249-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты
айналымдар
1. Тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бiр бөлiгiн) өткiзу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру, мыналарды:
1) қонақ үй қызмет көрсетулерi үшiн пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бiр бөлiгiн) өткiзудi және (немесе) жалға берудi;
2) қонақ үйде тұру бойынша қызмет көрсетулердi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
Мыналар:
1) автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесiн беру үшiн төлем;
2) қонақ үй қызметiн көрсету үшiн пайдаланылатын тұрғын үй ғимараты (тұрғын үй ғимаратының бiр бөлiгi), тұрғын үй ғимаратына жатпайтын (жатқызылмайтын) ғимараты (ғимараттың бiр бөлiгi) орналасқан жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын беру, сондай-ақ осындай жер учаскесiн жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылмайды.
3. Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын салудан босатылған өткiзу бойынша айналымның мөлшерi осы Кодекстiң 87-бабында көзделген тәртiппен жер учаскелерiн сатқан кездегi құнының өсiмi ретiнде айқындалады.
250-бап. Қаржылық қызметтер көрсету
1. Қаржылық қызметтi өткiзу бойынша айналымдар, егер бұл қызмет көрсету осы баптың 2-тармағында көзделсе, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге:
1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүргiзетiн мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргiзетiн операциялар:
депозиттердi қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;
депозиттердi қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;
жеке және заңды тұлғалардың өздерiне тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшерi көрсетiлген металл шоттарын ашу және жүргiзу;
аударым операциялары;
банктiк қарыз операциялары;
кассалық операциялар;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын (вексельдердi қоспағанда) инкассоға қабылдау;
аккредитив ашу (ұсыну) және оны растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
банктердiң ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн беруi;
банктердiң үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлгерлiгiн және өзге де мiндеттемелердi беруi;
банктер жүзеге асыратын факторингтiк және форфейтингтiк операциялар;
2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
3) бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың қызмет көрсетулерi;
4) туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерiнiң (сақтандыру агенттерiнiң) қызмет көрсетулерi;
6) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсетулер;
7) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен жасалатын операциялар;
8) зейнетақы активтерiн, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсетулер;
9) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын басқару бойынша қызмет көрсетулер;
10) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша, зейнетақы активтерiнен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу бойынша қызмет көрсетулерi;
11) кәсiпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесiн сату;
12) микрокредиттер беру жөнiндегi операциялар;
13) ломбардтардың жылжымалы мүлiктi кепiлге алу арқылы қысқа мерзiмдi қарыздар беруi бойынша қызмет көрсетулер;
14) кредиттiк серiктестiктер өз қатысушылары үшiн жүзеге асыратын мынадай операциялар:
аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
қарыз операциялары: төлемдiлiк, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
кассалық операциялар;
кредиттiк серiктестiкке қатысушылардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу;
кредиттiк серiктестiкке қатысушылар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн кепiлдiктер, кепiлгерлiктер және өзге де мiндеттемелер беру;
15) тазартылған қымбат бағалы металдармен олардың орнын ауыстырмай жасалатын операциялар;
16) қарыз бойынша талап ету құқықтарын беру жатады.
3. Бағалы қағаздармен, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлестерiмен операцияларды жүзеге асырған кезде өткiзу бойынша айналым бағалы қағаздарды, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдардағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiндегi құнның өсiмi ретiнде айқындалады. Құнның өсiмi осы Кодекстiң 87-бабында көзделген тәртiппен айқындалады.
251-бап. Мүлiктi қаржы лизингiне беру
Мүлiктi қаржы лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiстi сыйақы сомасы бөлiгiнде мынадай талаптар сақталған жағдайда:
1) мұндай беру осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;
2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алса, қосылған құн салығынан босатылады.
252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер
Осы Кодекстiң 134-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымдар, егер олар:
1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерiн, мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қызмет көрсетулермен;
2) дiни ұйымдардың жоралар мен рәсiмдердi жүзеге асыруына, дiни керек-жарақтарын өткiзуiне байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.
