50-бап. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау
   мерзiмдерiн мүлiктi кепiлге алу арқылы өзгерту
   тәртiбi

  1. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн салық төлеушiнiң және (немесе) үшiншi тұлғаның мүлкiн кепiлге алу арқылы өзгерту туралы өтiнiштi салық төлеушi салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi салық қызметi органына кепiл шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей табыс етедi. Өтiнiшке кепiл шарты және кепiл мүлкiнiң нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебi қоса берiледi.
  2. Салық қызметiнiң органы салық төлеушiнiң өтiнiшiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн мынадай:
  1) салық төлеушiмен келiсiлген, салық төлеу мерзiмiн белгiлейтiн және осы шешiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын салық мiндеттемесiн орындау графигiн қоса бере отырып, салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы;
  2) салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертуден бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
  3. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмде ол бойынша төлеу мерзiмi өзгертiлген салықтың түрi мен сомасы, салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендiру нөмiрi және шешiмнiң қолданылу мерзiмi көрсетiледi.
  4. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертуден бас тарту туралы шешiм салық төлеушi осы тараудың ережелерiн сақтамаған жағдайда қабылданады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

   51-бап. Мүлiктiк кепiл шартын жасасу тәртiбi

  1. Мүлiктiк кепiл шарты салық төлеушiнiң кепiл шартын жасасу туралы жазбаша өтiнiшi келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бағалаушының кепiлге қойылатын мүлiктiң нарықтық құнын бағалау туралы есебiн қоса бере отырып, салық төлеушi және (немесе) үшiншi тұлға және салық төлеушiнiң тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша салық органы арасында жасалады.
  Бағалаушының кепiлге қойылатын мүлiктiң нарықтық құнын бағалау туралы есебi салық төлеушiнiң кепiл шартын жасасу туралы жазбаша өтiнiш берген күнiне дейiнгi күнтiзбелiк он бес күннен бұрын жасалмауға тиiс.
  2. Мүлiктiк кепiл шарты мынадай талаптар сақталған кезде жасалады:
  1) кепiл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс;
  2) кепiлге қойылатын мүлiк өтiмдi болуға, жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиiс және оның нарықтық құны оны өндiрiп алу жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, бюджетке төленуге жататын салықтың сомасынан кем болмауға тиiс. Мыналар:
  тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi;
  электр, жылу және өзге де энергия түрлерi;
  тыйым салынған мүлiк;
  мемлекеттiк органдар қойған шектеулерi бар мүлiк;
  үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлiк;
  тез бүлiнетiн шикiзат, тамақ өнiмдерi;
  мүлiктiк құқықтар кепiл нысанасы бола алмайды;
  3) кепiлге қойылатын мүлiктi қайта кепiлге қоюға жол берiлмейдi;
  4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мүлiктiк кепiл шартының мiндеттi мемлекеттiк тiркелуi көзделген жағдайда салық төлеушi кепiл шартын жасасқаннан кейiн оның тиiстi тiркеушi органда тiркелуiн қамтамасыз етедi және салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiм қабылдайтын салық қызметiнiң органына кепiл шартының тiркелгенiн растайтын құжатты дереу табыс етедi.

   52-бап. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау
   мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуын
   тоқтату

  1. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы онда белгiленген қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн тоқтатылады.
  2. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы салық төлеушi салықтың бүкiл сомасын шешiмде белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн төлеген жағдайда немесе салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау графигiн бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

   53-бап. Кепiлге салынған мүлiкке өндiрiп алуды қолдану
   және оны өткiзу, сондай-ақ банк кепiлдiгiнiң
   орындалуын талап ету тәртiбi

  1. Салық төлеушiнiң және (немесе) үшiншi тұлғаның мүлiктiк кепiлiмен және (немесе) банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген салық мiндеттемесiн орындау графигi бұзылған жағдайда салық органы салық төлеушiнiң және (немесе) үшiншi тұлғаның кепiлге салынған мүлкiне өндiрiп алуды қолданады не банк кепiлдiгiнiң орындалуын талап етедi.
  2. Салық төлеушiнiң және (немесе) үшiншi тұлғаның кепiлге салған мүлкiн өткiзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес соттан тыс мәжбүрлеу тәртiбiмен жүргiзiледi.

   54-бап. Салық мiндеттемесiнiң тоқтатылуы

  1. Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi:
  1) қайтыс болғанда;
  2) күшiне енген сот шешiмi негiзiнде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады.
  2. Дара кәсiпкердiң салық мiндеттемесi дара кәсiпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметiн тоқтатқаннан кейiн тоқтатылады.
  3. Заңды тұлғаның салық мiндеттемесi:
  1) таратылғаннан кейiн;
  2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бiрiгу және бөлiну
жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейiн тоқтатылады.

2. ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

3-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

   55-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да
   мiндеттi төлемдердiң түрлерi

  1. Қазақстан Республикасында мынадай:
  1) салықтар:
  корпоративтiк табыс салығы;
  жеке табыс салығы;
  қосылған құн салығы;
  акциздер;
  экспортқа рента салығы;
  жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары;
  әлеуметтiк салық
  көлiк құралы салығы;
  жер салығы;
  мүлiк салығы;
  ойын бизнесi салығы;
  тiркелген салық
  бiрыңғай жер салығы;
  2) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер:
  мемлекеттiк баж;
  алымдар;
  тiркеу алымдары;
  автокөлiк құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргенi үшiн алым;
  аукционнан алынатын алым;
  жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
  телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым;
  мыналар:
  жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн;
  үстiңгi көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшiн;
  қоршаған ортаға эмиссия үшiн;
  жануарлар әлемiн пайдаланғаны үшiн;
  орманды пайдаланғаны үшiн;
  ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшiн;
  радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн;
  қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергенi үшiн;
  кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн;
  сыртқы (көрiнетiн) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақылар қолданылады.
  2. Салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртiппен тиiстi бюджеттердiң кiрiстерiне түседi.

7-тарау. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ

   56-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы

  1. Салықтық есепке алу - салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу және салық есептiлiгiн жасау мақсатында салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) осы Кодекстiң талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргiзу процесi.
  2. Салықтық есепке алу бухгалтерлiк есеп деректерiне негiзделедi. Бухгалтерлiк құжаттаманы жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленедi.
  3. Патент негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкердi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық есепке алуды дербес ұйымдастырады және мыналарды:
  1) салық кезеңi iшiнде салық төлеушi (салық агентi) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртiбi туралы толық және дәйектi ақпараттың қалыптастырылуын;
  2) салық есептiлiгi нысандарының әрбiр жолының таратып
жазылуын;
  3) салық есептiлiгiнiң дәйектi жасалуын;
  4) салықтық бақылау үшiн салық қызметi органдарына ақпарат берiлуiн қамтамасыз ету үшiн ақпаратты салық мақсатында қорыту мен жүйелеудiң салық тiркелiмдерi түрiндегi нысандарын айқындайды.
  Патент негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкер уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салықтық есепке алуды жүзеге асырады.
  4. Салық төлеушi (салық агентi), егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салықтық есепке алу саясатын дербес әзiрлейдi және бекiтедi.
  Шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн, шаруа және фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер осындай арнаулы салық режимдерi қолданылатын қызмет бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша дербес әзiрленген салықтық есепке алу саясатын бекiтедi.
  5. Салықтық есепке алу саясаты - салық төлеушi (салық агентi) қабылдаған, осы Кодекстiң талаптарын сақтай отырып салықтық есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн құжат.
  Салықтық есепке алу саясаты халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес әзiрленген есепке алу саясатына жеке бөлiм түрiнде енгiзiлуi мүмкiн.
  6. Есепке алу құжаттамасы:
  1) бухгалтерлiк құжаттаманы;
  2) салықтық нысандарды;
  3) салықтық есепке алу саясатын;
  4) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындау үшiн, сондай-ақ салық мiндеттемесiн есептеу үшiн негiз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.

   57-бап. Салықтық есепке алу ережесi

  1. Салық төлеушi (салық агентi) осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттарда есепке жазу әдiсi бойынша салықтық есепке алуды жүргiзудi жүзеге асырады.
  2. Есепке жазу әдiсi - есепке алу әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстар, төленген уақытына қарамастан, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету, тауарларды өткiзу мақсатында тиеп жiберу және мүлiктi кiрiске алу кезiнен бастап есептеледi.
  3. Салық төлеушi (салық агентi) салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негiзiнде салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi анықтайды, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептейдi.
  4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық салу мақсатында бағамдық айырманы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып есепке алу халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Тауарлық-материалдық қорларды салық салу мақсатына орай есепке алу, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
  6. Борышкер кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған кезде айырбас шарты бойынша операция, кепiл нысанасын кепiл ұстаушыға беру салық мақсатына орай тауарларды өткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету ретiнде қарастырылады.

