283-бап. Салық базасы
1. Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген заттай нысандағы акцизделетiн тауарлар көлемi ретiнде айқындалады.
2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген акцизделетiн тауарлар құны ретiнде айқындалады. Аталған құн осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығы енгiзiлместен өндiрушi беретiн бағалар бойынша айқындалады.
284-бап. Әртүрлi ставкалар белгiленген жағдайда спирттiң
барлық түрiне және шарап материалына салық салу
ерекшелiктерi
1. Осы Кодекстiң 280-бабының 3-тармағына сәйкес спирттiң барлық түрiне және шарап материалына әртүрлi акциз ставкалары белгiленген жағдайда, салық базасы сол бiр ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.
2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнiмiн өндiрушiсi болып табылмайтын тұлғаларға өткiзiлетiн спирттiң барлық түрi және шарап материалы үшiн белгiленген акциздiң базалық ставкасы бойынша қайта есептелiп, бюджетке төленуге жатады. Қайта есептеудi және акциз төлеудi спирт пен шарап материалын алушы жүргiзедi.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтiк препараттар шығару және медициналық қызмет көрсету үшiн сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдiк және фармацевтiк препараттарды шығарушылар мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттiк медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушiлер болып табылады.
285-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы
1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi.
Осы ереже одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн:
1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының, оның iшiнде оны өндiрудiң барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi деп түсiнiледi;
2) оқиғаның нәтижесiнде тауардың, оның iшiнде оны өндiрудiң барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы акцизделетiн өнiмнiң жоғалуы деп түсiнiледi.
Салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген табиғи кему нормалары шегiнде шеккен акцизделетiн тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндiрушi нормативтiк және техникалық құжаттамамен регламенттейтiн нормалар шегiндегi ысыраптар жоғалу болып табылмайды.
286-бап. Акциз маркаларының, есепке алу-бақылау
маркаларының бүлiнуi, жоғалуы
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде акциз мәлiмделген ассортимент мөлшерiнде төленедi.
Осы Кодекстiң 643-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн таңбалауға арналған бүлiнген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акциздi есептеу маркада көрсетiлген сауыттың (ыдыстың) көлемiне қолданылатын белгiленген ставкалар негiзiнде жүргiзiледi.
2. Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар нәтижесiнде бүлiнсе, жоғалса;
2) бүлiнген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, акциз төленбейдi.
287-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге
асырылатын бензин (авиациялық бензиндi
қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және
бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемдерi
1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн пайдалануға мiндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;
2) осы Кодекстiң 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерi бойынша тiркеу есебiнде тұрған және бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеушi ұсынушылар болып табылған жағдайда аталған тауарларды өткiзу көтерме саудада өткiзу саласына жатқызылады.
Көтерме саудада өткiзу саласына одан әрi өткiзу үшiн құрылымдық бөлiмшелерге бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында аталған ұсынушылар жүзеге асыратын:
1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаларға) және дара кәсiпкерлерге олардың өндiрiстiк мұқтаждары үшiн өткiзу;
2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткiзу;
3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады.
288-бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау
1. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу кезiнде осы Кодекстiң 281-бабының 3-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негiздiлiгiн растау үшiн салық төлеушi орналасқан жерi бойынша салық органына алпыс жұмыс күнi iшiнде мiндеттi түрде мына құжаттарды:
1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды ұсынуға арналған шартты (келiсiмшартты);
2) акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiлерi бар жүктiң кедендiк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда кедендi ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар жүктiң толық кедендiк декларациясы экспортты растау болып табылады;
3) Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;
4) салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған банк шоттарына акцизделетiн тауарларды өткiзуден түскен нақты түсiмдi растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн табыс етедi.
2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетiн тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимiнде әкетiлген акцизделетiн тауарларды импорттаған елде ресiмделген жүктiң кедендiк декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етiледi.
3. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткiзу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткiзу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға жатады.
289-бап. Акциз сомасын есептеу
Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.
290-бап. Салық базасын түзету
Салық базасы акцизделетiн тауарды қайтару жүргiзiлген салық кезеңiнде түзетiледi.
Осы бапқа сәйкес салық базасының мөлшерiн түзету түзетуге жататын акциздiң сомасы бөлек жазып көрсетiлген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетiн тауарды қайтару үшiн негiздеменi растайтын екi жақты актiлердiң және шартта (келiсiмшартта) аталған қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi.