253-бап. Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы
қызмет көрсетулер, жұмыстар
Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын әлеуметтiк маңызы бар iс-шараларды, сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткiзу жөнiндегi;
2) мәдени ұйымдар – театрлар, филармониялар, мұражайлар, кiтапханалар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын (кәсiпкерлiк қызметтен басқа);
3) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту; бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, қосымша бiлiм беру; техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру, қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бiлiм беру;
4) мемлекеттiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарттар негiзiнде жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарына;
5) кiтапхана қызметiн көрсету жөнiндегi;
6) ақпарат тарату мен насихаттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игiлiк объектiлерiнiң тiзiлiмiне немесе Тарихи және мәдени ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiне енгiзiлген тарихи-мәдени мұра объектiлерiн және мәдени құндылықтарды сақтау жөнiнде қызмет көрсетулерге, жұмыстарға қатысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.
254-бап. Медициналық және ветеринариялық қызмет
саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер
1. Медициналық және ветеринариялық қызмет көрсетумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымдар:
1) кез келген нысандағы дәрiлiк заттарды, оның iшiнде субстанция-дәрiлердi, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;
2) протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды; кез келген нысандағы дәрiлiк заттарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды, оның iшiнде субстанция-дәрiлердi, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өткiзген;
3) косметологиялық, санаториялық-курорттық қызмет көрсетулердi қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызмет көрсетiлген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар мен қызмет көрсетулер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
1. Мынадай тауарлар:
1) ұлттық және шетелдiк валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекiтiлген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен гуманитарлық көмек ретiнде әкелiнетiн тауарлар;
4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнетiн тауарлар;
5) шетелдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
6) салық төлеуден босатуды белгiлейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлар;
7) кез келген нысандағы дәрiлiк заттар, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрiлiк заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар, оның iшiнде субстанция-дәрiлер, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты қосылған құн салығынан босатылады;
Осы тармақшада көрсетiлген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгiлерiн шығаруға арналған шикiзат;
10) мемлекеттердiң, мемлекеттердiң үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
34-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ
256-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы
1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджет жарнасына жатқызылуға тиiс салық сомасын анықтау кезiнде, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтердi, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
1) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушы осы Кодекстiң 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылса;
2) шот-фактура жазылған күнi қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын өнiм берушi Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етiлетiн басқа да құжатты ұсынған болса;
3) тауарлар импорты жағдайында қосылған құн салығы бюджетке төленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;
4) осы Кодекстiң 241-бабында көзделген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi орындалған болса;
5) осы Кодекстiң 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою кезiнде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күнi тауарлар қалдықтары бойынша (негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтердi, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларды қоса алғанда) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
2. Мыналар:
1) осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөлiп көрсетiлiп, ұсынылған шот-фактуралар бойынша өнiм берушiлерге төлеуге жататын;
2) осы Кодекстiң 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қаржы лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бiрақ осы Кодекстiң 238-бабының 10-тармағына сәйкес айналым жасау күнi айқындалатын лизинг берушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiне келетiн салық сомасынан аспайтын;
3) осы Кодекстiң 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
4) есептi салық кезеңiнде алынған мерзiмдi баспа басылымдарының және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнiмiнiң құнына келетiн бөлiгiнде осы Кодекстiң 263-бабының 11-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
5) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресiмделiп, жүктiң кедендiк декларациясында көрсетiлген, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;
6) төлем құжатында немесе салық органы берген және осы Кодекстiң 241-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын құжатта көрсетiлген;
7) темiр жол немесе әуе көлiгiнде тасымалдаушының - салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi көрсетiле отырып берiлетiн жол жүру билетiнде бөлек жазып көрсетiлген;
8) мынадай шарттар:
отырғызу талонының болуы;
электрондық билет құнының төлену фактiсiн растайтын құжаттың болуы шарттары бiр мезгiлде орындалған жағдайда авиация көлiгiнде тасымалдаушының - салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi көрсетiле отырып берiлетiн электрондық билетте бөлек жазып көрсетiлген;
9) есеп айырысуы банктер арқылы жүргiзiлетiн коммуналдық қызмет көрсетушi қолданатын құжаттарда көрсетiлген;
10) осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың тиiстi тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылған күнге жасалған тауарлар қалдықтарын түгендеу тiзiмдемесiнде көрсетiлген салық сомасы;
11) осы тармақшаның ережелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi уәкiлеттi орган жазып берген мемлекеттiк материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетiлген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
Мұндай құжатта:
өткiзiлуi бойынша айналымдары салық салынбайтын айналымдарға жататын тауарлар бойынша "ҚҚС-сыз" деген белгi көрсетiледi;
қалған тауарлар бойынша мемлекеттiк материалдық резервке осы тауарларды жеткiзген кезде төленген салық сомасының шегiнде және шығарылатын тауарлардың құнына оларды шығару күнi қолданыста болған ставка бойынша қосылған құн салығының сомасы кiргенi айқындалса, қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi.
