1. Осы Кодекстiң 185-бабының 2-тармағында көзделген декларацияны табыс ету жөнiндегi мiндет жүктелген жеке тұлғаның мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беруi кезiнде осындай декларацияны жасау және табыс ету жөнiндегi салық мiндеттемесiн осы жеке тұлға орындайды.
  2. Заңды тұлға, дара кәсiпкер сенiмгерлiк операциялар бойынша банктен алған табысы бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлға мүлiктi резидент емес болып табылатын сенiмгерлiкпен басқарушыға сенiмгерлiкпен басқаруға берген кезде салық мiндеттемесiн дербес орындайды.
  3. Дара кәсiпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның салық агентi болып табылатын банк жүзеге асыратын сенiмгерлiк операциялардан түскен табысы бойынша салық мiндеттемесiн осындай банк салық агентiнiң мiндеттерiн орындау түрiнде орындайды.

   37-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн,
   сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық
   бөлiмшесiнiң, тұрақты мекемесiнiң Қазақстан
   Республикасындағы қызметiн тоқтатқан кезде салық
   мiндеттемесiн орындау

  1. Резидент заңды тұлға тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына бұл туралы жазбаша хабарлайды.
  2. Таратылатын заңды тұлға аралық тарату балансы бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
  1) құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiштi;
  2) таратудың салық есептiлiгiн;
  3) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiне қойылғаны туралы куәлiктi немесе ол жоғалған немесе бүлiнген кезде қағаз жеткiзгiштегi түсiнiктеменi (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда) табыс етедi.
  3. Таратудың салық есептiлiгi таратылатын заңды тұлға төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген салық кезеңiнiң басынан бастап осындай өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
  4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күн мерзiмнен кешiктiрмей, таратудың салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлейдi, мiндеттi зейнетақы жарналарын аударады.
  Егер таратудың салық есептiлiгiнiң алдында табыс етiлген салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептiлiгi салық органына табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
  5. Салық органдары құжаттық тексерудi таратылатын заңды тұлғаның салықтық өтiнiшiн салық органы алғаннан кейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей бастауға тиiс.
  6. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегi, оның iшiнде осы баптың 4 және 11-тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша туындайтын салық берешегi оның ақшасы есебiнен, оның iшiнде мүлкiн өткiзуден алынған ақшасы есебiнен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен өтеледi. Бұл ретте, осындай резидент емес заңды тұлға қызметi тоқтатылатын тұрақты мекеме, құрылымдық бөлiмше арқылы тұрақты мекемелердiң, филиалдардың, өкiлдiктердiң тобы бойынша жиынтық түрде салық мiндеттемелерiн орындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiнiң, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң де салық берешегi өтеледi.
  7. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкi салық берешегiн толық көлемде өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, салық берешегiнiң қалған бөлiгiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейдi.
  8. Егер таратылатын заңды тұлғада салықтың, төлемақылар мен өсiмпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетiлген сома осы Кодекстiң 599-бабында белгiленген тәртiппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегiн өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
  Егер таратылатын заңды тұлғада салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетiлген сома осы Кодекстiң 601-бабында белгiленген тәртiппен есепке жатқызылуға жатады.
  9. Егер таратылатын заңды тұлғада есепке жатқызылған қосылған құн салығының есепке жазылған салық сомасынан асып кететiн сомасы болса, онда көрсетiлген асып кеткен сома осы Кодекстiң 273, 600 және 604-баптарында белгiленген тәртiппен таратылатын заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
  10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегi болмаған жағдайда:
  1) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң қате төленген сомасы осы Кодекстiң 601-бабында белгiленген тәртiппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
  2) салықтың, төлемақылар мен өсiмпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстiң 602-бабында белгiленген тәртiппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
  3) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленген сомасы осы Кодекстiң 606-бабында белгiленген тәртiппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
  11. Таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруi аяқталған күнге дейiнгi кезеңде салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша салық мiндеттемесi, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару бойынша мiндеттер туындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлға осындай салық мiндеттемесiн, мiндеттi осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген салық органының хабарламасы негiзiнде орындауға мiндеттi.
  12. Құжаттық тексеру аяқталғаннан кейiн және салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар жөнiндегi берешек толық көлемде өтелгеннен кейiн таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
  1) тарату балансын;
  2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етедi.
  Таратылатын заңды тұлға салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген құжаттарды құжаттық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.
  Салық органы осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық төлеушiге салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң жоқ екендiгi туралы анықтама беруге мiндеттi.
  13. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметi тоқтатылатын құрылымдық бөлiмшесiнiң, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiнiң салық мiндеттемесiн орындауы осы бапта белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

