы Кодекстiң 87-бабында көзделген тәртiппен жер учаскелерiн өткiзу кезiндегi құнның өсiмi ретiнде айқындалады.
10. Лизинг алушының негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi, қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингiне беру кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi:
1) қаржы лизингiнiң шартына сәйкес белгiленген лизингтiк төлем мөлшерi негiзiнде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгiзбестен, осы Кодекстiң 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген айналым жасау күнiне;
2) барлық мерзiмдiк лизингтiк төлемдер сомасының негiзiнде, алу мерзiмi басталатын күн қаржы лизингiнiң шартына сәйкес мүлiктi лизинг алушыға берген күнге дейiн белгiленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгiзбестен, осы Кодекстiң 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген айналым жасау күнiне;
3) қаржы лизингi шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтiк төлемдердiң жалпы сомасы, осы шартқа сәйкес өткiзу бойынша айналым жасаудың алдындағы күнiне келетiн салық салынатын айналымдар мөлшерiнiң сомасы ретiнде белгiленетiн салық салынатын айналым мөлшерi арасындағы айырма ретiнде, сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгiзбестен, осы Кодекстiң 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген айналым жасау күнiне айқындалады.
11. Лизинг алушының (сатушының) негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткiзу бойынша айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
12. Көлiк экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезiнде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшерi оның сыйақысы негiзiнде айқындалады.
13. Кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде тұтастай сату кезiнде салық салынатын айналымның мөлшерi бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сату кезiнде берiлген мүлiктiң:
1) кәсiпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткiзу құны мен өткiзу күнiне бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша берiлетiн мiндеттемелердiң баланстық құнына азайтылған, берiлетiн активтердiң баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;
2) кәсiпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткiзу құны мен өткiзу күнiне бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша берiлетiн мiндеттемелердiң баланстық құнына азайтылған, берiлетiн активтердiң баланстық құны арасындағы терiс айырмаға азайтылған баланстық құнының негiзiнде айқындалады.
14. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы тараудың салық салынатын айналымның (оның iшiнде оны түзетудiң) мөлшерiн айқындау жөнiндегi ережелер салық салынбайтын айналымның мөлшерiн айқындау кезiнде де қолданылады.
15. Комиссия шартының талаптарына сай келетiн жағдайларда тауарларды өткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету кезiнде комиссионердiң салық салынатын айналым мөлшерi оның комиссиялық сыйақысы негiзiнде айқындалады.
239-бап. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
1. Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны қандай да бiр өзгерiске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi тиiстi түрде түзетiледi.
2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiн түзету:
1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәмiленiң шарттары өзгерген;
3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн бағалар, өтемақылар өзгерген;
4) бағаны түсiрген, сату бағасын түсiрген;
5) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған;
6) осы Кодекстiң 231-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткiзу бойынша айналымға енгiзiлген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргiзiледi.
3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналымның мөлшерiн түзету бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталған:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдайларда, түзету жүргiзу үшiн негiз болып табылатын құжаттар болған;
2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша терiс (оң) мәнi бар қосымша шот-фактура болған кезде жүргiзiледi.
Салық салынатын айналым мөлшерiн азайту жағына қарай түзету осындай тауарларды өткiзу, осындай жұмыстарды атқару, осындай қызметтердi көрсету бойынша бұрын көрсетiлген айналым мөлшерiнен аспауға тиiс.
240-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым
мөлшерiн түзету
1. Егер өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн талаптың бiр бөлiгi немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнiң мынадай жағдайларда:
1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерiлген салық кезеңi аяқталғаннан кейiн үш жыл өткен соң
2) банкрот деп танылған дебиторды Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде қосылған құн салығының сомасын осындай талаптар бойынша азайтуға құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 105-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.
2. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн азайту тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызмет көрсетулер бойынша бұған дейiн көрсетiлген салық салынатын айналым мөлшерi шегiнде жүргiзiледi.
3. Өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төлемақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағына сәйкес өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi аталған төлемақы алынған сол салық кезеңiнде көрсетiлген төлемақының құнына арттырылуға жатады.
241-бап. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын
төлеушi болып табылмайтын және қызметiн
филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын
резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер
сатып алу кезiнде салық салынатын айналым
1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға жатады.