3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстiң 241-бабына сәйкес қосылған құн салығы төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi орындалған сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған, босатылған айналым мақсатында бұрын сатып алынған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы олар салық салынатын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылған сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
4. Егер шот-фактураны жазу осы Кодекстiң 263-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым жасау күнiнен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазу күнiнiң сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
5. Қосылған құн салығын төлеушiде салық салынатын және салық салынбайтын, оның iшiнде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстiң 260-бабында көзделген тәртiппен есепке жатқызылады.
257-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы
1. Қосылған құн салығы, егер:
1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi;
2) қонақ үй ретiнде пайдаланылатынын қоспағанда, тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй-жайды;
3) негiзгi құралдар ретiнде сатып алынатын жеңiл автомобильдердi;
4) тұрғын үй ғимаратындағы жалға алынған тұрғын үй-жайды жөндеуге пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алумен байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды.
2. Мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өтеусiз негiзде алған кезде, осындай мүлiктi алған тұлға осындай мүлiктi өтеусiз берген тұлғаның төлеуге тиiстi қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.
258-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының
сомасын түзету
1. Мынадай жағдайларда:
1) салық салынбайтын айналымның мақсаты үшiн пайдаланылғандарды қоспағанда, салық төлеушi салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң болуына байланысты осы Кодекстiң 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша;
2) тауарлар бүлiнген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) олар бойынша;
3) табиғи монополия субъектiсi нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
4) осы Кодекстiң 263-бабында белгiленген ережелер сақталмаған жағдайда;
5) сот үкiмiнiң заңды күшiне енуi немесе қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын болып танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша;
6) сот жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жасаған мәмiле деп таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша;
7) жарғылық капиталға үлес ретiнде берiлген мүлiк бойынша;
8) осы Кодекстiң 239-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиеттерiнiң) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың бүлiнуiн бiлдiредi.
Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп түсiнiледi. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы жоғалту болып табылмайды.
3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған жағдайлар басталған сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.
4. Осы тармақта белгiленген жағдайларда, қосылған құн салығының сомасын түзету мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) тауар-материалдық қорлар бойынша түзету сомасы осы күнi тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына түзетудi жүзеге асыру күнi қолданыстағы қосылған құн салығының ставкасын қолдану жолымен айқындалады;
2) негiзгi қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар бойынша қосылған құн салығы қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай олардың баланстық құнына келетiн сомаға барабар активтердi сатып алу күнi қолданыстағы ставка бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасының бөлiгiнде есепке жатқызылудан алып тасталады.
5. Осы Кодекстiң 231-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетiлгендi қоспағанда, осы Кодекстiң 231-бабының 3-тармағында көрсетiлген жағдайларда осы бапта көзделген түзету жүргiзiлмейдi.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