   38-бап. Резидент заңды тұлғаның қызметi тоқтатылатын
   құрылымдық бөлiмшесiнiң салық мiндеттемесiн
   орындауы

  1. Резидент заңды тұлға өзiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайда құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
  1) қызметтi тоқтату туралы салықтық өтiнiш;
  2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшенiң қызметiн тоқтату туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
  3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құрылымдық бөлiмшенiң таратудың салық есептiлiгiн табыс етедi.
  2. Егер заңды тұлғаның қызметi тоқтатылатын құрылымдық бөлiмшесi салықты, төлемақыларды, мiндеттi зейнетақы жарналарын және әлеуметтiк аударымдарды дербес төлеушi болып танылса, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылданған салық кезеңiнiң басынан бастап қызметтi тоқтату туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезеңге тиiстi таратудың салық есептiлiгi жасалады.
  3. Заңды тұлғаның қызметi тоқтатылатын құрылымдық бөлiмшесi осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, төлемақыларды, әлеуметтiк аударымдарды төлеудi, мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
  Егер таратудың салық есептiлiгiнiң алдында табыс етiлген салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, төлемақыларды, әлеуметтiк аударымдарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
  4. Егер заңды тұлғаның қызметi тоқтатылатын құрылымдық бөлiмшесi салықты, төлемақыларды, мiндеттi зейнетақы жарналарын және әлеуметтiк аударымдарды дербес төлеушi болып танылмаса, таратудың салық есептiлiгi табыс етiлмейдi.
  5. Қызметi тоқтатылатын құрылымдық бөлiмшенiң салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi осы құрылымдық бөлiмшенi құрған заңды тұлғаның ақшасы есебiнен өтеледi.
  6. Салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек толық көлемде өтелгеннен кейiн қызметi тоқтатылатын құрылымдық бөлiмшенi құрған заңды тұлға осы құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жерi бойынша салық органына банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның қызметi тоқтатылатын құрылымдық бөлiмшенiң бар банктiк шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етедi.
  Салық органы осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық төлеушiге салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң жоқ екендiгi туралы анықтама беруге мiндеттi.

   39-бап. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық
   мiндеттемесiн орындау

  1. Заңды тұлға қайта құрылуды қоспағанда, қайта ұйымдастырылу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бұл туралы орналасқан жерi бойынша салық органына жазбаша хабарлайды.
  2. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi оның салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгертуiне негiз болып табылмайды.
  3. Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетiн төлемақылар мен өсiмпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетiлген сома осы Кодекстiң 599-бабында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегiн өтеу шотына есептеуге жатқызылады.
  Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетiн төлемақылар мен өсiмпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетiлген сома осы Кодекстiң 601-бабында белгiленген тәртiппен есепке жатқызылуға жатады.
  4. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегi болмаған
жағдайда:
  1) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң қате төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезiнде алған мүлiктегi үлесiне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстiң 601-бабында белгiленген тәртiппен қайтарылуға жатады;
  2) салықтың, бюджетке төленетiн төлемақылар мен өсiмпұлдардың артық төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезiнде алған мүлiктегi үлесiне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстiң 602-бабында белгiленген тәртiппен қайтарылуға жатады;
  3) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезiнде алған мүлiктегi үлесiне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстiң 606-бабында белгiленген тәртiппен қайтарылуға жатады.
  5. Бөлiну немесе қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаны қоспағанда, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға уәкiлеттi мемлекеттiк орган аталған тұлғаны Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiнен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
  1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы бұйрығының көшiрмесiн;
  2) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiне қойылғаны туралы куәлiктi немесе ол жоғалған немесе бүлiнген кезде қағаз жеткiзгiштегi түсiнiктеменi (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда) табыс етедi.
  6. Салық органы осы баптың 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, заңды тұлға мынадай жолмен қайта ұйымдастырылған жағдайда:
  1) бiрiгу - жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кiрген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша салық органына беру актiсi негiзiнде бередi;
  2) қосылу - қосылған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны аталған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша салық органына беру актiсi негiзiнде бередi;
  3) бөлiну — бөлiнген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғалардың орналасқан жерi бойынша салық органына бөлiну балансы негiзiнде бередi;
  4) бөлiнiп шығу - бөлiнiп шыққан заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша салық органына бөлiну балансы негiзiнде бередi.
  Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны беру тәртiбi осы Кодекстiң 595-бабында белгiленедi.