2. Осы баптың мақсаты үшiн жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының салық салынатын айналымының мөлшерi, қосылған құн салығынан басқа салықтарды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында аталған сатып алынған жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны негiзiнде айқындалады.
3. Осы бапқа сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 268-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшерiне қолдану арқылы айқындалады. Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда, салық салынатын айналым валюта айырбастаудың айналым жасалған күнгi нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 270-бабында белгiленген қосылған құн салығы жөнiндегi декларация табыс етiлетiн мерзiмнен кешiктiрiлмей төленедi.
5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты немесе уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстiң 256-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi.
6. Егер:
1) берiлген жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстiң 248-бабында аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер болып табылса;
2) осы баптың 1-тармағында аталған жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қатысты сыртқы сауда мәмiлелерi бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың импорты ретiнде кедендiк ресiмдеу жүргiзiлсе, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
31-тарау. НӨЛДIК СТАВКА БОЙЫНША САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМДАР
242-бап. Тауарлар экспорты
Экспортқа тауарлар өткiзу бойынша айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
243-бап. Тауарлар экспортын растау
1. Мыналар:
1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт);
2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар жүктiң кедендiк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
3) мынадай жағдайларда:
магистралдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша тауарларды экспорт режимiнде әкету кезiнде;
кезең-кезеңдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкету кезiнде;
уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкету кезiнде кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар жүктiң толық кедендiк декларациясы;
4) тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерi;
Тауарларды магистралдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша экспорт режимiнде әкеткен жағдайда, тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру
актiсi табыс етiледi;
5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның зияткерлiк меншiк объектiсiне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлiк меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда, оның құнының растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
2. Кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу режимiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңделген өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау осы баптың 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар:
1) қайта өңдеу режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн жүктiң кедендiк декларациясы;
2) тауарларды кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу режимiнде ресiмделген жүктiң кедендiк декларациясы;
3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде кеден аумағында қайта өңдеу (тауарларды кеден бақылауымен қайта өңдеу) режимiнде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған жүктiң кедендiк декларациясының көшiрмесi;
4) жүктiң кедендiк декларациясының көшiрмесiне сәйкес шет мемлекеттiң аумағында тауарларды кедендiк бақылаудағы қайта өңдеу режимiн шет мемлекеттiң аумағында еркiн айналыс үшiн тауарларды шығару режимiне немесе экспорт режимiне өзгерту енгiзiлетiн сол декларацияның көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады.
244-бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу
1. Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулердi iске асыру жөнiндегi айналымға:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны тасымалдауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерiн тасымалдауға;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдiк ставкамен салық салынады.
2. Егер тасымалдауды ресiмдеу бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр жүйесi бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендiк режимiнде ресiмделген жүктiң кедендiк декларациясын табыс ете отырып, одан әрi жеткiзудi жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берудi растайтын құжаттармен жүзеге асырған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн жүзеге асыратын көлiк ұйымының жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауы басталатын жер халықаралық тасымалдау басталған жер деп танылады.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына жолаушыларды, импортталатын тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) көлiк ұйымының көлiгiмен тасымалдау жүзеге асырылатын тасымал халықаралық тасымалдауға жатады.
3. Осы баптың мақсаттары үшiн:
1) жүктердi тасымалдау кезiнде:
халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлiк жүкқұжаты;
халықаралық және мемлекетаралық темiржол көлiгi қатынасында – бiрыңғай үлгiдегi жүкқұжаты;
әуе көлiгiнде – жүкқұжаты;
магистральдық құбыр жүйесi бойынша:
есеп-қисап кезеңi iшiнде әрбiр магистральдық құбыр бойынша тауарлардың транзиттiк көлемiне арналған жүктiң кедендiк декларациясы;
орындалған жұмыстардың актiлерi, жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
шот-фактуралар;
2) жолаушылар мен багажды тасымалдау кезiнде:
автомобиль көлiгiмен:
тұрақты тасымалдау кезiнде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерiн сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттерi туралы есеп айырысу ведомостары;
тұрақты емес тасымалдау кезiнде – жолаушылардың тiзiмi;
темiржол көлiгiмен:
Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және почта құжаттарын сату туралы есеп;
халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында сатылған жолаушылар билеттерi туралы есеп айырысу ведомосы;
темiржол әкiмшiлiктерi арасындағы жолаушылар тасымалдау үшiн өзара есеп айырысу жөнiндегi баланстық ведомость және жол жүру мен тасымалдау құжаттарын ресiмдеу туралы есеп;
әуе көлiгiмен:
бас декларация;
жолаушы манифесi;
карго-манифест;
лоджит (орталық-тиеу кестесi);
жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билетi мен багаж квитанциясы) бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттары болып табылады.