291-бап. Салықтан шегерiм жасау
1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасын осы бапта белгiленген шегерiмдерге азайтуға құқығы бар.
2. Осы бапқа сәйкес басқа акцизделетiн тауарларды өндiру үшiн негiзгi шикiзат ретiнде пайдаланылған акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары шегерiмге жатады.
3. Мыналар:
1) акцизделетiн тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;
2) өзi өндiрген акцизделетiн шикiзат үшiн;
3) алыс-берiстiк акцизделетiн шикiзаттан дайындалған акцизделетiн тауарларды беру кезiнде төленген акциз сомалары шегерiмге жатады.
Спирттiң барлық түрлерiне, шикi мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерiмге жатпайды.
4. Салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негiзiнде есептелген акциз сомасына шегерiм жасалады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн шикiзатты сатып алу кезiнде төленген акциз сомаларының шегерiмi мынадай құжаттар:
1) акцизделетiн шикiзатты сатып алу-сату шарты;
2) төлем құжаттары немесе акцизделетiн шикiзатқа төлем жасалғанын растайтын бақылау-кассалық машинаның чектерi;
3) акцизделетiн шикiзат ұсынудың тауар-көлiк жүкқұжаттары;
4) акциздiң сомасы бөлек жазып көрсетiлген шот-фактура;
5) купаж актiлерi (алкоголь өнiмiн өндiру кезiнде);
6) өндiрiсте акцизделетiн шикiзатты есептен шығару актiсi болған кезде жүзеге асырылады.
6. Өз өндiрiсiнде акцизделетiн шикiзат үшiн төленген акциз сомаларының шегерiмi мынадай құжаттар:
1) төлем құжаттары немесе акциздiң бюджетке төленгенiн растайтын өзге де құжаттар;
2) купаж актiлерi (алкоголь өнiмiн өндiру кезiнде);
3) өндiрiсте акцизделетiн шикiзатты есептен шығару актiсi болған кезде жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетiн шикiзаттың импорты кезiнде төленген акциз сомаларының шегерiмi мынадай құжаттар:
1) акцизделетiн шикiзатты сатып алу-сату шарты;
2) төлем құжаттары немесе кедендiк ресiмдеу кезiнде акциздiң бюджетке төленгенiн растайтын өзге де құжаттар;
3) импортталатын акцизделетiн шикiзатқа арналған жүктiң кедендiк декларациясы;
4) купаж актiлерi (алкоголь өнiмiн өндiру кезiнде);
5) өндiрiсте акцизделетiн шикiзатты есептен шығару актiсi болған кезде жүзеге асырылады.
8. Алыс-берiстiк акцизделетiн шикiзаттан дайындалған акцизделетiн тауарларды беру кезiнде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар:
1) алыс-берiстiк акцизделетiн шикiзаттың меншiк иесi мен қайта өңдеушiнiң арасындағы шарт;
2) төлем құжаттары немесе алыс-берiстiк акцизделетiн шикiзат меншiк иесiнiң акциздi бюджетке төлегенiн растайтын өзге де құжаттар;
3) акцизделетiн шикiзатты босатуға арналған жүкқұжаты немесе қабылдап алу-беру актiсi болған кезде шегерiмге жатады.
9. Акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн шикiзатты сатып алу немесе оның импорты кезiнде төлеген акциз сомалары осы шикiзаттан дайындалған акцизделетiн тауарлар үшiн есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегерiмге жатпайды.
292-бап. Акциз төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға жатады.
2. Алыс-берiстiк шикiзат пен материалдардан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз өнiмдi тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берiлген күнi төленедi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген шикi мұнайды, газ конденсатын өнеркәсiптiк қайта өңдеуге беру кезiнде акциз олар берiлген күнi төленедi.
4. Шарап материалын және сыраны қоспағанда, осы Кодекстiң 279-бабының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.
293-бап. Акциз төленетiн жер
1. Осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеу салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын акциз төлеушiлер акциздi салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жерi бойынша төлейдi.
294-бап. Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелер, салық
салуға байланысты объектiлер үшiн акциз есептеу
мен төлеу тәртiбi
1. Құрылымдық бөлiмшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектiлер салық кезеңi iшiнде жүргiзген акциз салынатын операциялар бойынша акциздiң есеп-қисабы (бұдан әрi бөлiм бойынша - акциз бойынша есеп-қисап) жеке жасалады.