   40-бап. Бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде
   заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау
   ерекшелiктерi

  1. Заңды тұлға бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде бөлiну балансы бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
  1) құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiштi;
  2) таратудың салық есептiлiгiн табыс етедi.
  2. Таратудың салық есептiлiгi қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген салық кезеңiнiң басынан бастап осындай өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
  3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға таратудың салық
есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеудi, мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
  Таратудың салық еселтiлiгiнiң алдында табыс етiлген салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.
  4. Салық органы құжаттық тексерудi қайта ұйымдастырылатын
заңды тұлғаның өтiнiшiн өзi алғаннан кейiн жиырма жұмыс күнiнен
кешiктiрмей бастауға тиiс.
  5. Бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға құжаттық тексеру аяқталғаннан кейiн өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
  1) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiне қойылғаны туралы куәлiктi немесе ол жоғалған немесе бүлiнген кезде қағаз жеткiзгiштегi түсiнiктеменi (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда);
  2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етедi.
  Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген құжаттарды құжаттық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.
  Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетiлген құжаттарды табыс еткеннен кейiн және салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өтегеннен кейiн салық органы осы тұлғаға осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң жоқ екендiгi туралы анықтама беруге мiндеттi.

   41-бап. Қызметiн тоқтататын дара кәсiпкердiң салық
   мiндеттемесiн орындау

  1. Дара кәсiпкер қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
  1) құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiштi;
  2) таратудың салық есептiлiгiн;
  3) дара кәсiпкер ретiнде тiркелуi туралы куәлiктi немесе ол жоғалған немесе бүлiнген кезде қағаз жеткiзгiштегi түсiнiктеменi;
  4) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiне қойылғаны туралы куәлiктi немесе ол жоғалған немесе бүлiнген кезде қағаз жеткiзгiштегi түсiнiктеменi (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда);
  5) дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтату туралы ақпараттың мерзiмдi
баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етедi.
  2. Таратудың салық есептiлiгi қызметiн тоқтататын дара кәсiпкер төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген салық кезеңiнiң басынан бастап осындай өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн олар бойынша жасалады.
  3. Қызметiн тоқтататын дара кәсiпкер таратудың салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеудi, мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
  Егер таратудың салық есептiлiгiнiң алдында табыс етiлген салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
  4. Қызметiн тоқтататын дара кәсiпкердiң салықтық өтiнiшiн салық органы алғаннан кейiн құжаттық тексеру жиырма жұмыс күнiнен
кешiктiрiлмей басталуға тиiс.
  5. Қызметiн тоқтататын дара кәсiпкердiң салық берешегi оның ақшасы есебiнен, оның iшiнде мүлкiн сатудан алынған ақша есебiнен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен өтеледi.
  6. Егер қызметiн тоқтататын дара кәсiпкерде салықтың, төлемақылар мен өсiмпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетiлген сома қызметiн тоқтататын дара кәсiпкердiң салық берешегiн өтеу шотына осы Кодекстiң 599-бабында белгiленген тәртiппен есепке жатқызылуға жатады.
  Егер қызметiн тоқтататын дара кәсiпкерде салықтың, бюджетке төленетiн төлемақылар мен өсiмпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетiлген сома осы Кодекстiң 601-бабында белгiленген тәртiппен есепке жатқызылуға жатады.
  7. Қызметiн тоқтататын дара кәсiпкерде салық берешегi болмаған жағдайда:
  1) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң қате төленген сомасы осы Кодекстiң 601-бабында белгiленген тәртiппен осы дара кәсiпкерге қайтарылуға жатады;
  2)салықтың, бюджетке төленетiн төлемақылар мен өсiмпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстiң 602-бабында белгiленген тәртiппен осы дара кәсiпкерге қайтарылуға жатады;
  3) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленген сомасы осы Кодекстiң 606-бабында белгiленген тәртiппен осы дара кәсiпкерге қайтарылуға жатады.
  8. Қызметiн тоқтататын дара кәсiпкердiң салық мiндеттемесi салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi толық көлемде өтелген жағдайда құжаттық тексеру аяқталғаннан кейiн орындалды деп есептеледi.
  9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес салық мiндеттемесiнiң орындалған күнi дара кәсiпкердi салық органындағы тiркелу есебiнен шығару күнi болып табылады.
  10. Қызметiн тоқтатқан дара кәсiпкер салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiн толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органына:
  1) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және
(немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымның анықтамасын;
  2) iшкi iстер органының дара кәсiпкердiң мөрiн (ол болған кезде) жойғаны туралы құжатын табыс етуге мiндеттi.
  Қызметiн тоқтатқан дара кәсiпкер салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген құжаттарды құжаттық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.
  11. Осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 43-бабына сәйкес қызметi тоқтатылған кезде өздерiне қатысты салық мiндеттемесiн орындаудың ерекше тәртiбi белгiленген дара кәсiпкерлерге қолданылмайды.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38