245-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу
1. Нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiмшарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлерге өзi өндiрген тауарларды өткiзу бойынша айналымға салынады.
Егер, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тiзбесi айқындалған болса, нөлдiк ставка бойынша осы тiзбеде көрсетiлген тауарларды өткiзу бойынша айналымдарға салық салынады.
Осы баптың мақсатында қосылған құн салығын төлеушiнiң өзi өндiрген және өндiрiс процесiнде пайдаланылған және өндiрiлген өнiмнiң (тауардың) құрамына кiрген, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемдерiне сәйкес келетiн шикiзаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенiнiң деңгейiнен ерекшеленетiн сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының коды бар өнiм (тауар) өзi өндiрген тауар болып танылады.
Осы бапта аталған салық төлеушiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған салық төлеушiлерге:
1) берiлетiн тауарлардың жер қойнауын пайдалану келiсiмшартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, жер қойнауын пайдалану келiсiмшартының талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын келiсiмшарт шеңберiнде қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушiлерге тауарлар беру шарты;
2) салық төлеушiлерге тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерi;
3) салық төлеушiлердiң тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi тауарлардың өткiзiлгенiн растайтын құжаттар болып табылады.
32-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ
246-бап. Салық салынатын импорттың айқындамасы
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар (осы Кодекстiң 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.
247-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi
Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезiндегi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомалары кiредi.
33-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНАН БОСАТЫЛҒАН АЙНАЛЫМДАР
ЖӘНЕ ИМПОРТ
248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
Мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi:
1) почта төлемақысының мемлекеттiк белгiлерiн;
2) акциздiк маркаларды (осы Кодекстiң 653-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызмет көрсетулердi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алынған мүлiктi;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекемелерге немесе мемлекеттiк кәсiпорындарға өтеусiз негiзде берiлетiн негiзгi құралдарды, жылжымайтын мүлiкке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтердi;
6) жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердiң қызмет көрсетулерiн;
7) лотереяларды өткiзу жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi;
8) төлем қарточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiнде қызмет көрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулердi;
9) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу" кеден режимiнде әкелiнген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу жөнiндегi қызмет көрсетулердi;
10) осы Кодекстiң 244-бабына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулердi, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны, тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөнiндегi жұмыстарды, қызмет көрсетулердi, сондай-ақ транзиттiк жүктердi; әуежай қызметiне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетулер жөнiндегi қызмет көрсетулердi; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнiнде теңiз айлақтарындағы қызмет көрсетулердi;
11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнiндегi қызмет көрсетулердi;
12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
13) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентiн мүгедектер құраса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентiн) құраса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналымдарынан және акцизделетiн тауарларды өндiру мен өткiзу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерiн;
14) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берiлетiн үйдiң үй-жайларын жалға беру бойынша қызмет көрсетулердi;
15) егер мәмiле шарттарында салық төлеушiнiң өткiзген тауарларының, орындаған жұмыстарының, қызмет көрсетулерiнiң сапасына кепiлдiк беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәмiледе белгiленген кепiлдiк мерзiмi кезеңiнде, олардың қосалқы бөлшектерi мен бөлшектерiнiң құнын қоса алғанда, оларды өтеусiз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызмет көрсетулердi;
16) тазартылған қымбат бағалы металдарды – өз өндiрiсi шикiзатынан дайындалған алтынды, платинаны;
17) осы Кодекстiң 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлерi бойынша қызмет көрсетулердi;
18) осы Кодекстiң баптарында аталғандарды;
19) нотариаттық iс-әрекеттердi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулердi;
20) мыналар:
ұлттық басқарушы холдинг;
дауыс беретiн акцияларының 100 процентi ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар төлемдiк, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Аталған заңды тұлғалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