Акциз бойынша есеп-қисап негiзiнде құрылымдық бөлiмше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектiлер үшiн төленуге жататын акциздiң сомасы айқындалады.
2. Акциз төлеушiлер құрылымдық бөлiмшенiң, салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына акциз бойынша есеп-қисапты осы Кодекстiң 296-бабында белгiленген мерзiмде табыс етуге мiндеттi.
Бiр салық органында тiркелген салық салуға байланысты бiрнеше объектiсi бар акциз төлеушiлер барлық объектiлерi үшiн акциз бойынша бiр есеп-қисапты табыс етедi.
3. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектiлер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң банк шотынан төлейдi немесе ол құрылымдық бөлiмшеге жүктеледi.
4. Дара кәсiпкерлер салық салуға байланысты объектiлер үшiн төленуге жататын акциз бойынша есеп-қисапты салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жерi бойынша табыс етедi.
295-бап. Салық кезеңi
Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.
296-бап. Салық декларациясы
1. Әрбiр салық кезеңi аяқталған соң салық төлеушiлер өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына акциз жөнiндегi декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
2. Акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етедi.
40-тарау. АКЦИЗДЕЛЕТIН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ
297-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық
базасы
1. Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезiнде салық базасы импортталатын акцизделетiн тауарлардың заттай түрдегi көлемi ретiнде айқындалады.
2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды импорттау кезiнде салық базасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын акцизделетiн тауарлардың кедендiк құны ретiнде айқындалады.
298-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз
төлеу мерзiмдерi
1. Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерiн төлеу үшiн айқындалған күнi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен төленедi.
2. Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн осы Кодекстiң 653-бабына сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төленедi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған акцизделетiн тауарлардың нақты импортын жүзеге асыру кезiнде акциз сомасы нақтылануға жатады.
299-бап. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың
импорты
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетiн тауарларына акциз салынбайды.
2. Мынадай импортталатын акцизделетiн тауарлар:
1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлiк құралдарын пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетiн тауарлар;
3) шет елдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетiн тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;
4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, "Еркiн айналым үшiн тауарлар шығару" режимiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген кеден режимдерi шеңберiнде босатылатын акцизделетiн тауарлар;
5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.
10-БӨЛIМ. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
41-тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
300-бап. Төлеушiлер
Осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген келiсiмшарттың шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын, көмiрдi экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.
301-бап. Салық салу объектiсi
Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының, көмiрдiң көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады.
302-бап. Есептеу тәртiбi
1. Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикi мұнай, газ конденсаты бойынша шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi және осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен есептелген әлемдiк баға негiзiнде есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
Экспортқа iс жүзiнде өткiзiлетiн көмiрдiң көлемiн негiзге ала отырып есептелген экспортталатын көмiрдiң құны көмiр бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
2. Экспортқа рента салығын төлеудiң ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шикi мұнай, газ конденсаты жөнiндегi шешiмi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен салық төлеушiнiң арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн.
Шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi осы Кодекстiң 346-бабында белгiленген.
303-бап. Экспортқа рента салығының ставкалары
Шикi мұнайдың, газ конденсатының экспорты кезiнде экспортқа рента салығы мынадай ставкалар бойынша есептеледi:
Рет | Әлемдiк баға | Ставка, %-пен |
1 | 2 | 3 |
1. | бiр баррель үшiн 20 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 0 |
2. | бiр баррель үшiн 30 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 0 |
3. | бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 0 |
4. | бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 7 |
5. | бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 11 |
6. | бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 14 |
7. | бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 16 |
8. | бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 17 |
9. | бiр баррель үшiн 100 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 19 |
10. | бiр баррель үшiн 110 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 21 |
11. | бiр баррель үшiн 120 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 22 |
12. | бiр баррель үшiн 130 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 23 |
13. | бiр баррель үшiн 140 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 25 |
14. | бiр баррель үшiн 150 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 26 |
15. | бiр баррель үшiн 160 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 27 |
16. | бiр баррель үшiн 170 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 29 |
17. | бiр баррель үшiн 180 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 30 |
18. | бiр баррель үшiн 190 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда | 32 |
19. | бiр баррель үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары | 32 |
Көмiрдi экспорттау кезiнде экспортқа рента салығы 2,1 проценттiк ставка бойынша есептеледi.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