   58-бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргiзу ережесi

  1. Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi осындай қызмет түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу мақсатында салық салу объектiлерiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң бөлек есепке алынуын жүргiзуге мiндеттi.
  2. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 310-бабында көзделген тәртiппен келiсiмшарттан тыс қызметтен бөлек келiсiмшарттық қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу мақсатына орай салық салу объектiлерiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң бөлек салықтық есепке алынуын жүргiзуге мiндеттi.
  3. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларға (келiсiмшарттық қызметке) жатпайды.
  4. Осы Кодекстiң 80-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкiлеттi өкiлi бiрлескен қызметi және өзге қызмет бойынша салық салу объектiлерiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң бөлек салықтық есепке алынуын жүргiзуге мiндеттi.
  5. Сенiмгерлiкпен басқарушы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының не сенiмгерлiкпен басқару туындаған өзге жағдайларда пайда алушының мүддесiнде жүзеге асырылатын сенiмгерлiкпен басқару қызметi және өзге де қызмет бойынша салық салу объектiлерiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң бөлек салықтық есепке алынуын жүргiзуге мiндеттi.
  6. Салық төлеушi бөлек салықтық есепке алуды осы Кодексте белгiленген талаптарды сақтай отырып, есепке алу құжаттамасының негiзiнде жүргiзедi.
  Салық төлеушi осы Кодексте бөлек салықтық есепке алу жөнiнде талап белгiленген қызмет түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу мақсатында салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi бiрiктiре алмайды.
  7. Салық төлеушi салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргiзу тәртiбiн, оның iшiнде жалпы табыстар мен шығыстар түрлерiнiң тiзбесiн, осындай табыстар мен шығыстарды осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерi арасында бөлу әдiстерiн дербес белгiлейдi.
  Бұл ретте салық төлеушiнiң жалпы табыстары мен шығыстары деп есептiк салықтық кезеңнiң табыстары мен шығыстары, оның iшiнде жекелеген қызмет түрiн жүзеге асырумен тiкелей себептiк-салдарлық байланысы болмайтын және толық көлемде осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiнiң бiреуiне де жатқызылмайтын жалпы тiркелген активтер бойынша табыстар мен шығыстар түсiнiледi.
  8. Егер салықтық есепке алу саясатында осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген жалпы табыстар мен шығыстарды бөлу тәртiбi белгiленбеген болса, онда салық қызметiнiң органдары салықтық тексерулер жүргiзу барысында мұндай табыстар мен шығыстарды осы Кодекстiң 310-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен бөлудi жүзеге асырады.

   59-бап. Есепке алу құжаттамасын жасауға және сақтауға
   қойылатын талаптар

  1. Есепке алу құжаттамасы қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштерде жасалады және салықтық тексеру жүргiзу кезiнде салық қызметiнiң органдарына табыс етiледi.
  2. Салық төлеушi (салық агентi) есепке алу құжаттамасын мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде жасайды.
  Шет тiлдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық қызметiнiң органы оларды мемлекеттiк тiлге немесе орыс тiлiне аударуды талап етуге құқылы.
  3. Салық төлеушi (салық агентi) есепке алу құжаттамасын электрондық түрде жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық қызметiнiң органдары лауазымды адамдарының талап етуi бойынша осындай құжаттаманың қағаз жеткiзгiштердегi көшiрмелерiн ұсынуға мiндеттi.
  4. Есепке алу құжаттамасы, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу құжаттамасы жасалған кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнен бастап осындай құжаттама жатқызылған салықтың немесе басқа да мiндеттi төлемнiң әрбiр түрi үшiн осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
  5. Тiркелген активтердiң, оның iшiнде қаржы лизингi бойынша берiлген (алынған) активтердiң құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтер бойынша амортизациялық аударымдар есептелетiн соңғы салық кезеңi аяқталысымен басталатын осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
  6. Салық салу мақсатына орай амортизацияға жатпайтын активтердiң құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтердiң шығып қалуы немесе толық пайдаланылуы болған салық кезеңi аяқталысымен басталатын осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
  7. Салық төлеушiнi (салық агентiн) - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөнiндегi мiндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.

   60-бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар

  1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер белгiленуге тиiс:
  1) салық төлеушi (салық агентi) дербес әзiрлеген салық тiркелiмдерiнiң нысандары мен жасалу тәртiбi;
  2) стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi;
  3) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;
  4) осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерi жүзеге асырылған жағдайда осы Кодекстiң 58-бабында белгiленген ережелердi сақтай отырып, бөлек салықтық есепке алудың жүргiзiлу тәртiбi;
  5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге
асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргiзiлу тәртiбi;
  6) корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерiмге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың осы Кодексте көзделген, салық төлеушi таңдап алған әдiстерi;
  7) хеджирленетiн тәуекелдердi, хеджирленетiн баптарды және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдарын, хеджирлеу тиiмдiлiгiнiң дәрежесiн бағалау әдiстемесiн айқындау саясаты.
  2. Бiрлескен қызмет жөнiндегi салықтық есепке алу саясатын бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгiленген тәртiппен және негiздер бойынша әзiрлейдi және бекiтедi.
  3. Осы баптың 1-тармағының 1), 4)-6) тармақшаларында көзделген, салықтық есепке алу саясатында белгiленген ережелердiң күшi күнтiзбелiк жылға қолданылады.
  4. Салық төлеушi (салық агентi) салықтық есепке алу саясатында бұрын көрсетiлмеген қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде салықтық есепке алу саясатына тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге тиiс.
  5. Салық төлеушi (салық агентi) салықтық есепке алу саясатына өзгерiстi және (немесе) толықтыруды мынадай:
  1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзiрленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе есепке алу саясатының жаңа бөлiмiн бекiту;
  2) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзiрленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе қолданыстағы есепке алу саясатының бөлiмiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу тәсiлдерiнiң бiрiмен жүзеге асырады.
  6. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай:
  1) кешендi және тақырыптық тексерулер жүргiзу кезеңiнде -
тексерiлетiн салық кезеңiнiң салықтық есепке алу саясатына;
  2) шағымдар берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде шағым жасалатын салық кезеңiнiң салықтық есепке алу саясатына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне жол берiлмейдi.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38